Биология сабағында пәнаралық байланыс



Кіріспе 3
1 Орта мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері. 5
1.1 Орта мектеп оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері. 5
1.2 Орта мектепте оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары. 8
2 Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері. 16
2.1Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі. 16
2.2Тіршілік тану курсында пәнаралық байланыстарды тиімді пайдалану жолдары. 19
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 26
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден – бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, жан – жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру - өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: «...Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай етіу қажет» деген сөзі Егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөліп отырғанын дәлелдейді.
Қазіргі кездегі білім беру ғылымының, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы ықпал жасайды. Осыған байланысты қазіргі күрделі қайта жаңғыру кезінде бастауыш мектептегі оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды мәнге ие болуда [43, 25 б].
Биология сабағында пәнаралық байланыстың педагогика ғылымында қалыптасқан идеяларының өзіндік даму тарихында Батыс Еуропадағы педагогикалық идеялар мен тұжырымдардың бастауында атақты педагогтар Я.А.Коменский, Дж .Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоцци, И.Ф.Гербарт пәнаралық байланысты педагогика ғылымының күрделі мәселелеріне жатқызады. Олар жас буынға, келешек ұрпаққа білім беруде табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөніндегі көзқарастарын қалыптастыру керек екендігіне баса назар аударған [12, 24 б].
Тақырыптың өзектілігі: Пәнаралық байланыс- оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Пәнаралық байланыс оқушының меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
1. А. Бейсенбаева «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыруң Алматы – 1995 ж.
2. «Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты
3. Б. Р. Айманбетова, А. А. Бейсенбаева «Әдіснамалық негізгі тұрғысынанң «Қазақстан мектебің 1993 ж. №9 20-24 бет.
4. А. А. Бейсенбаева «Педагогика курсының лекциялары мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланысң алматы Абай атындағы КазПУ 1991 ж.
5. А. Д. Балтаев «Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық психологиялық негізің Алматы 1994 ж. 30 бет.
6. «Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдарың Құрастырған Б. Сманов Алматы Мектеп 1989 ж.
7. Д. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж. 110 бет.
8. Д. Сабыров «Оқыту теориясының негіздерің Педагогика коллледждер мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы Алматы 1993 ж.
9. Қазақстан Республикасының заңы , Білім беру туралы «Алматы ақшамы 1992 ж 24 ақпан.
10. О. Мұсабеков «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру Қазақстан мектебі, 1989 ж. №13 49 – 50 бет.
11. Т. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж.
12. Жануар терминiнiң құрылымдық моделi-жануартану пәнi мазмұнын компьютермен оқыту тұрғысынан айқындау негiзi // Ізденiс. – Алматы, 2003. – № 3. – 131–136 бб. (А. Әмiрбекұлымен авторлық бірлестікте).
13 Дидактикалық бiрлiктi iрiлендiру технологиясын жануартану пәнiн оқытуда пайдалану / Ун-т «Кайнар». – Алматы, 2005. – № 3/2. – 65–66 бб.
14 Жаратылыстану пәндеріндегі зертханалық жұмысты алгоритмдік деңгейде жасау ерекшеліктері // Хабаршы. Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТУ. – Алматы, 2008. – № 4. – 170–174 бб. (Л. Жайдақбаевамен авторлық бірлестікте).
15 Абкии Г. П. Методика решения задач по химии. — М.: Просвещение, 1971.
16 Аркавепко Л. Н., Гапонцев В. Л., Велоусова О. А. Для чего классифицировать расчетные задачи // Химия в школе, 1995, № 3. С. 60.
17 Архангельская О. В. Решение задач. Чем проще, тем изящнее // Химия в школе, 1998. С. 46.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Орта мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері. 5
1.1 Орта мектеп оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері. 5
1.2 Орта мектепте оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары. 8
2 Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері. 16
2.1Биология пәнін оқытудағы пәнаралық байланыстардың қызметі. 16
2.2Тіршілік тану курсында пәнаралық байланыстарды тиімді пайдалану жолдары. 19
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 26

Кіріспе

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден - бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, жан - жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру - өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: ...Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай етіу қажет деген сөзі Егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөліп отырғанын дәлелдейді.
Қазіргі кездегі білім беру ғылымының, мәдениеттің, ғылыми техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы қажет. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы ықпал жасайды. Осыған байланысты қазіргі күрделі қайта жаңғыру кезінде бастауыш мектептегі оқыту үрдісінде пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды мәнге ие болуда [43, 25 б].
Биология сабағында пәнаралық байланыстың педагогика ғылымында қалыптасқан идеяларының өзіндік даму тарихында Батыс Еуропадағы педагогикалық идеялар мен тұжырымдардың бастауында атақты педагогтар Я.А.Коменский, Дж .Локк, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоцци, И.Ф.Гербарт пәнаралық байланысты педагогика ғылымының күрделі мәселелеріне жатқызады. Олар жас буынға, келешек ұрпаққа білім беруде табиғат құбылыстарының өзара байланысы жөніндегі көзқарастарын қалыптастыру керек екендігіне баса назар аударған [12, 24 б].
Тақырыптың өзектілігі: Пәнаралық байланыс- оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Пәнаралық байланыс оқушының меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті - оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда пәнаралық байланыс мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Ендігі біздің мақсатымыз - келешек ұрпаққа жан - жақты сапалы білім беру. Соның ішінде математика пәнінен.
Биология сабақтарында пәнаралық байланыс арқылы берілетін білімнің салмағын арттыру. Бұл өзекжарды мәселелер қазіргі білім беру үрдісіндегі пәнаралық байланыстың орнын дәлелдейді.
Биологияны басқа пәндермен байланыстыра оқыту білім тұжырымдамасында айтылған басты қағидалардың орындалуына игі ықпалын тигізеді.
Зерттеу мақсаты: Биология сабағында пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы қолданудың мүмкіндіктерін және жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі: Пәнаралық байланыс арқылы биологияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы.
Зерттеу міндеттері:
- биология пәнін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың мазмұнын айқындау;
- білім беру үрдісін пәнаралық байланыс қағидаларын және биологияны пәнаралық байланыс арқылы оқыту мүмкіншіліктерінің негізін қалаушыларын сараптау;
- эксперимент жұмысын ұйымдастырып, оның нәтижесін жинақтау;
Зерттеу әдістері:
- зерттеу жұмысында педагогика, психология ғылымдарындағы теориялық, әдістемелік еңбектерді салыстырмалы талдау, сараптау, қорытындылау әдістері іске асырылады. Жаңашыл ізденістерді, ұстаздар іс - тәжірибесін зерттеп, олардың өнімді, тиімді жолдарын жинақтау; пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың білімін көтеру мақсатында тестер мен бақылау жұмыстарын, логикалық жаттығулар, дидактикалық ойындарды жүргізу;

1 Орта мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері.

1.1 Орта мектеп оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.

Дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық прогресстің ілгерілеуі - әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыру технологиясының жаңа сатыға көтерілуін талап етеді. Елбасымыз кезекті Жолдауында: Ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады. Кез келген ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады, - деп атап көрсетеді.
Сабақ өту - жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер, - дейді Ж.Аймауытов. Расымен де, мұғалім болып, бала оқыту - оңай шаруа емес. Кез келген педагог өз сабағының қызықты, әрі тартымды өтуі үшін өз сабағымен қатар, жалпы білім беретін басқа да пәндерге байланыс жасау арқылы білім беруі тиіс. Пәнаралық байланыс ең алдымен, жалпы оқу процесін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуына септігін тигізеді. Барлық мұғалімге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Сонымен қатар, оқушының интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзіңің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екені туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Әрбір мұғалімнің көздейтін мақсаты - оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Пәнаралық байланыс кезінде, оқушылардың ойынығ тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады.
Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді.
"Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі", - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі - мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына байланысты жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары жасалуда. Бұл білім беру жүйесінің жаңартуға бағытталған талпыныс. Базалық оқу жоспары бұрынғыларымен салыстырғанда құрылымы жағынан жетілдірген. Мұнда тек пәндер жиынтығы, сағат саны, оқу сатысы жөніне ғана мәліметтер беріліп қоймайды, сонымен қатар оқу мазмұнының (инварианттық) тұрақты және (варианттық) вариантивтік жылжымалы бөлігі туралы мәліметтер берілген. Жоспардың тұрақты бөлігінде барлық оқушылар оқуға міндетті, ал жылжымалы бөлігінде әр мектептің қалауы бойынша даярланып алынатын мектептікң құрамы кіреді. Оқу жоспарының жылжымалың бөлігінің ішкі құрылымы оқу сатысында балалардың жас ерекшеліктеріне, физиологиялық мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі болады. бастауыш мектепте бұл қосымша сабақтар мөлшері әрбір сыныпта 2 - 3 сағат болуы мүмкін. Негізгі мектептің екінші сатысында оқу сатысының оқу мазмұнының жылжымалың бөлігіндегі қосымша сабақтар, факультативтік курстар оқу жүктемесінің 10 - 15%-тей мөлшерін қамтиды. Ал орта мектептің 3 - сатысында, яғни бағдарлы мектептің оқу мазмұнының жылжымалы бөлігінде барлық оқу жүктеменің үштен бір бөлігі беріледі.
Сонымен жалпыға білім беретін мектептердің оқу жоспарлары жан-жақты тәрбиенің барлық саласын қамтиды, оларға жалпы білім және ақыл-ой тәрбиесінің беретін пәндерімен бірге еңбек, білім дене шынықтыру және эстетикалық тәрбиеге қажетті пәндер (музыка, ән-күй, сурет) енгізіледі. Оқушылардың интелектілік қабілеттерін дамыту көзделеді.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі - біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық мәндеті - оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп,, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәслесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс - қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі - оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген.оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі.
1. Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);
2. Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу, т.б.);
3. Спорттық икемділік пен дағды;
4. Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А. Бейсенбаева Пәнаралық іскерлікң ұғымын былай тұжырымдайды: Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайдың. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
oo пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
oo өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
oo байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі;
oo пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі.

1.2 Орта мектепте оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары.

Қазіргі кезде пәнаралық байлансты педагогика ғылымының басты мәселесі болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында біздер көрнекі философ, психолог, педагог еңбектерінде талқылау жасадық. Мұнда философБ. М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әр түрлі пәндердің өзара әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. М. Б. Кедров өзінің еңбектерінде ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды талап етеді. пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты болып шектеліп тәрбиеде қолданып келгенін көрсетіп, ол қазіргі кезде бір пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек өзінең тиісті пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі айқындалған.
Біз ғалымдар пәнаралық байланыс негізінде білім-тәрбие беру проблемасын зерттегенде осы тірек бола алатын жаңа әдіснамалықты басшылыққа алдық.
Пәнаралық байланыстың педагогикалық жағы бір аса маңызды міндеті ғалымдардың бір-біріне бөлшектенбей ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуын, басқаша айтқанда интеграциялану тенденциясын жоғары дәрежеге көтеру.
Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп түсінуіміз керек. пәнаралық байланыс ұғымы табиғат-қоғам - адам ойың жүйесінде білім негізін пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге асырады.
Біз анықтағандай пәнаралық байланыс білім және тәрбие міндеттерін шешуде ерекше роль атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны жағынан комплексті. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге асуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкірттерге ақиқат дүние біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық элементтерді біріне-бірі ықпал жасайтындығын, процестер өздерінен өздері туындап жататындығын мұғалім білуі керек.
Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуде мүмкіндік береді. Қазіргі кезед оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге жағдай жасайды.
Көптеген педагогтар мен психологтар пікірлеріне қарағанда, оқушылардың түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері арасындағы байланыстарды байқап және қабылдануы олардың білімдерін жүйеге түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат береді.
Белгілі психолог Ю. А. Самарин өзінің Ақыл-ой психологиясының очергтерің деген еңбегінде былай деп жазды: Диалектикалық тұрғыдан ойлай білу дегеніміз - әр құбылыс басқалармен байланысы көп, түрлі фактілердің өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша күрделі екендігін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс - адам баласы ақыл ойының жоғары деңгейі.
Ол бұған қоса диалектикалық тұрғыдан ойлау, құбылысты оның барлық байланыстарымен жанама түрлерін көре білу деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс - адам баласы ақыл-ойының жоғары деңгейі. Ол қасиет бірте-бірте барған сайын күрделене беретін білімдер жиынтығын меңгеру барысында қалыптасады деп дәлелдейді.
Ю. А. Самариннің позициясы бойынша пәнаралық байланысқа диалекталық заңдылық деп қарау керек. Пәнаралық байланыс әр шәкірттің санасын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ойлайтын адам табиғаттағы жеке құбылыстардың өзара байланысын түсінетіндей бейімділік дарытуымен қатар олардың неғұрлым кең жүйедегі басқа құбылыстарымен өзара байланысын байқауы керек.
Кейбір ғалым - зерттеушілер пәнаралық байланысты дидактикалық шарттар, оқыту мазмұнының арнайы құрылымы десе, келесі бір ғалымдар оны дидактикалық қағидалар деп есептейді. Біздер бұл анықтамалардың қай-қайсысы болса да, толық әрі дәл емес деген көзқарастамыз.
Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ, себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның оның негізгі бөліктерінің, атап айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің өзара байланысын білдіреді.
Дегенмен түрлі зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Г. И. Беленьский, П. Г. Кулагин, Н. Ф. Лошкараева, т.б. пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары бірдей емес. Мәселен Г. И. Беленьский пәнаралық байланыс жалпы пәндердің мазмұнын құрылымдық бөліктерінің мақсат бірлігін көрсетеді десе Н. А. Сарокин пәнаралық байланыстар идеясын дидактикалық қағидаларды жүзеге асырудың қажетті шарты деп есептейді.
В. Н. Максимова ұсынған классификация бойынша мынадай топтар бар екендігін көрсетеміз: мазмұн-хабарлық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-әдістемелік. Бірінші топтың байланыстар ағарту жұмысы міндеттерін тәуірірек шешуге, екіншісіндегілері - оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыруға, үшінші топтағылары - ұйымдастыру жағынан айқындықты, тиімділікті қамтамасыз етуге бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі.
П. Г. Кулагин пәнаралық байланысқа мұғаліммен оқушылар жасайтын жүйесі деген анықтама береді де бағдарламалардың материалдарын неғұрлым тиянақты меңгеріп алу мақсатында, білімдердің, игерілу процесінде ұқсас пәндердің мазмұны пайдаланылады да қамтылады дейді.
Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз етіп отырған проблема мынадай түсінік береді.
- пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін педагогикалық катергория. Ал олар оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, формалары мен тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу қызметін атқарады.
Н. А. Лошкараева Пәнаралық байланысң деп аталатын ұғымға берілетін мәні жағынан түрлі-түрлі анықтамалар негізгі екі нәрсеге саюға болады: пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие процесінде объективті шындық өмірді баяндауын диалектикалық формасы мен педагогикалық талап принципі.
Зерттеушілердің пәнаралық байланыс жөніндегі оның жаңа қызметінің қырларын көрсететін анықтамаларға басқа тұрғыдан келушіліктер байқалады. Мысалы В. И. Янсен пәнаралық байланысты білім берудің құрамды бір бөлігі деп қарайды да, бұл бөлік оқу қызметінде түрліше көрінеді дейді. И. Ф. Боисенко пәнаралық, ғылымаралық ұғымдардың дидактикалық баламасы деп түсіндіреді.
Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысымен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.
Осыған орай пәнаралық байланыстың философиялық, психологилық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.
Объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен толар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып білу.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, қоғамның, адам ойының даму заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде қабылдап теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді.
Соңғы жылдардағы блоктық жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның интелектуалдық потенциалын дамытады және дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға көмектеседі.
Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты етіп бірінші орынға диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыруды қою керек. бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілуі мүмкін емес. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. ол материалдың өзара байланысын бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ негізгі тенденцияларын, әлеуметтік-экономикалық, рухани ортақ белгілерін, топтастыру, бір-бірімен сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.
Жоғарыдағы айтылған ойларды мектеп тәжірибесінде айқындау үшін әрбір мұғалім өзінің пәнін оқыту барысында қандай дүниетанымдық міндеттерді шешуді, жеке тарауларды, мәселереді өтуде, қайсысы ең басты идея, шешуші проблема болатынын бөліп алдын-ала ойластыруы керек. сол идеяға оқушылардың назарын аудара білу, олардың материалды меңгеруін, ұйымдастыру және басқара білу қажет. Оқушылардың ол меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір шәкірттің жеке тұлғалық көзқарасына, сеніміне өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлықтың қағидасына айналу керек.
Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі. Пәнаралық байланысты анықтау психологиялық физиологиялық заңдылықтарға негізделген. Жүйелік адам миының арнайы қызметі.
И. П. Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оны үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін түсіндіріледі.
Сондықтан ойлау нерв процестерінің күрделі динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың анализ синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр пәннің өз ішіндегі және пәнаралық бірлестіктеріндегі бөлімдер жүйесі сәйкес келеді.
Қорыта айтқанда пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орнаасуы адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс-әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді.
Пәнаралық байланыстың негізі. Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыстың дидактикалық негізінде оқу пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы, олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығында, пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген. Олар қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім іскерліктерге арналған материалды және оқушылардың жалпы таным объектілерінің бір жүйеге келтірілуі.
Сонымен пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:
1. Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы - ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.
2. Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.
4. Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
5. Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісімді және демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары. Әр нақтылы міндетті оқу-тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс оқытудың мазмұны, әдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектелмейді. Ол оқушы мен мұғалімнің оқу-таным іс-әрекетінің бір бөлігі болып саналады.
Ғылымдардың ішкі табиғи байланыстарын ашу табиғат, қоғам, адам ойының даму заңдылықтарының методологиялық негізін білу қазіргі мектептің білім мазмұнын бағытын жасауға тірек болады.
Әрбір ғылым негізінде жеке пәндер адам ақыл-ой дамуының оның танымдық жемісі болғандықтан жалпы адамзаттық құндылықтар білім мазмұнына алынуы керек.
Қазіргі ғылым мазмұнындағы негізгі бағыт жалпы білімнің гуманитралық бірлікте болуы көздерінеді. Білім мазмұнының жаңа құрылымы Республиканың мәдени, рухани потенциалының жаңа сапалық деңгейіне көтерілуінің бірден-бір тілін оқытуда бірнеше ғылымдар саласымен байланыстырудың педагогикалық-әдістемелік мол мүмкіндіктері бар екенін тәжірибесінде көріп аламыз.
Мектеп тәжірибесінде біртіндеп қолданылып келе жатқан пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылып, кейбір сабақтарға, кластан тыс жұмыстарға тоқталу керек.
Пәнаралық іскерлік. Оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілеттерінен көрінеді. Мәселен қазақ тілі пәніне меңгерілген кітапты пайдалану іскерлігі, ана тілі, дүниетану, математика т.б. пәндерді оқып-үйренуге қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері, екінші пәнді терең жан-жақты меңгеруге ықпал жасайды.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті - ол оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.
Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Осыған орай, ғалым зерттеушілердің шығармашылық еңбек етуші мұғалімдердің ізденістері интеграцияланған, жүйеленген қорытындыланған жаңа курстардың оқу-тәрбие процесінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.
Білім және тәрбие берудің аса маңызды құрылымының бірі пәнаралық байланыс екендігі біздің зерттеу жұмысымызда дәлелденеді.
Міндеттері мыналар:
oo оқушылардың оқыту процесіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы қабылдауын, танымдық беленділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
oo оқу пәндерінің оқушыларға біліммен тәрбие беру және пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің оқу жоспарымен бағдарламаларында тыңғылықты таңдау жасау басты шарты болып табылады. осыған байланысты білім мазмұнына қазіргі заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін мектептердің жаңаруына, жеке тұлғаның шығармашылық ойлауымен еңбек ету дағдысының қалыптасу процесінде көрініс табады.
Республикада мемлекеттік құбылыс түбегейлі түрде өзгеріп, жаңа түрдегі қоғамдық қарым-қатынастар біртіндеп орын алып экономикалық-әлеуметтік проблемалар туындап отырған жағдайда, білімнің беделін көтеруде жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.
Бұл міндет саласында іргелі ғылымдарды тереңдетуді, оқытудың мазмұнын дифференциялау, интеграциялау, шығармашылық ойлармен еңбектің мәдениетін жаңа сапалық деңгейге көтерумен шешіледі.
Дүниежүзілік тәжірибеде көрсеткендей ғылыми дүниетанымды берік меңгеру, әлемдік құбылысты, деректерді қабылдау білім мазмұнын бөлшектенбеген жағдайда тұтас, жүйелі қалыптасуы нәтижесінде жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыс қазіргі дидактиканың басты қоғамдағы екені бізге мәлім. Мектеп және мұғалім үшін бұл ең көкейтесті проблема болып отыр. Себебі пәнаралық байланыс білімдердің синтезі үшін қажет. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын айқындау, әсіресе өнер мен мәдениеттің басты міндеті деп түсінеміз. Сондықтан өзімнің күнделікті сабағымда пәнаралық байланысты оқыту процесінің өзегі деп есептеймін.
Қорыта келгенде классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп қазіргі педагогика ғылымының басты мәселесіне айналып отыр.
Адамзат баласының алдындағы негізгі міндеттерінің бірі - қол жеткен қоғамдық, рухани және материалдық құндылықтарды, өндіпрістік тәжірибені игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білім беру жүесіне жүктелетіні белгілі.
Тұлға - бұл субъект ретіндегі нақты адам. Адам санасының белсенділігі оның танымына, әсерленуінде жүреді.
Адамның негізгі қасиеттерінің тобын кез келген педагогтің білуі шарт. Олар: бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығуы), тәжірибесі (адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, ептілігі мен әдеті), психикалық үрдістері (қабылдау, ойлау, түйсік, зейін, ес, ерік, сезім, эмоция, сенсомоторика), темпераменті (адамның жоғары жүйке қызметінің типологиялық негіздері, жеке тұлғаның жас және жыныстық қасиеттері мен патологиялық өзгерісі). Аталған негізгі қасиеттерді біле отырып, әр түрлі жастағы оқушы үшін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу және соған сәйкес іс-әрекеттерді ұйымдастыру кез келген педагогтің білімі мен біліктілігіне, тұлғалық қасиеттеріне байдланысты.
Оқушының адам қасиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығы мен тәжірибесіне негіз болатын құрушының бірі - оның білімі. Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыру көптеген зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыдан оның өмір сүру формасы - оқу-әдістемелік әдебиеттерде тіркелуі.
Осыған сәйкес М. Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білімді алу тарихы, ғылым тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы құралдардың бірі - пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәнаралық байланыстың оқушы құзіреттілігін арттырудағы маныздылығы
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Биология сабағында үйлестірмелі дидактикалық материалды қолдану әдістемесі
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Биология пәнінен сабақтың типтері және олардың ерекшеліктері
Пәнаралық байланыстардың дидактикалық міндеттері
Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Физика мен биология байланысы
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер