Бронхиальды демікпенің емдеу принциптері



1 Госпитализацияға көрсеткіш.
2 Қабынуға астмаға қарсы препараттар.
(базисті ем)
3 Бронхты кеңейтуші препараттар:
4 Ұстамаларды басу:
5 Ауыр персистеуші демікпенің емі:
6 Астмалық статустың ауыр ағымының емі:
Қолданылған әдебиеттер:
Бронхиальды демікпені дұрыс емдеу жоспары байланысты:
- ауру фазасына;
-ауру ауырлығына;
- клинико-патогенді вариантына;
Емдеу мақсаттары:

- Ауру симптомдарын бақылау мүмкіндігіне жету;
- Аурудың өршуін жою;
- Өкпе қызметін жақсарту,қалыпты жұмыс жасауына жағдай
жасау;
-Физикалық белсенділікті жақсарту;
- Демікпеге қарсы препараттардың жанама әсерін болдырмау;
- Қайтымсыз бронхиальды обструкцияны болдырмау;
- Демікпемен өлімді азайту;
Емханада емдеу:

-Тұрақсыз ремиссия кезіндегі науқастар;
- Бақылауға алу үшін тұрақты ремиссия фазасындағы науқастарға ем жүргізуде;
- Бронхиальды демікпенің жеңіл ағымында;
Ең маңыздысы науқастың санитарлық білімінің болуы.Науқас өзіне арнайы күнделік жүргізуі тиіс.Онда өзінің ауруының басты симптомдарын,пикладметрдің көмегімен дем шығаруының жоғары жылдамдығын жазып отыруы керек.Қандай да бір өзгеріс байқаған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.Осы мақсатта емханаларда арнайы оқыту жүйесі қарастырылған.Оны <<Демікпелер мектебі>> деп атайды.Мұнда арнайы дайындалған бағдарлама бойынша науқастарға аурудың барысын,ұстамалардың алдын алу жолдарын түсіндіреді.Бронхиальды демікпенің ағымымен өз бетінше күресуді,дозалық ингаляторды дұрыс қолдануды үйретеді.<<Демікпелер мектебінің>> жұмысы әйелдер арасында өте тиімді болып отыр.
1.Харкевич Д.А "Фармокология". М-2006ж.

2.В.Г.Кукес "Клиническая фармокология и фармакотерапия "
М-2006ж.

3.В.И.Маколкин "Внутренние болезни" М-1999 ж.

4.Ф.И.Комаров Внутренние болезни М-1981ж.

5.Дәрістен алынған.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бронхиальды демікпенің емдеу принциптері.

Бронхиальды демікпені дұрыс емдеу жоспары байланысты:
- ауру фазасына;
-ауру ауырлығына;
- клинико-патогенді вариантына;

Емдеу мақсаттары:

- Ауру симптомдарын бақылау мүмкіндігіне жету;
- Аурудың өршуін жою;
- Өкпе қызметін жақсарту,қалыпты жұмыс жасауына жағдай
жасау;
-Физикалық белсенділікті жақсарту;
- Демікпеге қарсы препараттардың жанама әсерін болдырмау;
- Қайтымсыз бронхиальды обструкцияны болдырмау;
- Демікпемен өлімді азайту;

Емханада емдеу:

-Тұрақсыз ремиссия кезіндегі науқастар;
- Бақылауға алу үшін тұрақты ремиссия фазасындағы
науқастарға ем жүргізуде;
- Бронхиальды демікпенің жеңіл ағымында;

Ең маңыздысы науқастың санитарлық білімінің болуы.Науқас өзіне арнайы
күнделік жүргізуі тиіс.Онда өзінің ауруының басты
симптомдарын,пикладметрдің көмегімен дем шығаруының жоғары жылдамдығын
жазып отыруы керек.Қандай да бір өзгеріс байқаған жағдайда дер кезінде
дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.Осы мақсатта емханаларда арнайы оқыту
жүйесі қарастырылған.Оны Демікпелер мектебі деп атайды.Мұнда арнайы
дайындалған бағдарлама бойынша науқастарға аурудың барысын,ұстамалардың
алдын алу жолдарын түсіндіреді.Бронхиальды демікпенің ағымымен өз бетінше
күресуді,дозалық ингаляторды дұрыс қолдануды үйретеді.Демікпелер
мектебінің жұмысы әйелдер арасында өте тиімді болып отыр.

Госпитализацияға көрсеткіш.
-Бронхиальды демікпенің ауыр ағымының өршу фазасында;
-Бронхиальды демікпенің орташа ауыр ағымының өршуінде;

-Астматикалық статус диагнозы алғаш реет анықталған
науқастар;

Қабынуға астмаға қарсы препараттар.
(базисті ем)
Гликокортикостероидтар емдік әсері бронхтардағы В2-
адренорецепторладың санын көбейту,жедел типтегі аллергиялық реакцияны
тоқтата алу,жергілікті қабыну процесін басу,бронх шырышты қабатының ісінуін
және бронх бездерінің секреторлы белсенділігін басу, мукоцилиарлы
транспорты жақсарту, бронхтар-дың активтілігін төмендету қабілетіне
байланысты.
*Ингаляциялық ГКС-р ( беклометазон,будесонид,флутиказон ) жүйелі ГКС-
найырмашылығы тек жергілікті қабынуға қарсы әсер етіп, жалпы жанама
әсерлерді шақырмайды.Мөлшері аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты.Бірақ
бұл препараттарды қолданғанда ауыз қуысының және жұтқыншақтың кандидомикозы
дамуы мүмкін.Сондықтан да мұны әрдайым бақылап отырған жөн.
*Жүйелі ГКС-р (преднизалон, метилпреднизалон, дексаметазон,
бетаметазон). Бронхиальды демікпенің ауыр ағымында минималь-ды мөлшерде
тағайындайды және мүмкін болса күнара қабылдау керек.(альтернативті ем).
Оларды көктамыр ішіне және пероральды ,көбіне соңғы жолмен тағайындау
тиімдірек.Көктамыр ішіне ауыз арқылы қабылдау мүмкін болмаған жағдайда
тағайындалады.Депо-препараттарды тек ауыр жағдайларда тағайындау керек.Мыс:
дәрігердің ұсыныстарын орындамаған науқастар,басқа препараттар
көмектеспегенде. Қалған жағдайларда қабылдамауға тырысу керек.
*Мембрана тұрақтандырушылар: ( кромоглиций қышқылы және недокромил,
сонымен қатар комбинирленген b2-адреномиметиктермен бірге ) жергілікті әсер
етеді,бұлтты жасушалардың дегрануляциясын және олардан гистаминнің шығуын
тежейді,суық ауамен демалғанда және физикалық жіктемеде бронхоспазмның
дамуының алдын алады.Ұзақ уақыт қолданғанда бронхтардың гиперреактивтілігін
төмендетеді.Бұлар жас және бала кезде өте тиімді.Бұл топтың препараттары
брондиальды демікпенің ұстамасын емдеуде қолданбайды. Ингаляциялық жолмен
қабылданады.
*Лейкотринді препараттар антогонисі (зафирлукаст,монтелукаст) –
қабынуға жіне астмаға қарсы жаңа препараттар тобы.Бұл препараттар b2
адреномиметиктерге қажеттілікті төмендетеді, бронхоспазм ұстамаларында
тиімді ішке қабылдайды.ГКС-ға қажеттілікті төмендетеді.

Бронхты кеңейтуші препараттар:

Бронхиалды демікпені емдеудегі барлық бронхолитикалық препараттар
симптоматикалық әсер береді, оларды қолдану базисті қабынуға қарсы емнің
тиімділік индикаторы болады.
*Қысқа әсерлі b²-адреномиметиктер (сальбутамол,фенотерол) ингаляциялық
жолмен енгізіледі.Бұл препараттар БД ұстамасын басу үшін
қолданылады.Ингаляциялық жолмен енгізгенде емдік әсері алғашқы 4 минутта
басталады.Препараттар мөлшерленген аэрозольдар түрінде құрғақ,ұнтақ және
ингаляторға арналған ерітінді түрінде шығарылады.Ұзақ қолдану қажет
жағдайда ерітіндімен нейбулайзер арқылы дем алады.Препараттарды енгізу үшін
мөлшерленген ингаляторлар қолданылады,ұнтақтық ингаляторлар және
нейбулайзер.Оларды дұрыс қолдану үшін науқасты арнайы үйретіп,дағдыландыру
қажет.
*b2-адреномиметиктер,ұзақ әсерлі ингаляциялық (сальметерол, формотерол)
немесе (сальбутамолдың бір түрі) қабылданады. Олардың әсер ету ұзақтығы 42
сағат.Препараттар бронхтарды кеңейтеді,мукоцилиарлы клиренсті
күшейтеді,сонымен қатар бронхоспазм шақыратын заттарды ингибирлейді.
*Қысқа әсерлі теофиллин препараттары (теофиллин, аминофиллин)
бронходилататор ретінде тиімділігі аз .Олар айқын жанама әсер
шақырады,сондықтан теофиллиннің қандағы мөлшерін үнемі қадағалап отыру
қажет.Токсикалық әсері, емдік әсерінен 24 есе жоғары болғандықтан сақтықпен
қолданған жөн. Плацента арқылы өтіп,анна сүтімен де бөлінетінін ескерген
жөн.

Ұстамаларды басу:

B2-адреномиметиктер: беротек пен сальбутамон немесе астмопентті .
Бриканол 0,05%-0,5 т.

Қысқа әсерлі ксантиндер эуфиллин кт 2,4 %-10,0 мл.

Ауыр емес ұстамалар кейбір препараттардың комбинациясынан
басылады:теофидрин,бронхолитин және т.б.
Тез арада жасалу қажет:жылы таза ауа келуіне жағдай жасау,аяғына жылы
ванна,вибрациялық және нүктелік массаж,тыныстық жаттығулар жасау керек.
Көктамырға:преднизалон 60-90 мг NаCL 0,9 % 400-500 мл,тахикардияда
эуфиллин.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Өткір вирусты таралымды инфекциялар балалардың бронхты демікпеге шалдығуына әкеп соқтыратын маңызды фактор
Аллергиялық емес демікпе
«жүйке жүйесі» модулі бойынша дәрістік кешен
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Жұқпалы емес аурулар
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
Пневмосклероз
Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау
Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-экологиялық факторлардың әсері
Пәндер