Адамдар арасындағы психологиялық қарым – қатынас



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.1 Адамдар арасындағы психологиялық қарым . қатынас ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қарым.қатынастың формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Адами қарым . қатынас жасау адамгершілік белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Қарым.қатынас мәселесінің әдебиеттерде қарастырылуы ... ... ... ... ... ... .23
2.3 Психологиялық қарым.қатынас түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Психологиялық қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі
тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен
әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен
байланысты).
Адамдар арасындағы Қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы Қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз Қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде Қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы Қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Ислам дінінің тәрбиені насихаттауда алатын орны өте зор. Ол– қай жағынан болсын адамды тәрбиелі болуға шақырады. Сондықтан дінімізде адамды рахымшылдыққа үндеу тәрбиесінің шоқтығы басқалардан едәуір жоғары тұрады. Жалпы, рахымшылдық кез келген біреудің басына іс түскенде сол адамды мүсіркеу немесе оның қайғысына ортақ екендігіңді білдіре салатын өткінші сезім ұғымын білдірмейді. Ол адамзаттың өзара қатынасы және басқа да тіршілік иелерімен де сондай жақсы іс-әрекетін қамтитын адам бойына туа біткен тұрақты қасиет болуға тиісті. Өйткені, рахымшылдық-ислам дінінің үндеуі бойынша адамзаттың өмірде берік ұстанатын негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жөнінде жаратқан иеміз Алла тағаланың Пайғамбарымыз с. ғ. с. Мұхамедке түсірген сөзі қасиетті Құран кәрімде былай делінген; “Сені Біз жүзіне тек рахымшылдық жасау үшін ғана жібердік”.
1. Андреева Г.М. Социальная психология. - М., 1980.
2. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Психология человеческой судьбы. –
М., 1992.
3. Бодалев А.А. Личность и общение. - М., 1995.
4. Бойко В.В. Энергия эмоций в общении: взгляд на себя и на других. - М:
1996.
5. Брудный А.А. О проблеме коммуникации.- М., Наука, 1975.
6. Буеева Л.П. Общественные отношения и общение//Методологические
проблемы социальной психологии. - М., Наука 1975.
7. Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как. - М., «МАССМЕДИЯ».
1995.
8. Годфруа Ж. Что такое психология. - М., Мир. 1996
9. Доценко Е.Л. Лекции по курсу Психология общения.
10. Добрович А. Общение: наука и искусство. - М., Знание, 1980.
11. Дерябо С. Ясвин В. Гроссмейстер общения. - М., Смысл. 1996.
12. Диллман Б. Результаты на мишени. - Санкт-Петербург. 1995.
13. Каган М.С. Мир общения: Проблема межсубьектных отношений. - М.,
1988
14. Жинкин Н. И. Коммуниткативная система человека и развития речи в
школе М. 1969.
15. Бастауыш мектеп №2008 2,4,6,8
16. 12 жылдық білім №1-2008
17. Выготский Л.С. Развития интересов в переходном возрасте (собр.соч.), .4.
18. Детская психология. М.: Педагогика ,1984.с.6
19. Кәсіби-педгогикалық қарым-қатынас /Қазақстан мектебі, 2006. №6/Б.4-35.
20. Жеке тұлға мәдениетін қалыптастыру - өзекті мәселе // Республикалық
ғылыми-практикалық конференция. Ақтөбе,2006.(Қ.Т.Алдияров,
Р.С.Омарова)
21. Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994.
22. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы
редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ЭКО
ҒӨФ. 2006. - 482 б
23. Қазақстан: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 24.
Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы:

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1.1 Адамдар арасындағы психологиялық қарым –
қатынас ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қарым-қатынастың
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.10

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Адами қарым - қатынас жасау адамгершілік
белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Қарым-қатынас мәселесінің әдебиеттерде
қарастырылуы ... ... ... ... ... ... ..23
2.3 Психологиялық қарым-қатынас
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28

IV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30

Кіріспе

Психологиялық қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет
қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан
да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе,
білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен,
тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі
қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті,
перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б.
деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі
тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен
әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен
байланысты).
Адамдар арасындағы Қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке
қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне
білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз
ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен
көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал
секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы
Қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық
адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз Қарым-қатынас жасау;
сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде Қарым-
қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу.
Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға
құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы Қарым-
қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Ислам дінінің тәрбиені насихаттауда алатын орны өте зор. Ол– қай
жағынан болсын адамды тәрбиелі болуға шақырады. Сондықтан дінімізде адамды
рахымшылдыққа үндеу тәрбиесінің шоқтығы басқалардан едәуір жоғары тұрады.
Жалпы, рахымшылдық кез келген біреудің басына іс түскенде сол адамды
мүсіркеу немесе оның қайғысына ортақ екендігіңді білдіре салатын өткінші
сезім ұғымын білдірмейді. Ол адамзаттың өзара қатынасы және басқа да
тіршілік иелерімен де сондай жақсы іс-әрекетін қамтитын адам бойына туа
біткен тұрақты қасиет болуға тиісті. Өйткені, рахымшылдық-ислам дінінің
үндеуі бойынша адамзаттың өмірде берік ұстанатын негізгі мақсаттарының
бірі. Бұл жөнінде жаратқан иеміз Алла тағаланың Пайғамбарымыз с. ғ. с.
Мұхамедке түсірген сөзі қасиетті Құран кәрімде былай делінген; “Сені Біз
жүзіне тек рахымшылдық жасау үшін ғана жібердік”.
Осындай тәрбие құндылығын адам санасына сіңіру үшін Құран Кәрім мен
Пайғамбарымыз с. ғ. с. Мұхамедтің хадистерінде, әрбір сүренің басында
рахымшылдық тәрбие ұғымы жүздеген мәрте қайталанып отырады. Бұған мысалға
әдетте мұсылман адамның кез келген ісін “Бисмилләһ ир– рахман – р-р-рахим”
сөзісіз бастамайтынын алуға болады. Міне, рахым сөзінің осылайша үздіксіз
қайталануы арқылы рахымшылдық жөніндегі тәрбие құндылығы адам санасына
біртіндеп сіңе бермек. Алла тағала мейірімді де рахымды, Оның рахымшылдығы
баршаға ортақ. Алла тағала адамзатты да өзі сияқты мейірімді болуға
шақырады.
Алайда, біз бұндай асыл құндылықтарды бүгінгі адамдардың арасындағы
қарым-қатынастарынан көре алмай жүргеніміз рас. Қазіргі қоғамдағы
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы кезінде бойларындағы рахымшылдық
қасиеттерін жоғалтып, біртіндеп қатыгездікке бой алдырып бара жатқандықтары
тереңірек үңіліп қараған кісіге бірден байқалады.
Адамның жеке тұлға ретінде өз бетінше зерттенуі - қайда жүрсе де өз
орнын таба алатын, өз мүмкіндігін көрсете білетін, ойын ашық айтып, тыңдай
алатын, ықпал ету, көмек көрсету, жанашырлық таныту сияқты т.б. адами
мүмкіншілікке қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар, өмір сүріп жатқан
ортада тұлға ретінде танылып, АДАМ деген атқа ие бола білу. Жеке тұлға,
атақты болу ғана емес, атақты болу да әр адамның қолынан келе бермейді,
әрине ол жақсы. Бірақ біз бен сіздің тілімізде, тұлға ол-адамгершілігі
жоғары, сезімдері дамыған, талғамы биік, алдына мақсат қоя білетін, оны
орындай алатын, жауапкершілігі мол, бір қоғам мүшесі.

1.1 Адамдар арасындағы психологиялық қарым –қатынас

Адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатнасқа түсуді
қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажетін
қанағаттандырмау – біртіндеп анық қарасақ сезіледі, мейріисіз болып өсуіне,
кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып
жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатнасқа түсу-қай жолдарға бомасын, оған
киім-кешек, баспана, ұйқы, дем алу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен
арласып, дұрыс қарым-қатнас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды
қамап, басқалармен арластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә
келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатнас жасау-бұл тіршілікке аса
маңызды ақпарат, алмасу деген сөз. Адам қарым-қатнас арқылы айналасындағы
дүние жйлы мәлімет алады, еңбекпен тұрмыс дағдыларына машық тосады, адамзат
жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатнас ақпарат,
алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұтым.
Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос –
жарандармен сөйлессек те осының бәрі-бәрі – қарым-қатынастың сан алуан
қаралуы.
Адамдар арасындағы қарым-қатнастардың, басқалармен тікелей аралас-
құралас болудың маңызды анақұрлым қажетті болатыны айдан анық. Осындай
қарым-қатнастың мән-мағнасы, олардың түрлі көрністері жеке адамдар мен
топтың ұйымдардың тіршілігімен жақсы байқалып отырады.
Олай болса, алдымен қарым-қатнас ұтымымен тікелей байланысты тап, ұжым
деген ұтымдардың сыр-сипатымен қысқа болса да таныс болғанымыз абзал.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды,
сондықтан да ол ылғида басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Топтың
түрлері сан алуан. Мұның бірі-нақты (реалды) топтар. Бұл ортақ мақсатты
көздеп, бір кеңістік те, белгілі уақыт ішікте, бір-бірмен қоян-қолтық
араласып, іс-әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро),
ресми, биресми, формалы, формаласу, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды,
толблти, референттік болып бірнешеге бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен
тікелей қарым-қатнас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың
бірлестігі шағын топ деп аталады. Мұндағылар бірін-бірі жақсы біледі, топ
алдына тұрған ортақ міндетті орындай кезінде өзара қоян-қолтық қатнасы
болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі-үш адммен құралып, әрісі, 30-40
адамнан аспауы тиіс.
Әр адам топта қандай болмасын белгілі бір роль атқарады. Бірақ, оның
бұл ролі тұрақты болмайды. Кісінің атқаратын ісі неғұрлым көп болса,
соғұрлым ұжыммен тез байланысқа түсе алады, ол адамның ұжымға ықпал
тиімдірек болады.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де
тәуелді. Орамды ықпал, терең сезім, күшті ерік-жетер, қажыр-қайрат,
қабілеттілік осының бәрі ұжым үгілікке айналса, кісінің рухани өмірі бай
болса, дағды икен, шеберлікті жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез
сіңіп, беделі де жағалары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса,
әсіресе оған қарсы келуге тырыса, тәкәппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы
төмендеп, бара-бара беделіне айырлатын болады.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, мектеп сыныптардағы адамның ішінен тек
үш-төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен. Себебі :
олардың төл мүшелерінен қатынала жасай білу қасиетінің жоғарылығында, яғни
басқаның жүретіне жол таба біліп, қашанда көпшілікке жақын, белгілі
болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау, жалғампаудану жолынан емес, өзінің
табиғи балнасымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады. Сөйтіп, адамның
топ ішінде белгілі болуы анық басқалардың жағдайын түсіне білуі негізінде
қалыптасады екен. Екіншіден, ондай адам білімділігі, ікерлігі, өз білгенін
басқалардан аямай, олармен риялсыз бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылығымен
де ерекшеленеді. Үшіншіден, кісінің сырт бейнесі мен келбет-кескінін, яғни
дене күші факторын да ескермеске болмайды.
Топ мүшелерінің көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен алдағы әр
адамның өзгелерден гөрі жиі байланысқа түсетін, яғни мүддесі бір,
әңгімелері жарасқан ортақ істі құлшына орындайтын жолдастың, достық
қатнастағы адамдары да болады.
Топ басшының, яғни жетекшісіз болмайды. Кез келген топтың өздері
сайлап алған, не жоғарыдан тағайындалған басшысы болады. Топ әрекетінің
нәтижелі болуы жетекшіге байланысты.
Топта маралдың психологиялық ақуал дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл –
топ, ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатнасындағыортақ тәртіп пен
жауапкершілік, яғни жетекшімен оның қарамағылардың бірін-бірі түсінісе
алуы, топтың үйренсе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ
пікірдің орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көіңіл-күйі ұжымдық міндеттің
нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Білек сыбанған құлшыныс, өзара
жарасқан янтямақ, өзара сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін болса да
жеңіл атқарылады. Мұндайда еңсені болар ауыртпалық сезілмейді, сары уайым,
жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды.
Еңбектің қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек
болмайды. Тұрлаулы, нәтижелі еңбек шыдамды, іске ұқыпты адамның қолынан
ғана келеді. Жалқау, кереносу адамда шығармашылық еңбек болмайды. Адам
еңбек етуге биеталы болып қызығатын болса, оның ысыратына жолбермейді.
Мұндағы берекесіздікпен аяусыз күресіп отырады.
Еңбек әрекетінің адам жанына қолайлы әсер етіп отыратындығының сан алуан
мәселелерін еңбек психологиясы қарастырады.
Еңбек психологиясының басты міндеттерінің бірі – жастарды кәсіптік
бағдар, оларды жеке икемділіктеріне қарай ірістеу, тиісті кеңестер беру,
әртүрлі мамандықтарды психологиялық жағынан сипаттау, бұлардың
профессияграммасын жасау, әр жастағы адамдардың еңбектің түр-түріне
қабілеттіліктерін ажырату, еңбек экспертуасының мәселелерін қарастырып,
шешу сияқты жайттармен байланысып жатады.
Эмоция деп айналадағы заттар мен. Құбылыстарға жағымды, я жағымсыз
сәулеленуін айтамыз. Эмоциялар шындықтық жүйеде сәулеленуінің айрықша бір
түрі.
Эмоциялар өзіне іс-әрекетті босандырмайды, ол оның қозғалысының
механизмі және нәтижесі болып табылады.
Эмоциялар ішкі белгілердің функциясын атқарады, ал олар заттық іс-
әрекеттің тікелей психикалық бейнесі болып табылмайды. Мотивтер және
жетістіктер арасындағы қатынастарды бейнелеу эмоциялардың ерекшелігінен
тұрады. Сонымен қатар бұл жерде осы қатынастардың рефлекциясы жайлы емес,
олардың тікелей сезімдік бейнеленуі, күйзелістері жайлы сөз болып тұр.
Сөйтіп, олар мотивтің актуалдануынан есебін және субьектінің өзінің іс-
әрекетін ұсынады бағалауына дейін пайда болды.
Мұнда тұрмыс және міндеттердіңарасындағы қатынастың эмодиялық
тәуелділік фактісін білдіретін түрлі болжамдарды талдауға тоқтала алмаймыз.
Тек эмоцияларды жүзеге асыратын әрекеттерге немесе операцияларға емес, ол
әрекеттердің релеванттылығына назар аудару керек. Сондықтан түрлі әрекетті
жүзеге асыратын процестер әр түрлі, сондай-ақ қарама-қарсы эмоциялардың
түсін жоя алады. Басқаша айтқан да, жағымды немесе жағымсыз санкциялаудың
ролі мотивпен берілген күшті әсерге байланысты эмоциялармен жасалады.
Қандай да бір әрекеттің сәтті жасалуы әрқашан жағымды эмоцияларға жеке
бермейді, ол сондай-ақ тұлға үшін жетекші мотивтің жоғынан жеткен табысқа
психологиялық ұмтылу болып табылатындай белгі беретін жағымсыз эмоцияны да
туғызуы мүмкін. Бұл қарапайым бейімделуші реакцияларға да қатысты.
Эмоционалды күйлердің көптігі және күрделілікті, танымдық және
аффективті мотивтері бірлескен алғашқы сезгіштіктің бөлінінің нәтижесі
болып табылады. Бұл бөлінуде эмоцияланады күйлер дүниедегі заттардан
тәуелсіз тіршілік етеді деп ойлауға болмайды. Заттың жағдайларда пайдалы
болып, олар осы жағдайларда және обьектілерді белгілейді. Заттың өзіне
келмесе жеке адамдарға эмоцияланады белгілі аффиктивті жинақтар деп
аталатын қарапайым құблысқа көз тастау жеткілікті. Сөз басқа туралы, ал
нақтырақ айтқанда оның заттың мазмұнның бейнесінде өзгешіліктің болуы және
оның эмоциялды реңі туралы және адаміс-әрекетінің күрделі жанамалау
жағдайларында обьектілердің аффектенді өзгеру мүмкіндігі туралы. Ал ең
маңыздысы адамда эмоцияналды процестердің және күйлердің зіне тән жағымды
дамуы бар.
Адамның эмоциялдық күйлерінің өзіндік тарихи, дамуы бар.Сонымен қатар
олардың функциялары мен жіктелуі өзгереді, сөйтіп олар әр түрлі
деңгейлермен салыстыра да қалыптастырады. Бұл кездейсоқ және еріксіз пайда
болатын аффектілер, әрі қарай бұл күй эмоцияларға – индеаторлық және
жағдайға орай болды, яғни тұрақты затта кристалданған заттық сезімдер.
Стендальдің көңіл-күйлер - өзінің тұлғалық функциясы бойынша, өте маңызды
субьективті құблыстар.
Эмоциялдық құблыстардың әртүрлілігі, олардың өзара байланыстарынан
және нәтижелерінің күрделігі субьективті түде өте жақсы алынады. Бірақ
психология феноменкологияны жоғалтқан кезде, оның тек ең дөрекі күйлерді
ғана зерттеуге қолы жетеді.Дәл осындай периферриялық идеялар да болды,
сондай-ақ қазіргі психологиялық тұжырымдамаларда да кездеседі.
Эмоция мәселесіндегі тағы бір бағыт тұлға құрылысын сипаттайтын
мотиватцияаралық қатнаста зерттеуден және жанамалайтын эмоционалдық
қайғыру аймағынан тұрады.
Адам іс-әрекеті үшін техникалық бастыаманы – бұл мотивтер мен
мақсаттардың сәйкес келмеуі болып табылады. Ал, керісінше олар сәйкестенсе,
нәтижесінде еркін түрткі болатын күші бар мақсатқа ие болу немесе оларды
мотив-мақсатқа айналдыратын, мотивтерді саналы түсіндірудегі екінші ретті
құблыс пайда болады.
Мотивтердің мақсатын ерекшілігі – оларды субьекті жете түсінбейді.
Мысалы, біз белгілі бір әрекет жасағанда, оны тудыратын мотивтер туралы
ойланбаймыз. Бірақ біз оған онай дәлелдер келтіре аламыз.
Бірақ мотивтер санадан бөлектенбек Тіпті мотивтер саналы түсінілмесе де
олар өзіндік ерекшелер психалық формада бейнеленеді.Мысалы, эмоциялдық
беллтан әрекет тұлғалық мән ұғымы мен эмоция ұғымының ажыратылуын талап
ететін арнайы функцияны атқарады. Бұл сәйкессіздік адаміс-әрекетінің даму
барысындағы мотивтер функциясының қосарлануы нәтижесінде туындайды.
Мұндай қосарлану іс-әрекет міндетті түрде көп мотивті болғанда, яғни
бір уақытта бір немесе бірнеше мотивтерге жауап бергенде, пайда болады.
Адам әрекеті әрқашан бірнеше қатнас жиынтығын обьективті орындайды, мысалы,
дүниедегі заттарға қоршаған адамдарға, өз-өзіне, қоғамға деген қатнастар.
Сонымен еңбектік іс-әрекет қоғамдық мотивтелген, бірақ олар матиралдық
мадақталған мотивтермен басқарылады. Осы екі мотив бар болса, олар әр түрлі
жауықтықтарда жатар. Әлеуметтік қатнастар жағдайында еңбек мәні жұмысшы
үшін қоғамдық мотив болып табылады. Материалдық мадақтауға келсек, адам
үшін іс-әрекеттің орнам басса да, ол ықпал ету функциясын ақтарады, бірақ
ол негізгі мағына құрастырушы функциясынан айырылған болып саналады.
Сонымен, бір мотивтер іс-әрекеттерді тудырып, оларға тұлғалық мағына
береді. Біз оларды мағына құрушы деп атаймыз. Бұдан басқалар, мысалы :
эмоцианалдылық, аффиктивтілік, мағына құрастырушы функциялдан айырылған
тудырушы фактор қызметін атқарады. Біз оларды шартты түрде стимул –
мотивтер деп айтамыз. Олардан тән қосшеттер : адам үшін тұлғалық мәнді іс-
әрекетжүзеге асуы барысында күшті эмоционалды болатын кешірулерді тудыратын
жағымсыз әсерлер мен кездесе, онда оның тұлғалық мағынасы бұдан өзгермейді
; көбінесе басқаша болады, яғни туындаған эмоцияның психологиялық
сенімсіздігі тең өседі.
Халықтық педагогика идеяларына негізделген қарым-қатынас - бұл адами
қатынастардың күрделі түрі. Ол өзіне жолдастық, достық және ұлттық рух,
саналылық, сүйіспеншілік, адамгершілік табысқа жету т.б. құрылу кезіндегі
өзара қатынастарды енгізеді. Жеке тұлға қарым -қатынас процесінде ұқсау,
мысал, өнеге алу, үйрену, ортақ сезімдес, сәйкестендіру арқылы қоғамдық
және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез -құлық нормаларын көрсетудің
формаларын меңгереді. Қарым -қатынас адамдардың өзара әрекет ету, олардың
бірін -бірі түсіну және өзара әсер ету, өзара түсіністік, бірлесіп іс-
әрекет жасау қабілеттерін қалыптастыру қызметтерін жүзеге асырады. Топтық
және жекелік қарым - қатынас арқылы халықтардың мәдени құндылықтары, салт-
дәстүрлері өзара әрекетке түседі (1-сурет).

1-сурет – Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі
1.2 Қарым-қатынастың формалары.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас.
Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін
емес.
Қарым-қатынас формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу
арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде
тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық
құралдарды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі
техникалық құралдардың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың
жүйесін күрделендірді.
Қарым-қатынас ары қарай жеке  адамаралық және көпшіліктік қарым-
қатынас болып бөлінеді.Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда
жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп
іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және
көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай
қатынастың үріне өнер, эстетикалық –қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін
психологиялық қасиетерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-
қатынаста қалыптасады да, адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық
тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет
түрлерін игеруі , жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске
асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды
факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның
бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын
жан-жақты шындық.
Қарым-қатынастың маңызды 5 функциясын бөліп қарастыруға болады. Қарым-
қатынас адамдардың ұжымдық іс-әрекетінде байланыстырғыш рөлді атқарады. Бұл
функциясын шартты түрде прагматикалық функция деп атауға болады. Бұл
шартты орындамау Інжілде айтылған атақты Вавилон мұнарасы туралы аңызға
әкеліп соғуы мүмкін. Маңызы бойынша 2-функциясын қалыптастырғыш функция
деп айтуға болады. Бұл функция адамның психологиялық бейнесін қалыптастырып
өзгертудің маңызды шарты. Бала дамуының белгілі кезеңдерінде мінез-құлқы,
іс-әрекеті және баланың қоршаған әлем мен өзіне деген қатынасы үлкендер
арқылы іске асырылады. Д.Элькониннің айтуынша: Бала әрқашанда 2 адам –
оның өзі және ересек адам . Даму барысында бала мен ересектің сыртқы
тікелей емес қарым-қатынасы баланың ішкі психологиялық прцесіне және де
баланың дербестік ерікті іс-әрекетіне айналады.
Онтогенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса
маңызды функция атқарады. Орта ғасырда бір испан епископы былай деп жазған
екен: Жетімханадағы балалар зерігіп, зеріккендіктен өледі. 30-жылдары АҚШ-
та эксперимент жүргізілген: 2 клиникада қауіпті, әрең жазылатын ауру
балалар жатқан. Оның біреуінде балалар туысқандарымен кездеседі, ал
екіншісінде туысқандарымен жолықтырылмайды. Осы екі клиникада жазылу
тиімділігін салыстырғанда: оның біріншісінде – бала өлімі жоқ, ал
екіншісінде – балалардың үштен бірі шетінеген.
Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны берудің жай
қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі
процесі. Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой
елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Қарым-қатынастың үшінші функциясы
ретінде бекітетін, қолдаушы деген функциясын атауға болады.басқаша
айтқанда, басқа адаммен қарым-қатынаста адам өзін-өзі танып-біліп, өзіне-
өзі сенімге ие болады. Адам өзін-өзі бағалау үшін басқаның мақұлдауын қажет
етеді. У.Джеймстің айтуынша: Адам үшін қоғамда өз бетімен назардан тыс
қалу және басқалардың оны мүлдем байқамауы – ең зор жаза. Көптеген
псизотерапевттік жүйелерде адамның мұндай жағдайы қолданылмаған .
бекітілмеген деген ұғым арқылы беріледі, және де Сенікі жөн емес, Сен
жамансың деп мойындамауға қарағанда (бұл жағдайда теріс болса да бекітудің
белгілі үлесі бар), бекітілмеу Сен бұл жерде жоқсың, Сен тірі адам
емессің дегенді көрсетеді.
Атақты ағылшын психологы Р.Д.Ленг – бекітілмеу ,көптеген психологиялық
ауру, әсіресе шизофринияның себебі деген қорытындыға келген. Оның
байқаулары бойынша, басқа да зерттеулер көрсеткендей, эндогенді психозбен
көбінесе ата-аналары тарапынан шеттетілген балалар ауырады екен.
Адамдар өміріндегі әр түрлі дәстүрлер – амандасу, түрліше көңіл аудару
рәсімдері бекітілу терапиясы деп саналады.Қарым-қатынастың  төртінші
функциясы жеке адамаралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау болып
табылады. Басқа адамдарға деген эмоциялық көзқарастар – сүйкімді —
сүйкімсіз, ұнайды- ұнамайды деген терминдермен белгіленеді.Әрине,
эмоциялық қарым-қатынас адам өміріндегі жалғыз қатынастың түрі емес, бірақ
олар адамның барлық қарым-қатынас жүйесінде көрінеді, көбінесе іскерлік
немесе тіпті рөлдік қатынасына да өз әсерін тигізеді.  Келесі , бесінші
функциясы жеке адам ішілік функциясы. Бұл жағдайда адамның өз-өзімен
қарым-қатынас жасауын (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы- диалог типінде)
адамның ойлауының әдісі түрінде қарастыруға болады. Осыған байланысты
Л.С.Выготскйй былай деген: ...адам өзімен зі болғанда да қарым-қатынас
функциясын сақтайды.
Сонымен біз қарым-қатынастың түрін , формалары мен функцияларын
қарастырдық. Әлеуметтік психологияда баса назар аударылатыны жеке
адамаралық , тікелей қарым-қатынас түрі, ең терең зерттелетіні де осы түрі.
Әлеуметтік психология, адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға кіріктірілуіне
байланысты, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін
болса, онда, алдымен жеке адамаралық қарым-қатынас және адамдардың бір-
біріне өзара әсерін ғылыми тұрғыда талдау қажеттілігінің туындауы заңды
құбылыс.
Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың
табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі – эмоциялық негізінің болуы.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі
көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке
тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп
қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адамаралық қарым-
қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен , көбінесе сезімдерге баса
көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған:
1)  конъюктивті – адамдарды жақандататын, біріктіретін, бірлескен іс-
әрекетке итермелейтін сезімдер;
2)  дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, біллескен іс-
әрекеттен қашқақтататын сезімдер.
Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.
Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия
негізінде нақты іс-ірекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру,
жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен , топты толық зерттеу үшін тек
социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.
Кеңестік психологияда қарым-қатынасты бір жағынан, іс-ірекеттің бір
түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым.
Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысышылардың әрекеттерін
үйлестіріп немесе үйлестірмей іске асырады. Мұндай үйлетірушілік қарым
-қатынастың ерекше әсер етушілік функциясымен байланысты.
Қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау
мақсатымен, көбінесе оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын
қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы (тар мағынада) – қарым-қатынасқа
түсішушілердің бір-бірімен мәлімет алмасуы.
Интерактивті жағы –қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетесуін
ұйымдастыру, яғни білім, идеялар және әрекеттермен алмасу (әрекеттестік) .
Бірлескен әрекеттің ұйымдастырылуы.
Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы,
тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып
қалыптасуы.
Көптеген іс-әрекетте , мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-
қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет. Мұндай қарым-қатынастың
орынсыз , этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында,
тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.
Диалог – тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара
танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым
-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Адами қарым- қатынас жасау адамгершілік белгісі

Баланың тұлға ретінде қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынаста
дамуы мен қалыптасуы өзін- өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Бұл
орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне еңбек ету
жолына арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген Өзін-
өзі тану рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызы өте зор,
сырлы әлемге толы дүние.
Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам
тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің
қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.
Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-
қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік,
әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім,
кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас
жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен
туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның
жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның
тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр,
табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.
Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы
бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-катынаспен, ал
адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен
астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау
кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік
нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі,
дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік
белгісін танытады.
Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты.
Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-
қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-
бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты
тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар
әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде
тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке
жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-
қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.
Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік,
экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек
және т.б.сипатта болса; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты
жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты
жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.
Мұндағы мақсат – оқушының эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және
жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық –
әрекеттік форманы құру болып табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние
туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер
жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын
білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әруақытта мәдениетті және
әдепті.
Адами қарым-қатынасқа үйретуде табиғат, мәдениет, іс, қоршаған
адамдар, ең жоғарғы құндылық ретіндегі адамның өзі тірек ретінде алынады.
Мұндағы ескеретін әдістемелік ереже: аталған тіректерді негізге ала отырып
қарым-қатынасқа үйрету бір мезгілде, бірыңғай тәрбие процесінде жүзеге
асырылады; олар бірте-бірте, күннен-күнге, жылма-жыл педагогтар мен ата-
аналардың ықпалымен дамып отырады.
Қарым – қатынассыз өмір сүру мүмкін емес. 200 жыл өмір сүретін үйеңкі
де жаңа отырғызылған кезде жалғыз болса өліп қалады. Адамға қатысты өмірлік
қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік
тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым- қатынаспен, адамгершілікке жат
қылық тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым – қатынаспен астастыны белгілі.
Сондықтан да адамдар бір- бірімен қарым- қатынас жасау кезінде адамдық
қасиеттерді құрметтеуі, қарым- қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы
және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі
адамгершілік белгісін танытады.
Қарым- қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай
білуі қажет. Кез- келген адам сізбен қарым – қатынаста жеке пікірін айтуға,
шешім қабылдауға құқығы бар. Мамандардың зерттеулері бойынша адамдар 55%
ақпаратты вербальды емес қатынастан, 38% ақпаратты дыбыстардын
(тембр,ырғақтан т.б), 7% ақпаратты сөйлеуден алады екен. Қарым- қатынаста
адам саналы түрде дамиды, жетіледі.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени,
саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас
арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған
адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып
қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-
қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі
бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни
сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар,
зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер
ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол
осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін
қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан
басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі. Бала бұл кезде,
өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек
қателеспейміз. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап
адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік
қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның
екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік
тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара
сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол
жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей
адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы,
жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір
кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең
білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен
бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі.
Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік
қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-
құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен
бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер
әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен
аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады.
Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және
өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді.
Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам
қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-
тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі
және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне
қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат
алады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-
құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде
жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас
баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста
адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін қанағатандырады. Өзін-
өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты
Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен
қажет болғандыктан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара
қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Бұндай
жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ
мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке
даралығын көрсетеді. Бұл қосалқы пән. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші
жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы. Сонымен іс-
әрекет қарым-қатынастың бір қыры, ал сезіну іс-әрекеттің бір жағы, бұлардың
барлығы бірлесе барлық жағдайда үзілмес бірлік құрайды. Қарым-қатынас
үрдісіне енбейтін психикалық құбылыс жоқ. Осы іс-әрекеттен ажырамас қарым-
қатынастан индивид адамзат қалыптастырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарым – қатынас мәдениетінің психологиялық сипаты
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Адам аралық қатынас
Қарым-қатынас функциялары
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Қарым қатынас туралы пікірлер
Қарым - қатынас ақпарат алмасу әрекеті
Ұжым психологиясы мәселесі
Қарым-қатынас психологиясы (дәрістер)
Қарым-қатынасқа және сөйлеуге жалпы сипаттама
Пәндер