Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы символизм


Жамбыл облысы, Талас аудандық әкімдігінің білім бөлімі «Алғабас» орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Авторы: Сәрсенбек Әділет Мұратұлы - 9 сынып оқушысы
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы символизм
Бағыты: « Әдебиеттану»
Секция: Қазақ әдебиеті
Ғылыми жетекшісі: Ауганбаева Загира Серикбаевна
МАЗМҰНЫКіріспе2
ІІ Негізгі бөлім4
2. 1 Мұқағали поэзиясындағы дәстүрлі жүйе4
2. 2 Мұқағали поэзиясындағы образдар жүйесі5
2. 3 М. Мақатаев поэзиясындағы символизмнің танымдық-философиялық өлеңдердің жанрлық сипатын байыптау6
2. 4 М. Мақатаев поэзиясындағы символизмнің қалыптасуы мен дамуының дүниетаным болмысын айқындау8
ҚОРЫТЫНДЫ11
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ13
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Белгілі бір ұлт әдебиеттінің қалыптасуы мен дамуында оның басқа елдер әдебиеттерімен байланыстарының мән-маңызы айрықша. Атап айтқанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өсіп өркендеуінде оның өзге ұлт әдебиетімен рухани алмастығының, әсер-ықпал көріністерінің орны өзгеше. Қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған бұл кезең әр қилы тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық өзгерістерге толы сәттерге орай рухани әрі саяси ірі сілкіністер мен серпілістер әкелуімен ерекшеленетіні белгілі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақ әдебиетіндегі символизм туралы ұлттық әдебиеттануымызда әркелкі деңгейде бірталай еңбектердің жазылғаны, жарық көргені мәлім. Символизмнің ғасырлар тереңіндегі тамырлары, қазақ поэзиясындағы көріністері, орыс символистерінің ықпалы, осы үдерісте ерекше еңбек еткен орыс ақындары мен философтарының жемісті ізденістері мен концепциялары біршама еңбектерге арқау болды. Сондай-ақ, символизм нышандары М. Мақатаевтың өлеңдері мен поэмаларының көркемдік өрнегі мен эстетикалық нысанасына, қаламгерлердің дүниетанымына айрықша ықпал еткені туралы елімізде әдебиетшілер мен философтардың және т. б. ғылым саласындағы зерттеушілердің өз пайымдауларын ұсынуында ұлттық рухани - мәдени дамудың қандай да болсын мәселелерін талдап-таразылауға деген зор қызығушылықтары да бары анық.
Сонымен қатар, символистік құбылыстың тарихи тамырлары мен орыс немесе қазақ поэзиясында көріну сипаттарына зер салған зерделі еңбектер қарастырылып, осы бағытта ізденген төл ақындарымыздың туындыларындағы көркемдік айшықтарды айқындау да зерттеудің өзектілігін байқатады.
Белгілі бір ұлттың өркениеттегі өрісі басқа ұлттар мен ұлыстар арасындағы мәдени-әдеби қарым-қатыныстар, рухани алмасулар барысында айқындалмақ. Қазіргі таңда қазақ елі мен басқа өскелең халықтардың мәдениеттерін жалпы әлемдік өркениет дамуының талаптары бойынша сабақтастыра қарастыру өзектілігі күн тәртібінде тұр. Бұл орайда қазақ және орыс әдебиеттерінің өткен ғасырлардағы әдеби-мәдени алмасу бастауларын негізге ала отырып, олардың ортақ үндестіктерін және әрқайсысының дербес ұлттық ерекшеліктерін саралау басты нысана болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : жұмыстың басты мақсаты - көркем әдебиеттегі, өнердегі ілгері-кейінгі көркемдік жүйесінің сөз болу жайына барлау жүргізіп, терең негіздеріне үңілу. Қадым заманнан қазірге дейінгі ұлтық белгілеріміз бен сапаларымыздың жай-күйіне назар салып, нақты мысалдар арқылы Мұқағали поэзиясының көркемдік жүйесін ғылыми саралау. Негізгі мақсатты орындау үшін диссертациялық жұмыста мынандай басты міндеттерді шешу алға қойылды. Сөйтіп төл сөз өнеріміздің тақырыптық, жанрлық және көркемдік деңгейін анықтау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешуге талпыныстар жасалды:
- символизм поэзиясының қалыптасуы мен дамуының дүниетаным болмысын айқындау;
- символист ақындарының шығармашылықтарына салыстырмалы түрде сипаттама беру;
- Мұқағали поэзиясына тән ортақ үндестік пен олардың дәстүрлі ерекшеліктерін саралау;
- символистік поэзиядағы танымдық-философиялық өлеңдердің жанрлық сипатын байыптау;
- Зерттеуде Мұқағали шығармаларының тек поэзия құдірет - күшінің ауқымы мен аясына сыйып тұрған жұмбақтарына жетелеу;
Құдіретті сөз өнері, оның ішінде поэзия XIX ғасырдың екінші жартысында Абай өлеңдері арқылы ең биік тұғырға көтерілді. Ал ХХ ғасырдың бел ортасында әдебиет есігін ашқан жас талап, жаңа буын өкілі Мұқағали жырлары да сол биікке арман сапарына яғни альпинистік заңғарға қол созып, шырқау шыңға жол тартты. Сөйтіп, Абай салған соқпақ ізімен ілгері басты. Мұқағали поэзиядағы парасаттылыққа мән бере отырып, ұлылықтан үйренуге талпынды. Әсіресе Абай парасатынан нәр алып, ұлы ақын талабына орай үн қатты. Ұлттық мұраны толықтыруға өз әлінше күш салды. Рас, Абай да, Мұқағали да тақырға түскен дән емес. Құндақтаған елдің, құнарлы топырақтың, қазыналы ортаның жемісі. Олар бай ауыз әдебиетінен жүзіп ішті, әсіресе шешендік өнердің шеберлігін меңгерді, философиялық тереңдігін игерді. Жыраулар поэзиясының өткірлігі мен өршіл рухын бойына сіңірді, тың сонарларын шалды. Яғни халық даналығының небір нәрі мен дәнін жинады. Өскелең орыс әдебиетінің озық үлгілерімен, әлем классиктерімен талмай танысты, Одаққа танымал таңдаулылардың суреткерлік қабілет қарымдарынан, әдеби әдіс-тәсілдерінен үйренді. Ғаламдық деңгейде дүние танымдарын жетілдірді. Өздеріне дейінгі мықты білім қорымен қаруланды. Заманның өнегесі неде, өріссіздігі қайда екендігін ажырата білді. Соған сәйкес ащы шындығын да айта алды. Шындықты айту қашанда қиын екендігін аңғарды.
Ал 1975 жылы 26 қаңтарда: “Айналып келгенде, поэзияда рух үлкен роль атқаруға тиіс . . . Кімде рух болмаса, ол поэзиядан аулақ жүруі керек . . . ” [11. ], - деп жазады. Шындығында оқырманға күш-қайрат сыйламаған, жан-жүрегін баурамаған, ашындырып-тұщындырмаған өлең түкке алғысыз. Оның бәріне жетекші асқақ та адуынды ақын рухы ұлттық сипатында деген үлкен тұжырымға келіп тірейді. Ақыры 1976 жылы 14 ақпанда ” . . . Мен өзімнің “менім” арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы - бәрі осында. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Сонымен достар, бүкіл менің жазғаным - бар-жоғы бір ғана поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасандар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естерінде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Яғни жылына және бойына қарай, содан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларына болады, ал композициясы мен архитектоникасына зер салыңдаршы. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным“ [11] деген екен ақын. Міне бұл айтылғандар біздің зерттеуімізге үлкен көмекші, қадау-қадау сілтемелер. Ақынның шығармашылық жағрафиясын горизанталь да, вертикаль да жағынан алдыға жайып салып отыр. Ендеше одан біз өз керегімізді инемен құдық қазғандай іздеп көрелік.
Мұқағали поэзиясы - ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан-жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт-береке құюшы құндылық. Оны қара өлеңнің қарымы, мол мүмкіндігі арқылы танытып отырады. Қара өлең - Мұқағали үшін - қазына кені. Ананың ақ сүті, әкенің жасындай жарқылдаған жігері, қайрат -күші.
Қалқам!
Мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Бұл шынайы елжандылықтың сөзі, асқақ патриотизм үлгісі, кең- байтақ Ресейге дабысы кетіп, әлемді тамсандырған орыстың поэзия орбитасында күн нұрындай шұғыла шашқан Лермонтов, Пушкин, Есениндердің атақ-даңқын ардақтағанмен, абыройын дара қойғанмен, құлдық ұрып қол қусырмайды, табынып тәңіріне баламайды. Қайта оның есесіне қара өлеңді биік ұстайды, құдіретті рухқа, ұлы ұстазға балайды. Оның түпсіз терең, сұңғыла сыры бар. Ол қарапайымдылығында, бейнелеушілік мүмкіндігінде, шеберлігінің шексіздігінде, даналыққа суғарылғандығында. Қара өлеңнің күйсандығын ойнай білген, сөйлете алған жан ғана даласына тартып туған перзенті болмақ. Бұл әрі ұлттық сананың сырына қанықтырып, сиқырына үңілту. Сондай-ақ көне мұраға деген көзқарас. Қазақ өлеңіне ревизия жасаймыз, өлең өрнегіне өзгешелік ендіреміз, жаңалық ашамыз деп даурыққандарға тойтарыс бере отырып, анайылыққа барудан, тұрпайылыққа ұрынудан сақтандырады. Әр ақынның өлеңі халықтың жүрегіне жол тартатын қара өлеңдей сіңімді, ойға орнықты, өміршең болумен қатар қазақтық қанмен, ұлттық намыспен, ұлыстық нәрлі сөлмен жазылуын нұсқағандай. Өзіндік концептуалды көркемдікті көктен іздемей дәстүрлі жырдың ағысынан табуды көздейді.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
Қазақтың қарапайым қара өлеңі - қас шеберліктің үлгісі. Оның авторы - халық. Ол сан ғасыр жасап, сап алтындай сараланған, сан ұрпақтың елегінен өтіп өңдеуін көрген, сұрыпталған дүние. Ол ақындықтың әліппесі, айтыскерліктің аренасы. Осы қара өлеңнен қанаттанған, халықтық мектептен дәріс алған Мұқағали өзін абыз халқының алдында ақынмын деп айтудан жасқанады, ізеттілік сақтап именеді. Бір қарағанда шындығы да солай. Халықтың тайқазанындағы дүниені, екіншісіне аударып құйып қайнатушы, ас әзірлеуші аспаз ғана.
2. 2 Мұқағали поэзиясындағы образдар жүйесіОбраз яғни көркем бейне аса кең ұғым. Мұқағали шығармаларындағы образдар жүйесі дегенде ақынның образ жасау әдіс-тәсілдері, суреткерлік шеберлігі жайлы, осы ретте нендей компоненттерді пайдаланғандығы, қандай образдарды жасағандығынан әңгіме қозғалмақ. Алдымен образға барар алғашқы баспалдақ - суретті сөз. Мұқағали поэзиясында бұл молшылық. Кез-келген өлеңді ашып оқи қалсаңыз суретті бейне, образды сөз қолданыс жанарыңды бірден жасқап, терең иіріміне тарта жөнеледі. Мәселен :
Тамаша еді жазғы орман,
Құстар сайрап мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Көкейіңе қона кетеді. Жанды сурет. Маужыраған жаз. Құлағыңа құстардың құйқылжыта сайраған үні, тынымсыз қимыл-қозғалысы, қалықтауы, шарықтауы, ойнауы, шомылуы - қысқасы хан базардай қайнаған тірлігі келеді. Өлең басынан аяғына дейін сан-сала тірлік, тұнып тұрған полотналы сурет. Тек түрлі-түсті бояу алып, өрең мен өнерің жетсе, суретін салу, ретімен орналастыру ғана қалады. Нәмесе жақсы жырды жадыңа тоқып, жаттап тынасың. Ерді бірде:
“Киіктің сүтін ішіп ер жеткенмін,
Қуат алып қыранның қанатынан “
Бұдан табиғат анаға тартып туғандықтың, тазалық пен тұнықтықтың, тектілік пен тегеурінділіктің өлшемі мен бірлігін көреміз. Суреттеудің сұлу да сүйкімділігіне, салыстырудың сонылығына, жырдың жаңалығына жан сарайың нұрланып, ғажайып бір әлеммен қауышасың. Міне сұңғыла суреткерлік, айызды қандырар ақындық. Орнын тапса, қиюын келтірсе, гүл-гүл жайнамайтын, сан түрге құбылмайтын, тоты құстай түрленбейтін
2. 3 М. Мақатаев поэзиясындағы символизмнің танымдық-философиялық өлеңдердің жанрлық сипатын байыптауМұқағали поэзиясының көркі мен сұлулығы, сыршылдығы мен жыршылдығы, суреткерлігі мен ойшылдығы талай рет оқырманын тамсандырып, талай дуалы ауыздардың ілтипатын иелендіріп, өзіне тәнті еткен. Атын атауға жасқанып, бұқпантайлаған заманда да тасты жарған тас бұлақтың суындай нәрлі поэзия жасырын оқыған талай жүректі өзіне баурап, өзгеше күйге бөлегені шындық. Мұқағали поэзиясының осынау құдірет күшін өз замандастары толық мойындап, кейі ашық, кейі жұмбақтап болса да жазып та, айтып та кеткен.
Әдебиеттану ғылымында символ троптың бір түрі ретінде танылып, оған мынадай анықтама беріледі: ”Бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу“ [2] .
Әдебиеттанудың терминдер сөздігінде ”Символ-әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Жалпыхалықтық тілде кездесетін символда бір нәрсені өз қалпынан басқаша сипатта көрсетіп, сондай-ақ нақтылы бір затты, нәрсені екінші нәрсенің не ұғымның жай баламасы ретінде алу арқылы жасалады. Мысалы, гүл-жастықтың символы, ал көгершін -бейбітшілік символы ретінде алынады. Бұл жағынан символ тұспалдауға (аллегорияға ) өте жақын келеді“[3] деген тұжырым берген.
Символизм күш ала келе әдеби стиль ғана емес, қоғамда өзгерістер жасайтын саяси қару, экономикасы тұралап жатқан елдердің, ішкі ынтымағын ыдыратып, төңкеріліс жасап, басып алу мақсатындағы соғыс тәсіліне де айналады. Ол мақсаттарды іске асыру үшін мағынасыз қимыл мен жекелеген сөздерді пайдалану арқылы санаға әсер етіп, адамдардың ашу-ызасын қоздырып, қытығына тиген. Сондай-ақ символизм - қоғамдық басқару жүйесіндегі кемшіліктер мен көзқарасы келіспегендерді қоғамнан аластаудағы, қоғамдық бәсекелестік күшейгенде, тәртіп сақшыларының қолданған қаруы да болған. Бұдан символизмнің үлкен күрделі процестерді бастан кешіп, дамып келе жатқандығы, оның өміршеңдігі ғана емес, тағдырының да көп жағдайда қоғамдық билікпен тікелей байланысты болғандығына дәлел. Себебі ашық айтылған ой бақылауға алынып қудаланса, баспасөзде жазылған пікірлерді цензура жібермеді. Осыдан келіп мағынасы сырғымалы, ойы екі ұшты, тұманды тұйыққа тірейтін, абстрактылы, философиялық шығармалар пайда болды. Ол бастапқыда поэзияда көрініс берсе, кейін прозаға ауысты.
Мұқағали тызетпе сезімнің емес, бауыры кең тұлпардай көсілетін арналы жүйеліліктің ақыны. Бұл тұрғыдан Мұқағали өлеңдері де сол жүйенің кірпіші болып қаланады. Мұқағали лирикасының жұлын-жотасына айналады. Сондықтан ол ұлт апатын елден ерек бұрын сезіп, өз бояуында бейнелеп беруге мүмкіндік алды. Ақиқатты ол өз уысына шеңгелдеп қан ұстап тұрып айтудан еш тайсалмайды. Сөйтіп, ақын уақыттың үніне, өзіне айналды. Сондықтан Абайдың ”улы сия, долы қол“ Мұқағалида мүлде басқа рең алады. Ақынның жан-тән күйзелісі лирика шеңберін үзіп, ұлы трагедияға ұласқандай. Мұқағалидың жан түкпіріндегі жүрек сөзі боямасыз ақтық сөзі болып ақтарылады.
Ақын «Самал есті» деген өлеңінде:
Самал есті, даладан, сай жақтан ба?!
Аппақ іңір тауларды ойлантқан ба?
Аспанға сүт әлдекім қайнатқан ба?!
Кілегей тұр меймілдеп қаймақтанған[10] .
Жайлау еді,
Жайлы бір іңір еді,
Жұлдыз тамып кетердей кідіреді.
Өзеніне асыққан өрім-бұлақ,
Төмен қарай төскейден жүгіреді. - деп отырып, самал желдің, «еркелігін», ешкімге мойынсұнбау еркіндігін баса жырлайды. Өйткені ақын жаны да сол еркіндікті аңсайды.
Мұқағали поэзиясында «бала» символының қолданылу жиілігі еріксіз назар аудартады.
Сәби болғым келеді
Құста болғым келмейді!
Қанатымбар.
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Мұқағали өмір сүрген кеңестік дәуірде Әлмерек би, Райымбек батыр, Қабай жырау, Сырымбет, Хангелді, Түке бабалардың есімін атаудың өзі үлкен қылмыс болып саналушы еді. Соған қарамастан, ақынның батылдығы арқасында тарихи шындық жыр тілінде өрілді. Бұл да Мақатаев поэзиясының ұлттық рухты көтерудегі зор үлесінің дәлелі.
Мұқағали символизмі қазақ әдебиетін Абайдан соң тағы бір белеске көтергені дау туғызбайтын ақиқат. Абай көп қолданған «жүрек» символымен табиғи байланыстағы «жан» ұғымының заман шындығын, Мұқағали поэзиясының астарлы мәнін ашар көркемдік қызметі бар.
Ақынның қара сөзбен жазылған «Балапан қанат қақты» атты шығармасындағы солтүстіктің суығына шыдай алмай, амалсыз қанат қаққан жас балапанның жанына жайлы пана іздеп аласұруы - заманның да, ақын көңіл-күйінің де символы. ”Балапан“ символы бұдан басқа өлеңдерінде де кездеседі.
Зарлайсың ғой жетім боп,
Бесікте қалған балапан!(”Жаралы жан“) - деп пессимистік сарынға салынады. Батыста айрықша өнер дарыған ақын- композиторлар реквием түрінде ”болжам-ақиқат“ айтатын дәстүр бар. Мұқағалидың да ”Жаралы жүрек“ өлеңін реквием деуге әбден сияды. Өзге тілге аударсақ, дәл солай атауға тура келеді. Бірақ оның бағасын біз ”реквием“ деп емес, ұлттық феномен ретінде талдап-танып, өз бағасын беру әлдеқайда әділірек болар еді. Өз уақытының көркемдік көгіне көтеріліп, негізінен авангардтық (алғы шептік ) өлең үлгісінде көп ізденген Мұқағали кейін кенет шегініп, дәстүршіл өлең мен алғы шептік өлеңін жарыстыра қолданудан қаймықпайды.
2. 4 М. Мақатаев поэзиясындағы символизмнің қалыптасуы мен дамуының дүниетаным болмысын айқындауПоэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр. Лирика - белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен уақыт перзентінің көңіл-күйі, жан тебірінісі. Оның бойындағы барша қасиет - қадірді нақты мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. Ендеше біздегі лирика - замандасымыздың рухани өмірінің, сезім әлемінің, ой дүниесінің көрікті сурет екені даусыз. Лирикадағы басты образ - лирикалық қаһарман. Бұл образдың түп негізі - ақынның өзі болғанмен лирикалық кейіпкер - жинақталған, дараланған, яғни толық мағынадағы әдеби бейне санатына көтерілген, ақынның ғана емес, оның замандастары атынан сөйлеу хақына ие болған тұлға, яғни ақын мен оқырман, өлең мен оқырман проблемасына белгілі дәрежеде, сол лирикалық қаһарман мен оқырман арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қараймыз.
М. Мақатаев поэзиясында өмір құбылыстарын көз алдына қаз - қалпында еш қоспасыз түрлі әдістерді қолдана отырып, көркем суреттейді.
Өмір құбылысын суреттеуде эпитет, теңеуді ақын өлеңдерінде өте шебер қолдана біліп, көркем шығуына септігін тигізген, өлеңдерінде өте жиі қолданған. Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшелендіріп, белгілерін анық көз алдыңа елес арқылы түрлі қозғалысқа ендіріп, адамның ой - қиялына, сезіміне әсер етіп, ақылымен бірге сенде құбылып, өзгеріп, өсіп, қуанып, қайғырып отырасың. Мысалы:
Ақ қайыңдар, тал теректер… алтын сары сырғалар,
Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.
Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?
Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?
/Тағы да күз/
Тәкаппар таулар жатқан жан - жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды айылға.
/Бұзылған үй/[19]
Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында, барып қайт салқын жайлау, малды ауылға.
Бұзылған үй.
Эпитетті қолданғанда ақын жай қолдана салмаған. Белгілі мақсатпен қолданады. Ақынның қолданған эпитеттері, суреттеген нәрсесіне өзінің қатынасын көрсетіп тұр. Келтірілген мысалдағы ақынның қолданылып отырған эпитеттері, олардың табиғатпен байланысын көрсетеді. «Ақ жайық», «Жасыл алқап, жасыл орман», «Жасыл маң», «Тәкаппар тау» ойланбай алына салған нәрсе емес.
Табиғатты қайта жасаушы, табиғаттың адам өмірімен тығыз байланысты жасырмас бөлігі екендігін, уақыттың өзі табиғат құбылуларымен, құбылыстарымен өлшеулі, шекті екенін көрсетіп отыр. Тәкаппар мен салқын қандылық адам мінезіне тән ерекшеліктер, ақын оны жаңаша табиғаттың ерекшелігіне суреттеу арқылы, табиғатты басқа қырынан көрсеткендей, жаңаша қырын ашқандай соны леп еседі.
Келесі өлеңдерінде:
Арым міне, сүттей аппақ алдымен көп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарыңда жалғыз ғана сұрақ тұр.
/Міне, тағы ашу келіп, алқымына тығылды/
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар, сенде менің.
Қайрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар - бусанып терлегенім.
/Кең дүние төсіңді аш мен келемін/[20]
бұл үзінділердегі «жаутаңдаған жанар», «кең дүние, бұйрат құмдар, бура бұлттар» эпитет, адамға берер әсері алдыңғы өлеңдерден өзге. Өйткені, ақын мұнда алдыңғы үзіндіде адамдық арының таза екендігін дәлелдейді. Жаутаңдаған жанардан сұрақтың тұрғанын, күмән келтірудің ізі тұрғандығын эпитет арқылы әсерлі етіп көрсетті.
Кең дүние - тұрақты эпитет, ал әдебиетте бұйра сөзін жаңаша «т» дауыссызды қосу арқылы қолданған, түйенің бурасы болушы еді, бұл жерде сол бурадай, үлкен деген мағынада жаңаша мағына білдіріп, жаңа тіркес өніп тұр.
Ақын өлеңдерінде бір құбылысты, нәрсені суреттеу барысында, өзгеше белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып суреттеуде теңеуді өте ұтымды қолданған.
Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz