Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әбу Насыр Әл-Фараби

http://adyrna.kz/wp-content/uploads/2011/06/d0b0d0bbd18cd184d0b0d180d0b0d0b1d0b8.jpg Даңқты жерлесіміз, Аристотельден кейінгі Екінші Ұстаз атанған ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби туралы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы дерегінде былай деп жазылыпты:
«Алғашқы сауатын туған жерінде өз тілінде ашқан ол 12-16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп, «Байт әл-Хәкма» атты ғалымдар үйі мен бай кітапханасы бар Бағдатқа барады».
Ал шындығы солай ма? «Тарих қайта қарастырыла береді» дейді. Бәлки, ұлы бабамызға қатысты қайта қарауды күтіп жатқан тұстар баршылық шығар. Жалпы, ғұламаның «білім іздеп аттанды» деген уақытының өзі заманауи тарих ғылымы үшін бұлыңғыр. Жаңағы келтірген жолдардың өзінде не 12, я 16 емес, «12-16 шамасында» деп екіұштылайды.

Сондай бір айқынсыздықты кейбір фарабитанушы ғалымдардан да байқаймыз. Айталық, әл-Фарабидің рухани мұрасын көрнекті зерттеушілердің бірі, өзбек ғалымы М. М. Хайруллаев: «Орта Азиядан кетпей тұрғанда әл-Фараби Шаш пен Самарқанға соғып, біраз уақыт Бұхарада оқып, жұмыс істегені туралы әдебиетте деректер бар» деп жазады. Ол «әл-Фарабидің өзбек қалаларында білім алуы мүмкін» деген жорамалмен сол кездегі Мауреннахр аймағындағы мәдени орталықтардың бәрін тізіп шығып, осы қалаларда оқып, білім алғаны, жұмыс істегені туралы деректер бар деп жалпылама сілтей салады. Бірақ дәл қай қалада, қай кезде оқығаны туралы нақты дерек көзін атап көрсетпейді.
Ал, шын мәнісінде, ондай дерек жоқ.
Әл-Фараби туралы деректер тек Таяу Шығыс, Үнді, Мысыр, Африка елдері, Еуропа елдерінде, тіпті Америка құрлығындағы елдерде сақталған. Мұндағы парадокс сол, оның өз Отаны - Қазақстан жерінде, Орта Азияда әл-Фараби туралы бірде-бір дерек жоқ. Бұған таңғалудың да керегі жоқ сияқты. Шыңғысханның сойқанды жорығы мен оның ұрпақтарының үздіксіз соғыстары, не десек те, Қазақстан аумағында бір кездері болған жоғары ғылым-білім мен мәдениеттің құнды жәдігерлерін шаң қаптырды, әрине.
Қазіргі қолда бар деректерді сөйлетсек, әл-Фарабидің елу жасқа дейінгі өмірі белгісіз. Ұлы ғұламаның өзі де өз өмірбаянын жазбапты (бәлкім, жазылған, бірақ бізге жетпеген), шәкірттері де оның елу жасқа дейінгі өмірі туралы ештеңе қалдырмаған.
Енді біз сол деректерді салыстыра отырып, ұлы ғұлама туралы қайсыбір деректердің толымсыздығын дәйектеп көрелік.
1. «Әбу Насыр әл-Фараби ғылым- білім іздеп, бала кезден Таяу Шығыс елдеріне аттанды» деген дерек.
2. «Ұлы ғұламаның ғылым-білімді өз Отаны Қазақстан жерінде емес, Бағдат пен Алеппода алды» деген деректер.
Кейбіреулер: «сонда қалай, осы уақытқа дейін ғұламаның өмірін зерттеген көптеген ғалымдар, әсіресе, бар ғұмырын ұлы бабасының мұрасын зерттеп, еңбектерін жинауға арнаған академик Ақжан әл-Машанидің аздап айқынсыздыққа ұрынғаны ма» деп тулауы да мүмкін.
Иә, Ақжан әл-Машани әл-Фараби­дің орасан зор мирасын оның туған топырағына қайта оралуына өлшеусіз мол еңбек сіңірді. Мұны мойындаймыз, дау жоқ. Дегенмен әл-Фараби мұрасын зерттеп, танудың қиындығы тек оның мыңжылдық тарих тереңінде жатқандығында ғана емес еді. Кеңестік дәуірдің елуінші-алпысыншы жылдары «мыңжылдық мәдени мұрамыз бар» деудің өзі қандай?!
Дәл сол шақ үшін, «Түріктің кім білмейді музыкасын, Фараби тоғыз ішекті домбырасын» деп жырлаған Мағжанның «халық жауы» атанып, атылып кеткендігінен хабардар ғалымның Екінші Ұстаз атанған әл-Фарабидің Отырарда кіндік қаны тамғандығын дәлелдеп шығуының өзі үлкен ерлік еді. Осының өзін «коммунист Машанов мешітке барады, намаз оқиды» деп қуғындамақ болғаны және рас. Егер әлем мойындаған ұлы ғұламаның бұған дейін «ғылым-білімнен мақрұм, жазу-сызуы болмаған надан халық» деп келген қазақ жерінде білім алған деп дәлелдемек болса, ұлы орысшыл екіжүзді коммунистік идеология машинасынан аман қалмасы сөзсіз еді. Себебі бұл «орта ғасырларда қазақ жерінде орыстардан, тіпті Еуропадан әлдеқайда жоғары ғылым-білім, мәдениет болған» дегенге саятын тұжырымға әкелетін. Өз кезегінде мұны ашық айту - орыстық шовинизмнің күл-талқанын шығару деген сөз. Сондықтан да бар мүмкіндікті таразылай келе, фарабитанудың негізін қалап, дұрыс бағыт сілтеген әл-Машани оны әрі қарай дамытуды келер ұрпаққа қалдырды деп білеміз.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген екі дерекке өз ұстанымымызды дәйектейік.
1. Бірінші дерек туралы: Әбу Насыр әл-Фараби Бағдат қаласына елу жасында келген. Оған дейінгі өмірбаяны туралы еш дерек жоқ. Егерде ол 12-16 жасында ғылым іздеп Бағдатқа аттанса, отыз бес жыл бойы қайда жүрген?
Ол - ол ма, ұлы ғұлама жайлы замандастары мынандай жадынама қалдырыпты: «Әл-Фарабидің бойы орташадан төмен, ылғи да түркінің киімін киіп жүреді екен. Ол мықты, күшті және ержүрек болған. Ол жебені жақсы тартқан, атқан оғы нысанаға дәл тиетін деседі».
Бұдан бірнеше қорытынды жасауға болады:
Біріншіден, жасынан ғылым іздеп, басқа елге кеткен бала елу жасқа жеткенше сол елдің салт-дәстүріне бейімделіп, сол елдің адамдарынша киінер еді. Бірақ әл-Фараби туралы жазған адамдардың бәрі оның үстінен түркі киімін тастамағанын айтады. Бұл оның түркінің салт-дәстүрін қатаң ұстаған ортада есейгенін, «білім іздеп келді» дейтін арабтарға оның тіпті де еліктемегендігін көрсетеді.
Екіншіден, ол түркіге тән жауынгер­лік өнерді өте жақсы меңгерген. Жас кезінен ғылым-білімге есі ауып, елін тас­тап кеткен балаға ұқсамайды.
Үшіншіден, ол нағыз түрікіге тән мінез қалыптастырған, мықты және ержүректігімен көзге түскен. Ұлы ғұлама туралы мынандай аңыз-әңгіме бар:
«Әл-Фараби Сирия билеушісі Сайф ад-Дауланың сарайына кіргенде, патша оған жайғасуын сұрайды. Ғалым: «өзімнің дәрежеме сай отырайын ба, әлде сенің мәртебеңе сай ма?» деп сұрапты. Патша оған: «өзіңнің дәрежеңе сай» деп жауап беріпті. Фараби барлық әмірлерден өтіп, патшаның өзін ығыстырып, таққа отырған екен. Сайф ад-Даула санаулы адамдар ғана білетін құпия тілде оққағарларына: «Мына шейх әдептілік ережелерін аяқасты етті. Қазір оның білімін тексеріп көрейік, егер ол жауаптарымен мені қанағаттандырмаса, онда сендерге белгі беремін, сендер оны жазалайсыңдар» дейді. Фараби бұл сөзді естіп, сол тілде «Уа, патша, аз ғана сабыр етіңіз. Істің ақырына қарап баға берер болар» деп айтады. Кейін патшаның алдында жиналған түрлі білімнің шебер мамандарымен ғылыми пікірсайысқа түсіп, нәтижесінде олардың барлығын мойындатыпты.
Кім не десе де, бұл - нағыз түркіге тән ер мінез. Мұндай діл нағыз түркілер арасында өмір сүріп, ержеткен, түркілік салт-дәстүрді әбден бойына сіңіріп өскен адамдарға ғана тән болса керек.
Енді ұлы ғұламаның толық аты-жөнін талдап көрейік.
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Турки.
Жасы кішісінен үлкеніне қарай берілетін бұл атаудан мынадай ой түйеміз:
1. ат-Турки - шыққан тегі түркі дегенді білдіреді.
2. әл-Фараби - Фараб қаласынан шыққан деген сөз.
3-5. ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ - ұлы ғұлама Мұхаммедтің баласы, ол өз кезегінде Тарханның баласы, ол Ұзлақтың баласы деген сөз.
Басқаша түсіндірсек, ұлы ғұламаның әкесінің аты - Мұхаммед, атасының аты - Тархан, бабасының аты - Ұзлақ.
6. Ұлы ғұламаның азан шақырып қойған өз аты -Мұхаммед.
7. Әбу Насыр - Насырдың әкесі дегенді білдіреді. Орыс халқында біреуді құрметпен атағысы келсе оның атына әкесінің атын қосып атайды. Мысалы: Иван Петрович, Егор Сергеевич, т. б. Ал арабтарда керісінше баласы жоқ адамды мүсәпір деп есептеген. Сондықтан бірінші баласы дүниеге келгенде, «енді құрметті адам болды» деп, адамның өз атына баласының атын қосып атау, құрметтеудің белгісі деп есептеген. Мысалы, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Башр және т. б.
Бұдан шығатын қорытынды, ұлы ғұламаның Насыр деген баласы, демек, оның жанұясы болған. Бірақ бізге белгілі ешбір еңбекте оның баласы, жанұясы туралы айтылмайды. Демек, ол араб елдеріне келгенге дейін, елу жасқа дейін үйлі-баранды, баласы болған деген сөз. Әйткенмен ол туралы да мәлімет жоқ.
Ғұлама «Музыка өнеріне кіріспе» атты кітабында «Шаһруд» аспабы туралы былай дейді: « Ол біздің заманымызда жасалып, бұрын танымал болмаған. Мұны бірінші болып тауып жасаған самарқандық Сағди Хуләйс ибн Ауас есімді адам болған. Ол бұл аспапты хижра жылымен 306 жылы (918-919) тау бөктеріндегі әл-Мах елінде жасаған. Кейін ол оны Соғд қаласына алып келеді.
Соғд қаласының шығысы мен батысында орналасқан ел тұрғындарының ешқайсысына «Шаһруд» аспабы жат болмай, Мессопотамияға алып келінді. Бұл кезде елдерді арабтардың ұлы басшылары басқаратын еді. Сосын Бағдатқа келді. Бұл қала да оның дыбысын естіді, кейін Мысыр мен көрші елдерге өтті. Алжир мен Сирияға жетті. Бұл аспапты осы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒҰЛАМА ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Әл Фараби тарихи мұралары
Ғалымдар энциколопедиясы
Қазақ даласының жұлдыздары
Данышпан, философ, энциколопедист, әдебиетші, ақын Әл-Фараби
Әл – Фарабидің қоғам туралы философиялық, әлеуметтік - саяси тұжырымдамалары
Фарабидің астрономия мен астрология жөніндегі еңбектері
Ғүлама Әль -Фараби
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz