Аш бөрі
Таң атқалы жорытқаны жұртсыз жон. Тек жаңа ғана тастақ сайдың басындағы жалғыз құдыққа тап болып, ат суарып алды. Көптен бері бұл маңайға ел жуымапты. Құдық маңайының құмалағы қуаң. Астауы да қақсуға айналыпты. Дегенмен көлденең керуен, бейсаубат жолаушылар көп соғады екен, астаудың астына тыққан көн қауға бар боп шықты.
Құдықтың түстігі тырбық тікенек бұталы қатқыл, терістігі біраз жерге дейін ұры жыраланып барып құздата құлайтын аңғар сай. Жаңа сол аңғар сайдың қалтарыс-қалтарысын тінтіп жүріп, қолқат түбінен өрге тырмысқан жіңішке соқпақ көріп еді, осы құдықтан шығарды. Сайдың ұры мен бөріні қапы қалдырмас қатқабаты мол сияқты. Бірақ, көзіне ештеңе шалынбады.
Қою жал, жуан тілерсек жатаған қара атқа дөңкие жайғасқан қара сақалды жолаушы атын сауырлата сипаған қамшысына ілесіп артына бұрылды. Құдық басы құлазыған қалпы. Қиығы қанталай қызарған үлкен ала көздерін айырмай біраз қадала қарады. Өңге жерден гөрі әнтек қарауытқан тебін ортасындағы ағарған тас әйкел барған сайын бұлдырай түсті. Жолаушы жүзін аударып әкетті.
Қара аттың сол баяғы бүлкек жүрісі. Осынша көл-көсір даланың жолы неткен құрдым. Құдықтан шыққан жіп-жіңішке көмескі буалдыр қалың боздың ішіне сіңген соң зым-қайым жоғалып, адастырып кетті. Көптен салауатты шеру көрмеген мына қырдан арнасы бар жол тауып болмайды. Азғантай тұяқтың ізі әр көденің түбіне шашырай түсіп, бүгінде түгел өшіп бітіпті.
Жақында жаңбыр өтіпті. Жаздай шаң тұтып, күн жеп, сарала етек боп қалған далаға сыздықтап көгіс тарапты. Жер тістеп қалған кесіртке өң тарамыс жусан қайтадан бауыр көтеріп келеді. Ындыны әбден қанған қылтанақ кешелі-берлі күн ашылып, өнденіп қапты.
Жолаушы атынан түсіп ауыздығын алды. Ерінің артындағы қара домбыраны шешіп, былайырақ апарып шөп үстіне тастады. Күн көзі қазір мейірлі. Қарашаның қара суығының алдында аз күн күле қарап иман жимақ. Жолаушы домбырасының қасына барып, шалқасынан жата кетті. Қара ат анда-санда бір пысқырып күрт-күрт шөп үзеді. Жолаушы күректей қолын иегіне апарып, тізгін қажап ісіне қызарып тұрған етті, ұзын салалы саусақтарымен самайдан алқымға дейін ұйысып біткен тып-тығыз қара сақалын көсіп-көсіп алды. Сосын ніл көк аспанның бір пұшпағында мүжіліп таусылуға айналған қаймыжық ақша бұлтқа көзі түсіп кетті. Қазір бар дүниені бауырына әкеп тыққан алдамшы сағым жоқ. Көкжиек көл-көсір шалқып, қашықтап кеткен. Тар қамаудан мынандай бостанға шыққан кісінің көңілі өсіп шыға келеді екен.
Боз бетеге мол далаға аяғы жеткен соң шиырыққан жүйкесі жазылып, терісі кеңіп сала берген. Жүрісі де өнікті сияқты. Қиырдағы еліне, ел шетіне үркесоқ паналаған үш қанат күркесіне асықты. Баяғыда ат үсті аласапыран жүрісте жүргенде сол үйде не бар, не жоғын да байқамапты. Алыста айдауда жүріп, аңсары ауып ойлағанда Азғырдың айнатаз ақ шағылдары, Еділ мен Қиғаш екі араның желіндеп тұрған көк желең өлең шөбі, Үстірт үстінің қара жусанды қатқылы — бәр-бәрі қаз қалпында көз алдына келеді. Бірақ өз үйінің бау-шуы, жамылғы-төсеніші, ыдыс-аяғы — ештеңесі елес бермейді. Бала-шағасымен күбірсіп-күңірсіп отырған бірде бір күні болмаған сияқты.
Сібірге айдаларда қоштасуға келген ағайын-туманың ішінен шекелігі шығыңқы, бадырақ көз қара баланы көргенде өзінің Қазиы екенін таныды. Оның осынша өсіп кеткеніне қайран қалды. Бақса бұл, жұрт құсап, баласының қай уақытта жүріп, қай уақытта тілі шыққанын да байқамапты. Талай айлап-жылдап шет жүріп, сағынтып келгенде, алдына алып маңдайынан сипамаған да екен.
Осыны ойлағанда әншейіндегі қаттылығынан айырылып, бойын әлдеғайып әлсіздік билейді. Ең бір жұмсақ етіне ашы тырнақ тигендей іші дуылдайтын долы ашуы да емес. Еңсесі түсіп, жанары жасып, көзге ұрып тұрсын деп елден ерек жаратылған кесек тұлғасы да көмескі тартып, шөгіп қалады. Шарасы зор ала көзі оқыс кішірейіп, сонау жер түбіндегі желбегей күркені осы қазір көріп отырғандай тесіле қарайды. Ештеңе есіне түспейді. Құлағын тосады. Сібірдің тымырсық аязы жарық жалғанның бар дыбысын жұтып жібергендей. Елеңдетер бірдеңесі болсайшы. Қарқ-қарқ еткен қарғасы да жоқ. Ағаш барақтың қабырғаларындағы шұрқ тесік саңылаулар да сарнамайды. Жел жоқ. Шәңкілдеген жандармдар таңның атысы, күннің батысы ауыз жаппайды. Бірақ, мұндағы жұрттың оған да еті өліп болған. Не айтып жатыр дел ешкім елең етпейді.
Осында келген соң жасап алған қарағай домбырасы бұрышта тұр. Қолына көп алмайды. Бірақ, оған қараса, сыбыс-сыбдыры жоқ мына өлі дүние былай серпіліп, көкірегінде үн қоздайды, көмескі тартқан көп елестер қайта тіріледі. Ондайда бұның етіне көк тырнағын шанши сала жан тәсілім болған өлі аязға да жан бітеді. Жаңа ғана аяғының астында тыныш жатқан ақ ұнтақ кенет шаңытып, жапалақ-жапалақ боп бетін осқылайды. Құлағында суыл оянады. Жапан түзде жел өтінде қалған шіліктің суылы. Қапталдағы қабақ астынан шыққан аш қасқырдың ұлығаны... Кіжіне тиген сойылдың дік-дік дыбысы... Жылқы шұрқыры... Ию-қию көп дыбыс. Бұл соның бәрін құныға тыңдайды. Аппақ қар, мүлгіп тұрған қалың самырсын, қарағай да біресе көкті жауып, сел себелеген жабағы бұлтқа, біресе қара түнде жау тиіп опыр-топыр жөңкіген қара құрым жылқыға ұқсап кетеді. Селтеңдеген құрықты, селтиген қыраулы мұртты, алара қараған ашулы көзді де көріп отырғандай. Әлгі ды-быстар біресе жаппай жабыр-жүбыр араласып, біресе жұлына бөлініп шыққан оқшау әуез, оқшау ызың қүла-ғына келеді. Мүлгіп көзін жүма түседі. Көзін жүмған сайын әлгі шым-шытырық елес, қым-қуыт ызың айқындала, саралана түседі.

Таң атқалы жорытқаны жұртсыз жон. Тек жаңа ғана тастақ сайдың басындағы
жалғыз құдыққа тап болып, ат суарып алды. Көптен бері бұл маңайға ел
жуымапты. Құдық маңайының құмалағы қуаң. Астауы да қақсуға айналыпты.
Дегенмен көлденең керуен, бейсаубат жолаушылар көп соғады екен, астаудың
астына тыққан көн қауға бар боп шықты.
Құдықтың түстігі тырбық тікенек бұталы қатқыл, терістігі біраз
жерге дейін ұры жыраланып барып құздата құлайтын аңғар сай. Жаңа сол аңғар
сайдың қалтарыс-қалтарысын тінтіп жүріп, қолқат түбінен өрге тырмысқан
жіңішке соқпақ көріп еді, осы құдықтан шығарды. Сайдың ұры мен бөріні қапы
қалдырмас қатқабаты мол сияқты. Бірақ, көзіне ештеңе шалынбады.
Қою жал, жуан тілерсек жатаған қара атқа дөңкие жайғасқан қара
сақалды жолаушы атын сауырлата сипаған қамшысына ілесіп артына бұрылды.
Құдық басы құлазыған қалпы. Қиығы қанталай қызарған үлкен ала көздерін
айырмай біраз қадала қарады. Өңге жерден гөрі әнтек қарауытқан тебін
ортасындағы ағарған тас әйкел барған сайын бұлдырай түсті. Жолаушы жүзін
аударып әкетті.
Қара аттың сол баяғы бүлкек жүрісі. Осынша көл-көсір даланың
жолы неткен құрдым. Құдықтан шыққан жіп-жіңішке көмескі буалдыр қалың
боздың ішіне сіңген соң зым-қайым жоғалып, адастырып кетті. Көптен
салауатты шеру көрмеген мына қырдан арнасы бар жол тауып болмайды. Азғантай
тұяқтың ізі әр көденің түбіне шашырай түсіп, бүгінде түгел өшіп бітіпті.
Жақында жаңбыр өтіпті. Жаздай шаң тұтып, күн жеп, сарала етек
боп қалған далаға сыздықтап көгіс тарапты. Жер тістеп қалған кесіртке өң
тарамыс жусан қайтадан бауыр көтеріп келеді. Ындыны әбден қанған қылтанақ
кешелі-берлі күн ашылып, өнденіп қапты.
Жолаушы атынан түсіп ауыздығын алды. Ерінің артындағы қара
домбыраны шешіп, былайырақ апарып шөп үстіне тастады. Күн көзі қазір
мейірлі. Қарашаның қара суығының алдында аз күн күле қарап иман жимақ.
Жолаушы домбырасының қасына барып, шалқасынан жата кетті. Қара ат анда-
санда бір пысқырып күрт-күрт шөп үзеді. Жолаушы күректей қолын иегіне
апарып, тізгін қажап ісіне қызарып тұрған етті, ұзын салалы саусақтарымен
самайдан алқымға дейін ұйысып біткен тып-тығыз қара сақалын көсіп-көсіп
алды. Сосын ніл көк аспанның бір пұшпағында мүжіліп таусылуға айналған
қаймыжық ақша бұлтқа көзі түсіп кетті. Қазір бар дүниені бауырына әкеп
тыққан алдамшы сағым жоқ. Көкжиек көл-көсір шалқып, қашықтап кеткен. Тар
қамаудан мынандай бостанға шыққан кісінің көңілі өсіп шыға келеді екен.
Боз бетеге мол далаға аяғы жеткен соң шиырыққан жүйкесі
жазылып, терісі кеңіп сала берген. Жүрісі де өнікті сияқты. Қиырдағы еліне,
ел шетіне үркесоқ паналаған үш қанат күркесіне асықты. Баяғыда ат үсті
аласапыран жүрісте жүргенде сол үйде не бар, не жоғын да байқамапты. Алыста
айдауда жүріп, аңсары ауып ойлағанда Азғырдың айнатаз ақ шағылдары, Еділ
мен Қиғаш екі араның желіндеп тұрған көк желең өлең шөбі, Үстірт үстінің
қара жусанды қатқылы — бәр-бәрі қаз қалпында көз алдына келеді. Бірақ өз
үйінің бау-шуы, жамылғы-төсеніші, ыдыс-аяғы — ештеңесі елес бермейді. Бала-
шағасымен күбірсіп-күңірсіп отырған бірде бір күні болмаған сияқты.
Сібірге айдаларда қоштасуға келген ағайын-туманың ішінен
шекелігі шығыңқы, бадырақ көз қара баланы көргенде өзінің Қазиы екенін
таныды. Оның осынша өсіп кеткеніне қайран қалды. Бақса бұл, жұрт құсап,
баласының қай уақытта жүріп, қай уақытта тілі шыққанын да байқамапты. Талай
айлап-жылдап шет жүріп, сағынтып келгенде, алдына алып маңдайынан сипамаған
да екен.
Осыны ойлағанда әншейіндегі қаттылығынан айырылып, бойын
әлдеғайып әлсіздік билейді. Ең бір жұмсақ етіне ашы тырнақ тигендей іші
дуылдайтын долы ашуы да емес. Еңсесі түсіп, жанары жасып, көзге ұрып тұрсын
деп елден ерек жаратылған кесек тұлғасы да көмескі тартып, шөгіп қалады.
Шарасы зор ала көзі оқыс кішірейіп, сонау жер түбіндегі желбегей күркені
осы қазір көріп отырғандай тесіле қарайды. Ештеңе есіне түспейді. Құлағын
тосады. Сібірдің тымырсық аязы жарық жалғанның бар дыбысын жұтып
жібергендей. Елеңдетер бірдеңесі болсайшы. Қарқ-қарқ еткен қарғасы да жоқ.
Ағаш барақтың қабырғаларындағы шұрқ тесік саңылаулар да сарнамайды. Жел
жоқ. Шәңкілдеген жандармдар таңның атысы, күннің батысы ауыз жаппайды.
Бірақ, мұндағы жұрттың оған да еті өліп болған. Не айтып жатыр дел ешкім
елең етпейді.
Осында келген соң жасап алған қарағай домбырасы бұрышта тұр.
Қолына көп алмайды. Бірақ, оған қараса, сыбыс-сыбдыры жоқ мына өлі дүние
былай серпіліп, көкірегінде үн қоздайды, көмескі тартқан көп елестер қайта
тіріледі. Ондайда бұның етіне көк тырнағын шанши сала жан тәсілім болған
өлі аязға да жан бітеді. Жаңа ғана аяғының астында тыныш жатқан ақ ұнтақ
кенет шаңытып, жапалақ-жапалақ боп бетін осқылайды. Құлағында суыл оянады.
Жапан түзде жел өтінде қалған шіліктің суылы. Қапталдағы қабақ астынан
шыққан аш қасқырдың ұлығаны... Кіжіне тиген сойылдың дік-дік дыбысы...
Жылқы шұрқыры... Ию-қию көп дыбыс. Бұл соның бәрін құныға тыңдайды. Аппақ
қар, мүлгіп тұрған қалың самырсын, қарағай да біресе көкті жауып, сел
себелеген жабағы бұлтқа, біресе қара түнде жау тиіп опыр-топыр жөңкіген
қара құрым жылқыға ұқсап кетеді. Селтеңдеген құрықты, селтиген қыраулы
мұртты, алара қараған ашулы көзді де көріп отырғандай. Әлгі ды-быстар
біресе жаппай жабыр-жүбыр араласып, біресе жұлына бөлініп шыққан оқшау
әуез, оқшау ызың қүла-ғына келеді. Мүлгіп көзін жүма түседі. Көзін жүмған
сайын әлгі шым-шытырық елес, қым-қуыт ызың айқындала, саралана түседі.
Бұл оңаша қалса-ақ осындай әр тарапқа алып қашқан ойға
беріледі. Ал, енді көп тұтқын ағаш кесіп орманнан қайтып, кешкілік бараққа
жиылғанда бүдан аруақты ешкім жоқ. Иығы қайқайып, көмір қара сақалы шоңтай
жылтырап, қарқ-қарқ күліп қалжың айтатын да сол. Бұрышта аяз қармап, үні
қарлығып тұрған қарағай дом-бырасын біраз уақ қойнына тығып отырады. Сосын
ауыз ашпай өзімен өзі боп домбырасының күйін келтіреді. Бөрене барақтың
төбесіне қарап үнсіз жатқан көп түт-қын домбыраның даусы шыққанда бәрі де
аунап түседі. бұл әуелі домбыраны күмп-күмп сабап алады. Қара ша нақтың
көмейі әуезге толып күмпіп шыққан соң барып, ұзын мойнын қыжырта бұрып,
дауыс кенейді. Домбырасының мойнын бірер ырғап қойып, әлгі күмбірлеген мол
дыбысты кілт іркіп, қос ішекті саусағының ұшымен шеки қағып, безеп-безеп
алады. Мынадай тұлғалы кісінің ересен үлкен саусақтары тигендей қара
домбыра белі майысқандай қайқаңдап кетеді. Дірдектеп үн төгіледі. Домбыра
көмейінен шыққан жақсы әуезді үркітіп алармын дегендей күйші баяулата ән
бастайды. Толқына шыққан осы бір майда дауысты естігенде тыңдап
отырғандарға алдарындағы алапат алып кісі еріп, мүжіліп кеткендей көрінеді.
Әй, Арқаның қызыл изені-ай! Әншінің не айтып отырғанына біреу түсініп,
біреу түсінбесе де қабақтар түнжырап, көздерді күңгірт кіреуке шалады. Ашы
махорканың иісі аңқыған суық барақта сес жоқ. Әнші әлі сілтеп отыр. Бір
уақытта әншінің өзі тынып, домбырасы сөйлейді.
Мұндайда ол әуелі көзін жұмып, онсыз да одырайып оқшау біткен
жалбыр қабағын түйіп ап, қос ішекті баппен қағады. Бір күрсініс сазды сонау
түптен тартып, күңіренте толғайды. Толғаған сайын түйілген қабақ жазыла
түседі. Кірпік әлі жұмық. Дөң маңдайдағы күн санап көбейіп келе жатқан
шұбыртпа әжім, самайдағы көк қылтанақ, екі ұртының суалғаны көзге енді
түседі. Саусақтарын самарқау сілтейді. Тамыры адырайып, терісі қалталанған
ұзын тұра қолы әбден әлі кетіп, тап қазір сылқ құлайтындай сылбыр. Кенет
күйші жұмулы көзін сығырайтып ашады. Мұртының қиығына қуақылық ілігеді.
Сүлесоқ саусақтарға да серпін бітіп, қос ішектің бойын қунақ қуалайды.
Мойнын жұлқына бұрғанда өндіршегі сорайып, тамағының астындағы күре
тамырдың бәрі күдірейіп шыға келеді. Аумақты ала көзі шоқтана түскен. Үн
ширап, жалбыр қабағы желк-желк етеді. Шекесінен қарап, көзіне не іліксе де
жанарымен өртеп жіберердей жеп барады. Күмпиген-күмпиген нән саусақтар долы
дыбысты көсіп-көсіп төгіп жатыр, төгіп жатыр. Бір уақта жын қаққандай
дедектеген жылдам саусақтың аяғына тағы да жем түседі. Самайдың қырауы мен
маңдайдың әжімі тағы да көзге ілігеді. Күйші домбырасын ішіне жаңқа
толтырған төсегінің үстіне сылқ еткізіп тастай береді. Күйге құлақтарын
төсеп отырған көп тұтқынның дәл жүректерінің басына бармақтай-бармақтай бір-
бір тамшы құлап-құлап түскендей болады.
Күйші сығырайма май шамның қасында сүлесоқ отырып қалады.
Қолына домбыраны желпінейінші деп алып еді, бай-бай күй ойсыратып кетті.
Шытына ширатқан қою бұйра сақалы шытыр-шытыр етеді, әлгі бір есірік дәме
күй оятқан ашу-ызадан сытыр-сытыр күйреп жатқан сияқты.
Анада осындай бір кештен кейін түс көріпті. Өзінің үйінің
көлеңке беті. Анасы айран құйып беріп отыр. Айран ашытқан қос құлақты емен
күбі шелектің өңез исі аңқиды. Қасына Қазиы келіпті. Маңдайындағы
жалбыраған кішкене кекілін тұмсығына апарып еді. Ыңғай жалаң бас жүретін
баланың басы күн иістеніп күңсіп кетіпті. Құлыным-ай,— деп бауырына
қыспақ боп, ұмтылып еді, үстіне жамылып жатқан қара тоны сусып барып түсті.
Тұла бойы оқыс шіміргіп, көзін ашты. Түс кеткен тонын ап, қайта жамылды.
Қара тонның сауыс-сауыс жағасынан күңірсік тер исі шығады екен.
Содан соң көкірегіне сағыныш ұйып, ылғи мең-зең күйде жүрді.
Одан осы бостанға шыққан соң ғана айықты. Даланың көзге қанық қоңырқай күйі
бұрын таусылтып тастайтын. Қоңыр дала, одан да қоңыр отар-отар қой,
қапелімде қой ішінен қоңырайып көзіңе түсе қоймайтын момын қойшы.
Сергімейтін, серпілмейтін сартап тіршілік. Қоңыр далада құлақ елеңдетер үн
мен әуез сарқылғандай. Анда-санда бір есетін қыр самалы да талықсып,
таусылып есетін. Сонда бұның көкірегін ашу бұлыққан арсы-күрсі күй буатын.
Елден осынша іргегесін шеттетіп, ізіне аңдушы түсірген де сол күйлер еді.
Тұрмеден шыққалы көкірегі желденіп келеді. Біра баяғыдай
алабұртып алып бара жатқан жоқ. Күзгі даланың селеуінің суылын да, ат
тұяғынан күрт-күрт күйрген қураған қау шөптің күтірін де, ақырғы шуақтар
арқасын қыздырған дала тышқандарының шық-шық үнін де ап-анық естіп келеді.
Сұлқ қырдың індігешіне дейін сықылықтаған үн шығарады екен. Дала тірлігінде
әлі де мол үн, мол әуез барын жаңа аңғарғандай болды. Бұған дейін соны өз
көкірегіндегі сарын тұншықтырып естіртпей келіпті. Суға шұбырып өткен
жылқыда да, баурайға бытырай жайылған қойда да, қой шетінде қаздиып тұрған
жалғыз атты қойшыда да бұрын бұл байқамаған кербез қимыл, қозғалыс бар. Жап-
жазық даланың жатысы да кербез. Тіс тимеген дала шөбінін басындағы
толқымалы қыбыр да қылықты.
Жолға шыққалы төңірегінен көз алған жоқ. Кеше түс қыңа бұрын
бұл естіп, бұл тебіренбеген бір тосын әуен түледі. Бұрынғы саздарындай
шапшаң шарықтап, шарт өзгеретін тепсінген үн емес. Делебеңді қоздырмайтын
ашу тырнап тастаған ащы өзекті баппен сипаған байсалды әуез. Ақтарыла-
төгіле салмай, шым-шымдап шымырлап өнеді. Құбыла жағына көз салып еді, күн
бойы буалдырланып тұрған көк мұнар күн кештете сейілейін депті. Сол селдір
буалдырдың арасынан әлдене ағараңдады. Біреу-екеу емес. Кейбірі ойдым-ойдым
үзік-үзік болса, кейбірі тым аумақтылау. Ағарғандардың астындағы көкшіл
мұнар тұп-тұтас. Е, мынау тау болды-ау. Алатау осы болды-ау,— деп ойлады
ол. Ішінде Әзіретінің Алатауы айтылатын көне дастандарды жастайынан көп
естіген. Сонау қалың мұнар арасында басына мұнар да шығартпаған асқақ тауға
көзі буланып ентелей қарады. Көкірегінде енді-енді өрби бастаған әлгі бір
әуез де үзіліп қалды. Қапталынан көз алмады.
Со күйде біраз жер жүріп тастапты. Бір уақытта бойын жиса көл-
көсір көкжиек бауырын жиып келеді екен. Тау жақтың мұнары қалыңдай түсіпті.
Ағараңдаған ақ бас шыңдар да ғайып болған. Күн ұясына әлдеқашан қоныпты.
Қапталдап келе жатқан қалың мұнар қараңғылыққа ұласа бастады. Күйші
күрсініп қойды. Қаумалаған ойды үркіткісі келмей, жүрісі өнбей қойған атына
да қамшы сілтеген жоқ. Қас қарайып кеткен соң қара ат өз-өзінен жүрісін
ширатты. Кешкі салқыннын лебі де білінді. Суыл шықты. Бағанағы үзіліп
қалған ызың көкірегіне қайта оралды. Дәл манағысындай жаймашуақ емес, бұл
жолы сәл-сәл күрсіне шығатын тәрізді. Бірақ бәрібір бұрынғысындай екі иығын
жұлып жеп кіжінген әуез емес, ақжарма үн. Бұрылып, ерінің артына бектерген
домбырасына қарады. Қолына алуға асықты. Бірақ, қоналқы түскен жерімде
тартармын деп ойлады. Күн батарда осы маңның бір жерінен бір отар қой
көрінгендей болып еді. Осы төңіректе ауыл болса керек.
Алдындағы жалдың басына асыға шығып, айналаға көз салды. Қара
ат та қайта-қайта пысқырып елеңдей береді. Ештеңе көрінбейді. Үрген иттің
де дыбысы жоқ сияқты. Қазір далаға ертеп от та жақпайтын кез. Түтін исі
келер ме екен деп жел жаққа мұрнын тосып еді. Ондай да ештеңе сезілмеді.
Кенет қара ат қаттырақ пысқырып қалды. Алдынан әлдене қараңдағандай болды.
Қара аттың сескеніп жалтақтай бергеніне қарамастан жақындай түсті. Түйе.
Мойнын бұрып бұған қарап тұр. Жақын келіп үн шығарды, жануар үңіле бір
қарады да жүріп кетті. Соңынан бұ да ерді. Күңіреніп барады. Сауын түйе
екен.
Үш-төрт үйлі кішкене ауыл қара жалдың күнгей бауырына шуақтай
қоныпты. Кез өркеш аруана ортадағы бүйірлі боз үйдің қасына барып талтайып
тұра қалды. Бұ да сол үйдің ту сыртынан кеп:
Е, хабарласқандай кім бар? — деп дауыстады.
Үйде күңгір-күңгір дауыс бар. Соның арасынша сықырлауық
сылдырап, үйден біреу шықты. Колында шелегі. Аруананың бауырына бара беріп,
жолаушыдан барыс сұрады. Жолаушы құдайы қонақ екенін айтты. Әйел:
— Онда түсіңіз, қоныңыз,— деді.
Киізі құрымдана қоймаған боз үйдің іші күмбіреп кең көрінеді.
Қақ ортадағы үш бұт ошақтың оты бықсып, қапелімде ештеңе көре алмай есік
алдында тұрып қалды. Сәлеміне төр жақтан бір-екі адам жарыса жауап берген
соң, қамшысын босағаға қыстыра салып, төрге озды. Домбырасын өзінің тұсына
іргеге сүйеп қойды. Белін шешіп, жайланып отырғанша, үй ішіндегі ашқылтым
буалдырға көзі де үйренді. Төңірегін шола қарады. Жоғарғы жағында артына
құс жастық қойып тағы біреу шалқалап жатыр. Одан әрі барқыт тақиялы ақсақал
адам бұған барлай қарап қапты. Біреу қазанның астындағы кешегі жауыннан әлі
кебе қоймаған су бұта бықсып болмаған соңжалпылдақ тастап еді, жалыны
қазанның қақпағын шарпып, айнала жарқ ете қалды. Қазан-аяқ жақтан жаулығы
қарқарадай бәйбішені көрді. Ол аржағындағы әбден тозып әшекейінің бәрі
өшіп, сұп-сұр сұлбасы қалған кебежеге қарап, тұқшыңдап кетті. Ошақтың оң
жақ бұтында, бүйірін отқа тыққан қара шәйнектің қасында он бір-он екілер
шамасындағы бала отыр. Балағын тізесінен асырып, ширата қайырып алыпты.
Босағаға нығыздап үйген отынды шетінен отқа сүйрейді. Бәйбіше кебежеден
басын көтеріп, қазанның қақпағын ап, лап көтерілген буды үріп жасқап, әлім-
берім қоныр топатай толы бірдеңені шылп еткізіп тастап жіберді.
Қария қозғалақтап:
Е, жолаушым, жөніңді айта отыр, — деді.
Сырттан туйе сауып қайтқан әйел кірді. Шелегін бәйбішенің
қасына қойып, құман ап, шылапшын әкеп қолға су құйды. Жолаушы алдына келген
шылапшынға тізерлеп беті-қолын жуды. Сүртініп жатып жөнін айтты. Алдарына
дастархан келді. Қарияның қалған сауалына шай іше отырып жауап берді.
Шалдың бергі жағындағы қара мұрт бұның әңгімесіне үнсіз құлақ тігіпті.
Шайын анда-санда бір ұрттап, қарап қояды. Ашық омырау, қынама бел қара
мауыт бешпет, шашақты тақия ауыларасының қазағы емесін танытады. Бұл
келгелі жақ ашқан жоң. Отырысы мығым. Көз тастасы да кербез. Жолаушы
тұтқыннан келе жатқанын айтқанда, кесесінен бас көтермей отырған сары
бәйбіше елең ете қалды. Көзіне түсе берген кимешегін кейін бір ысырып,
бұның жүзіне бажырая қарады. Елім сонау күн батыста дегенде ернін бір сылп
еткізіп қойды. Жаңа қолға су құйған әйел осы үйдің келіні екен. От жағып
отырған баланың орнын ап, шай құйып отыр. Жүзін қырын салып, әңгімеден
қалыс қалған жаңғыз сол. Бала бәйбіше жаққа шығып кетіпті. Үюлі отыннан бір
бұтаны ошаққа сүйреп келе жатып о да бұған таңырқай қарап қояды. Өне бойына
сары кенеп киген бұндай жолаушыны бұрын-соңды көрмеген сияқты. Ала көзін
аудармай қарап отырады да, пыс-пыс етіп жанбай жатқан отына енкейіп, су
бұтамен жарыса пысылдап жата қалып үрлейді.
Өздеріңізден де жөн біле отыралық— деді жолаушы.
Е, біз де осы елдің бір шалы,— деп мырс етті шал, дастарханнан
сарсу ап тістеп жатып.
Мұртты қара сөзге енді араласты.
— Бұл кісінің есімі — Дөңбай. Біздің еліміз Дөңбай би дейді.
Еліңіз алыс екен, сіз естімеген шығарсыз,— деді.
Шал тағы да мырс етті. Басын қолындағы кесесінен көтеріп ап:
— Бір кезде ауыл арасының жаяу жанжалында ағайыншылық
айтқанымыз бар. Ол кезде түз кісісі едік, бүгінде көсеумен жолдас, қатынмен
мұңдас үй кісісі болдық,— деп күлді.
Жолаушы шалға көзін тоқтата қарады. Кезінде келбетсіз болмаған
ақсұр шал. Көк буырыл қабағы, селдір мұрт, ұзынша сүйқылт сақалы беталдын
буалдырландырып жіберген. Көзінің астындағы бірер қыртыс болмаса, жүзін
әжім алып жарымапты. Ылғи назарын тіктемей бейтарап қарайтын қоңырқай көзі
ештеңе аңғартпайды. Анда-санда өзінен-өзі бір мырс етіп қояды. Өңінде ұзақ
уақыт ел үстінде жүріп, енді тұғырдан танып шетқақпай қалған кісіге тән
салқын қабақ салғырттық бар. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz