Оқыту жүйесі және орта білімді басқару пәнінің cтуденттерге арналған лекциялар жинағы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кішібаева Д, Ж.

.

«Оқыту жүйесі және орта білімді басқару » пәнінің

Cтуденттерге арналған лекциялар жинағы

Түркістан 2014

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1- лекция. Тақырып: Пәнге кіріспе, оның мақсат-міндеттері.

Жоспар:

1. Білім сапасы туралы түсінік. Білім сапасының қалыптасуы мен дамуы.

2. Қазақстандағы білім сапасы менеджменті және даму тарихы .

3. Жоғары білім беру сапасының құрылысы, сапа өлшемдері. Сапаның негізгі сипаттамасы

4. Мемлекеттік негізгі құжаттардағы білім сапасының субъектісі. Халықаралық стандарттағы білім сапасы туралы.

Лекция мақсаты: Білім сапасы жайлы түсінікті қалыптастыру. Білім сапасының даму тарихы мен менедежерлік қызметтің маңыздылығын ұғындыру.

Лекция мәтіні: 1. Білім сапасының қалыптасуы мен дамуы.

Білім сапасы деген не?

"Сіздің оқыту барысындағы басты мақсатыңыз не?” деген сұраққа кез келген ұстаз "сапалы білім беру” деп ойланбастан жауап береді. Бірақ артынша қойылған "Білімнің сапасы деген не және оны қалай анықтайды?” деген сұраққа ойланып қалады. Демек, оқушыларға сапалы білім беру үшін, ұстаздар алдымен, білім мазмұнына нелер кіретінімен қатар, оның қандай сапалық қасиеттері болатынын және оны қалай айқындайтынын нақты білуі тиіс. Сонан соң, сол білімнің қай сапасы қандай жолмен тиімді тексерілетінін түсіну керек. Онсыз мұғалімнің жалпы педагогикалық қызметі "түйсіксіз тәуіптің, тамыр ұстамай-ақ, сенгіш сырқатқа сапасыз ішірткі ішкізгеніне” ұқсап кетеді. Табиғаттағы бар тіршіліктің тірегі болып саналатын судың ауыр-жеңіл сияқты түрлері, мөлдір-лай сияқты түстері, ал дәмі, иісі, т. б., қасиеттері болатыны секілді білім де, академик И. Лернер айтқандай, сапалық қасиеттеріне қарай алтыға бөлінеді екен. Әрине, білім сапасының басқа да маңызды, бірақ күрделі қасиеттері бар екені белгілі. Дегенмен бұл жерде біз, білім сапсының дұрыстығы, толықтығы, әрекеттігі, түсініктілігі, беріктігі, жүйелігі сияқты қасиеттерін қарастырғалы отырмыз.

Жалпы алғанда, білімнің мазмұны (көп жағдайда) құрамы бойынша анықталса, білім сапасы көбіне деңгейі бойынша анықталады. Орыс академигі В. Беспалько білім игерудің төрт деңгейін бөліп көрсетеді: оқушылық (қайта жаңғырту), алгоритмдік (жүйелеу, реттеу), эвристикалық (танымдық ізденіс) және шығармашылық (ойлап табу, құрастыру) . Осы аталғандардың ішінде алғашқы үшеуі иектепте қолданылатын үш бағаға салыстырмалы түрде сай келеді деп есептеледі және білім сапсының да үш деңгейін анықтайды: оқушылық-дұрыстығы мен толықтығы; алгоритмдік-түсініктілігі мен әрекеттілігі; эвристикалық-жүйелілігі мен беріктігі.

Білім сапасының дұрыстығы мен толықтығы сияқты қасиеттері білім игерудің оқушылық деңгейінде, әрекеттігі мен түсініктілігі алгоритмдік деңгейінде, беріктігі мен жүйелілігі білім игерудің эвристикалық деңгейінде айқын көрінетіндігін жоғарыдағы кестеден байқауға болады.

Осы жағдайға сәйкес мұғалім бала біліміне "қанағаттанарлық” баға қою үшін оның дұрыстығы мен толықтығына назар аударса, "жақсы”деп айту үшін түсініктілігі мен практикалық тұрғыда қолдана алуынакөңіл бөледі, ал "үздік” деп есептеу үшін жүйелілігі мен ұзақ уақыт есте сақталуын есепке алуы тиіс. Бұл әрине оңай шаруа емес екені белгілі.

Білім сапасының оқу мақсаттарына қатысы қандай?

Білім сапасының оқу мақсаттарына қатысын қарастырмас бұрын, қазіргі жағдайда бұрынғы білімдік, тәрбиелік және дамытушылық деп бөлінетін (мұғалім тұрғысынан алынған) оқыту мақсаттары емес, американ ғалымы Блум жасаған (оқушы тұрғысынан алынған) оқу мақсаттарының оқыту барысындағы рөлі маңыздырақ екендігін айқындап алғанымыз дұрыс болар: 1. Білу. 2. Түсіну. 3. Қолдану. 4. Талдау(анализ) . 5. Жинақтау(синтез) . 6. Бағалау.

Солай бола тұрса да, мұғалімнің оқыту барысында оқушының білім игеру деңгейін басшылыққа алуы оның оқыту мақсаттарын дұрыс қойып, оқушыларға оқу мақсаттарын сатылап игертуі түрінде жүзеге асқанда ғана оң нәтиже бермек.

Бұл кесте де мұғалімге бала білімін дұрыс бағалауға өз көмегін тигізетіні даусыз. Өйткені, жатқа білу бар да, оның мәнін түсіну, іс жүзінде қолдану бар. Мәтінді (мәселені) сипаттау бар да, талдап, бағалау бар.

Білім сапасының оқыту әдістеріне қатысы қандай?

Білім сапасы білім игеру деңгейі мен оқу мақсаттарына тәуелді болатынын жоғарыдағы кестеден байқадық, ал ол, өз кезегінде, оқыту мақсаттары мен оқыту деңгейіне байланысты болмақ. Себебі, оқушының сапалы білімі оның танымдық және шығармашылық қабілеттеріне, сол арқылы белсенділігі мен дербестігіне тікелей тәуелді. Бұл - оқытудың жоғары деңгейдегі әдісі пайдаланылып, сабақ неғұрлым жоғары дәрежеде өтілген сайын, оқушылар білімінің де сапасы жоғары болады дегенді білдіреді. Басқаша айтсақ, бұл «не ексең, соны орасың» деген сөз.

Екінші жағынан, білімнің ең қажетті сапаларының бірі оның беріктігі (ұзақ уақыт есте сақталуы) десек, ол өз кезегінде оқытудың белсенділігіне тікелей қатысты. Себебі, тек өз тәжірибесімен байланыстырып, өзара талқылау нәтижесінде ой елегінен өткізіп барып алынған білім ғана ұзақ уақыт есте қалатынын ғалымдардың зерттеу жұмыстары көрсетіп беріп отыр.

Білімнің келесі бір маңызды қасиеті білімнің әрекеттігі оқушы іс-әрекеттің орындалу барысын түсініп, алынған білім-білікті өзгеге үйрету, күнделікті практикада үнемі қолдану Білімнің тағы бір құнды қасиеті білімнің жүйелілігі оқушылардың дербестігіне байланысты. Өйткені, себеп-салдарлық, уақыт-кеңістіктік байланысын анықтап, тәжірибе жасап, зерттеу жүргізу арқылы өздігінен игерілген білім ғана жүйелі болатыны белгілі.

Ал оқытудың белсенділігі мен оқушылардың белсенділігі сияқты мәселелер репродуктивтік әдіс емес, өз бетінше ізденуге бағытталған проблемалық әдістерге тәуелді екені белгілі. Ендеше, оқыту деңгейінің жоғарылығы - білім сапасына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі.

Білім сапасы қазір қалай бағалануда?

Оның үстіне, жан-жақты немесе тақырыптық тексерулер барысында, мектеп дирекциясы тарапынан да, білім бөлімі тарапынан да, оқыту нәтижесін - оқушылар біліміндегі өзгерістерді көрсететін негізгі білім сапалары емес, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, оқушылардың белсенділігі сияқты қосымша көрсеткіштер текеріліп келеді. Сонымен қатар мектептердің көпшілігі арнайы гимназия, лицей болмаса да дарынды баламен жұмысқа баса назар аударуға тырысуда. Ал бұл жоғары деңгейде диагностикалық-прогностикалық жұмыстар жүргізбейінше, өз нәтижесін бермейтін күрделі жұмыстар болып табылады. Бұл мектептердің көпшілігі өзінің негізгі міндеті - әр баланың мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуын орынға қалдырып, аз ғана қабілетті оқушының шығармашылық қабілетін дамытумен айналысып жатқандығын білдіреді.

Білім сапасын бақылау қажет пе?

Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен басқа екі сұраққа жауап беру керек:

1. Білім сапасын кім бағалауы қажет? 2. Білім сапасын қалай бағалау қажет?

Білім сапасын білім бөлімінің инспекторлары, әсіресе әдіскерлер емес, ең алдымен мұғалім мен оқушының өзі бағалауы керек. Сонан соң мектепке сапалы білім беру жөнінде тапсырыс беретін ата-аналар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік ұйымдар мен жұмыс орындары тарапынан құрылған тәуелсіз топ арнайы сарапшылармен бірге қоғамдық білім байқауы түрінде бағалау жүргізуі керек. Сонда ғана бар баланың мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына қол жеткізуге болады.

Білім сапасын тек тест арқылы бағалау тіл және қоғамдық пәндер бойынша оның дұрыстығы мен толықтығына, басқаша айтсақ есте сақтап, қайта айтып беру шектелуге, ал математика-жаратылыстану пәндерінде әрекеттігі мен түсініктілігіне, яғни алған білімді дағдылы жағдайда қолданумен шектелуге апарып соқтыруда. Білімнің ең негізгі сапалары оның жүйелілігі мен беріктігі назардан тыс қалып отырған жағдайда сапалы білім беріп жатырмыз деп айту қиын нәрсе. Сондықтан басты назарды білім мазмұнының тереңдігі мен оның сапасына бұратын кез келді. Тек осылай жасаған жағдайда ғана бүгінгі оқушылар ертеңгі күні елдің ардақты азаматтарына айналып, нарықтық бәсекелестік жағдайында қиналмай өмір сүре алатын болады.

  1. Классикалық үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А. К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорыныға келді: «Басқару - кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оның белгіі бір мақсатқа жетелеу». Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару іін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті. Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пйда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған амарикан инженері Фредерик Тейлор (1856-1915) . Ол өндірісті ғылыми тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде жаңалық болған бұл құбылысы ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф. Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919) т. б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басында қарқын белең алды. Бұл бағат психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысы. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американдық ғалым - Элтон Мейр (1880-1949) болды. Американдық зертеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахим Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез-құлық) мектептің өкілдері болып табылады. Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп «басқару ғылымы немесе сандықықпалң мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Гербарт Саймон, Райт Джен Форрестер. Х. Райфа. ХХ ғасырдың 60-жылдарында менеджментке жаңа бағыт қалыптасты. Ол «ситуациялық әдіс» деп аталды. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшеігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді.

Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус» яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәрілік айтқанда, ал ізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін бідіген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми парктикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфорт сөздігінде бұл ұғымғы мынадай түсінік беріледі:

а) адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

ә) билік және басқару өнері;

б) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

в) басқару органы, әкімшілік бөлігі.

Белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі:

1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылады.

2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.

3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.

4. Құрама одақтық (ассоциоциялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемедегі секілді, мұнда қызметкерлер тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.

5. Бизнес-менеджмент. Үкіметтен және мемлекеттен өзгеше келетін ерекше түрі.

6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес - менеджменттің арнайы түрі.

Менеджмент әдістері - бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жүктеледі: өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркентингтік менеджмент, сапа менеджменті және т. б.

Менеджмент жайлы ғалымдардың еңбектеріне шолу.

Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізгі үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойынның қалыптасуы мен дамуына ықпал тигізуде.

Х-ХІІ ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашаға мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатындаОтырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрециті мемлекет және рухани қайраткерлері Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Әйтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғың деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндалады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті жарғың - бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып абылады. «Жеті жарғығаң сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халықтық жиналыс құрылтай арқылы сұландардың және ру басыларының қатсуымен жүзеге асырылды.

Мемлекеттік басқару саласындағы кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауқымды территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. и алайда, бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстарға бөлінді.

XІХ ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартушы Ш. Уалиханов (1835-1865) маңызды орын алды. Ол рыс ағартушылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттады. Ш. Уалиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырыпы, басқару обылысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш. Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы. Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1904) әрі қарай дамытты.

ХХ ғасыр мемлекеттік басқару саласындағы қазақ зиялылары өкілдерінің шоғырымен ерекшеленеді. Олар: Ә. Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев, М. Шоқаев, Л. мирзоян, О. Исаев, Ү. Құлыметов, С. Меңдешев, Н. Нұрмахов, Т. Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров және т. б. Торғай обылысында - Ә. Бөкейханов. Жетісуда - М. Тынышбаев, Түркістанда - М. Шохаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссиялары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктеріболып табылғандықтан жергіліктіқазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.

Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқарудың дамуына көрнекті ғалым, қоғамдық жәнемемлекеттік қайраткер Д. А. Қонаев (1912-1993) ерен үлесін қосты. Ол қырық жылдам астам уақыт бойы респубиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетедің делінген.

Менеджмет тарихын білу менеджердің кәсіби білімі мен басқару ойының дағдыларын қалыптастырудаүлкен роль атқарады.

Менеджерлік қызметтің мәні, мазмұны.

Басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады:

Топ менеджмент -басқарудың жоғарғы буыны. Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы стартегиясын жасаумен, божаумен және ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерірін шешіп, сыртқы кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады.

Мидле менеджмент -бұл басшыларға шешім қабылдап қажеті жоқ. Себебі оның міндеті қабылданған шешімді жүзеге асыру. Көпшілік жағдайда ортаңғы басшылар жергілікті жағдйды ескере отырып, шешімді орындауы тиіс.

Ловер менеджмент -басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар-төменгі жұмысшылар мен қызметкерлерге басшылық етеді. «Босс» және «Менеджер» ұғымдарын бірдей деуге болмайды. Меншік иесі және басқарушы-бұлар мүлде бөлек жандар.

Менеджер деген кім?

Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Ағылшынның «to menedge» деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші, әкімшілік деген ұғымды білдіреді. Менеджер деген сөз бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең көп тараған кәсіптің бірі. Бұл-басқарумен шұғылданатын, заң және бсқада мәселелерді жақсы білетін адам. Менеджер табиғаына П. Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және бұл міндеттер іскер мекеме жұмыскерлерінің ешқайсында жоқ.

5) Менеджерге қойылатын талаптар.

Еуропалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М. Вудкок пен Д. Френсис алдағы он жылдықты басқару үшін менеджерлерге мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептеген:

  • өзін меңгере білу;
  • жеке басының бағалы қасиеттері;
  • жеке өзінің айқын жоспарлары;
  • жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;
  • пробемалады шешуге дағдылану;
  • өнертапқыштық және инновацияға қабіеттілік;
  • маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;
  • қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;
  • басшылық ету қабілетін;
  • қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;
  • тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.

Американ менеджмент мектебі жеке басшының бірнеше ережесін ұсынады:

1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал, басшы-соңынан ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды күлкі әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырады.

2. Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.

3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.

4. өз қол астындағылардың уақытын бағалай ьілуі тиіс.

5. Басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс алайда қаталдық пен талап қойғыштық ешқашанда кінамшілдікке, мейрімсіздікке апармауы тиіс.

6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі әзіл сынай білуі тиіс.

7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.

8. Әзіл соқпақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзідеу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.

9. Айта да, тыңдай да білу керек.

10. үнемдеуге тырысы керек.

11. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі керек.

ОБСӨЖ тақырыптары:

1. Менеджмент ғылым ретінде дамуына түсініктеме.

2. Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихына шолу.

3. Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтерін талдау.

4. Менеджер және оның іс-әрекеті.

5. Менеджерге қойылатын негізгі талаптар.

Қажетті әдебиеттер:

1. Ақылбекова А. «Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысының мазмұны мен негізгі бағыттары». Алматы, 2006.

2. Баймолдаев Т. М. Педагогическтй менеджмент и современное управление школой. Алматы, 2001

3. Баймодаев Т. М. «Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы». Алматы, 2005

4. Баймолдаев Т. М. «Менеджмент-басқару тәсілі». Алматы, 2001.

5. Вазина К. Я. Петров Ю. Н., Белиловский В. Д. «Педагогический менеджмент» Москва, 1991.

6. Лебедева НА. «Білім берудегі менеджмент». Алматы, 1998.

7. Лебедева Н. А. «Білім беру мекемелерін басқаруды жетілдіру». Алматы, 1996.

8. Поташник М. М. «Управление современной школой». Москва, 1992.

9. «Мектеп басшыларына арналған көмекші құрал». Алматы, 2003.

2- лекция. Тақырып: Жоғары білім беру сапасы құрылысы, сапа өлшемдері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгертудің педагогикалық шарттары
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері жайлы
Бастауыш сыныпта оқытудың мәні мен мазмұны
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Қашықтықтан оқыту жүйесі және электронды оқулықтар
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz