Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие5

берудің теориялық негіздері5

1. 1. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары. 5

1. 2. Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен дағдылар. 7

2 Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру әдістемесі10

2. Сабақтан тыс сабақтар арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары10

2. 2 Орта мектепте биология курсында экологиялық тәрбие беруеде сыныптан тыс сабақ үлгісі23

Қорытынды25

Пайдаланылған әдебиеттер26

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері, елдің сана-сезімінде түбегейлі өзгерістер болды. Бұл өзгерістер Қазақстан мемлекетін дүниежүзілік экономикалық қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, еліміздің ішкі рыногын да әлемдік деңгейге көтерді. Мұнымен қоса, білім мен ғылым саласының алдында да жаңа талаптар пайда болды. Экологиялық проблемалар және оларды болдырмаудың алдын - алудың жолдарын іздестірудің өзектілігіне Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1992), Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы (1997) және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен. «Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасы» (2002), «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі» (2006) сияқты ресми құжаттар дәлел бола алады.

Бүгінгі таңда экологиялық білім мәселесіне қазақстандық ғалымдар да зор көңіл бөліп отыр. Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негіздері Н. С. Сарыбеков, А. С. Бейсенова, М. Н. Сарыбеков, М. А. Лигай, Г. К. Ділімбетова, Ұ. Есназарова, Ж. Ж. Жатқанбаев, Ж. Б. Чилдибаев, А. Г. Сармурзина, А. К. Сатынская және т. б. еңбектерінде қарастырылған. Зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде экологиялық мәдениет, тәрбие проблемалары сан қырынан көрініс тапқан.

Тұтастай алғанда, жоғарыда қарастырылған зерттеулердің бағыттарына және білім беру жүйесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша жинақталған практикалық тәжірибеге қарамастан, сабақтан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесінің әлі де болса шешімі табылмағандығына көз жеткіземіз. Қоршаған ортаны қорғауда балалардың әкологиялық мәдениетін жастайынан қалыптастырудың әлеуметтік мәні зор. Сондықтан бүкіл халық, қоғамның барлық әлеуметтік салалары, соның ішінде мектептен тыс ұйымдар, сыныптан тыс жұмыстар экологиялық саясатты жүзеге асырудан сырт қалмауы тиіс.

Экологиялық білім мен тәрбие беруді сыныптан тыс тәрбие процесінде, мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асыруға арналған еңбектер (Е. В. Экзерцева, Е. Г. Шаронова, Н. Л. Панченко, К. Ж. Бұзаубақова, Ш. Ж. Арзымбетова, Ж. Р. Жексембаева және т. б. ) біз үшін қызығушылық тудырды. Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын келетін оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамытуда: көркем шығармаларды (Е. А. Серегина), музыка өнерін (В. Г. Кезин), халық білімдерін (Н. Ш. Блягоз), халық дәстүрлерін (Ю. Ф. Виноградов, Т. Д. Замбалова), халық педагогикасын (Н. С. Иванова, З. А. Хусаинов, С. Н. Черябкина, Ш. И. Джанзакова, Н. Т. Есеналина, Б. Х. Қойбағарова, А. Б. Айтжанова және т. б. ) пайдалану мәселелері қарастырылған еңбектер де жоқ емес. Сонымен, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру бағытында орындалған ғылыми зерттеулерге жасалған талдау сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалғандығын дәлелдейді. Бүгінгі таңда оқушылардың экологиялық тәрбиесін сыныптан тыс жұмыстарда дамытудың қажеттігі мен мектепте, мектептен тыс» ұйымдардың экологиялық тәлім-тәрбие берудегі қызметінің жан-жақты жүзеге асырылмауы және мектепте сыныптан тыс жұмыстарда мұғалімдерге арналған ғылыми негізделген әдістеменің тапшылығы арасындағы қарама-қайшылық нақты көрініс алып отырғандығы байқалады.

Бұл қайшылықтардың шешімін іздеу зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Оқушыларға сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары» деп таңдауға мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: сыныптан тыс жұмыстарда орта мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие берудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды іздестіру.

Зерттеу пәні: мектепте сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру процесі.

Зерттеудің міндеттері:

- мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамытудың қажеттілігін, оның мәні мен мазмұнын айқындау.

- орта оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың құрылымдық-қызметтік ерекшеліктерін анықтау;

- бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыстары арқылы экологиялық тәрбиесін дамытудың оқу-әдістемелік жүйесін жасау;

- сыныптан тыс жұмыстар арқылы орта мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытуға арналған әдістемелік нұсқаулар ұсыну.

Курстық жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері 1. 1. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық шарттары.

Білім беру жүйесі бір-біріне барабар емес екі сала бойынша: дәстүрлі орта мектепте және мектептен тыс ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Дәстүрлі мектепте білім беру жүйесінің тұрақтылықтылығы қамтамасыз етілсе, мектептен тыс ұйымдарда қоғам сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесіне түзетулер енгізіліп отырады. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбие жүйесінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда осы екі саланың іс-әрекетін үнемі үйлестіріп отырудың маңызы зор.

Орта мектеп оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық тәрбие беру бір ғана сынып-сабақ жүйесінің әрекетімен шектелмей, керісінше, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға және зерттеуге бағытталған түрлі практикалық іс-әрекетке тартып, мейлінше табиғатпен, ұстаздарымен, бір-бірімен қарым-қатынасын кеңейте түскен дұрыс. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың мүмкіндіктерін жан-жақты пайдалану тиімді нәтижеге қол жеткізбек.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттеріне:

- балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өзінің қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

- балаларды қоғам өміріне бейімдеу;

- оладың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

- өскелең ұрпақтың сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын

қалыптастыру;

- балалардың табиғи ресурстарды үнемді пайдалануын тәрбиелеу, оларды,

табиғатты қорғауға тарту;

- экологиялық білім жөніндігі бағдарламаны жүзеге асыру;

- азаматтықты және елжандылықты, өз Отанына

- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

- экология және табиғатты қорғау салаларындағы ғылыми өндірістік

шараларға қызығушылығын қалыптастыру;

- білім беру ұжымдарының натуралистік және тәжірибелік жұмыстарын

жүзеге асыруға практикалық көмек көрсету, ауыл және орман

шаруашылығын отандық биологиялық ғылыми нәтижесін насихаттау.

Қандай да болмасын педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігіне белгілі бір шарттарды үхтану арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының әкологиялық тәрбиесін дамытуда біздер оның ұйымдастырушылық, мазмұндық, ғылыми-әдістемелік, моральды-психологиялық, әлеуметтік-мәдени шарттарын талдауды мақсат еттік.

Ұйымдастырушылық шарттарды қарастыру ең алдымен қоғам сұранысын және нақты жағдайларды есепке алу қажеттігін және содан туындайтын мақсатты анықтау болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде әрдайым бірлікте болып келетін сыртқы және ішкі шарттарды әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан бөліп көрсету қабылданған. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру бұл тұрғыдан келу оның өсу динамикасын және оған сыныптан тыс жұмыстардың сан қилы ықпал-әсерін есепке алуға мүмкіндік береді.

Білім мазмұны - педагогика ғылымында «нені оқыту керек» деген сұраққа жауап іздейтін ең күрделі проблема. Сондықтан ол мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың мазмұндық шарты болып табылады. Қазақстан Республикасының экологиялық білім беру тұжырымдамасында экологиялық білім берудің мақсаты мен міндеттерінің әлеуметтік маңыздылығына ерекше мән берілген. Сонымен қатар «экологиялық білім - қоршаған орта өзгерістерінің салдары мен оның жағдайы, қоршаған ортаға әсер ету саласындағы жүйелі дағдылар мен іскерліктерді, білімді меңгерту нәтижесі және мақсатты да кешенді процесс» екендігі анықталған. Бұнда жалпы білім беретін мектепде экологиялық білім берудің мазмұны мен міндеттерін жүзеге асыру жолдары мен амалдары көрініс тапқан.

Біздің зерттеу проблемамызға қатысты экологиялық білім мазмұнын қарастыратын еңбек - Н. В. Добрецованың зерттеу жұмысы. Зерттеуші қосымша экологиялық білім берудің бірнеше моделін ұсынған: ақпараттық, белсендірушілік, қалыптастырушылық, дамытушылық, еріктілік, интегративті модельдер. Бұл модельдер түрлерінің осынша көп болуы экологиялық білім берудің міндеттерін және оларды шешу әдістері жөніндегі түрлі пайымдауларға байланысты. Осы тұрғыдан Н. В. Добрецова қосымша экологиялық білім беру мазмұнын былайша топтастырады:

- натуралистік - табиғатты табиғат аясында зерттеу;

- инвайроментальдық

- "экологиялық императив" принципі негізінде табиғатпен өзара қарым-қатынасқа түсуде, оқушылардың шамасына лайықты амалдар арқылы тұрақты мотивацияны қалыптастырумен бірге, қоршаган табиғат ортасы жөніндегі түсініктерін дамыту;

- іс-әрекеттік - оқушыларды қоршаған табиғат ортасын зерттеу мен қорғау бойынша түрлі іс-әрекеттерге тартуға ықпал етеді.

Білім мазмұнын қалыптастыру бойынша педагогикада нақты көзқарастар орныққан. Оның теориялық негіздері М. Н. Скаткин, В. В. Краевский, B. C. Леднев, Ю. К. Бабанский, И. Я. Лернер және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие берудің тиімділігі оның ғ ылыми-әдістемелік шарттарын нақтылауды талап етеді. Бұл сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін дамытудың міндеттерін жүзеге асыруға қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін болады. Ол үшін бастауыш мектеп оқушыларынан құрылған экологиялық үйірме бағдарламасын, әдістемелік құралдарды, нұсқауларды, ұсыныстарды және мектепте сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбие беруге педагог кадрлар даярлығын қамтамасыз ететін арнайы әдістемелік семинар, әдістеме дайындау қажеттігі туындайды.

Мектепте тек білім мен тәрбие ұштастығы ғана емес, оның қоғамдық пәнаралық ықпалдығы да сақталу қажет. Ол төменгі сыныптан басталу керек. Оқушының дағдыларды түрлендірілгең, жан-жақты болуы шарт. Себебі бастауыш сынып-оқушының қалыптасуындағы алғашқы басқыш. Бұл жастағы жеткіншектер мектепке дейін қалыптасқан мынадай білім-икемділіктерін бекіте түседі:

- тану, айналаны бақылау, зат, құбылыстарды байқау;

- көрген - білгендерін естерінде сақтау, одан алған әсерлерін бөлісу, айту;

- табиғатқа, айналасына деген алғашқы эстетикалық сезімдерінің, қызығушылықтарының оянуы. М. Жұмабаев «Педагогика» атты ғылыми еңбегінде: «Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі пән құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесінің түгел болғаны», - деп тәрбие ұғымының мәнін кең түрде көрсетеді.

Жеткіншек - тәрбие процесінің субъектісі. Ол қоршаған ортаның әр түрлі жағдайын, сол жағдайлардан (туған ықпалдарды өзіне қабылдап отырады. Сондықтан жас кезінен балаға дұрыс таным - түсінік пен тәрбие берудің мәні зор. Бұл үшін педагогикалық қарым - қатынас жасау қажет. Бұл ұтымды болу үшін балалардың қызығушылығы ескеріліп отырылу керек. Яғни, баланың сенімді, сергек, ынталы, сыйластығы мен мейірімі мол болу үшін, соған бағыттайтын әрекеттер жасалуы шарт.

1. 2. Экологиялық білім мен тәрбие беруге қажетті іскерліктер мен дағдылар.

Мектеп оқушыларды табиғатты қалай зерттеу мен қорғауға, оның жағдайын бағалауға, экологиялық білімдерді өздерінің жолдастарының және ересектердің арасында насихаттауға үйрету тиіс.

Оқушыларда табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті тәрбиелеу керек. Осы қызметке қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі болуы тиіс.

Оқушыларға экологиялық білім берудің мақсаттарының бірі-әр түлекте әр түрлі іс-әрекетте қоршаған табиғи ортада саналы түрде өзінің мінез-құлқында жауапкершілік ережелерін сақтауға деген қажеттілікті тәрбиелеу болып табылады /5/.

Орта білім беретін мектептің түлегінің экологиялық сипаттағы білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптарды есепке ала отырып, негізгі іскерліктер мен оны құрайтын дағдыларды сипаттайық.

Экологиялық білім беру тұрғысынан алғанда ең маңызды нәрсе оқушының қоршаған орта жағдайын бағалай білуі болып табылады. Ал бұл оқушының гуманитарлық және жаратылыстану - ғылыми циклдағы пәндерді оқу барысында меңгерген іскерліктер мен дағдыларын қаншалықты дәрежеде дұрыс қолдана алуына байланысты.

Іскерліктер мен дағдылардың дамуы процесінде өз бетінше зерттеу жүргізу барысында танымның интеллектуалды және эмоционалдық бастамаларының өзара байланысы күшейеді. Нәтижеде жеке адамның маңызды қасиеттері қалыптасады - сенімділік, ол оқушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Оқушылардың арнайы бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізуі барысында пайда болған бағалық ойлар контекстіне кірген білімдер тәрбиелік маңызға ие болады. Сондықтан оқушылар адамның қоршаған табиғи ортадағы мінез-құлқының адамгершілік және құқықтық негіздерін ой-санасына тез қабылдайды /8/.

Қоршаған орта нәтижелі тәрбие құралы болуы үшін, педагог оқушыны қоршаған орта жағдайын жақсартудың белгілі бір іс-шараларын бағытталған түрде қатыстырып отыруы тиіс. Оқушы табиғат оъектілерін тиімді пайдалану немесе қорғауды үйренеді, олар оқушы үшін еңбек және қамқорлық көрсету заты болады да, ал осы объектілерге қатысты құқықтық және этикалық талаптарды орындау - мәнез-құлық ережесі болып табылады.

Өмірде нақты маңызды әскерлікке қоршаған табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қорғау жатады. Мұнда үш түрлі іскерліктердің маңызы зор.

Іскерліктердің бірінші түрі - жеке мінез-құлқындағы мәдениеттілік (мысалы, қоршаған ортада теріс қылықтарды жасамау, шөптерді таптамау, тұрмыстық қалдықтармен ластамау, шуламау және т. б. ) .

Екіншісі, басқа адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде табиғи ортада пайда болған теріс нәтижелердің алдын алу не жоюға бағытталған. Мысалы, броконьерлікті, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін бұзуға қарсылық жасау. Мұндай іскерліктер белгілі бір сезімдік-жігерлілік сапаларды тәрбиелеуді, адамдармен еркін араласу дағдыларын қажет етеді.

Үшінші түрдегі іскерліктер пайда болған теріс, жағымсыз құбылыстарды еңбек іс-әрекеті нәтижесінде жою. Мысалы, басталып келе жатқан өртті өшіру, топырақты эрозиядан қорғау, рекреация аймағындағы қоқыстарды жинау, балықтардың жас шабақтарын және т. б. жануарларды қорғау.

Экология мен табиғат қорғаудың қазіргі мәселелерін насихаттаудағы іскерліктер мен дағдылар оқушылардың экологиялық білім беруін қорытындылайды. Себебі, оларды жүзеге асыру тіршілік жағдайларында орта және оны қорғауға кең теориялық білімдерге сүйенуді қажет етеді /14/.

Оқушылардың экологиялық білімдерді халық арасына тартудағы рөлі ерекше. Мұнда тек материалды игеру аз, сонымен қатар өзінің көзқарастарын қорғауға эмоционалдың - мотивациялық дайындық, белгілі бір моральдік позиция, жігерлік сапаларды арнайы шынықтыру және әдістемелік өзгерістерді қамту қажет. Оқушы алуан түрлі ақпарат көздерін пайдалана білуі керек, өз ойын айтудың логикасы мен психологиясын, тыңдаушылар үшін тиімді жолмен ақпаратты жеткізу.

2 Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру әдістемесі 2. Сабақтан тыс сабақтар арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары

Мектептерде, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі осы уақытқа дейін орталықтандырылмаған. Соның нәтижесінде ғылыми жүйелілік сақталмай, экологиялық материалдар жалпылама сипат алуда. Қазірге дейін экологиялық білім берудің теориялық мәселелері өріс алуда. Онда 1990 жылы шыққан Қазақстан Республикасының «Табиғатты қорғау туралы» Заңындағы қағидаға сәйкес алға қойған проблемеларды басшылыққа ала отырып шешуге ұмтылады. Басты мақсат - көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Болашақ ұстаздар экология ғылымын меңгерумен қатар төмендегідей мәселелерді шешуге ұмтылғандары жөн. [1]

1. Айнала қоршаған ортаның өзгерісіне бақылау жасап, оның себебіне

талдау.

2. Кез келген экологиялық жағдайдың себебін ашып, оны жоюдың, қалпына

келтірудің жолын ашу.

3. Табиғат қорларын үнемді және ұтымды пайдалану.

4. Табиғат қорғау мен экология бағытындағы өкімет заңдары мен

қаулыларын білу.

Қазір экология жөнінде көптеген пікірлер, тұжырымдамалар мен теориялар бар. Осыған орай ғылымның барлық салаларын экологияландыру терминін көбірек қолданудамыз. Экология-адамзат баласымен айналадағы орта арасындағы қарым қатынастан туған биология ғылымының көрнекті салаларының бірі. [1, 2]

Жер шарының қандай бөлігін алсаңыз да біздің қазақ жеріндегідей экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақты кездестіре алмайсыз. Қазақ жері неше түрлі термоядролық сынаулардың табиғи палигоны болғаны рас. Атом, сутегі бомбаларын сынау тек біздің қазақ жерінде өткізілді. Әлемге әйгілі Семей, Ақтөбе, Маңғышлақ, Атырау, Орал, Қарағанды, Жезқазған атом полигондары радиациялық фонды күннен күнге қиындата түсті. Бұл полигондар қазақ елінің 11 млн гектар ең шұрайлы жеріне орналасты. Бұрын соңды болмаған бұл жағдай адамзат баласының, сондай-ақ, биосферада тіршілік ететін барлық жан-жануарлардың ағзасына мутациялық өзгерістерді туғызды. Адамдар арасына мөлшерден көп қауіпті ісіктер мен неше түрлі дерттердің таралуына себепші болды. Адамдардың мезгілсіз өмірден кетуіне әкеп соқты.

Семей атом полигонында өткізілген 646 сынақтардың салдарынан соңғы жылдар ішінде әр жүз мың адамға шаққанда жүйке психикалық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл ойы кем адамдар 3103-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген.

Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері әбден меңдеген. Кейінгі жылдары радиациялық экология термині пайда болды. Ол жаңа дамып келе жатқан ғылым саласының бірі. Адамзат баласының айналадағы ортасында көбейген экологиялық фактордың ең бастысы иондаушы радиация . Ионданушы радиацияның негізгі қайнар көзі табиғи радиоактивті элементтер мен жасанды радиоактивті элементтер. Жасанды радионуклеидтердің адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеген адамдар өте аз. Олардың туғызатын қатерлі ісіктері жөнінде Қазақстан алдыңғы қатарда келеді. [3]

Қандай болса да шиеленіскен проблемаларды мамандар шешеді. Осыған орай Қазақ мемлекеті бойынша эколог мамандар даярлау кезек күттірмейтін проблема. Эколог маман кадрлар дайындауға материалдық техникалық база жасау қажет. Неше түрлі компьтерлік есептеу аппараттарын монтаждап, оларды іске қосып, айналадағы ортаның химиялық құрамына зерттеу жүргізу қажет. Экологиялық дағдарыстан шығудың ең бір тиімдіжолы сауатты және саналы мамандар дайындау экологиялық дүниетанымды жетілдіре түсу.

Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекттік деңгейге көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз - адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімділігін және табиғатты тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Оның ішінде, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны бүлінуден қорғайтын, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас ұрпақты тәр­биелеудің маңызы зор. Экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана іске асады.

Қазіргі таңда оқушыларға экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді ұйындастыруда мектепте жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың орны ерекше. Оқушылардың сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге кызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретіиде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудын формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретіндс кызмет атқарады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудың экологиялық шарттары
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстары
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz