Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеу



Кіріспе 3
1 Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеудің теориялық мәселелері. 5
1.1 Патриоттық тәрбие . педагогикалық проблема ретінде 5
1.2 Ұлттық патриотизмді оқушы бойына қалыптастыру жолдары 7
2 Биология сабақтарында оқушыларға патриоттық тәрбие беруде өлкетану жұмыстары 19
2.1 Биология сабағында оқушыларға өлкетану жұмыстарының маңызы 19
2.2 Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышын пайдалану әдістемесі 22
3 Тәжірибелік бөлім 24
3.1 6 сыныпта «Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер» тақырыбын оқыту әдістемесі 24
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер 28
Тақырыптың өзектілігі. Ұлы бірлік, отансүйгіштік – рухтың аса бір қасиетті тірегі. Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген реформаторлық идеяларының бірі «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен астасып жатуының терең мәнін де содан іздеген жөн. Елбасы оған еңселі елдігімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік, яғнипатриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жан-жақтытәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық ел намысын қорғайтын жастарды тәрбиелеуде маңызды мәселелерінің бірі.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде: «Қазақстандық жастарды патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» туралы айтылады. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер, бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштіктәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Бұл бағыттағы күрделі тәрбие үдерісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Отансүйгіштік тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және біздің анықтауымызша жасөспірімдердің патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үдеріс болып табылады.
Жалпы қай қоғам болмасын сол қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеуге тырысқан. Біз қозғап отырған ұлтжанды, ел жанды, отаншыл, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесінде өзекті мәселе болған.
Оның аясы әдеттегі тарихи ойланым зердесінен кеңірек. Қазақ қоғамының бүгінгі сипаты және оның алдында тұрған қазіргі тың тұрпатты міндеттеріне сәйкес өріс алған. Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.
Зерттеу тақырыбының мақсаты – оқушыларға патиоттық тәрбие беру негіздері мен мақсатын және патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдарын қарастыру.
1 Анисимова В.С. т.б. Адам анатомиясы бойынша оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы. Алматы «Мектеп», 1980ж
2 Әбілқасымова А. Познавательная самостоятельность в учебной деятельности школьника. — Алматы: Санат, 1998. -158 с.
3 Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі. 2006. №6, 39-40 б.
4 Бозбаева Г. Әдіс тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №5, 48 — 51 б.
5 Биология және салауаттылық негізі журналы №1-4. 2003 ж.
6 Г. Жүнісқызы. Биология оқыту әдістемесі. Биология және салауаттылық негіз. 2003. №4, 9 – 17 б.
7 Жүнісқызы К., Алимкулова Р., Жумагулова Қ. Биология оқыту әдістемесі.-Алматы, 2006.
8 Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар // Қазақстан тарихы әдістемелік журнал-2008 18-24б
9 Жикалкина Т.К. Биологиядан ойындар мен қызықты тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 1992. – 64 б.
10 Зверева Н.М. Практическая дидактика для учителя , Москва, 2001, Б.247.
11 Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавания биологии М., Изд-во Просвещение, 1985, Б.187.
12 Зотов. Ю.В. Организация современного урока, Москва, 1984, Б.143.
13 Елемесова К. Л. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың жолдары // ИФМ., 2001, №1, Б.58.
14 Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет.
15 Қуанбаев Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық негіздері. Автореферат канд. дисс. 2006.
16 ҚР ―Білім туралы‖ заңы, 7 маусым 1999, №389, 1.
17 Меңжанова А.К. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996ж. 160 б.
18 Обаев С.Н. Основная цель совершенствование биологического образования в школе / С.Н. Обаев, А. Кисымова //Сборник материалов І международной научно-практической конференции, 10-12 ноября 2008. - Москва, 2008. - 5 с.
19 Обаев С.Н. Биология сабағында оқушылардың білімі мен біліктілігін тексерудің тиімді жолдары / С.Н. Обаев, И. Бименова // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы. Жаратылыстану – география ғылымдары сериясы = Вестник КазНПУ им. Абая. Серия Естественно-географические науки. - 2009. - № 1. - 6 б.
20 Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі (жалпы бөлім) / С.Н. Обаев, А.Кисымова. – Алматы:Абай атындағы ҚазҰПУ баспаханасы,2010. - 80 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеудің теориялық мәселелері. 5
1.1 Патриоттық тәрбие - педагогикалық проблема ретінде 5
1.2 Ұлттық патриотизмді оқушы бойына қалыптастыру жолдары 7
2 Биология сабақтарында оқушыларға патриоттық тәрбие беруде өлкетану жұмыстары 19
2.1 Биология сабағында оқушыларға өлкетану жұмыстарының маңызы 19
2.2 Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышын пайдалану әдістемесі 22
3 Тәжірибелік бөлім 24
3.1 6 сыныпта Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер тақырыбын оқыту әдістемесі 24
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер 28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ұлы бірлік, отансүйгіштік - рухтың аса бір қасиетті тірегі. Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жолында ту етіп көтерген реформаторлық идеяларының бірі Қазақстандық отансүйгіштік ұғымымен астасып жатуының терең мәнін де содан іздеген жөн. Елбасы оған еңселі елдігімізді танытар сүйеніш ретінде қарайды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік, яғнипатриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерліктерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жан-жақтытәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық ел намысын қорғайтын жастарды тәрбиелеуде маңызды мәселелерінің бірі.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде: Қазақстандық жастарды патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу туралы айтылады. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер, бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштіктәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Бұл бағыттағы күрделі тәрбие үдерісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Отансүйгіштік тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және біздің анықтауымызша жасөспірімдердің патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үдеріс болып табылады.
Жалпы қай қоғам болмасын сол қоғамға лайықты ұрпақ тәрбиелеуге тырысқан. Біз қозғап отырған ұлтжанды, ел жанды, отаншыл, отансүйгіштік, патриоттық тәрбие қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесінде өзекті мәселе болған.
Оның аясы әдеттегі тарихи ойланым зердесінен кеңірек. Қазақ қоғамының бүгінгі сипаты және оның алдында тұрған қазіргі тың тұрпатты міндеттеріне сәйкес өріс алған. Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі.
Зерттеу тақырыбының мақсаты - оқушыларға патиоттық тәрбие беру негіздері мен мақсатын және патриоттық тәрбиені қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу тақырыбының нысаны - патриоттық тәрбиенің даму және қалыптасу үрдісі.
Зерттеу тақырыбының міндеттері:
oo оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми қарастырылуын анықтау;
oo патриоттық тәрбие ұғымының мәнін қарастыру;
oo оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жолдарын талдау;
Күтілетін нәтиже
oo Оқушылардың бойында ұлтжандылықпен патриоттық тәрбиені қалыптастыру.
oo Әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту, ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету.
Зерттеудің болжамы
Биология пәнінен патриоттық білім берудің маңызын, мәселесін шешуге көмектеседі, яғни оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Зерттеу жұмысымыз кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеудің теориялық мәселелері.

1.1 Патриоттық тәрбие - педагогикалық проблема ретінде

Патриоттық тәрбие негізі психологиялық-педагогикалық процестің ішкі байланыстарын білдіреді және жасөспірімдерді, ерлік, әскери және прогресті халық дәстүрлерінде оқытудың және тәрбиелеудің бірлігін анықтайды. Отансүйгіштік, отаншылдық тәрбие жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сәйкес, оларға ерлік және патриоттық категорияларының практикалық тұрғыда жеке тұлғаның патриоттық танымы және тәрбиесінің жоғары деңгейде қамтамасыздандырылуына бағытталған патриоттық іс-әрекетке араласуына алып келеді. Отансүйгіштік тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық-еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Жеке бас тәрбиесі тәуелсіз Қазақстанның жаңа қоғамында материалдық өндіріс және рухани өмір, сондай-ақ қоғамдық-саяси құрылымдардың толық қатысу әсері арқылы жүзеге асатын объективті әлеуметтік процесс ретінде қаралады.
Қазақ халқының білімпаз да көрнекті өкілдерінің ілімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт анық байқалады: бір жағынан - Қазақстанға, Отанға, өз халқына деген шексіз сүйіспеншілік; екінші жағынан - халықтар достығына шақыруы, үндеуі және қорғауы. Бұл ақиқаттар қазіргі уақытта да өз мәнін жойған жоқ: ізгілікті, өркениетті патриоттық әрқашан да халықтар достығы тәрбиесімен және идеясымен бірлікте болады.
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің бірден бір педагогикалық негізі - патриотизм. Бұл Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі, - деп анықтама берілген. Зерттеуші Г.Д.Махатованың көзқарасы бойынша, патриотизм- адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол -әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден керінеді. Егер педагогика тарихына тоқталсақ, түрлі кезеңдерде патриотизм, кеңестік патриотизм, ұлтжандылык, қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың жолдары туралы айтылған педагогикалық түжырымды ойлар бұл мәселенің тамыры тереңде екендігін көрсетеді [10].
Патриотизм сөзі (грек тілінде patrіots - отандас, paths - отан, атамекен) Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Оның қазақшасы - жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау [33].
Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде, ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриот - Отанын, халқын жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары, спорт белсенділері.
Адам баласының әрқайсысының өз пешенесіне жазылған өмір жолы болатыны тәрізді кез келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан түрде көрініп келе жатқан күрделі үрдіс. Әр ұрпақ өзінен бұрыңғы ұрпақтың жалғасы болғанымен, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.
Тәрбие дегеніміз жан-дүниенің байлығы, рухани байлық, алтәрбиелеу - мақсатты бағытталған жан-дүниені бағытталған байыту үрдісі. Адамды қоршаған дүние - табиғат әлемі, мәдениет әлемі оның жан-дүниесінің байлығы осы байлықты аяқ асты ету көпшілік пенденің қолынан келетін өнер ал оны бар болмысыңмен сезіну онымен қауышу жоғары дәрежедегі өнер, рухани құндылық деп ойлаймыз.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты -- жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.
Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.
Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні -- еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.

1.2 Ұлттық патриотизмді оқушы бойына қалыптастыру жолдары

Мектеп-халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта болса, ата-бабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақтың бойына дарыту-ата-ананың міндеті екендігін әр ата-ана түсініп, өз жауапкершілігін сезінуін қамтамасыз ету- бүгінгі күннің талабы деп түсінуіміз қажет.
Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін жан-жақты білу керек деген белгілі педагог К. Ушинский. Сол айтпақшы,оқушыны жан-жақты білу үшін мұғалімге ең алдымен көмекке келетін ата-ана екендігін әрдайым түсіндіріп отырамын Ата-ана- ел болашағы үшін қажетті, маңызды міндеттерді арқалаған , жауапкершілігі зор, бейнеті бел қайыстыратын күрделі және қажетті орта. Оның мәселелері де сан саналы, сан қилы. Ата-ананың мектеппен бірлескен қимылының арқасында ғана нәтижеге жетеміз.
Ата-аналар- халықтың бір бөлшегі. Халық дегеніміз-адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау- патриоттық тәрбиенің ажырамас бөлшегі.
Ендеше, ата-аналармен бірлесе отыра,ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға арналған шаралардың алатын орны ерекше екендігіне іс-тәжірибемде көз жеткіздім .Бұл ретте Елбасымыз Н. Назарбаевтың
Патриоттық сана, патриоттық сезім көрсеткіші - оқушының іс әрекеті. Сонымен бірге іс-әрекет оның даму, қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс-әрекет барысында тыңдаушы қоршаған ортамен құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана қалыптасып, сезім, қабілет, қасиеттері дамуына ықпал етеді, басқаша айтқанда өз басының мүддесін ұлттық, Отан, мемлекет, халық мүддесіне ұштастырады.
Отансүйгіштік тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық-еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбие-леудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Білім мазмұны - педагогика ғылымында нені оқыту керек деген сұраққа жауап іздейтін ең күрделі проблема. Сондықтан ол мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың мазмұндық шарты болып табылады. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасында экологиялық білім берудің мақсаты мен міндеттерінің әлеуметтік маңыздылығына ерекше мән берілген. Сонымен қатар экологиялық білім - қоршаған орта өзгерістерінің салдары мен оның жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету саласындағы жүйелі дағдылар мен іскерліктерді, білімді меңгерту нәтижесі және мақсатты да кешенді процесс екендігі анықталған. Бұнда жалпы білім беретін мектепде экологиялық білім берудің мазмұны мен міндеттерін жүзеге асыру жолдары мен амалдары көрініс тапқан.
Біздің зерттеу проблемамызға қатысты экологиялық білім мазмұнын қарастыратын еңбек - Н.В. Добрецованың зерттеу жұмысы. Зерттеуші қосымша экологиялық білім берудің бірнеше моделін ұсынған: ақпараттық, белсендірушілік, қалыптастырушылық, дамытушылық, еріктілік, интегративті модельдер. Бұл модельдер түрлерінің осынша көп болуы экологиялық білім берудің міндеттерін және оларды шешу әдістері жөніндегі түрлі пайымдауларға байланысты. Осы тұрғыдан Н.В. Добрецова қосымша экологиялық білім беру мазмұнын былайша топтастырады:
- натуралистік - табиғатты табиғат аясында зерттеу;
- инвайроментальдық
- "экологиялық императив" принципі негізінде табиғатпен өзара қарым-қатынасқа түсуде, оқушылардың шамасына лайықты амалдар арқылы тұрақты мотивацияны қалыптастырумен бірге, қоршаган табиғат ортасы жөніндегі түсініктерін дамыту;
- іс-әрекеттік - оқушыларды қоршаған табиғат ортасын зерттеу мен қорғау бойынша түрлі іс-әрекеттерге тартуға ықпал етеді.
Білім мазмұнын қалыптастыру бойынша педагогикада нақты көзқарастар орныққан. Оның теориялық негіздері М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, B.C. Леднев, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие берудің тиімділігі оның ғылыми-әдістемелік шарттарын нақтылауды талап етеді. Бұл сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың міндеттерін жүзеге асыруға қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін болады. Ол үшін бастауыш мектеп оқушыларынан құрылған экологиялық үйірме бағдарламасын, әдістемелік құралдарды, нұсқауларды, ұсыныстарды және мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбие беруге педагог кадрлар даярлығын қамтамасыз ететін арнайы әдістемелік семинар, әдістеме дайындау қажеттігі туындайды.
Мектепте тек білім мен тәрбие ұштастығы ғана емес, оның қоғамдық пәнаралық ықпалдығы да сақталу қажет. Ол төменгі сыныптан басталу керек. Оқушының дағдыларды түрлендірілгең, жан-жақты болуы шарт. Себебі бастауыш сынып-оқушының қалыптасуындағы алғашқы басқыш. Бұл жастағы жеткіншектер мектепке дейін қалыптасқан мынадай білім-икемділіктерін бекіте түседі:
- тану, айналаны бақылау, зат, құбылыстарды байқау;
- көрген - білгендерін естерінде сақтау, одан алған әсерлерін бөлісу, айту;
- табиғатқа, айналасына деген алғашқы эстетикалық сезімдерінің, қызығушылықтарының оянуы. М. Жұмабаев Педагогика атты ғылыми еңбегінде: Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі пән құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесінің түгел болғаны, - деп тәрбие ұғымының мәнін кең түрде көрсетеді.
Жеткіншек - тәрбие процесінің субъектісі. Ол қоршаған ортаның әр түрлі жағдайын,сол жағдайлардан (туған ықпалдарды өзіне қабылдап отырады. Сондықтан жас кезінен балаға дұрыс таным - түсінік пен тәрбие берудің мәні зор. Бұл үшін педагогикалық қарым - қатынас жасау қажет. Бұл ұтымды болу үшін балалардың қызығушылығы ескеріліп отырылу керек. Яғни, баланың сенімді, сергек, ынталы, сыйластығы мен мейірімі мол болу үшін, соған бағыттайтын әрекеттер жасалуы шарт.
Мектеп оқушыларды табиғатты қалай зерттеу мен қорғауға, оның жағдайын бағалауға, экологиялық білімдерді өздерінің жолдастарының және ересектердің арасында насихаттауға үйрету тиіс.
Оқушыларда табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті тәрбиелеу керек. Осы қызметке қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі болуы тиіс.
Оқушыларға экологиялық білім берудің мақсаттарының бірі-әр түлекте әр түрлі іс-әрекетте қоршаған табиғи ортада саналы түрде өзінің мінез-құлқында жауапкершілік ережелерін сақтауға деген қажеттілікті тәрбиелеу болып табылады 5.
Орта білім беретін мектептің түлегінің экологиялық сипаттағы білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптарды есепке ала отырып, негізгі іскерліктер мен оны құрайтын дағдыларды сипаттайық.
Экологиялық білім беру тұрғысынан алғанда ең маңызды нәрсе оқушының қоршаған орта жағдайын бағалай білуі болып табылады. Ал бұл оқушының гуманитарлық және жаратылыстану - ғылыми циклдағы пәндерді оқу барысында меңгерген іскерліктер мен дағдыларын қаншалықты дәрежеде дұрыс қолдана алуына байланысты.
Іскерліктер мен дағдылардың дамуы процесінде өз бетінше зерттеу жүргізу барысында танымның интеллектуалды және эмоционалдық бастамаларының өзара байланысы күшейеді. Нәтижеде жеке адамның маңызды қасиеттері қалыптасады - сенімділік, ол оқушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Оқушылардың арнайы бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізуі барысында пайда болған бағалық ойлар контекстіне кірген білімдер тәрбиелік маңызға ие болады. Сондықтан оқушылар адамның қоршаған табиғи ортадағы мінез-құлқының адамгершілік және құқықтық негіздерін ой-санасына тез қабылдайды 8.
Қоршаған орта нәтижелі тәрбие құралы болуы үшін, педагог оқушыны қоршаған орта жағдайын жақсартудың белгілі бір іс-шараларын бағытталған түрде қатыстырып отыруы тиіс. Оқушы табиғат оъектілерін тиімді пайдалану немесе қорғауды үйренеді, олар оқушы үшін еңбек және қамқорлық көрсету заты болады да, ал осы объектілерге қатысты құқықтық және этикалық талаптарды орындау - мәнез-құлық ережесі болып табылады.
Өмірде нақты маңызды әскерлікке қоршаған табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қорғау жатады. Мұнда үш түрлі іскерліктердің маңызы зор.
Іскерліктердің бірінші түрі - жеке мінез-құлқындағы мәдениеттілік (мысалы, қоршаған ортада теріс қылықтарды жасамау, шөптерді таптамау, тұрмыстық қалдықтармен ластамау, шуламау және т.б.).
Екіншісі, басқа адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде табиғи ортада пайда болған теріс нәтижелердің алдын алу не жоюға бағытталған. Мысалы, броконьерлікті, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін бұзуға қарсылық жасау. Мұндай іскерліктер белгілі бір сезімдік-жігерлілік сапаларды тәрбиелеуді, адамдармен еркін араласу дағдыларын қажет етеді.
Үшінші түрдегі іскерліктер пайда болған теріс, жағымсыз құбылыстарды еңбек іс-әрекеті нәтижесінде жою. Мысалы, басталып келе жатқан өртті өшіру, топырақты эрозиядан қорғау, рекреация аймағындағы қоқыстарды жинау, балықтардың жас шабақтарын және т.б. жануарларды қорғау.
Экология мен табиғат қорғаудың қазіргі мәселелерін насихаттаудағы іскерліктер мен дағдылар оқушылардың экологиялық білім беруін қорытындылайды. Себебі, оларды жүзеге асыру тіршілік жағдайларында орта және оны қорғауға кең теориялық білімдерге сүйенуді қажет етеді 14.
Оқушылардың экологиялық білімдерді халық арасына тартудағы рөлі ерекше. Мұнда тек материалды игеру аз, сонымен қатар өзінің көзқарастарын қорғауға эмоционалдың - мотивациялық дайындық, белгілі бір моральдік позиция, жігерлік сапаларды арнайы шынықтыру және әдістемелік өзгерістерді қамту қажет. Оқушы алуан түрлі ақпарат көздерін пайдалана білуі керек, өз ойын айтудың логикасы мен психологиясын, тыңдаушылар үшін тиімді жолмен ақпаратты жеткізу.
Мектептерде, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі осы уақытқа дейін орталықтандырылмаған. Соның нәтижесінде ғылыми жүйелілік сақталмай, экологиялық материалдар жалпылама сипат алуда. Қазірге дейін экологиялық білім берудің теориялық мәселелері өріс алуда. Онда 1990 жылы шыққан Қазақстан Республикасының Табиғатты қорғау туралы Заңындағы қағидаға сәйкес алға қойған проблемеларды басшылыққа ала отырып шешуге ұмтылады. Басты мақсат - көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Болашақ ұстаздар экология ғылымын меңгерумен қатар төмендегідей мәселелерді шешуге ұмтылғандары жөн.[1]
1. Айнала қоршаған ортаның өзгерісіне бақылау жасап, оның себебіне
талдау.
2. Кез келген экологиялық жағдайдың себебін ашып, оны жоюдың, қалпына
келтірудің жолын ашу.
3. Табиғат қорларын үнемді және ұтымды пайдалану.
4. Табиғат қорғау мен экология бағытындағы өкімет заңдары мен
қаулыларын білу.
Қазір экология жөнінде көптеген пікірлер, тұжырымдамалар мен теориялар бар. Осыған орай ғылымның барлық салаларын экологияландыру терминін көбірек қолданудамыз.Экология-адамзат баласымен айналадағы орта арасындағы қарым қатынастан туған биология ғылымының көрнекті салаларының бірі.[1,2]
Жер шарының қандай бөлігін алсаңыз да біздің қазақ жеріндегідей экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақты кездестіре алмайсыз. Қазақ жері неше түрлі термоядролық сынаулардың табиғи палигоны болғаны рас. Атом, сутегі бомбаларын сынау тек біздің қазақ жерінде өткізілді. Әлемге әйгілі Семей, Ақтөбе, Маңғышлақ, Атырау, Орал, Қарағанды, Жезқазған атом полигондары радиациялық фонды күннен күнге қиындата түсті. Бұл полигондар қазақ елінің 11 млн гектар ең шұрайлы жеріне орналасты. Бұрын соңды болмаған бұл жағдай адамзат баласының, сондай-ақ, биосферада тіршілік ететін барлық жан-жануарлардың ағзасына мутациялық өзгерістерді туғызды. Адамдар арасына мөлшерден көп қауіпті ісіктер мен неше түрлі дерттердің таралуына себепші болды. Адамдардың мезгілсіз өмірден кетуіне әкеп соқты.
Семей атом полигонында өткізілген 646 сынақтардың салдарынан соңғы жылдар ішінде әр жүз мың адамға шаққанда жүйке психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл ойы кем адамдар 3103-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген.
Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері әбден меңдеген. Кейінгі жылдары радиациялық экология термині пайда болды. Ол жаңа дамып келе жатқан ғылым саласының бірі. Адамзат баласының айналадағы ортасында көбейген экологиялық фактордың ең бастысы иондаушы радиация. Ионданушы радиацияның негізгі қайнар көзі табиғи радиоактивті элементтер мен жасанды радиоактивті элементтер. Жасанды радионуклеидтердің адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеген адамдар өте аз. Олардың туғызатын қатерлі ісіктері жөнінде Қазақстан алдыңғы қатарда келеді.[3]
Қандай болса да шиеленіскен проблемаларды мамандар шешеді.Осыған орай Қазақ мемлекеті бойынша эколог мамандар даярлау кезек күттірмейтін проблема. Эколог маман кадрлар дайындауға материалдық техникалық база жасау қажет. Неше түрлі компьтерлік есептеу аппараттарын монтаждап, оларды іске қосып, айналадағы ортаның химиялық құрамына зерттеу жүргізу қажет. Экологиялық дағдарыстан шығудың ең бір тиімдіжолы сауатты және саналы мамандар дайындау экологиялық дүниетанымды жетілдіре түсу.
Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекттік деңгейге көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз - адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және табиғатты тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны бүлінуден қорғайтын, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәр­биелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады.
Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.
Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Қазіргі кезде тәрбие жүйесінде мектептен тыс жұмыстар едәуір орын алады. Сыныптан тыс жұмыстардын өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізінде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уакытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уакыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, казір ол қоғамға пайдасы мол бағытқа ие болып келеді.
Сыныптан тыс жұмысқа қойьлатьн талаптардың ең маңыздыларының бірі: оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми коғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене катысуға себепші болуы тиіс.
Сыныптан тыс экологиялык тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстардың түрі өте көп. Бірак, бәрінің де мақсаты - баланы жан-жақты жетілдіру, оның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып оны аялай білуге тәрбиелеу және эстетикалык сезімін дамыту. Тек олардың қай түрін оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшслігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенің өз мүмкіндіктері.
Бүгінгі күннің негізгі талабы мен мақсаты табиғатты қорғау шаралары. Жас ұрпақты табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу, яғни жас жеткіншектерге экологиялық тәрбие беру. Экология ұғымы табиғат пен тіршіліктің барлық түрінің арасындағы байланысты білдіреді. Олай болса табиғатты қорғау осы экологияның негізі емес пе? Қазіргі таңда көптеген экологияға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Мектептерде табиғатты қорғауға байланысты кеш, апталық, дәріс, т.б. өткізу мәселесі өркендеуде. Көптеген өркениетті елдерде экология жеке пән ретінде жүргізіледі, ал біздің оқу жүйемізде экология ғылымының тек кейбір элементтері мен терминдері ғана жаратылыстану пәндерінде қосымша берілуде.
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы жылдары республика көлеміндегі мектепке дейіигі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынғы қалыптасқан бағдарламадағы "Балаларды табиғатпен таныстыру" бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудағы басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі үғым-түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат -- бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау -- экологиялык тәрбие жұмысымен үштастырылды.
Экологиялық тәрбие -- жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасымен озара қарым-қатынасы, біртектес өмір сүру ортасына не болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағаштардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
* табиғаттағы әр түрлі окцғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рөлді ойын;
* мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ак, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;
* табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
* табиғатпен тілдесу, әсемдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау -- бакылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, колға үйрету мен белгілі бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;
* тәжірибе жасау-бақылау нәтижесіндегі өз пікірін айтумен сабактасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
* тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгімеге диалогқа қатысу;
* табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінде пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;
* бақылау -- өз бетінше танымдык іс-әрекеттерін дамытумен бірге
табиғат туралы жәие табиғаттағы адамдардын іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
* табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды суреттерді
тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа мәліметтерден хабардар болуға ықпал ететн іс-әрекет түрлері.
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп. қабылдау дағдысы өзнен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, олардың өз бетінше әрекет жасауын бақылау оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологилық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай іс-әекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.
Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін танытып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін камтамассыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелігінің деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
"Тіршілік иелерінің өміріне қажетті жағдайларды туғызу және қолдау әдісі" балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі
саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және
оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету -осы әдіс түрінің тәжірибе мен модельденген іс-
әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ак, заттарды күтіп-
баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті,
тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Картамен жүргізілетін мұндай жұмыс түрлері балалардың алғашқы географиялық танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайларын таныпбілуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, қүрдастарының жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде өзінің ой-пікірін айтуға дағдыланып, белгілі бір тұжырым, қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса алады.
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында "Адамзат жинақтаған білімді қарапайым түрде меңгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық ағымның үндеуіне шанысты пайдасыз болып қалды. Басты нәрсе білім, білік, дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады" деп атап көрсетілген.
Иә, қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де білікті іскер де белсенді адамдар. Сондықтан да коғам талабына сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу - ең маңызды мәселе. Қазақстан Республикасының "Білім туралы занында мемлекеттік саясат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Арнайы мамандандырылған спорт мектептерінде қазақ күресі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мазмұнын жасап, ұйымдастыру әдістерін ұсыну
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Пәндер