Бүкіләлемдік тор. интернет технологиялары. Visual Basic ортасында Интернет браузер құру



Кіріспе
Тарау І. Бүкіләлемдік тор. Интернет технологиялары
1.1. WWW пайда болу тарихы
1.2. HTML . Базалық технология
Тарау ІІ. Интернет браузер бағдарламасын құру
2.1. DYNAMIC HTML
2.2. Visual Basic ортасында Интернет браузер құру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
60-70 жылдары – LAN (Local Area Network) жергілікті желісі кең түрде дамыды. LAN технологиясы алыс емес қашықтықтарға өңделді. Нақты бір уақытта, жергілікті желілердің әртүрлі технологиялары бір-бірімен толық бірікпейтіні белгілі болды. Желі тұрғызудың жаңа технологиясы пайда болды. Ол үлкен географиялық аймақты байланыстыруға қажетті алыс қашықтағы желі немесе аймақты-таратылған WAN (Wide Area Network) желісі. Көптеген әртүрлі жергілікті аумақты таратылған желілер бар, бірақ олады көбісі бір-бірімен байланысты емес. Жай қарапайым әдіс арқылы екі желіні үлкен бір желіге келтіру мүмкін емес.
70 жылдардың аяғында АҚШ-ның қорғаныс Министрлігі электронды желі құру керектігін ойлады. АҚШ-та ғылыми зерттеулерді бсқаруда жергілікті желі мен алыстағы байланыс желісін қосатын жаңа тәсіл ойлап табылды. ARPA (Advanced Research Project Agency) орталығы зерттеудің кілттік сұрағы болып табылады.
LAN  WAN  Internet.
ARPANet желісі - бір уақытта өңдеушілерге бір-бірімен дерек алмасуға мүмкіндік беретін стандартты желі және жаңа программалық қамтама мен қосымшаны құратын экспериментальды желі. Негізігі желілік протокол ретінде желіаралық IP (Internet Protocol) протоколы қабылданды. Интернеттің программалық қамтамасының екі бөлігі өте қажетті. IP программалары негізгі коммуникацияны қамтамасыз етеді. TCP программалары қосымшаны керекті мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Интернеттің барлық коммуникациялық программалық қамтамасы жиынтығын TCP/IP деп атайды. Бұл программалар бірігіп жұмыс істейді, себебі олар біртекті жүйе иллюзиясын қамтамасыз етеді және нақты бір аппаратура қызметінің ерекшелігін жасырады.
80 жылдардың ортасында NSF (National Science Foundation) – АҚШ ұлттық ғылыми қоры ғылымға компьютерлік байланыстар керек екендігін және Интернеттің қызметін бағалап магистральды желіні ұсынды. Ал Калифорнияның Беркли Университеті желілік операциялық жүйе ретінде құрылған Unix операциялық жүйесін ұсынды. 1982 жылы Интернеттің бірінші прототипі пайда болды және TCP/IP – технологиясын тестілеу басталды. Осыдан кейін Интернет экспоненциальды түрде шарықтады.
1. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Дәулетқұлов. Информатикадан 30 сабақ. Алматы, “Шартарап” 1998 ж.
2. Рахымбердиева Д.С. Информатика және ақпараттық технология. Алматы 2005 ж.
3. Ж.Қараев. ЭВМ және программалау элементтері. Алматы, “Рауан” 1991 ж.
4. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту. Алматы, “Мектеп” 2005 ж.
5. А.Е.Есжанов. Алгоритмдер және оларды мектепте оқыту.
Алматы «Мектеп» 1988 ж.

Кіріспе
60-70 жылдары – LAN (Local Area Network) жергілікті желісі кең түрде
дамыды. LAN технологиясы алыс емес қашықтықтарға өңделді. Нақты бір
уақытта, жергілікті желілердің әртүрлі технологиялары бір-бірімен толық
бірікпейтіні белгілі болды. Желі тұрғызудың жаңа технологиясы пайда болды.
Ол үлкен географиялық аймақты байланыстыруға қажетті алыс қашықтағы желі
немесе аймақты-таратылған WAN (Wide Area Network) желісі. Көптеген әртүрлі
жергілікті аумақты таратылған желілер бар, бірақ олады көбісі бір-бірімен
байланысты емес. Жай қарапайым әдіс арқылы екі желіні үлкен бір желіге
келтіру мүмкін емес.
70 жылдардың аяғында АҚШ-ның қорғаныс Министрлігі электронды желі құру
керектігін ойлады. АҚШ-та ғылыми зерттеулерді бсқаруда жергілікті желі мен
алыстағы байланыс желісін қосатын жаңа тәсіл ойлап табылды. ARPA (Advanced
Research Project Agency) орталығы зерттеудің кілттік сұрағы болып табылады.

LAN ( WAN ( Internet.
ARPANet желісі - бір уақытта өңдеушілерге бір-бірімен дерек алмасуға
мүмкіндік беретін стандартты желі және жаңа программалық қамтама мен
қосымшаны құратын экспериментальды желі. Негізігі желілік протокол ретінде
желіаралық IP (Internet Protocol) протоколы қабылданды. Интернеттің
программалық қамтамасының екі бөлігі өте қажетті. IP программалары негізгі
коммуникацияны қамтамасыз етеді. TCP программалары қосымшаны керекті
мәліметтермен қамтамасыз етеді.
Интернеттің барлық коммуникациялық программалық қамтамасы жиынтығын
TCPIP деп атайды. Бұл программалар бірігіп жұмыс істейді, себебі олар
біртекті жүйе иллюзиясын қамтамасыз етеді және нақты бір аппаратура
қызметінің ерекшелігін жасырады.
80 жылдардың ортасында NSF (National Science Foundation) – АҚШ ұлттық
ғылыми қоры ғылымға компьютерлік байланыстар керек екендігін және
Интернеттің қызметін бағалап магистральды желіні ұсынды. Ал Калифорнияның
Беркли Университеті желілік операциялық жүйе ретінде құрылған Unix
операциялық жүйесін ұсынды. 1982 жылы Интернеттің бірінші прототипі пайда
болды және TCPIP – технологиясын тестілеу басталды. Осыдан кейін Интернет
экспоненциальды түрде шарықтады.
TCPIP протоколдары әмбебап тиімді және қызметтің көп түрін ұстай
алады. Интернет ашық жүйе болып табылады, сол сияқты TCPIP программалық
қамтамасын құру үшін керекті спецификациялары барлық пайдаланушылар үшін
ашық.
Интернет – бұл глобальды ақпараттық инфрақұрылым. Бірақ ол көптеген
қызметтерді ұсынғанымен интернеттің бас жетістігі - TCPIР протоколдарында
құрылған программалық қамтамаға негізделуі. Олар компьютерлік және желілік
технологияларды, сол сияқты жаңа қызметтердің пайда болуын өзгертуге
икемделген.

Тарау І. Бүкіләлемдік тор. Интернет технологиялары
1. WWW пайда болу тарихы

Интернеттің өте атақты қызметі – Бүкілдүниежүзілік тармақ. Web негізін
қалаушы Тима Бернеса-Ли. Ол алғашқы рет ақпаратты жүйеге “байланысты”
идеяны қалыптастырды. Ақпаратты иерархиялық сақтау керек емес болды,
гиперсілтемеге сынау жұмыстары жүргізілді.
WWW – Интернеттің бірнеше протоколдарын ұстайтын және өлшеуіш тілдерін
қолданатын интерактивті, мультимедиялық, гиперсілтемелік орта. Оны желідегі
компьютерде сақталатын үлкен гипермедиақұжаттар жиынтығы деп білуге болады.

Web қарау қызметтеріне қатынау үшін браузер деп аталатын арнайы
программа қолданылады. Бірінші браузер - Mosaic. Қазіргі уақытта ең көп
таралған браузерлер: Netscape Communications – Netscape Navigator фирмалары
және Microsoft - Internet Explorer (IE) фирмасы. Браузерлер пайдаланушымен
екі тәсілде әрекет жасайды:
- негізгі – қажетті ақпарат алу үшін сұраныс енгізеді, оны Интернеттен
автоматты түрде көшіреді және монитордан экранына шығарады;
- браузердің өзімен басқару – құжаттың орналасу орнын енгізу,
кезектегі бетті баспаға шығару, артқа қайту немесе көріністі үзу.
URL (Uniform Resource Locators) – нақты Web – бетті көрсету үшін
қолданылатын идентификатор ресурстың әмбебап адресі деп аталады. Браузер
бетті көрсету кезінде экранға оның адресін де шығарады.
Web жұмысы клиент-сервер технологиясына негізделген. Интернет арқылы
Web – бет көшірмесін алу үшін, алыстағы сервермен қосылатын қарау
программасы клиент (жеке) болып табылады. Сервер сұранысқа жауап ретінде
сұрап отырған бетпен бірге қосымша ақпарат жібереді. Бұл қосымша ақпарат
сұрап отырған бетті қандай көріністе көрсетуді сипаттайды, онда бетте
орналасқан әр сілтеме үшін URL көрсетілген. Браузер серверден Web –
бетті алған соң, оны экранға шығарып және пайдаланушы белгіленген
элементтердің біреуін таңдағанға дейін күтеді. Браузер таңдап болған соң
жасырын қосымша ақпаратты қарап және ондағы керекті URL-ді табады. Содан
кейін программа пайдаланушымен таңдалған жаңа бетті сұрайды.
Әрбір URL ақпарат бетінің орналасу орнын бір кезде идентификациялайды,
яғни компьютердің есімін, содан кейін осы компьютердегі сервер есімін,
сол сияқты Web – беттің аталуын көрсетеді
URL негізгі құрама адрестері: 1 бөлім – протоколды анықтайды; 2 бөлім
– компьютердің домендік есімі, бірінші бөлімнен : (қос нүкте) және екі
қисық () сызықпен бөлінген. Мысалы: http: www.w3.org html.
Домендік есім – символдық адрестеу тәсілі. Домендік есімге кіретін,
нүктемен бөлінген және иерархиялық реттелген домендер. Жоғарғы деңгейдегі
домен оң жақта орналасқандықтан, домендік есімдер оңнан – солға қарай
оқылады. АҚШ-нан басқа барлық жерде, жоғарғы деңгейдегі домен елдің коды
болып табылады. Мысалы, .de - Германия, .jp - Жапония, .ch - Швейцария, .kz
- Қазақстан, .ru – Рессей. АҚШ- да жоғарғы деңгейдегі домендердің
альтернативтік жүйесі бар:
.com – Интернеттің Бүкілдүниежүзілік коммерциялық аумағының
коммерциялық серверлері үшін;
.org – коммерциялық емес ұйымдар үшін;
.net – желі үшін;
.gov – мемлекеттік және үкімет орындары үшін;
.edu – оқу орындары және білім беру орталықтарының желісі;
.mil – әскери ұйымдар.
Домен – бұл Интернеттің нақты логикалық деңгейі, т.с.с өз желілік
станциясын басқаратын және жеке есімі бар желілік ресурстар тобы.
Интернетте пайдаланушы машиналарға керекті компьютерді іздеуге DNS – сервер
программалары көмектеседі. Онда енгізілген URL бойынша керекті IP адрес
ізделінеді.
IP – адрес. Интернетке қосылған әр компьютер IP – адрес көмегімен,
нүктемен бөлінген 4 ондық санмен 0 ден 255 (октеттер), 195.85.102.14.
идентификацияланады. Компьютерлердің Интернетке қосылған мұндай жазба
адрестерін TCPIP стандарты деп білуге болады.
World Wide Web атағымен және оның ажырамас бөлімімен HTML шартсыз,
гипермәтіндік құжаттарды белгілеуге жоғары көңіл себеп болды. Гипермәтін
туралы түсінік 1945 жылы В.Бушпен енгізілгеніне қарамастан және 60
жылдардың басында бірінші қосымшалар пайда бола бастады да және
гипермәтіндік мәліметтерді қолдануға қажеттіліктен бұл технология
айналасындағы белсенділік тек көптеген ақпараттық ресурстарды біріктіру
кезіндегі механизмде, құрудың мүмкіндік қамтамасы, сызықты емес мәтінді
көруде туындады. Бұл механизмнің іске асу мысалы ретінде WWW өрнегі
алынды. Құжаттарды белгілеу тілі – бұл арнайы тэг деп аталатын
нұсқаулардың жинағы, олар құжаттарда қандай да бір құрылымдарды
қалыптастыру үшін және осы құрылымның элементтері арасындағы
айырмашылықты анықтауға арналған. Тілдер тэгі немесе кейбір кезде оларды
дескрипторларды басқару деп те атайды, мұндай құжаттарда қайтіп те
кодталады, құжаттың негізгі мазмұнына қатысты бөлінеді және құжаттың
мазмұнын клиенттің жағымен көрсетіп шығаратын программалар үшін нұсқаулар
қызметін атқарады. Ең бірінші жүйелерде осы командаларды белгілеу үшін
“” және “” символдары қолданылған, олардың ішінде нұсқаулары мен
параметрлерінің аты орналаса бастады. Қазір тэгтердің бұлай белгілеу
тәсілі стандартты болып саналады. Гипермәтіндік бөлуді мәтіндік құжатқа
қолдану қазіргі кездегі ақпараттық жүйелерде көптеген сызықты емес
ақпаратты көру механизмін құруда гипермәтін мүмкіндік береді. Бұндай
жүйелерде мәліметтер мәтіндік ақпараттың үзіліссіз ағымы түрінде емес,
олар өтуде гиперсілтемелер көмегімен жүзеге асады.
Қазіргі кездегі өте танымал HTML –гипермәтіндік белгілеулер тілі,
ақпаратты ұйымдастыру үшін құрылған, Интернет желілердің таратылғандардың,
және маңызды құрастырушы WWW технологияның бірі болып табылады. Құжаттың
гипермәтіндік моделін қолданумен әр түрлі ақпараттық ресурстарды ұсыну
тәсілі желіде өте реттелген болды, ал қолданушылар ыңғайлы іздеу механизмін
және керекті ақпаратты көруді алды. HTML- дің оңайлатылған баламасы
ретінде ортақ стандартты белгілеу тілі - SGML (Standart Generalised Markup
Language), 80 жылдарда стандарт ретінде ISO- да бекітілген. Бұл тіл басқа
белгілеу тілдерін құру үшін арналған, олардың атрибуттары мен құжаттың ішкі
құрылымындағы тиімді тэгтер жиынын анықтайды. Дескрипторларды қолданудың
дұрыстығына бақылау арнайы ережелер жиынының көмегімен жүзеге асады,
аталған DTD- сипаттамалар (DTD туралы нақтырақ келесіде айтамыз), олар
құжатты өңдеу кезінде клиенттің программасымен қолданылады. Әрбір құжаттар
класы үшін өзіндік ережелер жиыны анықталған, сәйкес белгілеу тілінің
грамматикасын сипаттайды. SGML –дің көмегімен мәліметтер құрылымдары,
құжаттармен құрамдас, ақпараттарды ұйымдастыру, ақпаратты стандартты
форматта ұсыну жүзеге асады. Кейбір өзіндік қиындықтарға байланысты, SGML
негізінде басқа тілдерді сипаттау синтаксисі (оларға қарағанда ең танымалы
HTML болып табылады), және көптеген қосымшалар SGML құжаттармен тікелей
жұмыс жасайды. SGML –ден анағұрлым көбірек жай және ыңғайлы HTML тілі құжат
элементін формаға келтіруді анықтайтын және тэгтердің шектелген жиынынан
тұрады, олардың көмегімен белгілеулер процесі жүзеге асады. HTML
нұсқаулары, бірінші кезекте, клиент - программасының экранында құжаттың
мазмұнын шығару үшін арналған басқару процестері және осымен құжаттарды
ұсыну тәсілін анықтайды, бірақ оның құрылымын емес.
Деректер қорының гипермәтіндік элементі ретінде, HTML- де сипатталған
мәтіндік файл қолданылады, ол HTTP хаттамасын қолданатын желілерде оңай
беріледі. Бұл өзгешелік, сонымен қатар HTML ашық стандарт пен көптеген
қолданушылар өздерінің құжаттарын формаға келтіру үшін арналған осы тілдің
мүмкіндіктерін қолдана алады, сөзсіз, HTML- дің танымалдылығын өсіруде әсер
етті және бүгінгі таңда оны Web – та ақпаратты ұсынудың басты механизмі
ретінде жасады. Дегенмен, қазіргі заманғы қосымша тек қана клиенттің
экранында ұсынылған мәліметте ғана емес, бірақ механизмде, онда құрамдас
элементтерде сипаттауға, құжаттың құрылымын анықтауға рұқсат береді. HTML
қиын емес командалар жиынынан тұрады және мәтіндік ақпаратты сипаттауды
жақсы орындайды және де оны браузерді көру программасын экранда көрсетеді.
Бірақ бейнелеген мәліметтер форматтау үшін қолданылатын тэгтермен ешқандай
байланысы жоқ, сол үшін талдаушы – программаларда HTML – дің тэгтерін
бізге қажетті құжаттың фрагментін іздеу үшін қолдана алмайды. HTML – дің
тағы да басқа маңызды кемшілгінің бірі оның тэгтерінің жиынының шектеулі
болуы. DTD- ережелер HTML үшін бекітілген дескриптор жиынынан анықтайды
және сондықтан өңдеуші өзінің жеке, арнайы тэгтерін енгізе алмайды.
Дегенмен соңғы кездері тілдің одан да кеңейтілген түрлері шығуда (бүгінгі
күндері HTML-дің соңғы нұсқасы HTML 4.0 болып табылады), бірақ оның
стандарттауына деген ұзақ жол және негізгі браузерлерді өндірушілердің
арасындағы тұрақты келіспеушіліктері тілдің тез бейімделуін мүмкін емес
етеді, ол арнайы ақпаратты көрсету үшін қолданылады (мысалы,
мультимедиалық, математикалық, химиялық формула және т.б). Айтылғандарды
қорытындылай келе, ой түйіндеуге болады, HTML қазіргі кездегі
өңдеушілердің толық талабын орындай алмайды.

2. HTML – Базалық технология

HTML (Hyper Text Markup Language) - гипермәтіндік өлшеуіш тілі
күрделі SGML (Standard Generalized Markup Language) өлшеуіш тілінің мүшесі
болып табылады. HTML кез келген тілдер сияқты программа құрудың стандартты
құрылымынан тұрады. Бұл жағдайда ол HTML – құжат. HTML – тег директивалары
бұрыштама жақшаларына алынады. Бұрыштама жақшаға алынбаған барлық
объектілерді интерпретатор экранда бейнеленетін мәтін ретінде қабылдайды.
Тег – браузер интерпретаторына тиісті нақты әр директиваға мәнді қалай
өңдеуді көрсететін HTML командасы. Бұл мән тег атрибуты деп аталады. Тегтің
атрибуты болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, HTML тегінің атрибуты
болмайды.
HTML – құжаты қысқа түрде құжат тақырыбынан және құжат денесіне
тұрады.
Синтаксис. HTML тегінің жалпы түрде барлық атрибуттарымен жазылу
синтаксисі келесі түрде болады:
тег атрибут аты1= “мән” атр_аты.2 = “мән” атр_аты.N = “мән”
өңделетін мән жабылатын тег
Атрибут мәні тік жақшаға алынады. Тегтің барлығы жұппен болады:
ашылатын және жабылатын; тег өңделетін мән тег
Бірігу принципі қаралады:
тег1 тег2 өңделетін мән тег2 тег1
HTML-құжаты — бұл *.html кеңейтілуі бар мәтіндік файл (Unix-жүйелері
*.html кеңейтілу бар файлдан тұруы мүмкін). Қарапайым HTML-құжат:
html
head
titleМысал 1title
head
body
H1Сәлем!H1
PБұл HTML-құжатының қарапайым мысалы.P
PБұл *.htm-файл бір уақытта Notepad-да және Netscape-де аша алады.

Notepad өзгертуді сақтап, HTML-құжатта бұл өзгертулерді көру үшін
Netscape-де жай ғана Reload ('қайта жүктеу') батырмасын басыңыз.P
body
html
Тегті үлкен және кіші әріппен де енгізуге болады. Мысалы, body,
BODY және Body тегтері браузермен қабылдана береді.
Міндетті тегтер.
html ... html
html тегі HTML-құжатты ашуы керек. Сол сияқты html тегі HTML-
құжатты аяқтайды.
head ... head
Бұл тегтер жұбы құжат тақырыбының басы мен соңын көрсетеді. Құжат
тақырыбынан басқа (төмендегі title тегінің жазбасын қараңыз), бұл
бөлімде көптеген ақпараттар бар.
title ... title
title және title тегінің арасындағы ақпараттар браузермен құжат
аты деп аталады. Netscape Navigator, мысалы, терезе тақырыбында кезектегі
құжаттың атын көрсетеді және оны әр беттің сол жақ жоғарғы бұрышында
принтерге басып шығарады. Аты 64 символдан ұзақ болмауы керек.
body ... body
Бұл тегтер жұбы HTML-құжат денесінің басы мен соңын көрсетеді. Дене ол
құжаттың мазмұнын анықтайды.
H1 ... H1 — H6 ... H6
Hi (мұндағы i — 1 ден 6-ға дейінгі сан) түріндегі тег алты әртүлі
деңгейдегі тақырыпты сипаттайды. Бірінші деңгей – ең үлкен, алтыншы деңгей
– ең кіші тақырып.
P ... P
Мұндай тегтер жұбы абзацты сипаттайды. P және P тегі
арасындағылар бір абзац болып қабылданады. Hi және P тегтері қосымша
ALIGN ("элайн" деп оқылады, ағылшыннан аударса "түзулеп келтіру")
атрибутынан тұруы мүмкін, мысалы:
H1 ALIGN=CENTER тақырыпты ортаға түзулеп келтіруH1
немесе
P ALIGN=RIGHT абзацты оң жаққа бойынша түзулеп келтіру P
html
head
title2 Мысалtitle
head
body
H1 ALIGN=CENTERСәлем!H1
H2 Бұл HTML-құжатының күрделі мысалыH2
PБіз енді білеміз абзацты тек солға ғана емес түзулеп келтіруге,
P
P ALIGN=CENTERсонымен бірге орта бойыншаP P ALIGN=RIGHTнемесе
оң жақ бойынша түзулеп келтіруге.P
body
html
Жұп емес тегтер. Бұл бөлім HTML құжатының екі негізгі ержесіне
бағынбайтын тегтер жөнінде болады: олардың барлығы жұп емес, ал
кейбіреулері (&-деп аталатын тізбектер) кіші әріппен енгізілуі керек.
BR Бұл тег абзацты үзбей жаңа жолға өту үшін қолданылады. Өлең
жазуға өте ыңғайлы. HRБелгі HR мынадай горизонтальды сызықты
бейнелейді:

Белгі сонымен бірге қосымша SIZE (сызықтын қалыңдығын пиксельде
береді) атрибутынан тұруы мүмкін жәненемесе WIDTH (сызықтын қалыңдығын
процентте береді). Төменде горизонтальды сызықтар коллекциясы келтірілген.
html
head
titleСызық мысалыtitle
head
body
H1Горизонтальды сызықтар коллекциясыH1
HR SIZE=2 WIDTH=100%BR
HR SIZE=4 WIDTH=50%BR
HR SIZE=8 WIDTH=25%BR
HR SIZE=16 WIDTH=12%BR
body
html
&-тізбектері. "" және "" символдары браузермен HTML – тегтерінің
басы және соңы болып қабылданады: ал бұл символдарды экранда қалай
көрсетуге болады? HTML-да бұл &-тізбегі көмегімен орындалады (оларды тағы
да символдық объектілер немесе эскейп-тізбектер деп атайды). Браузер
мәтінде < тізбегін кездестірген кезде, экранда "" символын көрсетеді;
(ағылшын сөздерінің бірінші әрпі бойынша less than — кіші). "" таңбасы
> тізбегімен кодталады; (ағылшын сөздерінің бірінші әрпі бойынша greater
than — үлкен).
"&" символы (амперсанд) & тізбегімен кодталады;
Екі тырнақша (") " тізбегімен кодталады;
Нүкте үтір - &-тізбегінің міндетті элементі. Сонымен қатар, тізбекті
құрайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары
Медициналық мекеменің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру
Мәліметтер базасын құру жолдары
MS VS NET ортасында интернет қолданбалар құру
Visual basic программалау ортасы
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
Кәсіпорын клиенттер мәлімдемелерін есепке алу үшін веб серверлер
Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі
Ақпараттық сайт
Пәндер