Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы


Кіріспе
Қазіргі таңда елдің аймақтық дамуындағы жағдайды былай сипаттауға болады:
Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттерді дамыту үшін елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылы 17 мамырдағы №1096 жарлығымен экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнімнің бәсекелік түрлерін шығару мен экспортты ұлғайту үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы. Қазақстан Республикасы Президентінің "Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы"
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленді.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бірқатар проблемаларға тап болып отыр. Негізгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бір жақты шикізат бағыттылығы, әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі, менеджменттің экономиканы Ғаламдану процестеріне және сервистік-технологиялық өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі. Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр. Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндірістерді құруға және олардың жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға және келелі салаларды кешенді талдау, олардың ең маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзірленімдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргізетін болады. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржы рыногын одан әрі дамыту және фискалдық, білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру көзделіп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдік стандарттарға көшу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрылымында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мен тетіктерін жетілдіру жөніндегі жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін Стратегияның тиісті бөлімдерінде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты іске асыру жөніндегі шет елдердің тәжірибесі, оның ішінде экспорттық саясаттың әрқилы түрлері мен кезеңдері, сондай-ақ әлемдік рыноктарда бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар келтірілген. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттырын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадрларды даярлау жүйесін қайта құрылымдау әлеуметтік саясатқа өзгерістермен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Жалпы алғанда Стратегияны іске асыру нәтижесінде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистік-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек. Әлемдік дамудан қалыс қалмау үшін Қазақстан алдыңғы қатарлы технологиялық әзірлемелерді ел ішіне табысты енгізу және сыртқы нарықтарға жылжыту үшін инновациялардың дамыған өңірлік орталығына айналуға тиіс.
Жоспар
Кіріспе.
І. Тарау. Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы.
1. 1. Қазақстан экономикасын инновацияландырудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
1. 2 . Инновациялық технологияны Қазақстанның ұлттық экономикасында қолданудың маңыздылығы.
ІІ . Тарау. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиялық дамуындағы қаржы институттарының атқаратын қызметтері.
2. 1 . Макроэкономикалық мәселелерді шешудегі қаржы институттарының атқаратын іс-шаралары.
2. 2 . Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудағы банк
жүйесінің алатын орны.
ІІІ . Тарау. Білім беру саласының инновациялық жүйеге көшуіндегі қаржыландыру мәселелерін шешудің негізгі жолдары.
3. 1 . Білім беру саласында инновациялық технологияны пайдаланудың тиімді жолдары.
3. 2 . Білім саласындағы қайта мамандандырудың өзекті мәселелері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .
І. Тарау. Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы.
1. 1. Қазақстан экономикасын инновацияландырудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
«Бүгінгі таңда тұтас алғанда еліміздегі экономикалық жаңарудың «локомотиві» болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтардың экономикалық қызметін жандандыруға, сондай-ақ өңірлердің ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет».
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы КСРО-ның біртұтас халық шаруашылығы кешенінің шеңберінде айқындалды және орталықтандырылған директивті жоспарлау негізінде жүзеге асырылды.
Нарықтық экономиканың жұмыс істеу жағдайында экономикалық әлеуетті дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелері негізінен нарықтық тетіктер арқылы айқындалады. Сонымен қатар, мемлекет елдің орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тіршілігі және бар ресурстық әлеуетті ұтымды пайдалану үшін жүйелі жағдайды қамтамасыз етуге тиіс. Тиісінше мемлекеттің аумақтық даму процестерін реттеудегі міндеттері өзгеруге тиіс. Қазіргі кезеңде мемлекет міндеттері экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тіршілік үшін қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектілерінің экономикалық белсенділігін өсіру үшін жағдайлар жасауға және әлемдік шаруашылық жүйесіне үйлесімді кіріктірілген біртұтас ішкі экономикалық кеңістікті қалыптастыруға келіп тіреледі.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру елді дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруге тиіс. Жаһандану мен халықаралық бәсекелестіктің күшеюі елдің әлемдік нарықтарға ұстанымдануының тиімді стратегиясын тұжырымдауды талап етеді.
Өңірлер мен ірі қалалар бәсекелік стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлінісінің ұлттық қана емес, өңірлік және әлемдік жүйесінен де орын іздеумен айналысуға тиіс.
Осы Стратегия, экономикалық кеңістіктік және халықты таратып орналастыруды қалыптастыруды, кластерлерді қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді қоса алғанда, елдің аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды және тиісті мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеудің немесе түзетудің негізі болып қызмет атқаратын болады.
Осы заманғы даму үрдістері елдің континентішілік жағдайының "түзелмейтін" таптаурынды жоққа шығарады.
Қазақстанның және оның одан әрі аумақтық дамуының перспективалары дәстүрлі бәсекелік артықшылықтарды пайдаланумен қатар, елдің әлемдегі ұстанымдануының жаңа парадигмасын тұжырымдай отырып, оның географиялық жағдайын барынша пайдалану стратегиясын іске асыруға тікелей байланысты болуға тиіс.
Қазақстанның экономикалық жаһандану процесіне қосылуы бастапқы кезеңде шикізат ресурстарын негізгі жеткізушілердің бірінің функцияларын іске асыра отырып, уақыт өте келе әлемдік экономикалық кірігу процесінің белсенді қатысушысына айналуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Орталық Азия өңіріндегі тораптық елге, өңірішілік экономикалық байланыстарды кіріктірушіге, капитал мен инвестициялар тартудың, Орталық Азия нарығына бағдарланған өңірлік өндірістерді немесе аса ірі әлемдік компаниялардың филиалдарын орналастырудың, халықаралық деңгейдегі қызмет көрсетулердің орталығына айнала алады. Перспективада Қазақстан маңызды байланыстырушы буынның, Еуропа, Азия - Тынық мұхиты және Оңтүстік Азия экономикалық жүйелерінің өзара іс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпірінің функцияларын да орындай алады.
Серпінді дамып келе жатқан ірі қалалардың базасында тауар, қаржы, технологиялық және мәдени алмасулардың еуразиялық жүйесінде өзіне елдегі экономикалық белсенділікті шоғырландыратын аса маңызды тораптарды қалыптастыру мүмкіндігі бар.
Трансконтиненталдық және басқа халықаралық магистралдарды одан әрі дамыту ішкі экономикалық кірігуді күшейтуге ықпал ете алады, жаңа минералдық-шикізат ресурстарын игеруді, тасымалданатын жүктерді өңдеу жөнінде өндірістер құруды, көлік жолдарын салуды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қоса алғанда, өңірлер экономикасының дамуына әсер ете алады.
Аумақтық даму Стратегиясының басымдықтары
Елдегі экономикалық белсенділікті өзіне шоғырландыратын және елдің қалған бүкіл аумағы үшін "локомотив" рөлін атқаратын "басып оза" өсу аймақтарын (өсу полюстерін) қалыптастыру.
Орталық Азиядағы сауда-экономикалық және сервистік-технологиялық орталық ретінде Қазақстанның экономикалық кеңістігін әлемдік шаруашылық жүйесіне кіріктіру.
Ел аумағын ұтымды игерумен үйлестіре отырып, экономика және еңбек ресурстарын экономикалық жағынан перспективалы және тыныс-тіршілік үшін қолайлы аудандарға шоғырландыру.
Кластерлік даму, өзін-өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды жұмылдыру тетіктерін енгізу жолымен өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Стратегияны іске асырудың негізгі бағыттары
Алға қойылған елді орнықты және серпінді дамытуды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізу өңірлік және әлемдік экономикада ел мен оның өңірлерінің бәсекеге қабілеттілікке мамандануын, елдің экономикалық әлеуетін және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыруды қалыптастыру жөніндегі өзара байланысты міндеттерді тиімді іске асыруға және соның негізінде елдің барлық аумақтарының теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуының жұмыс істеуіне байланысты. Осы Стратегияны іске асыру бағыттары көбінесе елдің аумақтық даму аспектілерін қамтиды. Сонымен қатар Стратегияда елдің орта мерзімді даму жоспарлары мен мемлекеттің басқа да бағдарламалық құжаттарында көзделген өзара байланысты шаралар шеңберінде макроэкономикалық реттеу мен қаржы секторын дамыту, қолайлы іскерлік және инвестициялық климат құру, өндірістің адами капитал, ғылыми-техникалық әлеует және басқа да бағыттар сияқты факторларын тұтастай дамыту мәселелері бойынша жалпы үйлестіру жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Еуропа, Азия-Тынық мұхиты және Оңтүстік Азия экономикалық жүйелері өзара іс-қимылының трансконтиненталдық экономикалық көпірі ретінде. Елдің екі континенттің (Еуропа мен Азияның) қиылысында қолайлы географиялық орналасуы және оның көлік-коммуникация дәліздерінің халықаралық дәліздердің құрамына қосылғандығы жүк транзитінен ғана емес, перспективада еуразиялық кеңістікте қалыптастырылатын сауда-экономикалық кірігулер процесіне қатысуынан да түсетін пайданы пайдалану мүмкіндігін алдын -ала айқындап береді.
Басты міндет Батыс пен Шығыс (Еуропа мен Азия) арасындағы кеңістікте ресурстардың құйылу процестерін технологияландыру (логистикалық тораптар, дистрибуцияның осы заманғы арналары) болып табылады.
Қазақстан-өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуші ретінде. Өзінің минералдық-шикізат және аграрлық әлеуетін, шетелдік инвестициялар мен технологияларды басып оза тартудағы артықшылықтарын пайдалана отырып, Қазақстанның орта және жоғары технологиялы өнеркәсіптік, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өңір елдеріне ірі жеткізушілердің біріне айналу мүмкіндігі бар. Жоғары бәсекелестікке байланысты аталған өнімдер түрлерімен әлемдік нарыққа шығу проблема болып табылады, сондықтан қаралып отырған кезеңде назарды өңірлік нарыққа шоғырландыру мақсатқа сай келеді.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберіндегі негізгі міндеттер мыналар болады: өңірлік нарықта бәсекеге қабілеттілік әлеуеті бар салаларды, оның ішінде кластерлік ұстанымды (тамақ өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі, металлургия мен машина жасау және басқалары) пайдалана отырып дамыту; технологиялық трансферт аймақтарын, жетекші шетелдік компаниялардың процессинг орталықтарын құру және дамыту, мысалы, "LG", "Рһіlір Моггіs", "Кnаuf" компанияларының Қазақстанда қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқан филиалдары сияқты "жаһандық брэндтерді" тарту; экспортталатын өнім номенклатурасын ұлғайту; қазақстандық брэндтерді алға жылжыта отырып, сыртқы нарықтарда маркетингілік қызметті жандандыру.
Қазақстан - қазіргі заманғы сервис орталығы ретінде
Бүгінгі әлемде қызмет көрсетулердің дамығандығы сондай, ол экономика жай-күйінің индикаторы болып отыр. Құрлықтың ортасына орналасқан Қазақстан үшін қазіргі заманғы қызмет көрсетулер саласын дамыту өңірде сәтті ұстанымдану мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Қолда бар әлеуетті пайдалана отырып, Қазақстан өңірдің халықаралық стандарттарға жауап беретін қызмет көрсетулердің кең ауқымын ұсыну бойынша дамыған сервис орталығына айналуға тиіс.
Өңірдің сервис орталығы ретінде Қазақстан өзін мыналар ретінде көрсететін болады: өңірлік дистрибуция орталығы, бұл елде Орталық Азия нарығына бағдарланған және әлемдік тауар өндірушілерге өз өнімдерін өңірде өткізу үшін қолайлы жағдай жасайтын ірі сауда-логистика тораптарын құруды көздейді; транзиттік-логистикалық орталық, бұл елде Еуропа мен Азия арасында жүк және жолаушылар транзиті үшін қолайлы әрі пайдалы жағдайлар жасауды, бүкіл Орталық Азия өңірінің тұтынушыларына қызмет көрсетуге бағдарланған көліктік-логистикалық тораптар құруды білдіреді; өңірлік қаржы орталығы-таяу жатқан елдерге қызмет көрсететін халықаралық сыныптағы қаржылық қызмет көрсетулер орталығын құру; ақпараттық-коммуникациялық орталық- түрлі ақпараттық және мультимедиялық қызмет көрсетулер, оның ішінде спутниктерден алынатын спутниктік байланыс және ақпарат арналарын ұсыну; туристік орталық-туризмді дамыту және елді Жібек жолындағы тарихы мен мәдениеті бай дамыған әрі тартымды туристік орталыққа айналдыру; білім беру орталығы-оқу ақысының қолайлы деңгейі кезінде өңір елдерінің жастарына батыстық стандарттарға сәйкес сапалы білім беру; медициналық орталық-өңір елдерінің азаматтарына жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, медицина кадрларын даярлауды және қайта даярлауды жүргізу.
Қазақстан - өңірдің инновациялық орталығы ретінде
Инновациялар және білімдер экономикасы осы заманғы әлемдік экономиканың негізіне айналып келеді, сондықтан, әлемдік дамудан қалыс қалмау үшін Қазақстан алдыңғы қатарлы технологиялық әзірлемелерді ел ішіне табысты енгізу және сыртқы нарықтарға жылжыту үшін инновациялардың дамыған өңірлік орталығына айналуға тиіс.
Қазақстанның мынадай салаларда инновациялық әзірлемелерді әзірлеуге және сыртқы нарықтарға жылжытуға мүмкіндігі бар: өнеркәсіптік әзірлемелер, минералдық шикізатты кешенді пайдалану және қайта өңдеу технологиялары; ауыл шаруашылығы саласындағы әзірлемелер; химиялық және биологиялық технологиялар; экология және энергияның баламалы көздері саласындағы әзірлемелер; медициналық әзірлемелер; ядролық технологиялар; ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар; ғарыштық зерттеулер; әскери-өнеркәсіптік технологиялар.
Ұстанымданудың осы бағыты шеңберіндегі негізгі міндет бұрын елден кетіп қалған ғалымдар мен әзірлеушілерді, сондай-ақ көршілес елдерден мамандарды тарта отырып, білім беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдаушы кешендерді біріктіретін өңірлік инновациялық жүйелерді (ӨИЖ) құру болады.
Елдің ұстанымдануының жоғарыда аталған бағыттары экономикалық әлеуетті және халықты таратып орналастыруды кеңістіктік ұйымдастыруды қалыптастыру үшін негізге айналады, екінші жағынан, тиімді кеңістіктік даму әлемдік нарықта елдің бәсекеге қабілеттілікке мамандануға қол жеткізуінің аса маңызды құралына айналады.
Стратегияның мақсаты, міндеттері және оны жүзеге асыру қағидаттары. Индустриялық саясат дегеніміз- мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік стратегиясы 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ одан кейінгі жылдары қазақстандық экономиканың сервистік-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негіздерін құруы тиіс. Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бәсекеге түсу қабілеті дегеніміз- қазақстандық кәсіпорындардың экспортқа шығарылатын өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді. Басқаша айтқанда, өңдеуші өнеркәсіптің өнімі осындай әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек және баға бойынша бәсекелесуге қабілетті болуы тиіс.
Экономиканың шикізаттық секторын дамыту Үкіметтің салалық және секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады. Стратегияның міндеті, өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8, 4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету, өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру, кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру, елдің экспорттық әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің мүддесіне қарай әртараптандыру, сапаның әлемдік стандарттарына көшу; дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдік шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады.
Өндіріске жұмсалатын электр энергиясының шығындарын индустриялық дамыған елдермен салыстыру төмендегі кестеде көрсетілген.
(ЖІӨ-нің 1 долларына шаққанда кВт/сағ)
Стратегия мынадай қағидаттарға негізделеді: жеке сектормен серіктестік;
инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталуы, өнеркәсіпті жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөніндегі рәсімдердің жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды іске асыруға мемлекеттік қаржылық және өзге қолдау көрсету, қосылған құн тізбегін дамытуды қамтамасыз ететін салаларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларының кешенді сипаты, тең бәсекелестік жағдайларды және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету, қандай да болсын жеке сипаттағы жеңілдіктерден және преференциялардан бас тарту, индустриялық саясаттың бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы. Аталған қағидаттар сақталғанда және экономика құрылымында түбегейлі сапалық өзгерістер болғанда, ол әртараптандырылған кезде алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу Қазақстанда тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау. Барлық әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде экономиканың шикізаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс істейтін экспортқа бағдарланған өндірістер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасауға ерекше көңіл болу қажет. Бұл көзқарас экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпкерлер үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетілдіруге және экспорттық бағыттағы өнімнің жаңа түрлерін шығаруға кедергі жасамайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz