Адамды қалыптастыру қызметі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Жақсылық пен ізгілік
2. Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұл мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын жәнә оның негізі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Мысалы Маугли-көркем беине. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады.
Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негізгі шарттарырың бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар-салт-дәстүр,әдет-ғұрып,рәсім-рәміз , діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір ддеңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінде өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы-әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте-қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік,әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілермен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.
1. www.ref.kz
2. www.drt.kz

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Жақсылық пен ізгілік
2. Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жақсылық пен ізгілік
Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл мәдениеттің қоғамдағы басқа
қызметтерін бойына жинақтайтын жәнә оның негізі мазмұнымен тікелей
байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек
жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет
адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. Мысалы Маугли-көркем беине.
Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай
болады.
Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негізгі шарттарырың бірі ретінде
ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік,
бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын
аламыз. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік
ерекшеліктеріне қатысты. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени
мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге
асады. Мәдени ақпараттар-салт-дәстүр,әдет-ғұрып,р әсім-рәміз , діл мен тіл,
дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір ддеңгейін меңгерудің
нәтижесінде мәдениет субъектісінде өзіндік санасының жанды буынына
айналады.
Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-
қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы-әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам
ерекше бір өрісте-қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен
ізгілік,әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған;
қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар,
мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілермен ауысу толастамақ
емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди
жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре
бастайды.
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ойшылдарының көзқарастары терең
демократиялық және гуманистік сипатта болды. Олардың шығармаларында
жалпыадамзаттық маңызға ие философиялық мәселелер — адамның болмысы мен
еркіндігі, өмірдің мәні, дін мен еркіндіктің арақатынасы, т.б. мәселелердің
де көтерілгенін атап айтуымыз керек. Қазақ ойшылдары адам бойындағы даралық
қасиетке ерекше мән берді, кез келген кісіге қайталанбас жаратылыс жұмбағы
ретінде қарады, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс бағалай білді.
Философиялық мәселелерді ізгілік пен қараулық аясында қарастырып,
дүниетанымдық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі.

Ұлтты сүю, кісілік деңгейге дейін көтерілу
Туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан
Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында
ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда
келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап
көрсетеді.
Ұлт — ұлыс — жалпы адамзат қауымындағы саяси-әлеуметтік мәселелер
туралы тереңнен ой толғаған Мағжан ақын әлемдегі барлық дау-жанжал мен
қайшылықтардың түп тамыры жеке адамда, оның бойындағы ізгілік пен
зұ­лымдықтықтың арақатынасында жатыр деген тұжырымға келеді.
Мағжан қазақ халқының шынайы өкілі ретінде әлемді, тарихты, кеңістікті
“адам мен адам”, “адам мен қоғам” және “адам мен табиғат” арасындағы
үйлесім арқылы бейнелейді. Ұлы ойшыл адамның жандүниесіне керекті бірден-
бір қасиет — қиялдың қалыптасуына жағдай тудыратын оның қоршаған ортасы деп
санаған. Адам халықтың мүддесі тұрғысынан шынайы қиялдай білуге тәрбиеленуі
керек, сонда ғана арман мен қиял адамды жақсылыққа, ізгілікке жетелейді.
Мағжанның көзқарасы бойынша, адамның әдемі пішіндерді, табиғаттың
сұлулығын көру қабілеті, терең ойлау мен қиялдың ұшқырлығы күрделі таным
процесі арқылы жүреді. Ақын жалпы “таным” деген ұғымды әртүрлі әдемі
түстерден рақат алу, табиғат құбылыстарының жаратылысы, ондағы дыбыстардың
сан алуандылығынан ерекше әсер алу деп ұғады. Сұлулықты сезіну адамның
өмірге деген қызығушылығын арттырады. Ол эстетикалық талғамы бар адамның
барлық уақытта жамандықтан жиреніп, ізгіліктің, жақсылықтың қажеттілігін
сезіне білетіндігін баса айтады: “Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу,
ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта
жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді”.
Ақын табиғат жайлы былай толғанады: “Үлбіреген гүл, күңіренген орман,
сылдыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара-көк теңіз... Міне,
осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, яки искусствоның тылсымды жанды
билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз... адамның көру сезімін сиқырлап
барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”.
Мағжанның философиялық көзқарасы бойынша, жан дегеніміз әлемді тануға
бейім әрі адамның ерік күш-жігерін өзіне аудару, әдемі буын, тамаша дыбыс,
ғажап түрмен (пішінмен) ләззаттану. Жан жамандыққа жиіркеніш сезіммен
қарап, жақсылыққа, ізгілікке қарай талпынады. Философ-ақын адам үшін жанның
қаншалықты мәнді екені жайында: “Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен
тұрады, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі
болады, дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен адам деген атты осы жанға
береді” деп жазады.
Ойшыл ақын адам болмысына жақсылық жасауға деген ұмтылыс пен
жамандықтан бойын аулақ салу тән, “ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу
адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе” деп есептейді. Мағжанның пікірі
бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені
сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Руханият партиясы
Мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері
Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері
Тәрбие мен оқыту бірлігінің маңыздылығы
Партиялар типологиясы
Мәдениет пен өркениет, құрылымы мен функциялары
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушы тәрбиесіне ықпалы
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Пәндер