Даосизм білім туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Даосизм философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Даосизмнің онтологиялық (болмыс) мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 9
Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Даосизмнің моральдық, әлеуметтік.саяси көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемлекеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұстанымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Біздің заманымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:
1.Серік Мырзалы. Философия. Оқулық баспа.-Алматы: «Бастау»,2008.
2. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.
3. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2002.
4. Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және мәдениеттану. А, 2002.
5. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. – Алматы, 1994.
6. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Алматы энергетика және байланыс университеті

Радиотехника телекоммуникация және байланыс факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Реферат

Тақырып: Даосизм білім туралы

Орындаған: РЭТк-15-02 тобының ст. Қали Е.А.
Қабылдаған: доц. Нұрпейіс Е.М.

Алматы, 2017
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Даосизм философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
Даосизмнің онтологиялық (болмыс) мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
Даосизмдегі дүниетанымдық мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13

Кіріспе

Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемлекеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұстанымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Біздің заманымыздан бұрын VIII -- VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

1. Инь және Ян мектебі.
2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.
3. Моистер мектебі.
4. Атаулар мектебі.
5. Заңгерлер мектебі.
6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).

Қытай философиясы -- Қытай халқының дәстүрлі философиялық білімдер жүйесі. Жаңа дәуір басында Қытайға таралған Махаяна буддизмі даосизммен бірігіп, Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық буддизмді (чань-буддизм) құрады. Елдің әлеуметтік-мемлекеттіл құрылымының түбірлі өзгеруі нәтижесінде мемлекет басқаруға философтарды қатыстыру мен философтар академия құрудың өзі ертедегі Қытайда философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді. Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6 - 5 ғ.) негізін қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін арттыруға себеп болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазының этикалық, әлеуметтік, онтологиялық-гносеолды түсініктерін дамытты. Бір-біріне қарама-қарсы ілімді Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты о бастан қайырымды; адамгершілік, ақылдылық, данышпандық, әділеттілік адамға дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша, адам табиғатынан - зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады, ал жақсы қасиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің арқасында ғана сіңеді. Мэн-цзы адамгершілікпен басқару (жэнь чжэн) теориясын жасаса, Сюнь-цзы басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз халқын бағынышта ұстауда деп есептеген. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алған Мо-цзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, баршаның мейірбандылығы принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге айналған Тәңір құдіретіне сенуді жоққа шығарды, мемлекет басқару орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына байланысты тағайындаған дұрыс деп санады. Ол қарапайым халықты ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ мүддеге шақырды. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасты. Бұл ілім Дао дэ цзин, Чжуан-цзы атты кітаптарда баяндалған. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық дао (жол) бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің моральдық ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Б.з.б. 1 ғасырда Қытайда буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда буддизм қытайлық филосафия дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді уағыздаушылар өздерінің қарсыластарымен пікірталас кезінде буддизм ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, қытай философиясын буддизм тұрғысынан талдады. Буддизм даосизм философиясының табиғилық, әрекетсіздік, барлық заттардың теңдігі туралы идеяларын қабылдап, өз ілімін жетілдірді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен, оның кейбір элементтерін бойына сіңірді. Даосизм буддизмнің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір түріне айналып, философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты (3 ғ.). Конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік-рационалистік рухын бойына сіңіруі нәтижесінде неоконфуцийшілдік пайда болды (12 ғ.). Неоконфуцийшілдік ілімінің тууына Ван Тун, Хань Юй, Ли Ао идеялары себепкер болды. Бұл ілім алдына негізгі 2 міндетті қойды: конфуцийшілдік ілімді қалпына келтіру және буддизм мен даосизм көтерген мәселелерді нумерологияның методологияның көмегімен шешу. Бұл мәселені бірінші болып шешуге тырысқан Чжоу Дуньидің идеялары жүз жылдан соң Чжу Си шығарм-нда шешімін тапты. Чжу Си ілімі 20 ғасырдың басына дейін конфуцийшілдік ілімді түсіндірудің негізі болды. Кейін оның ізбасарлары дамытқан конфуцийшілдік ілімі жаңадан пайда болған мемлекет басқарудың бюрократиялық түрінің ерекше құқықтарына теория негіз болып, мемлкет ресми идеологияға айналды. 17 - 18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэн-цзының киелі кітаптарына түсіндірмелері.

Даосизм философиясы
Даосизм (қытайша дао цзяо" - жол ілімі") б.з.б. ІV-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди (Сары император") ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алады, ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзынікі деп саналатын Жол мен ізгіліктер туралы канонда" (Дао-дэ-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) Чжуан-цзыда" баяндалады.
Тұтас жүйе ретіндегі даосизм Лэ-цзы" (б.з.б. ІV-ІІІ ғғ.) және Хуаинань-цзы" (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм - адамға қоршаған әлемнің сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) - ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Даоны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған және соңында даоға қайта оралады. Дао - бұл барлық нәрсе, сонымен қатар ол еш нәрсе де емес; ол - мәңгілік және шексіз; даоның аты да заты да жоқ болғанмен, ол - бәріне есім мен атау беруші бастама. Дао - беймәлім, оны сезім органдары арқылы танып білу мүмкін емес, ол уақыт пен кеңістік аясын қажет етуден ада. Даоның нақты көрінісі тек дэ" (ізгілік) күші арқылы ғана байқалады: егер дао барлығын жаратушы болса, дэ - қоректендіруші. Тақуа мақсаты - даоны тану, ол оны ғарыш үйлесімділігі" - адамның табиғатпен қауышуы деп түсінеді.
Даосизм философиясының мәні - бес алғашқы элементтер (топырақ, ағаш, металл, от және су) туралы ілім болып табылады. Осы алғашқы элементтерден әлем құралған. Ал элементтердің өзі киден" (алғашқы материя) бастама алып, элементтердің негізін құрайды деп түсінілген.
Даосизмнің тағы бір негізгі ұғымы әрекеттенбеу" (у-вэй") - табиғи әлемдік тәртіпке кереғар келетін мақсаттық әрекетті терістеу, табиғи үйлесімділікті бұзбау, табиғат дамуына араласпау, адамның табиғилығын ұстану, қандай күйде жаратылса, сол күйде болу. Басынан жаратылған нәрсені өзгертуге тырысу ұмтылысын жоққа шығаратын әрекеттенбеу қағидатына сүйенген ел билеушісі Аспан асты елін тәртіпке келтіріп, мемлекетті басқарған, толқулардың алдын алған. Даосизм ғарыштағының бәрін бір тұтастық ретінде қарастырады, қарама-қайшылықтарды үйлестіруге талпынады.
Чжуан-цзы" бойынша өмір мен өлім жалпылама метаморфозалардың тек сатылары ғана. Универсум сияқты кіші әлем - адам да мәңгілік. Оның физикалық тәні өлгенде рухы әлемдік арнаға" сіңеді. Өмір бастауы ретіндегі даомен бірігу, діни пайымдау, тыныс және гимнастикалық жаттығу, жыныстық тазалық, алхимия және с.с. арқылы ғана мәңгілікке жетуге болады.
Тақуа-даошылар табиғат аясына кетіп, үйлесімділікке жету үшін онымен тұтасуға талпынды. Ажалды жеңу мен ұзақ өмір сүру үшін кем дегенде, біріншіден, рухты қоректендіру" қажет. Даошылар адамды көптеген рухтардың мекені, құдіретті күштердің шоғырлануы ретінде қарастырады. Тәндік рухтардың осы жүйесіне аспандық иерархия сәйкес келеді. Аспандағы рухтар адамның жақсы-жаман істерін тізіп, санап, өмір ұзақтығын анықтап, өсиеттерді орындауға, ізгі болуға шақырады. Ұзақ өмір сүрудің екінші шарты тәнді қоректердіру" - қатаң диета сақтау және организмге тіршілік дарытатын эфирді тарататын тыныс гимнастикасын жасау болып табылды.
Ұзақ өмір сүру мен мәңгілік өмір сүру идеяларын уағыздау даошыл магтар мен уағыздаушыларға халық арасында және император алдында үлкен бедел әкелді. Олар жаңа діннің негізін қалап қана қоймай, сонымен қатар мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін дәрілер мен эликсирлер жасайтын алхимияны" дамытты. Сондай-ақ даошылдар астрология, бал ашу, геомантия, магия және дерт шалған адамды айықтыруға септесетін медицинамен айналысты.
Көне даосизмнің философиялық ұстанымдары ортағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даосизмнің көрнекті өкілдері Гэ Хун (VІ ғ.), Ван Сюаньлань (VІІ ғ.), Ли Цюань (VІІІ ғ.), Тянь Цяо (Тянь Цзиншэн) (X ғ.), Чжуан Бодуань (XІ ғ.). Конфуцийшілдік білім алған интеллектуалды элита да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты ұнады, табиғатпен тұтасуда творчестволық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас, әсіресе, Хань династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі барысында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдерге аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.
Магия және физиогномистикамен байланысқан оккульттік даосизм халық бұқарасын өзіне тартты, сол себепті ол билік тарапынан қарсылыққа ұшырады. Билік одан көтерілісшіл-эгалитарлық дәстүр ұшқынын сезді. Даолық көзқарастар құпия қауымдардың идеялық негізіне (Ұлы теңдік жолы", Ақ лотос ілімі" және т.б.) және шаруалар көтерілісінің жебеушісіне айналды (мысалы, 184 жылғы Сары орамалдылар" көтерілісі).
Барлық адамдардың анасы, туылмаған Ана-Сиванму құдайының мекені - Батыс жұмағы туралы ілімді дамытқан даошылар, баршаның теңдігі және әлеуметтік әділеттілік идеясын негіздеді. Емшілер мен көріпкелдер де осы идеяларды жақтағандықтан, олар көпшілікке кең таралды.
Даолық дін көне анимистік нанымдарды, Көкке табынуды және әулие даналар культін өзіне қабылдады. Ортағасырлық даосизм қытайдың рухани мәдениетімен тығыз байланыста болды. Даошылар күнәһарлар жаны жазаланатын әзәзілдер патшалығы мен әділетті жандар үшін дайындалған құдайлар мекендейтін аспан бар деп сенді. Орта ғасырларда мәңгілік туралы ілім ұзақ өмір культіне, ал өмір бастауы ретіндегі дао доктринасы көп балалық культіне және т.б. айналды.
Құдайлар иерархиясына аңыздық ел билеушілерді, мифтік батырлар мен даналарды, конфуцийшілдіктің көрнекті қайраткерлерін, тарихи тұлғаларды қабылдаған даолық пантеон синкретизмнің айқын көрінісі болып табылды. Халық арасында әділеттілік пен ізгі істі жақтайтын сегіз мәңгілік данышпан тұлғалары кең таралды (оларға адамдық және сиқырлық қасиет тән деп саналды).
ІІ ғасырда Аспан ұстаздарының жолы" деп аталатын Чжан Даомин (І-ІІ ғғ.). негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу құқын иеленеді. Оның Көктен түскен ұстаз" титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. ІV ғасырда Жоғары тазалық" және Рухани асыл қазына" атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымдау тәсілдеріне көп көңіл бөлді.
ІV-VІ ғасырлардан бастап даолық ілімінің көптеген қағидалары қайта қарастырылып, ресми мәртебеге ие болды. Біртіндеп кең ауқымды иерархиялық канон жасалды. VІІ-VІІІ ғасырларда монахтық институттар мен монастырлар, VІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде көптеген мектептер қалыптасады, солардың бірі - кемелденген ақиқат ілімі" осы күнге дейін жетті.
Кейінгі даошылар өз ілімін мемлекеттік дінге айналдыруға талпынды. Олар буддалық үлгідегі өсиеттерді жинақтап, ізгі адамдардың игі істері мен қызметтерінің тізімін жасады. Мемлекетке опасыздық жасау мен көтеріліс жасағаны үшін қатал жазалар қолданылды. Тан әулеті өз тегін ресми құдайландырылған Лао-цзыдан бастады.
Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайваньда, Сянганда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті тұрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да қудалауға ұшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, әсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Белсенді әрекет ететін Қытай құдайлары пантеонында шаман - медиумдар, галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастырлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады. Қытайдағы Даосизм ілімін ұстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы" жұмысын қайта жандандырған.
Кореяға даосизм Лао-цзы мен Чжун-цзы идеяларымен бірге орта ғасырда үш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Даосизм ілімі
Даосизм ілімінің өткені мен бүгіні
Ежелгі Үнді және Қытай философиясы туралы
Философиядағы адам мәселесі жайлы
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
Диндер
Дүние жүзілік діндер тарихы
Ежелгі Қытай еліндегі саяси ойларды қарастыру
Дүниеге көзқарас туралы ақпарат
Митру құдайы
Пәндер