1948 жылғы Адам құқықтары жөніндегі Декларация



КІРІСПЕ
1 Адам құқықтарының қазіргі замандағы ұғымы
2 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
3 Адам құқықтары
4 Азаматтар құқықтарын іске асыру мен қорғау
Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы облысы жөнінде жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды. Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, әрбір адам өзінің мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын қорғау мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тәртіпті сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда ғана шектеледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол берілмейді.
Қоғамның демократиялық деңгейі, тек қана Конституцияда жарияланған қандай да бір құқықтар мен бостандықтардан көрінбейді, сонымен қатар қандай деңгейде азаматтар сол құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алуында.
«Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларация – адам құқықтары саласындағы алғашқы әмбебап құжат болып есептеледі. Оның 1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдануы шын мәнінде тарихи оқиға болды. Құжатта әлемдегі барлық мемлекеттер мен барлық халықтар адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлаулары қажет деп көрсетілген.
Өкінішке орай, зейнеткерлердің, кәмелетке жасы толмаған балалардың, тағы сол сияқты халықтың қорғаусыз қабатының қазіргі жағдайлары қиын. Әскерге шұғыл щақыру, әскери қызметкерлердің қорғау системасы дұрыс қамтамасыз етілмеген. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жабылуы, мектептер, ауруханалардың және мәдени объектілердің қысқартулары, адамдардың дұрыс білім алу, дем алуға, емделуге мүмкіндіктерін шектеп тастады.
1. Нормативтік актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995 ж.
2. Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 25 қазан 1990 жыл. // Қазақстан мемлекеттілік кезеңдер: Конституциялық актілер. - Алматы: Жеті Жарғы, 1997 жыл.
3. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңы, 16 желтоқсан 1991 ж. // Қазақстан мемлекеттілік кезеңдер: конституциялық актілер. - Алматы: Жеті Жарғы, 1997 ж.

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Конституция Республики Казахстан. Альбом схем. // Составители В.В.Мамонов, С.А.Табанов. - Алматы: Жеті Жарғы, 1996.
2. Амандыкова С.К. "Конституционное право Республики Казахстан". Караганда: - Болашак Баспа, 1998 г.
3. Назарбаев Н.А. Послание Президента страны народу Казахстана. Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение.
4. Назарбаев Н.А. К обновленному Казахстану через углублению реформ, общенациональное согласие. - Алматы, 1994.
5 Котов А.К. Суверенный Казахстан: гражданин, нация, народ. (вопросы Конституционного права). - Алматы.: Жеті Жарғы. 1996.
6.Токаев К.К. Организация Объединенных Наций: полвека служения миру. –

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тақырыбы: 1948 жылғы Адам құқықтары жөніндегі Декларация

Қабылдаған:

Орындаған: Кустубаева Салтанат

КІРІСПЕ
Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес,
бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы
облысы жөнінде жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды
қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам
құқын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен
тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған
халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты
механизмдер қарастырды. Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары
болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, әрбір адам өзінің
мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын
қорғау мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен
бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тәртіпті
сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар
абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда ғана шектеледі.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол
берілмейді.
Қоғамның демократиялық деңгейі, тек қана Конституцияда жарияланған
қандай да бір құқықтар мен бостандықтардан көрінбейді, сонымен қатар қандай
деңгейде азаматтар сол құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алуында.
Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларация – адам құқықтары
саласындағы алғашқы әмбебап құжат болып есептеледі. Оның 1948 жылғы 10
желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдануы шын мәнінде тарихи оқиға
болды. Құжатта әлемдегі барлық мемлекеттер мен барлық халықтар адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын сыйлаулары қажет деп көрсетілген.
Өкінішке орай, зейнеткерлердің, кәмелетке жасы толмаған балалардың,
тағы сол сияқты халықтың қорғаусыз қабатының қазіргі жағдайлары қиын.
Әскерге шұғыл щақыру, әскери қызметкерлердің қорғау системасы дұрыс
қамтамасыз етілмеген. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жабылуы,
мектептер, ауруханалардың және мәдени объектілердің қысқартулары,
адамдардың дұрыс білім алу, дем алуға, емделуге мүмкіндіктерін шектеп
тастады.
Көбінесе қазіргі кезде іс-тәжірибеде қылмыстық іс жүргізуде адам
құқықтары мен бостандықтарының көп бұзылуының оқиғалары кездеседі. Адам ар
абыройын қорлайтындай негізсіз ұстау, қамау оқиғалары аз емес. Адам құқық
саласындағы әрекет ететін заңдарды білген жағдайда азамат өзінің
Конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік алады.
Негізгі заңда көрсетілген Конституциялық қағидаларды өмірдің іс-
тәжірибесіне араластыру үшін, республиканың әр азаматы өзінің құқықтары мен
бостандықтарын қорғауда құқықтық көмек алуға, қосымша құқықтық механизмдер
құру қажет. Қажетті түрде адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік
беретін заңдардың жедел түрдегі билік басындағы саяси күштеріне тәуелсіз
әрекет етуін қамтамасыз ету қажет.
Адамдардың әрбір ұрпағы өздерінің ұлы қазыналарын, яғни құқықтары мен
бостандықтарын әрқашанда белсенді түрде қорғап, сендіру керек. Республикада
адам әдет-ғұрпын, құқықтары мен бостандықтарын бағалау әлі де жеткіліксіз.
Сондықтан да адам құқықтарын ұлы қазына ретінде тек қана сөз жүзінде ғана
емес, іс жүзінде басшылыққа алуға әлі көп уақыт керек.
Адам құқықтарының қазіргі замандағы ұғымы ежелгі заманда пайда болған
табиғи құқық идеяларынан шығады да, өзінің тікелей бастауын либерализм
идеяларынан алады. Оның ең көрнекті өкілдері өмірге, қауіпсіздікке,
бостандыққа, меншікке, мемлекетке тәуелсіз болатын және онымен қорғалатын
адамның табиғи, ажыратылмас (шеттетілмейтін), әрі қасиетті нормаларына
қысым көрсету кедергісінің маңызды құқықтарындағы ұғымын негіздеді.
Адам мен адамзат құқықтары институтын дамытудағы сапалы серпіліс ХХ
ғасырдың екінші жартысында көбінесе тоталитарлық режимдердің қайғылы
тәжірибесіне реакция ретінде болды. Қалыптасқан азаматтық, саяси және
әлеуметтік-экономикалық құқықтар каталогы елеулі кеңейеді. Оларға жаңа
құқықтар ұрпағы: қолайлы қоршаған ортаға, ақпаратқа және т.б. Осы кезеңде
адам мен азамат құқықтары институтын дамытудағы жетекші рөлді оның негіз
құраушы құжаттарында ресімделген халықаралық құқық иеленеді: Жалпыға ортақ
адам құқықтарының декларациясы (1948ж.), Біріккен Ұлттар Ұйымымен
қабылданған, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пакт,
және азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт (1966ж.), Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Хельсинки қорытынды
актісі (1975ж.) қосылады.
Олар және адам құқықтары жөніндегі кейінгі халықаралық құжаттар адам
мен адамзат құқықтары каталогының масштабты стандартын және қатысушы-
мемлекеттердің конституциялық құқығымен қабылданған осы құқықтарды
қамтамасыз ету кепілдіктерін құрады.
10 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдағанына 60 жыл толғалы
отыр. Халықаралық қоғамдастық 1945 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымын құрып, сол
жылдың 25 маусымында БҰҰ-ның Жарғысын бекіткен болатын. Аса маңызды
халықаралық-құқықтық құжаттардың бірі болып табылатын БҰҰ-ның Жарғысы
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау көрсетуді, осы мақсатта
бейбітшілікке төнетін қауіпті тойтару және болдырмауды, агрессиялық актілер
мен басқа да бейбітшілік бұзушылықтарды басып отыруды және бейбітшілікті
бұзуға әкелетін халықаралық даулар мен ахуалдарды әділет және халықаралық
құқық қағидаттарына сәйкес бейбіт жолдармен реттеу және шешуді адамзаттың
ең басты мақсаты ретінде бекітеді. Жалпы, БҰҰ-ның құрылуы мен оның
Жарғысындағы айтып кеткен ережелердің бекітілуіне екінші дүниежүзілік соғыс
себепкер болған еді.
Болашақта адам баласын зорлықтан, ұлттық, нәсілдік, әлеуметтік,
мүліктік және басқа да кемсітушіліктерден, өзге де теңсіздіктен қорғаудың
жер бетіндегі барлық мемлекеттер үшін міндетті халықаралық құқықтық
негіздері мен оларды жүзеге асырудың тетіктерін жасау қажеттігін басшылыққа
алған БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының жобасын дайындау мен
оны қабылдау өте күрделі саяси және дипломатиялық тартыста өткені тарихтан
белгілі. Әртүрлі көзқарастар мен ұсыныстарды салыстырып, саралап, қарап
барып БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы күрделі халықаралық сайыстың нәтижесі ретінде
Декларацияның осы күнгі мәтінін бекітті.
АҚШ, Англия, Франция және өзге де батыс елдері 1215 жылғы
Еркіндіктің ұлы хартиясының, 1776 жылғы Американың Тәуелсіздік
декларациясының, 1789 жылғы Францияның Адам мен азаматтың құқықтары
декларациясының ережелерін негізге ала отырып, азаматтық және саяси
құқықтармен шектеліп қалуды ұсынса, өзге мемлекеттер (Мексика, Ирландия,
КСРО және басқа елдер) әлеуметтік және экономикалық құқықтардың
Декларацияда орын алуына себепкер болды.
Ең басты айта кететін нәрсе — Декларация адам құқықтарын жеке бір
елдің ішкі проблемасы емес, оның трансұлттық, мемлекет мүддесінен де жоғары
тұратын мәселе екенін бекітті. Жалпы айтқанда, бұл құжат XX ғасырдың адам
құқықтары саласындағы негізгі нормативтік үлгісіне және бүкіләлемдік құқық
қорғау қозғалысының түпқазығына айналды.
Декларацияның 1-бабында былай деп жарияланған: Барлық адамдар
тумасынан өзінің ар-намысы мен бостандығында еркін және тең болады. Олар-ға
ақыл мен ар берілген және олар бір-бірімен ағайындылық рухында әрекеттесуі
тиіс. Осы жарияланған құқық 3-баппен күшейтіледі: Әрбір адамның өмір
сүруге, бостандыққа және жеке ісіне қол сұғылмауына құқығы бар.
2-бапта Декларация әрбір адамның нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне,
дініне, саяси немесе басқа нанымдарына, ұлттық немесе әлеуметтік шығу
тегіне, мүліктік, сословиелік немесе басқа жағдайына қатысты қандай да
болмасын айырмашылықсыз, осы Декларациямен жарияланған барлық құқық-тар мен
барлық бостандықтарды иеленуі тиіс екенін анықтайды.
Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 7-бабы мынаны бекітеді:
Заң алдында барлық адамдар бірдей және ешбір айырмашылықсыз заңның тең
қорғауына құқығы бар. Барлық адамдардың осы декларацияны бұзатын қандай да
болмасын кемсітушіліктен және осы кемсітушілікке қандай да болмасын
арандатушылықтан қорғауға құқықтары бар. Осы халықаралық құқық нормасының
мағынасын қоғамның кез келген мүшесінің лайықты адамша тіршілік етуге
құқығын қорғау ретінде, әрбір адамнан жеке тұлғаны көруді талап ету ретінде
түсіну керек.
Көрсетілген қағида кейіннен адам мен азамат құқықтарын сақтау
стандарттарын анықтайтын, барлығы дерлік халықаралық-құқықтық көздерде,
сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің ұлттық заңдарында қайталанған.
Қазақстан Республикасының берілген Декларацияны ратификациялау туралы
арнайы акт (заң) қабылдамағаны, алайда оның барлық қағидаларын Қазақстан
Республикасының Конституциясында және салалық заңдарда жүйелі көрсеткені
есте қаларлық.
3-бап. Әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қолсұғылмайтын
дербестікке құқығы бар.
7-бап. Барлық адам заң алдында тең және ешқандай айырмасыз заңды
түрде теңдей қорғалуға құқылы.
29-бап. Әрбір адам өзінің еркін әрі толық кемелденуіне мүмкіндік
бере алатын қоғам алдында борышты.
Сонымен бірге Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының негізгі
қағидаларының танылуы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1990 жылғы
25 қазандағы мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының Бастама
бөлімінде, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсандағы №
1008-XII Қаулысымен іске қосылған, Қазақстан Республикасының мемлекет-тік
тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында тура
көрсетілгенін атап өту керек, онда сөзбе-сөз былай делінген: Қазақстан
Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық ұйымдар шегіндегі адам құқықтарының халықаралық-құқықтық негізінің құрылуы
Әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары
Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстандағы адам және адамзат құқығының қалыптасу тарихы
Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері
Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың формалары
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
Халықаралық құқықтағы адам құқығы: ұғымы және маңызы
Азаматтықтың халықаралық-құқықтық мәселелері туралы
Арнаулы білім берудегі тәрбие
Пәндер