Ұсақтау және үгіту үрдісі


Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
А) Ұсақтау және үгіту үрдісі.
Б) Пайдалы кенді ұсақтау.
3. Қорытынды
Кіріспе.
Байыту фабрикалары қолданылатын өңдеу үрдістеріне байланысты ұсақтап-сорттаушы, жуу, гравитациялық, флотациялық, магниттік байыту және біріктірілген технологиясы бар болып бөлінеді. Пайдалы қазбаларды өңдеу кешенділігінің қазіргі талаптарына сай біріктірілген технологисы бар байыту фабрикалары көп қолданылады.
Байыту фабрикаларына келетін шикізат кесектері үлкен өлшемді (ашық таулы өндіру үшін 1200-1500 мм, ал жер асты өндіру үшін 600-800 мм) болғандықтан ұсақтау мен кішірейту бірнеше сатыда жүргізіледі. Ұсақтау үрдістерін грохоттау операцияларымен, ал кішірейту үрдістерін жіктеу операцияларымен қосып жүргізген дұрыс. Бұл кезде Чеччота деген принцип сақталады, яғни артық ештене ұсақталмайды, классттың ірілігі бойынша үрдістен дайын өнімді уақытында шығарып алу, бұл өнімнің өте қатты кішірейіп кетпеуін болдыртпайды, электр энергиясын үнемдейді және уатқыш пен тартқыштың қызмет көрсетуін ұзартады.
Байыту фабрикасында біріншілік өңдеу үрдісінде минералды шикізат бірінен кейін бірі және бір-бірімен байланысты операциялардан өтеді, оларды төртке бөлуге болады:
1) Дайындық.
2) Негізгі байыту.
3) Қосымша (құрғату, қоюландыру және кептіру) .
4) Өндірістік қызмет көрсету үрдістері (сумен, ауамен және электрмен қамтамасыз ету, кенді және өнімдерді тасымалдау және т. б. ) .
Дайындық үрдістеріне байыту үрдісіне қажет бағалы компоненттерді ашуға және материалды ірілігі бойынша жеткізуге бағытталған ұсақтау және кішірейту операциялары және ірілік класстары бойынша алынған механикалық қоспаны бөлу үшін қолданылатын грохоттау және жіктеу операциялары жатады.
Ұсақтау, кішірейту деп бөлшектердің бір-бірімен ішкі байланысу күшін жоюға бағытталған сыртқы күштердің әсерінен қатты денелердің бұзылу үрдісі аталады.
Кенді дайындау үрдісінің сипаттамасы
Ұсақтау және үгіту үрдісі.
Ұсақтау және үгіту үрдісі минералды шикізатты бізге қажет ірілігіне байланысты алу үшін қолданамыз. Бұл үрдісте шикізат сыртқы әрекет күшіне ұшырайды. Құрамы өзгереді, сынықтар пайда болады. Қысу, созу, майыстыру, жылжыту кезінде өнім құрамы өзгеріске ұшырайды.
Ұсақтау және үгіту әдістері арқылы өнім негізі қалпына келмейтін өзгеріске ұшырайды.
Бұзу әдісінің негізі:
- езу - бұл қысу кезінде пайда болатын бұзу, 1. 7, а-суретте көрсетілген.
- жару - бұл созу кезінде пайда болатын бұзу, 1. 7, б- суретте көрсетілген.
- ұру - өнімге динамикалық салмақ түскен кезде пайда болатын бұзу, 1. 7, в - суретте көрсетілген.
- уатылу - жылжыту кезінде пайда болатын бұзу, 1. 7, г - суретте көрсетілген.
- сыну - майысу кезінде пайда болған бұзу, 1. 7, д- суретте көрсетілген.
Үгіту әдісі кеннің физикалық қасиетіне байланысты болады. Кең қолданылатын бұзу әдістері:
- қатты кен үшін - ұру, езу;
- сынғыш кен үшін - жару және сыну;
- тұтқыр кен үшін - уатылу.
Ірі кенді үгітіп қирату жару және езу, ал орташа және ұсақ кенді үгітіп қирату уатылу және сындыру әдісімен жүзеге асады.
1. 7-сурет - Кенді бұзу әдісінің негізі
Ұсақтау және үгу кезінде пайдалы кеннің физикалық, механикалық құрамына байланысты болады. Олар: беріктілік, ұсақталу, үгілу.
Беріктілік - бұл сыртқы күш әсер еткенде қиратылуға жол бермейтін мүмкіншілікті айтамыз.
Үгілу - бұл жалпы параметр, үгілу үрдісінің энергия сыйымдылығымен сипатталады. Үгілу үрдісінің энергия сыйымдылығы пайдалы кеннің механикалық құрамына байланысты болады, бұлар: иілгіштік, беріктілік, ылғалдылық.
Үгіту құрылғысының жіктелуі.
Үгілу - бұл жалпы параметр, үгілу үрдісінің энергия сыйымдылығымен сипатталады. Үгілу үрдісінің энергия сыйымдылығы пайдалы кеннің механикалық құрамына байланысты болады, бұлар: иілгіштік, беріктілік, ылғалдылық.
Пайдалы кенді ұсақтау.
Байыту фабрикаларында шикізатты ұсақтау үшін барабан типті ұнтақтағышты қолданады, 1. 9-суретте көрсетілген.
1. 9-сурет - Барабан типті ұнтақтағыштың жалпы пішіні
Ұнтақтағыштың жіктелуі.
Пайдалы кенді қирату әдісіне байланысты:
- аэродинамикалық;
- механикалық ұнтақтағыш: барабан, ролик, диск типті.
Барабан типті ұнтақтағыш мынадай пішіндерден тұрады:
- цилиндрлі;
- цилиндрконусты.
Барабан типті цилиндрлі ұнтақтағыш:
-қ ысқа (L≤D) ;
- ұзын (L=2-3D) ;
- құбырлы (L≥3D) .
Барабан типті ұнтақтағыш қозғалуына байланысты сипатталады:
- Айналмалы ұнтақтағыш - қозғалыс көлденең ось бойымен жүреді;
- вибрациялық ұнтақтағыш - тербелмелі қозғалыста болады;
- орталық ұнтақтағыш - орталықтан сыртқа тебуші күш әсерінен қозғалысқа ұшырайды.
- өзекті - ұсақтау ортасы, құрыш өзегінің ұзындығы 6 м;
- өздігінен ұсақталу - ұсақтауға түскен кеннің ірі бөліктері;
- жартылай өздігінен ұсақталу - ұсақтауға түскен кеннің ірі бөліктері және қосымша.
Бақылау елеуі тек ұсақ ұсату сатысында қолданылады. Қосымша
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz