Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

3. 2 Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік

көмек көрсету

3. 2. 1 Жарақат

Жарақаттар − бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің − аяқ−қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтсатығы қызметінің бұзылуы. Әсері механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Жабық зақымдану − бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы) .

Ашық зақымдану − бұл органдар зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы) .

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жараққаттарға көптеген кәсіби жараққаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара) .

Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады.

Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді. Қатты жарақаттану кезінде терінің астындағы клеткалар ғана емес сондай−ақ бұлшық ет, сүйек, нерв, сіңір, ірі қан тамырлары зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің ішіне−кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т. б. енуі, осындай бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды.

Жаралар жарақаттаған заттың түріне байланысты: кесілген, тілінген, түйірілген, сыдыралған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болып бөлінеді.

Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретінде−жұқпалы ауруларды асқындырушы ретінде қызмет етеді.

Алғашқы көмек көрсету: жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңу керек, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі − мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған дұрыс, таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жаранның үстіне жабылатын жастықшаға тиспеңіз, егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір−екі күннен кейін тілінген немесе сыдырылған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0, 25−0, 5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

Алғашқы көмек көрсету кезінде жараны спиртпен, сумен, йодтың ертіндісімен жууға, ұнтақ дәрілер себуге және май жағуға, жараны мақтамен жабуға, жарадан құм, топырақты сүртуге, басқада заттарды жараны ластайтын жолмен алуға болмайды.

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/1.bmp

1−сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою

Жараға микроб түсіп асқыну салдарынан ауыр инфекциялық аурулар пайда болады (газдан шіру, сіреспе) .

Сондықтан жараланған кезде ең бірінші қанды тоқтату және жараны ластанудан сақтау керек.

3. 2. 2 Қан ағу

Қанның ағуы жарақаттың ушығуы адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты қанның ағуы күретамырлық, ұсақ тамырлық және үлпершек болып бөлінеді.

Күре тамырдан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қанның бұлайша ағуы өте қауіпті, өйткені қысқа мерзімде организмнен өте көп қан кетеді. Қан ал қызыл түсті, қан баяу ағады немесе атқылайды.

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/2.bmp

2−сурет. Қанның күре тамырдан ағуы

Көк тамырдан аққан қан ол зақымдалған кезде ағады. Қан дүмпусіз үздіксіз ағыспен баяу шығады, түсі қошқыл қызыл немесе шиедей қызыл.

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/3.bmp

3−сурет. Қанның көк тамырдан ағуы

Ұсақ тамырлардан қан ағу дененің ұсақ тамырлары зақымданғанда байқалады. Зақымданған ішкі органдардағы ұсақ қан тамырларының қанның ағуы (бүйрек, көкбауыр, бауыр) үлпершекті деп аталады.

Күре тамырдан аққан қанды тоқтату алғашқы медициналық көмектің негізгі міндеттерінің бірі. Күре тамырдан аққан қанды уақытша тоқтатудың ең белгілі және жылдам әдісі − зақымдалған күре тамырдың жоғарғы жағынан саусақпен басу. Қан тамыры сүйектің жанына немесе үстінен өтетін тұстан жасаған оңай.

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/4.bmp

4−сурет. Күре тамырдан қысатын дағдылы жерлер

Саусақпен қанды тоқтату . Ұйқы күре тамырын оны зақымдалған жерден төмен (жүрекке жақын) мойынның жұлынынан қысады. Бұдан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, содан соң жараға тазартылған, қысатын таңғыш қойып, оның үстіне бинттің, салфетканның, мақтаның немесе қолда бар заттың қалың, нығыз кесіндісін салып орайды (5а−сурет) .

Шықшыт күре тамырын беттегі жарадан қан аққан кезде сұқ саусақпен шықшыттың бұрышына қысады (5б−сурет) .

Самай күре тамырын баста қанауға бейім жара болғанда бас бармақпен құлақ қалқанының алдынан самай сүйегіне қысады. Саусақты одан 1-1, 5 см қашықтықта ұстау керек (5в−сурет) .

Тақымдық күре тамырды бұғананың астындағы шұңқырда бірінші қабырғаға қысады, бұл қан ағуға бейім жарақат. Иықта, иық буынының маңайында немесе қолтықтың астында болғанда қолданылады (5г−сурет) .

Иық күре тамырын, егер қан ағуға бейім жара иықтың төменгі бө− лігінде немесе білекте болса, екі басты бұлшық еттің бүйір жағынан ортан жілікке қысады (5д−сурет) .

Қолтық күре тамыры иықтың орта және төменгі бөлігінде. Жарадан қан аққан кезде ортан жіліктің шығыңқы басына қысады (иық буынның жоғары жағында сұқ саусақты тіреніш өте отыра қалған саусақпен күре тамырды қысады), (5е−сурет) .

Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын орта және төменгі тұтас сан күре тамыры зақымданған кезде түйілген жұдырықпен баса отырып, маңдай сүйегіне қысады (5ж−сурет) .

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/5.bmp

5−сурет. Күре тамырды саусақпен қысу

Кәрі жіліктің күре тамырының ұшы зақымданғанда бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке қысады.

Қанның аққан жері бойынша ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қан ағу аяқ−қол, бастың маңайы жарақаттанғанда жиі кездеседі, ішкі қан ағу, жүрек, өкпе, бауыр, көк бауыр, ішек−қарын тамырлары зақымданғанда пайда болады. Ішкі қан ағу кеуде, іш, бас, куысынан сыртқа ағып шыққанда анық байқалады, ал қан жабық қуыстарға жиналса, көпке дейін білінбейді.

Аяқ− қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату : сирақ немесе табан төңірегінде орналасқан жарадан қан аққан кезде тізе шұңқырындағы күре тамырды қысады, сол үшін үлкен саусақтарды тізе буынның алдыңғы жағының үстіне қояды, ал қалғандарымен тамырды сүйекке қысады.

Қан тамырын саусақпен басу едәуір күш−жігерді қажет етеді және оны күшті жақсы адам жасағанның өзінде 15-20 минуттан артық ұстап тұра алмайды. Сондықтан да тамырды саусақпен бірден басып, мүмкін болатын болса күйдіргі немесе бұрауды жылдам қою қажет.

Тамшылай аққан қанды тоқтату үшін кәдімгі тазартылатын таңғышты, мүмкін болса қысатын таңғышты, қою жеткілікті. Таңғышқа қан көбірек сіңсе, қайтадан орау қажет. Шынтақ буыны төңірегіндегі иық күре тамырын шынтақ буынында қолды ақырына дейін бүгу арқылы жабуға болдаы (6−сурет) .

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/6.bmp

6−сурет. Аяқ− қол буындарын бүгу арқылы қанды тоқтату

Күйдіргі және бұрау қою арқылы қанды тоқтату . Көк тамырдан және ұсақ тамырлардан қан аққан кезде әдетте қатты тазартылған таңғышты қолданады, зақымдалған жерді қатты байлап тастайды, аяқ−қолды көтеріп қояды.

Барлық жағдайларда дененің сыртқы жағынан қан аққан кезде дене мүшелеріне қан тоқтататын күйдіргіні, басқа қатты таңғыш орау арқылы қанды уақытша тоқтататуға болады.

Қан тоқтататын күйдіргі ені (1, 5-2 см) жалпақ, иілмелі резина кесіндісі. Оның бір шетіне ілгек, екінші шетіне ілмегі бар жүзікше бекітілген (7−сурет) .

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/7.bmp
7−сурет. Күре тамырдан аққан қанды күйдіргі қойып тоқтату

Қан тоқтататын күйдіргі және бұрау қою тәртібі›

1. Күйдіргі аяқ−қолдың кез−келген жеріне қойылуы мүмкін.

2. Күйдіргі қоярдан бұрын оның астына жаралының киімін төсейді немесе бинттің бірнеше қабатын орайды.

3. Күйдіргіні салар алдында тартады, сонан кейін тартуды әлсіретпей аяқ−қолға салады, бұл жағдайда күйдіргі қабатының әрбір орамын алдын ала салады.

4. Қысудың жеткіліктілігін бақылау күре тамырдың сезімтал жерлерінде тамыр соғысының жоғалуы және қанның тоқтауы болып табылады. "лсіз қойылған күйдіргі қан ағуын күшейту мүмкін, ал қатты тартылған күйдіргі жүйкені зақымдау мүмкін.

5. Күйдіргі жазда 2 сағаттан артық, ал суық уақытта 0, 5-1 сағаттан артық қоймайды, әйтпесе күйдіргі қойылған жердің жоғары жағындағы аяқ−қолдың жансыздануы мүмкін.

6. Суық уақытта күйдіргі қойылған аяқ−қол жылытылуға тиіс (мақта, жылытқы қойылады) .

7. Күйдіргі қою уақыты қағаз парағында көрсетілуге тиіс, ал қағазддың өзі күйдіргінің астына қойылуы немесе аурудың киіміндегі көрмек жерлері түйруеішпен бекітілуі қажет. Күйдіргі қойған жаралы төтенше жағдай аймағынан бірінші кезекте әкетілуі тиіс.

Күйдіргі қою кезіндегі қателер : айғақтың жоқтығы, яғни оны көк тамыр мен ұсақ тамырлардан қан аққан кезде қою, жарадан ашық дененің ашық жеріне қою, әлсіз немесе шеттен тыс қатты тарту, күйдіргінің ұшын бос бекіту.

Күйдіргінің үстіне таңғыш, орамал қоюға болмайды. Күйдіргі көзге түсетіндей болып жатуға тиіс.

Күйдіргі ретінде шалбар белбеуін де пайдалануға болады, оны қос ілмек түрінде аяқ−қолға кигізіп тартады.

Күйдіргі болмаған жағдайда тамырдан қанның ағуын бұрау қою арқылы немесе аяқ−қолды қатты бүгіп, осы күйде ұстай тұру жолымен тоқтатуға болады. Бұрау үшін арқан, ширатылған орамал, мата кесіндісі пайдаланылуы мүмкін (8−сурет) .

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/8.bmp

8сурет. Күре тамырдан аққан қанды бұрау қойып тоқтату

Дөрекі қатты заттар жүйені тез зақымдауы мүмкін. Бұрау үшін қолданылған затты қажетті деңгейінде байлайды. Жасалынған ілмекке таяқ өткізеді және оны айналдыра отыра ілмекті қан толық тоқтағанға дейін бұрайды, одан соң таяқты аяқ−қолға мықтап байлап тастайды (9−сурет) .

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/9.bmp

9−сурет. Қолға бұрау қойып қанды тоқтату реті

Бұрау қою сай−сүйекті сырқырататын рәсім, сондықтан түйіннің астына қандай болсын бір зат қою керек. Күйдіргі қою кезінде байқалатын барлық қателер, қауіп пен асқыну бұрауға қатысты.

3. 2. 3 Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу

Сүйектің сынуы бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқын−шақ) немесе толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады (10−сурет) .

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/10.bmp

10−сурет. а−қолдың жабық сынығы,

б−аяқтың ашық және жабық сынығы

Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сынықтарға жұқпалы аурулар тез таралады және іріңдеу−қабыну процессінің дамуымен ушыға түседі.

Сүйектің сыну белгілері:

Жабық сынған кезінде:

сүйек сынған жердің сырқырауы;

− аяқ−қол саусақтары бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

− сүйек сынған жердің қанталауы мен домығуы;

− аяқ−қол қызметінің бұзылуы;

− буындар арасындағы аяқ−қол төңірегінің бойындағы қозғалыстың қалыпсыздығы.

Ашық сынық кезінде:

− аяқ−қол бармақ бастарының қысқаруы немесе қисаюы;

− жарада сүйек жарқыншақтарының болуы;

− жарақаттанған жердегі қалыпсыз қозғалыс;

− аяқ−қолды қозғалтқан кездегі сырқырау.

Жабық сынық кезінде тері жамылғыларының тұтастығы бұзылмайды, ашық сынық кезінде сүйек сынған жерде жарақат болады, сүйек сынған жерді қозғалтуға болмайды.

Сүйектің таюын болдырмау үшін жарақатқа таңғыш қою мақсатында киім мен аяқ киімді шешуге, олдарды кесуге және сынған жерді босатуға болмайды. Егер ашық сынық кезінде қан ақса, оны тоқтатқаннан кейін, жараға тазартылған таңғыш қою қажет. Ашық және жабық сынық кезінде сырқатты басатын дәрі−дәрмек беріліп, бұдан кейін қолда бар құралдардың көмегімен иммобилизация жүргізу қажет.

Сырқатқа қарсы дәрі−дәрмекті егу жеке қобдишадағы немесе үй қобдишасындағы анальгетиктердің, шприц−түтіктерді (анальгин, пенталгин, трепан, баралгин және т. б. ) қолдану арқылы жүргізіледі.

Аяқ−қол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек

Сүйек сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгісі үш зақымданған сүйектің әдісті орындау қажет жағының тыныштығын қамтамасыз ету, яғни иммобилизация болып табылады, сол үшін табельдік шина қолданылады немесе қолда бар заттар: таяқ, тақтай т. б. заттар қолданылады .

Тыныштық болу үшін шина немесе қолда бар жоқ болса, аяқ−қолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады (қолды тігінен бүгеді) немесе байламға, белбеуге іліп қояды.

Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды. Шинаны (немесе қолда бар затты) сынықтың екі жағының да қозғалысын болдырмайтындай етіп (сынықтың үстіңгі және астыңғы жағы) қою қажет. Сүйектің шығыңқы жерінде шинаның астына жұмсақ мақта немесе жайлы мата қояды.

Шинаны (қолда бар материалды) мақтамен жауып, дәкімен орайды (матамен, киім кесіндісімен), бұлай ету сынған жердің қатты қысылмауы үшін жасалады, содан соң оны қайтадан зақымдалған аяққа орайды.

Қандай да бір қосалқы материал жоқ кезде иммобилизацияны зақым− данған аяқ−қолды дененің сау мүшелеріне: қолды денеге төменгі жақты сау аяққа байлау арқылы жүргізген дұрыс.

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/11.bmp
11−сурет. Зардап шегушіні шинамен тасымалдау кезінде басын тиянақтау

Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:

1. Иммюбилизация үшін пайдаланатын шиналар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.

2. Шинаны бірден жалаңаш аяқ−қолға қоюға болмайды.

3. Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек (мысалы сирақ сынған кезінде сирақ табан және тізе буындары бекем байланады) .

4. Сан сынған кезде аяқ− қолын барлық буындармен бекем байлау қажет (тізе, сирақ− табан, сан−жамбас) .

Саусақ түйіспелері мен буын сүйектерінің ашық сынығы кезінде жараға тазартқыш таңғыш қойғаннан кейін алақанға саусақтар жартылай бүгіліп тұру үшін дәкімен оралған тығыз мақта түйірін қояды. Білекке, қолдың шашақты ұшына және саусақтарға үйеңкі, картон немесе саты шинасын қояды, қолды орамалға іліп қояды.

Білек сүйектері сынған кезде шинаны саусақтарды қамти отыра иыққа жақындатып қояды, шынтақ пен кәрі жілік және білек буындарының қозғалмауын қадағалап, байламға іліп қояды.

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/12.bmp

12−сурет. Білек сүйегі сынған кезде шина қою

Тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік сынған кезде саты шинасымен немесе қолға қоюға ыңғайлы болатындай ретпен қиылыстырады. Қолды байлап орайды.

Бұғана сынғанда кәрі жілік төңірегіне арқаға немесе Дезо бинт таңғышына байланатын екі мақта−дәкі шығыршығын қояды. Қолды орамалға іліп қояды.

Табан сүйектері мен сирақ−табан буындары сынған кезде иммобилизация үшін саты шинасын немесе қолда бар құрал пайдаланылады. Шинаны әуелі табанның өкшесі мен сирақтың артқы жақ үстіне қоюға ыңғайлы болатындай етіп бүгеді. Өкше сүйегі үшін үңгіме жасайды, оған өкше сүйегіне қысым түспеу үшін мақта салады. Бұдан кейін шинаны аяқ−қолға салады және сирақтың төменгі тұсы мен табан арқылы бинттің сегіздік тәріздес орамдарымен бекітеді, оны бинттің шеңберлі орамдарымен сирақтың үстіңгі тұсында аяқтайды. Табан тірек бұрышпен сираққа мығым байлануға тиіс.

Үйеңкі кесіндісімен және ағаш рейкалармен иммобилизациялау кезінде оларды сирақтың үстіңгі тұсынан бүйірлей табанның өкшесіне дейін қояды: біреуін сыртқы жағынан, екіншісін сыртқы жағынан, содан соң табанды мықтап бекітіп аяқ−қолға орайды. Шығыңқы сүйек ұшына кесінділер тиетін жерге мақта қояды.

Сирақ сүйегі сынған кезінде иммобилизацияны сирақ−табан және тізе буындарының қозғалмауын қамтамасыз ете отыра, сирақ−табан буындары зақымданған кездегідей жүргізеді. Шинаны немесе қолда бар құралды табаннан санның үстіне сәл жақындатып қояды.

Егер төңіректе иммобилизация үшін ыңғайлы зат кездеспесе, зақымдалған аяқ−қолды сау аяқ−қолға байлап тастау керек.

Санның сүйегі сынған кезде ең жақсы көлік шинасы Дитерикс шинасы болып табылады. Шина ұзындығын оңай өзгертуге болатын екі ағаш шинадан тұрады және бұрамасы бар ағаш өкшеден тұрады. Бұл шинаны киімнің үстіне қояды және ағаш өкшені сырқат аяқтың табанына байлаудан бастайды. Зардап шегушінің бойына қарай шинаның сыртқы жағы (ұзын) сабы мен қолтықтың арасына тіркелуге тиіс. Ал оның қарсы жағы өкшеден 12-15 см шығуы қажет. Бүйірдегі шинаны әуелі ағаш өкшенің ілгек арқылы өткізеді, содан кейін шаптың төңірегімен қолтықтың астына қояды. Өкшенің астына шинаның төсемдері қиғаш тақтайшамен бекітіледі. Шинаны аяқ пен денеге енді бинтпен, белбеумен, орамалмен және т. б. орайды. Табан сирақ және тізе төңірегендегі сүйектің шығыңқы жері не мақта түйнегін немесе мата орамын қояды. Ағаш өкшеден саптың түйістіретін қуысына мықты екі қабат бау өткізеді оны байлау арқылы аяқ−қолды түзейді.

http://portal.agun.kz/e-books/content/UJU87kSguJMfYSfMNdj6/picture/13.bmp
13−сурет. Сан мен сирақ сынған кезде иммобилизациялау

Омыртқаның сынуы − қатерлі жарақаттардың біреуі. Омыртқа жоталары жарақаттанған кезде омыртқаның өзінің зақымдануы ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұндай сырқаттардың тағдыры көп жағдайда оқиға орынында көрсетілген алғашқы көмекке байланысты. Жұлын буын сабақтары мен омыртқа денелерінен құрылған арнайы қуыста орналасқан. Омыртқа жотасы зақымданған кезде жұлын зақымдалуы мүмкін. Бұл көбінесе ауыр жағдайға алып келеді.

Омыртқаның мойын тұсының жарақаттануы аса қауіпті. Жұлын, әсіресе оның жоғары тұстары деңгейіндегі зақымданған кезде кеуденің тыныс талшықтарының салдануы пайда болады, оның нәтижесінде тыныс алу тарылады.

Жарақат кезінде жұлын мен оның қатпары сыдырылуы, қысылыуы және үзілуі мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек- жұлының зақымдануы аса қауіпті, сондықтан аса қажетсіз жағдайда оны мазалауға болмайды. Егер омыртқаның маңайында жара болса, оны тазартқыш таңғышпен жабады. Омыртқасы сынған зардап шегушіні омыртқаны бүгілтпейтін қалқаны бар, ал егер арнайы шина жоқ болса, сырқатты екбетінен жатқызады.

Омыртқаның мойын тұсының зақымданғаны хақында күдік болса, бас пен мойынды қозғалтпау керек. Бұл үшін стандартты шиналар қолданады. Уақытша Шанц жағасын пайдалануға болады. Мұндай жағаны даярлау үшін көлемі кемінде 90х40 см қалың мақта (қалыңдығы 2 см дейін) қажет. Мақтаны екіге бүкітейді және оны мойынға, иек пен желкеге нығыздап бекітеді. Осындай тәсілмен жасалынған жағаны жұмсақ бинтпен мықтап байлайды. Жағаны кесілген картон қаңқасын арасына сала отыра барынша қаттырақ жасауға тырысу керек.

Иммобилизациялаудан, қатты байлайтын жаға қоюдан, зардап шегушіні сауатты тасымалдаудан басқа ауруды әлсірету немесе жазу үшін шаралар қабылдау аса маңызды.

Зардап шегушіні тыныштандыру үшін оған валериан тұнбасынан 20 тамшы, аналгин, димедрол ішкізген дұрыс.

Жүрек тамыр жолдарының әлсіреуін ескерту қажет. Бұл үшін сырқатқа валокордин, корвалол, кордиамин сияқты жүрек дәрмектерін беру қажет. Зардап шегуші жақсы қымталуға және суықтан қорғалуға тиіс. Оның аяқтарын орамалға бүктелген ыстық жылытқы мен ыстық су құйылған шөлмек арқылы жылыту қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек
Есінен танған адамға, жарақаттанған кездегі алғашқы жәрдем және диагностикасы.Қан кету кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы. Травмалық шок кезіндегі алғашқы жәрдем
Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы
Электр тоғының адам организміне әсері
Дербес компьютердің жұмыс істеу қауіпсіздігі мен ережелері
Халықты көшіру және таратып орналастыру жолымен қорғау
Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Өлім туралы куәлікті толтыру ережесі
Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Талма жағдайына ұшыраған жануарды емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz