Ескі Түркістан қаласы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ескі Түркістан қаласы http://turgtk.narod.ru/turktarih.jpg (XV - XX ғ. ғ. бірінші ширегі)

салынуына байланысты (XIV) Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - "Хазірети Түркістан" деп атала бастады. XVI ғасырдан бастап "Түркістан" атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі - цитаделі және оны қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі - 2, 6 гектар, шахарістаны -23, 5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі - 50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардаи (М. Е. Массон) бсрі жүргізіліп келеді. Сонғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан бастап Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді. 1997-1999ж. ж. жүргізіліп зерттеулер нәтижесінде қаланың цитаделі мен шахірстаны XV ғасырдың басында қалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен қоршалған, цитаделінің екі, шаһарістанының төрт қақпасы болғандығы тарихи деректерден белгілі.

Иасы - Күлтөбе қаласы (IV- V ғ. ғ. - ХІVғ. аралығында)

http://turgtk.narod.ru/P1010022.JPG Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 метрдей жерде орналасқан ортағасырлық қала орны Иасы - Күлтөбе Түркістан қаласы тарихының орта кезінде деп есептеледі. Ахмет Иасауи кесенесі осы Иасы - Күлтөбе қаласының көне қорымының үстіне салынғандығы бүгінде анықталып отыр. Қазіргі күнге дейін - қаланың орталық негізгі бөлігі - цитаделі ғана сақталған, оның көлемі - 150 х 120м., биіктігі - 9м. Қаланы 1981 - 1984 ж. ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Е. Ә. Смағұлов) зерттеп, өмір сүру кезеңін анықтаған Зерттеу нәтижесіндо қала IV - V ғасырларда қалыптасып XIV ғасырға дейін өмір сүргендігі анықталды. XV ғасырлардан бастап Иасы - Күлтөбе жаңадан қалыптасқап Түркістан (Ескі Түркістан) қаласының территориясына енді. Оның Шахарістанының бір бөлігі ретінде XX ғасырдың басына дейін өмір сүрген.

Шауғар - Шойтөбе қаласы

(I мыңжылдықтың І-ші жартысы - ХШ - XIV ғ. ғ. )

Түркістан қаласынан-оңтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан ортағасырлық үлкен қаланың орны. Шауғар - Шойтөбе Түркістан қаласы тарихының алғашқы (бірінші) кезеңі деп есептеледі. Қаланың орталық бөлігі итаделінің көлемі 200 х 180м, биіктігі -12м, шахарістаны - 360 х 300м, биіктігі Зм, оны қоршай қала рабады орналасқан - көлемі 25 гектардан асады. Қалапы 1989-1992ж. ж. және 1996-1999 ж. ж. Түркістан археологиялық экспедициясы (Л. Б. Ерзакович, Е. Ә. Смағұлов) зерттеген. Зерттеу жұмыстары толық аяқталғпн жоқ, әзірге қолда бар заттай тарихи деректер қаланың қалыптасу кезеңі І-ші мыңжылдыктың бірінші жартысы екендігін ғана көрсетеді, келесі - 2000 жылғы зерттеу жұмыстары қала өмірінің бастапқы кезеңін дәлірек анықтайлы деп күтілуде. Қаланы, ХІІІғ. басында Хорезм шахы Мұхаммед ибн-Текени жау қолына түспесін деп қиратқан деген ғылыми болжам бар. Қала халқы дәл қасында орналасқан Иасы шахаріне қоныс аударған, алайда, тұрғындардың бір бөлігі қирай Шауғардың, оңтүстік - шығысы мен солтүстік-шығыс беттерінен жаңадан екі қоныс салғандығын 1996-1999 ж. ж. археологиялық зерттеулер анықтап берді.

Бұл қоныстар XIV ғасырдың аяғына дейін ғана өмір сүрген.

Түркістан

Түркістан, Иасы - Қазақстан Республикасындағы тарихи қала (1928), Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қалалық әкімдік аумағының орт. Сырдарияның оң жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б. з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Түркістан қ-ның айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері - Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б. з. б. 2-мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңірлеріндегідей андрон мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты - Иасы. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орт. болды. Сол кезден Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғ-да жоңғар шапқыншылығы қаланы құлдыратып жіберді. 15 ғ-да Орта Азияның билеушісі Әмір-Темір Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі жанынан 1396 - 98 жылдары мешіт салдырды. Діни орт. - Хазірет деп аталды. Орта ғасырларда Түркістан қала-бекініс сауда орнына айналды. 1819 - 64 жылдары Түркістан Қоқан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аум. 70 га-ға жуық болды. Ол балшықтан соғылған қамалмен қоршалды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Т-да 20-ға жуық мешіт, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Т-ды Ресей әскерлері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғ-дың басында Түркістан 1400 га-дай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда т. жылы вокзалы салынды. 1908 ж. 3616 үй, 41 мешіт, 2 сыныптық қалалық уч-ще, қыздар уч-щесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 ж. 15236 адамға жетті. өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы 4 мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, 5 кірпіш з-ттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 ж. 6 - 9 қаңтар аралығында Т-да Сырдария обл. қазақтарының съезі өтті. Съезде Сырдария обл-ның Алаш автономиясына қосылу мәселесі қаралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім қабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауд-ның әкімш. орт. болды. Қалада жөндеу-мех., мақта тазалау, жем, кірпіш з-ттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс қажетін өтейтін комб-тар, т. б. кәсіпорындар жұмыс істейді. 1991 ж. «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ашылды. ЮНЕСКО шешімімен м қ-ның 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласы
Туған жер туралы
Түркістан қаласы тарихы
Менің туған қалам - Түркістан
Шығай ханның баласы
Түркістан алқабы
Түркістан қаласының шығу тарихы
Ескі түркістан қаласы (XV - XX ғ.ғ. бірінші ширегі)
Қала құрылысы
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz