Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі. Оқу құралы


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Дедов А. Н., К. Б. Ермакова, А. К. Келисбеков

«КӨЛІК ТҮРЛЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ»

Қарағанды 2014

УДК 656. 212

Рецензенттер:

Н. А. Данияров , Қарағанды «Болашақ» университетінің

бірінші проректоры, т. ғ. д.

Т. К. Балғабеков, проф. А. Н. Данияров атындағы «Өнеркәсіптік көлік»

кафедра профессоры, т. ғ. к.

Оқу құралының негізгі мақсаты көліктің өзара әрекеттесуі кезінде қолданыстағы түрлерін зерттеу және өнеркәсіптік кәсіпорынның оңтайлы қызметін қамтамасыз ететін көлік құралының өзара әрекеттесетін және өзара алмасатын құралдары параметрлерін анықтау болып табылады.

Оқу құралында: біртұтас көлік жүйесі және әр түрлі көліктің өзара әрекеттесу негіздері қарастырылған; көлік машиналарын таңдау бойынша пайдалану шарттары және жалпы ұсыныстар туралы баяндалған.

Орын ауыстыратын жүктердің түрлері мен қасиеттері және көлік құралдарын жіктеу; көлік құралдарын таңдауға қойылатын жалпы ұсыныстар мен талаптар мәселесі қарастырылған. Оқу құралының бесінші: циклдік және ағынды әрекеттегі құралдардың негізгі параметрлерін анықтау және машиналардың істен шығуының физикалық негіздері мен көлік құралдарының сенімділігі туралы мәлімет оқу құралының бесінші, алтыншы бөлімдерінде келтірілген.

Оқу құралының жетінші бөлімінде: көлік құралдарын салыстыру әдістемесі және техникалық деңгейін бағалау мәселесі қарастырылған. Өзара әрекет ету режимдерін есептеу негіздері туралы мәлімет оқу құралының соңғы бөлімінде баяндалған.

Оқу құралы 5B090100 «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтағы студенттерге арналған және «Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі» курсының бағдарламасына сәйкес әзірленген.

© Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
5
КІРІСПЕ:
5:

БІРТҰТАС КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛІ КӨЛІКТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ НЕГІЗДЕРІ

7

КІРІСПЕ:
5: Көлік қоғамның тіршілік әрекетінің белсенді құрылымы ретінде 7
КІРІСПЕ:
5: Көлік жүйесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары 8
КІРІСПЕ:
5: Біртұтас көлік жүйесінде көліктің әр түрінің өзара әрекеттесу саласы11
КІРІСПЕ:
5: Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері 14
КІРІСПЕ: 1. 4. 1 Көлемдік көрсеткіштер
5: 16
КІРІСПЕ: 1. 4. 2 Көлік жұмысының сапалық көрсеткіштері
5: 18
КІРІСПЕ: 1. 5 Жылжымалы құрам сапасын пайдалану көрсеткіштері
5: 21
КІРІСПЕ:
5:

КӨЛІК МАШИНАЛАРЫН ТАҢДАУ БОЙЫНША ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР

26

КІРІСПЕ: 2. 1 Орта
5: 26
КІРІСПЕ: 2. 2 Жұмыс кеңістігі
5: 28
КІРІСПЕ: 2. 3 Жүктер
5: 29
КІРІСПЕ: 2. 4 Көлік түрлерін таңдау бойынша жалпы ұсыныстар
5: 29
КІРІСПЕ:
5:

ОРЫН АУЫСТЫРАТЫН ЖҮКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖІКТЕУ

31

КІРІСПЕ: 3. 1 Жүк түрлері және физика-механикалық қасиеттері
5: 31
КІРІСПЕ: 3. 2 Өнеркәсіп көлігі құралдарын жіктеу
5: 33
КІРІСПЕ:
5:

КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР МЕН ТАЛАПТАР

39

КІРІСПЕ: 4. 1 Жалпы техникалық-пайдалану талаптары
5: 39
КІРІСПЕ: 4. 2 Көліктің әр түрінің негізгі басымдықтары мен кемшіліктері
5: 41
КІРІСПЕ: 4. 3 Көлікпен қамтамасыз етілгендік және қолайлылық көрсеткіштері
5: 44
КІРІСПЕ: 4. 4 Көліктің техникалық жасақталу көрсеткіштері
5: 46
КІРІСПЕ: 5 ЦИКЛДІК ЖӘНЕ АҒЫНДЫ ӘРЕКЕТТЕГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІН АНЫҚТАУ
5: 48
КІРІСПЕ: 5. 1 Темір жол және автомобиль көліктерінің тартқыш күшін есептеу
5: 48
КІРІСПЕ: 5. 2 Ағынды көлік құралдарының тартқыш күшін есептеу
5: 51
КІРІСПЕ: 6 МАШИНАЛАРДЫҢ ІСТЕН ШЫҒУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІ
5: 54
КІРІСПЕ:
5: Машиналардың істен шығуының физикалық негіздері54
КІРІСПЕ:
5: Сенімділік туралы негізгі ұғымдар56
КІРІСПЕ:
5: Сенімділіктің сандық сипаттамасын анықтау58
КІРІСПЕ:
5: Машиналардың сенімділігін нақты пайдалану жағдайында зерттеу62
КІРІСПЕ:
5:

Машиналардың оңтайлы ұзаққа жарамдылығын анықтау және сенімділігін үнемдеу

64

КІРІСПЕ: 7 КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН САЛЫСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ
5: 68
КІРІСПЕ: 7. 1 Көліктің әр түрлі құралдарын салыстыру әдістері
5: 68
КІРІСПЕ: 7. 2 Көлік құралдарының сапасын және оның техникалық деңгейін бағалау әдістері
5: 70
КІРІСПЕ: 8 ӨЗАРА ӘРЕКЕТ ЕТУ РЕЖИМДЕРІН ЕСЕПТЕУ НЕГІЗДЕРІ
5: 73
КІРІСПЕ: 8. 1 ETC элементтерінің өткізу қабілеті
5: 73
КІРІСПЕ: 8. 2 Көлік құралдарын өңдеудің бірыңғай технологиялық процесі
5: 76
КІРІСПЕ: 8. 3 Көліктің оңтайлы түрлерін таңдау және өзара әрекеттесетін элементтер арасындағы ресурстарды бөлу
5: 78
КІРІСПЕ: 8. 3. 1 Көліктің әр түрлері үшін келтірілген шығындар
5: 78
КІРІСПЕ: 8. 4 Жүктерді жеткізудің көліктік-технологиялық сұлбасын құру және жүк тасымалын оңтайлы игеру
5: 80
КІРІСПЕ: Қорытынды
5: 83
КІРІСПЕ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5: 85

КІРІСПЕ

Көліктің материалдық өндіріс саласында үлкен маңызы бар және адамға басты қажеттіліктердің бірін - өндіріс құралдары мен адамдардың орын ауыстыруын қанағаттандыруға арналған.

Халық шаруашылығын өркендетудің негізін қалаушы факторлар көлік жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру, жүк және жолаушыларды тасымалдау қажеттігін уақытылы, сапалы және толық қанағаттандыру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін табыспен шешу болып табылады.

Негізгі міндеттерінің бірі шығынға қарсы механизм жасау және өндіріс пен көлік шығындарын, оның ішінде жүктер мен адамдарды тасымалдаудың мақсатты нұсқаларын таңдау бойынша қысқартуға түрткі болатын экономикалық есептер дайындау болып табылады.

Көлік кешенінің анық, үздіксіз жұмысына тасымалдауды оңтайландыру негізінде біртұтас кешен ретінде оны ұйымдастырудың біршама ыңғайлы және біршама жедел жүйесі қоса әрекет етуі тиіс, оған өнеркәсіп пен көлікті біртұтас тізбекте өндіруден бастап тұтынғанға дейін қарқындату, өнім өндірушілер мен көлік кәсіпорындары арасында тұтыну заттарын тасымалдау шығындарын сәйкес төмендетіп, өзара байланысты оңтайландыру, өндіруші процестерінің өзін көлікті жоспарлау және басқару әдістерін жетілдіру негізінде ғылыми-техникалық процесті енгізуді оңтайландыру енеді.

Халық шаруашылығының күрделі саласында көлік жетекші роль атқарады, осы кезде практикалық түрде көліктің бірде-бір түрі көлік процесінің толық циклін өз бетінше қамтамасыз ете алмайды, сондықтан көлік құралдары өзара байланыста, жүктер мен адамдардың «есіктен есікке» жылжуын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Көбінесе көлік түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерге жататындығына қарамастан көліктің барлық түрлері бір-біріне белгілі тәуелділікте болады және тасымалдау процесіне өзара әсер етеді. Көліктің барлық түрлерін белгілеу бірлігі, сондай-ақ олардың арасындағы өзара байланыс оларды белгілі бір аймақтың, мемлекеттің немесе мемлекет аралық білімнің тұтас көлік жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік көлік - өнеркәсіптік өндірістің айтарлықтай бөлігін құрайтын көліктің маңызды құрамды бөліктерінің бірі. Өнеркәсіптік көлік атқаратын барлық жұмыс кешенін екі басты элемент ретінде жіктеуге болады: материалды қайта өңдеу бойынша тиеу-түсіру жұмыстары, кәсіпорын ішіндегі дайындамалар және жүктің, яғни осы сөздің дәлме-дәл мағынасында көліктің орнын ауыстыру.

Сондықтан курстың негізгі мақсаты көліктің өзара әрекеттесуі кезінде қолданыстағы түрлерін зерттеу және өнеркәсіптік кәсіпорынның оңтайлы қызметін қамтамасыз ететін көлік құралының өзара әрекеттесетін және өзара алмасатын құралдары параметрлерін анықтау болып табылады.

Бұл үшін «Өзара әрекеттесу негіздері» пәнін зерттеу кезінде келесі мәселелер қарастырылады:

- ел экономикасын дамытуда көлік ролі және оның жеке түрлерінің тұтас жүйеде өзара әрекеттесу негізінде қызмет етуі;

- пайдалану шарты және көлік құралдарына қойылатын талаптар;

- көліктің әр түрінің өзара әрекеттесу принциптері және өзара әрекеттесуші жүйелерге әсер ететін негізгі көрсеткіштер;

- көлік құралы сенімділігінің және сенімділікке әсер ететін істен шығу сипаттамаларының ұғымы;

- көлік машиналары сапасын салыстыру әдістемесі және олардың техникалық деңгейлерін бағалау;

- өнеркәсіптік көліктің негізгі түрлерінің өзара әрекеттесу режимдерін есептеу негіздері;

- көлік құралдарының дамуын болжау.

1 БІРТҰТАС КӨЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ӘР ТҮРЛІ КӨЛІКТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ НЕГІЗДЕРІ

Көлік қоғамның тіршілік әрекетінің белсенді құрылымы ретінде

Көлікте адам еңбегін сіңірудің үлкен саласы жатыр, түрлі бөліктер мен бөлімшелердің тығыз өзара әрекеттесуі қажет алып динамикалық жүйемен қоса, ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктері пайдаланылды.

Көлік бірсыпыра стратегиялық міндеттерді, ең алдымен азаматтардың жылжымалылығы мен тауар айналымын шешуге арналған. Осы кезде көлік жүйесінің қуаты ғана емес, қызмет көрсету сапасы да, олардың қол жетерлігі де маңызды. Көлік экономикалық, ішкі саясат, әлеуметтік, әскери және басқа салаларда [1] үлкен мәнге ие болады, көліксіз өндірістің қызмет етуі, табиғи ресурстарды игеру көңілге қонбайды. Көлік - бейнелеп айтқанда, кез келген мемлекеттің қан айналу жүйесі.

Көлікті экономикалық түрде мақсатты ету үшін төмендегілер қажет:

- көрсетілетін көлік қызметтерінің спектрін, табиғи бәсекелестікті күшейте отырып, шектік кеңейту;

- ең қысқа мерзімде жылжымалы құрам мәселесін оның сенімділігін арттыру, жүк көтерімділігін арттыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шешу;

- көлік желісі тығыздығын арттыру арқылы теміржол және автомобиль желілерін дамыту.

Материалдық өндіріс саласы болып табылатын көлік, бірде-бір қоғамдық сала сияқты емес, қоғам өмірінің барлық аспектілеріне әсер етеді, ол жүктер мен адамдарды тасымалдауда тұрғындардың өмірлік қажетті талабын қамтамасыз етуі тиіс.

Көлік ерекшелігі, ол шикізатты қайта өңдемейтіндігімен және тікелей өнім жасамайтынымен шектеледі. Көлікте өндірістік процесс пен осы процесс өнімі, бір мезгілде өндірістік процесс те, көлік өнімі де бола тұра, уақытқа және кеңістікке сәйкес келеді.

Өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы экономикалық көрсеткіштері, сыртқы экономикалық байланыстар, елдің қорғаныш қабілеті, адамдардың қарым-қатынасы және мемлекеттің қызметі мен оның тұрғындарының өмірінен тұратын басқалары көлік қызметі тиімділігіне тәуелді.

Көлік құралдары - бұл айтарлықтай жылдамдықтармен қозғалатын және осы кезде бір-бірімен соңғы және көбінесе шектеулі кеңістікте өзара әрекеттесетін объектілер.

Көлік - экологияға әсер ететін белсенді құрылымдардың бірі. Көлік үлесіне химиялық ластанудың - 60-70 % және шуылдың 90 % келеді [1] . Көлік - энергия ресурстарын тұтынушылардың бірі, сондықтан көліктің жаңа түрін жасаушының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі мұнай өнімдерін (автомобиль, теміржол және басқа көлік түрлерінде) және энергияның басқа түрлерін (газ, электр энергиясы, атомдық және т. б. ) тұтынуды теңестіру мәселелерін шешу.

Көліктің әр түрі мен көлік жүйесінің барлық элементтерінің қалыпты өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, жүктерді жеткізу және жолаушыларды тасымалдаудың көліктік-технологиялық сұлбаларын таңдаудың экономикалық тиімділігінің әдіснамасы басым ғылыми бағыт болып табылады. Көліктің әр түрінің өзара әрекеттесуін, нарықтық қатынастармен үйлесетін және тасымалдаудың ғылыми негізделген болжамымен зор ақпараттық жүйе енетін біртұтас көлік жүйесінде (БКЖ) қарастыру қажет.

Көлік құралдарының өзара әрекеттесу негіздерін тереңдетіп зерттеу кезінде бірсыпыра ұғымдар енгізу қажет, одан әрі мазмұндауда біз олармен операция жүргіземіз және олар көлік процестерін сипаттауда жалпы қабылданған [2] .

Көлік қатынас құралдары мен жолдарының, сонымен қатар олардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен құрылыстар жиынтығы болып табылады.

Көлік процесін жүзеге асыру үшін түрлі дайындық және көмекші операциялар қажет, олар көлік-экспедициялық және тиеп-түсіру деп аталады.

Көлік-экспедициялық операцияларға: қабылдау, орау, таңбалау және жүктерді беру, оларды қысқа мерзімге сақтау, әр түрлі төлемдерді рәсімдеу, жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне беру, алушыға жеткізу және т. б. жатады.

Тиеп-түсіру жұмыстары, барар жолында бірнеше қайта тиеу енетін, жүктерді тасымалдау кезінде көп көлем алады.

Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көліктің бір немесе бірнеше түрімен ұйымдастырылады.

Бір көліктік кәсіпорын жүргізетін тасымалдау жергілікті деп аталады.

Тікелей қатынаспен тасымалдау - бұл бір көлік түрімен (автомобиль, теміржол немесе басқа түрімен), бірақ бірнеше көліктік кәсіпорындар (жолдармен, пароход шаруасы, автошаруашылықтармен және т. б. ) жүзеге асыратын тасымалдау.

Аралас қатынаспен тасымалдау көліктің бірнеше түрлерімен (мысалы, автомобиль- теміржол - әуе қатынасы), бірыңғай көлік құжаты бойынша жүзеге асырылады. Осындай тасымалдаулар кезінде аралас және қайта тиемейтін тасымалдау, олар үлкейтілген ыдыста (контейнерлер, жәшіктер, паддондар және т. б. ) бастапқы пункттен соңғысына дейін келеді.

Халықаралық қатынаспен тасымалдау - мемлекеттен тыс (жүктер экспорты) жүзеге асырылатын немесе шетелден әкелінетін (импорт) жүктер мен жолаушыларды тасымалдау.

1. 2 Көлік жүйесінің негізгі ұғымдары және анықтамалары

«Көлік» сөзі дегеніміз әдетте:

- өзінің белгіленген орны жүктер мен жолаушыларды тасымалдау болатын халық шаруашылығы саласы;

- материалдық өнім мен адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені;

- жол бойымен қозғалатын бірліктер ағыны;

- белгілі бір бекітілген пунктке және нақты мекен-жайға апаратын жүктің жеке партиясы.

Қатынас құралы - негізгі жылжымалы құрам, оған теміржол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және басқа көлік түрлері жатады.

Қатынас жолдары - жылжымалы құрамның қозғалысына арнап арнайы ыңғайландырылған және жабдықталған жолдар, нақты түрде: рельсті жолдар, автомобиль жолдары, кеме жүзетін өзендер, теңіздер және т. б. .

Көліктегі техникалық қондырғылар мен құрылыстар тиеп-түсіру пункттарынан, жүк және жолаушылар станцияларынан, порттардан, зауыттардан, жөндеу шеберханаларынан, қоймалардан, сигнал беру құралдарынан және т. б. тұрады.

Көлік жүйесі - тасымалдау жасаған кезде өзара тәуелділік пен өзара әрекеттесуде болатын көліктің әр түрлерінің кешені. Көлік жүйесіне ұйымдастыру, оперативтік және басқару функциялары (АСУ, АСУОП т. б. ) енеді. « Біртұтас көлік жүйесі » ұғымы көліктің барлық түрлерінің әлеуметтік-экономикалық тұтастығын көрсетеді, бұл мемлекетке, өңірге немесе ірі қалаға тән.

Көлік желісі - елдердің немесе жеке өңірдің елді мекендерін байланыстыратын барлық қатынас жолдарының жиынтығы. Ол жеке көлік түрлерінің маршруттық желілерінен (метро, трамвай, автобус және т. б. ) түзіледі және әдетте магистральдық желілер мен төменгі желіге бөлінеді. Магистральдық желі жүктерді алыс қашықтыққа тасымалдауды орындайды, төменгі желі жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған.

Көлік желісінің тығыздығы деп 1000 км 2 келетін желі километрінің санын атайды.

Ағын қуатын олардың жүк толымдығын немесе жолаушылар толымдығын желінің 1 км келетін тоннокилометрмен анықтайды.

Көлік-экспедициялық операцияларға: қабылдау, орау, таңбалау және жүктерді беру, оларды қысқа мерзімге сақтау, әр түрлі құжаттар мен төлемдерді рәсімдеу, жүкті көлік құралының бір түрінен екінші түріне қайта тиеу жатады.

Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көліктің бір немесе бірнеше түрімен ұйымдастырылады.

Бір көліктік кәсіпорын жүргізетін тасымалдау жергілікті деп аталады.

Аралас қатынаспен тасымалдау - көліктің бірнеше түрлерімен бірыңғай көлік құжаты бойынша жүзеге асырылатын тасымалдау. Көбінесе осындай тасымалдаулар қайта тиемейтін қатынастар үшін пайдаланылады (контейнерлерде, жәшіктерде, вагондарда және т. б. ) .

Халықаралық қатынаспен тасымалдау - мемлекеттен тыс жүзеге асырылатын - сыртқа шығарылатын (экспорт), әкелінетін (импорт) тасымалдар.

Көлік процесі - өнеркәсіпте қабылданған «өндіріс процесі» ұғымына ұқсас, жүктер мен жолаушыларды жөнелту пунктінен белгіленген жеріне жеткізуге тікелей байланысты нақты операциялар кешенін бейнелейді. Көлік процесін ұйымдастыру ретінде жалпы түрде принципті ережелер, әдістер және жүктерді тиеу, жылжыту, түсіру, көлік-экспедициялық операцияларды және т. б. орындау бойынша көліктің әрекеттік буындары байланысын қарастыратын құрылымдық сұлбалар кешенін түсінеміз.

Учаскелерге немесе шағын желілерге қатысты көбінесе «қозғалысты ұйымдастыру» терминін қолданады, бұл әдістер кешенін тасымалдау мақсаттарымен шектеуді атап көрсетеді.

Кез келген көлік объектісінің өткізгіштік қабілеті - жылжымалы бірліктердің максимум саны, ол берілген объект (жол бөлігі, жол қимасы) бойынша уақыт бірлігіне (тәулік, сағат) берілген техникалық жарақтандыру кезінде және қозғалысты ұйымдастырудың белгілі түрі жағдайында өткізілуі мүмкін.

Қандай да бір көлік объектісінің алып жүру қабілеті - бұл жүктің максимум көлемі (тоннамен немесе жолаушылармен), ол жылжымалы құрамның, жанармайды және басқа ауыспалы құралдардың болуына байланысты есептік кезеңде тасымалдануы мүмкін. Алып жүру қабілеті көлік ағынының ең жоғары шамасын анықтайды, өйткені мысалы жолдың өткізу қабілеті онда бірде-бір көлік бірлігі болмаған жағдайдың өзінде де өзгеріссіз қалады.

Бірқатар шарттарды ұстанған кезде (жылжымалы құрамды жанармаймен, материалдармен, кадрлармен және көлік бірліктерінің қажетті санымен қамтамасыз ету) өткізу және алып жүру қабілеті практикалық түрде тең болады, сонда тасымалдау қуатының бір ұғымымен операция жасауға болады.

Қалыптастыру немесе маршурттау жоспары, көліктің түрлі бөлімшелері дайындайтын құжат болып табылады. Онда поездар мен жеке көлік құралдарын (автомобильдерді, кемелерді ұшақтарды және т. б. ) қалыптастыру (бастапқы пункттар) және тарату (соңғы пункттар) пункттары туралы нұсқаулар, сондай-ақ берілген мақсаттағы поезға ғана кіретін жүк ағымының (жолаушылар ағымының) сипаттамалары болады. Маршруттауды дайындау қажеттігі, көлік құралына тиелген жүк, жүру жолында теміржол поезы, автопоезд немесе өзен көлігі тягачын ауыстыруы, буксир, локомотив және басқалары болуына қарамастан, өзінің белгіленген пунктіне дейін жүруі тиіс екенін білдіреді.

Көлік бірліктерінің қозғалыс графиктері мен кестелері жолаушылар тасымалы, сондай-ақ жүк тасымалы саласында да жасалады. Кесте әрбір көлік бірлігінің, кестеге және бірліктердің жүру маршрутына енгізілген әрбір пункт бойынша жөнелту және келудің дәл уақытын, сонымен қатар тәуліктік қозғалыс көлемдерін (сапарлар саны) регламенттейтін кесте түрінде болады. Олар желінің әрбір бағытында (маршрутында) қозғалыс үздіксіздігін және уақытылы дәрежесін бейнелейді. Әзірленген құжаттар көлік ішілік құжат шеңберінен шығады және жалпы мемлекеттік мәндегі құжаттарға айналады, көлік бөлімшелерінің өздері үшін де қатаң түрде міндетті болады.

Қалыптастыру жоспарлары (маршруттау) және қозғалыс графиктері (кесетлері) негізінде бірқатар көлік министрліктері мен ведомостволары шеңберінде техникалық жоспар мен техникалық нормативтер кешенін әзірлеуге болады, оған белсенді бірліктер (локомотивтер, тягачтар, буксирлер) айналымының, жүргізушілер жұмысы мен демалысының графиктері, жүктік аулалар жұмысының, техникалық құралдарды жөндеу және қызмет көрсету графиктері және т. б. енгізілуі мүмкін.

1. 3 Біртұтас көлік жүйесінде көліктің әр түрінің өзара әрекеттесу саласы

Көлік саласында маңызды міндет ретінде оның барлық түрлерінің біртұтас көлік жүйесінің құрамды бөліктері ретінде үйлесімді дамуы болып табылады.

Әр түрлі жүктер үшін анағұрлым тиімді көлік түрлерін кешенді пайдалану қоғамдық жұмыстың ең аз шығындарымен тасымалдауда халық шаруашылығы қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Бұрын байқалғандай, көлік - бұл оған көліктің алуан түрі ғана емес, теміржол жолдарының, автомобиль жолдарының, су магистральдарының, әуе желілерінің, мұнай және газ құбырларының, теміржол вокзалдары үймереттерінің, порттардың, кемежайлардың, аэропорттардың және т. б. тармақталған желілері де енетін үлкен және күрделі кешен.

Көліктің әр түрлерінің орнықты қызмет етуін талап ететін, күрделі, үздіксіз және динамикалық жұмыс сипатындағы көлік кешені үшін, маңызды мәселе көліктің барлық буындарының үйлесімі болып табылады.

Тасымалдау құралдары және техникалық құрылғылар мен механизмдердің қатынас жолдарының жиынтығы болып табылатын біртұтас көлік жүйесі жүктер мен адамдарды ең аз шығындармен және ең жоғары пайдамен тасымалдауда халық шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, технологиялық, техникалық, ақпараттық, құқықтық және экономикалық қатынастар жүйесімен біріккен басқару және байланыс құралдарын, барлық көлік түрлері құрылғыларын кеңінен пайдалану кезінде қызмет етуге қабілетті.

Мұнда бастысы жүктерді «есіктен есікке» тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көліктің әр түрін біріктіріп пайдаланудың тиімді тәсілдерінің жүйесі болып табылады, яғни біртұтас тасымалдау процесінің барлық сатысында көліктің әр түрінің тиімді өзара әрекеттесуінде.

Бұл міндет көліктің әр түрі арасында тасымалдау көлемдерін дұрыс бөлу, аралас қатынастарды жетілдіру және жүктерді жеткізудің қайта жүктеусіз сұлбасын дамыту кезінде шешілуі мүмкін.

Тасымалдау көлемдерін үлестіру көліктің әр түрі арасында экономикалық басымдықтар саласын айқын бөлу негізінде жүзеге асырылады. Сонымен, жолаушыларды алыс қашықтықтарға (1000 км астам) тасымалдауды әуе көлігімен, орташа қашықтыққа (500-1000 км) - теміржол немесе әуе көлігімен жүзеге асыру анағұрлым тиімді, шағын қашықтықтарға (100-500 км) жолаушылар ағынын автомобиль немесе теміржол көлігімен игеріледі. Жүктерді тасымалдау көліктің әр түрі арасында қашықтығына ғана емес, жүк түріне де, көлік желісінің тығыздығына және тасымалдау көлеміне байланысты бөлінуі тиіс. Мысалы, автомобиль көлігімен жүктерді шағын париямен, олардың жолда бөгелуі кәсіпорындар мен тұрғындарға айтарлықтай залал келтіруі мүмкін болған жағдайда тасымалдау мақсатты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері туралы
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
Жүк түрлері
Контейнерлік тасымалдарды дамыту
Балалардың қоршаған ортамен қарым - қатынасы
Қазақстандағы контейнерлік тасымалдарды дамыту
Дыбыс анализаторы
Нарықты тауармен қанықтыру
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Химияны оқыту процесінде дидактикалық ойын әдістерін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz