Балалар басылымдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. БАЛАЛАР БАСЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ БЕТ-БЕЙНЕСІ
1. 1 Балалар басылымы: табиғаты, тілі мен стилі . . . 6
1. 2 Балалар басылымы: көркемдік көкжиегі . . . 13
2. БАЛАЛАР БАСЫЛЫМЫ - ШЕБЕРЛІК БАСТАУЛАРЫ
2. 1 Бала танымы - журналист қарымы . . . 18
2. 2 Бала күлкісін бақытына балаған жандар: Журналистермен
сырласу . . . 24
3. БАЛАЛАР БАСЫЛЫМДАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕЛІ МИССИЯСЫ
3. 1 Қиялға қанат байлаған «Ұлан» газеті . . . 28
3. 2 «Айгөлек» және «Балдырған» журналдарының
бүгінгі бағыт-бағдары . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
Кіріспе
Адам санасы жас кезінде таза парақ секілді деп бекер айтылмаса керек. Жас бүлдіршін жақсы, өнегелі, иманды да ибалы тәрбие алар болса, қайткенде сол баладан жақсы адам шығары анық. Ағашқа қалай су кұйып баптасақ, балаға да сондай көзқарас қажет етіледі. Бала тәрбиесі ошақ қасы отбасыда ғана емес, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен де шыңдалады.
Бала - болашағымыз. Болашағы жайында ойланбас жұмыр басты пенде бола қоймас. Бала көкірегі сәулелі болмаса, қалай болашақ тұтамыз? Сол бала көкірегіне шуақты сәуле құю - журналистер міндеті болмақ. Балаларды - қоғам, адамзат келешегі тұтып, олардың қалыптасуына ықпал ету де - бір міндет. Біз балалардың басылымын кішкентай бүлдіршіндердің алданышына балап, соларға ғана арналған шақтаулы шағын басылым деп қарамауымыз керек. Балалар басылымы - кішкентай оқырманды тәрбиелейтін шығармашылық үлкен мектеп. Тағы да айтамыз, бала - болашағымыз. Ал болашағына жауапсыз қарау - адамзат баласының өзіне өзі қастандық жасағанына бара - бар. Сондықтан, балалар басылымы өзінің жасампаз функциясын қалтқысыз атқаруда аянбай тер төгу қажет. Оның ішінде ең өзектісі де, қиыны да - сапалы білім, саналы тәрбие беру функциясы. Ол үшін журналист аянбай тер төгіп, шығармашылығын шыңдап, үнемі ізденіс үстінде жүргені абзал. Соңғы кездері балалар басылымында балаға арнап қалам тербеп жүрген журналистердің сүйіндірер де, көңілді жабырқатар тұстары да баршылық. Олардың жеткен жетістіктері қайсы?
Диплом жұмысының өзектілігі: Тақырып ұзақ уақыт, терең зерттеуді қажет етеді. Балалар басылымында еңбек етіп жүрген журналистердің кемшін тұстары көп жағдайда айтыла бермейді. Өзге елдермен салыстырғанда бізде балалар басылымы кенжелеп қалғаны жасырын емес. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қайту керек? Мемлекет тарапынан нендей көмектер қажет етіледі? Балаларға оқылымды болуы үшін біздің журналистерде қандай қасиет жетіспейді? Неге балалар басылымы бұрынғы аудиториясынан қол үзіп қалды? Бұған дейін мұның бәрі атүсті айтылған дүниелер болатын. Бұл дипломдық жұмыста осы мәселелер қамтылды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Интернет қарыштап, ересектердің ғана емес, балалардың да санасын жаулаған бұл күнде біз жас үрпақ бойына рухани байлық, ұлттық тәрбие тұрғысындағы мол дүниелерді сіңіре білуіміз керек. Осы мақсатта балалар басылымы қайтпек керек? Әрине, олардың қол жеткізген жетістіктері көңілді қуантады. Дегенмен де, бұл саланың жетістіктерін айта келе, олардың кемшін тұстарын да көрсете білдім. Ондағы мақсат - балалар игілігіне еңбек етіп жүрген журналистер өз
оқырманына мінсіз қызмет етіп, олқылықсыз, кемшіліксіз тың дүниелерімен сусындата білсе,
Диплом жұмысын зерттеудің дереккөздері: Негізгі дереккөздер кең көлемді зерттеуді қажет еткендіктен, республикалық басылымдардың мақалаларынан және де ғаламтордан, орыс тілді әдебиеттерден зерттей отырып, мәліметтер қолданылды.
Диплом жұмысының жаңашылдығы : Бүгінгі таңда балаға жазып жүрген журналистерден сұхбат алу, ой бөлісу. Олардың тәжірибесінен сыр суыртпақтап, шынайы жауап алуға тырысу. Балалар басылымының бастауы болып табылатын «Балдырғаннан» бастап, бүгінгі балаларға арналған заманауи газет-журналдарды қамту, әр басылымдағы журналистердің шығармашылық шеберлігіне талдау жасау, басылымдардың тарихына шолу, балаларға арнап жазудың майталманы болған балалар ақын-жазушыларының еңбегін талдау, бұл туындылардың балаларға берер тағылымы.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысымның тақырыбы ауқымды болғандықтан тек маңызды тұстарын алуға тырыстым. Дипломдық жұмыс бұл тақырыпты толық қамтып, мағынасын ашуда көп ізденісті талап етті. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және қосымша беттерден тұрады.
- БАЛАЛАР БАСЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ БЕТ-БЕЙНЕСІ
1. 1 Балалар басылымы: табиғаты тілі мен стилі
Заман талабына сай балалар басылымындағы журналист өзінің қалыптасқан тілі мен стилін өзгертуге мәжбүр. Расында, бүгінгі бала - бұрынғы бала емес, бүгінгі бала әрекеті, ой-танымы кешегі баладан мүлде басқа. Сәби санасының өсуі - адамзат дамуының кепілі. Ғалымдар анықтауына қарағанда, қазір әрбір онжылдықта дүниеге келген сәби араларында ұқсастық аз, алшақтық көп. Қазіргі таңда балаға арнап шығарма жазудың қиындығы бүгінгі бала табиғатының осындай күрделілігінде жатса керек. Яғни, бүгінгі журналист бүгінгі бала характерін іздеп, бүгінгі бала табиғаты мен талғамы арқылы таразылап шығарма жазса дегенге саяды.
Қазіргі заманның балалары ақпараттың ағымына сусындап өсіп келе жатқан жеткіншектер. Олардың қызығушылығын ояту үшін көп тер төгуге тура келеді. Осы тақырыпты зерттеу барысында мен бірде бір балалар басылымының сайтын таппадым. Неге осы мәселені шешпеске?! Қазіргі жас жеткіншек 3-4 жастан компьютер алдында отырады. Журналды оқымайды дейміз, бірақ олардың интернеттегі сайтты қарауға қызығушылықтары бар. Сондықтан да балалар басылымының интернетте нұсқасы ашылса екен жақсы лебізім бар. Тек балалар ғана емес, сондай - ақ үлкендердің де оқуға мүмкіндігі болар еді. Мұның артықшылығы - өз аудиториясын кеңейтуінде.
Қазақ балалар басылымы да қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Қазақ балалар басылымы балғын бөбек, бүлдіршін жасты сұлулыққа құштарландыратын отан сүйгіштік, ерлік рухына ұмтылдыратын тәрбиешілік қызметін бұған дейін жасап келген. Және жасай береді де.
Бүгінгі қазақ балалар басылымдарының артылып отырған жауапкершілік жүгі, әсте, аз дүние емес. Бұл басылымдар жан-жақты, тәрбиелік, ағартушылық мәнге ие. «Балалар басылымы қалыпты жолға қойылмай тұрып, бізде БАҚ, баспасөз кемелдену үстінде» деп мақтанушылық - үйдің ірге тасын қаламай тұрып, шатырын жабамын деген әурешілікпен бірдей. Балалар басылымы жолға қойылу үшін журналистке шеберлік керек, шеберлікті шыңдайтын талап керек.
Балалар басылымында қызмет жасайтын әрбір журналистің бойында болуға тиіс қасиеттер де баршылық. Бұл қасиеттерді тек қасиет деп қана емес, журналистке қойылар талап, меңгеруі тиіс шеберлік деп те қарастыруымызға болады.
Сонымен балалар басылымының нағыз шебер журналисті болуы үшін қойылар талап, меңгеруі тиіс шеберлік тің атын атап, түсін түстейік:
1) Үлкен кісі балаға айтса қонымды, кішкентай бала өзі оқыса сіңімді болатындай сиқыр керек. Ол - қарапайымдылық. Айтар ойын суретпен астастырып, қимыл-қозғалысқа түсіріп, жандандыра, нақыл дәрежесіне
көтеріп ойландыра жазу. Қарапайым баяндауда кейіпкерлер мүсінделіп, бала кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесі ашылып, тұлғаланып жатады. Қарапайым баяндауға ішкі қимыл-қозғалыс, жан құбылысы тербелістері сыйып кетіп жатады. Бұл - шынайы суреткер қолынан ғана келетін іс, шеберлік сиқыры. Қарапайым жазылған дүние балаға ұғуға жеңі, . түсінікті болары хақ.
2) Бала сезімі - бұла сезім. Бала сезімнен, бұла сезімнен пайда болған жүрекжарды туындыны табиғи түрде жеткізе білу. Еш боямасыз, жасандылықтан аулақ жаз а білуі керек.
3) Тақырыпты өмірдің өзінен алу. Өмір - мәңгі жап-жасыл, құпиясы қанша айтсаң да, қанша жазсаң да таусылмайтын ғажайып бір әлем. Әр журналист осы ғажайып әлем ішінен балаға керек құбылысты іріктеп - сұрыптап алып, бала дүниетанымына сай тың туынды жасап шыға білуі керек.
4) Бала қауымына арнап жазылар туындының танымдық сипаты мол болуы керек. Айту оңай болғанмен, орындалуы қиын талап бұл. Себебі, сәл ірі айтсаң, баланы есейтіп жібереді, сәл сыбырлап айтсаң балаға жетпей қалады.
5) Балдай жырын балаларға арнаған ақын Ө. Тұрманжанов былай деген екен: «Балаларға түсінікті болайын, олардың тілін, көңілін табайын, нағыз халық әдебиетінің соны, бай тілімен жазайын деп халық ауыз әдебиетінін көп жинап, көп зерттедім. Бұл ойым орнын тапқан сияқты. Көп ертегі, әңгіме, поэма жаздым. Оларымды оқушыларым жылы қабылдады». [1. ] Бала тілін тапқысы келген журналист халқымыздың фольклор өнеріне де көз жүгіртіп, ден қойса, үлгі алса нұр ұстіне нұр болар еді.
6) Орыс балалар әдебиетінің көрнекті өкілі С. Михалков «Балаға күлкі витамині қажет» деген екен. Оның пікірін С. Баруздин Сатира мен юмор - жаңа адамды тәрбиелеудің аса күшті құралы деп қолда, ан екен. Күлкі - әрине, көңіл көтерудің, қызықтырудың бір тәсілі. Сонымен бірге балалар бойындағы кемшілікті түзетумен бірге, мерез мінезді де күлкі түзейді. Журналист туындысына күлкі, сатира, юмор енгізе отырып, тәрбиелік мәні зор дүние бере алады. Кейде бала мінезін беру үшін жан-жануар, хайуанат табиғатындағы тентектікті де әшкерелеуге болады. Бұл тәсілде жаза білу тәрбиелік функцияны да атқара алады. Тәрбиенің осы өткір бір құралы - балалар сатирасы бізде жоқ емес, бар. Алайда осы бар нәрсені көрсете алмай келеді. Бұл осы жанрда қалам тербейтін журналист жоқтығының себебі болар, бәлкім?! Кезінде О. Әубәкіровтың «Солақайы», т. б ақындардың сықақтық шығармалары бұқаралық ақпарат құралдарында біраз көрініс тапты да, кейін мүлдем жоғаклып кетті. Сатиралық шығармаларды, әсіресе балаларға арналғандарын басылымдарда жиі шығару керек. Кезінде «Балдырған» журналында « Солақай», «Ұлан» газетінде «Қисық айна», «Ала бала» сияқты сатиралық бұрыштар бар болатын. КЕйін жоқ деген оңай сылтумен ондай қажеттіліктерге көңіл аударылмай кетті. Ауызды қу шөппен сүрткенше, бар нәрсені іздеп тауып, пайдалану керек сияқты. [2. ]
7) Көркемдікті балғын бөбекке қалпынша жеткізу үшін суреткерлік, шынайылық керек әр журналистке. Балаға деген махаббат керек. Бала жанын қаламгерлеріміз жан-тәнімен сезінсе , салқын қанмен емес, ыстық жүрекпен жазса. Балалар жанынан жанына шуақ тартып, өз жанынан балаларға шуақ тарта жүріп жазатын үлкен жүрек керек журналистке. Суреткерлік жайлы сөз қозғасақ, бала көз алдына елестете қабылдайды. Ендеше әр дүние сан қилы суретке толы жанды дүние болып шығуы шарт. Балаларға арналған туынды журналистен ұшқыр қиялды, озық идеяны да талап етері сөзсіз.
Әрине, айтылған дүниелер аз емес. Айтыла береді де. Бұл талаптардың бәрін түгел дерлік орындау журналистке шарт емес, әрине. Алайда, бала игілігі үшін қызмет атқарып жүрген қаламгерлеріміздің бойында осы талаптарға сай қасиет болса дейміз ғой баяғы. Жоғарыда біз атаған талаптар «балалар басылымы - баланы алдайтын арзан басылым » деген қате пікірді жоққа шығарады. Басқа басылымдарда жолы болмағандар балаларға жазып, өзін де, өзгені де алдап жүреді. Осындай дәрменсіз автордың дарусыз туындысын оқыған оқырман әлгіндей ойды түйері анық. Яғни, бала тақырыбына кез келген жаза алады дегенді түйеді. Олай емес екенін біз атаған талаптар дәлелдей алды деп ойлаймыз.
Балалар басылымы журналистерінің шеберлігінде кемшін тұстар да баршылық. Яғни, бала тақырыбына қалам қозғайтын бүгінгі таңдағы журналистеріміздің еңбектерінде көрініп қалатын кемшіліктер мыналар:
Біріншіден, қазіргі балалар басылымының журналистері әр түрлі тақырыпта жазғанмен, түйіні ортақ болады. Мысалы, патриот болу, Отан сүйгіштікке баулу, оны қорғау, ата- ананы сыйлау т. б. Тек бұл емес, балаға өмірді басқа қырынан да таныта білу керек.
Екіншіден, балаға арналған туындының көңілсіздеу жазылуы. Бала қабылдауына сай еңбегінде көңіл-күй дарытпайды. Көңіл-күй дарымаған журналист туындысын он жердне философияға орап берсең де, бала оқи қоймайды.
Үшіншіден, бүгінде журналистер оқырмандарды тарту мақсатымен махаббат, үлкен адамдардың арасындағы қарым-қатынас т. б. тақырыптарды жазуға дағдыланып алған сияқты. Мәселен, бүгінде ең көп таралымға ие «Айгөлек» журналында «Сыршыл жүрек» деген айдар бар. Бұл рубрикада «Махаббатқа да сабақ керек екенін білесіңдер ме?», «Алдыңғы аға-әпкелеріңнің баянды, баянсыз махаббаты туралы білесіңдер ме? Жүрегіңді сөйлетіп, өзің жақсы білетін, басқаларға ой салатын мысалдармен хат жаз» деген сипаттағы сұрақтар бар. Мәселен, 10- сынып оқушысы Гүлсара есімді қыз өз әпкесінің махаббаты туралы жазған. Мұнда екі жастың мектеп кезінен бір-бірін сүйгендігі, бірақ әпкесін басқа жігіт құда түсіп алғандығы, өзінің жігітіне қосыла алмаған қыз соңында талма ауруына ұшырап, үйіне қайтып келгендігі жазылады. [3. ] Міне, балалар басылымындағы мақаланың бейнессі осындай. Мейлі, жоғарғы сынып оқушылары түсінер, бірақ бұл басылымды 8-12 жас аралығындағы балалар оқитынын ескерсек, бұл қисынсыз дүние болғаны да. Әрбір журналист балалар басылымына жазар алдында оқырманы кім екенін ұмытпағай. Балалар басылымында еңбек етуші әр журналист оқырманды көбейту мақсатымен емес, олпрдың денінен азық болар дүние жазса екен.
Төртіншіден, кей журналдар жұлдыздар жайлы тым жиі жазып, солардың сұхбатымен сыұап толтырып қояды. Ал, біз жұлдыздардың өмірін « Жұлдыздар отбасы» немесе «Stars KZ» журналдарынан оқып алатынымыз анық.
Бесіншіден, журналист еңбегінің аяқталар тұсы аяқталмай созалаң күй кешеді. Созалаңдық - балалар басылымына жараспайтын сипат.
Қазіргі таңдағы балалар басылымында еңбек ететін журналист шеберлігінде осы кемшіліктер орын алмай, біз атап өткен талаптардың тым болмағанда бір ұшығы кездесер болса, ол журналист еңбегі бала жүрегіне жол тауып, еңбегі еленіп, жақсы нәтиже шығарына сенімім мол. Және көңіл толмайтын бір жайт - барлық облыстардағы балаларға арналған басылымдарды шенеуніктердің пайда табу мақсатында жарыққа шығарып отырғандығы. Ең қасіреттісі олар балалар басылымының тілі болатынын білмейді. Осындай олқылықтардың зардабы бала санасына кері әсерін тигізіп отыр. Балалар әдебиетіне байланысты мемлекеттің көзқарасына да көңіл толмайды. Біздегі билік балалардың сұранысына қызмет етіп отырған жоқ. Мемлекеттік тапсырыспен балаларға арнап шығатын кітап-журналдардың таралымы 200 мыңнан аспайды. Мысалы, А. Сарсенбайұлы ақпарат министрі болып тұрған кезде әлемдік балалар әдебиетінің елу томдығын шығару қолға алынған еді. Соның 24-25 томы ғана жарық көріп тоқтап қалды. Ал біз бұл таралыммен қай қазақ баласының қажеттілігін өтей аламыз. Бұл істі аяғына дейін жеткізу болашақтың еншісінде деп ойлаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz