Кіші мектеп жасындағы оқушыларға математикалық білім беруде оқытудың жаңа технологиясын пайдаланудың педагогикалық - психологиялық негіздері


Мазмұны

Кіріспе

І. Бастауыш сыныптарда білім берудің педагогикалық.психологиялық негіздері
І.1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың математикалық дамуындағы түсінігі, тарихы, проблемалары
І.2. Кіші мектеп жасындағы математиканы дамытудағы қазіргі заман талаптары

ІІ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда жаңа технологияны қолдану жолдары
ІІ.1. Зерттеудің әдістері мен ұйымдастырылуы
ІІ.2. Жеке іс.тәжірибемнен сабақ үлгілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі
Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылықтың санасына сіңген және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатыр. Барлық істерімізді Л.С. Выготский, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин ойларына негіздеу осы ғалымдардан сілтемелер жасау тиімді. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мемемелерінде оқыту процессі технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасты. Бұл процесс білім прагдимасының өзгелермен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде Я.А.Коменскийдің, И.Герберттің дәстүрлі объект-субъектілі педагогиканың орнына басқасы басты, ол балаға оқу қызығушылығының субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде, бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процесстің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім прагдимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ғылымға мықтап енген “Педагогикалық технология” ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. (В.П Беспалько, В.М Шепель, И.П Волков, М.Чошанов, М.В Кларин т.б). Дегенмен, барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар.
Бүгінгі таңда П.М Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б Эьконин мен В.В Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы. Ш.В.Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемаларының модульді технологиясы, В.М. Монаховтың, В.П. Беспальконың және басқада көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал болған .
Қазақстанда Ж.А . Қараевтың , М. Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрліәдіс – тәсілдері яғни жаңашыл сабақ.
Жаңа дәуірдің жан – жақты жамыған адамын тәрбиелеу оңай емес, ол үшін мұғалімге үлкен ізденудің, оқытуды ізгілендіру аспектілерін пайдаланып жүзеге асырудың мәні зор.
Осыған орай жаңашыл идеялар көптеп шыға бастады. Сол жаңашыл педагогтардың идеясымен жұмыс істей білу – әр педагогқа қойылатын талаптардың бірі.
Егеменді еліміздің болашағы - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Оларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, өз бетімен ойлап білуге талпынатын, өзінің ой тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін сабақ түрлері құрлысын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалану бүгінгі күннің талабына айналып отыр.
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтікпарызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық, адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дығдысын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болу керек.
Оқушылардың дүниетанымдық қасиеті, ізденгіштікпен мәселелерді шеше білуі үшін, ойлау қабілетін активтендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана білудің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты
Бастауыш сыныптарда білім беруді жетілдіруде жаңа технологияны және жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдану әдістері мен тәсілдері.

Зерттеудің міндеттері
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологиялық әдістемелерді, жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдануға байланысты теориялық және әдістемелік әдебиетерді қолдану.
2. Төмегі сыныптарда білім берудің педагогикалық, психологиялық негіздері мен оқу жұмысында жаңа технологиялық әдістемелерді ұйымдастыру .
3. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда жаңа технологияны және жаңашыл педагогтардың идеяларын іс-жүзінде қолдану.

Зерттеудің нысанасы
Áастауыш сыныптарда білім беру барысында инновациялық әдістемелерді қолдану.
Зерттеу әдісі.
1. Әдістерге талдау жасау және оларды бастауыш мектеп тәжірибесінде қолдану.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Педагогика». Қоянбаев Ж, Қоянбаев Р Алматы 2000ж*
2. «Дамыта оқыту технологиялары». Тұрғанбаева Б. А. Алматы 2000ж*
3. «Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Жанпейсова М. М. Алматы, 2002ж*
4. «Бастауыш мектеп» журналы 2001, 2002 ,2003, 2004, 2005жж
5. «Білім берудегі менеджмент». «Қазбаспасөз» 2004ж №1*
6. «Ұлт тағылымы». Ғылыми педагогикалық басылым. Алматы 2004ж №1*
7. «Білім». Ғылыми педагогикалық журнал. Алматы 2002ж №2
8. Ә. Бидосов. «Математиканы оқыту методикасы». Алматы «МЕКТЕП» 1989ж*
9. М. Жұмабаев. «Педагогика» Алматы. «МЕКТЕП» 1989ж*
10. М. И. Мұханов. «Жас және педагогикалық психология» Алматы. 1982ж*
11. Т. М. Баймолдаев, Қ. Ахметұлы. «Жаңа буын оқулықтары арқылы жас ұрпаққа білім беру мен тәрбие беру жолдары» Алматы. 2003ж*
12. Т. М. Баймолдаев, Т. М. Мәжікеев. «Білім стандарты» Алматы. 1999ж*
13. Ж. Р. Шорманов. «Жаңа технология - заман талабы». Алматы «Білім» 2004ж*
14. Баймұханов Б. Б. «Математика есептерін шағаруға үйрету» Алматы «МЕКТЕП» 1983ж*
15. Шәкілікова С. Е. «Негізгі мектептегі математикакурсының мазмұнын жаңарту» Алматы. «Дәуір» 1997ж №1*
16. Сарбасова Қ. А. «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға даярлығын қалыптастыру» Алматы. 2000ж*
17. Қожабаев К. Ғ. «Математиканы оқытуда оқушыларға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру» Алматы. 1992ж *
18. Әлдібаева Т. Ә. «Математика курсын оқытуды ізгілендірудегі мазмұнды есептердің мүмкіндіктері» Алматы. 1999ж*
19. Оспанов Т. Қ. Т.б. «Математика». Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныбына арналған оқулық - Алматы . Атамұра баспа корпорациясы. 1997ж
20. Лысенкова С. Н. «Оқуға жеңіл болғанда». «Педагогикалық ізденіс». Алматы «Рауан» 1990 ж
21. Қожаева С. К. «Оқу-тәрбие процесіндегі ізгілік қасиеттерінің жүйелік негіздері және оларды қалыптастыру жолдары». Тараз 2000ж*
22. Ералиева М. «Оқыту технологиясын ізгілендіру арқылы оқытудың тиімділігін арттыру». Алматы 2000ж*
23. Ералиева М. «Математиканы оқытуды ізгілендіру» Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы 2003ж*
24. Жазықбаева Ұ. П, Тажиева Ж. А. «Жаңа адамды жаңашыл ұстаз тәрбиелейді» Шымкент 2001ж*
25. «Математика» оқулығы Алматы. Атамұра 1-2-3-4 сыныптар 2002ж*
26. Ахметов С. «Бастауыш сыныптарды білім берудің тиімділігін артыру жолдары» Алматы. «Рауан» 1994ж *
27. Құрманалина Ш. Х, Сәрсенбаева С. Ш, Өміртаева Р. Қ. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар» Алматы. «Атамұра» 1997ж*
28. Оспанов Т.Қ, Өтеева Қ.Ә, Қайыңбаев Ж.Т, Ерешова Қ.Ә. «Математьиканы оқыту әдістемесі» 1-сынып Алматы «Атамұра» 1997ж*
29. Айнабеков Т. «Мамандыққа кіріспе» Алматы «Ана тілі» 1990ж*
30. Ыбыраиымжанов Қ, Жолсейітова М. «Педагогикалық практика-болашақ мұғалім даярлаудың өзегі», «Хабаршы» журналы 2002ж*
31. Сабыров Т.С. «Оқушылардың оқу белсенділігін артыру жолдары» Алматы. «МЕКТЕП». 1978ж*
32. Харламов. «Педагогика» Москва. «Высшая школа» 1990ж*
33. Беспалько В. П. «Слагаемые педагогической технологии» Москва. 1989ж*
34. Выготский Л. Б. и др. «Умственные спосовности как компонент интелектуальной активности» Москва. 1979ж*
35. Давыдов В. В. «Проблемы развивающего обучения» Москва. Просвещение 1986ж*
36. Занков Л. В. «Содружество Ученого и учителя» Москва. Просвещение 1991ж*
37. Селевко Т. К. «Современные образовательные технологии» Москва. 1998ж*
38. Эльконин Д. Б. «Избарнные психологические труды» Москва. Педагогика 1989ж*
39. Эрдниев П. М. «Укрепление дидактических единиц» Начальная школа. 1987ж*

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 60 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге




Мазмұны

Кіріспе 3-5 бет

І. Бастауыш сыныптарда білім берудің педагогикалық-психологиялық6-9-бет
негіздері
І.1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың математикалық дамуындағы
түсінігі, тарихы, проблемалары 10-12бет
І.2. Кіші мектеп жасындағы математиканы дамытудағы қазіргі заман
талаптары 13-21бет

ІІ. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда жаңа технологияны
қолдану жолдары 22-35бет
ІІ.1. Зерттеудің әдістері мен ұйымдастырылуы 36-45бет
ІІ.2. Жеке іс-тәжірибемнен сабақ үлгілері 46-59бет

Қорытынды 60-62бет

Пайдаланылған әдебиеттер 63-64бет

Қосымшалар

: Кіші мектеп жасындағы оқушыларға математикалық білім беруде оқытудың жаңа
технологиясын пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері.

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі
Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылықтың санасына сіңген және бүкіл
білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатыр. Барлық істерімізді Л.С.
Выготский, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин ойларына негіздеу осы
ғалымдардан сілтемелер жасау тиімді. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі
қажет. Бүгінгі күні білім беру мемемелерінде оқыту процессі
технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасты. Бұл процесс білім прагдимасының өзгелермен қатар жүреді. Білім
берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде Я.А.Коменскийдің, И.Герберттің
дәстүрлі объект-субъектілі педагогиканың орнына басқасы басты, ол балаға
оқу қызығушылығының субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектендіруге, өзін тануға
және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде, бағытталған.
Мұндай жағдайда педагогикалық процесстің маңызды құрамы оқу ісіндегі
субъектілер оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып
табылады.
Жаңа білім прагдимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен
дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ғылымға
мықтап енген “Педагогикалық технология” ұғымына әр түрлі түсініктемелер
берілген. (В.П Беспалько, В.М Шепель, И.П Волков, М.Чошанов, М.В Кларин
т.б). Дегенмен, барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар.
Бүгінгі таңда П.М Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру
технологиясы, Д.Б Эьконин мен В.В Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
Ш.В.Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу
материалының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту
технологиясы, М. Чошановтың проблемаларының модульді технологиясы, В.М.
Монаховтың, В.П. Беспальконың және басқада көптеген ғалымдардың
технологиялары кеңінен танымал болған .
Қазақстанда Ж.А . Қараевтың , М. Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың
оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса,
сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің
әртүрліәдіс – тәсілдері яғни жаңашыл сабақ.
Жаңа дәуірдің жан – жақты жамыған адамын тәрбиелеу оңай емес, ол үшін
мұғалімге үлкен ізденудің, оқытуды ізгілендіру аспектілерін пайдаланып
жүзеге асырудың мәні зор.
Осыған орай жаңашыл идеялар көптеп шыға бастады. Сол жаңашыл
педагогтардың идеясымен жұмыс істей білу – әр педагогқа қойылатын
талаптардың бірі.
Егеменді еліміздің болашағы - бүгінгі мектеп партасында отырған
оқушылар. Оларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, өз бетімен
ойлап білуге талпынатын, өзінің ой тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін сабақ
түрлері құрлысын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалану
бүгінгі күннің талабына айналып отыр.
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның
әлеуметтікпарызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне
гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық,
адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дығдысын меңгерген,
шығармашылықпен еңбек ететін маман болу керек.
Оқушылардың дүниетанымдық қасиеті, ізденгіштікпен мәселелерді шеше
білуі үшін, ойлау қабілетін активтендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді
қолдана білудің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты
Бастауыш сыныптарда білім беруді жетілдіруде жаңа технологияны және
жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдану әдістері мен тәсілдері.

Зерттеудің міндеттері
1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда жаңа
технологиялық әдістемелерді, жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдануға
байланысты теориялық және әдістемелік әдебиетерді қолдану.
2. Төмегі сыныптарда білім берудің педагогикалық, психологиялық негіздері
мен оқу жұмысында жаңа технологиялық әдістемелерді ұйымдастыру .
3. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда жаңа технологияны және жаңашыл
педагогтардың идеяларын іс-жүзінде қолдану.

Зерттеудің нысанасы
Áастауыш сыныптарда білім беру барысында инновациялық әдістемелерді
қолдану.
Зерттеу әдісі.
1. Әдістерге талдау жасау және оларды бастауыш мектеп тәжірибесінде
қолдану.
І. Бастауыш сыныптарда білім берудің
педагогикалық-психологиялық негіздері
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлау мен практикалық әрекетері
арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп
білеміз. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге
жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал,
мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда
дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-
әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана
баланың интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту идеасының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ,
Ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара-қатнасын,олардың бала дамуына
әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан
мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық
ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз
етуді қойған.
XVII-ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі
қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың
білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
И.Т.Песталоции баланың ақыл-ойын, барлық қаблет-қасиеттерін дамыту
идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі “Неміс
мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық” атты еңбегінің де негізі болып
табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға іс-әрекет етуін
ұйымдастыратын оқытуды атаған. Дамыта оқытудың идеясын алғашқылардың бірі
болып 1959-60 жылдары қолға алған акдемик Л.В Занковтың басшылығмен жасаған
бастауышты оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен
қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990
жылдары ғана Ресей мектептерінде ғана қайтадан қолданыла бастады. Қазір бұл
жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Л.С.Выготскийдің
теориясы Д.Б Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай
жалғастырылады. Баланың өзін-өзі өзгертуші субьект ретінде дамуна арналған
тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі автордың тобы да өз
жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар
дайындап шығарды. Осылайша дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-
тәжірибеге батыл ене бастады. Дамыта оқытудың Д.Б Эльконин – В.В Давыдов
жасаған жүйесін көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің
белсенділігіне баланысты. Осыған орай бұл жүйенің әдіс тәсілдері де
оқушының оқу белсенділгін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұтсалады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін
сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға деген ынта-
ықласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Сонымен мен дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліктері мен
өзгешеліктеріне тоқталып кеттім. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту
әдістемесі негізінде метафизикалық әдіснама, ал дамыта оқыту
технологиясының негізінде диалектикалық әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бардеп
ессептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта
оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат
тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту, есте сақтауға, ал дамыта
оқыту дербес жұмыс істеуге, арналған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дәстүрлі әдісте мұғалім субъектте, ал оқушы объект болады. Дәстүрлі
әдісті зерттегендер Я. А. Коменский, И. Т. Пестолоции.
Жаңа технологияда мұғалімде оқушыда субъект болады. Жаңа технологияны
зертегендер Л.В Занков, Д.Б Эльконин, В.В Давыдов.(1980ж)
Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол
технологияларда баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу
мүкіндігі беріледі. Айтылғандарды кесте түрінде төмендегідей бейнелеуге
болады.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерін салыстырмалы
сипаттамсы
Педагогикалық Мазмұнындағы басымдылық
процессінің
компоненттері
Дәстүрлі иллюстрияциялық Дамыта оқыту
түсіндірме әдісі
Мақсат Оқушыларда білім,білік, Байқампаздығын, ойлауын,
дағды қалытастыру практикалық әркетін дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, Заңдылықтарды, теорияларды,
тақырыптар, дәлелдер ұғымдарды, ережелерді
қорыту
Оқытудың формалары Жеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
Оқыту әдістер Ауызша түсіндіру, Проблемалық баяндау,
көрнекілік, практикалық ізденушілік, зерттеушілік
Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
мұғалімнің бақылауы, бағалау, рефлексия
бағалауы

Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның
практиалық бағытылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды
“инновациялық процесс”, немесе педагогиклық жаңалықтарды енгізу дейміз.
“Педагогикалық технологияға – В.Л.Беспалько - практикада іске асатын нақты
педагогикалық жүйе, жоба”,-деген анықтама береді. Ал педагогикалық жүйені
тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-
бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.
- Оқыту технологиялары – дидактикалық жүйенің құрамдас, проссеуалдық
бөлігі.(М.Чошанов)
- Педагогикалық технологиялар -оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және
өткізудің ойластырылған моделі (В.М.Монахов) -деген анықтамалар бар.
Ал Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер,
амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық- педагогикалық қондырғы
деп түсіндіреді.
Технологиялық процесс – технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі,
олар педагогикалық нәтижеге бағыталған.
Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке бастың даму
теориясына негізделген.
П. К. Селевко педагогикалық технологиялардың мәнділігіне,
қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:
1) Қолдану деңгейіне қарай (жалпы педагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік,
модульдік)
2) Философиялық негізіне қарай (материалистік, идеалистік, диалектикалық,
метафизикалық, ізгілікті, ғылыми, прагматикалық т.б.)
3) Психикалық дамудың жетекші факторына қарай (биогендік, социогендік,
психогендік)
4) Ғылыми тұжырымдамасына қарай (ассоциативі-рефлекторлық, биховиристік,
гештальтехнология, дамытушылық)
5) Тұлғалық құрылымдарға бағыттылығына қарай (ақпараттық, әрекеттік,
сезімдік, эвристикалық, қолданбалы, өзін-өзі дамытушы)
6) Құрылымдық және мазмұндық сипатына қарай (білімдік және тәрбиелік, жалпы
және кәсіби бағытты, технократтық және гумандық)
Бастауыш мектепте қолданылып жүрген технологияларды білімдік өрістеріне
қарай төмендегіше талдауға болады.
1. Тілдік өріс.
Бұл топ өте жас кезден бастап кубиктер арқылы жылдам оқуға үйретуге
арналған Н. А. Зайцевтің: калиграфияны дұрыс қалыптастыру, сауатты жазуға
үйретуге арналған Е. Н. Потапова және басқа да технологиялармен
сипатталады.
2. Математикалық өріс.
Бұл топқа П. М. Эрдниев жасаған технологияларды жатқызамыз.

І.1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың математикалық дамуындағы тарихы,
түсінігі, проблемалары.
Қоғамның даму тарихы мен білімнің даму тарихы бір-бірімен бөлінбес
жолдар болып саналады. Қазіргі Еуропа осы уақытқа дейін күн шығыс елі
Жапонияның Жапон ғажайыбы феноменін әліде сөз қылып келуде. Әсіресе осы
ғажайыптың қажеттілігі соншалық оған деген де арманда оянады. Жапон
ғажайбынң негізгі жолдарының бірі соғыс жылдарынан кейінгі білім
жүйесіндегі өзгерістерден болған. Бұл ғажайыптың мәнін түсіну үшін бізге
жақын көрші еліміз Ресей мемлекетінің білім тарихына соның ішінде
математикаға үңілейік. Кіші мектеп жасындағы білім жүйесінің негізін
қалаушылар, Я. А. Каменский және И. Г. Песталоции болып саналады. Яғни үшке
дейінгі арифметикалық санау, бестен онға дейінгі санау мүмкіншіліктері.
Егер 4,5, 6 жастарында 20 дейін санай алатын болса, онда 5,7,15 кем дегенде
30 дейінгі сандарды ажырата алады.
И. Г. Песталоции - өзінің Гертруда өзінің балаларын қалай үйретті
деген кітабында арифметика бұл өнер яғни бірнеше бірліктердің қосылуы мен
бөлінуінен пайда болатын өнер деп айтып кеткен. Оның алғашқы формасы
ретінде келесідей: бірге-бір екі болады, екіден бірді алсақ бір болады.
Осыған сәйкес алғашқы форма балаларды ойында негізделіп сандарды
есептеу мүмкіншілігі есінде қалады. Егерде бала оны көзіне елестетпей,
көрмей жетістіктерге жететін болса, онда ол дұрыс болмас еді, - дейді
Песталоции.
Мұғалімдер математикадан сабақ бергенде П. М. Эрдниевтің
әдістемелік құрылымының негізгі элементі ретінде оқушы мен мұғалім қызметін
жалғастыратын оқушы - оқытуүрдісінің қарапайым тұтастығын білдіретін
математикалық жаттығу ұғымын пайдаланады. Олар дидактикалық бірлікті
ірілендіру технологиясының кілті – бір сабақта қаралатын үш жаттығу:
есептің бастапқы жайы; оныңтүрленуі; қорытындылауды сабақьа қолданады. Одан
әрі математикалық жаттығулармен жұмыс өзара байланысты мынадай төрт
кезеңмен жүзеге асырылады: математикалық жаттығуларды түзу; жаттығуларды
орындау; жаубын тексеру; осыған ұқсас, бірақ күрделірек жаттығуға көшу.
Бұрын қолданып жүрген дәстүрлі оқыту көбіне екінші кезеңмен шектелетін еді.
Зертеу барысында бірліктерді ірілендіру негізінде білімді меңгеруге үйрету
тәжірибесі жаттығудың негігі түрі логикалық жағынан әр түрлі, психологиялық
жағынан бір тұтас бірнеше көп құрамды тапсырма болу керектігін көрсетеді.
Мысалы: а) кәдімгі дайын есепті шығару; б) кері есеп құрастыру және оны
шешу; в) берілген есеппен кейбір элементері ортақ болатын есеп құрастыру;
г) берілген есеппен кейбір параметрлері бойынша үйлесетін, материалды
қорытындылауға арналған есптерді шығару немесе құрастыру. Сонымен бірге
ірілендірілген жаттығулар алғашында жоғарыда көрсетілгеннұсқаулардың тек
кейбіреулеріне ғана енуі мүмкін. Дидактикалық бірлікті ірілендіру жүйесі
бойынша құрылған сабақтың ой-өзегі мына ережеге бағытталады: келесі сабақта
ығыстырылған материал қайталау емес, орындалған тапсырманы қайта құру,
өзгерту болып табылады (білімнің бастапқы формасының түрін өзгерту). Оқыту
әдістері жаттығуларды орындау арқылы жүзеге асырылып, алған білімнің
нақтылығына көңіл бөлінді. Әдістің санының көптігі емес, жаттығудың білім
берудегі маңыздылығы ескрілді. Ірілендіру қағидасына сүйеніпқұрастырылған
жаттығулар жинағы білімді саналы да берік меңгеруді қамтамасыз етеді. Л. В.
Занковтың жасаған дамыта оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, жан-
жақты дамыту деп қарауға болатынын байқадық. Сонымен бірге, В. М.
Монаховтың әдістемелік технологиясы – оқу үрдісінің әдістемелік үрдісін
басқаруға, оқу үрдісін неғұрлым мақсатты жобалауға ізгілікті мүмкіндіктері
барын аңғардық. Соңғы кезде пайдаланып жүрген ақпараттық технологияны
пайдалану арқылы мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістерімен ұйымдастыру
түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың пән аралық байланысты көшейтуге
оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік алды. Жаңа
ақпараттық технологияның ерекшелігі – мұғалімдермен оқушыларға өз бетімен
және бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік береді.
Ізгілендіру – әлемдік білім жүйесін дамытудағы жалпы негізгі бағат. Білім
жүйесін ізгілендіру-жалпы қоғамдық процесті ізгілендірудің құрамды бөлігі.
М. М. Постниковтың ойы бойынша математика қоршаған орта
жөніндегі схемалардың, модульдердің жиынтығы туралы түсінік. Б. М. Бим-Бад
және А. В. Петоровский математиканың болмысын түсіндіре келіп, ол деген
жеке тұлғаның қажетсы-іну аймағының кеңдігі, өзінің еңбегін дұрыс толық
жүзеге асыру, сезіну, қарым-қатнас, түсініктің айқындығы және нақты ойлау
шешілмеген мәселелерді көре білу, ойлаудың ауқымының кеңдігі және
икемділігі қалыптасқан дағдыдан шыға білу, әр түрлі ағымдағы нақтылы
сараптама жасау негізде оқиғаның алдын алуы, жұмысқа өте жоғары
қабілеттілік деген пікір айтқан. Мектепте математикалық білім беру,
математика курсының мазмұнын анықтау, математикалық білім стандартын жасау,
математиаклық білімнің сабақтастығы мен болашағы мәселелері Қазақстандық
ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Б.Баймұханов Қазақстан мектептеріндегі
математикалық жалпы дайындықтың базалық деңгейін қамтамасыз етудің
әдістемесін ұсынды. Математиканы оқып үйренетін әрбір оқушы ғалымның дайын
қағидаларымен танысып қоймай, сол қағидалардың пайда болуындағы адамзат
тәжірибесінің салып кеткен жолдарымен жүруі тиіс. Математика тарихын
мектепке енгізу- математикалық білімді ізгілендірудің бір жолы – деді.
Қазір республика оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп
нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша
қызмет етуіне мүмкіндік алды. Жеке тұлғаның өзінің ойлана білуіне
бағытталған оқу математикалық саладағы пәндерді меңгеруіне кедергі
болмайды, қайта оқушыларды оқу барысында белсенді араласып, математиканы
терең меңгерулеріне көмектеседі.
І.2. Кіші мектеп жасындағы математиканы дамытудағы
қазіргі заман талаптары
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа
жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас пеедагогикалық үрдістегі
өзгертулермен тығыз байланысты. Білім берусаласының барлық жағына жаңаша
көзқарас, жаңаша қарым-қатнас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу
жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу,
т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім
беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі
мәселе болса, бастауыш мектеп – мұның түп қазығы, бастауыш білімнің
мемелекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды
мұғалім қызметі алатыны анық.
Бүгінгі студент- ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-
психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы
қарым-қатнастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет
етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде
жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудуң түрлі жолдары
іздестірілуде.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мұғалімнің инновациялық іс-
әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік
тудырып отыр. Жүйелі бағыттылық зерттеулерде иннновациялық іс-әреект
кретивті парадигманың жеке бас, регулятивтік-комммуникативтік және
қорытынды жүйе бөлшегін талдауда анық айқын қарастырылады.
В.А.Сластенин мен Л.С.Подымова инновациялық іс-әрекетті шығармашылық
пен кәсіпшілікті сәйкестілік тұрғысынан қарастырады. Авторлардың айтуы
бойынша, инновациялық іс-әрекет мәнін акмеологиялық тұрғыдан талдау
мұғалімнің жеке бас дамуының заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік туғызады.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын
қарастырған кезде, “инновация” және “педагогикалық іс-әрекет” деген негізгі
түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды қолдану керек деген ғалымдардың
(В.А.Сластенин, Л.С.Подымова) ой пікіріне қосыламыз. Белгілі
зерттеушілердің (А.А.Бодалев, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Кан-Калик,
С.В.Кондратьева, Н.В.Кузин және т.б.) еңбектерінде педаг.огикалық
ісәрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай
қасиеттерге жатқызатындары: жалпыжәне кәсіби мәдениет, педагогикалық
бағдарлылық, моральдық қасиеттер, дидактикалық қасиеттер, ерік қасиеттері.
Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушылық, комуникативтік, педагогикалық
елестету.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктеліп
көрсетілген: Операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне
жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі
қарым-қатнас құруға қажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады.
И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.мищенконың зертеулерінде инновациялық іс-
әрекетің құрылымында іс-әрекеттіңжеке бас және олперациялық аспектілердің
өзара байланысы қарастырылады.
Инновациялық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешуге дайын
болу қасиетімен де тығыз байланысты.
Ал іс-әрекеттің “негізгі құрастырушысы” ретінде Б.Ф.Ломов мыналарды
бөліп көрсетеді: мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматты,
өңдеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс-әрекеттерді,
Қорытындыны тексеру және әрекеттерді түзету.
Біздің ойымызша, жалпы іс-әрекеттің осы құралы бастауыш сынып
мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетіне тән. Автордың айтуы бойынша,
мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің диагностикасында ескерілетін бірнеше
ережелер қатары бар:
1. Өз қызметін және әріптестерінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай
тиімділігін бірізді тлаптар бойынша жан-жақты бағалауға үйрету.
2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына
үйрету маңызды.
3. өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне
және басқаға талап қоя білуді үйрету.
4. Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп,
педагогикалық қызметті сараптау бағалауға тарту.
Осы жұмыстардың барлығында диагностика өзіндік мақсат еғмес,
педагогикалық қалыптасудың алғы шарттары мен шығармашылық пен еңбек ететін
мұғалімдерді тәрбиелеу тәсілдері. Инновациялық іс-әрекет- педагогикалық
еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқытумен тәрбиелеудің жаңа үлгілері
мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі
белгілермен сипатталады:
• өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық
тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
• жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып,
өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
• жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз
тәжірибеге енгізумен;
• педагогикалық инновацияның жаңа әдістғеріие,н тәсілдерін өз бетінше
жасаумен;
• педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артқа қалушылықпен белсенді
күрес жүргізумен;

Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялық іс-
әрекетінің көрсеткіштері мыналар:
• педагогикалық еңбектің тиімділігі;
• оқу - тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен
бағыттарының бірлігі;
• жеке тұлғанаң шығармашылық тұлғасының қалыптасуы;
• мұғалім беделінің өсуі;
• оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойлаға үйренуі;
• Оқу және тәрбие үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет
үлгісіндегі ашылулары;
Педагогтың инновациялық іс - әрекетін сараптау бағасы В. К. Крыллов,
М. Р. Львов, Н. В. Путилин, А. А. Талмачев және т.б. көрсеткен белгілер
негізіндежүзеге асады. Мұнда методологиялық мәдениет кіреді, оның құрамында
мыналар кездеседі, дейді зерттеушілер: қазіргі білім берудегі философиялық
білім; негізгі ұғым жайлы педагогика ғылымы мен осы түсініктердің өзара
қатнасы жайлы педагогикалық терминология; педагогикалық ақпаратты қолдану,
өңдеу,алу әдістерін меңгеру; педагогикалық құбылыстың диагностикалық тәсілі
(диалектикалық ойлау) ; педагогикалық үрдіс пен құбылыстарға, өзінің
педагогикалық тәжірибесін баяндауға жүйелі амал жасау; педагогикалық қызмет
жайлы, тұлға мен ұжым құрылымы жайлы білімі; оқу-тәрбие құбылысындағы,
үрдісіндегі факторлар мен шарттарды, қозғаушы күштерді, қарама-
қайшылықтарды табу, талдау, баяндау қабілеттілігі; педагогикалық жаңашылық
салдары: баланың жеке тұлғасын, оның өзіндік көңіл - күйін, денсаулығын,
белсенділігін дамыту, мұғаліммен ынтымақтастығын нығайтатын жаңа
педагогикалық бағыттар.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына
сәйкес “маман моделін” маман профессиограммасын жасау міндеті-жұртшылықтың
назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зертеулер жүіргізіп жүрген
ғалымдар, педагогтар, психологтар бар (Н.В.Кузмина, Ф.Н.Гоноболин,
В.А.сластенин, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин). В.А.Сластениннің пікірі бойынша,
мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:
1) қоғамның саяси сапалары;
2) әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұзтаздың жеке
басының сапалары;
3) психологиялық және педагогикалык даярлық;
4) мамандық бойынша даярлық;
5) пән бойынша даярлық;
Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады.
Инновациялық іс-әрекет моделін қалыптастыруда Л.Н.подымова өзінің
ғылыми-зерттеу жұмысында отандық және шетел педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік негіздерін оқып үйренудегі мынадай көзқарастарды ұсынады:
аксиологиялық, рефлексті-қызметтік, жүйелі қызметтік, әлеуметтік-
психологиялық, жеке-шығармашылық. Автор мұғалім моделін жасауда жалпы
инноватика жайлы (Б.Мор, Э.Роджерс, И.Шумпетер) білімге сүйену, модельдің
технологиялық блогын құрауда жаңалықтың өмір сүру циклін, оның сатыларын
(талдау, жоспарлау, даярлау, қолдану) жаңалық енгізудің пайда болуы,
меңгерілуі (дифузия мен рутинизация) сияқты құбылыстарды басшылыққа алануы
керек деп көрсетеді.
А. Николс ұсынған жаңалық енгізудің моделі инновацияның үш түрлі
кезеңін даярлық, жоспарлау, жаңалықты енгізуді қамтиды.
Инновацияның мазмұндық құрылымына кіретіндер - білім беру-тәрбиелеу
үрдісінде, оқу-тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу, зерттеу, мектептегі
оқу-тәрбие үрдісіне енгізу.
Болашақ мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшеммен
сипатталады:
• инновациялық іс-әрекеттің қажеттігін сезіну;
• оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығының
болуы;
• енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне
сенімді болу;
• белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс - әрекетті толық
өзіне қабылдап, оны енгізе білі.
Бастауыш снып мұғалімінің инновациялық іс - әркетін ғалымдар былай
сипаттады:
1. Инновациялық іс - әрекеттердің негізгі міндеттері:
- жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;
- жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде
толықтыру мақсатын көздеу;
- жаңалықтарды басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімісін таңдап алу,
мәнімен зерттелуін анықтау;
- жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
Бұл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынандай қосымша
міндеттер шешілуі қажет:
- арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдарынан,
жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен
танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;
- өз іс - әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.
1. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары: конструктивтік,
ұйымдастырушылық, қарым - қатынастық, дамытушылық, ақпараттық,
зерттеушілік.
Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс - әркетінің түрлері бөлініп
көрсетілген:
- өзінің және оқушынң іс - әрекетін жоспарлауда оны дамыту мен қалыптастыру
үрдісінде құрылымдық тұрғыда іске асыру іс-әркетінің міндеттерін шешу
үшін, мұғалім оқу тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны
менкезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;
- оқушы іс - әркетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық
жетекшілік жасау;
- негізделген инновациялық іс - әрекеттерді таңдау, анықтау;
- ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды
ұйымдастыру қажет.
Бұл құрылымдық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің
соңғы жаңалықтарын, инновациялық іс-әрекетті пайдаланып құрылған сабақтар
жүйесін жасайды. Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-
әркетін ұйымдастыруда инновациялық іс-әрекетті тиімді қолдану жоспарын
жасайды.
Ұйымдастырушылық іс - әрекет міндеттерін шешу үшін:
- оқушымен мұғалім арасындағы қарым - қатынасты ұйымдастыру;
- оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға
жағдай жасау;
- оқушыларды әртүрлі оқу - тәрбие жұмыстарына баулу;
- шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
- сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білу.
Қарым - қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:
- оқушы мен мұғалім арасындағы іскер қарым - қатынас орнықтару;
- оқу үрдісіндегі ұжымдағы оқушылар қарым - қатнасын жақсарту.
Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:
- инновациялық іс - әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына,
педагогикалық, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдану;
- оқу үрдісіне оқушының ақыл - ой еңбегін ұйымдастыру;
- оқу үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру арқылы, оқушынң өздігінен
ойлауымен оқылатын пәнмен шындық болмыс аралындағы байланысты білу;
- оқушының білімге қызығушылығын арттыру;
- алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытуышы әдіс-
тәсілдерін қолдану.
Ақпараттық функцияның іске асыру қызметі:
- оқу материадарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен
тәсілдерін қолдана білу;
- пән мазмұнына ғылыми-дидактикалық талдау енгізу;
- оқытуда жаңа технологиялар элементтері қолдану.
Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:
- проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
- педагогикалық қызмет түрлерін қайта құру мен бағалау;
- инновациялық іс - әркетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену.
Біз ғалымдардың мұғалімнің инновациялық іс - әркетін нәтижелі атқаруға
мұғалімнің жеке бас қасиеттері ерекше орын алады деген пікірлеріне
қосыламыз. Мұндай жеке бас қасиеттеріне білім, дағды мен іскерлік және
жеке бас сапалары жатқызылады. Жұмысымызда жеке бас қасиеттерінің әр
көрсеткіштері:
Білім сферасына біз идеологиялық әдістемелік, психология-педагогикалық
және ақпараттық мағлұматтар жатады.
Идеологиялық мағлұматтарға: қоғам дамуының тенденцияларын айқындау,
бастауыш білім беруді жетілдіру, философиялық, педагогикалық-психологиялық
көзқарастарының болуын жатқызамыз.
Психология-педагогикалық көрсеткішке: педагоикалық этика, инновациялық
іс - әркетті меңгеруге мұғалімнің психологиялық даярлығын, жаңалыққа
сенімінің болуы, қолданылған талпынысының болуы, педагогикадан,
психологиядан, әдістемелік пәндерден білімінң болуы, инновациялық іс-әрекет
өлшемдерін, алдыңғы озық тәжірибе туралы білімінің болуын жатқызамыз.
Ақпарттық білімге: инновациялық іс - әркет туралы ақпарат
материалдарын жинақтауды, мұғалімнің монографиялық, периодикалық,
анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жүргізе білуін жатқызамыз.
Сонымен инновациялық іс - әркетті зерттеген ғалымдардың пікірлерін бір
жүйеге келтіре отырып, біз мынандай қорытындыға келдік: инновациялық іс-
әрекет дегеніміз, мұғалімнің жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-
тәрбие үрдісінде өз кәсіби тәжірибесіне, мектеп жағдайына, балалардың білім
дәрежесіне байланысты енгізуін айтамыз.
Инновациялық іс - әрекетті жүзеге асыру әрекетінің реті – жаңа білім
беру бағдарламларына, әдіс-тәсілдерімен танысып, талдау; оларды өз
жұмысында қолдану туралы шешім қабылдау; жаңашыл әдіс тәсілдерді өз
еңбегінде қолдану мақсаттарын белгілеу; эксперименталды жұмыстың кезеңдерін
жоспарлау; болашақ қиыншылқтарды болжау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді, идеяларды
педагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс-әркеттің нәтижесін
қорытындылап, бағалау, талдау.

І І. Бастауыш сыныптарында математиканы оқытуда жаңа техногияны қолдану
жолдары

Дамыта оқыту технологиялары

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту-педагогикалық
технология
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен
жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген
Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже,
Л. С Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан
қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты,
Сорос-Қазақстан қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ
тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлау ұғымын белгілі бір идеаларды қабылдай отырып,
оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя
білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастсрмен тепе-теңдікте ұстап
зертеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі
ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тәндеп ойлау аса
дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жқмысты дұрыс ұйымдастырған
жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге
жетері сөзсіз.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,
ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту
Үрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады.
Үренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен
толықтырады, кеңейте түседі.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы
керек:
1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.
5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға
айналдырмау.
6. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті
болуын талап ету.
7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ақыл-ой Одиссеясы - технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту
Ақыл-ой Одиссеясы мектеп бағдарламасы 1978 жылы Американың Нью-
Джерси штатында басталды. Ал оның негізін қалаған Самуэль Миклис деген
американ азаматы.
Сол жылы РОУАН коледжінде Құрама штаттарының 28 мектебінен келген
команда мүшелері әртүрлі шығармашылық тапсырмалар шешуден жарысқа түседі.
Осылайша бағдарлама өмірге келеді. Содан бері мемлекеттегі барлық штаттағы
мектептер тәжірибиесіне еніп, әлемге тарап кетті. Қазір бұл бағдарламамен
Австралия, Канада, Қытай, Жапония, Алвания, Мексика және ТМД
мемлекеттеріндегі айналысатын мектептер жыл санап өсуде. Ақыл-ой
Одиссеясы бағдарламасының негізгі мақсаты оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту, қалыптан тыс ойлауға үйрету.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын
ерекетті атаған. Ал осы мәселені зерттеген психологтардың бірі
Я.А.Пономорев оны даму ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық,
әсіресә интелектуалдық тұрғыдағы болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық
деңгейге көтереді деп есептейді. Адамның шығармашылыққа деген жанданысы,
оның өз жекелігін, өзқабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады.
Ақыл-ой Одиссеясы бағдарламасының теориялық негізі ретінде жоғарыда
аталған әлемдік деңгейдегі ғалымдардың тұжырымдарымен бірге Д.Гилфорд,
Е.Торренс, А.Осборн сияқты шығармашылық теориясын жасаған ғалымдар еңбегі
алынады.
Бағдарламаның құрылымы.
Бағдарлама екі бөлімнен тұрады.
1. Лезде шешілетін тапсырмалар үлгілері:
1. 6 қарындаштың көмегімен 4 тең төрт үшбұрыш құрастыр. Шарты:
үшбұрыштың бұрыштары қарындаштардың аяқтарының қосылуынан түзілу
керек.
2. 100 кесек сабыннан не жасауға, қалай пайдалануға болады.
3. Достық тортын жаса.8 компоненттен тұрсын.
4. Статуя: бір статуяны бейнелеп, түсіндір.
5. Көшедегі бір үйді қара да оның интерьерін суретте(бөлмелері нешеу,
жићазы, т.б.)
6. Ломастер пайдалану түрлерін ата.
7. 8 шиден скульптура жаса.
8. Құрамында саны бар сөзді ата (Бесбай, Үшбұлақ, ондық, бестік,
төртбақ, жетіру, жетікүн, Жетібай, Екібастұз, Жетісу.)
9. Теннис добының 2 жартысын қалай пайдалануға болады.
10. Қызыл, жұмсақ, жасанды, дөңгелек, ұзын заттарды ата.
11. Секіретін, жүзетін, ұшатын, жорғалайтын жануарларды ата.
12. Жәшіктер мен қораптардың түрлерін ата.
13. Қолшатырдың қолдану түрлерін айт.
14. Құлпылардың түрлерін ата
15. Өшіргіштерді қалай пайдалануға болады.
16. Тротуарды пайдалану түрлерін ата.
17. Кнопка мен қағазды салыстыр.
18. Бөтелкелердің түрлерін ата.
19. Тек саусақтың көмегімен әртүрлі дыбыстар шығар.
20. Ұйқасқа өлең құра.
21. 20 теңгемен сөйлес.
22. Ағаштың, мұхиттың, достардың т,б, пайдасын ата.
Мұндай тапсырмаларды олардың идеясын түсінген әр мұғалім өзі-ақ ойлап
таба алу мүмкіндігі бар.
Оқушылар бұл тасырмаларды шешу арқылы лезде шешімқабылдауға,
идеялармен бөлісуге, оның дұрыстығын дәлелдеуге үйренеді.
ІІ. Ұзақ мерзімді тапсырмалар. Орталықтан бағдарламамен айналысуға
ниет білдіріп, мүшелікке енген мектептер үшін арнай жіберіледі. Әр жылы 5
түрлі проблемалық мәселеге арналған тақырыптар, және оларды шешуге
қойылатын талаптар, ескерілер ережелер кітапшасы беріледі. Олар
экологиялық, экономикалық, техникалық, өнерпаздық білімі мен тәрбиесіне
арналады.
7 адамнан тұратын команда мүшелері таңдап алған тақырыптарына орай 8
минуттық көрініс әзірлеп, сюжеттегі проблеманы шығармашылықпен шешудің
жолын көрсетулері керек.
Ақыл-ой Одиссеясы бағдарламасын арнайы сабақ ретінде сыныптан тыс
жұмыс түрлерінде, сондай-ақ оның элементтерін сабақтарда да қолдануға
болады.
Бастауышта оқылатын кез келген пәннің мазмұнына сәйкес шығармашылыққа
интелектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды тиімді қолдану бүгінгі мектеп
бағдарламасының да өзекті мәселелерінің бірі. Тек қандай тапсырманы
сабақтың қай сәтінде қолдану керектігін мұғалім өзі шешеді.
Бағдарламалардағы кейбір тапсырмалар қиялдауға берілген. Оларға 8-10
минут уақыт беріледі. Негізгі идея кәдімгі қарапайым заттарды әдеттен тыс
жағдайда пайдалана білу.
Тапсырма: - ішіндегі желініп біткен ыдысты тастай салмай, тағы қалай
пайдалануға болады?
Жауаптар: - су ішетін ыдыс ретінде,
- шетін кертіп шүмек жасап, су құйғыш ретінде.
- Жіңішкелеп ауызғы жағын кесіп тастап, қарындаш тағы басқа заттарды
салатын ыдыс ретінде.
- Бірнеше тесіктер тесіп, су шашқыш ретінде т.б.
Бұл сабақтар Г.Альтшуллер жасаған Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу
теориясы (ТРИЗ- теория решения изобретательских задач) технолгоиясымен
үндес.
Ақыл-ой Одиссеясы бағдарламасымен жұмыс істеу барысында тез ойлап,
жылдам шешеім қабылдауға шорқақ балалар жыл аяғында шапшаң жауап беруге
үйреніп, тапқыр қызықты шешемдер құруда жетістіктерге жете бастайды.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) математикалық білім технологиясы.
Қазіргі кездегі математикалық білім баланы интеллектісін дербез
ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл салада, біз сөз еткелі отырған
технологияның алар орны ерекше. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп
аталатын математикалық бірлік технологиясы. 1964-1996 жылдар арасында
академик П.М. Эрдниевтің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және
тәжірибелік ізденістердің, практикалық жұмыстың нәтижесінде өмірге келді.
П. М. Эрдниев дидактикалық бірліктер деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын
енгізген. П. М. Эрдниев оқу материалынан кіші көлемде берілетін
ақпаратын алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді
ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға кең өріс
ашылады. Республикамызда 1997 жылдан ері енгізіліп жатқан профессор Т.Қ.
Оспановтың жетекшілігімен жазылған математика оқулықтары осы теорияға
негізделінеді. Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл
әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдістемесін жүзеге асырудың басты
қағидалары төмендегідей:
1. Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар
оқыту.
2. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
3. Деформацияланған жаттығуларды пацдалану.
4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының
артуы.
Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауға
үйрететін мүмкіндіктерін аша түссек.
Оқыту практиаксы қосу мен азайту, көбейту мен бөлу бұрынғыдай төрт
бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылуының тиімділігін көрсетіп отыр.
Біріншіден бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт
білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден ойлау операциялары арқылы баланың
дамуы жеңілдейді. Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптеріне сәйкес
оқушымен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатнас қалыптасады.

Мысалы: 5+1=6 5+1=6

5+1=6 5+1=6

Түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрекетінің
ішкі потенциялды резервтерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин
тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас заңдылықтарының бірі кері
байланыс заңының іске қосылуымен тиімді.
ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару
кері есеп ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П.К.Анохин
енгізген кері байланыс деген психологиялық ұғыммен байланысты. Кері
есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың
белсенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.
Кері есеп ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді.
Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жанына портфельді орналастырған соң,
мына есеп айтылады. Столда 5 кітап бар, ал портфельде қанша кітап бар?
Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па? кем бе? екенін анықтауға
арналған сұрақтар беріп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдында, столдағы кітаптарды алып
тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы кітаптың одан 3 кем.
Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте не белгілі
болды, нені таптық, ал соңғы да ше? Деген сұрақтарға жауап алынады.
Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан
кейін кері есеп ұғымы енгізіледі.
Осы типтердегі есептерді көрнекіліктер арқылы шешуді меңгерген кезде
төмендегідей абстрактылы есептерге көшуге болады.

Мысалы: Тура есеп Кері есеп

3, 2, □ 3, □ , 5
Алмас 3 жаста, Айнел одан Алмас 3 жаста,
Айнел 5жаста
2 жас кіші. Айнел неше жаста? Айнел Алмастан неше
жас үлкен?
Шешуі: 3+2 =5 (жас) Шешуі: 5-3
=2 (жас)
Жаңашыл мұғалімдердің пікірі бойынша есептің осылай беріліп, шешілуінің
пайдалы екекні айтылып жүр. Технологияның кейбір қиындықтары кері әдістің
теориясын білмеуден болып жатады.
Деформацияланған жаттығуларды шешу- ДБІ технологиясындағы басты
ерекшелік
18: □+65=67 түрінде әйнекшелермен берілген мысалдарды шығару
психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, оқушы бірнеше қайтара салыстырудан
тұратын әрекет барысында логикалық операциялардың жаңа түрлерін меңгере
отырып, ойлаудың жоғары сатысына көтеріледі. Деформацияланған жаттығулар
бірте-бірте күрделене түседі. Оны математика оқулығынан байқауға болады.
Ал келесі ерекшелік - шығармашылық тапсырмалардың моп болуы.
Мысалы: 3 сыныпта. Көгалда бірнеше қозы мен қаздар жайылыпжүр.
Олардың бастарының саны 25, ал аяқтарының саны 70. Қозылар нешеу, қаздар
нешеу? – деп берілетін тапсырмаларды шешу оқушылардан ойлылықты,
байқампаздықты талап етеді. Оқушының шығармашылығы қалыптасады.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясында оқушылардың
есептеу дағдыларын дамытуға ерекше мән беріледі. Мұнда есептер ауызша және
жазбаша болып бөлінеді, бастауыш мектепте негізінен ауызша есептеуге
арналған жұмыстар көп жүргізіледі, өйткені арифметикалық амалдардың
теориясын түсіну, оны практикалық жолмен саналы меңгеру мәселелері
шешіледі.
Дәстүрлі әдістемеде ауызша есептеулердің төмендегідей түрлерін
жүргізу қабылданған.
1. Математикалық өрнектердің мәнін табу.
2. Өрнекиерді салыстыру.
3. Теңдеулерді шешу.
4. Есептершығару.
Жаңа жағдайда бұл жұмыстар жаңа мәнге ие болып, енді тек есептеп қана
қоймай, қорытындылар жасауға үйренеді. Демек талдау, жинақтау, салыстыру,
байқау арқылы өз пайымын айтуға, ортаға салуға машықтанады.
1) бұл жағдайда салыстыруды төмендегідей етіп жүргізу сұралады.
16 □ 10 + 6 16 □ 20 - 4
16 □ 8 + 8 16 □ 9 + 7
2)Әйнекшелермен берілетін теңсіздіктер енгізіледі.
8 □ 11 □ 17
8 □ 15 □ 12
3)Математикалық заңдарға негізделген ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға әстетикалық тәрбие берудің жолдары мен құралдары
Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Кіші мектеп жасындағы балаларға тәрбие беру
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Көрнекілікті пайдаланудың психологиялық-педагогикалық мәселелері
Дидактикалық ойындар-кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы
В. Сухомлинскийдің педагогикалық мұраларындағы бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға тәрбие мен білім берудің жүйесін саралау
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Болашақ мұғалімдерге педагогикалық пәндерді оқытудың психологиялық негіздері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь