Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
«Құқықтану» мамандығының студенті
жазған дипломдық жұмысына
ПІКІР
Студент өз жұмысын «Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу» тақырыбы бойынша дипломдық жұмысты орындаған. Тақырып жоспары 3 тараудан тұрады. Жұмыстың бірінші тарауында жер қатынастарының түсінігі, оның сипаты, түрлері мен қағидалары, соның арасында жерді пайдалану құқығы саласындағы жер қатынастарының мазмұны туралы мәселелер қамтылған.
Дипломдық жұмыстың екінші тарауында, яғни негізгі бөлімінде жерге жеке меншік құқығы мен жерді пайдалану құқығы туралы мәселелер орын алған.
Тақырыптың келесі тарауында жер учаскілерінің меншік иелері, жер пайдаланушылардың жер учаскілерін пайдалану кезінде құқықтары мен міндеттері, олардың тоқтатылу тәртібі, жер учаскілерін және жерді пайдалану құқығын кепілге салу тәртібі, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мәселелері ашылған.
Дипломдық жұмыс қойылған талаптарға және тапсырмаға сәйкес орындалған.
Студент теориялық және тәжірибелік білімін ұштастырып, жұмыс бойынша ҚР нормативтік - құқықтық актілерді қолданып, тәжірибеден алынған мысалдарды келтіре отырып жазған.
Сонымен, «Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу» тақырыбына орындалған дипломдық жұмыс жақсы орындалған және қорғауға жіберуге болады.
Дипломдық жұмыс жетекшісі,
РЕЦЕНЗИЯ
Дипломант «Құқықтану» мамандығының студенті жазған дипломдық жұмысы «Қазақстандағы жер қатынастарын құқықтық реттеу» институтының шығармашылық жұмысы болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Автор өз жұмысында жер қатынастарының анықтамасы мен мазмұнын, жер кодекс бойынша жер құқық қатынастарының түсінігі және сипаттамасы, жер құқық қатынастарының түрлері туралы пікірлер мәселесін анықтаған.
Студент жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және өзгеде заттық құқықтар соның ішінде жерге меншік құқығы және жер пайдалану құқығы негіздеріне баса назар аударған.
Дипломдық жұмыс жаңа арнайы әдебиеттерді пайдаланып жер учаскілерінің меншік иелері жер пайдаланушылардың жер учаскілерін пайдалану кезінде құқықтары мен міндеттері, соның ішінде жер учаскесі мен жерді пайдалану құқығын кепілге салу, жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығы және өзге де заттық құқықтарды тоқтату және жерді пайдалану туралы Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес нормативті заң актілеріне сүйеніп жазған.
Негізгі қарастырылып жатқан жер қатынастарын құқықтық реттеу мәселелеріне анализ жасалынған.
Дипломдық жұмыс әдістемелік талаптарды дұрыс пайдаланған және жақсы деген бағамен бағаланады.
Жоспар:
Кіріспе . . . 3
I тарау. Жер құқық қатынастарының түсінігі, сипаттамасы,
түрлері және қағидаттары . . . 6
1. 1 Жер құқық қатынастарының түсінігі және сипаттамасы . . . 6
1. 2 Жер құқық қатынастарының түрлері . . . 15
1. 3 Жер құқық қатынастарының қағидаттары . . . 18
1. 4 Жер пайдалану құқығы саласындағы жер құқық
қатынастарының мазмұны . . . 22
II тарау. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және
өзге де заттық құқықтар . . . 27
2. 1 Жерге меншік құқығы . . . 27
2. 2 Жер пайдалану құқығы . . . 32
III тарау. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі
құқықтары мен міндеттері . . . 40
3. 1 Жер учаскесі мен жерді пайдалану құқығын кепілге салу . . . 40
3. 2 Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын
және өзге де заттық құқықтарды тоқтату . . . 51
3. 3 Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау . . . 56
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 60
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы қоғамдық қатынастар, оның ішінде жер қатынастары, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңының нормаларына сай дами бастады.
Ата Заңымыз адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демокаратиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзіміз және ұрпақтарымыз үшін лайықты өмірді қамтамасыз етуді қалай отырып, конституциялық құрылыстың негіздерін жариялады. Орталықтандырылған тоталитарлық жүйе бойынша қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қатынастар адамдардың өскелең материалдық және рухани қажеттліктерін мейлінше, толық қанағаттандыру принциптеріне қайшы келіп, өмірдің өзі барлық әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қатынастарды қайта реттеуді, экономикалық-құқықтық реформаларды жүргізіп, іске асыруды талап етті.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында былай делінеді " . . . Идеологиялық және саяси ұрандармен бүркемеленген кеңестік тоталитаризмнен мұраға қалған кеселдерден заң жүйесін тазартуды талап етеді". [1, 36. ]
Бұл бағдарлама құқықтық мемлекет құрудың және заң шығару үрдісін жетілдірудің болашақ бағыттарын белгілеп берді. Ол үшін жер құқық қатынастарын бір жүйеге салып, қоғамға, халыққа қызмет ететін неғұрлым тиімді және қайшылықсыз табиғат байлықтары, оның ең қасиеттісі жер туралы басқа үндестікті заңдармен қамтамасыз ету керек. Бұл салада, ең алдымен, жер және басқа табиғат байлықтарын тиімді және ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету - еліміздің әлеуметтік және экономика саласындағы кезек күттірмес міндеттері мен мақсаттары екенін еске алуымыз керек.
Құқық қатынастарының ғылыми түсінігі нарықтық экономиканың өтпелі кезеңінде, ондағы қоғамдық қатынастарды, соның ішінде жер құқық қатынастарын, ғылыми түрде жүзеге асыруда негізгі құралдардың қатарына жатады. Себебі, ол ғылымның жетістіктері мен ұжымдық тәжірибелерге арқа сүйейді. Сонымен бірге ол құқық нормаларын қолдану ауқымын белгілеп берумен қатар, нарық экономикасы өтпелі кезеңіндегі қатынастардың реттелу өрісін кеңейтеді және жетілдіруге қызмет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті 1994 жылғы желтоқсанның 15-інде Жоғарғы Кеңес сессиясында сөйлеген сөзінде "Заң реформаға қызмет етуге тиіс" деп айтты. [2, 76. ]
Ғылыми зерттеулер жер қатынастарын реттейтін нормалдардың өрісін жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін де анықтап беруге тиіс. Оның мақсатына теріс әсер ететін құбылыстарды, әрекеттерді болдырмау және олардың алдын алатын тәсілдерін, керек болған жағдайларда, олармен күрес жүргізу амалдарын белгілеп беріп, барлық қатынастардың еліміздің талабына сай жүзеге асырылуы жатады. Мемлекет қызметінде жер құқығы жер қатынастарының дамуының дұрыстығына және бұл салада әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуына пәрменді ықпал ететін құралы екенін де ұмытпаған жөн. Сондықтан жер қатынастарына құқықтық реттеуді мемлекеттен ажыратып қарауға болмайды. Мұны еліміздің Ата Заңының "Адам және азамат" деп аталатын екінші бөлімінен көруімізге болады.
Соған орай, жер құқық қатынастарын реттеуде объективті үрдістердің қажеттіліктерін де еске алатын мемлекеттік басқару жүйесі ерекше орын алады.
Жер құқығы - жер құқық қатынастарының реттелу айнасы. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде оны құрал есебінде пайдаланады, оған бағыт береді, оның мақсаттары мен міндеттерін белгілеп береді. Мұның өзі құқықтық қатынастарды жүйелеп, ғылыми түрде қарауды талап етеді. Бірақ экология, аграрлық құқықтар саласында жер құқық қатынастары туралы ғылыми зерттеулер өте аз. Оның үстіне, олар бұрынғы Кеңестер Одағындағы орталықтандырылған жер қатынастарына арналғандықтан, қазір еліміздегі дамып келе жатқан жер қатынастарының принциптеріне сай келмейді. Сонымен бірге, мемлекеттік тілде жер құқық қатынастары туралы зерттеулердің жоқтығы, жарияланбағандығы ғылым саласының ұлттық өрісін тарылтып отыр.
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы - Қазақстан Республикасының заң шығарушылық құқының өрісіне қарай зиянды көрініс. Бұл туралы өз пікірімізді бұрын ортаға салғанбыз. [3, 10 б. ]
Жер туралы жаңа заңның Республикамызда жер құқық қатынастарын нарық экономикасының талаптарына сай құруда атқаратын қызметі орасан зор. Оның заңдық күші Қазақстан Республикасы Парламентінің қабылдаған заңдарымен бірдей. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы (Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабы) . [4, 216. ]
Келешекте Жер туралы Жарлыққа біз ұсынған толықтырулар мен қосымшаларды және басқа ұсыныстарды ескере отырып, Парламент Қазақстан Республикасының Жер кодексін қабылдауы мүмкін.
Оның мұндай заң шығарушылық құқығы - Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде бүкіл республика халқы атынан атқарылатын қызметі. Оның қабылдаған заңдарының күшін өзінен басқа ешкім де жоя алмайды. Бұл пікір бүрынғы Кеңес одағы кезінде айтылса да, қазіргі тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасына тікелей қатысы бар. [5, 90 б. ]
Бұл зерттеу жұмысы, біріншіден, жер құқық қатынастары арқылы Қазақстан Республикасның жер заңдарының мәнін, атқаратын рөлін, қызметін, екінші жағынан, олардың қоғамдық қатынастарда алатын орнын белгілеп беру мақсатын, сондай-ақ жоғарыда атап өткен жер құқық қатынастары мәселелерінің кең ауқымды екенін еске алып, жер құқық қатынастарының түсінігі, талаптары мен мазмұнына және аталған қатынастардың пайда болу, өзгертулері мен қысқартылуына (жойылуына), жерді құқықтық қорғау мәселелеріне жаңа заңдар негізінде талдау жасап, қорытындылар жасауды көздеді. Қаралып отырған мәселелердің күрделілігі оның құқықтық негіздеріне де байланысты. Кейінгі кезде жер құқық қатынастары азаматтық құқық қатынастары сипатын ала бастады. Жаңадан Азаматтық кодекс, Жер заңы және басқа да жерге байланысты мүліктік құқық туралы заң құжаттары қабылданды. Құқықтық қатынастардың осындай негіздеріне және кейбір ғылыми пікір таластарға да талдай жасалып, қорытындылады, пікір айтылып, түйін-тұжырым жасалды.
1 тарау. Жер құқық қатынастарының түсінігі, сипаттамасы, түрлері және қағидаттары
1. 1 Жер құқық қатынастарының түсінігі және сипаттамасы
Қаралып отырған тақырыптың мазмұнын ашу үшін оған тікелей қатысы бар құқық, құқықтық қатынастар, құқықтық реттеу, құқықтық нормалар және құқықтық қатынастардың объектісі туралы ұғымдарға қысқаша тоқталып өту қажеттігі туындайды. Сесебі, жер құқықтық қатынастарының түсінігі берушілер аталған құқықтық ұғымдардың осы түсініктегі мәнін берегей бағалай бермейді. Соның нәтижесінде жер құқық қатынастарының түсінігі және оның мазмұны толығымен ашылмай қалады немесе дұрыс болып шықпайды.
Құқықтың бірнеше мәні бар. Жалпы әлеуметтік мағынадағы құқық мысалы, ұлттардың өз тағдырын өзі шешу құқығы, кең құқықтығы, моральдік (адамгершілік) құқығы, заңдылық құбылыс ретіндегі құқық (позитивный - жағымды), былайша айтқанда, заңда көрсетілген, бекітілген құқық. Мысалы, Қазақстан азаматтарының жер заңдарында көрсетілген жер пайдалану құқығы.
Заңдылық - құбылыс ретінде қаралатын заңмен тығыз байланысты. Мұндай құқықты мемлекет белгілеген және өкімет басында отырған билеуші таптың немесе бүкіл халықтың еркін білдіретін жалпы қоғамға міндетті нормалардың (тәртіп ережелерінің) жүйесі деп атайды. [6, 4 б. ]
Совет Одағында белгілі заң ғалымдары А. В. Мицкеевичпен И. С. Самощенко да: "Құқық дегеніміз - мемлекет белгілеген және өкімет басында отырған билеуші таптың немесе бүкіл халықтың еркін білдіретін, бүкіл қоғамға міндетті нормалардың (тәртіп ережелерінің) жүйесі", - деп түсіндірді. [7, 46. ]
Құқықтың мүндай түсінігі марксизм ленинизм құқықты билеуші таптың материалдық тұрмыс жағдайы туғызған еркінің заңға айналуы, тап күресінің нәтижелерін, мемлекет өкімет билігін өз қолында ұстап отырған таптардың еркінің нығаюы деп қарауына байланысты болды. Соған орай, социалистік құқық жұмысшы таптың және бүкіл халықтың мүддесін қолдайтын еркі деп тұжырымдалды. Құқықты "өкімет басында отырған билеуші таптың" еркі деп қараулары демократия принциптеріне және "бүкіл халықтың еркіне" сай келмейді. Бұрынғы Кеңес Одағында күштеп халық атынан заң шығарушылық орын алғаны белгілі. Ол кезде "үстем тап" пен бүкіл халықты бірқатарға қою әдетке айналып, үстемдік орын алғанын айтпауға болмайды.
Әлеуметтік - саяси өзгерістердің даму барысына қарай кейінгі кезде заң әдебиетінде "үстем таптың еркі" деген ұғымды алып тастап, құқыққа басқаша түсінік беріле бастады. Мысалы: Р. 3. Лившиц "құқық дегеніміз жалпы келісімділікті жүзеге асырудың нормативті бекітілген әділеттік" дейді. [8, 154 б. ]
С. С. Алексеевтің пікірінше: "Шынында құқық - бұл келісімнің, ымыраның, әртүрлі мүдденің есепке алынуы". [8, 86-89 6. ]
Құқық "номалардың жүйесі", яғни жүріс-тұрыс бағытының жалпы міндетті сипатында болады. Сондықтан құқық нормалары - құқықтық құралдардың негізгі орталығы және ұйымдастырушысы.
Құқықтың сытрқы түрі (формасы) - заң, яғни оның негізі. Құқық заң арқылы ғана белгілі қасиеттерге ие болады.
Қ. Сапарғалиев: "әр мемлекетте өзінің даму барысында құқықтық жүйесі қалыптасады, ол салаларға бөлінеді, құқық саласы - қоғам өмірінің белгілі бір саласындағы қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы" деді. [9, 9 б. ]
Құқықтың объективті және субъективті көрінісі (түрлері) бар.
Объективтік құқық - жалпыға бірдей міндетті, сырттай көріністі (формальный) белгіленген нормалардың жүйесін көрсететін нормативтік реттеуші. Оның көмегімен адам қадамының заңдылығын немесе заңсыздығын, құқығы мен міндеттерін анықтап береді.
Субъективті құқық - адам қадамының (жүріс-тұрысының) заңды мүмкіншілігі, яғни өзінің құқығы, заңдық мәні бар қадамын талап ету құқығы, заңды мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға жүгіну құқығы. [10, 168-172 б. ]
Құқықтың мұндай көріністерінң әртүрлі реттеушілік мәні бар. Көп реттерде объективті құқық субъективті құқыққа негіз бола алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1990 жылғы Жер кодексінің 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматы жер учаскесін алуға құқығы. Оны беру шарттары мен тәртібі осы Кодекс бойынша белгіленді. Бұл баптағы құқық жоғарыда айтылған объективтік құқыққа жатады. Себебі, субъективтік құқыққа ие болу үшін аталған шарттар мен тәртіптерді жүзеге асыру қажеттігі бар. Сонда ғана азамат субъективтік құқыққа ие бола алады.
Объективтік және субъективтік құқықтардың маңызына тоқтала келіп, Ә. Стамқұлұлы объективтік құқығы жүзеге асырылмаған құқық, субъективтік құқық жүзеге асырылған құқық болуы мүмкін деген пікірге келуі заң нормаларына байланысты болды. Бірақ жер заңдарында азаматтардың кейбір жер құқықтары объективті түрде де жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, қала шегіндегі жалпы пайдаланатын жерді азаматтар және басқа заңды тұлғалар сол мақсатқа ресми рұқсатсыз да пайдалана береді. Конституцияда көрсетілген құқықтардың да объективтік түрде жүзеге асырыла беретіні бар.
С. С. Алексеевтің пікіріне зер салып қарасақ, объективтік құқық құрылымы есебінде ерекшелігін ұмытпау керек. Субъективтік құқық - объективтік құқықты өмірде іске асыру нәтижесі. Бірақ, жеке құқықта, әсіресе келісімдерде (мәмілелерде) белгілі заң нормаларына арқа сүйемей-ақ, субъективтік құқық пайда болуы мүмкін. [8, 97 б. ]
Біздің пікірімізше, объективтік және субъективтік құқықтардың ерекшеліктері бар. Жердің азаматтық айналымда болу мүмкіндігі жағдайында субъективтік құқық жер жөнінде жасалған мәмілелерге байланысты туындауы да мүмкін. Оның өзінде де, сондай-ақ мәмілелер заң нормаларының шегінде жүзеге асырылады.
С. С. Алексеев, Л. С. Явичтің объективті құқық пен субъективті құқықтың құрылымдық мән жағынан бірдей деуіне қарсы шығып, аталған құқықтар өздерінің әртүрлі қатардағы құқықтық құбылыстарымен ерекшеленеді дейді. Бұл пікірдің дұрыс екені біз келтірген жер заңдарындағы және су заңдарындағы нормалармен дәлелденеді.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Су кодекінің 24-бабында Қазақстан Республикасының барлық заңды тұлғалары мен азаматтары, сондай-ақ заңдарда көрсетілген жағдайларда басқа да ұйымдар мен адамдар да суды пайдалануға құқылы делінген.
Сол сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясында да белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер жеке меншікте болуы мүмкін (6-бап) . [4, 6 б. ]
Бұл объективтік нормаларды (Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабы мен Су кодексінің 24-бабы) объективтік құқықты жүзеге асырған субъективтік құқықтармен қатар қоюға болмайды. Субъективтік құқықтарда құқық пен міндеттер қатар пайда болады. Объективтік құқықта субъективтік құқыққа ие болуға байланысты міндеттер бола бермейді.
Сонымен құқық - объективті қажеттіліктің, субъективтік түсінудің нәтижесі болып, болмыс өмірдің бейнеленуі. Онда мемлекеттің халық атынан мақсатты еркі орын алады. Бұл жағдайда ол қоғамдық дамудың объективті заңдары талаптарының құқықтық нормаларда іске дәл асырылуын белгілеп береді.
Қазақстан Республикасында құқықтық қатынастарды теориялық мәселелері бұрынғы Кеңес Одағында дами бастады. Ол кезде заң әдебиеттерінде құқықтық қатынатар құқық нормаларымен реттелген адамдар арасындағы өндірітік, саяси және басқа қоғамдық қатынастарға байланысты туындайтын қатынастар ретіцде қаралды. Ал құқық пен қоғамдық қатынастар арасында олар қоғамдық өмірдің талабына сай құқықтақ реттеудің нәтижесі деп тұжырымдалды.
Құқықтық қатынастардың теориялық түсінігіне келсек, ол - ғылыми танымның негізгі құрамы (элементі) . Сол құбылыстың (оқиғаның) ақиқат қасиетін, оның белгілі бір ерекшелігін, мәнін көрсетеді.
"Құқықтық қатынастарды талдау, оның мазмұнын ашып береді", деп жазды Е. Пашуканис.
Құқықтық реттеу жөнінде ғалымдар арасныда бір пікірлік жақын көзқарас бар сияқты.
Заң әдебиетінде құқықтық реттеу - мемлекеттің қоғамдық қатынастарда қатысушылардың іс-әрекетіне ықпал жасаудың әртүрлі мысалдары мен амалдарының жиынтығы. Оның мақсаты бүкіл қоғам немесе ұжымның мүддесін көздеп, жеке субъектілерді қоғамда белгіленген тәртіпке бағындыру болып табылады.
Қоғамдық реттеу С. С. Алекесеевтің пайымдауынша құқықты және барлық құқықтық амалдардың жиынтығы жәрдемімен қоғамдық қатынастарға заңдық әсер ету болып табылады.
Құқықтық реттеу қоғамдық қатынастарды мемлекеттің ұйымдастыру - басқару қызметінде ерекше орын алады. Бұл салада заң шығарушылықтың негізгі бағытын белгілеп береді. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, құқықтық реттеудің тақырыбы, тәсілі, механизмдері, құрылымы, сондай-ақ құқықтық салада оның орны мен ерекшеліктері бар.
Құқықтың нормативтік сипатын ескеретін болсақ, заң әдебиетінде ол құқық пен барлық басқа құқықтық көріністердің, сонның ішінде жеке актілермен, құқықтық қатынастар және құқықтық санамен тығыз байланыстылығы еске алынады.
Құқықтық қатынастардың түсінігіне оның аясы, реттелу тәсілі, әдісі, механизмі, құрылымы және т. б. ғылыми анықтамалар жатады.
Р. О. Халфина құқықтық қатынастардың теориялық мәселелері жөнінде ғалымдардың көзқарастарын талдай келіп, кейінгі кезде құқықтық қатынастар мен құқықтық нормалар арақатынасы арқылы зерттеліп, нормалардың жүзеге асырушысы, құқықтық реттеудің нәтижесі немесе құқықтық реттеу жүйесінің бір тобына жатқызылып, құқықтық теориялық ұғымдар қатарынан орын алды. Бірақ олардың нормалары мен арақатынасы байланысы ерекшеліктері туралы талас бар дей келіп, ол құқықтық нормамен реттелген қоғамдық қатынастар деп жазды.
Мүхиддинов Н. Б. құқықтық қатынастардың негізгі белгілерін тексере келіп, құқықтық қатынастар шын мәнінде белгілі құқық салаларымен реттелетін қатынастар ретінде көрінеді, олардың арақатынасын ажырататын негізгі нақты қоғамдық қатынастар жатыр деп тұжырымдаған.
Бұл айтылғандардан жер құқық қатынастардың түсінігін анықтау үшін, алдымен жер құқық қатынастардың жағдайын біліп алу қажет. Онан кейін оның мәніне көшу қажет.
Жер құқықтық қатынастардың теориялық мәселелері бұрынғы Кеңестер Одағында, Қазақстан Республикасында да жете зерттелген жоқ.
Жер құқық қатынастарын ең алғаш зерттеген ғалым Г. А. Аксененок, қазақстандық Ә. Еренұлы. Бұл мәселенің көптеген қырларын ашып, ғылыми тұжырымдар жасады. Бірақ Н. И. Красновтың айтқанындай жер құқықтық қатынастардың өзекті мәселелері әлі өзінің зерттелуін толық алған жоқ.
Жер құқық қатынастары қоғамдық қатынастардың ерекше сипатына тән. олардың негізінде жерге меншік қатынастары жатыр. Құқық нормаларымен реттелген жер қатынастары құқықтық қатынастардың келбетін (түрін) алады. Сондықтан жер құқық қатынастары - меншіктік ерекше объектісі ретінде жерді пайдалану саласында экономиклық қатынастардың сипаты мен бяндылығының заңдық нысаны және идеологиялық ерікті қоғамдық қатынастардың ерекше түрі.
Ә. Еренұлы жер құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты белгілі бір дәуірдің жемісі (нәтижесі), адам қоғамының материалдық өмір бейнесі құқықтық қатынастардың негізінде алдымен меншік қатынастары жатыр деп жазды. Жер құқық - қатынастарын зерттеген басқа ғалымдар да жерді пайдалануға байланысты туындайтын барлық қатынастарды жер құқық қатынастарына жатқызады.
Мысалы, Н. И. Красновтың айтуынша жер қатынастары - құқықтың тиісті нормаларымен реттелген жер жөнінде адамдардың ерікті қадамының қорытындысы. Ол жер құқығы нормаларының ұйғаруына байланысты жүзеге асырылатын және қысқарылатын қоғамдық жер қатынастары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz