X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы

ІІ-V ғасырларда орманды дала аумағының шығыс славяндар тайпаларының тек шамалы бөлігінде ғана өндіргіш күштердің сол кез үшін жоғары дамығандығы байқалады, осының өзі кейіннен заңды түрде ежелгі орыс мемлекетінің негізгі ұйытқысы болған территорияда таптардың қалыптасуы процессінің жаңадан ғана бастағаны туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Анттарға белгілі болған және олар көне тіс ағашты, сондай-ақ темір түренді қолданған жер айдау егіншілігі ІV-ІX ғ. ғ орманды аймақтың қалың ішінде солтүстікке қарай тарады. Оңүстікте де, солтүстікте де қара бидай, бидай, арпа, сұлы бүршақ, атбас бүршақ, тары өсірілді. Бақша дақылдарынан шалқан отырғызылды. Техникалық дақылдар (зығыр, сора) егілді. Орманды аудандарда бұрынғысынша егіншіліктің жерді ағаштан арылту жүйесі, яғни ормандағы ағаштарды шауып, өртеп жібергеннен кейін тұқымды бірден жерге егу қолданылып жүрді. Осының нәтижесінде алғашқы жылдары мол өнім алынып, ал жердің қүнарлығы кеткен соң қараусыз қалдырылатын. ұй малдарынан сиыр, жылқы, қой, шошқа, ешкі өсірілді.

Дәл сол кезеңнің аяқ шенінде жер-жердің бәрінде қолөнер дамыды. Мамандар-ұсталар, құюшылар, алтын және күміс шеберлерді, сәл кейінірек қышшылар бөлініп шықты. Қолөнершілер поселкелері құрылды. қолҰнер шеберханалары кішігірім округтың ортасы болған қалашықтарда селолық молаларда және феодалдық қалалардың тұйіні бола бастаған тайпалық қалаларда шоғырланды. Орыс жерлерінің оңтүстігі мен оңтүстігінің арасында тарихи қалыптасқан айырмашылық бірте-бірте жойыла бастады.

ІХ-ғасырда славяндар мекендеген жерлер едәуір кеңейді. Славяндар Шығыс Европадағы ежелгі территориямен бірге солтүстік-шығыс угро-фии тайпаларының жерлеріне (ладоганың бойы жоғарғы Волга) қоныстанды және VІ-VІІІ ғасырларда топ-тобымен қара топырақты өңірді отарлады. Печенегтердің Х ғ. шапқыншылығына дейін славяндардың қолында егіншілікке өте қолайлы оңтүстегі кең аумақты жерлер болды. Қолөнер мен ауыл шаруашылығы жерді жеке семьяның күшімен өндіруге мүмкіндік беретіндей дәрежеге жетті. Рулық қауым көршілес қауымға айнала басталы.

VІ-ІХ ғасырлар бойына рулық-тайпалық байланыстар интенсивті түрде ыдырай берді. Жеке семьялардың шаруашылықтық дербестігі берік топтасқан рулық коллективтердің сақталып қалуы қажеттігін керек етпеді. Жеке семьялардың күшімен жаңа жерлер жыртыла бастады. Рулық қауымнан шығып кету мүмкіндігі туды, өзінде рудан қол үзіп кетушілер өлім-жітімге ұшырау қауіпінен қорықпады. қауымның рулық тұйықтығы бөтен рулардан шыққандарды қабылдаудың, жаңа жерлерді елдену процессінің және қауымдарды патриархальдық құлдармен толықтырудың нәтижесінде бүзыла берді. Сол кездегі елді мекендерде салынған үйлердің көлемі шағын болуына қарағанда славяндарда бір некелі семьялар қалыптаса бастаған. Ендігі жерде туыстық негізінде біріккен жеке семьялық селолық (көршілік) немесе территориялық қауымды құрастырды. Меншікті егістік жер учаскелерін жеке пайдаланған бұл қауым мүшелерінің сонымен бірге қауымға тиісті жерлерді (жайылымдарды, ормандарды және т. б. ) пайдалану правосы болды. Рулық қарым-қатынастар бәрінен де қалың орманды жерлерде ұзақ сақталды.

Қауымның шеңберінде жеке меншік салты дамыды. Тазартылған жерге және т. б. иемдену правосы пайдасы болды. VІ-ғасырдан бастап қаруға, жылқыға және басқа мүлікке қойылатын меншіктің арнаулы таңбалар жүйесі жасалды.

Византияға жасалған жорықтар славяндардың алғашқы қауымдық қатынастарының ыдырауына ықпалын тигізді, өйткені бұл жорықтар кезінде оларға қатысушылардың бір сыпырасы, әсіресе тайпа шонжарлары-княздар мен боярлар болып байитын.

Византияның VІ-VІІ ғасырлардағы деректерді ІV-VІ ғасырларда славян княздарының есімдерін сақтап қалды. Кейбір жағдайларда князьдің әкесінің аты аталды, мұның өзі биліктің мұрагарлікпен берілетінін көрсетуі мүмкін. Осы деректердің өзінде славяндардың еліне айдап әкетілетін тұтқындар туралы және оларды сатып алу туралы хабарлар бар. Сәтті жорықтар княздар мен боярлардың жағдайын нығайта түсіп отырғаны даусыз. Рулық тайпаның ішінде мүліктік жіктелу арта түсті. Тайпаның тұрақты жасағы бөлектеніп отырды, оның мүшелері экономикалық және әлеуметтік жағдайы жөнінен өздерінің рулас жамағайындарынан барған сайын ерекшелене түсті.

Егшіншіліктің дамуы, қолөнердің егіншіліктен бөлініп шығуы, қауымдардың ішінде рулық байланыстардың ыдырауы, мүліктік теңсіздіктің ұлғая түсуі, жеке меншіктің дамуытайпалық князьдықты басқару аппаратының қабаттаса түсуі, сондай-ақ боярлардың күшеюі, міне мұның бәрі өндірістің феодалдық жаңа әдісінің тууын демек, ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуын әзірледі.

Киев - Русь және Новгород мемлекеттерінің құрылуы.

9 ғасырда қалыптасқан ежелгі орыс феодалдық мемлекеті тарихшылар Киев -Русі деп те атайды.

Русьтің атын сарматтардың Роскалан тайпасынан шығарды. Русь мемлекеті шығыс словияндар мекендеген 15 ірі аймақтан құрылды. Киевтің айналасында ертеден -ақ поляктар тұрды.

ІХ ғасырда Ирандық географ Ибн-Хардад Бех Русьтер дегеніміз словяндардың тайпасы деп көрсетті.

Русь мемлекетінің құрылуы фоедалдық қатынастар мен феодалдық қоғамның антогонистік топтары қалыптасуының ұзақ процесінің заңды түрдегі қорытындысы болып табылады. Русьтің астанасы Киев қаласы болғаны анық.

ХІІ ғасырда анағұрлым дамыған орыс жерлерінің бірі Новгород жерінде княздық монархияларды өзгеше ерекше бір саяси құрылыс қалыптасты. Ильмен және Чудь көлінің аралығында, Волхов, Ловать Великая, Молого және Мете өзендерінің бойында жатқан жерлер Новгород -- Псков жерінің ежелгі кіндігі болатын. Новгород республикасы жүйесінде ерекше автономиялы жағдайы болған Псковта қолөнер мықтап дамыды. ХІІ ғасырдың ІІ жартысында Псков іс жүзінде дербес феодалдық республика болды.

ХІ ғасырдан бастап Новгород Корелияның Подвиньенің Прионежьені және кең байтақ солтүстік Поморьені жедел иемдене бастады. Сөйтіп бұлар Новгородтың отарларына айналды. ХІІ-ХІІІ ғасырларда мұнда Новгородтық шонжарлардың ірі вотчиналық иеліктері болды.

ХІІ ғасырда Новгород Русьтегі ең ірі және анағұрлым дамыған қалалардың бірі болды. Новгород жерінде боярлық, ал одан соң шіркеулік ірі жер иелену ерте қалыптасып, үстемдік құрды.

Новгородтың ХІІ-ХІІІ ғасырларда саяси тарихы тәуелсіздік жолындағы күрестің халық бұхарасының антифеодалдық қимылдарымен және боярлар топтарының арасындағы билік үшін күрестің шиеленіскен күрделі жағдайымен ерекшеленеді. 14-15 ғасырларда ежелгі орыс халықтары негізінен туысқан үш халық ұлы орыс халық, Украин және Беларусь халықтары шығады. Ежелгі ұлы орыс халықтарының территориялық орталығы Владимир Суздаль және Новгород жерлері еді. Солтүстік Шығыс Русьпен Новгород-Псков жерлерінің, сондай-ақ Смолянск мен Черников князьдықтары жерінің бірқатар бөлігінің Москва төңірегіне бірлесуіне байланысты ежелгі орыс тайпаларының диалектикасы негізінде орыс тілі мен мәдени ерекшеліктері пайда бола бастады.

Русьтің монғол-татар шапыншылығына қарсы күресі.

Монғолдардың Русьті жаулап алуға әзірлігі. Калкадағы шайқас.

Шынғыс хан 1207 жылы Ертістің бассейінімен одан әрі батысқа қарай ’’Монғол атының тұяғы тиетін жерді’’ ұлыс ретінде үлкен баласы Жошыға беруімен Европаға қарай шапқыншылық жорықтарының жоспарын белгілеген еді. ХІІІ ғ. 30 жылдарына дейін Қытай мен Азияда соғысқан Монғол татарлар болашақ ұрыс майданында пәрменді түрде стратегиялық барлау жүргізді. Европалық елдердің саяси жағдайы, экономикалық және әскери патенциялы жөнінде деректер жинады.

1223 ж. Жебе мен Сүбедейдің 30 мыңдық отряды Шығыс Европаға барлау жоспарына аттанып, Оңтүстіктен Закавказье арқылы қыпшақтардың даласына еніп, Волга мен Днепр арасында көшіп қонып жүрген қыпшақтар ордасының бірін күлталқан етті. Бұлардың үрейі қшқан қалғандары Днепрдің арғы бетіне өтіп кетті. Днепрдің төменгі сағасының батыс жағында көшіп-қонып жүрген қыпшақ хандары орыс князьдықтарынан көмек сүрады. Олар Киевте жиналған съезінде қыпшақтарға көмек көрсетуді ұйғарды, сөйтіп олармен қосылып, монғолдарда қарсы шықты. Бұл Батудың шапқыншылығы қарсаңында орыс князьдықтарының көпшілігі қатысқан соңғы әскери қимыл еді. Бірақ феодалдық қырқыстардың салдарынан сол кездегі Русьтің ең күшті князьі Юрий Всевалодович Владимрский жорыққа қатыспады. 1223 ж. 31 майда Калка өзеніне таяу жерде біріккен орыс қыпшақ әскерлері монғол татарлардың негізгі күштерімен кездесті. Бірыңғай басшылықтың болмауы, қимылдың үйлестірілмеуі және князьдардың тіпті ұрыс үстінде қырықсуы, орыс полктары мен қыпшақтар үшін шайқастың қайғылы аяқталуының бірден бір себепшісі болды. Калканың жағасынан Руське орыс әскерлерінің 1/10 бөлігі ғана оралды. Русь бүрын соңды мұндай ауыр жеңіліске душар болған жоқ еді.

Монғолдар орыс жасақтарының қалдықтарын Днепрге дейін қуып келді, бірақ бұл шайқаста сиреп кеткен күшпен Русьтің ішіне басып кіруге олардың дәті бармады. Шыңғыс ханның негізгі күштерімен қосылу үшін шығысқа қарай шегінген Сүбедей Волга Болгариясының жеріне кіріп кетпек болды, бірақ ол сәтсіздікке үшырады. Алайда қыпшақтар мен Русьтің күшін әскери барлау жөнінде ол басатған отрядтің алдына қойылған негізгі міндеті орындалды.

20 жылдардың аяғында 30 жылдардың басында Монғолдар бір ғана Жошы ұлысының күшімен қыпшақтардың, аландардың, башқұрттардың және Волга Болгариясының жерін басып алуға әрекеттенді, бірақ ол сәтсіз болып шықты. Сондықтан 1235 жылғы Қарақорымдағы құрылтайда Европа елдерін басып алу үшін Батысқа жалпы Монғолдық жорық ұйымдастыру ұйғарылды. Жорықтың басына Жошының ұлы Бату хан қойылды, оны кеңесшісі Сүбедей болды. Монғолдар 1236 жылы екпінді шабуылға шығып Волга Болгариясын тас-талқан етті. 1237 жылы көктемі мен жазында Волга мен Дон өзенінің аралығындағы қыпшақ жерлерін бағындырды. Орта Волгада буртастар мен мардваның жерлерін жаулап алды. 1237 жылдың күзінде Батудың негізгі күштері солтүстік-шығыс Руське баса көктеп ену үшін Варонеж өзенінің жоғарғы сағасына шоғырланды. Русьте дайындалып жатқан шабуыл жөнінде білмеулері мүмкін емес еді. Бірақ өз қырқыстарымен басы қатқан князьдар ортақ жаудың алдында күш біріктіру үшін ештеңе істемеді.

Бату Руське 120-140 мың жауынгерлерімен аттанды (олардың 40-50 мыңы ғана монғол-татарлар еді, қалғандары бағындырып алған елдердің жауынгерлері болды) .

Русь сол кездегі Европа мен Азияның басқа да бытыраңқы феодалдық мемлекеттері сияқты қатаң тәртіппен және бірыңғай команда берудің астында топтасқан монғол-татардың атты әскерлеріне төтеп беріп, қарсы түратындай сан жағынан пара-пар келетін қарулы қол шығара алмады.

Бүкіл Русь 100 мыңнан аса жауынгерлер шығара алар еді, бірақ князьдардың араздығы мен қырқыстары жағдайында елдің бар күшін біріктіру тіпті де мүмкін болмады. Князьдардың салт атты жасақтары, қару-жарағы және жауынгерлік сапалары жағынан монғолдардың атты әскерлерінен басым болды, бірақ олардың саны аз еді. ¤йткені князьдықтардың негізгі қарулы күштері қару-жарағы ірі әскери дағдылары жағынан монғолдардан кем болған қала мен село жасақтарынан құралды. Сан жағынан басым болу, ал мүның өзі далалық жер жағдайында монғолдардың атты әскерлеріне көп артықшылықтар берді. Орыс князьдарын негізінен қалаларды табандылықпен қорғап жауды әлсеретуді көздеген қорғаныс тактикасын қолдануға мәжбүр етті. Бірақ орыс қалаларының азын-аулақ қорғаушылары бар ағаш қамалдары феодалдық қырқыстар негізіндегі дұшпанның онша көп емес отрядтарының қаланы қоршап алып, әбден титығына жетуді көздеген енжарлық қимылдарына қорғаныста ұзық отырумен төтеп беруге ғана жарамды болды. Бірақ қытайлардан алғаш қорған бұзғыш күрделі техниканы пайдаланған және қамалдардың қорғаушыларын әлсіретпек үшін үздіксіз шабуыл жасау тактикасын қолданған монғол-татарлардың қалың қолына ұзақ уақыт бойы төтеп бере алмады.

1236 жылдың соңында Бату әскерлері Еділ өзенінің жағасына келіп Бұлғар елін жаулап алды. 1237 жылы Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды тізе бүктіріп 120-140 мың әскермен орыс жерлеріне шабуылға дайындалды. Монгол-татар шапқыншылығы қарсаңында орыс жері жеке княздіктерге бөлініп жатты. Бытыраңқы княздіктердің Бату әскерлеріне қарсы тұруы оңай емес еді. Әскери күш жағынан монғол-татарлар артық болатын. Әсіресе монғол-татарлардың атты әскері қуатты еді. Батудың соғыс өнерінде бұрыннан пайдаланып келе жатқан қала бекіністерін бұзатын жеңіл құралдары болды. Бұл құралмен орыс қалаларының ағаштан салынған бекінісін бұзу қиынға түспетін бұған қосымша Бату әскерлері соғыс жүргізудің неше түрлі әдістері меңгерді. Сөйтіп жолындағының бәрін жайпаған Бату 1237 жылдың қысында қалың қолын Еділ өзенінен Рязань қаласына келіп жетті. Қыста шабуыл жасауды күтпеген Рязаньдықтар айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Бескүн бойы монғол-татар әскерінің шабуылына тойтарыс бергенімен басқа жақтан көмек келмегендіктен Рязань қаласы жау қолына көшті. Келесі кезек орыстың ірі Владимир Суздал княздігіне жетті. Алғашқы шайқас Ұлы Владимир князі Юрий Всеволодович әскерлерімен болды. Монғол-татар әскерлері Колоно қаласының түбінде княз Юрийдың әскерін талқандады. Мәскеу және Клиазма өзендерінен өтіп бес күн қарсылықтан кейін Мәскеу қаласын алады.

1238 жылы 4 ақпанда Бату Владимир қаласын қоршайды қала халқы айтарлықтай ерлік көрсетеді. Бірақ үш күннен арыға шамасы келмеген қаланы қорғаушылар жеңіліс табады. Монңғол-татар әскері осылайша Ростов, Суздал, Ярослав, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырып, Владимир княздігінен Новогородқа қарай бағыт алды. Бірақ көктемнің ерте шығуы орманды және батпақты Новгород жері алға қарай жүруге қиындық туғызады. Және монғол-татар әскерлерінің де ұзақ соғыстан қажығаны сезіледі. Сондықтан Бату әскерлері Оңтүстікке қарай бұрылады.

Жолында кездескен қалалар мен ауылдарды жаулап алып, 1240 жылы Киев қаласына жетеді. Киев қаласын қорғауды Даниел мен Дмитрий княздері өз қолдарына алады. Қала бекінісін бұзып кіру монғол-татар әскерлеріне оңайға түспеді. Киев қаласы сегіз күн қарсылық көрсетеді. Күштің тең болмауы княздердің дер кезінде күш біріктіре алмауы Киевтің жеңілуіне әкеліп соқтырады. Монғол-татар шапқыншылары Киев қаласын талқандап, ежелгі ескерткіштердің көбін жойып жібереді. Бірақ Бату хан княз Дмитрийдың ерлігіне риза болып өлтіртпейді. Киев қаласын алғаннан кейін Бату әскерлері Галич-Волынь княздігне аттанады. Батый орыс жерін жаулап алғаннан кейін Польшаға, Чехия мен Венгрияға баса көктеп кіреді. Алайда бірнеше жылға созылған жорықтардан әбден қажыған Бату әскерлері Европа елдеріне одан ары кіре алмайды. Бату әскерлері Еділ өзенінің төменгі сағасына оралып, осында 1243 жылы Сарай-Бату қаласын салғызады. Алтын-Орда мемлекетін құрады. 1240-1280 жылдар аралығында орыс жеріне монғол-татар үстемдігі орнайды. Бату өзіне арнап Астана салдырып, сарай тұрғызғанымен уақыттың көбі Ұлан-байтақ Қазақ сахарасындағы жайлауларда өткізеді. Алтын-Орданың астанасы алғашқы кезде Бату қаласында (қазіргі Астрахан маңында) болса кейінірек Сарай Беркеге көшіріледі.

Иван Калита

Калита князьдығы кезінде Москва князьдығы Солтүстік-Шығыс Русьтегі ең ірі әрі күшті князьдық болды. Калитаның тусында орталықтандырылған мемлекетті құруда үлкен роль атқарған Москва ұлы князы өкіметінің шір-кеумен тығыз одақтасуы Цалыптасады. Калитаның одақтасы митрополит Петрдің өзінің резиденциясын Владимирден Москваға көшіруімен (1326 ж. ) соңғысы бүкіл Русьтің шіркеу орталығына айналды, сөйтіп оның өзі Москва князьдарының саяси позициясын анағурлым нығайтты.

Ордамен қарым-қатынаста Калита Александр Невский белгілеген хандарға сырттай вассалдық бағыныштылық тәртібін, алым төлеудің дурыстығын, оның өз князьдығында то-лық тоқтатылған, Руське жаңа шабуыл жасауға жол бермеу бағытын сақтады, «40 жыл бойғы тыныштық қандай жақсы, орыс жерлерін жау-лап алудан, шаруаларды күйзелтуден не түс-пек, турмыстың ауыртпалығын бастан өткізген кедейлер, татар басңыншыларынан аулақ ты-ньіш өмір сүрсін де . . . », -деп жазды жылнамашы Калитаның князьдық еткен кезіне баға бере келіп. . Орыс жерлері экономиканы қалпына келтіріп, өркендету үшін, езушілікті жою жолында алда тұрған күреске күш жинап алуға қажетті тыныс алды. Калита өзінің бар қа-талдығымен және қайсарлығымен барлық орыс жерлерінён алым жинауы Москва князының қолына едәуір қаржының жинақталуына мүм-кіндік берді, сөйтіп оған Новгородқа және орыстың басқа да жерлеріне саяси қысым жасауына жол ашылды. Калита қару күшіне сүйенбей-ақ өзіне қарайтын жерлердің территориясын бай сыйлықтары үшін ханнан жеке жерлерге (Галич, Углич, Белоозер) берілген жарлықтар- : «купель есебінен кеңейте білді. Калитаның князьдық қурғанын қорытындылай келе К. Маркс Москваның негізінен Ка-литаның тусында күшейгендігін атап көрсетті. Калитаиың баласы князь Семен Иванович (1340-1353) «бүкіл Русьтің ұлы князы» деген атақ алуға ұмтылды, сөйтіп өзінің өктемділігі-мен және басқа князьдарға тәкаппарлықпен қарағаны үшін «Гордый» деген атақ алды.

К уликова шайқасы

1380 жылдың жазында Орданың барлық күшін жинап Қырымдағы Гэнуэцкілер отарларының Орда вассалы солтустік Кавказбен Повольже хадықтары жалдамалы отрядтарымен күшейген Мамай Рязань княздығының оңтүстік шекараларына басып еніп, одақтас Ұлы Литва князі Ягайло мен Рязань князі Олегтің күшінің қосылуын күтті. Батыйдың қырып-жоюшылық зардаптарының қайталану қаупі төнген русьтің бүкіл орыс халқы басқыншыларға қарсы күреске көтерілді. Мамай әскерлеріне жалпы орыстар тойтарысын ұйымдастыруда, Русьті саяси жағынан біріктіруде Москваның алғашқы табыстарының маңызы өте жоғары болды. Москваға қысқа мерзімнің ішінде шаруалар мен қолөнершілерден орыс жерлерімен княздықтарының бәрінен дерлік полктермен жасақшылар жинады. Борянскмен полоцкіден өз полктерімен тіпті Олегтің ұлдарыда жетті, ал мұның өзі Литва ұлы княздығының құрамына кіретін батыс-орыс жерлері мүддесінің тығыз байланысының сақталғанымен бірлігінің айғағы еді. Мамаймен күресудің москваға жау Тверлік, Нижегородтық және Рязандық княздер, сол сияқты ұлы Новгородтты басқаратын боярларда бас тартты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
VII-XI ғ. Оңтүстік және Батыс славяндар. Ежелгі орыстар мемлекетінің құрылуы. Киевская Русь. Крест жорықтары. Қалалардың дамуы. Крестшілердің мемлекеті
Орыс мәдениеті
ІҮ – ҮІІІ ғасырлардағы Визвнтияның ішкі хал – ахуалы
Іv-хіі ғасырлардағы византия империясы
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Заттай мәдениеті
Ертеде осы жерлерде
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
И. Г Песталоццидің, Ф. А. В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі
Қыш - құмыра кәсіпшілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz