«Педагогика тарихы» курсынан дәрістер жинағы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   

Лекция №1

Лекция «Педагогика тарихы» курсының теориялық - әдіснамалық негіздері.

Жоспары:

  1. «Педагогика тарихы»ғылым ретінде.
  2. Педагогика тарихының пәні және оның міндеттері.
  3. Педагогика тарихының әдіснамалық негізі.

«Педагогика тарихы» оқу пәні болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда үлкен рөл атқарады. Аталған курс студенттердің педагогика теориясын талдауды және тарихи құбылыстарға диалектикалық тұрғыдан қарауды меңгеруіне көмектеседі, тәрбие процесінің, сондай - ақ педагогика теориясының даму процесінің ішкі заңдылықтарын танып білуге жол ашады. Білім - тәрбие институттарының дамуы - ауқымы мен нәтижесі уақыт ағымымен қоғам үшін маңызды бола түскен көпжақты, кей уақыттарда қарама - қайшылықты процесс. «Педагогика тарихы» оқу пәнін жалпы және педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде оқыту педагогикалық ой-пікірдің негізгі даму бағыттары туралы түсінік береді. Ол тарихи дамудың әр түрлі кезеңдеріне сәйкес қоғам мен мектептің өзара қарым - қатынастың сипатын, сонымен бірге білім сферасының адамзат өміріндегі жинақталған мәдени және әлеуметтік құндылықтарды молайтудағы және оны сақтаудағы рөлін түсінуге мүмкіндік береді. Мектеп пен педагогика елеулі дәрежелі мәдениет пен қоғамның прогресін анықтайды.

Біздің елімізде педагогтық оқу орындарының жұмысын ұйымдастыру және оның мазмұнын анықтау істерінде ойшылдар мен ғұламалардың, атақты педагогтардың мұғалім туралы идеясы, оның педагогтық еңбектің саяси және қоғамдың мәні, мұғалім белсенді қоғам қайраткері екендігі жөніндегі терең ойлары негізге алынған.

Педагогтық мамандықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол - өте күрделі және сан қырлы. Педагогтық мамандық иесі адамнан ең алдымен терең және жан-жақты ғылыми білімді болуын, мамандық шеберлігі шыныққандықты, саяси-адамгершілік сапаларды, мықты ерік қасиеттерді, адамшылық пен ұстамдылықты талап етеді. Мұндай зор талап өз өмірлерін жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнаған педагогтық оқу орындарының студенттеріне көптеген міндеттер жүктейді.

Педагогтық институттарда студенттердің болашақ мұғалімдік мамандығының бағытын анықтауда, әсіресе олардың осы мамандыққа қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыруда педагогика тарихы пәнінің алатын орны ерекше.

Педагогика тарихы арқылы болашақ мұғалімдер педагогика ғылымының бай қазынасы мен мұраларын меңгереді, әр түрлі тарихи дәуірлердегі педагогтардың прогрессивтік және реакцияшыл теорияларының арасындағы шиеленіскен күрестермен танысады.

Педагогика тарихын оқу үстінде болашақ ұстаздардың педагогикалық ой-өрісі кеңейеді, олар педагогикалық тұрғыдан ойлануға, оқу мен тәрбие жөніндегі әр түрлі пікірлерді салыстыруға, бағалауға, қажетті жағдайда пайдалануға үйренеді.

Курста «Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы және дамуы» деген бөлім беріліп отыр. Оқулықтың: «Кіріспе», «Құлдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп», «Феодалдық қоғамдағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікір», «И. Г. Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы», «А. Дистервегтің педагогикалық теориясы мен қызметі», «Р. Оуэннің педагогикалық қызметі мен көзқарасы», «XVIII ғасырға дейінгі Россиядағы тәрбие мен педагогикалық ойлар», «XVIII ғасырдағы Россияның мектебі мен педагогикасы», «Л. Н. Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарасы», «Совет мектебі дамуының негізгі кезеңдері (1917-1980 жылдар) », «Н. К. Крупскаяның педагогикалық қызметі мен теориясы» т. б. қарастырылады.

Өткен дәуірлерде алдыңғы қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие-мәселесінде көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды. Оларды сын көзімен қарап зерттеу болашақ мұғалімдердің, педагогтардың дайындығын күшейтеді.

Педагогика тарихы мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді, олардың тәрбие мәселелерін дұрыс шешуіне көмектеседі.

Бұл пәннің деректі материалдары мен теориялың тұжырымдары болашақ мұғалімнің ой-өрісін кеңейтеді, олардың педагогиканың классикалық шығармаларымен таныстырады. Тәрбиенің жастарды тәрбиелеу салаларының басқа түрлерінен артықшылығын және зор күшін көрсетеді. Педагогика тарихын терең меңгеру арқылы болашақ ұстаздар мектептің теориясы мен тәжірибесінің дидактикалық және тәрбие мәселелерін байыпты ойластыра қарастырып шешуге үйренеді. Осылай педагогика тарихы болашақ ұстаздарды халық ағарту ісі мен педагогикалық идеялар және педагогикалық әдебиеттермен кең және әр жақты қаруландырады.

Педагогика тарихы әр дәуірдегі тәрбие мен тәрбие мекемелерінің дамуын зерттеуде қоғамның дамуы туралы ілімдерге сүйенеді. Бұл ілім бойынша педагогикалық теориялар, тәрбие мекемелерінің жүйесі, оқыту мен тәрбиелеудің ұйымдастырылуы, мазмұны және әдістері қоғамның материал- дың өмірінің жағдайларына сай белгіленеді.

Мектеп тәжірибесі мен педагогикалық ой-пікір қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық талаптары мен дәрежесіне тәуелді болады деген объективтік заңдылыққа сүйене отыра, педагогика тарихынын зерттеушілер мектеп білімінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістерін қайта құрудың, педагогикалық көзқарастардың өзгеріп отыруының шын себептерін ашып отырады.

Сақтар б. з. б. 1- мың жылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Бұларды грек тарихшысы Страбон « Азиялық скифтер» - деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осындай пікірде болған. Алайда ол сақтарды бүкіл Шығыс халқының тегі болуы керек - деген ой тұжырымына келді. Оның жазуынша скифтерді парсылар « саға » ( саға, сақ - аты осыдан алынған) дейді.

Бүгінде қазақтың арғын, қыпшақ, тайпаларының құрамында «жерсақ», « бессақ», « борсақ» « қарсақ» деген рулар бар. Осындағы « Сақ» жалғауы қытай тарихындағы « сайжоң» -«сақ» деген атаумен төркіндес келеді. Бұл сақтардың айна қатесіз қазақ ұлтының түп - тұқиялы екендігін дәлелдейді. Ежелгі парсы жұрты Иран үстіртінің солтүстігін мекендеген ажайып қауымдардың бәрін « сақтар» деп атаған. Сондықтан тарих атасы Геродот « Парсылар - мұқым скифтердің бәрін сақтар деп атайды» - дейді. Ал, Геродотқа келсек, ол кең байтақ Еуразия даласының Карпаттан Қара теңізге, одан Каспий мен Орта Азияға дейінгі бөлігінде өмір сүрген көшпелілерді түгелдей « скифтер» деп атаған. Бірақ осы скиф жұрты да бірнеше түрге бөлінеді. Қытайдың тарихи құжаттарында « сай » иероглифіне әр түрлі сілтеме жасалады. Мысалы, «Жыңфанянь - шу - жиң» ( дұрыс оқу тәртібі) деген кітапта «шыжия» деп көрсетілген, осындағы «шыжия» деген «сақа», «сақ» сөзінің қытай өзгеріске ұшыраған түрі.

Қытайдың Еренқабырға тау бөктеріндегі Алагу сақ мәйіттерінен табылған құрал - жарақтарының ішінде алтын, күміс, мыс, темір, фарфор, т/б түрлі сырлы бұйымдар бар.

1983 ж. тамызда Күнес өзенінің оңтүстік жағасынан, Бестөбе қаласынан солтүстік шығысқа қарай 20 км- лік жерден бұдан екі мың жылдан астам уақыт бұрынғы бағалы қола мұраат табылды. Хабарлаушылар мұны « Үйсін мұрағаты » десті. Мұндай үстінде жыртқыш - тағылардың мүсіні кейіптелген дөңглек, шарш табақтар, сирақтарына жыртқыш кейіптелген даңғара қазандар - сақтар мәдениетінің айшықты үлгілерінің бірі. Мұндай мұрағаттар Қазақстанның

Тянь - Шань тау бөктерлерінен, Жетісу алқабынан үнемі кездеіп отырады. Сонымен бірге әлгіндей « тістескен жолбарыс, қанатты мақұлықтар» олардың сақиналарына жұптасқан бейнесі, жасалу ерекшеліктері де нағыз сақ өнеріне сай келеді. Бұдан сырт Еренқабырғадағы Алагуден көптеген жолбарыс суреті салынған дөңгелек алтын теңгелер табылды. Мұндай жыртқыш хайуандардың кескіні, бейнелері сақ - скиф бейнелеу өнеріндегі негізгі өрнек үлгілерінің біріне жатады.

Евразияның мал өсіретін тайпалары өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары отүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың - әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқалардың көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелген.

Қытай республикасының Синьцзян университетінің тарих факультетінің проф. Су Бэйхай « Сақтар мәдениеті» атты еңбегінде, сақтардың тәлім - тәрбиесі, үйретуі мен оқуға дағдыландыруға жас өспірімдерді бала жастан үйрететінін дәлелге келтіреді. Әсіресе, сақтар үлкенді сыйлау, топтасып жұмыс істеу, татулық, бірлік сақтау ерекшеліктері жөнінде ерекше көзге түскен. Бэйхай, бұған дәлел ретінде « Алагуден » табылған төрт археологиялық қазбадан төртеуінен алтын әшекейлі бұйымдар табылуы, осының дәлелі . Иран тіліне жақын» деп жазған.

Шығыс зерттеушісі, академик В. В. Бартольд « Жетісу тарихының очерктері» (1898), «Монғол шапқыншылығы жылдарындағы Түркістан» атты (1898 - 1900) еңбектерінде Сақ мәдениеті мен тәрбиесінен бері қарай, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өзінің тарихы мен тәлім тәрбиесі болғанын дәлелдеп берді. Ол Әл - Фарабиден бергі дәуірдегі Абайға дейінгі кезеңдегі қазақ тәлім - тәрбиесі Сақтан оның тарихи тағылымынан басталғанының айқын айғағы.

Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда сақтарда ата - баба әруағына, отбасылық - рулық әулиелер мен желеп - жебеушілерге сыйыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша, өмір сүре беретін о дүние бар деген лайықты сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан.

Жерлеу ғұрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар бар, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, оңтүстік Орал сырты мен батыс Қазақстанның савроматтары өлген тайпаластарын бетін ағашпен жапқан тар немесе кең тік бұрышты шұңқырларға көмген.

Сақ заманында түр жағынан барынша өзгерген және өңделген күнде болса да имизм, тотемизм, магия сияқтыалғашқы ең ежелгі діни ұғымдар да сақткалған. Тотемизмнің және магияның сарқыншақтары әр түрлі тұмарларда, тылсымдар мен бойтұмарларда сақталған. Сақтарға жақсы таныс жабайы аңдар бейнесіндегі киелі хайуандар туралы олардың шапшаңдығын, ептілігін және көбіне киелі күшін мадақтайтын аңыздар шығарылған.

Әлемдік тарихта есімі « Анахарсис Скифский» деген атпен қалған сақтар мемлекетінің әйгілі ойшылы туралы ақиқат та, аңыз да баршылық. Геродоттың айтуынша, ол қазіргі ( христиандық) жыл санауымызға дейінгі VI - VII ғ. өмір сүрген.

Ренессанстық жағдайларда алдыңғы мәдени дәстүр мүлдем жойылмай эволюциялық жолмен жүреді. Ренессанс табиғатына революциялық төңкеріс жат. Ренессанс - дегеніміз мәдениеттің өзінен - өзі, өз ішкі даму заңдылықтарына сәйкес жаңарып, жаңғырып отыруы.

Геродоттың баяндауында, Анахарсис скиф патшасы Иданфаристің әкесінің туған ағайыны. Ал Иданфарис болса Персия патшасы Дариймен соғысқан скиф патшасы.

Анахарсис есімі Аристотельдің еңбектерінде де кездеседі. «Аналитиканың екінші кітабының үшінші тарауына Аристотель нақтылы заттың барлығын дәлелдеуден осы заттың неге бар болуы туралы дәлелдің айырмашылығы жайлы айта келіп былай дейді: « Анахарсистің айтуы бойынша, скифтерде флейтаның болмауы оларда жүзімнің жоқтығынан» (Аристотель, Шығармалар, 4- том, 281- бет), - деп мысалға алды. Анахарсис скифтерде флейтаның жоқтығын, скифтердің жүзім өсірмейтіндігіне байланысты екенін айтып отыр. Жүзім жоқ, яғни шарап жоқ. Демек, флейтаның да қажеттігі де жоқ. Аристотель өзінің осындай логикалық топшылауларында Анахарсистің кезінде кең тараған қанатты сөзін дәлел ретінде пайдаланған.

Анахарсистің көркем бейнесі Плутархтың ( б. э. д. 40 - жылдары туып, шамамен 120-125 жылдары өлген. ) «Жеті ғұлама сауығы» деген еңбегінде жасалған.

Анахарсис Скифияға оралып өз еліне Эллиндер тұрмысын үйрете бастағанда, оны атып өлтіреді. Геродоттың айтуынша, Анахарсисті грек әдет - дәстүрін сақтағаны үшін өз туысы Савлийпатша атып өлтіреді.

Сонымен, негізінде Платон, Аристотель сияқты философтар мойындап оның беделіне бас иген Анахарсис Скифскийдің өз бабамыз екендігі анық. Оны Майқы Мән баласы « Анарыс » деп атаған. Мүмкін оның есімі Аңарыс шығар. Анахарсис деген латынша аталған есімі болуы мүмкін. Демек, Анахарсисті тану ілімін жолға қойған жөн.

№2 лекция. Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы.

Жоспары:

1. Алғашқы қауымдағы тәрбие.

2. Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы.

3. Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы.

Тәрбие - адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқарушылық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф. Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құ-ралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.

Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке отбасы болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық бірлескен жұмысы болды.

Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.

Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.

Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты және жоспарлы іске айналды.

Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және олең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға бастады.

Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі - рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Жекеменшіктің, құлдықтың және жеке отбасының шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке отбасы тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т. б. сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.

Көне грек философы Платон батыс саяси ф. илософиясының, сондай-ақ біздің коптеген этикалық және метафизикалык таным-түсінігіміздін бастау көзінде тұрған тұлға болып саналады. Бұл салалардағы онын алғышарттары 2300 жылдан бері оқылып, зерттеліп келеді. Сондықтан да Платонды батыс акыл-ойының 1 әкесі деп таныған жөн.

Платон Афина қаласындағы атақты отбасында біздің дәуірімізге дейінгі 427 жылы дүниеге келген. Жас кезінде ол даңқты философ Сократпен танысып, бара-бара оның әрі шәкірті, әрі досы болып кетті. Біздің дәуірімізге дейінгі 399 жылы жетпіс жастағы Сократка Афина жастарын азғындауға шакырды деген айып тағылды. Философты өлім жазасына кесті. «Мен көрген адамдардың ішіндегі ең дана, ең әділ адам» деп өзі бағалаған Сократтың әлім жазасына кесілуі, Платонның демократиялық билікке деген жиіркенішін тудырды.

Сократ қайтыс болғаннан кейін Платон Афинаны тастап он-он екі жыл бойы алыс сапарларда болды. Біздің дәуірімізге дейінгі 387 жылдың шамасында ол Афинаға қайта оралып мектеп, сонан ксйін Академия ашты, кейіннен ол мектеп пен Академия тоғыз жүз жыл бойы жұмыс істеп тұрды. Платон қалган өмір-інің қырық жылын Афинада өткізді. Онын шәкірт-терінің ең атақтысы Аристотель болды. Ол он жеті жасында Академияға келген кезінд е Платон алпысты алқымдап қалған еді. Платон лекциялар окып, философиялык еңбектер жазумен шұ-гылданды. Ол сексен жасында, біздін дәуірімізге дейінгі 347 жылы дүние салды.

Платон негізінен саясат және этикалық мәселелер жөнінде, сондай-ақ метафизикамен, теология туралы отыз алты кітап жазған. Әлбетте, ол еңбек-тердің мазмұн-мәнін бірер сөзбен айтып беру мүмкін емес. Солай бола тұра философтың ойларын карабай-ырландырып алуым мүмкін екенін біле тұра, оның биік өрелі коғам туралы тұжы-рымдамалары жинакталған данкты «Республика» кітабындағы пікірлердің кей тұстарын келтіре кетуге тәуекел еткім кеп тұр.

Платонның айтуынша, билеуші топтың ең үздігі - ақсүйектік. Ол бұл жерде ақсүйектік деген ұғымға таза физиологиялык арғы тек пен монар-хияны кіргізіп отырған жок, ол ұғымға адамдық сапалы ақсүйектікті кіргізіп отыр, яғни ол бұл жерде мемлекетті терен акыл-оймен, даналыкпен баска-руды айтып отыр. Ол биік орындарға лайықты азаматтар тек дауыс беру мен ғана емес, тағы да қосымша сайлаулар аркылы отыру керек деп ұқты.

Платон, барлық адамдарға, мейлі ерлерге, мейлі әйелдерге болсын, олар жоғары тап мүшесі болу үшін ездерінің қабілет-дарынын бар жағынан көрсетуге мүмкіндік беру керек деп білді. Ол әйелдер мен ерлердің тең құкығын айтқан тұңғыш философ болып табы-лады. Платон адамдар бойындағы мүмкіндіктер барынша мол ашылу үшін мемлекет өзінің болашак ұрпақтарының тәрбиесі мен біліміне жауапты болу керек дейді. Сондықтан ұрпаққа тек дене тәрбиесін ғана беріп қоймай, оларға сонымен бірге музыкамен, математикамен тағы да баска академиялық ілім-білімдермен баюға жағдай жасаған жөн деп білді. Олардан кезең-ксзенімен тыңғылыкты емтихан алып отыру керек. Міне, сонда ғана олар коғамның маңызды салапарында жұмыс істеуге құкылы болып саналады. Сонан кейін олар өздерінін білімдерін одан әрі дамыту үшін философияны окып-үйренуге бет бұрсын.

Теориялық мәселелерді жан-жақты, шеберлікпен меңгеріп үлгерген отыз бес жастағы адамдар, тағы да он бес жыл бойы практикалық тезден өтуге тиіс. Өзінің алған теориялык ілім-білімін нақты өмірде толығымен қолдана білген адам ғана жоғары билік тобына косылсын. Сонымен бірге ондай адам қоғам-ның»гүлденуіне өзінін бойындағы бүкіл карым-қуатын сарқып беретін адам болу керек.

Билік тобына кірген адамның бар жұртқа ұнап сүйкімді боп тұруының тіпті де қажеті жоқ. Билеп-төстеушілер ешуакта да бай болмауға тиіс. Оның тапқан табысы ішіп-жеуі мен жүріп-тұруына ғана жету керек те, оның жекеменшігінде жері де, тіпті үйі де болмауы керек. Ондай адамдарға алтын да, күміс те ұстауға рұқсат етілмесін. Олардың еңбек ақысы да шектеулі болсын. Билік топ мүшелерінін жеке отбасы да болмауы керек. Олар бір қазаннан тамақтансын. Әйелдері де ортақ болсын. Олар материалдық бай-лықтан емес, халыққа қызмет етуден ләззат алсын. Платон биік релі коғам дегенді осылай түсіндіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс - тәсілдері
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Оқыту түрлері. Балдық рейтингтік жүйе. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Зерттеу жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Педагогикалық және психологиялық диагностика
Темперамент туралы дәрістер
Мұхаметханов және Абай мұражайы Семей таңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz