Ораз Жандосов және тоталитарлық жүйе


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

І тарау. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы Жандосовтың саяси -қоғамдық қызметі.

1. 1 Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі О. Жандосовтың саяси сахнаға шығуы.

1. 2 О . Жандосовтың саяси-қоғамдық қызметі.

ІІ Тарау. Ораз Жандосов және тоталитарлық жүйе.

2. 1 Қосшы Одағы және ондағы Ораз Жандосовтың атқарған қызметі.

2. 2 Ораз Жандосов және тоталитарлық жүйе.

Қорытынды.

Сілтемелер тізімі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің өткен тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе біржақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құруды мақсат тұтқан елімізде төл тарихымыздың олқылау жазылған тұстарын толықтыра түсуге барынша жағдай жасалып жатқаны белгілі. Осынау сәтте, яғни халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан мезгілде, қазақ халқының тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткерлердің ғұмырнамасын жасауды да қолға алғанымыз абзал. Мұндай ғұмырнамалық зерттеулер жекелеген қайраткерлердің өмір жолын танып білумен бірге, олар өмір сүрген дәуірдің қыр- сырын түсінуге де өз септігін тигізеді. Өткен тарихымызды еркін қорытып, одан объективті теориялық тұжырымдар жасауға жол ашылып отыр. Қазан төңкерісі қарсаңында және революцияның алғашқы кезеңінде ұлттық интеллигенция қазақтың өзге интеллигенциясынан, яғни оқытушылар қауымынан, дәрігерлер, заңгерлер, әкімшілік қызметкерлерінен рухани жағынан жетілген, оқыған атаулыларға шамшырақ болған үлкен топ болды. (1)

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында, әсіресе, оның кеңестік дәуірінде қазақ ортасынан шыққан саяси қайраткерлердің ірі өкілдерінің бірі - Ораз Қиқымұлы Жандосов (1899-1938 ж. ) болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Ораз Жандосов сияқты халқымыздың бір туар азаматтарының сан-салалы ғұмырын зерттеу мүмкін болып отыр. Қазіргі кезде қазақ зиялыларына қатысты мәселелерді оның ішінде Ораз Жандосов сияқты тұлғаны зерттеу тарихымыздың ең бір өзекті мәселелерінің қатарында.

Бітіру жұмысының мақсаты: Ораз Жандосов саяси аренаға, негізінен кеңес дәуірінде шықты. Оның өмірі қысқа болғанымен, қазақ халқының тағдырына қатысты көптеген күрделі мәселелерді шешуде атсалысқан ірі саяси тұлға. Осы жұмыстың мақсаты Ораз Қиқымұлы Жандосов сияқты ірі саяси - қоғамдық қайраткердің 1917-37 жылдар аралығында атқарған сан салалы қызметін барынша ашып көрсету.

Бітіру жұмысының міндеті: Жұмысымның міндеті ХХ ғасырдың алғашқы жартысында, әсіресе, оның кеңестік дәуірінде қазақ ортасынан шыққан саяси қайраткерлердің ірі өкілдерінің бірі - Ораз Қиқымұлы Жандосовтың қысқа да мағыналы ғұмырын сипаттау.

Бітіру жұмысының хронологиялысы: Жұмыстың хронологиялық шеңбері 1899-1938 жылдарды қамтиды. Ораз Қиқымұлы Жандосовтың саяси-қоғамдық қызметі 1917-1937 жылдарға келетіндіктен осы кезең бітіру жұмысының негізгі хронологиялық обьектісі болып табылады.

Бітіру жұмысының дерек көздері : Жұмысты жазу барысында Ораз Жандосовтың саяси - қоғамдық қызметіне арналған газет-журналдардың мақалалары, ол туралы жазылған әдебиеттер қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы : Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен және сілтемелер тізімінен тұрады.

1. 1 Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі О. Жандосовтың саяси сахнаға шығуы.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында, әсіресе, оның кеңестік дәуірінде қазақ ортасынан шыққан саяси қайраткерлердің ірі өкілдерінің бірі - Ораз Қиқымұлы Жандосов . Ораз Жандосов саяси сахнаға, негізінен кеңес өкіметі орнаған соң шықты. Оның қайраткер ретінде танымал бола бастаған кезеңі - қым-қиғаш саяси көзкарас пен аласапыран саяси процестер тоғысқан кез еді.

1917 жылы қарашада Орталық Россиядағы саяси оқиғалардың ықпалымен Түркістан өлкесінде де (революпияға дейін Қазакстанның бүкіл оңтүстік аумағы, оның ішінде Ораз туып-өсіп, қызмет атқарған Жетісу облысы да осы өлкесінің құрамына кірген еді) қарулы көтеріліс ұйымдастырылып, нәтижесінде большевиктер өлкедегі саяси билікті тартьш алды. Саяси билік басына келген кенес өкіметі тап күресін басшылыққа алған, пролетариат диктатурасын орнатуды мақсат еткен орыс коммунистерінің шағын тобының қолында шоғырланды. (2) Жарияланған Халық Комиссарлар Кеңесінің құрамында Түркістанның жергілікті халықтарының бірде-бір өкілі болмай шықты, бұл жағдай ұлттардың теңдігі мен өзін-өзі басқару құқылығы туралы болышевиктердің саяси ұрандарының бар мән-мағынасын жоққа шығарьш, құрылған үкіметтің орыстың шовинистік - ұлы державалык саясат ұстанған үкімет екендігін ап-айқын көрсетті.

Кедейліктің тауқыметін көп тартқан, жас кезінен орыс байларына жалданып күнелткен Қиқым отбасында дүниеге келген Ораз жастайынан зерік бала болған. Әкесі Қиқым орыс байларының қолында көп жұмыс істегендіктен орыс тілін жақсы меңгеріп алады. Осы бір оқиға себепші болған болу керек, кейіннен ол баласы Оразды Верный қаласындағы орыс гимназиясына оқуға береді. Дарынды Ораз осы оқу орнында жақсы оқиды. Сондықтан да болу керек, оны достары кезінде ғалым бала деп атап кеткен. 1917 жылдың 7 ноябрінде Уақытша үкімет келмеске кетіп, Совет өкіметі орнағанда Ораз Жандосов большевиктер жағында нық тұрды. Белгілі революционер Тоқаш Бокинмен бірге астыртын жұмыстар жүргізді. Алматыда Совет өкіметі орнағанға дейінгі төрт айға жуық уақыт Жандосов үшін өте бір жемісті еңбек кезеңі болды. Ол бір жағынан большевиктер жағына шығып үгіт жүргізсе, екіншіден гимназияны бітіруге мұқият дайындалуда еді.

Он сегізінші жылдың 3 мартына қараған түні Алматы дүр сілкінді. Ораз Жандосов қарулы көтеріліске қатысты. Алматыда алғашқы совдеп құрылды. Оның мүшесі, нұсқаушысы болған Ораз алғашқы кезде казактар мен болған соғыста жарты айдай жүрді. Соғысқа еркінше кірген ол біраз уақыт қаланы қазақтардан қорғауға қатысып, ақыры советтендіру ісіне кірісе бастады. Сол жылғы апрельде гимназияны да бітірді.

Жетісуда Совет өкіметі орнағанымен онда кескілескен тап күресі жүріп жатты. Революцияның көсемі В. И. Ленин Жетісу ісімен үнемі айналысып отырды. Сондықтан да Түркістанға партиянын, көрнекті қайраткерлері Фрунзе мен Куйбышевті жіберді.

Сол 1918 жылы большевиктік партиянын, қатарына өткен Ораз Жандосов совдептің нұсқаушысы болып жүріп Верный уезіне қарайтын ауылдарда советтендіру жұмысын жүргізді. Жетісу облыстық атқару комитетінің қаулысын жүзеге асыра отырып, ол байлардан кедейлерге мал алып берді. Мұның өзі де есеппен жүргізіліп отырды. Совет өкіметінің өздері жағында екенін, байлардан көп жылғы ақысын алып бергенін көрген кедейлер ашықтан-ашық Совет өкіметі жағына шыға бастады. Осындай біраз шараларды жүзеге асырғаннан кейін 1918 жылдың октябрінде Советтердің Жетісудың облыстық бірінші съезі шақырылды. Ораз Жандосов осы съездін, жұмысына айырықша белсенділікпен қатысты. Өйткені бұл кезеңде ерекше мәселенің бірі қазақ кедейлерінің большевиктер жағына шығуы болатын. Өйткені большевиктер Совет өкіметін нығайту үшін ауылда соларға сүйенуге тиіс болды. Бір айдан артық уақытқа созылған бұл съезде бірнеше рет председательдік еткен Жандосовқа мінбеге де талай шығуға тура келді. Ақыры 263 делегат қатысқан бұл съезде «солшыл» әсерлермен күресте большевиктер төңірегіне делегаттарды көбірек тартып, жеңіп шықты. Съезд делегаттары революцияның өзі тудырған шешені, оның съездегі жалынды сөзі жөнінде көпке дейін айтып жүрді. (3) Ташкенттегі кеңес өкіметіне балама ретінде 1917 жылы 28 қарашада Түркістан зиялылары ұлттық мүдделерді басшылыққ алған «Түркістан автономиясын» жариялады, бірақ ол 1918 жылы ақпанда орыс армиясы тарапынан қанға бояльш таратылды.

Түркістандағы билік басындағы орыс болыпевиктері ұзақ уақыт бойы өлкенің саяси мәртебесі туралы ешқандай айқындама қабылдамай, саяси көрсоқырлық танытты. Олар өлкенің тарихи-объективті жағдайына мүлдем үйлеспейтін, оның жергілікті халықтары үшін жат ұлттық саясат ұстанды, Орыс большевиктері мұнда отарлық саясаттың топырағынан нәр алған кеңес өкіметінің пердесін жамылған анархия орнатты және орыс тұрғындары арасындағы әскери тұтынушылық сипаттағы коммунизм үшін жергілікгі халық есебінен алғашқы қорлану процесін жүргізді.

Жаңа үкіметтің қанды қылмыстарынан шошынған жергілікті халық арасында наразылық туып, ол бірте-бірте қарулы қозғалысқа ұласа бастады. Саяси билік басындағы орыс болыпениктері бұл қозғалыстың шын мәнін түсіне алмағандықтан да, оспадар саясат ұстанып, орасан зор құрбандықтар әкелген азамат соғысын тұтандырды. Зорлық-зомбылық, ату, тәркілеу, келемеждеу, тігерге тұяқ қалдырмай тонау - үкіметің негізгі практикалық ісіне айналды. Ташкенттегі орталық үкімет бүкіл елге аумағында өтіп жатқан саяси процестерді бақылай алмайтын дәрежеге жетті. «Біз, Кеңестік Түркістан - аса қиын, ауыр жағдайда, лаулаған оттың ортасында қалдық. Бізде - революция, оны біз - Орта Азия большевиктерінің шағын тобы басқарып отырмыз. Айналамыздын бәрі - қаптаған халық миллиондаған азиялық тобыр. Онда не болып жатқанынан мүлдем хабарсыз едік», - деп жазады сол жылдардағы Түркістан үкіметінің басшысы Ф. Колесов өз естелігінде. (4)

Міне, О. Жандосовтың саяси аренаға шығуы дәл осыңдай аса ауыр саяси кезеңге тұспа-тұс келген еді. Өкіметтің түрі ауысқанымен де отарлық болмысы өзгергермеген. О. Жандосов бірте-бірте түсіне бастайды. Сондықтан да ол аласапыран уақытта туған халқының мүддесін қорғау үшін саяси билік пен әскери күшке ие болып отырған кеңес өкіметі жағына өтіп, отарлық дәстүр бесігінде дүниеге келген жаңа өкіметті Түркістанның жергілікті халықтарының төл өкіметіне айналдыруға, большевизмге ұлттық сипат беруге ұмтылды. Әрине, жасы жиырмаға жетпеген балаң жігіттен зор саяси бағдарлама күту де орынсыз талап болар еді. Сөйтсек те, біз Ораздың өзі туып-өскен Жетісу өлкесіндегі шым-шытырық окиғаларға, күрт өзгерістерге, шегіне жете шиеленіскен күрес пен арпалысқа бел шеше кіріскенін көреміз.

Кеңес кызметіне тартылған Ораздың ең алғашқы сүлбелі ісі 1918 жылы мамыр-кыркүйек айларында атқарған Верный қалалық-уездік кеңесінің нұсқаушысы болуы еді. Сол жылы қазан айында ол кеңестердің алғашқы сьезінде облыстық ұлт істері жөніндегі комиссары болып тағайындалды. Дәл осы кезеңде Ораздың ұйымдастырушылық үгітшілік және шешендік таланты жан-жақты ашылды. Жетісу тарихында ең алғаш рет ана тілімізде жарық керген «Көмек» газетін ұйымдастырды. (5) 1919 жылы ақпанда ол Жетісу мұсылман әйелдерінің тұңғыш сьезін шақыртады, сол жылы мамыр айында Жетісу ақындарының тұңғыш слетін өткізеді. 1919 жылы сәуірде құрылып, қызу әрекетке кіріскен Мұсылман бюросы республикадағы саяси билікті, мемлекеттік басқарудың негізінде тұтқаларын өз қолдарына алуға тырысып, республиканы жеке-дара билеп-төстеп отырған шовинистік ниеттегі орыс большевиктеріне қарсы ымырасыз күрес жариялайды. Нәтижесінде «маркстік көзқарас тұрғысынан алғанда, көпшелілер бәрібір жер бетінен құрьш кетуі тиіс» деген саясат ұстанған Тоболин, Казаков, Успенскийлер бастаған шовинистердің үлкен тобы 1919 жылы қазанда Түркістаннан қуылғаны белгілі. Мұсбюро төрағасы Т. Рысқұловтың ұсынуымен Жетісу облыстық мұсбюросының жетекшілігіне келген О. Жандосов аса қысқа мерзімде-ақ елеулі еңбегімен көзге түседі. О. Жандосовтың жанашырлық қызметі мен табанды басшылығының арқасында облмұсбюро Жетісу қазақтарының, сондай-ақ, қырғыз, ұйғыр, дүңған сияқты басқа да мұсылман халықтарының бірден-бір қорғаушысына айналды.

Бұл кезеңдегі Жетісу қазақтарының жағдайы кең байтақ отанымыздың басқа да аймақтарындағы қандастарымыздың жағдайы сияқты аса ауыр еді Тек 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен оны қанға батырып, басқан кездегі зобалаңды айтпағанның өзінде, бас сауғалап көршілес Қытай аймағына ауған қазақ-қырғыздардың саны 3 адамға жетті. Үдере көшкен халықтың көрген қасіреті адам айтқысыз мөлшерде болды. Олардың тастап кеткен дүние-мүліктері талан-таражға ұшырап, мекендері жермен-жексен етілген еді. Патша билік орындары жер мен мүлікті, төрт түлік малды тартып алудың жоспарын аса ыждағаттылықпен іске асырған еді. «Қазақтарды жерінен айырар қатаң жаза - олар үшін лайықты жаза болмақ» - деп ұран тастаған болатын генерал-губернатор Н. Куропаткин. Жетісуда әлі де кескілескен айқас жүріп жатты.

Жиырмасыншы жылдың басында Анненков бандалары Қызыл Армияның шабуылға шығуына мол мүмкіндік жасап отырған Черкас қорғанысына қауіп төндірді. Черкастықтар Совет өкіметі үшін қажырлылықпен күресті. Бірақ олар үлкен қате жіберді. Олардың соғыс күштері бір орталыққа, бір қолға бағындырылмады. Осындай «ер басына күн туып, етікпенен су кешер» кезеңде Ораз Жандосов Жетісу майданының штабынын, жұмсауымен бір топ коммунистер мен комсомолецтерді бастап жау тылына өтті. Онда қазақтар арасында большевиктік саяси жұмыстар жүргізді. Анненковшылдардың ішінен іріткі салды. Жау әскерлері арасынан бүліне бастады. Бұл қиын да, қызық та, әрі әрбір минуты қауіпті жұмысты ойдағыдай атқарып келген Жандосовты тағы бір ауыр жұмыс күтіп тұрды. Төтенше комиссия үштігінің бірі ретінде жау жайлаған жерлерге Совет өкіметін орнатуға жұмсалды. Бүгін бұл жерде Анненков бандалары жайлап жатса, артынан олардың қалғандарын, құйыршықтарын құртып, Жандосовтар революциялық комитеттер құрып, Совет өкіметін орнатты. Жетісудың солтүстік аудандарында Советтердің басына большевиктерге ең берілген адамдар таңдалып қойылды. Осының бәрі анненковшылдармен жанталаса аралас-құралас жүріп, қым-қиғаш күрес үстінде өтті. Пәрменді насихаттың, жауды іштен ірітудін, нәтижесінде осы кезеңде Алашорданың, Семей жағынан келген көптеген қазақ жігіттерінен құралған солдаттарын және Уақытша үкіметтің жетісулық бастығының бірі Тынышбаевты қоса қолға түсірді. Олардың соңынан тағы біразы үгіттеліп, большевиктер жағына қару-жарағымен етті. (6)

Совет өкіметінің жаулары соғыс бітіп, интервенттер мен ақ гвардеецтерді жойғаннан кейін де күресін тоқтатқан жоқ. Бұрынғы үстем тап негізгі соққыны облыс орталығы Верныйға бағыттады. Олар Алматы гарнизонының арасында контрреволюциялық үгітті күшейтті. Орыс шовинистері, қазақ ұлтшылдары ұлт араздығын қоздырды. Осындай қиын кезеңдерде Алматыға Түркістан майданы соғыс-революциялық Советінің уәкілі, аңызға айналған Чапаев дивизиясынық комиссары Дмитрий Фурманов келді. Соған қарап тұрғандай Алматыда бүліншілік бұрқ өте түсті. Бұрынғы мен большевикпін деп көкірегін ұрып жүргендердің біразы буржуазияны жақтап кетті. Ал Жетісудың солтүстік майданында да Калашников сияқтылар өзі қожа, өзі би болып, ешбір өкіметті тыңдауды қойды. Сондықтан да Фурманов Жандосовты майданға аттандырды. Өйткені «қызыл» атын жамылғандарды әшкерелеп, әскерлерді дұрыс басқару үшін Жандосов сияқты ақылды, ысылған ұл керек еді. Ол Қапал, Жаркент, Лепсі уездеріндегі Қызыл Армияға басшылық етті. Осы кезде Москвада өтіп жатқан Советтердің бүкілодақтық IX съезі соғыста жүрген Ораз Жандосовты Энукидзенің ұсынысы бойынша Советтердің Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінің мүшесі етіп сыртынан сайлады. Жетісуда жау ада-күде жойылып бітті. Соғыста сыннан өткен жалынды революционер артынша Жетісу облыстық соғыс-революциялық комитетінің председателі болып белгіленді. Сонымен бірге ол облыстың қосшы одағын да басқарды.

Жандосов жергілікті халықтан Қазыл Армия бөлімшелерін құруға белсене қатысты. Ол туралы басқа сөз айтып жатпай-ақ бұл жөніндегі істеген көп жұмысының бірін дәлелдейтін мына бір телеграмманы келтірсек те жеткілікті болады:

«Түркстан Орталық Атқару Комитетіне. 19 декабрьде Верныйға Верный уезіндегі көшпенді қазақтардық тоғыз болысынан бес тәулік ішінде алынған 225 адам - Қызыл Армияға өткен еріктілердің шеруі келді.

Ерікті-атты әскерлер біразы өздерінің, біразы жергілікті ауыл жұртшылығының еркімен берілген атымен, ат-тұрманымен тартылды. Еріктілер Верныйда құрылған қазақ-қырғыз бөлімшелерінің қатарына қосылды.

Шеруді гарнизонның қатысуымен әскери және азаматтық өкімет салтанатпен қарсы алды. Еріктілер шеруінің қалпын бұзбастан қызыл әскерлердің клубына барды. Онда біз митинг өткіздік, онда еріктілерді шығарып ала келген жергілікті өкілдер сөз сөйледі. (8)

20 декабрьде еріктілер алынған болыстардың өкілдері қатысқан -облревком мен уездревкомның біріккен отырысы болды. Соңында оларға қонақасы берілді. Еріктілерді алған және үгітті басқарған мен, шеру Верный қаласына менің әміріммен кірді.

Мұны Советтік Жетісудағы белгілі оқиға ретінде хабарлап отырмын. Жалпы көңіл күй, жалпы ұран, бұл оқиғаның саяси маңызы әскерге алынғандар өкілінің бас қосқанда сөйлеген мынадай сөзімен былай сипатталады. «Совет өкіметі қазақ кедейлерінің жайын ұқты, қазақ кедейлері де Совет өкіметін түсінді. Сол, Совет өкіметі қазақ еңбекшілері бұқарасының өзімен бірге екеніне сенсін». (9)

Шынында да бұл оқиға қазақ халқы ниетінің революциялық саналылық пен белсеңділік жағына ауып отырғанын, немесе ауғандығын көрсетеді.

Қайткенде де қазақ бұқарасы керенау аққаулықтан іргесін алыс салды және өзін қорқытып келген қанауға революциялық жалынмен жауап беруде.

Еріктілер келіп жатыр. Еріктілер алу жүргізілмегеи қазақ болыстары өздерінің өкпесін білдіруде. Егер 13 декабрьде қазақтан қызыл құрамалар ұйымдастырудың мүмкіндігіне күмән туғызуға болса, енді 18 декабрьде қазақ халқы қызыл жауынгерлердің қолын кез келген уақытта сапқа тұрғызып бере алады деп батыл айтуға болады.

Облыстық соғыс-революциялық комитетін басқарып Жандосов Совет өкіметі жүктеген зор шараларды жүзеге асырды. Бұл шаралар қаншалықты қиын болса, соншалықты игілікті де болатын. Соғыстан кейін тұралап қалған ауыл шаруашылығын қалпына келтіру, кедейлердің мүддесін қорғау, байларды барынша ауыздықтау, отарлау саясатының салдарынан құруға таяған халық мәдениетін, мұрасын жандандыру, елді артқа тартып келген сауатсыздықты жою, бірлі-жарымды бас көтерген жауларды ұясында тұншықтыру, ең маңыздысы жер-су реформасын жүргізіп, Совет өкіметін нығайта түсу - осының бәрі революциялық комитеттің белсене атқарған ісі болды. Жандосов осының барлығын халық мүддесіне сай орындап шықты. Отарлаушылардан 470 мың гектар жер өз елінде, өз жерінде отырып бұратана атанып, отарлау саясатының 1916 жылғы жазалаушы отрядтың кесірінен шөл-шөлейт, тәлімі, құмды жерлерге босып кеткен қазақ пен қырғызға үстем таптан тартып алынып берілді. Ал ең азулы деген шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлар, отарлаушы-кулактар Жетісудан аласталды. Олардың мал-мүлкі конфискеленіп, үрерге иті жоқ, сіңірі шыққан кедейлерге бөлініп берілді. Бұл үлкен жұмыс көбіне Жандосов ұйымдастырған қосшы одағы арқылы жүргізілді. Ал қосшы одағы ұлттардың арасындағы сол кездегі ең жақсы дәнекердің бірі болды.

Партияның X съезі екінші мәселе етіп насихат-үгіт жұмысын қарап, оған зор маңыз берді. Әсіресе, патшалық Россияның алыс түкпірдегі отары болып келген Советтік Түркістан республикасы бұл маңызды іске зәру еді. Бұл жұмысты жолға қою істе сыналған, білімді, жан-жақты тәжірибесі бар Ораз Жандосовқа тапсырылды. Ол Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімін басқара отырып, Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің саяси бюросының мүшесі болды. Көп ұлтты бұл республиканың насихат жұмысын жолға қойған, олардың ұлттық дәстүрлерін құрметтеумен бipге Жандосов ескінің қалдығымен аяусыз күресті. 1923 жылы ол РКП (б) -ның XII съезіне делегат болып қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ораз Жандосовтың қоғамдық-саяси қызметі
Қосшы одағының ауылдарға және ауыл
ОРАЗ ҚИҚЫМҰЛЫ ЖАНДОСОВ
Саяси қуғын-сүргіннің себептері. Жарты елді жайлаған аштықтағы М.О.Әуезовтың ұйымдастырған шаралары
1932 жыл ашаршылық ақиқатын ашатын кез келді
Саяси партия туралы
О.Жандосовтың өмірінің барлық кезеңдерін қамти отырып, оның Жетісу өңіріндегі қоғамдық-саяси, мәдени, ағарту саласын дамытудағы қызметінің маңыздылығы
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САЯСИ ЕРКІНДІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Ораз Жандосов жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz