Астық тұқымдасы


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Астық тұқымдасы
- Тары тәрізділер тұқымдас тармағы
- Астық ылғалдылығын анықтау
- Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дала - Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау, боз, бетеге, қоңырбас, т. б. ) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы (көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты, қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі.
Солтүстік Америкада даланы прерия, Оңтүстік Америкада - пампас, Оңтүстік Азияның (Иран, Пәкстан, Ауғанстан) үстіртті жерлеріндегі даланы - дешт деп атайды. Еуразия құрлығының оңтүстік-батысынан (Пиреней түбегі) Манчжурияға дейін (солтүстік-шығыс Қытай) далалық өңірлер жиі кездеседі. Құрлықтың батысы мен шығысындағы далалардың аумағы шағын. Даланың климат жағдайы (буланудың көп болуы, жауын-шашынның аз түсуі), топырағының физикалық-химиялық құрамы, тұздылығы ағаштардың өсуіне қолайсыз келеді. Далаөсімдіктері сан алуан (кейде бір шаршы метр жерде елуден астам түрі кездеседі) және көп сатылы болып келеді. Өсімдік түрі маусым ішінде де өзгеріп отырады. Көктем мен күз аралығында селеу, көде, қоңырбас, бидайық, сұлыбас және көп жылдық шөптесін дақылдар, эфемерлер (қызғалдақ, шытыр, т. б. ) мен эфемероидтер (бір жылдық жуа тұқымдас өсімдіктер) мүк, қына өседі. Кейбір далаларда ешкісабақ, қараған, тобылғы, жабайы шие сияқты бұталар кездеседі. Қара топырақты шалғын далада қуаңшылыққа біршама төзімді өсімдіктер (өлеңшөп, боз, т. б. ) және мүк өседі. Шөл далада бетеге, боз, қылқан селеу жартылай бұталармен (жусан, изен, шытыр, қараған) аралас кездеседі. Қына көп тараған. Еуразияда климаттық ерекшеліктерге байланысты батыстан шығысқа қарай дала өсімдіктерінің құрамында айырмашылық байқалады. Осыған байланыстыЕуразиядағы дала төмендегідей бөліктерге ажыратылады: 1) Дунайдың төменгі ағысы мен Алтай-Сауыр таулары аралығын қамтитын Қара теңіз - Қазақстан бөлігі. Бұл аймақ шығыс еуропалық орманды дала, Қара теңіз маңындағы дала, Қазақ даласы алқаптарына бөлінеді; 2) Орталық Азия немесе Даур-Моңғол аймағы. Бұл аймақ Хангай - Даур және Манчжур орманды далалары болып ажыратылады. Таулы далада өсімдіктердің жазықта өсетіндерінен басқа типтері де кездеседі. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, Орталық Азия тауларында байқалады. Далалар Солтүстік Америкада, Оңтүстік Америкада және Австралия құрлығында үлкен аймақтарды қамтиды. Далалардың көбісі жыртылып, егістікке айналған, қалған жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Көптеген елдерде табиғи дала қорықтарда ғана сақталған.
Астық тұқымдасы
Астық түқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7, 5-10 мың түр және 700-дей туыс жатады. Олардың ішінде космополит түрлері құрлықтардың барлығыңда кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады.
Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді. Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің ұзындықтарына қарай өсімдіктерді тығыз түптенген, сирек түптенген және тамырсабақты деп бөледі. Олар негізінен шашақтамырлы, сабақтары буыннан жөне буын аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының тұп жағындағы клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма (вставочная) меристемалар арқылы өсу деп атайды.
Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, карабидайдың, атқонақтың, сабағының буьш аралығының іші қуыс, ал буыңдары ұлпалармен толтырылған болып келеді.
Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының (жүгерінің және борыққамыстың) буынаралықтары да ұлпалармен толтырылған болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді. Астық тұқымдасының жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген тұп жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетеді. Астық тұқымдасында қынапша буынаралығының тұп жағыңца орналасқан, және төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жеріңце пленка төрізді өскіні немесе тілшесі болады. Ол сабақпен қынапшаның арасьша судың өтуіне мүмкіндік бермейді. Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын - масақтарын түзеді. Олар өз кезегіңде күрделі гүлшоғырьш - күрделі масақ, сьшырғы түзеді. Астық тұқымдасының барлығының дерлік әрбір масагының түп жағыңда екі масақтық қауызы болады (чешуи) . Масақтарьшдағы гүлдердің саны әртүрлі астық тұқымдасында бірдей емес, біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасьшың көпшілігінде әрбір гүлдің 2-ден гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы (қабықшасы), 3 аталығы және бір аналығы болады. Соңғысының, яғни аналығьшың сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы аузы болады (рыльце) . Гүл түйіні жоғарғы, барлық уақытта бір ғана тұқым бүрі болады. Гүлінің формуласы: ТР(2) +2 А3 С(2) .
Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән дегеніміз бір түқымды жеміс, онда жемістің қабымен дәннің кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап жашайды, ол оған бүйір жағынан жанасып, қалқанша деп аталынатын жалғыз тұқым жарнағына тікелей тиіп тұрады. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды, ал көп мөлшерде тонналап немесе центнерлеп жиналған дәңдерін астық деп атайды.
Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі. Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды: бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы.
Тары тәрізділер тұқымдас тармағы
Масақтың қабықшасы екіден көп, масағы барлық уақытта біргүлді. Кейде екінші гүл пайда болады, бірақ ол аталық гүл болып келеді, жапырақтың тілшесі түкті, жапырақтың хлорофилл жиналатын паренхимасы жүйкелердің айналасына орналасады.
Жүгері туысы (кукуруза) . Бірүйлі өсімдік, гүлдері және гүлшоғыры өртүрлі жынысты. Агрегатгы сыпырғы төрізді жоғары орналасқан гүлшоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір гүліңде үш-үштен аталығы болады. Аналық гүлдері собық деп аталынатын күрделі гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың қолтығыңда орналасады, және ол түрі өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған (жабылған) болып келеді. Аналық, гүлдің гүлтүйіні дөңгелек, мойны жібек жіп төрізді сусылдаған ұзын болады, оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаң осы өсімдікте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып аналықтың аузы көрінгенше пісіп кетеді. Сондықтанда жүгеріде өздігінен тозандану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктердің бірінен келіп түседі. Шыққан жері Мексика.
Жүгері жылусүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Соңдықтаңда жүгеріні себуден бұрьш топырақты тиянақты түрде өңдеуден өткізеді жөне жаз бойы оны қопсытьш отырады. Жүгері жарықты жақсы көреді, сондықтанда оны қатар-қатар бір-бірінен қашықтау себеді. Ол біршама құрғақшылыққа төзімді, дегенмен күніне әрбір өсімдік 1 литрдей су қажет етеді. Жүгеріні суық ұрғанға дейін жинап алады, өйткені пісіп жетілген өсімдік - 1°С өзінде оңай зақымданады.
Кәдімгі жүгері (кукуруза обыкновенная -) (258, а-сурет) . Жүгері биіктігі 2-3 м және оданда көбірек болатьш бір жылдық шөггтесін өсімдік. Ол тек мөдени жағдайда ғана белгілі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 ж. әкелінген, ал Россияға оны X ғасырда себе бастаған. Кәдімгі жүгері 8 т9р тармағына бөлінеді. Тамақтық, малға қоректік және техникалық өсімдік ретінде маңызы аса зор. АҚПІ-да, Аргентинада және Европада бұл негізінен мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдік; Мексикада, Қытайда, Индияда, Моддовада және Грузияның батыс аудаңдарында астық беретін дақыл. Жүгерінің ұнында ұлпа (клейковина) немесе белоктық заттар жоқ. Көпжылдық жүгері (2. ) деген жабайы өсетін түрінің Мексиканың тауларьшан табылғанына көп болған жоқ, шамасы ол кәдімгі жүгерінің арғы тегі болса керек.
Қоңыржай климатты аудандарда жүгерінің көптеген сорттарының дәндері пісіп үлгермейді. Сондықтанда Россияның орталық аудандарында жүгеріні ауылшаруашылық жануарларьш қоректеңдіру мақсатында силосқа өсіреді. Соңғы жылдары Россияньщ орталық аудандарыңда ғана емес, сонымен бірге Сібірде де дән беретін сорттары шығарылды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда жүгері тамақ өнімдеріне қажетті дән беретін және малға азық болатын аса құнды өсімдік. Жүгері өндіріс орыңдарына қажетті шикізат болып табылады.
Күріш туысы (рис - Огуга ) . Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Біргүлді масақ-шалары агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған, масақшаның 4 қауызы, 6 аталығы болады. Екі түрі себіледі, оның ең маңыздьісы - екпе күріш (рис посевной - О. кагіуа) (258, 6-сурет) . Біздің едце күріш бидайдан кейінгі екінші орыңды алады. Ол Орталық, Оңтүстік - Шығыс және Кіңдік Азияда негізгі астық (нан өнімдерін) беретін дақыл. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары белгілі.
Құмай туысы (сорго) . Құмайдың 40-тай түрі бар. Олар тропикалық елдердің (негізінен Африканың) құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді өсімдіктері. БОР-дың территориясывда себілетін немесе арамшөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған, ол агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырымен аяқталады. Масақшасы бір немесе екігүлді, соңғы жағдайда гүлдің біреуі қосжынысты, ал екіншісі аталық болып келеді. Дәні домалақ.
Кәдімгі құмай қонақ (сорго обыкновенная ) үлкен (биіктігі 6 м-дей болатын) бір жылдық өсімдік, тек мәдени жағдайда ғана белгілі, гүлшоғырының өсі иілген больш келеді, дән беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді. Дәвдерін өндеп, одан крахмал, қант және спирт алады. Жүгері (джугара - З. сшгга) біржылдық өсімдік, гүлшоғырьшың өсі иілген болады, астық беретін, малға азық болатьш жөне техникалық дақыл ретінде себеді.
Құмай (гумай, или джонсона трава) көп-жылдық тамырсабақты өсімдік, оңтүстік аудавдарда мазасыз (найзойливый) арамшөп ретінде өседі.
Тары туысы (просо - Рапісшп) . Тропикалық және субтропикалық зоналарда көп таралған және қоңыржай климатты облыстарға өсетін 400-дей түрі бар. БОР-дың флорасывда төрт түрі кездеседі, барлығы да бір жылдық өсімдіктер, олардың біреуі-ақ тары (просо посевное ) жарма беретін дақыл ретівде себеді.
Борықашыс туысы (сахарный тростник - Зассһашт) . Жершарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропи-калық аймақтарывда кең тараған 15 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпаға толы. Негізгі себілетін түрі - борыққамыс (трост-ник сахарный - 8. ойісіпашт) Бразилияда, Куба аралында, Орталық Америкада, Қытайда, Ивдияда және Тәжікстанның оңтүстігіңде себіледі. Сабақтарыңда 15-20% дейін қант болады. Совдықтанда бұл өсімдікті қант, ром, спирт және патокалар алу үшін пайдаланады. Орта Азия республикаларының территориясында (Сырдарья және Амударья өзевдерінің жайылмасывда) жабайы борыққамыс (сахарный тростник - З. кропіапеит) өседі, оны жаңа сортгар алу мақсатывда аталық немесе аналық формалардың бірі ретівде пайдаланады, әсіресе Индияда.
Астық ылғалдылығын анықтау
Астық ылғалдылығы деп талдауға алынған шөкім массасына пайызбен есептелген астықтағы бейтарап немесе гигроскопиялық сужың мөлшерін айтады.
Астықта ылғалдың болуы маңызды сапа көрсеткіші, өйткені оның мөлшері астықтың сақтауға төзімділігін анықтайды. Сондықтанда астық ұзақ уақыт бойы сапасымен масссасын төмендетпей жақсы сақталады.
Ылғалдылықты тікелей және жанама тәсілдермен анықтайды. Алайда қазіргі уақытта тікелей тәсіл мүлде қолданылмайды деседе болады.
Ылғалдылықты анықтаудың жанама тәсілдері бойынша кең тараған:ұнтақталған астық шөкімін кептіру жолымен; электр өткізгіштігі бойынша және диэлектірлік өткізгіштігі т. б. тәсілдер. Астық қабылдау кәсіпорындары астық сатушылармен есеп айырсқанда ылғалдылықты негізгі тәсілмен-ұнтақталған астық шөкімін кептіргіш шкафта тұрақты салмағына жеткізіп кептіру арқылы анықтайды.
Орташа үлгінің әр түрлі нүктесінен 100г астық шөкімін сұрыптайды да, алдын ала кептірілген және өлшенген алюмини бюкстерге салады. 0, 01 грамға дейінгі дәлділікпен техникалық таразыларда өлшейді. 1400С температураға дейін қыздырылған СЭШ-3, СЭШ-3М кептіргіш шкафтарға ашық орналастырады. Бюкстерді шкафқа салып және түсіру үшін шкаф қақпағының қозғалмалы жоғарғы бөлігін жылжытады. Содан кейін түйісу термометірін 1300С қояды. 40мин. кейін бюкстерді тигелді қысқаштармен алып салқындату үшін 15-20мин. эксикаторға салады. Салқындатылғаннан кейін бюкстер астық шөкімімен өлшенеді, кептіргенге дейінгі және кептіргеннен кейінгі салмақ айырмасы бойынша ылғал мөлшерін анықтайды. Астық ылғалдылығы пайызбен көрсетіледі де мына анықтама бойынша есептеледі:
Ы=ax 100/б
Мұндағы:Ы-ылғалдылықты, %.
а -шөкімдерді кептіру нәтижесінде жоғалған ылғал мөлшері, г;
б -ұнтақталған шөкім массасы, г;
шөкім 5г болғанда ылғалдылық жоғалған ылғалды 20-ға көбейткенде тең. Қатар анықталған қос үлгінің орташа арфемитикалық мағынасы алынады да. 0, 1% дәлділікпен көрсетіледі. Параллель анықталған екі шөкімнің айырмашылығы 0, 25 % асып кетсе анықтауды қайталайды.
Астық дақылдарымен бұршақ тұқымдастар дәндердің ылғалдылығы 18%жоғары болғанда дән нашар ұнтақталады және зертханалық диермендерде тарту процесінде айтарлықтай шамада ылғалды жоғалтады.
Сондықтан астық ылғалдылығын анықтауды екі кезеңде жұргізеді; 20 астықты бюкске немесе терең шәшкеге салып бдүтін күйінде температурасы 1050С жеткізлген шкафта 30мин. бойы кептіреді.
Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер
Жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері. Тіршілік жағдайы, көбеюі және сан алуандығы. Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсім-діктер. Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар да астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады) . Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармап, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ, және т. б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Даражынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. 3 жемісжапырақшасынан тұрады. Аналық аузы қауырсын тәрізді екі телімді болып келеді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz