Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық реттеу



КІРІСПЕ
1 Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптің алатын орны мен дамуы
2 Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптерді техникалық реттеу жүйесінің ережелері
3 Жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне байланысты қарастырылатын техникалық регламент ережелері
3.1 Сигналдық түстерге қойылатын талаптар
4 Жеңіл өнеркәсіп салаcының бірі тігін өндірісіндегі техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері
4.1 Жеңіл өнеркәсіп цехындағы сәтсіз жағдайлардың жиілігі мен ауырлығын, жұмыс орнындағы ауаның шаңдануын инженерлік есептеулер
5 Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық реттеудің жүзеге асырылуы
5.1 Жеңіл өнеркәсіп саласындағы қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жеңіл өнеркәсіп орындарда еңбектің қауіпсіз жағдайлары және жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек қорғау мәселесі бойынша құқықтық негіздер орнатылады, еңбек жағдайы кезінде жұмысшылардың денсаулығы мен өмірін сақтау талаптарын қамтамасыз ететін еңбек жағдайы құрылады.
Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар мiндеттi регламенттеу саласындағы - өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; -ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; - өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу; - саудадағы техникалық кедергiлердi жою сияқты көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады
Қазақстан Республикасында техникалық заңдарды қалыптастыру Дүние жүзілік сауда ұйымының ережелерін сақтай отырып, мемлекетаралық деңгейде техникалық реттеу саласында атқарылып жатқан жұмыстармен тығыз байланысты жүргізілуі тиіс.Техникалық реттеу саласындағы заңдар мен нормативтік құжаттар халықаралық және еуропалық аналогтарымен, отандық және халықаралық ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктермен сәйкестікке келтірілуге тиіс.
Техникалық реттеу мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi және оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламенттердi қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
Техникалық реттеуде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
1. Жұмаділова Ж.О. Әдістемелік кешен « Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу » - Алматы ҚазҰТУ 2010
2. Қауіпсіздік техникасы/Әбдіров А.М., Сейфуллина - Астана: Фолиант, 2011. - 120 б.
3. Сапаны басқару / Е. С. Асқаров. – Алматы. 2013. - 335 б.
4. Техникалық реттеу туралы ҚР-ның 2004 жылғы 9 қарашадағы №603 Заңы
5. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1129 Қаулысы
6.Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтарда №14 Қаулысы бойынша қабылданған «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті

Куртық жобаға (жұмысқа)
Түсініктемелік жазба

Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық реттеу

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптің алатын
орны мен дамуы
2 Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптерді
техникалық реттеу жүйесінің ережелері
3 Жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне байланысты қарастырылатын
техникалық регламент ережелері
3.1 Сигналдық түстерге қойылатын талаптар
4 Жеңіл өнеркәсіп салаcының бірі тігін өндірісіндегі
техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері
4.1 Жеңіл өнеркәсіп цехындағы сәтсіз жағдайлардың жиілігі
мен ауырлығын, жұмыс орнындағы ауаның шаңдануын
инженерлік есептеулер
5 Жеңіл өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздікті техникалық
реттеудің жүзеге асырылуы
5.1 Жеңіл өнеркәсіп саласындағы қауiпсiздiк белгiлерiне
қойылатын талаптар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жеңіл өнеркәсіп орындарда еңбектің қауіпсіз жағдайлары және жұмыс
беруші мен жұмысшы арасында еңбек қорғау мәселесі бойынша құқықтық негіздер
орнатылады, еңбек жағдайы кезінде жұмысшылардың денсаулығы мен өмірін
сақтау талаптарын қамтамасыз ететін еңбек жағдайы құрылады.
Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар
мiндеттi регламенттеу саласындағы - өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен
денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi
үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; -ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; -
өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты
тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу; - саудадағы
техникалық кедергiлердi жою сияқты көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете
алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады
Қазақстан Республикасында техникалық заңдарды қалыптастыру Дүние
жүзілік сауда ұйымының ережелерін сақтай отырып, мемлекетаралық деңгейде
техникалық реттеу саласында атқарылып жатқан жұмыстармен тығыз байланысты
жүргізілуі тиіс.Техникалық реттеу саласындағы заңдар мен нормативтік
құжаттар халықаралық және еуропалық аналогтарымен, отандық және халықаралық
ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктермен сәйкестікке келтірілуге
тиіс.
Техникалық реттеу мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-
техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн
жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою
немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi және оның
қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары
көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламенттердi қолданысқа
енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе)
түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер
ескерiлуге тиiс.
Техникалық реттеуде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады,
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және
техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу
арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

1. Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптің алатын орны мен
дамуы

Кез келген елдің жеңіл өнеркәсібі - бұл экономиканың аса маңызды көп
бейінді және инновациялық тартымды секторы.
Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп азық-түлік тауарларынан кейін
екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің
экономикалық және стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке қабілетті халықты
жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін жаңа геосаяси жағдайларға
көтеруді қамтамасыз етудегі маңызды ролін ескере отырып, әлемнің ірі елдері
саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық
қолдау көрсетеді.
Тұтыну секторы тауарларының әлемдік өндірісінде еңбекті нақты бөлу
қолданылады. Олардың бірі шикізатты сатады, екіншісі қайта өңдейді,
үшіншісі түпкі өнімді өндіреді, төртіншісі сатады. Осыны ескере отырып, бұл
үдерістегі басымдықтарды айқындау қажет, осының негізінде нарықтық
перспективасы бар жобаларға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
жобаларға салынуы тиіс тиімді даму матрицасы пайда болады.
Бүгінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың 80%-ы шағын
және орта бизнес субъектілері болып табылады, бұл ретте шамамен сала
кәсіпорындарының шамамен 80%-ы жүктемелігі 30 - 40 %-ды құрайтын ескірген
жабдықтармен жарақталған.
Саланы дамытудың жалпы үрдісі ел өнеркәсібі көлеміндегі оның үлесінің
төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, ішкі нарықтан
отандық тауар өндірушілерді шетелдік өндірушілердің тықсыруына әкеледі, бұл
апатты сипат алды.
Халықты жұмыспен қамту мәселесі жіті орында тұр. Жеңіл өнеркәсіп
технологиялық жағынан аграрлық сектормен барынша байланысты екенін
ескерсек, оның дамуы елеулі түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды
бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға ықпал ететін болады, осының
арқасында ел ішіндегі төлем қабілеті сұранысы мен ішкі нарықтың сыйымдылығы
артады.
Бұл мәселелерді шешу қазақстандық өндірушіні қорғау, контрафакт және
контрабандалық өнімге қарсы күрес, субсидияларды, лизинг схемаларын,
инвестициялық қорларды пайдалану, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту
бойынша шараларды іске асыру негізінде мемлекеттің тікелей қатысуымен
жүзеге асырылады.
Жеңіл өнеркәсіп саласы ең жалпы халықтық және тек қалада ғана
орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық
жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен,
көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен
байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен
қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл
шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Көптеген тамак өнеркәсіптері көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар
пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық
шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат
болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер
ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін
салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.
Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу
бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта
мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен
Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды.
Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.
Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкеніс, жеміс
өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның  оңтүстігінде,
әсіресе,Алматы облысында  орналасқан.
Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері
өндірісінің де кеңістікте таралу бейнесі осыған ұксайды. Ең ірі кондитер
өндірісі – Алматы мен Қостанайда, шай – Алматыда, макарон енімдері –
Пертропавл қаласында орналасқан.
Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да
бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен
айналысады.
Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ,
кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары,
мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп
сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең сүтті аудандары -
Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің
орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке
шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын
орталықтарға бекітілсе, ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі -
шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір
кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы
тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету.
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта,
жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір шешімін таппаған
сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін,
мақта-мата, былғары, тері илеу салалары кіреді. Жеңіл өнеркәсіп (кей
жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық
жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптін
өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл
оның салаларының таралып орналасу бейнесін көрсетеді.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл
шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары
мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе
жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау
зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жүн
өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте
(Таразда және т.б.) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар
Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан.
Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.
Жеңіл өнеркәсіптін, кез келген жерде орналаса беретін саласы - тігін
өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі
бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкентте Восход сияқты
ірі фабрикалар да бар.
Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары зияткерлік деп аталатын
жабдықты қолданады, ол технологиялық үдерістердің мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, өтіп жатқан өндірістік үдеріс туралы толық ақпаратты ұсынады.
Сондай-ақ әзірлеу мерзімін елеулі түрде қысқартуға және жаңа үлгілерді
енгізуге, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін
киімді автоматтандырылған жобалау жүйесі (бұдан - киімді АЖЖ) енгізілді.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында ІТ-қызметтерді дамыту стратегиясы
қолданыстағы бизнес-үдерістерді автоматтандыру деңгейін жоғарылату бойынша,
өнімділікті арттыру, сапаны басқару жүйесін енгізу және жоспарлауды
оңтайландыру бойынша бизнестің міндеттерін тиімді шешуді тұспалдайды.
Саланың әр түрлі сегменттерінде 34 %-дан 67 %-ға дейін ІТ-қызметтердің
басшылары ұсынымдарды, инвестициялар негіздемелерін әзірлеу үшін сарапшылар
ретінде тартылады және 7 - 14% жағдайында олар кәсіпорынды басқаруға
қатысады.
Өнеркәсіп саланын дамытудың негізгі проблемалары
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірқатар шешімін таппаған проблемалар бар,
олар:
1) негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы және өнімнің бәсекеге
қабілеттілігінің төмен деңгейі;
2) қосылған құны жоғары болатын өнім экспортының төмен үлесі;
3) отандық өнімнің тұтыну үлесінің төмендігі;
4) еңбек шарттарының тартымсыздығынан білікті кадрлық ресурстардың
жетіспеушілігі.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы
(80% дейін) ең негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Салалық
кәсіпорындарда негізгі қорларды жаңарту үшін жеткілікті қаражат жоқ және
ескірген жабдықтарда бәсекеге қабілетті емес өнімдерді шығарып, жұмысын
жалғастыруда.

2. Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптерді техникалық реттеу
жүйесінің ережелері

Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптерді техникалық реттеудiң
негiзгi мақсаттары:
1) мiндеттi регламенттеу саласында:
- өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен денсаулығы және қоршаған орта,
оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету;
- ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына
қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу;
-саудадағы техникалық кедергiлердi жою;
      2) стандарттау саласында:
- отандық өнiмнiң бәсекеге-қабiлеттiлiгiн арттыру;
- табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады.
      Техникалық реттеу ол мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң
бiрлiгi мен тұтастығы болып табылады.
Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін
құрудың негізгі мақсаты халықаралық тәжірибеге өту және Дүниежүзілік сауда
ұйымының техникалық реттеу ережелерін енгізу.Ол үшін мына мәселелерді шешу
қажет:
- шағын кәсіпкерлікті дамыту;
- мемлекеттік кәсіпкерлердің жұмысына араласу деңгейін төмендету;
- саудадағы техникалық кедергілерді жою және Қазақстан аумағында,
халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жағдай
жасау;
- өнімнің адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүліктеріне және
қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- еліміздің экономикалық, әскери, индустриалдық потенциалын нығайту;
- тұтынушыны алданудан сақтау;
- дайындаушылардың және сатушылардың тарататын өнімдерінің сапа
деңгейіне жауапкершілігін күшейту;
- өнім дайындаушыларға сенімділікті қамтамасыз ететін кешенді
шараларды анықтау және енгізу;
- ведомстволық мүддені болдырмау.
Техникалық реттеу жүйесін құру және дамыту мына принциптерге
негізделуі қажет:
1)техникалық регламенттердің және стандарттауға қатысты нормативтік
құжаттардың түрлері мен санаттарының бірлестігіне;
2)өнімге талаптарды белгілеу ережелерінің бірлестігіне;
3)халықаралық нормалар мен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарымен
үйлестіруге;
4)елдің экономикасының, материалдық-техникалық базасының, жағдайының
және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігіне;
5)тіркеу және сертификаттау органдарының тәуелсіздігіне.
Қазақстан Республикасында техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін
енгізу екі деңгейдегі заңдар мен нормативтік құжаттар тобын құруға
мүмкіндік береді:
1. жоғарғы деңгей - техникалық регламент;
2.төменгі деңгей — халықаралық талаптармен және нормалармен
үйлестірілген ерікті стандарттар. Бұл стандарттар өндірушілерге
техникалық регламенттердідұрыс түсінуге және орындауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасында техникалық заңдарды қалыптастыру Дүние
жүзілік сауда ұйымының ережелерін сақтай отырып, мемлекетаралық деңгейде
техникалық реттеу саласында атқарылып жатқан жұмыстармен тығыз байланысты
жүргізілуі тиіс.Техникалық реттеу саласындағы заңдар мен нормативтік
құжаттар халықаралық және еуропалық аналогтарымен, отандық және халықаралық
ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктермен сәйкестікке келтірілуге
тиіс.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде стандарттау жұмыстары және
стандарттар қажетті:
1. техникалық регламенттерді орындаудың дәлелді базасын және өнім мен
қызметке қатысты нақтылы техникалық регламенттердің, соның ішінде
тексеру және сынау әдістерінің талаптарына сәйкестігін бағалау
тәртібін құруға;
2. ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуге және тиісті пайдалануға
мүмкіндік туғызуға;
3. өнімнің сапасына және қауіпсіздігіне алдын ала болжамаланған
талаптарды қолдануға;
4. сәйкестендіруге, техникалық және ақпараттық сыйымдылыққа, өнімдердің
өзара алмасымдылығына мүмкіндік туғызуға;
5. жалпы немесе қолданбалы түрдегі инновациялық шешімдер мен
зерттеулердің нәтижелерін енгізуге;
6. өнімді біркелкілендіруге және жалған өнімдерді анықтауға мүмкіндік
туғызуға;
7. халықаралық ИСО 9000, 14000 - сериялы стандарттарының негізінде
мекемелерде сапа менеджменті мен қоршаған ортаны басқару жүйелерін,
еңбек қауіпсіздігін енгізуге көмектесуге;
8. елімізде мына жүйелерді енгізуге: өнімді штрих кодтау, техникалық-
экономикалық ақпараттарды сыныптау және кодтау. Стандарттаудың
мемлекеттік жүйесі экономиканың басты салаларындағы проблемаларды
шешуге бағытталуға тиісті.
Тамақ өндірісіндегі мекемелердің алдында тұрған басты мәселелердің
бірі - ол НАССР принциптеріне негізделген сапа жүйесін өндіріске кеңінен
енгізу.Қазақстанда НАССР жүйесі ҚР СТ 1179-2003 Сапа жүйесі. Тамақ
өнімдерінің сапасын НАССР принциптері негізінде басқару стандартында
келтірілген. Стандарт Еуропа Одағының нұсқауларын ескере отырып жасалған.
НАССР жүйесінің негізгі терминдері - қауіп-қатерді талдау, өте қауіпті
нүктелер. Қауіп-қатерді талдау - қол жеткізуге болатын ақпаратты пайдалана
отырып қауіп-қатерден кейін бағалау. Өте қауіпті нүктелер - қауіпті
факторларды нақтыландыру мақсатында тексерілетін және зиян келтіру
ықтималдығын төмендетуге немесе жоюға мүмкіндік беретін нүктелер. Мысалы,
сүт өндірісінде өте қауіпті нүктелер ретінде сүт фермаларынан сүтті алу,
сүт өнімдерін тасымалдау жағдайы және басқалар қарастырылады. Тамақ
өндірісінде НАССР жүйесін өндіріске енгізу Еуропа елдерінде 1999 жылдан
бастап міндетті деп есептеледі, өйткені бұл шара тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігін өте жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.Соңғы жылдары
мемлекеттік бақылау қызметі көптеген өзгерістерге және қызмет атқаратын
адамдардың аздығына байланысты өзінің жұмылдырушылық қабілетін жоғалта
бастады да, шығарылатын және таратылатын өнімнің басты бөлігін тексерумен
қамти алмай отыр. Республика аумағында техникалық реттеу жүйесі енгізілген
жағдайда, өнімге қойылатын міндетті талаптар олардың қауіптілік деңгейіне
және халыққа, мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігін ескере
отырып анықталатын болғандықтан, мемлекеттік бақылау органдарының жұмыс
бағыты да өзгеруі тиіс. 
Мемлекеттік бақылаудың дамуы отандық және шетелдік тәжірибеде
қолданылатын барлық тексеріс түрлерінде топ неизге алынатын принциптер
жиынтығына сүйенуі керек:
• тексеру объектілерінен әкімшілік және қаржы жағынан тәуелсіздігі;
• заңдылықты сақтау;
• мемлекеттік инспекторлардың әділдіг і;
• анықталған заң бұзушылыққа сәйкес жаза тағайындау және оны бұлжытпай
орындау;
• тексерілетін объектілердің мемлекеттік және коммерциялық
құпиясын сақтаумен қатар нәтижелердің жариялылығы;
• мемлекеттік бақылауды жүргізу ережелерін халықаралық тәжірибеде
қабылданған нормалармен үйлестіру;
• өзінің міндетті шеңберінде тексеру және бақылау жүргізетін басқа да
органдармен іс-қимылдарын үйлестіру.
Мемлекеттік реттеу саласындағы құрылым, жұмысты ұйымдастыру тәртібі,
құқықтық және нормативтік базасы халықаралық нормалар мен талаптарға
үйлестірілуі керек. Шетелдерде өнімнің қауіпсіздігіне жауапкершілік
дайындаушыға жүктеледі, ал мемлекет ұлттық мүддеге және қауіпсіздік
шеңберіне енетін жағдайларды ғана бақылауға алады.
Сондықтан нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпкерлердің жұмысына
араласуын шектеуі керек, ал бақылауды тек қана техникалық регламенттерде
келтірілген міндетті талаптарға қатысты жүргізу және өнімді бақылауды
көбіне оларды өткізу кезінде жүргізу керек.

3. Жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне байланысты қарастырылатын техникалық
регламент

Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып
табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады
және техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу
арқылы өзгертiлуi мүмкiн. 
Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан
Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген
өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған
санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда,
өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең
дәрежеде белгiленедi және қолданылады. 
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың
талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн
зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi. 
Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар
мiндеттi регламенттеу саласындадағы - өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен
денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi
үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; -ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; -
өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты
тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу; - саудадағы
техникалық кедергiлердi жою сияқты көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете
алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады. 
Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-
техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн
жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою
немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi және оның
қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары
көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламенттердi қолданысқа
енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе)
түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер
ескерiлуге тиiс. 
Өнiмдi өндiру кезiнде үйлестiрiлген стандарттар пайдаланылған болса,
техникалық регламенттердiң талаптары орындалған болып саналады. Өнiмдi
өндiру кезiнде техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мен
нормалардың орындалуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда өзге де стандарттарды
пайдалануға болады. 
Техникалық регламенттердiң мазмұны
Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере
отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi
қажеттi талаптарды белгiлейдi. Техникалық регламентте: 
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған
тiзбесi; 
2) техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз
ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға
тиiс. 
Техникалық регламенттерде өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны
сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары
(оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға,
буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру
ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн. 
Өнеркәсіп салаларында техника мен технологияны ұзақ пайдаланған кезде
жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн
факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды
айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламенттерде тұтынушыны
өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар
етуге қатысты талаптар болуға тиiс. 
Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн
ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне: 
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi
әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз
ететiн; 
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық
ерекшелiктерге байланысты техникалық регламенттерде айқындалған талаптар
мiндеттi регламенттеу саласындадағы - өнiмнiң, процестердiң адам өмiрi мен
денсаулығы және қоршаған орта, оның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi
үшiн қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; -ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; -
өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң қауiпсiздiгiне және сапасына қатысты
тұтынушыларды жаңылыстыратын iс-әрекеттердiң алдын алу; - саудадағы
техникалық кедергiлердi жою сияқты көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете
алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-
аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын; 
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен
денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес
мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi
өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн. 
Өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
талаптар техникалық регламенттерде ғана белгiленедi.
Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның
күшiн жою ерекшелiктерi
Техникалық регламенттерді әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның
күшін жою жөніндегі ұсыныстарды өздерінің құзыретіне міндетті қағидалар мен
нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі
техникалық комитеттердiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер
палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және
уәкілетті органға береді.
Уәкiлеттi орган техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспардың
жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн
ұсынады. Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi бекiтiлген жоспар
бекiтiлген күннен бастап бiр ай iшiнде жариялануға тиiс. 
Техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарда көзделмеген
техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды бюджет қаражаты
есебiнен қаржыландыруға жол берiлмейдi. 
Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны,
нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн
жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға
және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттiң жобасын
әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның
күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.
Егер техникалық регламенттерде белгiленген талаптар тиiстi
халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi
халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламенттерде
белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе
Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса,
техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган
арқылы:
1) техникалық регламент қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты
мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды; 
2) техникалық регламент туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе
мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын
көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң
сауал салуы бойынша табыс етедi. 
Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған
кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi
болуға тиiс. 
Техникалық регламенттiң жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган: 
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады; 
2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны
уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық
жүйеге орналастырады; 
3) техникалық регламенттiң жобасына алынған ескертпелердi мүдделi
тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi. 
Техникалық регламенттiң жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу
туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны
туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн
болуға тиiс. Техникалық регламенттің жобасын жария ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық өнеркәсіп орындарындағы техникалық реттеу шешімдері. Лак-бояу өнеркәсібі аймағындағы өрт-жарылыс қауіпсіздігін есептеу
Сұйытылған газдардың суыту қасиеті
Сұйытылған көмірсутекті газдарды пайдалану
Шуылды бағалау тәсілдері
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)
Өндірістік авария
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Кәсіпорынның қауіпті және зиянды өндірістік факторлары
Желдету жүйесі туралы түсінік
Еңбек қорғауды басқару жүйесі
Пәндер