Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар



1. Биосфералық қорықтар
2. Мемлекеттік табиғи қорықтар
3. Ұлттық табиғи саябақтар
4. Табиғи қорықшалар
5. Табиғат ескерткіштері
6. Табиғи резерваттар
7. Пайдаланған әдебиет
Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Биосфералық қорықтар
2. Мемлекеттік табиғи қорықтар
3. Ұлттық табиғи саябақтар
4. Табиғи қорықшалар
5. Табиғат ескерткіштері
6. Табиғи резерваттар
7. Пайдаланған әдебиет

Ерекше қорғалатын аймақтар.
Наурызым және Марқакол қорықтары
Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

"Саяно-Шушенский" биосфералық қорығы
1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.
4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.
5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне -- биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.

Қорғалжын қорығы
Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.
Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі -- мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

Наурызым қорығы
Далалы аймақта ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. Елімізде соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.
Табиғи қорықшалар -- белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.
Табиғат ескерткіштері -- көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі -- табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді.[1]
Марқакөл қорығы - республикамызда құрылған алтыншы мемлекеттік қорық. Бұл қорықтың ұйымдастырылғандағы негізгі мақсат - маңайда сирек кездесетін бағалы аңдарды, құстарды, өсімдіктерді және көктемде балық уылдырық шашатын өзендер арналарын қорғап, сонымен бірге орман мен айдын көлдерін, тау, өзендердің әсем табиғатын табиғи қалыпта сақтау. 1976 жылы құрылған. Марқакөл қорығы - Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай тауыныњ, Азу мен Күршім жоталарының аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 71 мың га, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Оның 3756 гектары тегіс орман, ал жайылым 21 гектардан асады. Қорық аймағындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аймағы үшін қаңтардың ең төмен орташа температурасы -26[о]С, -27[о]С, кейде аяз- 55[ ][о]С - қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы + 14[ ][о]С, + 17[ ][о]С, ең жоғарғысы + 30[ ][о]С- қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық. Марқакөл қорығы - жан-жануарларларға аса бай, көркіне көз тойғысыз Оңтүстік Алтай алќабыныњ биік таулы өңірі мен Марқакөл көлінің табиғатын комплексті қорғау үшін ұйымдастырылған. Марқакөл - Алтайдағы Күршім мен Азу жотасының аралығындағы терең ойпатта шалқып жатқан үлкен, мөлдір сулы, балықты көл. Оның айналасы тасты, орманды тау. Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлатар, жылғалар құяды. Көлдің оңтүстік жағалауы жарқабақты, ал солтүстігі - аласа, жазықтау болып келеді. Көлге айналасындағы тау-жоталарынан ірілі-ұсақты 28 өзен құйса, одан жалғыз ғана Қалжыр өзені ағып шығады.Көл маңының табиғат көркіне көз тұнады. Айдын көл жағасынан тауға көтерілген сайын дала, орманды - дала, субалпі және альпі белдеулеріне тән өсімдіктер кездестіруге болады. Субьалпі мен альпі белдеуі шабындыққа бай. Әсіресе көктемде өсімдіктер алуан түсті болып гүлдеген кезде бұл өңірдің сұлулығына көз тоймайды. Тау етектері мен өзендер бойында қайың, көктерек және теректер өседі. Одан жоғарырақ қыраттада қылқан жапырақты орман бой түзеген. Онда майқарағай мен шырша көз тұндырады. Олардан биігірек тау жоталарын балқарағайлы орман алып жатыр. Мұнда мүк, қына, алтай тырбақ қайыңы да кездеседі.Жалпы алғанда, қорықта өсімдіктердің алуан түрлері таралған. Тіпті орманның өзінің 19 түрі кездеседі екен. Әсіресе бұл табиғат лабораториясының балқарағайлы орманының өсу жағдайын, оның көлемін ұлғайту мәселесін шешуге ролі күшті болмақ. Қорық жерінде 1000-нан астам өсімдік түрлері, балыќтыњ 4 түрі, қосмекенділердің - 3, жорғаулаушылардың - 6, құстардың - 250-ге жуық, ал сүтқоректілердің 50 түрі кездеседі. Сирек кездесетін жануаралардан ілбіс, қоңыр аю, сілеусін, камшат, қара дегелек, алтай ұрылары, ақбас тырна, көкек, ондатр, жапалақ, аю, елік, бұлғын т.б. тіршілік етеді. Шырша, балқарағай өскен орманда қанаттылардан көп кездесетіні меңіреу құр. Тәулігіне орман ішін аралаған адамға 20-30 құр кездестіруге болады. Көлде аққу да бар. Көлде жүзген балықтардың негізгі төрт түрін атап өтуге болады. Солардың бірі- албырттар тұқымына жататын майқан немесе қаяз балығы. Дене тұрқы - 46-70 см., шоғырланбай бытырап жүріп тіршілік ететін балық. Мұндағы хариуста- тұщы су балығы. Марқакөлде олар мұз ерісімен уылдырық шашып көбейеді. Дене тұрқы 20-30 см., салмағы-450 грамдай, омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. Дене пішіні 7-30 см., салмағы 250-300 грамдай болатын теңге балық (пескарь) та осында тіршілік етеді. Уылдырығын мамыр - маусым айында шашады. Бұрынырақ Марқакөлден талма (голец) көбірек ауланатын, кәсіптік маңызы бар балық болатын. Оның дене тұрқы-33-75 см. Соңғы жылдары бұл балықтардың қоры азайып отыр. Қорықта көптеген шипалық мәні бар жоғарғы сатыдағы өсімдіктер де баршылық. Енді солардың кейбіреуіне тоқталсақ. Самырсын немесе Сібір Қарағайы - жаңғағы жеуге жарайтын өте бағалы ағаш. Көп уақытқа дейін Сібір қарағайын жаңғақ алатын өсімдік ретінде кесуге тиым салынып келген. Өйткені оның жаңғағы 65 процентке дейін май береді. Жаңғақ тайгада нанның, еттің, жұмыртқаның орнынын ауыстырады. Жаңғақтан сібірліктер жоғары сапалы май және кілегей алған. Сібір қарағайының жаңғағы - ормандағы жан- жануарлардың тіршілік арқауы. Жаңғақ піскен кезде бұл жерге орман тышқандары, барша тышқан, самырсын торғайлары жиналып таласа- тармаса қысқы азықтарын жинайды. Самырсын көне заманнан сақталып қалған реликт өсімдіктердің қатарына жатады. Тайганың бұл бағалы ағашы көп жасайтын өсімдіктердің қатарына жатады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен алтын тамыр кездеседі.Жалпы Марқакөл қорығы мен оны мекендеген жануарлар әлемі ерекше қорғауға алынған. Қорықта теңіз деңгейімен салыстырғанда 1400-1500 метр биіктікте бес биіктік белдеуі бар. Таулы тайга белдеуі, тау шалғыны белдеуі, таулы тундра белдеуі және Нивальдық (қарлы) белдеу (2800-3000 метр биіктікте).Қорықтың өсімдік жамылғысынан орманда, негізінен, Сібір балқарағайы, шырша, қайың, көктерек өседі.Қорықта жануарлар дүниесі мен өсімдіктер түрін сақтау үшін ғылыми жұмыстар жүргізіледі.Қазіргі Марқакөл қорығының табиғат байлығын, оның таңғажайып сұлу көрінісін қазақтың көрінекті жазушысы Ж.Аймауытов Ақбілек атты романында ерекше атап көрсеткен.Марқакөл көлінің суы таза және жұмсақ, ал негізгі байлығы лосось отбасылының балығы - ускуч. Бұл балық тек бұл көлде ғана мекен етеді.Әдемі таулы аймақтар қалың шыршалармен әдеміленген. Субалтайлық жайықтар түрлі шөптер мен емдік шөптерге (алтын және марал тамыры, бадан және т.б.). Урунхайка ауылында ағаштан жасалған кесінделер бар, туристер үшін олар экзотикалық көрініс береді. Ауыл тұрғындары ежелден тұрып келе жатқан адамдардан құралған. Кейбір жанұялар эсиониялық оралмандар болып табылады. Туристер қонақүйлермен қатар киіз үйлерге де жайғаса алады. Марқакөл таулы көлі - Шығыс Қазақстан және Алтайдың ең әдемі көлдерінің бірі.Көл маңайындағы жерлер де көл тәрізді өте әдемі. Маркакөл қорығының мақтанышы тек көл ғана емес, тұнық тап-таза өзендер мен жарқыраған бұлақтар, қалың ормандар болып табылады. Бұл өңірдің өсімдік және жануарлар әлеміне өте бай және әралуан. Марқакөл - Алтайдың ең үкен көлдерінің бірі болып табылады, оның ұзындығы - 38 шақырым, ені - 19 шақырым. Көлдің алаңы 455 шаршы шақырым. Көл Күршім және Азуат тауларының ортасында, тауаралық шұңқырда орналасқан. 70 өзен шамалы өзенге құяды, тек Қалжыр өзені өз бастауын алады. Марқакөл көлі көл деңгейінен 1447 метр жоғары орналасқан.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі №512 қаулысымен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары бекітілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 24 сәуір, Астана, Үкімет Үйі .Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі №512 қаулысымен бекітілген.Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі - қорық) аумағында арнайы бөлінген жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі - қорық) аумағында арнайы бөлінген учаскелерде оның күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.
3. Қорықта әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қорық әкімшілігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Марқакөл көлінің арнайы бөлінген учаскелерінде ұйымдастырады.
4. Арнайы бөлінген учаскелерде әуесқойлық (спорттық) балық аулау 1 мамырдан бастап 1 шілдені қоса алғанда, бағалы балық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Экотуризмды дамыту жолдары
Табиғат қорғауға арналған резерваттар
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Биоалуантүрліліктің маңыздылығы биологиялық әртүрлілікті сақтау қажеттілігі
Табиғаттың өзгеруіне болжам жасаудың маңызы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар
Пәндер