Организмдердің тіршілік формалары



1 Серебряковтың классификациясы
2 Бұталар
3 Бұташықтар
4 Жартылай бұталар мен жартылай бұташықтар
5 Поликарпты шөптесінөсімдіктер
6 Монокарпты шөптесін өсімдіктер
7 Пайдаланған әдебиет
Ол тіршілік формасы деп, онтогенез (аналық жүмыртқаның үрықтанганынан бастап, тіршілігінің соңына дейінгі особьтың жеке дамуы) кезінде ортаның белгілі бір жагдайларында өсіп-дамыған белгілі бір топтардағы өсімдіктердің қабысуын (ағзаның сыртқы көрінісін) атайды И.Г.Серебряков жер үсті өркендерінің құрылымы мен өмір сүру ұзақтығына байланысты өсімдіктерді 4 бөлімге және 8 типке бөлді:
• 1 бөлім. Ағашты өсімдіктер (ағапггар, бұталар, бұташықтар);
• 2 бөлім. Жартылай ағашты өсімдіктер (жартылай бұталар және жартылай бұташықтар);
Ағашты тіршілік формаларға бүкіл өмір бойы сақталатын сүректенген діңгегі бар көпжылдық өсімдіктер жатады. Барлық ағаштар - негізінен ылғалды, аз мөлшерде шөлейтті жерде өсетін, экваторлық белдеуден қоңыржай салқын аймақтарға дейш кездесетін өсімдіктер. Олардың арасында діңгегі үнемі тік жоғары өсетін (ортотропты), мысалы, емен, жөке, терек және т.б. кең тараган өсімдіктер бар. Ылғалдылығы жоғары және мерзімі қысқа, біршама салқын температурада (субарктикалық және субальгалық климатта) өседі: ағаштардың (кәдімгі шетен) бірнеше діңгектері болады. Өсімдік 3-5 діңгекті топ ағаш сияқты болып келеді. құрғақ, орманды далалы және саванналарда өсетін ағаштардың діңгектері әдетте қысқа болады. Кейбір ағаштардың жерге төселіп жатып өсетін формалары да кездеседі (мысалы, аршаның кейбір түрлері). мұндай ағаштар ызғарлы суық желді, қысы ұзақ, жазы салқын жерлерде (орманның солтүстік жағында, таудың субальпі белдеуінде) өседі.
Бұталар[өңдеу]
Бұталар тіршілік формаларының түрлері өте көп. Бұл өсімдіктер ұзындықтары шамалас көптеген діңгекті болып келеді. Негізгі діңгек көп өмір сүрмейді немесе уақыт өте келе басқа діңгектерден айырмашылығы болмай қалады. Барлық діңгектер (негізгі және жанама) 2-3 жылдан 20-30 жылға дейін өмір сүре береді. Әдетте бұталардың биіктігі 0,5-0,8 метрден 5-6 метрге дейін жетеді. бұталар барлық жерде дерлік кездесе бергенімен, солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың қоңыржай-жыл және тропиканың шөлейтті жерлерінде өсімдіктер қауымдастығының негізін құрайды (итмүрын, бөріқарақат, аюбадам және т.б.).
Бұташықтар[өңдеу]
Бұташықтар - ағашты өсімдіктер тіршілік формаларының бір типі. Сабақтарының биіктігі 5-7 см-ден 50-60 см-ге дейін жетеді. Негізгі өркен қысқа уақыт қана тіршілік етеді (3-7 жыл). Оның орнын сүректенген жанама жер асты өркендері басады. Жаңадан өсіп келе жатқан түп алғашында жер астында столон сияқты топырақ бетімен паралель өсіп (плагиотропты), сосын тік жоғары, яғни ортотропты өсе бастайды. Бүл формалар негізінен қоңыржай салқын, салқын және биік таулы жерлерде өседі (итбүлдірген, қарамық, қазанақ, көкжидек).
1. Jump up ↑ Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - ISBN 9965-32-223-6

Организмдердің тіршілік формалары
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Организмдердің тіршілік формаларыӨсімдік немесе жануардың қоршаған ортаның жағдайларына байланысты бейімделген сыртқы келбеті түрдің тіршілік формасы болып табылады. Бір-бірімен туыс емес организмдер бірдей жағдайда тіршілік етуте бейімділе отырып ұқсас белгілерге де ие болады (морфологиялық бейімделу). Организмнің тіршілік ету ортасының экологиялық жағдайларына бейімделуін ағзалардың тіршілік формалары (экобиоморфа) деп атайды. Бір тіршілік формаларына жататын азғалар әртүрлі экологиялық топтарға жатуы мүмкін. Мысалы, Asarum europaeum және Alchemilla vulgaris өсімдіктері тіршілік формалары бойынша қысқа тамырсабақты өсімдіктерге жатады. Егер оларды экологиялық классификация тұрғысынан қарастырсақ, мысалы жарыққа байланысты, онда Asarum - көлеңке сүйгіш, Alchemilla - жарық сүйгіш өсімдік. Ал ылғалдылыққа байланысты екі өсімдік те мезофиттерге жатады. Тіршілік формалары деп шығу тегі әртүрлі, бірақ бірдей жағдайда тіршілік ететін, экологияльщ-морфологиялык бейімделушіліктері ұқсас ағза (өсімдіктер немесе жануарлар топтарын атайды.
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формалары әртүрлі, сәйкесінше олардың классификациялары да әртүрлі. Өсімдіктердің тіршілік формалары туралы ұғымды алғаш рет 1806 жылы неміс ғалымы А.Гумбольдт қолданды.
Мазмұны
[жасыру]
* 1 Серебряковтың классификациясы
* 2 Бұталар
* 3 Бұташықтар
* 4 Жартылай бұталар мен жартылай бұташықтар
* 5 Поликарпты шөптесінөсімдіктер
* 6 Монокарпты шөптесін өсімдіктер
* 7 Пайдаланған әдебиет
Серебряковтың классификациясы[өңдеу]
Ол тіршілік формасы деп, онтогенез (аналық жүмыртқаның үрықтанганынан бастап, тіршілігінің соңына дейінгі особьтың жеке дамуы) кезінде ортаның белгілі бір жагдайларында өсіп-дамыған белгілі бір топтардағы өсімдіктердің қабысуын (ағзаның сыртқы көрінісін) атайды И.Г.Серебряков жер үсті өркендерінің құрылымы мен өмір сүру ұзақтығына байланысты өсімдіктерді 4 бөлімге және 8 типке бөлді:
* 1 бөлім. Ағашты өсімдіктер (ағапггар, бұталар, бұташықтар);
* 2 бөлім. Жартылай ағашты өсімдіктер (жартылай бұталар және жартылай бұташықтар);
Ағашты тіршілік формаларға бүкіл өмір бойы сақталатын сүректенген діңгегі бар көпжылдық өсімдіктер жатады. Барлық ағаштар - негізінен ылғалды, аз мөлшерде шөлейтті жерде өсетін, экваторлық белдеуден қоңыржай салқын аймақтарға дейш кездесетін өсімдіктер. Олардың арасында діңгегі үнемі тік жоғары өсетін (ортотропты), мысалы, емен, жөке, терек және т.б. кең тараган өсімдіктер бар. Ылғалдылығы жоғары және мерзімі қысқа, біршама салқын температурада (субарктикалық және субальгалық климатта) өседі: ағаштардың (кәдімгі шетен) бірнеше діңгектері болады. Өсімдік 3-5 діңгекті топ ағаш сияқты болып келеді. құрғақ, орманды далалы және саванналарда өсетін ағаштардың діңгектері әдетте қысқа болады. Кейбір ағаштардың жерге төселіп жатып өсетін формалары да кездеседі (мысалы, аршаның кейбір түрлері). мұндай ағаштар ызғарлы суық желді, қысы ұзақ, жазы салқын жерлерде (орманның солтүстік жағында, таудың субальпі белдеуінде) өседі.
Бұталар[өңдеу]
Бұталар тіршілік формаларының түрлері өте көп. Бұл өсімдіктер ұзындықтары шамалас көптеген діңгекті болып келеді. Негізгі діңгек көп өмір сүрмейді немесе уақыт өте келе басқа діңгектерден айырмашылығы болмай қалады. Барлық діңгектер (негізгі және жанама) 2-3 жылдан 20-30 жылға дейін өмір сүре береді. Әдетте бұталардың биіктігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Организмдердің орта жағдайларындағы морфологиялық – экологиялық адаптациялары
Жалпы экология
Экологиялық факторлар, факторлардың организмге әсері
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру
Экологиялық факторлар және бейімделу
Популяция
Өсімдіктерді жіктеу принциптері
Экологиялық факторлар
Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер
Эволюциялық процесстің заңдылықтары
Пәндер