Вулканизм. Геотектоникалың ңозғалыстар. Жер қыртысыкың қүрылымдың элементтері


VI. 2. 2. Вулканизм
Эффузивтік (латын тілінде «эффузио» - тасып төгілу деген мағынада) магматизм немесе вулканизм (латын тілінде «вулканус» - от құдайы деген мағынада) магманың жер бетіне тасып төгілуімен байланысты процестерді түгел қамтиды.
Магманың алғашқы құрамындағы үшпалы компоненттер жердің терең кабаттарында (өте жоғары қысым күштеріне байланысты) ерітінді түрінде кездеседі. Олар магманың жоғары қабаттарға кетерілу бармсында (тек-тоникалық жарықтарды бойлап) біртіндеп газға айналып ауа қабатына ұшып кетеді. Сондықтан да жер бетіне тасып төгілген магманың құрамында (алғашқы магмамен салыстырғанда) үшпалы компоненттер өте аз мөлшерде ғана кездеседі. Мұндай магма лава (грек ті-лінде «лава» - су басу деген мағынада) деп, ал вулкан атқылау процесі эруптивтік (латын тілінде эруптиус»- лақтырып тастау деген мағынада) әрекеттер_ деп аталады.
Лавалар жер бетіне орталық ірі жары ; тар немесе тектоникалык жарықшақтар арқылы ақтарылады Бұл процестердің нәтижесінде жанар-таулар пайда болады.
Вулкандық лава орталық өзек арқылы атқылайтын жағдайда конус пішінді жанартаулар (күмбездер, тасқындар), ал тектоникалық жарықшақтар арқылы тасьш тегілгенде лава жамылғылары (жабын) түрінде түзіледі. Вулканның қүрылымдық элементтері мына төмен-дегідей 1) әрбір вулканның өзіндік каналы (өзегі) болады; 2) вулкандық өзектің жер бетіне шығып жатқан аузын (сағасын) кратер деп атайды; 3) ейбір ірі вулкандардың орталық өзегіне қосымша кейде бүйірлік каналдар кездесіп отырады, олар паразиттіқ вулкандар деп аталады; 4) вулкандық қопарылыс кезінде вулкан кратерінің опырылып құлауына байланысты, оның орнында кең көлемді (диаметрі 15 км-ге дейін), дөңгелек пішінді апан-шұңқырлар пайда болады. Олар кальдера (италья тілінде қазан шұңқыр деген мағынада) деп аталады
Қазіргі кезде орталық (вулкандық) аппараттар түрінде түзілген жанартаулар жер бетінде кең таралған. Ал тектоникалық жарықшақтар арқылы тасып төгілетін вулкандар саны өте аз (Исландияда Лаки вулканы, Камчаткада Толбачик вулканы және т. б. ) . Олар зор аймақты алып жатады. Мысалы, Исландияда (1873 ж. ) ұзындығы 32 км-лік жарықшақ арқылы тасып төгілу нәтижесінде құралған базальт жамылғысының аумағы 557 шаршы километр екендігі белгілі.
Вулкандық заттар сұйық, қатты және газ күйінде кездеседі.
Сұйық күйдегі вулкандық заттар (лавалар) температураға және химиялық құрамының ерекшеліктеріне (ең алдымен кремиий тотығының мөлшеріне) қарай қышқыл, орта, негізді және өте негізді (ультранегізді) болып ажыратылады. Олардың қоюлығы мен тутқырлығы, жылжымалылығы және т. б. физикалық қасиеттері вулкан атқылау процестерінің маңызды көрсеткіштері болып есептеледі. Мысалы, негізгі құрамы темірлі-магнийлі қосындыларға бай болып келетін, ал кремний тотығы аз мөлшерде кездесетін, температурасы жоғары (1200°С) ультранегізді және негізді лавалардың (базальттық және пикриттік) тұтқырлығы аз болғандықтан, олар тез қозғалғыштық қасиетімен сипатталады.
Соған байланысты мұндай лавалар ағыны қатты тасқындар мен жамылғылар құрап, кең аймақты алып жатады. Құрамы қышқыл және орта (липариттік, температурасы 750-1000°С лавалардың түтқырлығы жоғары болғандықтан (базальттық лавалармен салыстырғанда), олар баяу қозғалады. Сондықтан мұндай лавалар (кратерден шығысымен-ақ) тез қатайып үзындығы өте қысқа тасқындар түрінде немесе конус пішінді күмбездер мен мұнаралар құрайды. Вулкандық лавалар қатая келе эффузивтік тау жыныстарын түзеді.
Қатты күйдегі вулкандық заттар пирокластикалық заттар (грек тілінде «пир» - от, «кластикос» - белшектенген деген мағынада) деп аталады. Олар вулкандық қопарылыс кезінде атмосфера қабатына лақтырыл-ған ыстық лаваның кесек бөлшектері мен (ірілі-ұсақты) шаң тозаңдардан немесе күл-топырақтардан және кратерді құрайтын тау жыныстарының сынық белшектерінен қүралады. Осындай жолмен пайда болған заттар кабат-талып, жинала келе пирокластикалық (отты кесек бөлшектерден құралған) жыныстар түзіледі.
Вулкандық заттар ірілі-үсақтығына қарай тертке бөлінеді:
1. Вулкандық күлдер (<0, 25 мм) дала шпаттары, авгит, алдамшы мүйізше және вулкандық шыныдан құралған шаң-тозаңдар түрінде кездеседі. Олар ауа кабатына 10 км-ге дейін жоғары көтеріледі. Қейде вулкандық күл атмосфера қабатында конденсациялық процестерге байланысты су буымен араласып, жер бетіне жаңбыр болып жауады. Жанартаулардыд беткейінен күлай аққан вулкандық күл аралас жаңбыр суы (лахари) орасан зор қарқынмен жолында кездескен кедергілерді бүзып-жарып селді тасқын туғызады. Вулкандық күл вулкандық заттардыд негізгі құрамын құрайды. Мысалы, Аляс-када болған (1912 ж. ) вулкан аткылауы кезінде (Қат-май жанартауы) мөлшері 20 км 3 -дей вулкандык, заттар лақтырылғандығы белгілі. Оның 90%-і вулкандық күл түрінде бөлініп шықты. 25 сағ уақыт ішінде вулкандық күл қабатының қалыңдығы 4 м-ге дейін жетеді. Вулкандық күл өте жеңіл болғандықтан шаң-тозаңдар түрінде алыс қашықтыққа желмен ұшып-қонады. Вулкандық күлдер, вулкандық қүмдармен аралас кездескен жағдайда, тығыздала келе цементтеліп вулкандық туфтар түрінде түзіледі. Ал вулкандық күл көлдер мен теқіздерге шөгіп, құм мен лай араласқан жағдайда туффиттер түзіледі. Вулкандық құмдар мен күлдер өте құнарлы топырақ қабатын қүрайды.
2. Вулкандық құмдар жай көзбен көрінетін ірілі-үсақты қиыршықтар (0, 5-2 мм) түрінде кездеседі.
3. Лапиллилер (италья тілінде «лапилли» - үсақ тастар деген мағынада) вулкан атқылауы кезінде ауа қабатында қатайып пайда болған лаваның ірілі-үсақты (10-30 мм) бөлшектерінен қүралады.
1. Вулкандық бомбалар көлдснең қимасы. 5-10 см-деп бірнсше метрге дейін жететін ірі кесектер қүрайды. Вулкандық кесек бөлшектерінің орын ауыстыру қашықтығы олардың мөлшеріне тығыз байланысты. Егер вул-кандық бомбалар меп лапиллилер вулкандық кратерлер' жоне вулкандық конустар құрайтын болса, ал вулкандық күлдер алыс қашықтыққа желмеп үшып-қонады. Мысалы, қазіргі кездс сөнгеп Кавказ вулкандарыныд күл-топырақтары Воронеж облысыныц территориясында шөгінді жыныстар арасынаи табылғандығы белгілі. Әр түрлі мелшердегі (ірілі-үсақты) вулкандық заттар бірігіп, цементтеліп вулкандық брекчия (женттастар) құ-ралады.
Газ күйіндегі заттар вулкан атқылау барысында орталық кратер, бүйірлік кратерлер және т. б. жарықтар меп жарықшақтар арқылы бөлініп шығады. Олардың негізгі құрамы (60-90%) су буынан тұрады. Атмосфера қабатында су буы конденсациялық процестерге байланысты суға айналып, нөсер жаңбыр жауады. Бұл жағдай вулкан атқылау процестерімен қабаттаса жүреді.
Кұрғақ фумаролдар жоғары температурада (500°С) бөлініп натрий, калий, темір және басқа элементтердіц хлорлы қосындыларының көптігімен сипатталады. Әдетте, олардың құрамында су болмайды.
Қышқыл фумаролдардың құрамында (қүрғақ фумаролдармен салыстырғанда) су буы болады, сонымен. қатар хлорлы сутек және күкіртті ангидрид бірге кездеседі. Олар 300-400°С шамасында бөлінеді,
Сілтілі фумаролдар 180°С шамасыида хлорлы аммонийден бөлініп шығып бүзыла келе бос аммиак бөліа шығарады. Кейінірек фумаролды газдар (180-100°С шамасында) сольфатарлы газдармен (италья тілінде «сольфатара» - кукіртті ыс дегсн мағынада) алмасады. Олардың негізгі қүрамы су буынан және күкіртті сутектен (күкіртті фумаролдар) түрады.
Төменгі температурада (<100°С) көмір қышқыл газдары және су буы бөлініп шығады. Мұндай газдар -мофеттер немесе мофетті газдар (көмірқышқылды фумаролдар) деп аталады.
Температурасы жоғары (хлорлы-күкіртті-көмірқышқылды) фумаралды газдар вулкандық атқылау әрекеттерінің өте қарқыпдылығып, сольфаторлы глздар - орташа қарқьшдылығын, ал мофетті газдар вулкандық
. әрекеттердің әлсіздігін сипаттайды.
Магманыд құрамында газдардың көптігі оның қатаю жылдамдығын азайтады, ал олардыц азаюы (ауа қабатына үшып кетуіне байлааысты) сүйық күйдегі атқылау заттарының (лавалардың) қатаюын тездетеді.
Вулкандардың түрлсрі. Вулкаі: өміріндс лава атқылау кезеңдері, белгілі бір уақыт аралнғынла үзіліс кезеңдерімен алмасып отырады, Бірақ 0л жағдайларды түсіндіретін белгілі бір заңдылық жоқ. . Вульмн атқылау процестерінің қарқынды кезеңдерінің арасындағы узіліс үш-төрт жылға, немесе ондаған, кейде тіпті жүздеген-мыңдаған жылдарға созылады. .
. Тарихи ұзақ уақыт бойықарқынды әрекеттерімен байқалмаған вулкандар сөнген жанартаудар (мыса-лы, кавказдық вулкаидар - Казбек және Эльбрус) деп аталады. < Бірақ оларды сөнген (көне) және сөнбеген (қазіргі кездері мезгіл-мезгіл атқылап түратын) деа ажырату шартты түрде ғана айтылады., Өйткені сөнген деп саналған жанартаулар күтпеген жағдайда кенеттен жанданып, қайтадан атқылауы мүмкін. . Вулкан атқылау құбылысы табиғаттың ең қауіпті құбылыстарының бірі. болып саналады. Адамзат тарихында оны дәлелдейтін мысалдар өте көп. Тарихта белгілі Везувий жанартауы біздің эрамыздың 79 жылыда дейін тыныштық күйде болған еді. Бүзыла бастағаы бір кездегі вулкандық конус. беткейлері орманға айналып, ол жерлерде адамдар тұрып жатты
Ал 79 жылы Везувий жанартауы қайтадан жандана бастайды. Ең алдымен жер сілкініп, содан кейін барып лава атқылайды. Вулкан атқылау барысында көптеген қалалар орасан зор апатқа ұшырайды. Аттары аңызға айналған Италья қалалары (Помпея, Геркуланум және Стабия) вулкандық бомбалармен бомбыланып, лава тасқьшымен түгелдей қирап, қалыңдығы 8 м-лік вулкандық күл-топырақ астына көміледі. Аты шулы бұл апат кезінде отыз мындай адам қаза болғаны тарихтан мәлім. Кейінірек, Везувий жанартауының вулкандық әрекеттері 1631, 1794, 1872, 1906 және 1944 жылдары бірнеше рет кайталанады. Осындай бір ірі апаттың мысалы ретінде Зонд бүғазында (Индонезия архипелагы) орналасқан Кракатау вулкаиын айтуға болады. Бүл апат екі жүз жыл үзілістен кейін барып қайталанған (27 август 1883 ж. ) ірі оқиғалардыц бірі болды.
Жанартаудың атқылауы бірнеше айға созылады. . ' Вулкандық қопарылыс кезінде Кракатау аралының үштен екі (2/3) бөлігі (ауданы 75 шаршы км шамасында) жарылысқа ұшырап, оның орнында тереңдігі 300 метр-лік ! теңіз шығанағы пайда болды. Вулкан атқылау кезінде бөлініп шыққан күл аумағы 800 000 шаршы км ауданды алып жатты. Бүл жағдай. Зонд бұғазында ке-мелердін, жүзуіне де кедергі жасады.
Вулкандық қопарылыс кезінде пайда болған ауа толқындары Джакарта қаласына орасан зор зардабын тигізеді. Бұған қосымша, қопарылысқа байланысты мұхиттарда (Үнді, Тынық және Атлантика мүхиттары) пайда болған алып толқындар (цунамдар) 37 мыдға жуық адамнын, өмірін өзімен ала кетті.
Жанартау атқылау кезінде естілген гуіл Сингапур мен Австралия жеріне дейін жеткен. Осы оқиғадан кейін тынышталған Кракатау вулканы 1930 жылы қайтадан жандана бастайды. Оның бұдан былайғы уақытта қа-шан және қалай басталатындығыи болжап айту ете қиын. .
Вулкандық әрекеттердің қарқындылығы лавалардың химиялық қүрамына, теіцдературасына және газ күйіндегі ұшпалы комгюненттердің мөлшеріне тығыз байланысты.
Негіздік магманың құрамында газ күйіндегі заттар аз болады. Соған байланысты олар сұйық болып, вулкан атқылау барысында, жер бетіне кедергісіз оңай тасып төгіледі. Қышқыл магма қою болғандықтан баяу
жылжып, вулкан көмекейінің аузын жауып қалады. Сонымен; бірге олардың құрамында ұшпалы газдар көп болғандықтан, вулкан атқылау әрекеті қопарылыс тү рінде байқалып, атмосфера қабатына көп мелшерде. қатты күйдегі кесек бөлшектер лақтырылады.
Сонымен жанартаулар лавалық, аралас және газды-қопарылыс туғызатьш вулкандар больл ұш топқа ажыратылады. Олардың әрқайсысы вулкандардың бірнеше турлерн біріктіреді
Лапалық немесс эффузивтік топқа жататын вулкандар лавалардың оп-оңай кедергісіз тасып тегілуімен сипатталады. (Мысалы, Ислаидия жерінде байқалатын лавалық вулкандар мен Гаваялық вулкандар. )
'Вулкандық таулар (жанартаулар) қазіргі кездерде де пайда болады Мысалы, Мексика жерінде 1943 жылы егін даласында (жүгері арасыыда) Дарику тин атты вулкан пайда болып, 10 жыл шамасында вулкан атқылау әрекеттері байқалады. Бірінші жылы 350 м-лік вулкан-ық конус құралып, үш жылдан соң оның биіктігі 580 м-ге дейін жетеді. Бұл вулканныи бір кездегі Танситаро атты (ескі) сөнген вулканның етегінде құралғандығы белгілі болды.
Жер бетіндегі вулкандар кұрлықтық және су асты вулкандары болып бөлінеді. Құрлықтық вулкандар әдетте'тектоникалық ірі және терең жарықтардың бойында мұхит жағалаулары мен аралдық доғалар тізбегін бойлай орналасады. Ал су асты вулкандары мұхит түбінде және мұхиторталық жоталарда кездеседі. Кейде вулкандық атқылау кезінде (лавалардың өте көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты) ; вулкандық аралдар пайда болады (Гавая аралдары) .
Вулкандардың жарықшақтық тұрлері жер қыртысының тектоникалық ірі жарықтары мен жарықшақтарын бойлап жер бетіне лава түрінде тасып тегіледі. Құрамы негіздік лава қатая келе базальтты жамылғылар құрайды. Исландия жерінде кездесетін вулкандардың жарықшақтық турлері ұзындығы ондаған километрлік жарылыстар бойында базальттық лавалар түрінде (орасан зор мөлшерде) тасып төгіледі. Мысалы, 1783 жылы Лаки атты вулкан ~ 12, 5 км 3 мөлшерде лава атқылап, 560 шаршы километрлік ауданды қамтитын жамылғы құрайды. Мұнан басқа Гекке атты вулкан (1847- 1848 ж. ж. ) өте кеп мөлшерде лава атқылайды. Жарық-шақтық атқылау өнімдері, әсіресе ерте кездегі геологиялық кезеңдерде кептеп кездеседі.
Гаваялық вулкандар түрі Гавая аралдарында (Мау-на-Лоа және Килауэа вулкандарында) кездеееді. Олардың құрамы температурасы жоғары (~1200°С) негізді базальтты лавалардан түрады. Сондықтан да мүндай лавалар өте қозғалмалы болып келеді. Кратерлік көлдерде лавалар деңгейі біресе көтеріліп, біресе төмен түсіп, бұрқ-сарқ етіп, ылғи қайнау үстінде болады. Лаванын, құрамындағы газдар фонтан болып жоғары шап-шып (бірнеше метрден жүздеген метрге дейін) атқылайды. Вулкан кратері лаваға әбден толған кезде, лава одан асып төгіліп, вулкан беткейімен аға бастайды. Олардьщ ағу жылдамдығы 30-40 км/сағ-қа дейін жетеді.
Гаваялық вулкандар биік кыраттар құрайды. Олардың беткейлері көлбеу (5-10°) болып келеді. Мүндай вуаікандардың пішіні жантая орналасқан қалқанға ұқсайды. Сондықтан олар кейде қалқанды вулкандар деп аталады. Мауна-Лоа вулканының конусы мұхит түбінен бастап көтеріліп (4650 метрлік терендіктен), мұхит деңгейінен 4170 м жоғары биіктікте орналасады. Бұл вулканның жалпы биіктігі шамамен 9000 м-ге дейін жетеді. Оның ең биік шыңында (ұзындығы 6 км, ені 1, 8-3 км-лік) кальдера байқалады.
Килауэа вулканы биіктігі гг 1350 м-лік (теңіз дең-гейінен жоғары) шағын ғана дене.
Аралас (газды-қопарылыс туғызатын және лавалық) вулкандар кейде эксплозивті-эффузивтік (грек тілінде «эксплозио» - қопарылыс деген мағынада) вулкандар деп те аталады.
Мұндай вулкандардың атқылау барысында жер бетіне лактырылатын немесе тасып төгілетін вулкандық заттар қатты, сұйық және газ күйінде бөлініп шығады. Қатты және сұйық күйдегі вулкандық заттар қабатты конус құрайтьш жағдайда стратовулкан (латын тілінде «стратум» - қабат деген мағынада) деп аталады. Мұндай вулкандарда қатайған лава туфты қабаттармен алмаса орналасады Олардың жоғарғы бөліктерінде кальдера (үзынша немесе дөңгелек пішінді) орналасып, оның ортасында жас конустар әсіп жетіледі.
Вулкандардың стромболиандық турі Жерорта теңізіндегі Липара аралдарында (теңіз деңгейінен 900 м жоғары биіктікте) кездеседі. Лаваныд құрамы базальттық болып саналады, бірақ вулкандардың Гяваялық түрімен салыстырғанда температурасы төменірек 1000°С) болып келеді. Сондықтан олар ұшпалы газдарға бай болып, соған байланысты өте баяу козғалады
Вулкандардың этно-везувиандық түрлеріне Неаполитан шығанағында орналасқан Везувий, Жерорта теңізінде - Вулкано, Сицилня жерінде - Этна, Камчатка жарты аралындағы көптеген вулкандарды (Ключевск, Карымск, Авачинск және т. б. ), Курильск аралдарындағы (Аюлы, Тятя), Жагюішядағы және т. б. жерлердсгі вулкаыдарды жатқызуға болады. Олардың құрылысы өте күрделі: вулкандық (ескі) конустың үстінде өте үл-кен кальдера (апан-шұцқыр), оның ішінде жаңадан пайда болған жас конус орналасып, оның өзі де (қосымша) бүйірлік конустармен косылып опан сапып күрделене түседі. Эруптивтік әрекеттер мезгіл-мезгіл кайталанып оты-рады, бірақ олардың арасындағы үзіліс (тыныштық күйдегі жағдайдың ұзақтығы) бірнеше жылдан жүздеген жылдарға дейін созылады (вулкандардың стромболиандық түрімен салыстырғанда) . Вулкандардың мүндай түрлерінің негізгі құрамы андезиттік, сирегірек андезитті базальттық болып келеді.
Вулкандық лава, әдетте баяу қозғалатын қоймалжың балқымалар түрінде кездеседі. Лаваның температурасы 1000°С шамасында, ал тұтқырлығы жоғары болғандықтан олар кейде вулкандык. көмекейдің ауызын бітеп тастайды. Осындай жағдайда көп мөлшерде жиналған (вулкан көмекейінде) газдар мен булар ең алдымен жер сілкінісін, содан соң барып қопарылыс туғызады. Бүл әрекеттердің нәтижесінде ауа қабатына вулкандық заттар (күл-топырақтар, лапиллилер және <5омбалар түрінде) өте көп мелшерде лақтырылады. Вул-зкандық лавалар фонтан болып атқылайды.
Олар (қалыңдығы 4-5 м-лік, үзындығы 20 км-ге дейін жететін) вулкандық тасқындар түрінде қатаяды. Қопарылыс күші әлсірей келе, біртіндеп тоқтайды. Со-нымен, вулкандық атқылау әрекеттерінің әрбір кезеңі Эксплозивтік процестерден басталып эффузивтік әрекет-термен аяқталады.
Газды қопарылыс кезінде кұралатын вулкандарды эксплозивті-экструзивтік (грек тілінде «эксплозио» - қопарылыс, «экструзио» - сығу деген мағынада) деп атайды. Мұндай жанартауларда газдардың қопарылы-сы кезінде орасан зор мөлшерде вулкандық қатты заттар атқыланады. Ал лава (андезиттік-дацитты) әдетте-гідей емін-еркін жер бетіне тасып төгілудің орнына, еығылу әрекеттеріне байланысты баяу қозғалып қысыла шығады. Бүл процестердің нәтижесінде пайда болған күмбез шыңдар мен конусты мүнаралар кейінірек бұзы-ла келе ірі жартастарға айналады. Кейде лавалар қалыңдығы 4-5 м-лік қысқа толқынды тасқындар (вул-кандық тілше түрінде) кұрап, катаяды.
Вулкандық атқылаудың пелейлік түрі Кариб теңізінің Мартиника аралында (Кіші, Антиль аралдық доғалары) орналасқан Мон-Пеле (Тақыртау) атты вулканның атымен байланысты. Мұндай лавалардың күрамы андезиттік, температуралары 700-800°С болып, өте түтқыр бөлшектерден қүралады. Олар жер бетіне атқылау кезінде тез қатайып, вулкан кратері бітеліп қалады.
VII. ГЕОТЕКТОНИКАЛЫҢ ҢОЗҒАЛЫСТАР
Жер қыртысын қүрайтын тау жыныстарының ең алғашқы орналасу жағдайының кейінірек өзгеріп басқаша жағдайда болуы, жер қыртысының (алғашқы қалыптасуынан бастап осы күнге дейінгі уақыт аралығында) ылғи өзгеріс үстінде болатындығын көрсетеді.
Табиғи жағдайда жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан (әр түрлі бағыттағы) қозғалыстарды тектоникалық қозғалыстар деп атайды. Жер бетінің қазіргі кездегі көрінісі оның әр түрлі тереңдігінде жүріп жатқан физикалық-химиялық әрекеттерге және жердің өз осінен айналу жылдамдығының өзгерістеріне де байланысты деп саналады.
Тектоникалық қозғалыстарды және басқа да эндогендік процестерді (жер сілкінуден басқасын) табиғи жағдайда тікелей зерттеп білу немесе бақылау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі өте аз. Оларды жер қыртысының қүрылысында немесе жер бетінде байқалатын бедер өзгерістерін зерттеу арқылы ғана анықтауға бола-ды. Жер қыртысының үзақ уақыт бойы майысып, иілуге ұшыраған аудандарында шөгінді жыныстардың қалың қабаттары жиналады, ал жоғары көтерілу немесе төмен түсу әрекеттері кезек алмасатын жағдайда тау жыныстарының қалың қабаттары иіліп кейде жарылып, алғашқы орындарынан ауыса орналасады. - Сонымен, жер қыртысының қозғалыс механизмі, басқаша айтқанда жер қойнауының архитектурасың жан-жақты зерттейтін геологияның бір саласы геотектоника деп аталады.
Тектоникалық қозғалыстар (уақыт елшемімен) шарт* ты түрде қазіргі кездегі, жаңа және көне замандарда немесе ерте уакыттарда орын алған қозғалыстарға ажыратылады.
Қазіргі кездегі қозғалыстар қатарына тарихи кезенді қамтитын, басқаша айтқанда адамзат тарихында ұмытылмай есте сақталған және осы уақытқа дейін созылып, қазіргі кезде біздің көз алдымызда байқалатын козғалыстар жатады.
Жаңа замандағы (неотектоникалық) қозғалыстар қатарына соңғы 30-40 млн жылдар ішінде, атап айт-канда неоген және төрттік (антропоген) кезеңдерді қам-титын мезгіл аралығында орын алған козғалыстар жатады. Бұл қозғалыстардың нәтижесінде қазіргі кездегі бедер пішіндері қалыптасып, экзогендік әрекеттердің негізгі бағыты анықталады. Ал бұдан бұрынырақ уақыттарда болған қозғалыстар көне замандарды түгел қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz