Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және қолданылатын өлшемдері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Бухгалтерлік есеп пәні

Кәсіпорындар мен ұйымдардағы болып отыратын барлық үдерістерді алдымен бакылап, орындалған жұмыстар мен атқарылған қызметтердің нәтижесінде өндірілген өнімдерді, олар үшін жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржы-қаражаттарды сандық өлшемге келтіріп және оны арнаулы құжаттарға қарай реттеп, соңынан тіркеу жұмысын жүргізетіндігі бухгалтерлік есептін басты міндеті болып табылады. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті күнделікті қолданылатын есеп жұмысынын белгілі бір кезеңдерге сай дамитындығы белгілі. Ал шаруашылық есеп мәліметтері өндірістің экономикалык жағдайын белгілі бір дәрежеде жан-жақты сипаттап, талдап, қандайда бір шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы экономикалық пән болып табылады. Қандайда бір шаруашылык құбылыстарын зерттеп, оларға экономикалық талдау жасау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне сүйенуімізге тура келеді. Шаруашылык есептің алғышарты материалдық өндірістің теориялық негізін зерттеуге байланысты. Қандайда болмасын есеп кѳрсеткіштері экономикалык жағынан маңызды мәселе болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы акпараттық мәліметтерді жинақтау бухгалтерлік есеп пәні болып саналады. Бұл пәннің негізгі мақсаты - осы бухгалтерлік есепке анықтама беру және оны басқадай экономикалык пәндермен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, өз ерекшелікгерін теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік (практикалық) тұрғыдан сипаттап қарау болып табылады.

Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатынын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау - бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.

Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - барлык кәсіпорындарда орындалатын операциялардын уактылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың кай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез келген кәсіпорында, яғни өнім өндіру мен оларды сату, пайдалану, бөлу үдерістерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда белгілі болыл отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорындардагы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікгі болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының накты тұрде жүзеге асырылуын кажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептін тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік зандылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті зандарга сай іске асырылады. Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп кѳрсеткіштері мен экономикалык талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып, кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды кұжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдык ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сод, ол тек кана бастапкы және арнайы құжаттарға жазылын тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындагы шаруашының операциялардьщ тиімділігі мен олардьщ зандылыгы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдык құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістін дамуын экономикалық тұрғынан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондыктан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті-халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапка сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің кай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол зандылыктарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Бухгалтерлік есептін негізгі мақсаты - ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашының қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржынандыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде колданылатын өлшем түрлері

Кәсіпорындар мен ұйымдардагы күнделікті болып отыратын барлық операцияларды, шаруашының үдерістері мен шаруашылық құралдарының қозғалысын олардың өнім өндіруге катысуы мен оның нәтижесін есептеу үшін үш түрлі өлшем қолданынады.

1) Сандық (натуралдык) өлшем.

2) Еңбек өлшемі.

3) Ақшалай өлшем.

Сандық (натуралдық) өлшем кәсіпорынның кіріске алынуга, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын, материалдары мен негізгі құралдарын өлшеу, санау, көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл сандык (натуралдық) өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық құралдарының түріне қарай әр түрлі болып келеді.

Мысалы: ағашты өлшеу үшін - текше метр (куб/м), жерді өлшеу үшін - гектар, астықты өлшеу үшін - центнер және тагы да басқа өлшемдер қолданылады.

Бұл сандық (натуралдық) ѳлшемді колдану санау, өлшеу арқылы есеп жұмысын жүргізу барысында кажет. Алайда өндірілген өнімдерді сандық (натуралдык) ѳлшемді пайдалану арқылы өлшеумен қатар олардын сапасына және түріне карай есеп жүргізудің маңызы зор. Сандық (натуралдық) ѳлшеммен коса өнімнің сапасын сипаттайтын сапалыкқ өлшемдерді пайдалану аркылы өндірілген өнімнің төменгі және жоғары дәрежедегі сапасын аныктауға болады. Бірак та тек қана сандық (натуралдык) өлшем арқылы жүргізілген есеп мәліметтері негізінде ұйымның жұмысына толық және жан-жақты талдау жүргізуді жүзеге асыру мүмкін емес.

Мысалы: тоннамен есептелінген 100 (бір жүз) тонна отынға (кемірге) текше метрмен есептелінген 150 (бір жүз елу) текше метр отынды (мұнайды) коса салып, 250 (екі жүз елу) тонна немесе 250 (екі жүз елу) текше метр отын деп есептеу мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бухгалтерлік есептің теориясы, нормативтік-құқықтық реттелуі және кәсіпорындардағы ұйымдастыру
Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы, мақсаты және негізгі әдістері
Шағын кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы: мәселелер мен шешу жолдары
Бухгалтерлік есептің мәні, мақсаты, ұйымдастырылуы және негізгі есеп операциялары
Нарық экономикасында бухгалтерлік есептің маңызы, мақсаты және теориялық негіздері
Бухгалтерлік есеп: пәні, әдістемесі, мақсаты мен міндеттері
Бухгалтерлік есептің мақсаты мен пайдаланушылары: қаржылық және басқарушылық есептің Қазақстан мен АҚШ-тағы ерекшеліктері
Бухгалтерлік есептің мәні, мақсаты мен принциптері және негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу әдістері
Бухгалтерлік есептің пайда болуы мен жүйелік дамуы: Қазақстан Республикасындағы міндеттері
Бухгалтерлік есептің теориясы, әдістері және ұйымдастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz