Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Тарау. Ауылшаруашылық экономикасының тиімділігі және оны қамтамасыз етудің теориялық негізі
1. 1 Ауыл шаруашылық өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері қалыптастыру негіздері . . . 6
1. 2. Кәсіпорындар қызметінің тиімділік көрсеткіштері және оған әсер ететін факторлар . . . 17
ІІ Тарау. Ауыл шаруашылық кәсіпорындары қызметінің қазіргі жағдайы
2. 1. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының қазіргі жағдайын талдау . . . 29
2. 2. Ауылшаруашылық кәсіпорынының тиімділігі және оған әсер ететін факторларды талдау . . . 43
ІІІ. Тарау. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының тиімділігін артыру жолдары
3. 1. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары . . . 53
3. 2. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының өндірісінің тиімділігін арттыруды мемлекеттік реттеу . . . 61
Қорытынды . . . 71
Пайдаланылған әдебиеттері . . . 73
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің даму стратегиясын қалыптастыруда экономикалық реформаларды жүргізуге ерекше назар аударды. Өйткені, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйесі негізінде қызмет еткен жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарды дамытуға негізделген нарықтық экономикаға өту тұсында елдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін заң намалық-құқықтық негіздің әлсіздігі салдарынан өнеркәсіптік кәсіпорындар дағдарыс жағдайында тұрды. Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі кәсіпорындар қызметінің тиімділігіне ықпал ете отырып, жаңа талаптар қойды. Әрбір кәсіпорын тұтынушылар талғамын ескеріп, сұранысқа сай өнімдер өндіруге, өндірілген өнімді ұтымды бағаға өткізуге, өнім сапасын арттыруға, өндіріс шығындарын азайтуға, тиімді ұйымдық-құқықтық нысанды таңдауға және қызмет тиімділігін арттыруға ұмтылуда. Жаңа талаптарға жауап бере отырып, қалыптасқан маңызды мәселелер мен міндеттерді шешу экономикалық өсімге қол жеткізу
құралдарының бірі ретіңде өзекті мәселелердің бірі болды. Әсіресе, кез-келген кәсіпорын қызметінің тиімділігі таңдалған ұйымдық-құқықтық нысанға тікелей байланысты болғандықтан ұтымды ұйымдық нысанды таңдай білу және оның қызмет тиімділігін арттыру мақсатында зерттеу жүргізу және ғылыми негізделген ұсыныстар жасау бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Қазақатан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, біздің стратегиялық міндетіміз бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтанда мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қоюы керек. Алайда, мұндай стратегиялық міндетті шешу үшін экономикамыздың бәсеке қабілеттілігін арттыра отырып, шикізаттық бағыттан бас тартуға және экономиканы әртараптандыру, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыру, әлемдік стаңдарттарқа сай өнімдер өндіру, салалық кластерлер құру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру сияқты көптеген маңызды шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл бағытта, ең алдымен, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданып іске асырылуда және өңдеуші саланың мүмкіндігі мол басым бағыттары анықталып, кластерлер құру арқылы дамытуға баса назар аударылып отыр. Мұның барлығы жоғары деңгейде орындалып, оң нәтижесін беру үшін еліміздегі ұйымдық- құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыруға қандай саланың болмасын дамуына сол саладағы қызмет ететін кәсіпорындар қызметі айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан, Экономика салаларындағы ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру арқылы саланың ғана емес, экономиканың да даму деңгейін арттыруға қол жеткізе аламыз. Әсіресе, даму мүмкіндігі мол бағыттардың бірі ретінде анықталған тамақ өнеркәсібінің қазіргі жағдайына жасалған талдаулар еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, импорттық тауарлардың үлесін азайтып, экспортқа өнім шығаруды ұлғайтуға, ең бастысы, өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға мән беру қажеттігін көрсетеді;
1) тамақ өнеркәсібі саласындағы ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметіне жасалған талдаулар көрсеткендей, өндірілетін өнімге деген сұраныстың азаюы, өткізу нарықтарының тарлығы, өнім сапасын арттыру мүмкіндіктерінің аздығы, қаржы тапшылығы сияқты мәселелер талдау жасалған барлық кәсіпорындарға тән болыл отыр. Мұндай жағдай отандық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру бойынша нақты шараларды жүзеге асыру қажеттігін нақтылай түседі.
2) Қазақстан Республикасы статистика агенттігіне есеп берген кәсіпорындар қызметінің нәтижелері бойынша, еліміздегі ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы бірдей табысты қызмет етіп отырған жоқ. Сондықтан еліміздегі ұйымдық нысандарды жетілдіру мен тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру қажет:
3) бүгінгі таңда ел экономикасында қызмет етіп отырған әртүрлі ұйымдық- құқықтық нысандардағы кәсіпбрындардың қызмет тиімділігіне кедергі келтіретін өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын ұсыну;
3) еліміздегі заң жүзінде бекітілген ұйымдық-құқықтық нысандармен қатар айтарлықтай жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардың өзгеше, жаңа нысандарын енгізу мүмкіндіктерін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау.
- шетелдік озық тәжірибелерді зерттеу және оларды республика жағдайын бейімдеу жолымен ұтымды пайдалану тәсілдерін әзірлеу ;
-тамақ өнеркәсібіндегі ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар жұмыстарының экономикалық әлеуметін бағалау;
-мемлекеттік қолдау бағыттарын ескере, отырып, әртүрлі ұйымдық нысандардың экономикалық тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.
Зерттеудің құралымы : Диплом жұмысы - тақырыптан, кіріспеден, үш тараудан, 1 сурет, 16 кестеден, қорытындыдан, сілтемелерден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда ауылшаруашылық экономикасының тиімділігі және оны қамтамасыз етудің теориялық негіздері, оның ішінде тиімділік көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар қарастырылған.
Екінші тарауда автор Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының жағдайын салалар бойынша талдап, ауылшаруашылық кәсіпорындарының тиімділігін арттыру үшін бағаны бақылау, тауар өндірушілердің табысын қолдау механизімін жасау, қаржы-неселік қолдау механизімдерін қарастырған.
Үшінші тарауда ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тиімділігін арттыру бағыттары бойынша автор қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен кәсіпорындарды мемлекеттік реттеу шараларына тоқталған.
І. Ауылшаруашылық экономикасының тиімділігі және оны қамтамасыз етудің теориялық негізі
1. 1 Ауыл шаруашылық өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері қалыптастыру негіздері
Ауыл шаруашылық өндірісінде экономиканы табысты шешу проблемаларының біріне, оның даму деңгейінің ұқыпты анықтаудың мақсаты зор. Өйткені, сол деңгейдегі көрсеткіштері арқылы оның келешектегі өсу жағдайына мүмкіндік жасалынады. Қазіргі кезеңде көптеген басылымдарда «тиімділік» ұғымы шаруашылық тәжірибеде жиі, көптеп қолданылады. Дегенменен, бұл ұғымның әлі күнге дейін әртүрлі жағдайда, әртүрлі мағынада қолданылып, бір мағанаға келмей отыр. Сондықтан да, тиімділік проблемасын әр түрлі көзқараста қарау керектігі тууда. Мысалы, тыңайтқыштың тиімділігі, мелиорацияның, ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі, т. б. Барлық жағдайда бұл сөзге мінездеме біреу. Ұғым «тиімділік» негізінен қорытынды мен еңбектің кеткен шығын арасындағы қатынас.
Тиімділік сөзі латын сөзінің «эффектус» деген ұғымынан шыққан, негізінен бірінші шыққан себепті сөзді көрсетеді. Соныменен, «эффектус» ақырғы қорытындының пайдаланылуын көрсетеді. Оны еңбектің соңғы әсері деп түсінуге болады [1] .
Нарықтық экономика жағдайында өндірістегі тиімділікті көтеруді, ең алдымен нақты өнімнің көлемінің жоғарылауы, ұлттық (жалпы) табыстың қоғам мүшелерін материалдық және рухани жағынан толығымен қамтамасыз етуі деп те түсіну керек.
Экономикалық тиімділік, экономикалық теория категориясы есебінде агроөнеркәсіп кешенінде әрбір гектар жерден аз шығын жұмсап, бұрынғы және қазіргі жұмсалған еңбектің бір-бірлік өлшеміне қоғамға қажетті ең жоғарғы өнім алуы. Бұл деген сөз - тиімділік көп мағыналы ұғым, еңбек өнімділігі, пайдалылығы өндірістің, рентабельділік түсініктеріне қарағанда. Бұлар ауыл шаруашылық өндірісінде өндірістің тек кейбір жағын ғана бағалайды.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика жағдайында экономикалық тиімділіктің бірнеше түрі қолданылады:
- барлық қоғамдық өндірістің немесе халық шаруашылығының тиімділігі;
- салалық немесе экономиканың саласы ретіндегі ауыл шаруашылығының тиімділігі;
- ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігі (өндірістік кооператив,
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және олардың
ішкі өндірістік шаруашылықтары) ;
- жеке мәселелердің тиімділігі - дақылдар, т. б. [2]
Экономикалық тиімділік әр уақытта саналуы және өзгертіліп отыруы тиіс, олай болмаған жағдайда жұмысты жоспарлау мүмкін емес, халық шаруашылығының өнімділігін көтеруде түгелімен және нақты кәсіпорында.
Негізгі экономикалық заңның маңызын және механизмін, оның әсерін көрсету (анықтау) және ішкі нақтылық маңызын, адамдардың қарым-қатынасын, қызметінің алған бағытын анықтау былайша айтқанда қоғамдық өндірістің қалыптасуын білу қиын, - «сыртқы дүниенің заңын . . . адамның қызметінің негізгі мақсатының мәнін».
Негізгі экономикалық заңның түбегейлі мақсатын және оған жететін құрал-жабдықтарды анықтау маңызды мәселелердің біріне айналуда. Ауыл шаруашылығында негізгі экономикалық заңның әсері ең алдымен оның мақсатқа жетуі ауыл шаруашылық өндірісінің деңгейін, тұрғындардың тұтынуына сай қанағаттандыру ғылыми мөлшерге бейімдеп, мөлшердегі адамдардың тұтынушылық керектігін барлық жағынан қамтамасыз ету және гармониялық үйлесімді дамуына мүмкіндік жасау.
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында ескерілгендей, халықтың әл-аухатын көтеру проблемасына жай ғана қарау, халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін көтеру оны жүзеге асыру біраз уақытты, көптеген қаржыны және ресурсты керек етеді. Тек, өндірілген нәрсені ғана бөлуге және пайдалануға болады. Біздің қазіргі жоспарымыздың күші, нақтылығы сонда, олар халықтың тұрмысының дамуымен және қоғамдық өндірістің көтерілуімен байланысты. Мұнда еңбек өнімділігі артады, былайша айтқанда мынадай мәселе тұр - ол қоғамның негізгі өндірістік күшін дамыту дегенді айтқан [3] .
Енді нақты айтуға болады, қандай көрсеткіштер негізгі экономикалық заңдарға ауыл шаруашылық салаларында әсерін тигізеді, оның экономикалық тиімділігін анықтау жағдайында.
Нақты бұл сұраққа жауап беру үшін, нақты айтатын мәселе негізгі экономикалық заң, басқа да объективті экономикалық заңдар сияқты, сапа жағын ғана көрсетпей, сан жағын да ескеруі тиіс. Сондықтан да, оның көрсеткіштері де критерийінің әсері де негізгі экономикалық заңдары кей жағдайларда цифрлық көлемде және ауыл шаруашылығында төмендегі сапалы және сандық көрсеткіштермен көрсетілуі тиіс:
- деңгейі және өсу қарқыны ғылымға негізделген талап мөлшеріне жетуге;
- жалпы өнімнің, жалпы (ұлттық) табыстың өсу деңгейі мен өсу қарқыны;
- мақсатқа жету жөніндегі керекті орындалған шара, шығын, былайша айтқанда, белгіленген, жоспарланған жалпы өнімді және жалпы табысты қамтамасыз ету;
- шығынның тиімділігін немесе белгіленген шығынды қоғамдық еңбектегі жалпы өнім өндіруде және жалпы табыс алуда қадағалау.
Ал, енді көрсеткіштерді алатын болсақ, олардың әсері негізінен ауыл шаруашылығындағы экономикалық заңдарымен, былайша айтқанда көрсеткіш деңгейі және өсу қарқыны, ғылымға сүйенген тұтыну нормасына (мөлшеріне) жету бір ұстамды цифрмен анықтау мүмкін емес. Сондықтан да, негізгі экономикалық заңның әсерін былай деп түсінуге болады. Жоспарда көрсетілген жоғарғы деңгейде өнім өндіру (жалпы табыс) бір гектар жерден және өндірілген өнімнің, жалпы табыстың еңбек шығынына және оған кететін қаржыға қатынасы. Соныменен, агроөнеркәсіп кешенінде негізгі экономикалық заңның әсері мынадай деп түсіндіруге болады - қарқыны көрсеткіштердің барлық халық шаруашылығындағы [4] .
Ауылшаруашылық өндірісінің негізгі мақсатын былай деп түсіндіруге болады - кейбір құрылымдарда тұтыну бағасын ендіру (құру), сол арқылы адамдардың тұрмысын көтеру үшін және көп мағынада гармоникалық дамуын қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылық өнімін өндіру оның қанша көлемде керектігін ғылыми мөлшерге негізделген, көлемі және құрылымы ауыл шаруашылық өндірісінің және өнімді дайындау, материалдық-техникалық базаны негіздеу өндірістің қандай көлемде өнім өндіруіне байланысты.
Көрсеткіштерді құрап, өңдеу өте маңызды, қиын мақсаттағы мәселелерге зерттеу барысында тиімділік түріне айналуда. Оның күрделілігі және қиындығы, оны шешу мәселесі, кейбір жағдайларда күрделене түсуде, өндірістердің әртүрлі өнім өндіруіне және көп салалы болуына байланысты. Өйткені, олардың әрқайсысы өздерінің ерекшеліктерінен тұрады. Мысалы, егер де ауыл шаруашылық саласын алатын болсақ, олар материалдық салаларға қарағанда әлдеқайда ерекшелігі бар, тек өндіруде емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан да, құрылымынан да.
Ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі қорының бірі - жер, ал суармалы аймақта ол - су. Ауыл шаруашылығында экономикалық өндірістік процесс табиғи процеспен тығыз байланыста және араласып кетеді. Сондықтан да, барлық жағдайда экономикалық тиімділікті анықтау үшін жердің есебін, жағдайын, сапасын және де басқа факторлардың үлесін білмей оны шығару дұрыс болмайды және шындықты бұрмалаған болып есептелінеді.
Зерттеулердің көрсеткеніндей, нақты тиімділіктің критерийін (белгілерін) анықтау тек негізгі уақытылы экономикалық заңдардың механизмін қабылдап, білу арқылы ғана жоспарлы, пропорционалды дамудың заңы, уақытты үнемдеу заңы, қорлану заңы, құн заңы, бұл критерийлер объективті экономикалық әдістердің заңдарын көрсете отырып, оларға баға береді. Біздің ойымызша, осының өзі критерийлердің бір-бірімен қатынасын және тиімділіктің көрсеткішінде мінездеме беретін мәселелердің бірі деп есептеуге болады.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістің тиімділігінің критерийі негізгі экономикалық заңдардың механизмінің әсерінен жалпы өніммен нақты және өткен шығындарды еңбектегі қатынасын салыстыра отырып, өндірістегі өнім өндіруге төмендегі формуларда көрсетуге болады:
Э = Д (С + V + М) * D с + D v + D т2
мұндағы:
Э - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігі;
Д (С + V + М) - жалпы өнім, жалпы табыс;
Д с + Д v + Д m2 - нақты және бұрынғы жұмсалған шығын. Бұл критерийлерді толығырақ мынадай жолмен түсіндіруге болады:
Э = П/Т + Кп + Ф
мұндағы:
Э - ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігі;
П - жалпы немесе толық, немесе жалпы табыс өнімі;
Т - ағымдағы шығын нақты және өткен еңбекте;
Кп - тиімділіктің коэффициенті;
Ф - қорлар, немесе бір уақыттағы салым [5] .
Өндірістің тиімділігін өлшеудің керектігін бірнеше рет экономика ғылымының классиктері айтқан болатын. Ф. Энгельс бұл жөнінде былай деген ойды айтты: «Социалистік қоғам білу керек, қанша еңбек керек, қандай бір кәсіпкерлік өндіріске де болса, ол өзінің жоспарын өндірістегі бар өндірістік қаржылар арқылы қамтамасыз ету тиіс».
Ең керекті мәселе, өндірістің экономикалық тиімділігі әртүрлі аспектіде көрінеді, атап айтсақ, өндірістегі өнімнің санының молайуы, сапасының құрылымының жақсаруы, нақты және өткен шығындардың төмендеуі, өндірілетін бір бірліктегі өнімге, еңбекақының жоғарылауы, жұмыскерлердің кәсіпорынның таза табысының көбеюі, еңбек және тұрмыстағы жағдайдың жақсаруы, жұмыс кунінің ұзақтығын қысқарту, т. б.
Осыған ылайықты, көптеген аграрлық-экономистер мына мәселені айтады: «Өндірістегі экономиканың тиімділігін мына өлшеммен және көптеген көрсеткіштермен анықтағаны жөн». Шынында да, көпмағыналы жағдайда өндірістің экономикалық тиімділігіне қарамасақ, оны бір көрсеткішпен айтуға және көрсетуге болмайды. Қандай бір әмбебап және синтетикалық болғанымен, көрсеткіштерді критерийге алуға болмайды. Себебі, ондай көрсеткіштер терең және көпмағыналы күрделі экономикалық процесті, комплекстегі факторларды тиімділікке өндірістегі көрсете алмайды.
Дегенменен, толығымен дұрыс емес деп айтуға болмайды, егер де талдау жасауда өндірістегі экономикалық тиімділігін көрсеткіштеріне әсер ететін критерийлердің ролін.
Тәжірибе көрсеткеніндей, егер де критерийдағы көрсеткіштер жоқ болған жағдайда өндірістің экономикалық тиімділігінің өзгеру жағдайын анықтау бірнеше жылғы салыстырмалы талдау және басқа мәселелерді шешу қиынға айналады. Мысалы, жүйедегі көрсеткіштер кейбір көрсеткіштер жақсы жағына, басқалары теріс жағына өзгеруі мүмкін.
Сондықтан да, көптеген көрсеткіштер өндірістің экономикалық тиімділігін көрсететін, критерийдің функциясын атқаратын бір ғана бағытты таңдап алу керек. Ал, басқа көрсеткіштер саны толықтап және кейіннен өндірістің экономикалық тиімділігін толығырақ ашып, сол саланың немесе кәсіпорынның ерекшелігін көрсетеді.
Енді, мынандай сұрақ туады - қандай көрсеткіш өндірістегі экономикалық тиімділік критерийін көрсетуге лайықты.
Бұл сұраққа жауап беру үшін критериймен тиімділіктегі көрсеткіш жүйенің байланысындағы мәселені білуіміз тиіс.
Тарихтағы жағдай қандай қиын болғанымен, тағы басқа қиындықтар, адам баласының қоғамдағы өсу процесі толығымен жоғарылап келеді. Соның ең бір керекті кезеңі - бұл процестегі тиімділікті көтеру және жетілдіру болып отыр.
Өндірісте экономикалық тиімділікті көтеру нарықтық экономикалық қатынас жағдайында тек ол бір алға қойылған мақсат емес, негізгі мәселе біздің қоғамымыздың дамуы жоғарғы дәрежеде еңбекшілердің материалдық және рухани мәдениетіне керектігін толығымен қанағаттандыру. Міне, осыған лайықты, өндіріс қандай көрсеткіштерге жетуі тиіс, егер де толығырақ соған жағдай жасаса. Критерийдің негізіне кейбір экономистер өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жалпы және ақырғы өнімді, басқалары ұлттық табысты, үшіншілері - таза табыс немесе пайданы алуды ұсынады.
Біздің ойымызша, критерияның мақсаты өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау үшін ұлттық табысты алған дұрыстау деп есептейміз. Оның себебі, таңдап алынған таза табыс нақтылау көрсеткіш. Ұлттық табыстың көлемінен еңбекшілердің материалдық және рухани мәдениеттік талабының тиісті дәрежеде ғана канағаттандырылуына және өндірістің көлемін есептеуге, былайша айтқанда, негізгі экономикалық мақсатын шешуге болатынын айтуға болады.
Ұлттық табыс синтетикалық жолменен мемлекеттің экономикалық дамуын сипаттайды. Экономикалық қоғамның артықшылығы әр түрлі жағдайларда шаруашылық жүргізуі, оның жүйесі көп жағдайда ұлттық табыстың өсу дәрежесіне байланысты. Сондықтан да, өндірістің өсу дәрежесі нарықтық экономиканың даму жағдайында негізгі мәселенің бірі.
Өндірістің экономикасының тиімділігін анықтау да ұлттық табыс жалпы қоғамдық өнімнен артықшылығы бар, оның басты себебі ұлттық табыс өндірістің даму деңгейін ғана көрсетпей, ол сонымен бірге өндірістегі материалдық қаржылардың қалай пайдаланғанын да көрсетеді. Бұл өте керекті және қазіргі кездегі шаруашылықтағы материалдық қорларды ұқыпты пайдаланғанында көрсететін көрсеткіш болып есептеледі. Жалпы өндірісте өнімнің өзі көптеген жағдайда өндірістегі материалдық қаржыларды ұқыпты пайдалануға байланысты былайша айтқанда оның тиімділігінде.
Кейінгі кездерде көптеген экономистер өндірістің экономикалық тиімділігін пайдалануда төменгі көрсеткіштерді ұсынады - қорытынды өнімді. Қорытынды өнім жалпы бағасы материалдық шығыннан кем, жыл ішіндегі қайта есепке алынатын, ұлттық табыстан көп, тозу құны және келер жылға өтетін запас материалды-айналмалы қордың жыл басындағы және жыл аяғындағы көлемінен. Былайша айтқанда, қорытынды өнім бағалау жөнінде жаңадан пайда болған бағамен (таза өнім немесе ұлттық табыс) қосылған, тозу құны және материалды айналмалы қордың запасы. Қорытынды өнім натуралды жағдайда материалдық игіліктерден тұрады. Ол жеке тұтынушылықты қанағаттандыру үшін және өндірістік процестерді тоқтамай жүргізе беруі үшін керек.
Кейбір экономистер өндірістің экономикалық тиімділігін анықтауға пайда мен таза табысты пайдалану керек дегенді айтады. Пайда қазіргі пайымдама бойынша барлығын қорыта көрсететін көрсеткіш өндірістің нәтижелілігін, ал мөлшерлі пайда рентабельділігін, бұл мөлшері оның тиімділігі. Пайда жұмыстың тиімділігін тек өндірісте ғана анықтап қоймай, кейбір жағдайда саланың немесе халық шаруашылығының тиімділігін көрсетеді. Нарық қатынас жағдайында толығымен бұл қасиет қазіргі бағаның құрылу жағдайында толық өзін көрсете алмайды. Бірақ та, теориялық пайданың өзгеруі таза табыс ретінде, тәртіптелген бағада барлық өндірістің тиімділігіне мінездеме беруі мүмкін.
Ауыл шаруашылығы өндірісінде критерийдің тиімділігін қорытындылау керектігі рентабельділік деңгейінде, таза табыстың өндірістік шығынға қатынасы ретінде, тиімділікті сипаттайтын немесе негізгі және айналмалы өндірістік қорларға ылайықты тиімділікті анықтайтын барлық өндірістегі бар қаржылар.
Ешқандай даусыз, пайда, таза табыс және оларға байланысты көрсеткіштер (шығынға, қорға, т. б. ) негізгі емес, тек бір ғана керекті көрсеткіштер өндірістің экономикалық тиімділігі бола алады.
Пайда критерий мағынасын бере алмайды, оның экономикалық тиімділігі саланың көлемінде ғана емес, ол жеке кәсіпорынның көлемінде төмендегі ойларды білдіреді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz