Капитал айналымы


Мазмұны.
Кіріспе.
Бөлім I. Айналым капиталының мәні мен құрылымы.
1. 1. Жер өндіріс факторы.
1. 2. Капитал теориясы.
Бөлім II. 2. 1. Капитал және қор жинау.
2. 2. Капиталистік бәсеке механизмі.
Бөлім III. 3. 1. Қарыз капиталы және процент.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Бөлім I. Айналым капиталының мәні мен құрылымы.
Кәсіпорындардың іс - әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражаттарын (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары-бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңге қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің ара қатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәсәлелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан кәсіпорындағы айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.
Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалы мен өзгертіп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сиапты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланыста болады.
Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсәпорындардың өндіріс қорларының құрамында әртүрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т. б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатан аспаптар және басқада еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығымдарын одан әрі төмендетуден табылады.
Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы.
Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгіліген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.
Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі-дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай-әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А - Қ . . . Ө . . . Д - А 1
мұнда Ашаруашылық субектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ--өндіріс құралы;
Ө--өндіріс;
Ддайын өнім;
А1--өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасында дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі нң қарапайымыайналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:
Ө қ
Қ ақ =
О о
мұнда, Ө қ белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны,
О о сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілгін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т. б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
1. 1. Жер--өндіріс факторы.
Өндірістің факторы жер. Бұл фактордың мәнін қалай түсінуге болады. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игіліктер капиталға жатады, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игіліктер жерге жатады. жердің маңызды бір сипаты оның ауданының шектеулілігінде. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, оны сол сияқты өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Белгілі жер учаскесін пайдалану әуел бастан адамның қолынан келер істің бәрі. Әр уақытта есте болатын жайт, жер ұғымы ең кең мағынада қолданылады. Ол белгілі өлшемде табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылық, ол жердің өзі, су ресурстары немесе қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір учаскілері адамның өндірістік қызметіне ықпал етеді. Мысалы, балық аулауда теңіздер мен өзендерді пайдалану, өндіруші өнеркәсіпте қазбалы кендерге бай учаскелер қажет, құрылыс ушін құрғақ жердің бір бөлігін пайдалану. Алайда жер туралы әңгіме ең алдымен оны ауыл шаруашылығында пайдаланумен байланысты болады. Фермер үшін жер белгілі бір ауыл шаруашылығы двқылдарын өсірудің құралы. Жердің механикалық және химиялық қасиеттерімен анықталатын құнарлылығы болуы керек. Механикалық қасиеттері бойынша жер жұмсақ, бірақ суды еркін өткізе бермейтін болуы шарт, сондай-ақ тығыз, батпақты болмауы да маңызды, өйткені ондай жер өсімдік өсіруге жарамсыз болады. Жердің құрамында өсімдіктер өз бойына жеңіл сіңіретін органикалық емес элементтер керекті мөлшерде болуы керек. Адам механикалық өңдеуді пайдаланып, органикалық және химиялық тыңайтқыштарды енгізе отырып, белгілі бір көлемде жер қыртысының сапасын өзгерте алады. Сонымен жердің қасиетін екіге бөлуге болады, табиғи және табиғи емес, яғни жасанды. Алайда учаскенің орналасуы табиғи климат жағдайын қамтитын қасиет ең бастысы, өйткені, осы қасиет жер меншігі мен рента теориясына ерекше маңызды сипат береді.
Әрине, адам белгілі бір дәрежеде жер құнарлылығына ықпал етеді, алайда ол шексіз емес. Ерте ме, кеш пе жерге жұмсалған үстеме қаржы қысқарады. Міне, енді жерге байланысты, жер құнарлылығының кеми беруі дейтін заңға тоқталуға тура келеді. Бұл заң тиімділік максималды дәрежеге жеткенде әрекет ете бастайды. Тиімділіктің төмендеу үрдісінің белгілі бір уақытта агротехниканы жетілдірумен байланысты тежеліп тоқтауы да мүмкін. Алайда жер өнімдеріне сұраныс шексіз өсетін болса, тиімділіктің төмендеу үрдісін тоқтату да мүмкін болмайды. Құнарлылықтың кеми беру үрдісі заңын тек жерге пайдалануға болады, өйткені оның өндірісінің басқа факторларынан айрықша қасиетішектеулілігі.
1. 2. Капитал теориясы.
Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды. Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселері болып табылады. Әдетте экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті жинақталған жабдықтар қоры. Жер туралы әңгіме дегенде, нақты жердің өзімен шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т. б. игіліктер туралы сөз болуы керек.
Бұл тарауда өндіріс факторларын жанжақты қарастыра отырып, кейін өндіріс процесінде осы факторлардың өзара әрекетінтабуға тоқталу қажет.
Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің ауыл шаруашылығына бөлінген ақша өндірістік обьектіні салуға, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарға жұмсалады. Өнеркәсіп капиталының өндіріс обьектілерін, станоктарды, жабдықтарды қамтитын бөлігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны негізгі капитал деп атайды. Шикізат материалдар энергетикалық ресурстар өндіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден көшеді. Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық және моральдық тозу орын алады. Физикалық тозу процесі негізгі капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сипаттайды. Негізгі капиталдың физикалық тозуына көптеген факторлар әсер етеді. Олар ең алдымен машина мен жабдықтарды пайдалану ұзақтығы мен қарқындылығы, негізгі капиталды пайдаланатын өндіріс технологиясының құрылымы, атмосфералық ықпал, материалдың өз бойындағы болып жатқан ішкі процестер. Негізгі капиталды пайдалану ұзақтығы мен физикалық тозу дәрежесінің арасында тікелей пропорциялы тәуелділік бар, машиналар мен жабдықтарды пайдалану уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады.
Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа, оның құнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдік тозуы орын алады. Негізгі капиталдың моральдік тозуы ең әуелі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты. Моральдық жағынан тозған жабдықтар экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өнімсіз, сондайақ онымен өндірілген өнімдердің бәсеке қабілеті де төмен болады. Моральдық тозған, ескірген жабдықтарды, құралдарды жаңарту белгілі бір бағдарламаға сай жүргізіледі, ол негізгі капиталға деген үлкен шығындарды қажет етеді. Осымен байланысты өндірісті техникалық жаңартуға жұмсалатын күрделі қаржының үлесі ұлғаяды.
1. 3. Капиталдың айналымы және шеңбер айналымы.
Кәсіпкерлік капитал өндіріс сферасынан айналыс сферасына өте отырып, әрдайым тұрақты қозғалыста болады, шеңбер айналым жасайды. Капиталдың шеңбер айналымы алғашқы құнды ұлғайту мақсатында барлық өзара байланысты:жабдықтау, өндіріс, өткізу процестерін қамтитын сфералар арқылы тауарлы ақшалай формада өндіріс құралдары қозғалысының толық циклын көрсетеді. Материалдық игіліктерді өндіру үшін кәсіпорынға салынған кез-келген капитал өзінің қозғалысын ақшалай формада бастайды. Өзқозғалысында капитал үш сатыдан өтеді:
1. саты: ақшалай капитал өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші түріндегі тауарларды сатып алуға жұмсалады.
Ж. К
А Т
Ө. Қ
2. саты:өндіріс процесінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшінің бірігуі және өзара әрекетесуі арқылы жаңа өнім жасалады.
А Т . . . Ө . . . Т*
3саты: Осы жаңа өнімді нарықта сата отырып, кәсіпкер алғашқы авансыланған капиталдың өскен сомасын алады.
А Т . . . Ө . . . Т* А*
Шеңбер айналымының үш кезеңінің біріншісі жабдықтаушы, дайындаушы, екіншісі--өндіріс процесін, ал үшіншісі-нарықта айналыс процесін құрады.
Капиталдың осы үш кезең арқылы кезекті өтуі және оның үш функционалды формаларының ауысуы капиталдың шеңбер айналымы деп аталады. Жекелеген акт емес, кезеңді қайталанатын процес ретінде қарастырылатын, нәтижесінде авансыланған құнның барлық сомасы толығымен өзінің бастапқы формасына қайтарылатын капиталдың шеңбер айналымы капиталдың айналымы деп аталады. Шеңбер айналым мен айналым органикалық өзара байланысқан. Айналым шеңбер айналымнан кең, өйткені капиталдың жекелеген элементтері әр түрлі жылдамдықпен қозғалысын айқындайтындықтан олардың авансыланған құны өзінің бастапқы формасына әр түрлі уақытта қайтарылады. Бір бөлігі-әрбір шеңбер айналымнан кейін,, мысалы, тұтынылған шикізаттар мен материалдардың құны, ал екінші бөлігі-айналым жасайтын бірнеше шеңбер айналымнан кейін, мысалы, еңбек затының құны. Нәтижесінде өндіріс құралдарының бүкіл авансыланған құнының қайтарылуы капитал айналымын құрайтын бірқатар шеңбер айналымдар нәтижесінде жүреді.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы біркелкі жүрмейді. Капитал құны айналымындағы әр түрлі функцияларына сәйкес капитал негізгіжәне айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталұзақ кезең бойы қызмет ететін материалдық заттай құндылықтардың жиынтығы. Олар өндіріске қызмет ете отырып, өзінің табиғи-заттық формасын сақтайды және өзінің бір бөлігін жаңадан жасалған өнімдер мен қызметтерге көшіреді және меншік иесіне ақшалай формада бөліктеп қайтарылады. Сонымен негізгі капитал қызмет ету мерзімі ұзақ негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. олардың құрамына өндірістік және өндірістік емес обьектілер кіреді. Өндірістік негізгі қорларға өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, сауда және басқа да материалдық өндіріс бағытындағы негізгі қорлар жатады. Өндірістік емес негізгі қорларға тұрғын үй, мәдениет, спорт мекемелері, балабақша, емдеу орындарына қызмет көрсету үшін бағытталған. Негізгі қорларға ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен құралдар, есептеу техникасы, тасымалдау құралдары, өндірістік және шаруашылық құралдар жатады.
Негізгі қорлар бастапқы құн, қалпына келтіру құны және қалдық құн бойынша бағаланады.
Бастапқы құн-қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалпына келтіру құны-негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалдық құн-тозу құнын алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.
Айналмалы капитал-бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымға түгел тұтынылып, өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Өзінің табиғи формасын сақтамайды және өндіріс аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Айналмалы қорлар екі бөліктен тұрады:
1. Өндірістік айналым қорлары.
2. Айналыс қаражаттары.
Өндірістік айналым қорларына өндіріс қалдықтары, аяқталмаған өндіріс, болшақ кезеңдердің шығындары жатады. Айналыс қаражаттарына дайын өнімдер, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк шотындағы, кассадағы ақша қорлары жатады.
Айналыс қаражаттары меншікті жәене қарызға берілген айналым қаражаты болып бөлінеді. Меншікті айналыс қаражаты-кәсіпорындардың ең аз қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сайкес өздеріне тиесілі қаражаттарының бір бөлігі. Айналым қаражаттары әрқашан да қозғалыста болады және ауыспалы айналым жасайды. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды. Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып саналады және оның мынадай жолдары бар:
- ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;
- өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;
- шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді пайдалану.
Өндірістік қорлар өзінің қозғалысында кезекті түрде өндіріс және айналыс стадиясына өтеді. Демек қорлардың айналым уақыты сәйкесінше өндіріс уақыты және айналыс уақытын құрайды. Өндіріс уақыты өндіріс заттары және өндіріс құралдарының келіп түсуі мен дайын өнім болып шыққанша өндіріс сферасында болу ұзақтығы айналыс уақытын құрайды. Өндіріс уақыты өндіріс заттары және өндіріс құралдарының келіп түсуі мен дайын өнім болып шыққанша өндіріс сферасында болуының бүкіл кезеңін қамтиды. Ол үш бөлікке бөлінеді:
- жұмыс уақытын құрайтын тікелей еңбек процесінің уақыты;
- еңбек процесіндегі үзілістер уақыты;
- еңбек құралдарының өндірістік запастарда болу процесі.
Айналыс уақыты кәсіпорынды жабдықтау процесі кезінде өндіріс құралдарын сатып алуға кететін уақыт пен өткізу уақыты дайын тауарларды нарықта сату уақытынан тұрады.
Негізгі және айналмалы қорлардың қызмет етуін сипаттау үшін оларды пайдаланудың тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады:
1. Қор қайтарымы:
өндірілген өнім көлемі
Қ. қ=
негізгі өндірістік қорлар көлемі
Қор қайтарымы көрсеткіші негізгі капитал құнының бірлігіне шаққанда қанша өнім шығарылғандығын көрсетеді. Қор қайтарымы негізгі капиталды пайдалану деңгейінің тікелей шамасын көрсетеді. Оған кері көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады. Қор сыйымдылығы-әрбір шығарылатын өнім құнына келетін негізгі қорлар құнының үлесін көрсетеді:
негізгі қорлардың көлемі
Қ. с=
өндірілген өнім көлемі
Шикізат пен отынның пайдаланылуын жақсарту өнімнің материал сыйымдылығын төмендетуден көрінеді. Ол тұтынылған айналым капиталының өнім құнына қатынасымен анықталады:
Тұтынылған айналмалы қорлардың көлемі
М. с. =
өндірілген өнім көлемі
Кәсіпкерлік капиталдың қызмет етуін сипаттау үшін келесі экономикалық көрсеткіштер қолданылады:
- капиталдың айналым жылдамдығы 1 жылдағы айналым саны ретінде есептелінеді :
О
П =
Т
П айналым саны
О капитал айналымының өлшем бірлігі
Т капитал айналым уақыты
- айналым капиталының айналымдық коэффициенті:
айналым капиталының орташа қалдығы
К =
өткізілген өнім құны
- бір күндегі орташа айналым ұзақтығы:
О
От =
П
Айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен мәнге ие. Өйткені айналым құралдарының ақшалай формаға ауысу жылдамдығы кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне тікелей ықпал етеді. Бұдан басқа құралдардың айналым жылдамдығының ұлғаюы кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының жоғарылағанын көрсетеді.
Бөлім II. 2. 1. Капитал және қор жинау.
Ақшаның капиталға айналуы. Тарихи тұрғыдан қарағанда, капитал әуелдегі ақша формасында пайда болды. Демек, бұл жерде ақша тағы бір жаңа қызмет капитал қызметін атқарады. Ақша табу, алғашқы жұмсалған қаржыны молайту үшін жұмсалғанда ғана капиталға айналады. Сондықтан капитал қозғалысының жалпы формуласы мынадай: А Т --- А 1 болады.
Ақша құл иеленушілік және феодалдық қоғамдарда да оңай олжа табу мақсатында пайдаланылды. Ол кезде капиталдың, көпестік капитал және өсімқор капитал сияқты формалары болды. Бірақ та бұл капиталдар тек айналыс саласында ғана қызмет етті. Олар құл иеленуші немесе феодалдық қоғамдар үстемдік еткен өндіріс саласында баса көктеп кірмеді. Өндіріс капиталистік долмен қайта құрылғанда ғана адамдар расындағы қатынастар да түбірлі төңкеріске ұшырады. Мұнда, пайда табудың қайнар көзі - өндіріс саласындағы еңбекшілерді қанау болып келді. Ақшаны капиталға айналдырудың негізгі шарты ақша иесінің рыноктан, өз құнынан көп құн өндіре алатын қабілеті бар ерекше товар табу мүмкіндігі. Товардың мұндай түріне, жаңа құн өндіретін болғандықтан, тек адамның жұмыс күші жатады. Демек, ақшаның капиталға айналуы, мұндай мүмкіншіліктің пайда болуы, адамның жұмысшы күшінің товарға, алып сату затына айналуымен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz