Зертханалық жануарлардың инфекциялық аурулары



1) Жануарлардың инфекциялық аурулары.
2) Жұқпалы аурулар
3) Жұқпалы аурулардың түрлері
4) Инфекцияның түрлері.
5) Қорытынды
6) Пайдаланған әдебиет
Ауылшаруашылық малдарында кездесетін аурулардың арасында ең жиі кездесетіні – инвазиялық аурулар. Оларға қарсы малдарды дәрілеуді оңтайлан-дыру қазіргі уақытта ветеринарлық шаралардың ішінде ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі ауылдық жағдайда асау, жүген - құрық тимеген жылқыны, қойлар мен ірі қараны жекелеп дәрілеу қол күші мен айтарлықтай уақытты талап етеді. Осы мәселеге байланысты, ауылдық жағдайда дегельминтизациялауды сататын, семіртетін малда өткізіп, қалған малдар гельминтозбен өздері ғана ауырып қоймай, инвазия көзі болып қала береді. Нәтижесінде инвазиялық аурулардың таралу деңгейі артады.Осы кемшіліктерді ескере, біз арнайы технологиямен дайындалған антгельминтті препарат қосылған азықтық - емдік қоспаның ықшамды түрлері шығарып, олардың гельминтоздарға қарсы тиімділігін малдарды еркін топтау әдісімен дәрілеп анықтау мақсатын алдымызға қойдық.
Қолданылған тәсілдер мен жабдықтар. Азықтық - емдік қоспаның екі ықшамды түрі (альбендазол, фенбендазол) «Цесна - Астық» концернінің құрама жем дайындайтын зауыты жағдайында арнайы технологиямен дайындалды. Бұл қоспалардың мал гельминтоздарына тиімділігін анықтау Қарағанды мен Ақмола облыстарының шаруа қожалықтарында жүргізілді. Зерттеуге 493 жылқы мен 1468 қой басы қамтылды. Алдын ала мал нәжістерін паразитологияға мәлім копроовоскопия, копролярвоскопия әдістерімен зерттелініп инвазия экстенсивтіліктері анықталды [1]. Дәрілеген соң препарат тиімділігін анықтау үшін нәжіспен бөлінген гельминттерді қарау, яғни гельминтокопроскопия және копроовоскопия әдісімен (асқазан – ішек жолдарында гельминттер қалған жағдайда) нәжіспен бөлінген гельминт жұмыртқаларын зерттедік. Емдік қоспалардың экстенстиімділік көрсеткіштері дәрілегеннен кейін 5 және 7 күндері зерттелінді.
1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993. ISBN 5-630-0283-X
2. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.
3. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1) Жануарлардың инфекциялық аурулары.
2) Жұқпалы аурулар
3) Жұқпалы аурулардың түрлері
4) Инфекцияның түрлері.
5) Қорытынды
6) Пайдаланған әдебиет



Зертханалық жануарлардың инфекциялық аурулары
Жануарлардың инфекциялық аурулары. Ауылшаруашылық малдарында кездесетін аурулардың арасында ең жиі кездесетіні - инвазиялық аурулар. Оларға қарсы малдарды дәрілеуді оңтайлан-дыру қазіргі уақытта ветеринарлық шаралардың ішінде ең өзекті мәселелердің бірі. Себебі ауылдық жағдайда асау, жүген - құрық тимеген жылқыны, қойлар мен ірі қараны жекелеп дәрілеу қол күші мен айтарлықтай уақытты талап етеді. Осы мәселеге байланысты, ауылдық жағдайда дегельминтизациялауды сататын, семіртетін малда өткізіп, қалған малдар гельминтозбен өздері ғана ауырып қоймай, инвазия көзі болып қала береді. Нәтижесінде инвазиялық аурулардың таралу деңгейі артады.Осы кемшіліктерді ескере, біз арнайы технологиямен дайындалған антгельминтті препарат қосылған азықтық - емдік қоспаның ықшамды түрлері шығарып, олардың гельминтоздарға қарсы тиімділігін малдарды еркін топтау әдісімен дәрілеп анықтау мақсатын алдымызға қойдық.
Қолданылған тәсілдер мен жабдықтар. Азықтық - емдік қоспаның екі ықшамды түрі (альбендазол, фенбендазол) Цесна - Астық концернінің құрама жем дайындайтын зауыты жағдайында арнайы технологиямен дайындалды. Бұл қоспалардың мал гельминтоздарына тиімділігін анықтау Қарағанды мен Ақмола облыстарының шаруа қожалықтарында жүргізілді. Зерттеуге 493 жылқы мен 1468 қой басы қамтылды. Алдын ала мал нәжістерін паразитологияға мәлім копроовоскопия, копролярвоскопия әдістерімен зерттелініп инвазия экстенсивтіліктері анықталды [1]. Дәрілеген соң препарат тиімділігін анықтау үшін нәжіспен бөлінген гельминттерді қарау, яғни гельминтокопроскопия және копроовоскопия әдісімен (асқазан - ішек жолдарында гельминттер қалған жағдайда) нәжіспен бөлінген гельминт жұмыртқаларын зерттедік. Емдік қоспалардың экстенстиімділік көрсеткіштері дәрілегеннен кейін 5 және 7 күндері зерттелінді.
Зерттеу нәтижелері. Жалпы алғанда, аталған екі облысқа қарасты шаруа қожалықтарының малдары, соның ішінде қойлары арасында трихостронгилидоздар, нематодоздар мен мониезиоз тіркелгендігі анықталды (кесте 1).
1-кесте. Қарағанды мен Ақмола облысы қойларының гельминтоздарға шалдығу көрсеткіші
Облыс, аудан, ЖШС
Мал басы
Инвазия экстенсивтілігі, %:

Трихострон-гилидоздар
Нематодироз
мониезиоз
Ақмола обласы
ЖШС Құлагер
137
11281,7
3928,5
6446,7
Приреченский аа
188
17190,9
7841,4
3920,7
Интернациональный аа
119
7462,2
2420,2
119,2
Торғай аа
228
11650,9
4620,1
3716,2
ЖШС Қаратомар
37
37100,0
2156,8
1129,7
ЖШС Мухамеджанов
151
13891,4
6744,4
4831,8
ЭИ облыс бойынша
860
67878,8
27531,9
21024,4
ИИ

12-261
14-78
7-64

Кесте деректерінен қараса трихостронгилиде тұқым өкілдерімен қой басының 86 % үлесінің дерттенгендігін көруге болады. Сонымен бірге, Ақмола облысы қойларының 78,8 % дерттенсе, Қарағанды облысы бойынша бұл көрсеткіш 94,4 % құрайды. Ғылымға қой стронгилят-тарының ең қауіпті туыстары нематодир мен гемонхтар екендігі белгілі. Сондықтан, нематодироздың орташа есеппен алғанда 31,9 % қой үлесін қамтуы оның келесі жылдары, емдік шаралар жүргізілмеген жағдайда, қозылардың арасында өлім - жітімнің артуына әкеліп соқтыратынын айтады. Копролярвоскопиялық зерттеулердің қысқа мерзім аралығында жүргізілмеуіне байланысты гемонхоздың таралу деректері алынбады. Ал жалпы алғанда басқа гельминтолог ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша бұл инвазия қой арасында 12 - 39 % қарқында тіркеледі [2]. Сондай - ақ, екі облысқа қарасты жеті шаруа қожалықтарының бәрінде бірдей мониезиоздың 9 - 46 % аралығында болуы аталған терри-торияның топырақ құрамында орибатид кенелерінің тіршілігімен байланыстыруға болады. Осы аталған гельминтоздың сонымен қатар биылғы жылы туған қозылардың арасында таралғандығы анықталды. Ал жылқылардың асқазан - ішек жолдарын 84 % дейін стронгилятоздар мен 64 % оксиуроз жайлаған (кесте 2).

2-кесте. Жылқылардың гельминтоздарға шалдығу көрсеткіші
Облыс, аудан, ЖШС
Мал
басы
Инвазия экстенсивтігі, %:

стронгилятоз
параскаридоз
оксиуроз

ЖШС Отканжар
Нура ауданы
139
123 89,1
36 26,3
83 29,6

ЖШС Қойгелді-
Астық, Аршалы
ауданы
113
95 84,4
21 17,9
113 100,0

Торгай аа
Ерейментау ауданы
60
47 78,8
16 26,9
24 40,3

ЖСК Құлагер
Астана қаласы
28
14 50,1
7 26,3
17 29,6

ЖШС Суюров,
Целиноград ауданы
86
78 91,1
15 17,9
49 56,9

ЖШ Қаратомар
67
54 81,2
18 26,9
27 40,3

Барлығы
493
411 83,4
113 22,9
313 63,5

Жылқылардың 4 жасқа дейінгілерінің 22,9 % параскаридозға шалдыққан және клиникалық зерттеу барысында олардың қоңдылығы төмендегені мәлім болды. Азықтық - емдік қоспа түрлерінің қой гельминтоздарына қарсы тиімділігін анықтау 199 бас қойды - фенбендазол қосылған және 1096 қой басын альбендазол қосылған қоспа түрлерімен дәрілеу арқылы жүргізілді (кесте 3).

3-кесте. Қойларды азықтық - емдік қоспа түрлерімен дәрілеу нәтижесі
Ауыл атауы
Мал басы
АЕҚ түрі
Экстенстиімділігі (%)

стронгилятоздар
мониезиоз
1
2
3
4
5

Софиевка ауылы
69
АЕҚф
82,4
-

Торғай ауылы
103

84,9
-

Қойгелді ауылы
27

81,8
-

ЭТ топ бойынша, %
199

83,0
-

Қойгелді ауылы
344

88,3
79,4

Торғай ауылы
242
АЕҚа
92,4
84,2

Интернациональный а.
119

87,3
91,3

Қаратомар ЖШС
201

100,0
100,0

1
2
3
4
5

Суюров ШҚ
190

98,6
96,6

ЭТ топ бойынша, %
1096

93,3
90,3

Кесте деректерінен қой трихостронгилидоздарына қарсы фенбендазол мен альбендазол араластырылған азықтық - емдік қоспалардың тиімділіктері тиісінше 83 % және 93,3 % құрады, яғни бұл екі препарат стронгиляттарға бірдей әсер етеді, ал мониезиозда АЕҚа түрінің әсері 90,3 % малды сауықтырса, фенбендазолы бар АЕҚ түрінің мониезиозға қарсы тиімділігі болмады. Азықтық - емдік қоспалардың жылқы гельминтоздарына әсерін анықтау мақсатымен 154 жылқы мен 80 жылқы басы, АЕҚф мен АЕҚа нұсқаларын қолдана жүргізілді.
Жұқпалы аурулар -- зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек инфекция деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі -- баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.[1]Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз -- ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) -- бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді.Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.
Жұқпалы аурулардың түрлері. Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo - жұқтыру) - 1)тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел; 2) осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы. Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін "миазмалар" себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян" атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 - 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 - 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 - 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды. Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. - су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. - ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері - ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек - сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдың клиникалық зерттеу, мәліметімен танысу
Иттердегі парвовирустық энтериттің сипаттамасы
Бұзаудағы вирустық пневмонияның өтуі
Бауыр ауруларының түрлері
Инфекциялық ауруларды клиникалық балау
Ірі қара малдардың инфекциялық ринотрахеиті
Ауру мен ауырғаннан кейінгі анамнезі
Ірі қараның обасы
Дәрістерді өткізу әдістемесі
Құстардың инфекциялық ларингиті
Пәндер