Бала психологиясы



1 Бала психологиясы
2 Баланың сөйлеу қабілетінің дамуы
3 Бала тілінің дамуы
4 Бала есінің дамуы
Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Бала психологиясы
Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол
адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық
даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы
болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге
келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол
Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті
бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882)
— Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала
психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы
заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту
себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың
психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру.
Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар
шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды
(биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың
дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар
психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер
психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ”
ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып
табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны
қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала
психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне
орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент
(лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет
нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор
ықпалы тигізген ағым — педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан
педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми
мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология
концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен
айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында
қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М. Бехтерев, А.П. Негаев,
Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның “жалған
ғылым” ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді.
Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К.
Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д.М.
Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б. психологтар еңбек еткен.
Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С.
Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев,
т.б.
Баланың жеке басының қалыптасуы және оның ақыл-ойының өсуі әр түрлі
әрекеттер процесінде жүзеге асады.
Бала өмірінің бірінші күнінен бастап, өзінің дамуына ықпал жасайтын
және онымен эмоциялық қатынаста болатын адамдардың қоршауында болады.
Сондай-ақ баланы қасиеттері мен сапалары әр түрлі көптеген заттар қоршап
тұрады. Бөбектің өзін қоршаған ортамен танысуы және қабылдаған
объектілеріне талдау жасауы үшін айтарлықтай үлкен мүмкіндіктері болатынын
зерттеулер көрсетті. Бұл үнемі өзгеріп отыратын әрекет компоненттеріне
(мысалы, тамақтандыру жағдайында) оның бейімделуін қамтамасыз етеді.
Баланың жеке қасиеттері белсенді іс-әрекет үстінде қалыптасады және сол
іс-әрекет ең алдымен әр жас кезеңінде басты рөл атқаратын, оның
қызығушылықтарын, әрекетке қатынасын, айналадағы адамдармен қарым-қатынас
ерекшеліктерін анықтайтын болуы тиіс. Оцын үстінде балалар дербес болуға,
өз қалауы бойынша құрбыларымен қарым-қатынас жасауға, білімін және
біліктілігін іске асыруға және тереңдетуге мүмкіндік алады. Ойын арқылы
баланың белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің
психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық,
ұжымдық сипат болады. Мәселен кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды,
қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен қарым-қатынас
жасайды.

Баланың сөйлеу қабілетінің дамуы
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы, оған енген әр
баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын
барысында өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын үстінде
жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары оны
жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер
болады.
Танымдық іс-әрекетті дамытатын ойындар
Бұл неге ұқсайды?
Ойын шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталған. Сіз нақты
пайдалану мақсаты жоқ бірнеше затты іріктеп, дайындап қоюыңыз керек:
таяқша, текше, қорапша, кішкентай тас, шағын қалың қағаз және т.б. Оцынның
мәні осы заттар не болуы мүмкін, қандай нақты заттың орнына қолданылуы
мүмкін екендігін анықтау.
Ойынның барысында сіз кез-келген затты аласыз, мысалға, таяқшаны, оны
балаға көрсетесіз де, оған ойында қандай зат ретінде қолданылуы мүмкін
деген сауал қоясыз. Егер бала ықтимал нұсқаларын өзі атаса, тамаша болады.
Егер ол қиналып жатса, оған аздап көмектесіп жіберіңіз. Сіз басқа да
заттарды – қуыршаққа арналған қызу өлшегіш, қасық, кілт,қармақ болуы мүмкін
екендігін ұмытпаған боларсыз. Қуыршақты текшемен тамақтандыра алмайсыз
немесе ойынның міндетті шарттарының бірі – нақты затпен қандай да бір
ұқсастығы болуы тиіс.

Бала тілінің дамуы.
Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі
шартты және шарытсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады .Тілдің дамуы үшін
басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейін
адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті
болмайды. Олар тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып біраз, сөздердің
мағынасын түсінгенімен, яғни аздап сөйлеп үйренгенімен, ол екінші сигналдық
дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары.
Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым –
қатынасы кеш басталған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті
болмайда, оларда адам кейпіне келт іріп тәрбиелеуде, сөйлеп үйретуі де
қиын, кейде мүлдем мүмкін болмайды. Ал ертерек, кішкентай кезінде табылған
балаларды адам кейпінде нашар болса да сөйлетуге болады. Жаңа туған бала
дыбыс аппаратының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығра
алады. 2 – айдан бастап дауыстай алады. Ересек адамға еліктеп кейбір
дауысты дыбыстарды қайталай бастайды.
3- ші айға жеткенде гу – гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу –
гулей мен былдырақтау оның дыбыс аппататын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
5 - 6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта
бастайды. 6 – 7 айда ересектердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық даму негіздері
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Балалар психологиясы
Балалар психология пәні
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері
Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең
Бала психологиясы туралы
Психологияның жас ерекшелігі
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері
Пәндер