Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi



Қазақ журналистикасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізудің ғылыми-методологиялық негіздері арнайы талданып, нақты көрсетілген еңбектер әлі де аз болғандықтан бұл сала тереңірек талдауды қажет етеді. Сол себепті журналистика ғылымын дамытудың әлемдік тәжірибелеріне сүйене отырып, мәселені шешудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін қарастыруды жөн деп таптық.
Батыс елдерінде «бұқаралық ақпарат құралдары» және «бұқаралық коммуникация құралдары» ұғымдары ғылыми ортада бір-біріне өте ұқсас мағынада қолданылады және бұл салалардағы зерттеулер бұрыннан-ақ атқарылып келеді. Әлемде журналистикаға байланысты, оны ғылым ретінде танып-білуге бағытталған көптеген теориялар мен тұжырымдамалар бар екені белгілі. Біз соның негізгілеріне ғана тоқталайық.
Екінші дүниежүзілік соғыс өрті лаулап тұрған 1942 жылы ірі американдық журнал концернінің құрамындағы «Тайм» журналының және басқа да мерзімді басылымдардың қожайыны Г. Люстің ұсынысы бойынша баспасөз бостандығы жөніндегі Комиссия құрылып, оның басшылығына Чикаго университетінің президенті Р.М. Хатчинс тағайындалған болатын. Генри Люс осы комиссияның қызметін жүргізу мақсатында 200 мың АҚШ долларын бөліп, соның нәтижесінде Америкада баспасөз бостандығы қалай бұзылып жатқанын дәлелдейтін көптеген мәліметтердің беті ашылды. Аталған комиссияның арнайы баяндамасы 1947 жылы «Еркін және жауапты баспасөз. Бұқаралық коммуникация туралы жалпы баяндама: газеттер, радио, кино, журналдар және кітаптар» деген атпен жарық көрді.
Комиссия жасаған қорытындылардың негізінде және журналистер этикасы кодекстері мен баспасөз тәжірибесіне сүйене отырып, У.Э. Хокинг әлеуметтік жауапкершілік теориясы қағидаларын тұжырымдап, ең алдымен кәсіби этика алдыңғы орында болуы қажеттігіне назар аударды.
Р.М. Хатчинс комиссиясы жасаған қорытынды уақыт өте келе қазіргі заманғы қоғамдағы баспасөз қызметіне жан-жақты талдау жасаудың негізгі мәселесіне айналды. Баспасөз теориясы мен тарихының белгілі американдық мамандары: Иллинойс университетінің профессорлары Фред Сиберт, Теодор Петерсон және жоба жетекшісі, Стэнфорд университетінің профессоры Уилбур Шрамм «Баспасөздің төрт теориясы» атты кітап жазып, жариялады. Бұл еңбек көпке дейін шетелдерде классикалық жұмыс ретінде бағаланып келді.
Бұл еңбек 1998 жылы Я.Н. Засурскийдің алғысөзімен орыс тілінде жарық көрді.
Қазақ ғылыми жұртшылығы жоғарыда аталған авторлардың бұқаралық коммуникация құралдары және жалпы журналистиканы зерттеудің халықаралық тәжірибесі мен теориялық қағидаларын талдауды мақсат еткен «Баспасөздің төрт теориясы» атты еңбегімен алғаш рет 1986 жылы профессор Н.О. Омашевтің құрастыруымен оқу-әдістемелік құрал ретінде жарық көріп, кейіннен кешенді ғылыми тұжырымдарға құрылған іргелі зерттеулерге ұласқан еңбектер арқылы танысқанын атап көрсетуіміз қажет.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мырзантай ЖАҚЫП

БАСПАСӨЗ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУДIҢ ҒЫЛЫМИ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

Қазақ журналистикасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізудің ғылыми-
методологиялық негіздері арнайы талданып, нақты көрсетілген еңбектер әлі де
аз болғандықтан бұл сала тереңірек талдауды қажет етеді. Сол себепті
журналистика ғылымын дамытудың әлемдік тәжірибелеріне сүйене отырып,
мәселені шешудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін қарастыруды жөн деп таптық.
Батыс елдерінде бұқаралық ақпарат құралдары және бұқаралық
коммуникация құралдары ұғымдары ғылыми ортада бір-біріне өте ұқсас
мағынада қолданылады және бұл салалардағы зерттеулер бұрыннан-ақ атқарылып
келеді. Әлемде журналистикаға байланысты, оны ғылым ретінде танып-білуге
бағытталған көптеген теориялар мен тұжырымдамалар бар екені белгілі. Біз
соның негізгілеріне ғана тоқталайық.
Екінші дүниежүзілік соғыс өрті лаулап тұрған 1942 жылы ірі американдық
журнал концернінің құрамындағы Тайм журналының және басқа да мерзімді
басылымдардың қожайыны Г. Люстің ұсынысы бойынша баспасөз бостандығы
жөніндегі Комиссия құрылып, оның басшылығына Чикаго университетінің
президенті Р.М. Хатчинс тағайындалған болатын. Генри Люс осы комиссияның
қызметін жүргізу мақсатында 200 мың АҚШ долларын бөліп, соның нәтижесінде
Америкада баспасөз бостандығы қалай бұзылып жатқанын дәлелдейтін көптеген
мәліметтердің беті ашылды. Аталған комиссияның арнайы баяндамасы 1947 жылы
Еркін және жауапты баспасөз. Бұқаралық коммуникация туралы жалпы баяндама:
газеттер, радио, кино, журналдар және кітаптар деген атпен жарық көрді.
Комиссия жасаған қорытындылардың негізінде және журналистер этикасы
кодекстері мен баспасөз тәжірибесіне сүйене отырып, У.Э. Хокинг әлеуметтік
жауапкершілік теориясы қағидаларын тұжырымдап, ең алдымен кәсіби этика
алдыңғы орында болуы қажеттігіне назар аударды.
Р.М. Хатчинс комиссиясы жасаған қорытынды уақыт өте келе қазіргі
заманғы қоғамдағы баспасөз қызметіне жан-жақты талдау жасаудың негізгі
мәселесіне айналды. Баспасөз теориясы мен тарихының белгілі американдық
мамандары: Иллинойс университетінің профессорлары Фред Сиберт, Теодор
Петерсон және жоба жетекшісі, Стэнфорд университетінің профессоры Уилбур
Шрамм Баспасөздің төрт теориясы атты кітап жазып, жариялады. Бұл еңбек
көпке дейін шетелдерде классикалық жұмыс ретінде бағаланып келді.
Бұл еңбек 1998 жылы Я.Н. Засурскийдің алғысөзімен орыс тілінде жарық
көрді.
Қазақ ғылыми жұртшылығы жоғарыда аталған авторлардың бұқаралық
коммуникация құралдары және жалпы журналистиканы зерттеудің халықаралық
тәжірибесі мен теориялық қағидаларын талдауды мақсат еткен Баспасөздің
төрт теориясы атты еңбегімен алғаш рет 1986 жылы профессор Н.О. Омашевтің
құрастыруымен оқу-әдістемелік құрал ретінде жарық көріп, кейіннен кешенді
ғылыми тұжырымдарға құрылған іргелі зерттеулерге ұласқан еңбектер арқылы
танысқанын атап көрсетуіміз қажет.
Әрине, баспасөз қызметіне талдау жасау ісіне деген қазіргі ғылыми
көзқарас осы төрт теориямен ғана шектеліп қалмайтыны түсінікті. Әлемдік
ғылымда баспасөздің, саяси құрылымдар мен үрдістердің өзара қарым-қатынасын
қарастыратын көптеген теориялар мен тұжырымдамалар бар. Оларды мынадай
негізгі бағыттарға топтастыра отырып, жүйелеуге болар еді.
Бірінші бағыт – ең алдымен баспасөздің басқарушылық қызметін ерекше
бөліп қарастыратын ғылыми көзқарас. Бұл бағыттың беделді өкілдері ретінде
баспасөз зерттеушілері мен мамандары үшін қажетті еңбекке айналған
Қоғамдық пікір атты кітаптың авторы Уолтер Липпманды, сондай-ақ, Г.
Шиллерді, Г. Гляйссбергті, Т. Соренсенді және т.б. айтуға болады.
Зерттеушілердің екінші бір тобы, мысалы, Е. Мэйо және т.б. алдыңғы
қатарға баспасөздің коммуникативтік қызметін қояды. Олардың пікірінше,
бұқаралық коммуникация құралдарының міндеті – тікелей, яғни басқарушыдан
басқарылушыға дейін және керісінше, сонымен бірге көлденең, яғни басқару
мен қоғамның әлеуметтік орталарының әртүрлі деңгейлері бойынша байланыс
қызметін жүзеге асыру болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, баспасөз
бұқаралық қарым-қатынас жасаудың тілі ретінде қызмет етеді.
Үшінші бағыт авторлары – баспасөзді төртінші билік деп танитын
тұжырымдаманы қолдайтын зерттеушілер. Олардың бәрі дерлік БАҚ-ты баспасөз
жарияланымдарының пәрменді екендігінің көрінісі мен дәлелі ретінде
қарастырады. У. Ростоу, Д. Белл, Э. Багерстам сияқты ғалымдар қоғам
баспасөз арқылы биліктің барлық тармақтарына: заң шығарушы, атқарушы және
сот орындарына ықпал жүргізеді деп санайды. Осы тұрғыдан Ж. Мерме ұсынған
демократура тұжырымдамасы назар аударады. Оның ойынша, баспасөз өз
диктатурасын орнату мақсатында демократиялық үрдістерді пайдаланатын
феномен болып табылады. Бұл көзқарасқа Ф.-А. де Вирьенің медиократия
тұжырымдамасы да ұқсас.
Қарастырылып отырған бағыттардың төртінші түрі ретінде кезінде кеңінен
таралған марксистік көзқарасты да атап өтуге болады. Көпке дейін
коммунистік идеология билік құрып келген елдерде басшылыққа алынған мұндай
тұжырымдама бойынша таптық қоғамдағы баспасөз таптық күрес құралы, ұжымдық
насихатшы, үгітші және ұйымдастырушы болып табылады.
Ал, бесінші бағыт журналистиканы әлеуметтік және саяси үрдістердегі
дербес, жеке құбылыс ретінде қарастырушылардың басын біріктіреді. П.
Лазарсфельд, П. Годе сияқты зерттеушілердің еңбектерінде журналистика
бойынша нақты әлеуметтік зерттеулер жүргізуге баса мән беріледі және
олардың жұмыстарының қолданбалы сипаты айқын көрінеді. У. Шрамм, Дж.
Меррил, Дж. Танстелл және т.б. қоғамдық құбылыстарға талдау жасау барысында
журналистік ұстанымға ерекше маңыз береді.
Кейінгі кезде бұқаралық коммуникация теориясын ғылыми талдауға Ресей
ғалымдары да барынша көңіл бөліп, өз еңбектерін жариялап жүр. Мысалы, В.М.
Березиннің 1997 жылы жарық көрген Теория массовой коммуникации атты
лекциялар жинағы [41] осы мәселеге арналған.
Ал журналистиканың негізгі салаларының бірі болып табылатын баспасөз
тарихын зерттеу методологиясының қалыптасу жағдайына келсек, оның теориялық
міндеттерін алғаш рет ғылыми негіздеп берген ғалымдардың қатарында
профессор А.В. Западовты айтуға болады. Ол 1963 жылы жарық көрген ХVІІІ-ХІХ
ғасырлардағы орыс журналистикасы туралы іргелі еңбекке жазған алғысөзінде
және одан кейін толықтырылып бірнеше рет қайта басылып шыққан еңбектерінде
баспасөз тарихы саласында қарастырылуға тиісті мәселелердің ауқымын
айқындап көрсетті. Осынау ғылыми ұстаным профессор А.В. Западовтың
редакциясымен жарияланған басқа зерттеулерде де өз жалғасын тапты.
Баспасөз тарихын талдаудың ғылыми әдіс-тәсілдері В.Г. Березина, А.Г.
Дементьев, Б.И. Есин сияқты ғалымдардың зерттеулеріне де арқау болған.
Баспасөз тарихын зерттеудің ғылыми методологиясы жөнінде өзіндік
көзқарасымен ерекшеленетін Ресей ғалымы С.А. Михайлов журналистика –
синтетикалық пән деп санайды. Оның пікірінше, журналистиканың өзіндік,
оның өзіне ғана тән талдау және синтездеу жөніндегі ұстанымдары мен әдіс-
тәсілдері бар екеніне талас жоқтығына қарамастан, бұл сала өзі қарым-
қатынасқа түсетін ғылымның барлық тармақтарының методологиясын қоса
пайдаланады.
Мысалы, журналистика тарихын алып қарайық. Осы сала бойынша кеңінен
таралған зерттеу әдістері – тарихи-географиялық, белгілі бір құбылыстардың
журналистика тарихындағы мәнін тануға арналған тарихи-салыстырмалы әдістер,
географиялық-елтану мақсатындағы салыстырмалы талдау жасау әдісі, кросс-
мәдени көзқарас және т.б. бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болу және
қалыптасу тарихын ғылыми таразыға салу барысында жиі пайданылады. Оған қоса
бұқаралық ақпарат құралдары дамуының белгілі бір кезеңдеріне талдау жасау
немесе оның қызметінің кейбір өзекті мәселелерін қарастыру мақсат етілген
кезде, атап айтқанда, жанрлар теориясы дамуының тарихи аспектілері
қарастырылғанда, журналистикада филологияға тән әдістер қолданылуы мүмкін.
Бұл жерде ресейлік ғалым жалпы журналистиканың ғылыми негіздері туралы
сөз қозғап отырғандықтан, оның осы пікірі баспасөз тарихына да тікелей
қатысты екені өзінен-өзі түсінікті болса керек.
Халықаралық тәжірибеде кеңінен мойындалып, әбден танылған,
журналистиканың тек қолданбалы сала ғана емес, сонымен бірге өзіне тән
айқын қасиеттері мен белгілері бар ғылымның арнайы, дербес тармағы екендігі
жайындағы осы қағида, өкінішке қарай, бұрынғы КСРО шекпенінен шыққан
елдердің бәрінде бірдей қолдауға ие бола бермейді. Мысалы, Журналистиканы
ғылымның бір саласы деп санауға бола ма? деген сауал төңірегіндегі
пікірталастің қызуы Ресейде де күні бүгінге дейін басылмай келе жатыр. Бұл
мәселені қарастырудың әлі де пісіп-жетілмеген өзекті тұстары бар екеніне
С.Г. Корконосенко, Г.С. Мельник және М.Н. Ким, Е.П. Прохоров және басқа
зерттеушілер зер сала назар аударған.
Айталық, С.Г. Корконосенко журналистиканың ғылыми негіздері жөнінде
түбегейлі жаңаша ұстаным ұсынып, сала бойынша ізденуші, зерттеушілер мен
ғылыми дәрежелері мен атақтары бар ғалымдарды ғана емес, күнделікті
бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істеуге бағытталған білікті маман-
журналистерді даярлау ісін де бір орталыққа шоғырландырғанда ғана
журналистика ғылымы өсіп-өркендейді деп есептейді. Сондай-ақ, С.Г.
Корконосенко журналистика теориясының соны саласы ретінде медиабілім
(медиаобразование) немесе медиапедагогика қалыптасып келе жатқанын атап
көрсетеді.
Г.С. Мельник және М.Н. Ким бірге жазған, журналистика әдістері арнайы
қарастырылған еңбекте де барынша қызықты және бағалы пікірлер ортаға
салынған. Қос автор ғылыми таным методологиясы және журналистиканың өзара
байланысы, журналистиканың пәндераралық әдістері, журналистік ақпаратты
қабылдауды үлгілеудің негіздері, журналистикадағы филологиялық әдістер мен
лингвистикалық талдау, журналистиканың социологиялық әдістері,
журналистиканың эмпирикалық деректер жинақтау әдістері және редакциялар
қызметін ұйымдастырудың ғылыми әдістері туралы тың тұжырымдамалар түйген
[Мельник Г.С., Ким М.Н. Методы журналистики: Учеб. пособие для студентов
факультетов журналистики. – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2006. – С. 37].
Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Е.П. Прохоровтың бұған
дейін бұрын-соңды сөз етілмей келген бұқаралық ақпарат құралдарын
зерттеудің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне жаңа көзқарасты қалыптастырудағы рөлі: тарихнамалық талдау (1985-2005 жж.)
XX ғасырдың 20-30- жылдарындағы қазақ тіліндегі мерзімді баспасөзі: шығу тарихы мен деректік маңызы
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Шәкәрім университетінің тарихы
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Коммунистік Кеңестік Партиясы Орталық комитеті
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Зерттеу жұмысының құрылымы
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Пәндер