Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым



Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым .
2. психологияға түсінік
3. Бозбала мен бойжеткендердің психикалық сипаттардың бірі . мінез.
4. Бозбала психологиясы
5. Бойжеткен психологиясы
6. Бозбала мен бойжеткенді тәрбиелеу психологиясы
Қорытнды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликамыздың жастарының психологиялық жағдайы өте жаксы және де өте белсенді дамуда десек те болады өзге ұлттарға қарағанда сол себептті біз міндетті түрде ұлттық бұрыннан дамыған мінезімізге көңіл бөлгеніміз өте орынды деп санаймын .
Қазақстанда жағымсыз жат әрекеттердін қазіргі жағдайына, нарықтық қатынасқа ену мен мынадай: жумыссыздық акшанын кұнсыздануы, өндрістердін кұлдырауы секілді феномендердін пайда болуы үлкен әсер етіп отыр. Әрине, бұл феномендердің көріп отырғандай зиянды әсерінің нәтижесінде жастардың жат әрекеттері өсіп отыр.
Біздің көзқарасымыз бойынша, жастардың жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің бірден-бір жол ретінде, жастармен профилактикалық жұмыс жүргізудің мақсаты-табысты әлеуметтенуте жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік, жауапкершіліктік қасиеттерін қалыптастыру процесіне көмек ету болып табылады.
Профилактика — бұл біздің жастарымызды тәрбиелеудің жалпы процесінін кұрама бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, "өз ішіне медициналық педагогикалық, аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе". Құқық бұзу профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту не болмаса баска да асоциалды кубылыстар жайлы ескерту максатында, антиқоғамдык, өмір салтын жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты бағытталған әсердә болжайды. Бұл анықтамаларды өз жұмыстарында көптеген социологтар берген. Бұл түсініктер, әрине, бір түпті негіздейді.
Ұлттық мінез адамдардың тарихи калыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностын, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының, тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттын, этностың өзіндік мінез-құлыктарының ерекшеліктері болатындығы — тарихи шындық және объективті фактор. Қазақ халкының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленігі тұратын өзіндік сипатқасиеттері бар, Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез- құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның, анықтауынша, қазақ, халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достығ және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық, пен пайымшылдық, сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ олардын, бойында өзге де мінез-құлық, сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың, өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүуйіспенпеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексуйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым –
2. психологияға түсінік
3. Бозбала мен бойжеткендердің психикалық сипаттардың бірі – мінез.
4. Бозбала психологиясы
5. Бойжеткен психологиясы
6. Бозбала мен бойжеткенді тәрбиелеу психологиясы
Қорытнды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликамыздың жастарының психологиялық
жағдайы өте жаксы және де өте белсенді дамуда десек те болады өзге ұлттарға
қарағанда сол себептті біз міндетті түрде ұлттық бұрыннан дамыған
мінезімізге көңіл бөлгеніміз өте орынды деп санаймын .
Қазақстанда жағымсыз жат әрекеттердін қазіргі жағдайына, нарықтық
қатынасқа ену мен мынадай: жумыссыздық акшанын кұнсыздануы, өндрістердін
кұлдырауы секілді феномендердін пайда болуы үлкен әсер етіп отыр. Әрине,
бұл феномендердің көріп отырғандай зиянды әсерінің нәтижесінде жастардың
жат әрекеттері өсіп отыр.
Біздің көзқарасымыз бойынша, жастардың жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің
бірден-бір жол ретінде, жастармен профилактикалық жұмыс жүргізудің мақсаты-
табысты әлеуметтенуте жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік,
жауапкершіліктік қасиеттерін  қалыптастыру процесіне көмек ету болып
табылады.
Профилактика — бұл біздің жастарымызды тәрбиелеудің жалпы процесінін
кұрама бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, "өз ішіне медициналық
педагогикалық, аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе". Құқық бұзу
профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту не болмаса баска да
асоциалды кубылыстар жайлы ескерту максатында, антиқоғамдык, өмір салтын
жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты
бағытталған әсердә болжайды.  Бұл  анықтамаларды  өз  жұмыстарында 
көптеген социологтар берген. Бұл түсініктер, әрине, бір түпті негіздейді.
Ұлттық мінез  адамдардың  тарихи калыптасқан бірлестігі мен ірі топтары
болып саналатын этностын, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік
жағдайының, тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттын, этностың
өзіндік мінез-құлыктарының  ерекшеліктері  болатындығы — тарихи шындық және
объективті фактор. Қазақ халкының түркі тектес өзге халықтардан
ерекшеленігі  тұратын өзіндік сипатқасиеттері бар, Ыбырай Алтынсарин
еңбектерінде өз халқының мінез- құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап
көрсеткенді. Оның, анықтауынша, қазақ, халқына қарапайымдылық пен
кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға
деген достығ және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық, пен пайымшылдық,
сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ  олардын, бойында өзге де мінез-құлық,
сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың, өз жері мен Отанына, туған еліне
деген шексіз сүуйіспенпеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі,
меймандостығы мен балажандығы, өмірдің  қиыншылықтары  мен әділетсіз
істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті,
еңбексуйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып
табылады.

Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым –
психологияға түсінік
Психология – жануар мен адам жанының (психика) пайда болу, даму
және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Жан құбылыстары бізді қоршап тұрған сыртқы дүниииие заттары
мен нәрселерінің мидағы әр турлі бейнелері болып табылады. Түйсік,
ой, сезім, елес, қабілет, қызығу, мінез т.б - осындай бейнелер түрінде
көбімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде қолданылатын
сөздер. Бұлардың мән-мағынасы мен заңдылықтарын психология пәні арқылы
танып-біліп, ұғынуға болады. Психология термині гректің екі сөзінен
тұрады. Оның біріншісі, псюхия (қазақша жан) логия немесе логос (қазақшасы
ілім-білім). Сөйтіп бұл сөз жан туралы ілім дейтін түсінікті білдіреді.
Бірақ психологияны қысқа түрде жан туралы ілім деп айта салмай өз алдына
күрделі заңдылықтары бар дербес тәжірибеге сүйенген ғылым деп ұғынуымыз
қажет.
Адамның жан-дүниесінің күрделі ағымын дұрыс аңғару үшін алдымен оларды
белгілі жүйеге топтастыруымыз керек. Кісінің жан сыры, яғни ғылым тілімен
айтқанда оның психикасы бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді.
Олардың бірі – психикалық процестер бұлер тілімізде жан қуаттары деп
аталады. Жан құбылыстарының тағы бір түрі – психикалық кейіп немесе қалып,
ал үшіншілері кісінің жеке-дара қасиеттері немесе өзгешеліктері деп
аталынады.
Жан қуаттарының бір тобы (түйсік қабылдау, елес т.б.) сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарын тікелей танып-білуде көрінетін болса енді
біреулері (ой, қиял т.б.) бұлардың арасындағы күрделі байланыстар мен
дәнекерлі қатынастарды, сапалық өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше
орын алады. Адамның сыртқы ортамен (объективтік шындық) үздіксіз жасалып
отыратын белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері де шешуші рол
атқарады.
Психикалық кейіп немесе қалып бұл адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт,
зерігу, абыржу, сергектік, белсенділік т.б.) бірсыдырғы тұрақты белгілері.
Психикалық қасиеттер немесе адамның жеке дара өзгешеліктері бұл бір адамды
екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы, тұрақты
ерекшеліктері. Бұған әрбір адамның мінещі мен темпераменті, қабілеті мен
дүние танымы, сенімі мен талғамы, мұраты мен қызығуы жатады. Бұлардың да
қалыптасуында адамның өскен ортасы мен қатар кейбір ұлттық жас өзгешелік,
кәсіптік өзгешеліктері бірсыдырғы орын алады. Адамның негізгі жан қуаттары
сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі деңгейдегі бейнелері
болып табылады. Аспанда жұлдыздар жымыңдап бір өшіп бір жанып тұр, оқтын-
оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді. Шөп сыбдыры
баяу ғана құлаққа шалынады. Жас жусанның иісі мұрын жаратындай көлде әлсін
әлі құрбақа бақылдайды. Осы үзіндіде адамның түйсік қабылдау деп аталатын
жан қуаттары жақсы байқалады. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының толып жатқан жеке сапалары мен қасиеттері сәулеленетін
болса, қабылдауда олар мида тұтас зат күйінде бейнеледі. Қабылданған заттар
санамыздан жойылып, өшіп кетпейді. Оларды түрліше жағдайда елестетуге
болады. Мәселен, студент үйіне хат жазып отырып, ондағыларды бет-пішінін,
үй ішіндегі нәрселерді көз алдына түсіре алады. Мұндай жағдайда оның
басында елестету процестері пайда болады. Бұл тікелей қабылданбай тұрған
нәрселер мен заттардың күңгірттеу жалпылама бейнесі. Оқушы саюаққа
дайындалады. Кейін мұғалім сұрағанда ол оқиғаны есіне түсіріп, айтып
береді. Сөйтіп, қажетті нәрселерді есіне сақтайды да қажетсіз, қызықсыз
жәйттерді ұмытады. Бұл жерде ес, жад процестері жайлы айтылып отыр.
Ғалымның жаңадан бір заң ойлап табуы,инженердің машинаның бір
турін ойлап шығаруы, оқушының шығарма жазуы т.б қиял іске қосады.
Бұрын қабылданған нәрселерді қайтадан өңдеп, жаңа бейне жасауда
көрінетін жан қуаты-қиял деп аталады. Алдымызда тұрған мәселені шешу,
заттардың себеп- салдарлық байланыстарын таба білу, болмысты жалпылай
және жанама түрде –ойлау процесінің арқасында болып отырады.
Сөйлеумен тығыз байланысты ойлау ол адам танымының ең жоғарғы
түрі. Біз айналадағы нәрселерге талғаусыз қарамаймыз. Ісіміз оңға
басса,оған көңіліміз толып қаттй қуанамыз,жаман нәрсені көрсек
ренжиміз , әділетсіздік іске ашу білдіреміз. Қуаныш, қайғы, ұнату,
ұнатпау, уайым, достық, жолдастық, адалдық, шыншылдық, қайрымдылық,
инабаттылық т.б.- адамның сан –алуан сезімдері мен эмоциялары.Тіпті
тұрған үйіміздің тазалығы немесе ластығы, астың дәмді немесе дәмсіз
даярлануы да біздің көңілімізде қанағаттандырушылық пен наразылық
сезімдерін тудырады.
Әрекет ету үшін алдымызға мақсат қойып, оны орындау үшін жоспар
сызамыз. Жолда тұрған кедергілер мен қиыншылықтарды жеңуге кірісеміз.
Көздеген мақсатқа жету үшін барлық күш жігерімізді жұмсаймыз. Бұл жәйттер
адамның мақсат тілек, қалау тоқтамға келуі оны орындаудан көрінетін ерік-
жігер процестерінің арқасында жүзеге асады.
Жан қуаттарының арасында зейін қызметі ерекше орын алады. Ол санамыздың
барлық жақтарының (қабылдау, елес, ойлау, қиял т.б.) белгілері объектіге
бағытталып, шоғырлануы. Зейін психикалық құбылыстардың қай-қайсысына да
дәнекер болып оны күшейте, әлсірете алады. Сезім, ерік процестерінде
зейіннің алатын орыны зор. Психикалық процестердің осы аталған түрлері бір-
бірімен тығыз байланысып жатады. Бұлар сондай-ақ адам дарылығын көрсететін
жеке психикалық қасиеттермен де (қабілет, мінез, темперамент, қызығу)
кейбір анатомиялық-физиологиялық тума қасиеттерімен де (нышан, инстинкт)
орайлас көрініп отырады. Бұлардың әрқайсысының көрінуі нақты жағдайлардың
әсерінен әркез түрлі мәнге ие болып адам санасын әрқырынан көрсетіп жатады.

Адам психикасы (сана) өте күрделі. Бұл материя дамуының белгілі бір
кезеңінде пайда болған қасиет. Мұның қалыптасуына еңбек ету, еңбек
құралдарын жасап, оны пайдалану, тілдің шығуы ерекше әсер еткен. Бұл
айтылғандар адам организмінің құрылымына үлкен өзгерістер енгізе бастайды.
Біртіндеп мойын омыртқалары жетіле түсті, бас сүйегінің формасы мен көлемі
өзгере бастады. Түрегеліп жүру бет әлпетінің (иек, маңдай, ерін т.б.) сезім
мүшелерінің дамуына жағдай жасады. Осылардың әсерінен жанның материалдық
негізі ми сыңарлары, әсіресе оның маңдай бөлігі даму бастады. Тіршілік
қажетіне байланысты сөйлеу пайда болды.

Бозбала мен бойжеткендердің психикалық сипаттардың бірі – мінез

Бозбала мен бойжеткендердің жеке басынан ерекше дараланып байқалатын
психикалық сипаттардың бірі – мінез бен темперамент.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік қоршаумен
(мектеп, оқу, өндіріс ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, т.б.) тығыз байланысты.
Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін
тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен ешбір бала туысынан
еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ
жылғы өмір сүру барысында, өмірдің сан-алуан ситуацияларының ағымына қарай,
тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен
жасайтын қарым-қатынасы – белсенді қарым-қатынас.
Иманжүзді, адамгершілігі мол адамның бойынан таблатын ұйымшылдық,
төзімділік, жігерлілік, намыстылық сияқты тамаша мінез бітістері де –
қоғамдық-әлеуметтік жағдай тудырған ұнамды психологиялық қасиеттері.
ХХ ғасырдың соңында ғылыми танымның алдыңғы қатарына адамның болмыстық
құндылықтарының мәнін түсіну мәселесі туындады. Сол себептен  ғылымда жалпы
білім беретін мектептердің әдістемелік тұрғыда даму кезеңін   белгілеп,
жасөспірімдердің мінез типтерін анықтау жолдары – адамның мінез- құлқының
психологиялық реттеуші ретінде зерттелуде екенін дәлелдейді. Соңғы уақытта
жалпы білім беретін мектептерде жасөспірімдердің  ауытқушылық мінез-құлқы
ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыз  асоциалды мінез-құлықтарын
интенсивті түрде зерттеуді талап етіп отыр.
Осыған орай қозғап отырған мәселеміз жасөспірімнің типтік ортақ
мінездерімен қатар дара мінез бітістердің де сан алуан түрлері болатындығы
  мәлім.   Сонымен қатар жасөспірімдердің мінез типін білмей олардың жүріс-
тұрысындағы ауытқулардың пайда болуына әсер ететін мәселелерді шешу өте
қиынға түседі. Жасөспірімдерде психопатия және мінез акцентуациялар бар
болғанда кейбір мұғалімдер оқушылардың мінез ерекшкліктеріне түсіне
алмағандықтан бұрыс көзқарас қалыптасып, артық талап қойылады, ал бұдан
түсінбеушілік пен қайшылық туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез
типін анықтау үшін жалпы білім беретін мектеп психологтары да қарым-
қатынастың психологиялық коррекциялаудың табысты болуына ықпал етуге тиіс.
         Жасөспірімдерді патомінездемелік тексерудің тағы бір маңызды
міндеті мінез девиациялардың патологиялық типтердің диагностикалау болып
табылады. Атап айтқанда конституционалды психопатия типтерін, психопатиялық
дамуларды (патомінездемелік құрамалардың) және өзге де психопатияға ұқсас
бұзушыларды анықтау.
          Патомінездемелік зерттеудің мәләметтері психопатиялар және мінез
акцентуацияларының негізінде пайда болған ауыспалы психопатияға ұқсас жүріс-
тұрыстың бұзылуына дифференциялды диагноз қоюға нақты мәліметтер беруі
мүмкін. Бірақ соңғы қорытындыны психиатор жасайды.
          Бұл айтылғандардың бәрі жасөспірімдердің акцентуациясы немесе
психопатия типтерін анықтау мақсатымен жүргізілген патомінездемелік
тексеру. Сонымен қатар бұл тексеру жасөспірімнің адамдық ерекшеліктеріне
баға беруге мүмкіндік тұғызады. Атап айтқанда ішімдік ішуге, делинквентті
жүріс-тұрысына, мінез бітістерін және жеке адамдық қарым-қатынас жүйесін
диссимуляциялауына тым бейім болуына және еркектік-әйелдік бітістерін
салыстыруда, әлеуметтік дезадаптацияға және депрессияға бейімділігін
анықтауға көмегін тигізеді.
          Жасөспірімдердің  акцентуация типін анықтау аса маңызды
тәжірибелік мәселе. Тип мінездің әлсіз жерлерін көрсетеді, сонымен қатар
дезадаптацияға әкелетін декомпенсация немесе психогенді реакция ұғымын
пайда болғызатын факторларды алдын-ала болжауды мүмкін етеді. Сонымен
психопрофилактикалық жұмыстарға перспектива ашылып отыр.
         1970 жылы А.Е.Личко жасөспірімдерге арналған патомінездемелік
диагностикалық сұрақтаманы құрастырды және оны апробациялады.
           Э.Крепелин, Э.Кречмер, К.Шнайдер, Г.Е.Сухарева, П.Б.Ганнушкин,
К.Леонгардың монографиялары мен нұсқауларындағы патологиялық мінез
типтерінің сипаттамасының негізінде жасөспірім кезеңінде өте өзекті кейбір
өмірлік мәселелерге деген қатынасын бейнелейтін фразалар жиынтығы
құрастырылды.  Бұл жиынтықтарға сонымен қатар индиферентті, диагностикалық
маңызы жоқ фразалар да еңгізіледі. Бұл мәселелер санына адам өзінің өмірлік
қызметін бағалау ( хал-жайы, көңіл-күйі, ұйқысы, сексуалды мәселелрі т.б.
), туыстары мен жақындарына көзқарасы (ата-аналарына, достарына, мектепке
т.б.) куреді. Қарым-қатынас психологиясынан (А.Ф.Лазурский, С.Л.Франк, В.Н.
Мясенцев) алынған жеке адамдық мәселелерге деген қактынас мінез типтерін
диагностикалау үшін пайдаланылған.
            Осылай құрастырылған сұрақтама арқылы А.Е.Личко 2235
жасөспірімдердің тобын зерттеген. Олардың ішінде 1675-і дені сау,
әлеуметтік бейімделген жасөспірімдер болған.  Осы зерттеу нәтижесінде
жасөспірім шақтағы психопатиялар мен мінез акцентуацияларының 11 типі
анықталған:
            1. Гипертимді тип (Г) – адамдардың басты белгісі көңіл-күйнің
үнемі көтерінкі болуы. Мұндай жасөспірімдер үнемі ұстамсыз келеді. Олар
тапқыр, пысық, ширақ болады және жүздері бал-бұл жайнап, өмірге қуанышты
көзқараспен қарайды. Олардың қимылы да ширақ, елгезек, айқын, мәнерлі,
қозғалыстары тез және көпшілікті тыңдамайтындығымен ерекшеленеді. Табысқа
тез жетеді, бірақ дереу бәрінен айырылып қалады. Қызықты істі тамаша
бастайды, алайда аяғына дейін жеткізулері сирек.
           2. Циклоидті тип (Ц) – тек қана мінез акцентуациясы түрінде
кездеседі. Бұларға көңіл-күйінің жиі ауысуы тән. Кейде көңіл-күйдің бір күн
ішінде әлде неше рет өзгеріп, ұстамсыз көңілдіктен толық торығуға дейін
ауытқиды. Уайымсыз-қамсыз, көңілді, сергек,ширақ жасөспірім кенет жабырқау,
мұңды, қайғылы, тұнжыр күйге түседі.
           3.   Психастениялық тип (П) – секем алғыштық, именшіктік,
қорқыныш, әр түрлі шамадан тыс шүбәланушылық пен өзін-өзі талдауға
бейімділік. Психастенниктер өздерінің мезі ететін жай-күйлерінің
мәнсіздігін түсінеді. Бұл күйлерді қинала бастан кешіріп, олпрмен күреседі.
Бірақ өзіне бірдеңе істеуде дәрменсіз болады. Оларды нақты және таныс іс
қана емес, беймәлім және болжамды істер қорқытады. Психастениктерге
жасқаншақтық, қорқыныш, шекте тыс үялшақтық  тән.
            4. Шизоидті тип (Ш) – тұйық тығымен және нақты дүниеден
оқшаулануларымен ерекшеленеді. Алайда оларды жалғыздық қызықтырмайды.
Олардың ішікі дүниесі фантазия мен құштарлыққа толы. Бірақ маңайдағы
адамдар үшін оған жол жабық. Оларға эмоциялық өмір мен мінез –құлықтың
оғаштығы тән. Оларға томаға – түйық және оқшауланып жүріп, шамалы танитын
кездейсоқ адамдар алдында алдында күтпеген жерден ашылып, әрі орынсыз жерде
сезімталдық көрсетуі  мүмкін.
           5. Эпилептоидті тип (Э) – оларда эмоциялык күш түсу,
ұстамсыздық, ызаланғыштық, аффектілік, тұрақсыздық, жанжалға үйірлік, талап
қойғыштық, ашушаңдық сичқты бір қатар ортақ белгілер болады. Бұл типке тән
ерекше белгілер: эмоцияның еңжарлығы, жәбірді ұмытпаушылық, кекшілдік,
қаталдық, жан икемділігінің тапшылығы, қыңырлық, мақсатқа жетуде жан
ауыртарлық шиеліністе тұрақтылық, кейде тәуліктер бойы созылатын
самарқаулық қасиеттері бар.
         6.  Истероидті тип (И)  - бұл типке тән белгілер: үнемі назарда
болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таң қалдырып, таңырқатуға әуестік.
Бұл олар үшін бар мүмкіндіктерді катап айтқанда, ала- бөтен киініп,ұшқары
сәнмен шаш қояды, эстраданың, спорттың, мамандықтың әдеттен тыс түрлерін
пайдаланады. Бір сөзбен айтқанда, үнемі жұрт көзіне түсуді қалайды. Сол
мақсатпен сатушы, манекенщица және басқа да мамандықты таңдайды. Бұл
типтегі жасөспірімдердің талабы әрқашан нақты мүмкіндіктерден асып-түсіп
жатады. Қолда жоқты бар етуге ұмтылыс истероидті адамның бүкіл мінез
құлқының бас көрсеткіші.
         7.  Тұрақсыз тип (Т) – Бұл тип психикалық жағынан
толыспаушылығымен сипатталады. Ал мұның өзі пайымдауларының үстірттігімен,
тұжырымдарының асығыстығымен қабаттаса келе ақыр аяғында жеңіл ойлы
әрекеттерге әкеп соғады. Мінездің тұрақты типінің негізгі белгілері:
жігерсіздік, жоғары дәрежедегі сезгіштік пен енжар, бағыныштылық. Олардың
іс әрекеттері ішкі сенімділікпен емес, кездейсоқ жағдайлармен айқындалады.
Көбіне оларда бекем қызығушылық пен өзіндік пікір болмайды. Олар кездейсоқ
таныстыққа бейім келеді, сым ішекті аспаптармен және қатты музыкамен
рақаттануды ұнатады. Мұндай жасөспірімдер  жәбірленгіш келеді., мақтауды
сүйеді, бірақ екеуінде тез ұмытады.
          8.  Астенол – невротикалық тип (А) – бұл тип жасөспірім шақта
алғаш рет ашылуы мүмкін. Мұнда қатты шршап шалдығу, ашуланшақтық және
илохондриялыққа бейім тұрушылық.
         9.   Лабилді тип (Л)  -  осы типке тән белгілер: көңіл күйдің
шектен тыс алмасуы. Лабилді типтегі жасөспірімдерге мақтау мен мадақтау
шынайы қуаныщ әкеледі, ал ұнамсыз оқиғаға ұшырау күшті аффективті реакция
туғызады.
        10.  Комформды тип (К) – А.Е. Личконың пікірінше, акцентуацияланған
комформды типі үшін еліктеушілік, барлығы сияқты өмір сүру, барлығы сияқты
әрекет істеу, тіпті, асыра иландырушылық тәрізді жалпы жасөспірімдік жасқа
тән әсіресе тұрақсыз және истероидтті типтердің сипат ұшырасады.
         11.   Сенситивті тип (С) – Бұл тип дербес өмірге қадам басатын
ересек жасөспірім шақта 16-18 жастарда қалыптасады. Жасқаншақ, ұялшақ және
өзін жақсы көретін жасөспірімдер жаны тым жараланғыш келеді. Олардың осы
тәріздес жиырылғыш қасиеті әр алуан сыртқы тітіркендіргіштерге өте
сезімталдықпен қаруымен ерекшеленеді. Олар сөз сөйлеуден қашып жүреді.
    Аралас типтер :  Мінез акцентуацияларда да психопатиялар да жиі
кездеседі. Бірақ сипатталған типтердің барлығы өзара байланысты бола
бермейді. Мына типтер бір- бірімен мүлде байланыспайды: гипертимді мен
либилді, астено-невротикалық, сенситивті, психастениялық, шизоидті,
эпилептоидті; циклоидті-гипертимді және лабилдіктен басқалармен; лабилді
мен гипертимді, психастеникалық, шизоидті, эпилетоидті; сенситивті мен
гипертимді, циклиодті, эпилетоидті, истероидті, тұрақсыз; психастеникалық
пен гипертимді, циклоидті, лабилді, эпилептоидті, истероидті, тұрақсыз; 
шизоидті мен гипертимді, циклоидті, лабилді, астено-невротикалық;
эпилептоидті мен гипертимді, циклоидті, лабилді, астено-невротикалық,
сенситивті, психоастеникалық; истеридтермен циклоидті, сенситивті,
психоастеникалық;  аралас типтер екі жақты болады.

Бозбала психологиясы

Жас мөлшері жігіттік пен жасөспірімдік шақтың аралығынан табылатын 15-
17-дегі кейбір әлде де мектепте оқитын енді біреулері қызметте жүрген
бозбала балаң жастағылардың осы кездері бойлары өсіп, салмағы артып,
кескеін-келбеті де ересек адамға жақындайды. Жан қуаттары мен дене күшінің
(бұлшық еттері, қаңқасы) мүмкіндіктері, арта түседі. Жас адамның жыныстық
жағынан жетіліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне ерекше үңіле түсуі құрбы-құрдас,
жора-жолдастармен қарым-қатынас жасауға аса ынталы болуы бойымен қатар ақыл-
ойының да біршама толысуы осы жастағыларға тән негізгі психологиялық
құрылымдар. Жастық шақ адам өмірінің көктемі. Бұл жайлы халқымыз жеріне
жеткізе айтқан. Мәселен, Ақыл – жастан, Жастық – жалын Болымдының
баласы он бесінде баспын дер, Жігіт болсаң, шоқ бол, Шоқ болмасаң, жоқ
бол секілді қатты сөздер бозбалалық шақ адамның ақыл-ой, қауыр өсетін
қажырлы іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа аса құштар, албырт романтикалық кез
екенін өте дәл бейнелейді. Жастық шақтың басты белгісі, адамның жаны мен
тәнінің сапалылық жандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде. Осы жастан
адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана сезімі өседі. Жан қуаттары
шыңдала, молайа түседі. Ол өзі өмір сүретін ортадан тиісті орын алуға
тырысады. Қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағылар да өзін-
өзі бағалауға талпыну, рухани өмірге қызығу, имандылық пен адамгершілік
идеялары оянып, кемелдене бастайды. Халық даналығы жастарға қызығы мол,
қайтып оралмайтын, кейін іздесең де табылмайтын адам өміріндегі осынау
қызықты кезеңді бос өткізсең, оның орнын ешуақытта да толтыра алмайсың дей
келіп, бұл кезде , ғылым-білімді, өнердің сан-алуан түрін меңгеруге
мүмкіндігі мол болатынын сол себепті оған көп оқып, үлкендерден тағылым
алып, үйрене біле берудің керектілігін әдейілеп ескертеді. Олардың
еңбексүйгіш, көпшіл, белсенді, өнергелі азамат болуын аңсайды. Мәселен,
Жігіт адамға жетпіс өнер де аз Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын,
Менмендік жігіттің соры Өзім білем деген жігіттің басына ойран салғаны,
Көп біледі деген жігіттің басына қорған салғаны, Селтеңдеген жігіттің
серкесінің соры Жасында көргені жоқ, өскенде айтары жоқ Жас күнінде
еңбек қылсаң, есейгенше жетілерсің Жастың жұмыссыз жүргені сөкеттік
деген мақал-мәтелдер бозбалаға, жас жігітке тікелей айтылған ақыл-кеңестің
бір тобы.
Балғын жастық шақ тасқындаған күш-қуатымен, мөлдір де пәк көзқарасымен
өзіндік сеніммен бәрін де елжірей қабылдай беретін өзіндік ерекшелігімен
көрінетін қайталанбас тәтті дәурен. Осы жастағылардың арманы да мақсаты да
көп. Бұл оған зор түрткі болып, ылғи да мазасын алып, тыным таптырмайды.
Кім болам? Не үшін бұл дүниеге келдім? Тірлікте не тындырам? Жұртқа қалайша
пайдамды тигізем? Өзімді қоршаған дүниенің сыры неде? Оның жақсылығы мен
жаманшылығы қоса жүретіні несі? Адам қатарлы өмір сүру үшін қандай мінез
керек? Оны қалай тәрбиелеуге болады? Бозбала шақтың аса бір жан сұлулығы
оның өзіндік романтикасы, әсіресе болашаққа деген таудай талабы мен үлкен
үмітінде.
Он бесте тарттым, міндім аттың жалын,
Сол кезде айтқан сөзім – от пен жалын.
Бүркіттей тасқа түскен талап етіп,
Сонымен біраз жүрдім, ұзын-сарын.
Балғын жастың осындай психологиясын кезінде Шал ақын осылайша
сипаттаған.
Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, - деп жазды Б.Г. Белинский. – Мұның
басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі – барлық әдемілік аталуы мен асқарлы
мұратқа біртабан жақындығы. Бозбаланы ойлантып, тебірентпейтін нәрсе жоқ,
олар әртүрлі адамдардың мінез-құлқы мен дүние-танымы, көңіл-күйлері,
адамгершілік жайлы толғаныстары. Жұртшылықпен жеке бас мүддесін ара салмағы
бақыт пен борыш, қарыз бен парыз, достық пен махаббат, басқа жыныс
өкілдерінің сырларын танып-білуге құмарту, махаббатқа аңсары аууы, т.б.
Бозбала өзін еңбек пен оқу үстінде жасөспірімдерден гөрі айқын
танытады. Істе азаматтық ар-намыспен қимылдайды. Оның әртүрлі іс-әрекетінен
жеке басының бағыт-бағдары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда психологияның даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым
Психологияға кіріспе
Психиканың даму және қалыптасу заңдылығы
Әскери педагогика құрылымы
Психология – ғылым ретінде. Дәрістер
Психологияның даму тарихы туралы
Психологияның тарихы. психологиялық тұжырымдамалар
Психика туралы жалпы үғым
Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі
Зоопсихология пәні
Пәндер