Экологиялық проблемалар жайында



1.Кіріспе
2.Экология
3.Әлемдегі экологиялық проблемалар
4.Қала экологиясы
5.Қорытынды
6.Пайдаланылған әдебиетт
Экономикалық тұрғыда дамыған елдерде соңғы онжылдықтарда адамзат денсаулығының жағдайы елеулі дәрежеде өзгерді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайларында өнеркәсіп жедел өсуде. Бұл жағдай өз кезегінің урбанизация үрдісін тудырады. Урбанизация – қалалану – латын сөзі. Ол тұрғындар мен экономикалық өмірдің қалаларда шоғырлануын және сол қалалар саны мен аумағының өсуін білдіреді.
Қазіргі жағдайларда адаманың қоршаған ортамен өзара қатынасының күрделі және жиірек қарама-қарсылық сипаты ерекше мағыналы болып келеді. Қалалар мен қалалық тұрғындар саны өсуі – заңдылық үрдіс. Ол тұрғындар, өндірістік қаражаттар, қоғамдық байлық, өкімет пен мәдениеттің кеңістіктік шоғырлануы болып жатқан қалаларда өндірістік күштерді тиімді дамытуға және кадрлық ресурстарды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.
Қалалардың өсуі мен дамуы экологиялық-канализациялау, су өткізу торабы, жылумен қамтамасыз ету; өндірістік және қоғамдық білім беру мен денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік – көлік пен байланыс, инфрақұрылымдарының өрістеуіне ықпал етуде.
Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар аймақтарында тұрғындар жақсы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, кейбір қалалардың ауа бассейндерінде денсаулық үшін зиянды заттардың шоғырлануы белгіленген нормативтерден бірнеше есе артады. Сондықтан адамның тіршілік етуіне қолайлы (оптимальды) орта тудыру жөнінде мәселе туындайды.
Қалалық тұрғындар санының, қалалардың, әсіресе ірі қалалардың өсуі адамзат өркениеті дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. 20-ғасырда миллион тұрғынды қалалар саны 10 есе өсті. Қазіргі уақытта алып қалалар санына Мехико (28 млн. адам), Шанхай (26 млн. адам), Сан-Паулу (22 млн. адам) және басқалары кіреді. Қалалық тұрғындар саны да күрт өзгерді: 1830 жылы 11 %-дан 1989 жылы 46 %-ға дейін.
Бұрынғы КСРО қарамағында болған біздің Республикада қалалық тұрғындар саны 1926 жылы – 18 %, 1940 жылы – 33,0 %, 1959 жылы – 48 %, 1986 – 66,0 % және 1989 жылы – 51,0 % құрады.
Қазіргі урбанизация – біртұтас алғанда қоғамның жаңа өркениет түріне өтуін сипаттайтын фундаментальдық қоғамдық үрдістердің бірі. Бұл өндіруші күштер (индустриализация мен ғылыми-техникалық прогресс) және өндірістік қатынастар (қоғамдық-экономикалық формациялар) дамуының тарихи заңдылық үрдістері.
1. Бозшатаева Г. Т.,Оспанова Г. С. «Экология». Алматы – 2002
2. Бродский А. К. «Жалпы экология». Алматы – 1997
3. Жатқанбаев Ж. Ж. «Экология негіздері». Алматы – 2003

Жоспары
1.Кіріспе
2.Экология
3.Әлемдегі экологиялық проблемалар
4.Қала экологиясы
5.Қорытынды
6.Пайдаланылған әдебиетт

Кіріспе
Экономикалық тұрғыда дамыған елдерде соңғы онжылдықтарда адамзат денсаулығының жағдайы елеулі дәрежеде өзгерді. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайларында өнеркәсіп жедел өсуде. Бұл жағдай өз кезегінің урбанизация үрдісін тудырады. Урбанизация - қалалану - латын сөзі. Ол тұрғындар мен экономикалық өмірдің қалаларда шоғырлануын және сол қалалар саны мен аумағының өсуін білдіреді.
Қазіргі жағдайларда адаманың қоршаған ортамен өзара қатынасының күрделі және жиірек қарама-қарсылық сипаты ерекше мағыналы болып келеді. Қалалар мен қалалық тұрғындар саны өсуі - заңдылық үрдіс. Ол тұрғындар, өндірістік қаражаттар, қоғамдық байлық, өкімет пен мәдениеттің кеңістіктік шоғырлануы болып жатқан қалаларда өндірістік күштерді тиімді дамытуға және кадрлық ресурстарды орынды пайдалануға мүмкіндік береді.
Қалалардың өсуі мен дамуы экологиялық-канализациялау, су өткізу торабы, жылумен қамтамасыз ету; өндірістік және қоғамдық білім беру мен денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік - көлік пен байланыс, инфрақұрылымдарының өрістеуіне ықпал етуде.
Қазіргі уақытта еліміздің бірқатар аймақтарында тұрғындар жақсы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, кейбір қалалардың ауа бассейндерінде денсаулық үшін зиянды заттардың шоғырлануы белгіленген нормативтерден бірнеше есе артады. Сондықтан адамның тіршілік етуіне қолайлы (оптимальды) орта тудыру жөнінде мәселе туындайды.
Қалалық тұрғындар санының, қалалардың, әсіресе ірі қалалардың өсуі адамзат өркениеті дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. 20-ғасырда миллион тұрғынды қалалар саны 10 есе өсті. Қазіргі уақытта алып қалалар санына Мехико (28 млн. адам), Шанхай (26 млн. адам), Сан-Паулу (22 млн. адам) және басқалары кіреді. Қалалық тұрғындар саны да күрт өзгерді: 1830 жылы 11 %-дан 1989 жылы 46 %-ға дейін.
Бұрынғы КСРО қарамағында болған біздің Республикада қалалық тұрғындар саны 1926 жылы - 18 %, 1940 жылы - 33,0 %, 1959 жылы - 48 %, 1986 - 66,0 % және 1989 жылы - 51,0 % құрады.
Қазіргі урбанизация - біртұтас алғанда қоғамның жаңа өркениет түріне өтуін сипаттайтын фундаментальдық қоғамдық үрдістердің бірі. Бұл өндіруші күштер (индустриализация мен ғылыми-техникалық прогресс) және өндірістік қатынастар (қоғамдық-экономикалық формациялар) дамуының тарихи заңдылық үрдістері.

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс -- әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай - ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.Адамды құтқару дегеніміз - ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе - көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс.
Адамға табиғат экономикасы -- ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым - қатынастарын, сандық және сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді.
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардын ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте - бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратын анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 - 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. Осындай көрініс біздің қалаға тән құбылыс.Осындай құбылыстардын қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері, өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кздеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі - тұман деген мағына береді. Фотохимиялық тұман өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай - ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес шет елдің мемлекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды ыдыратып улы қоспалар түзеді.
Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді.
Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде - бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыру емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшіріп, сынақ өткенше бір жеті халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді - кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды - жасылды оттарды көріп тамашалаған. Сол адамдардан күні бүгін біреуі де қалмай барлығы өліп қалған.
Қазіргі кезеңде адамның экологиялық ортасы -- қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қала ортасы адамның басты санасы - оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық - түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, тұрмыстық химияландырылуы, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы.Осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатада.
Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиға жағдайда өткізуге тырысады.
Адамның денсаулағының төмендеп ауыруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауы мен қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде ір түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Көптеген қалалар экологиялық апат аймағы деген мәртебеге ие болған. Соның ішінде Өскемен қаласын алуға болады. Әр түрлі аурулар қаптап, балалар жарымжан болып туу да. Осының бәрі осы экологияның бұзылу себебі. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы күннен-күнге құлпырып, өркендеп келеді. Дегенмен, бұл қуаныштың көлеңкесінде қайғылы дерт тұрғанын білеміз бе? Себебі, Өскемен атмосферасы сан жылдар бойы көк түтіннен көз ашпай келеді. Мұның бәрі адам денсаулығына зиян. Қолғасынның өзін алатын болсақ, алдымен жүйке жүйесін зақымдайды, содан кейін іш құрылысындағы мүшелердің жұмысын бұзады. Адам психикасына да кесірі бар. Радикация да солай.Өкпе, жүрек сырқаттарына шалдығып, қан қысымы жоғарылаған адамдар саны күннен-күнге өсуде. Улы газға булығып өмір сүріп келе жатқан Өскемен тұрғындарының тағдыры өзі бір үлкен жағдай. Сондықтан, адам экологиясы мемлекет көлемінде талқыланатын үлкен мәселе деп ойлаймын.
Ауаны таза ұстаудың шаралары
Адамға табиғат берген байлықтың бірі -- атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш Нитрон іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шыратын лас зиянды газдардың көлемін 1,5 -- 2 есе азайтуға мүмкіншілк туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістеіі шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.
Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы, Алматыда 600 кішкентай пеш жойыл-са, оныц 155-і 1970 -- 1973 ж. ж. келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте -- 7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы каласын қоспағанда республикамызда 1970 -- 1973 жылдары 276 пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті.
Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973 -- 1975 жылдары облыс орталықтарында Қазақавтотехникалық қызмет көрсету ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау жобаланды.
Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды.Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды шаңдар 54,2% корғасын -- 68,6% күкірт ангидриді -- 17,2% азайды. Балқаш кен-металлургия комбинатында -- 41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға шығатын цемент мөлшері -- Юесе, Өскеменнің титан-магний ком-бинатында ауаға шығатын хлордын, мөлаіері 1,8 есе қыс-қартылды.
Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлык мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде.
Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың қосоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр.
Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан 8-9 есе асып кеткен, ал азоттың қосоксиді, шаң күкірт ангидриді барлық ендіріс орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін темендеген.
Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы, Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды. Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар мен технологиялық газды өңдеу және тазарту қондырғыларын салуға қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылған. Үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде барлығы 144 кәсіпорынның жұмысына жақсы деген баға берілді.
Республикада сағатына 19 миллион текше метр шаңды сорып алатын жаңа қондырғылар іске қосылды. Ауаны ластауға себепші болып отырған Алматы қаласындағы 72 ұсақ пештер жабылып, олардың орнына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Озон қабатының таусылу проблемалары
Ғаламдық экологиялық проблемалар. озон қабаты
География сабақтарында және сабақтан тыс кезде оқылатын экология мәселелері
Экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын айқындау
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер
Экологиялық тәрбие жүргізу және оның мәні
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
Пәндер