Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы маңызы



1 Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер
2 Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)
3 Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы
3 Тірі организмдердің өсуі мен дамуы
Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер:
• химиялық құрамының біркелкілігі,
• заттар мен энергияның алмасуы,
• құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,
• көбею,
• тұқым куалаушылық,
• өзгергіштік,
• өсу мен даму,
• тітіркенгіштік,
• дискреттілік (оқшаулану),
• өзін-өзі реттеу,
• ырғақтылық қасиеттер де тән.
Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады. Тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т.б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%-ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге — көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі ағзалардың тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі азғалар құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі ағзаларда белгілі бір қызмет атқарады.Тірі ағзалардағы ондай органикалық қосылыстардың негізгі тобына — нуклеин қышқылдары — ДНҚ, РНҚ жатады. бұл косылыстар тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп, тірі азғалар тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.Нәруыз құрылымыТірі азғалар құрамындағы органикалық қосылыстардың екінші тобына — нәруыздар (ақуыздар) жатады. Нәруыздар жасуша құрамындағы кейбір органоидтердің құрамына кіреді әрі биологиялық өршіткі (катализатор) қызметін атқарады.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Химиялық элементтердің тірі және өлі табиғаттағы маңызы
Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер:
* химиялық құрамының біркелкілігі,
* заттар мен энергияның алмасуы,
* құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,
* көбею,
* тұқым куалаушылық,
* өзгергіштік,
* өсу мен даму,
* тітіркенгіштік,
* дискреттілік (оқшаулану),
* өзін-өзі реттеу,
* ырғақтылық қасиеттер де тән.
Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады. Тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т.б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%-ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге -- көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі ағзалардың тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі азғалар құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі ағзаларда белгілі бір қызмет атқарады.Тірі ағзалардағы ондай органикалық қосылыстардың негізгі тобына -- нуклеин қышқылдары -- ДНҚ, РНҚ жатады. бұл косылыстар тірі ағзалардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері арқылы ұрпақтарына беріліп, тірі азғалар тіршілігін үнемі жалғастырып отырады.Нәруыз құрылымыТірі азғалар құрамындағы органикалық қосылыстардың екінші тобына -- нәруыздар (ақуыздар) жатады. Нәруыздар жасуша құрамындағы кейбір органоидтердің құрамына кіреді әрі биологиялық өршіткі (катализатор) қызметін атқарады.

көмірсулар
Органикалық қосылыстардың үшінші тобына -- көмірсулар мен майлар жатады. Олар ағзаларды қажетті энергиямен қамтамасыз етеді және биологиялық мембрана мен жасуша қабықшасының құрылымдық құрамын түзуге қатысады.
Тірі организмдердегі заттар мен энергияның алмасуы (метаболизм)

Метаболизм
Метаболизм гректің "metabole" сөзінен алынған, "өзгеру", "алмасу" деген ұғымды білдіреді. Қоршаған орта мен тірі азғалар арасында үнемі заттар мен энергия алмасу процесі жүреді. Зат алмасу кезінде тірі азғалар өздеріне қажетті қоректік заттарды сіңіріп, тіршілік әрекетінен пайда болған ыдырау өнімдерін сыртқа шығарады. Өлі табиғатта да зат алмасу болады. Өлі табиғаттағы зат алмасу кезінде заттар бір орыннан екінші орынға тасымалданады немесе бір күйден екінші күйге ауысады. Мысалы, топырақтың шайылып тасымалдануы, судың буға не мұзға айналуы, т.б. Тірі ағзаларда жүретін зат алмасудың сапалық жағынан өлі табиғатта болатын зат алмасудан үлкен айырмашылығы болады. Тірі азғалар қоршаған ортадан түрлі заттарды қабылдап, өзінің тіршілігіне кажетті заттарға айналдырады және сол арқылы тіршілігін сақтайды. Бұл процесс анаболизм (пластикалық алмасу немесе ассимиляция) деп аталады. Ол грекше "anabole" -- "өрлеу" деген ұғымды білдіреді. Зат алмасудың екінші кезеңі -- катаболизм (энергетикалық алмасу немесе диссимиляция) деп аталады. Ол грекше "Katabole" -- ыдырау (бұзылу) деген ұғымды білдіреді. Катаболизм процесінде азғалар денесіндегі күрделі органикалық қосылыстар карапайым заттарға ыдырайды да, сол ағзаның тіршілігіне қажетті энергия бөлінеді. Заттар мен энергия алмасу аркылы тірі ағзалардың ішкі ортасының құрамына кіретін заттар мөлшерінің өзара тұрақтылығы камтамасыз етіледі.
Тірі организмдердің құрылымдық деңгейінің біркелкі болуы
Барлық тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігін жасуша құрайды. Жасушаның құрылысын және оның құрамындағы әрбір органоидтердің атқаратын қызметін естеріңе түсіріңдер.
Тірі организмдердің көбеюі
Тірі азғалар көбею арқылы ұрпақ қалдырып, өз түрінің тіршілігін үнемі жалғастырып отырады. Тірі ағзалардың көбеюі кезінде ДНҚ молекулалары арқылы әрбір ағзаның өзіне тән белгілері ұрпақтарға беріледі. ДНҚ-ның бір молекуласынан екі еселену аркылы бір-біріне өте ұқсас әрі бастапқы белгісін дәл қайталайтын екі орамды молекулалар тізбегі түзіледі. Тірі ағзалардың көбеюі тікелей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
Өсімдік географиясы
Биосфераның құрамдас бөлігі
Биосфера – ғаламдық экожүйе
Экология ғылымы туралы түсінік
СИНЭКОЛОГИЯ (Қауымдастықтар экологиясы). ЭКОЖҮЙЕ КОМПОНЕНТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАЛАРЫ
Химия және табиғатты қорғаудың экологиялық мәселелері
Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері
Вернадский ілімі туралы ақпарат
ТОПЫРАҚ БИОЛОГИЯСЫ
Пәндер