Дәстүрлі емес діни ағымдар



1 Дәстүрлі емес діни ағымдар
2 Түрлі діни ағымдардың жетегінде кету
Соңғы кездері бұрын – соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Бақытты өмір қандай болатыны жөнінде түрлі – түсті етіп безендірілген кітаптарды тарататын адамдар пайда болды.
Тіпті тыңдауға уақытың жоқтығын айтсаң да артыннан қалмай діни брошюраларды ұсынып, өмір туралы өз қағидаларын судырата жөнеледі. Жат ағымдардың құрығына жастар жағы жылдам түсіп жатыр. Олар жастар санасын тек қана уландырып қана қоймай, сонымен бірге өз қатарларына адамдар жинауда, өздеріне пайда әкелетін істермен де айналасуда жастарды пайдаланады.
Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты - халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады. Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі.Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады.
Мәселен, ерік-жігері төмен жандар сыртқы күштердің әсерімен болған өзгерістерге бейімделгіш келеді. Дәстүрлі емес діни ұйымындағыларды салқын санамен ойлау, ой қорыту қабілеті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз. Осы орайда, бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады.
Мұндай жағдайда, жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ықтимал. Себебі ол өзін шексіз күшті сезінеді. Тағы бір айта кетерлігі, бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді. Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес діни ұйым көсемдері үшін аса қиын шаруа емес.
Себебі жүйкесі, ойлау қабілеті зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтықты айыра алмайтындықтан, көсемдерінің айтқанына тез бой алдырады. Әрине, белгілі бір тұлғалардың айдап салуымен ашуызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу, оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті.
Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Олар дәстүрден тыс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дәстүрлі емес діни ағымдар
Соңғы кездері бұрын - соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Бақытты өмір қандай болатыны жөнінде түрлі - түсті етіп безендірілген кітаптарды тарататын адамдар пайда болды.
Тіпті тыңдауға уақытың жоқтығын айтсаң да артыннан қалмай діни брошюраларды ұсынып, өмір туралы өз қағидаларын судырата жөнеледі. Жат ағымдардың құрығына жастар жағы жылдам түсіп жатыр. Олар жастар санасын тек қана уландырып қана қоймай, сонымен бірге өз қатарларына адамдар жинауда, өздеріне пайда әкелетін істермен де айналасуда жастарды пайдаланады.
Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты - халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады. Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі.Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады.
Мәселен, ерік-жігері төмен жандар сыртқы күштердің әсерімен болған өзгерістерге бейімделгіш келеді. Дәстүрлі емес діни ұйымындағыларды салқын санамен ойлау, ой қорыту қабілеті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз. Осы орайда, бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады.
Мұндай жағдайда, жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ықтимал. Себебі ол өзін шексіз күшті сезінеді. Тағы бір айта кетерлігі, бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді. Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес діни ұйым көсемдері үшін аса қиын шаруа емес.
Себебі жүйкесі, ойлау қабілеті зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтықты айыра алмайтындықтан, көсемдерінің айтқанына тез бой алдырады. Әрине, белгілі бір тұлғалардың айдап салуымен ашуызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу, оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті.
Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Олар дәстүрден тыс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі.
Алайда, олар өздерін адамның рухани қажеттіліктерін өтейтін, өмірдің мәнін ұғынуға көмектесетін, рухтың мәңгілік екендігін түсіндіретін, пендеге тән қайғы-қасіреттерден құтқарып, өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін адам ретінде көрсетуді шебер меңгеріп алған. Олар діни сауаты жетіле қоймаған, өмірлік бағыт-бағдары жаңа қалыптасып келе жатқан жастарды алдау-арбау арқылы өз қатарларына тартады.
Дәстүрден тыс діни ағымдар кез келген коммерциялық дәстүрден тысқары діни культтер, құбылыс пен процестер сияқты қазіргі социумның іргелі мәселелерінің индикаторлары болып табылады.
Адам осындай жағдайда бұрын-соңды тәжірибесінде кездеспеген мәселемен бетпе-бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құралдарынан да бейхабар болады. Аталған мәселеге қарсы тиімді күресудің саналы түрде жасалған мәдени тетіктері де қалыптаспаған.
Түрлі діни ағымдардың жетегінде кету арқылы отбасын ойрандатып, қоғамды шулатып, тыңшылық, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне орасан зиян тигізуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір тәсілі түрлі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру.
Бүгінде әлемдегі дінаралық кикілжіңдер мен қақ - ты - ғыстарға куә болудамыз. Әрине, 16 миллион халқы бар Қазақстанға 40 түрлі конфессия (дін) өте көп. Мысалы, соңғы уақыттарда кейбір отбасыларда әкесі бір дінді, баласы бір дінді, анасы бір дінді ұстанатын халге келдік. Қазақ отбасыларында кикілжің туа - тын болса, әркім өз жақтастарын мәселеге ара - лас - тырып, арты бітпес жанжалға ұласып кетуі мүмкін.
Осы жағдай уақыт өте келе дінаралық қақтығыс тудыруы мүмкүн. Дін атын жамылған ұйымдар қоғамды діннен, руханияттан алшақтату арқылы қоғамды дінге қарсы қояды. Жалған діндер дәл осылай еркінсіп білгендерін жасай берер болса, болашақта қоғамды діннен, руханияттан азарда-безер ететін халге жеткізеді. Діни ағымдардың әрекетіне күйінген халық дінге деген көзқарасы өзгеріп, дінсіздікке ұшырауы мүмкін.
Ақиқатында, діни бірлестіктердің басым көпшілігі кейбір аңғал жандар ойлағандай биік мақсат-мүдделерді көздемейді. Дәстүрден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрден тыс діни ағымдар
Дәстүрлі діннің белгілері
Христиан діні әлемдік дін
Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
Еліміздегі дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуы
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар (діни секталар)
Қазіргі таңдағы діни ағымдар
Тәуелсіздіктен бұрынғы ислам дінінің ахуалы
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
Пәндер