Климат және оның жіктелуі


Климат және оның жіктелуі

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Климаттың аудандастыру негіздері. Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ, жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу зандылықтарын, климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттін климатқа әсерін зерттейтін географияның аса маңызды саласын климатология деп атайды. Климатты жалпы географиялық заңдылықтар тұрғысында зерттеу XIX ғасырдан басталған. Климатология ғылымының қалыптасып дамуына орыс географы А. И. Воейков, неміс жаратылыс зерттеушісі, географы А. Гумбольдт және орыс климатологы В. Кеппен зерттеулері негіз болды.

XX ғасырда климатты аудандастыруға В. Kerneмен орь с географы әрі биологі Л. С. Берг алғашқы қадам жасады. В. Кеппен Жер шары климатын жіктеуде температура мен ылғалдың әркелкілігін негізге алған. Осыған сәйкес, ол Жер шарын 5 климаттық белдеуге бөлді. Бұл аудандастыру климаттың тек сыртқы беттеріне негізделгендіктен, климат қалыптасуының заңдылықтарына ене алмады.

Б. П. Алиссетын чгимзтъч аудандастыруы атмосфера циркуляциясының заңдылықтарына негізделген. Ғалым Жер шарын 7 негізгі, 6 өтпелі климаттық белдеуге жүктеген. Негізгі климаттық белдеулердің шекарасы жыл бойы басым болатын ауа массаларының орнымен анықталады. Мысалы, экваторлық белдеуде жыл бойы экваторға ауа массасы басым болады. Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулігінде орналасады және мұнда екі түрлі ауа массасы жыл ішінде алмастырады. Субэкваторлық белдем қыста тропиктік, ал жазда экваторлық, ауа массаларының ықпалында болады. Климаттық белдеулердің шекарасы ретінде атмосфералық негізгі (климаттық) фронттардың қыс пен жаздағы ең шеткі орнын алады. Б. П. Аписовтың аудандастыруында климаттың белдеу ішіндегі өзгерістері де тексерілген.

Субэкваторлық белдеу экваторға жалғас жатқан екі жарты шардың, шамамен, 5° және 20° ендіктер аралығын алып жатыр. Географиялық орнына байланысты температуралық режімі экваторлық белдеуден аса үлкен айырмашылық жасамайды. Температура жыл ішінде екі рет (көктем, күз) жоғарылап, екі рет (қыс пен жаз) салыстырмалы түрде төмендейді. Қыс пен жаздың температура айырмашылығы 5°С-қа дейін жетеді. Әсіресе, бұл айырмашылық құрлық үстінде айқынырақ байқалады. Ауа массаларының жыл ішінде алмасуына байланысты субэкваторлың белдеудің жазы экваторлық белдеуге, ал қысы тропиктік белдеуге ұқсас. Өйткені, жазда экваторлық муссондар аса мол ылғал, ал қыста құрлық үстінен соғатын тропиктік муссон құрғақ ауа өкеледі. Сол себепті жазы ылғалды, қысы салыстырмалы түрде құрғақ болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты субэкваторлық белдеу климатын экваторлық немесе тропиктік муссондық климат деп атайды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері көбінесе 2000 мм-ден аспайды. Бірақ экваторлық муссондардың тау беткейлеріне тірелетін бөліктерінде жауын-шашынның мөлшері күрт көбейеді. Мәселен, Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекеніне Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең жоғары көрсеткіші тән, мұнда жылына 12 000 мм-ден астам жауын-шашын түседі. Мұнда экваторлық муссондардың енуіне байланысты жаздың 4 айында жылдық жауын-шашынның 90%-дан астамы түсіп үлгереді. Мәселен, тек шілде айында ғана 2 464 мм жауын-шашын түссе, желтоқсан айында оның мөлшері бар-жоғы 9 мм ғана болады.

Тропиктік белдеу жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады және тропиктер үстіндегі орнына сәйкес, сондай-ақ бұлттылықтың төмен болуына байланысты күн жылуын аса мол алады. Жылдық радиациялық баланс көрсеткіші 2 520 -102 - 2940 -102 Дж/см2-ге дейін жетеді. Мұнда жазда ауа массаларының температурасы өте жоғары, ал қыста салқынырақ. Әсіресе, мұндай климаттық жағдай ішкі континенттік беліктерге тән, ондағы орташа айлық температуралық амплитуда 20° шамасында, ал тәуліктік ауытқу 40°-ка дейін жетеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жаз кезінде 30%-дан артпайды. Себебі тропиктік ауа массалары, әдетте, өте құрғақ болып келеді. Өйткені 10- 12 км биіктіктің өзінде әкватор аймағынан тропиктерге бағытталған ауа ылғалы едәуір азайған күйде келеді. Ауа төмендеген сайын қызып, бұрынғысынан да құрғақ бола түседі. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғары қысым, төмендеген ауа қозғалысы басым, жаңбыр құрлықтың жазық бөліктерінде ғана емес, ашық мұхит үстінде де өте сирек жауады. Сондықтан тропиктік белдеулерде Жер шарындағы аса ірі континенттік шөлдер: Сахара, Арабия, Калахари, Виктория орналасқан. Белдеудің батыс жағалық бөліктерінде климаттық жағдай мүлде өзгеше, ауа температурасы төмен (18-20°), жылдық жауын-шашын мөлшері (100 мм), салыстырмалы ылғалдылық көрсеткіші аса жоғары (80-90%) болғанына қарамастан өте төмен. Оған мұхиттар үстіндегі субтропиктік жоғары қысым орталықтарынан соғатын желдер мен суық ағыстардың үстінен келетін салқын өрі ылғалды ауа массалары әсер етеді. Тұманды ауа райы өте жиі, бриз желдері тұрақты соғады. Мұндай климаттың тропиктік жағалық шөл климаты деп аталатыны сендерге мәлім. Ол шөлдерге мысал келтіріндер.

Тропиктік белдеудің шығыс жағалауы климаттық жағдайдың біршама қолайлылығымен ерекшеленеді. Жағалау бойымен жылы ағыстардың өтуіне байланысты батыспен салыстырғанда температура біршама жоғары, жауын-шашын мол. Тау беткейлерінде жылына 1500-2000 мм жауын-шашын түседі.

Субтропиктік белдеудің жазы тропиктік белдеуге өте ұқсас. Антипиклондық режім басым болады. Тропиктік белдеуге қарағанда субтроттктер күн жылуын 20%-дай аз алады (2100 -102 - 2520 •102Дж/см2-ге дейін), сондықтан климаттың маусымдық сипаты айқынырақ байқалады. Қыс кезінде циклондың әрекеттер жиі қайталанады. Белдеу бойынша батыстан шығысқа жүрген сайын климаттың ішкі айырмашылықтары күшейеді. Батыс жағалық бөліктерге жазы құрғақ, қысы ылғалды болатын субтропиктік жерортатеңіздік климат сипаты тән. Құрлық ішіне енген сайын климат континентті сипат алады (мұндай климат жағдайлары тән болатын ірі шөлдерді картадан табыңдар) . Материктердің батыс жағалауында климат муссондың сипатқа ауысады. Қыс салыстырмалы түрде озық әрі құрғақ, ал жаз ыстық, ылғалды.

Қоңыржай белдеулерде жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады, тропиктік белдеулермен салыстырғанда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады (ол неліктен?) . Қоныржай климаттық белдеу әсіресе солтүстік жарты шарда өте көлемді болады, сондықтан радиациялық баланс солтүстігінде 1260-102 Дж/см2-ден оңтүстігінде 2100102 Дж/см2-ге дейін жоғарылайды. Температура белдеу ішінде солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай өзгереді. Әсіресе қысқы температура құрлықтың ішкі аудандарында антициклондық режім әсерінен күрт төмендейді. Мұның әсерінен Еуразияда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орналасқан (карта бойынша оның орны мен температуралық көрсеткіпітерін анықтаңдар) .

Жауын-шашынның жылдық мөлшері, жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай aуa ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашын күрт азаяды. Ал Материктің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығыска қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай континенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.

Субарктикалық және субантарктикалық белдеулер оңтүстік жарты шардың поляр маңы аудандарын алып жатыр. Мұнда жылдық радиациялық баланс 630-102 Дж/см2-ден 924-102 Дж/см2-ге дейін өзгереді Жазда қоныржай, қыста арктикалық және антарктикалық ауа массалары басым болады. Жазы салыстырмалы түрде жылы, бірақ қысқа болады, қысы өте қатал. Жылдық, температуралық амплитуда аса үлкен емес. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ден аз, көбінесе қатты күйде түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоалуандылық және түрлер жіктелуі
Жайылма аллювиальді - шалғынды топырақтардың жіктелуі
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Ауарайы мен климаттық гигиенаның манызы
Тропиктік белдеулер топырақтары қызыл топырақ - топырақ түрі
Жер бетінің бедері
Табиғи - аумақтық кешендер
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Инвестицияның ұғымы, түрлері және жіктелуі
Аккумулятор батареялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz