Сауран қаласы


Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сауран қаласы

2010 ж. ақпан айында «Қазқайтажаңғырту» мемлекеттік республикалық мекемесі жасаған тапсырысқа сәйкес, сол жылдың 15 сәуірінен 15 шілдесі аралағында (3 ай) «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының Археология және ескерткіштерді қорғау бөлімі Сауран қаласының солтүстік қақпасында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын.

Алайда, солтүстік мұнараның іргесі толық аршылмай қалды. Оны әрі қарай жалғастырудың сәті биыл түсті.

Аталмыш нысанда Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Археология ғылыми зерттеу орталығы (М. Елеуов) 2005 - 2007 жыл. аралығында, «Түркістан археологиялық қызметі» ЖШС-гі 2009 ж. қазба жұмыстарын жүргізген. Бұлардың алғашқысы қақпа артындағы дәліз құрылымын зерттеп оның төрт құрылыс қабатынан тұратындығын анықтаған және қақпа алдындағы ор мен қарсы жағадағы көпірге қатысты құрылыстардың үстіңгі бөлігін аршыған. Сонымен бірге солтүстік мұнараның іргесін бекіткен қыш қаландысын үш метр тереңдікке дейін, ал көпір тіреуіші мен кейінгі жағалық тіреуіштерді 0, 7 -1, 3 мтереңдікке дейін аршып зерттеген. Алайда, кейінгі жағалық тіреуіштерді толық ашпағандықтан олардың не үшін салынғанын анықтай алмаған. 2008 ж. қазба жұмыстары жүргізілмеген, ашылған құрылыстар уақытша профнастилмен жабылған.

2009 ж. қазба қайтадан ашылып «Түркістан археологиялық қызметі» ұжымының (Е. Смағұлов) зерттеушілері О. Н. Лушпенко мен С. Ильястың алдына көпірдің орталық және жағалық тіреуіштерін аршып зерттеу мен оларды тұмшалау (консервация), қайта қалпына келтіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау міндеті қойылған. Нәтижесінде, қазба жұмыстары тек көпірге қатысты аумақта ғана жүргізіліп жағалық тіреуіштің үстіңгі 1 м. бөлігі аршылған және кейінгі көмекші тіреуіштер алынып тасталған. Сонымен бірге, көпір құрылысының нобайы компьютерлік тәсілмен қайта қалпына келтірілген және уақыт жетпеуіне байланысты істелінбей қалған жұмыстар, әрі қарай жалғастырылуы тиіс зерттеу жұмыстары, аршылған құрылыстарды тұмшалау, қайта қалпына келтіруге байланысты ұсыныстар жасалған. Жоғарыда атап өткен «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес Сауран қаласының солтүстік қақпасында жүргізген жұмысымызды 2011 ж. мамыр айының 1-нен маусым айының 15-не дейін тағы да жалғастырып, қақпаның солтүстік мұнарасының қалып кеткен іргесін толық аршып зерттедік. Жұмыс барысында 20 нумизматикалық жәдігер мен керамика, тас, темір құралдары табылды. Жалпы көлемі 252 шаршы метрлік қазба5 мтереңдікке дейін түсіріліп, мұнара іргесінің 2010 ж. аршылмай қалған 12 - мк бөлігі толық аршылды.

Археологиялық қазба жұмыстарын бастамас бұрын, 2005-2007 жж. 2009-2010 жж. қазба барысында шығарылып тасталған қыш сынықтарынан қазба орынын тазартып алуымызға тура келді. Тазалау барысында Александр ІІ патшаның инициалы түсірілген жеке белгісі мен оның тәж бейнесі бар, 1866 ж. Санкт-Петербургте соғылған мыс тиын табылды. Сірә, бұл тиын ХІХ ғ. соңында қалаға келген жолаушы қалтасынан түсіп қалса керек .

Сауран қаласы, солтүстік қақпаның қазіргі көрінісі Археологиялық қазба жұмысын Y-ярустан бастап жүргіздік, алайда, бұл қабаттан ешнарсе шықпады. YІ-ярустан бетіндегі жазулары жақсы сақталмаған мыс тиын табылды, бұған қоса ХYІІІ ғ. жоңғарлар пайдаланған Қытай зеңбірегінің снаряд қалдығы көптеп шықты. Қазба әрі қарай тереңдетіліп топырақ шығару қиындап бара жатқан соң YІІ-ярустан бастап сатылап түсуімізге тура келді. Қазбадан түсіп шығу қиын болғандықтан, әрі арба қоятын жеріміз тарылып бара жатқандықтан сатылап, YІІІ-ярусты қорғаныс қабырғасының іргесінен бастап қаздық. Нәтижесінде, ХYІ ғ. бояулы ыдыс сынықтары және жазулары өшіп кеткен мыс тиын табылды.

Қазба барысында жоғарыға арбамен топырақ алып шығу үшін саты ретінде қалдырып кеткен YІІІ-ярус қабатынан қалған топырақ бөлігін аршуды жалғастыра отырып, қазбаның шығыс бұрышынан ІХ-ярус деңгейінде жұмыс бастап кеттік. Бір күректен соң-ақ, жер қыртысы қатайып майда тас аралас, күл, топырақ пен қыш, ыдыс сынықтары, мыс тиындар, ұсақ пұлдар көптеп шықты. Шамамен30 смқалыңдыққа дейін күл, топырақ оның үстінен майда қиыршық тас төселуіне қарағанда, сірә, бұл кезеңде жоңғарлар қаланы басып алып, қалаға емін-еркін кіріп шығу мақсатында топырақпен орды көмген секілді. Ордың ішіндегі күл - қоқыс арасынан ХYІІІ ғ. жоңғарлар пайдаланған Қытай зеңбірегінің жалпиып-жайылып кеткен темір оқтары, ХY-ХYІ ғғ. Бұхарада соғылған мыс тиындар мен, сырлы ыдыстар бөліктері табылды.

ІХ-ярус қабатын қазбаның шығыс бұрышынан батыс бөлігіне дейін толық аршып біткен соң, Х-ярус қабаты жұмысын бастап кетті. Қазбаның солтүстік бөлік жағасын терең қаза түскенімізде бір бетінде геометриялық ою- өрнегі бар, Отырар және Түркістан ақша сарайларында соғылған пұлдар және ХY-ХYІ ғғ. «Бұхара» деген ақша сарайы атауы сақталған, басқа жазулары өшіп кеткен тиын табылды. Сонымен қатар, бұл ярустан қыш ыдыстар жасайтын шеберлердің құралдары (сепоялар) көптеп шықты.

Қазба ХІ-ярусқа жеткенде, ХYІ ғ. Абдолла ханның әскерлері атқан зеңбірегінің оқтары табылды . Сондай-ақ, 3 мыс тиын шықты. Тазаланған екі тиынның беттері тот басып кеткен, жазулары оқуға келмейді. Ал екі жағы доғалданып төртбұрышты болып келген тиынның жазбасының ізі көмескі сақталған. Тараз ақша сарайы атауын бергенге ұқсайды.

ХІІ-яруста қорғаныс қабырғасын қаптаған қыш қаландысының бетіне жабысқан топырақты жоғарыдан-төмен қарай тазалап түстік. Нәтижесінде, қорған қабырғасының Орталық бөлігі су өтіп құлағаны байқалды. Сонымен қатар, ор тереңдеп, қазба тарыла түскен соң, оның солтүстік жағасын көлбеу жағдайға келтіріп алуға шешім қабылдадық. Тазалау жұмыстары біткен соң қазбаны ары қарай жалғастырып төмен түскенімізде ХІІІ-ярус деңгейінен ХІY ғ. сырлы ыдыстары шыға бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саурандағы археологиялық қазба жұмыстарының жүргізілуі және зерттеулер барысынданда аршылған нысандар
Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихын жазба, қазба деректері негізінде зерттеу
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
ХVI-XVIIғ. Қазақ халқының этникалық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz