Аналардың анасы – Бегім ана



1 Бегім ананың қасиетті есімі
2 Бегім ана жөніндегі зерттеу жұмыстары
3 Лала бибі (Гүлбибі)
Сыр өңірінде өмір сүрген тарихи тұлғаның бірі бүкіл түркі жұртына есімі таныс, қазақ халқына әулие атанған, барлық аналардың қорғаушысы мен сүйенішіне айналған – Бегім ана әулие.
Х. Ғабжалилов «Қарабура әулие 900 жаста» атты мақаласында: «Қаншама қиын-қыстау күндер болып, тағдырымыз тәлкекке түссе де, халқымыздың ниеті оң, пейілі кең екен, қорғап-жебеп жүрген әулие-әмбиелеріміз көп екен. Халқымыз екінші мыңжылдықтың аяқталар, үшінші мыңжылдықтың басталар тұсында өз тізгінін өзі ұстап, ноқта жібін өз қолына алды. Кешегі күндері жұртына қорған, қалқан болған хандар мен сұлтандар, билер мен батырлар, халқына рухани көсем болып, имандылық жолын көрсеткен әулиелер мен ишандар айдалада, жапан түзде, ескерусіз қалған ескі мазарлар мен обалардан қайта тіріліп, өз халқымен, жұртымен қайта қауышып, табысып, танысып жатқан секілді», -деген пікірді айтады.
Бегім анаға тоқталмас бұрын Әкесі Қарабура әулиеге де шолу жасамақпыз.
Қарабура әулие де бүкіл түркі жұртына таныс, қазақ халқына әулие атанған – тарихи тұлға.
Қарабура әулие бабамыздың өмір сүргеніне мың жылдай уақыт өткенімен, кешегі күндері аз ғана жұрт біліп, оны танып-білуге тиым салынғандықтан, бұл әулие жөнінде де ғылыми білімнен гөрі аңыз-әңгіме көп болды.
Қарабура әулие жөнінде зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қолға алына бастады. Оның себебін өз тәуелсіздігімізге қол жеткізу арқылы ата-бабаларымыздың тарихта алатын орындарын анықтап, жалпы халық баспасөз беттерінде өз білетіндерін жариялай бастады. Ал, Қарабура әулие туралы еңбек жазған – Сүлеймен Тәбірізұлы. Қарағанды қаласында 1996 жылы жарық көрген «Қарабура әулие» атты еңбегінде көптеген деректер береді. Онда «бұл еңбек – Қарабура әулие жайлы алғашқы талпыныс», - дей келе, мынадай қорытындылар шығарады:
1«Қарабура әулие – Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауидің замандасы; яғни ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген» тарихи тұлға.
1) Қарабура әулие – Қарахандық билеуші Хасан (Харун) Боғра хан болуы мүмкін;
2) Қарабура әулие – қасиетті әулие, сопылық ілімнің негізін салушылардың бірі немесе осы ілімнің дамуына жан аямай көмектескен мемлекет қайраткері (Әмір Темір сияқты) болған деген қорытынды жасауға болады;
3) Қарабура әулие есімін ұранға айналдырған тама тайпасының атауы Қарахандар мемлекетінддегі «яғма» тайпасы атауының өзгеріске ұшыраған түрі.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Аналардың анасы – Бегім ана
Сыр өңірінде өмір сүрген тарихи тұлғаның бірі бүкіл түркі жұртына есімі
таныс, қазақ халқына әулие атанған, барлық аналардың қорғаушысы мен
сүйенішіне айналған – Бегім ана әулие.
Х. Ғабжалилов Қарабура әулие 900 жаста атты мақаласында: Қаншама қиын-
қыстау күндер болып, тағдырымыз тәлкекке түссе де, халқымыздың ниеті оң,
пейілі кең екен, қорғап-жебеп жүрген әулие-әмбиелеріміз көп екен. Халқымыз
екінші мыңжылдықтың аяқталар, үшінші мыңжылдықтың басталар тұсында өз
тізгінін өзі ұстап, ноқта жібін өз қолына алды. Кешегі күндері жұртына
қорған, қалқан болған хандар мен сұлтандар, билер мен батырлар, халқына
рухани көсем болып, имандылық жолын көрсеткен әулиелер мен ишандар
айдалада, жапан түзде, ескерусіз қалған ескі мазарлар мен обалардан қайта
тіріліп, өз халқымен, жұртымен қайта қауышып, табысып, танысып жатқан
секілді, -деген пікірді айтады.
Бегім анаға тоқталмас бұрын Әкесі Қарабура әулиеге де шолу жасамақпыз.
Қарабура әулие де бүкіл түркі жұртына таныс, қазақ халқына әулие атанған
– тарихи тұлға.
Қарабура әулие бабамыздың өмір сүргеніне мың жылдай уақыт өткенімен,
кешегі күндері аз ғана жұрт біліп, оны танып-білуге тиым салынғандықтан,
бұл әулие жөнінде де ғылыми білімнен гөрі аңыз-әңгіме көп болды.
Қарабура әулие жөнінде зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан
бастап қолға алына бастады. Оның себебін өз тәуелсіздігімізге қол жеткізу
арқылы ата-бабаларымыздың тарихта алатын орындарын анықтап, жалпы халық
баспасөз беттерінде өз білетіндерін жариялай бастады. Ал, Қарабура әулие
туралы еңбек жазған – Сүлеймен Тәбірізұлы. Қарағанды қаласында 1996 жылы
жарық көрген Қарабура әулие атты еңбегінде көптеген деректер береді. Онда
бұл еңбек – Қарабура әулие жайлы алғашқы талпыныс, - дей келе, мынадай
қорытындылар шығарады:
1Қарабура әулие – Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауидің замандасы; яғни ХІ
ғасырдың соңы мен ХІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тарихи
тұлға.
1) Қарабура әулие – Қарахандық билеуші Хасан (Харун) Боғра хан болуы
мүмкін;
2) Қарабура әулие – қасиетті әулие, сопылық ілімнің негізін
салушылардың бірі немесе осы ілімнің дамуына жан аямай көмектескен
мемлекет қайраткері (Әмір Темір сияқты) болған деген қорытынды
жасауға болады;
3) Қарабура әулие есімін ұранға айналдырған тама тайпасының атауы
Қарахандар мемлекетінддегі яғма тайпасы атауының өзгеріске
ұшыраған түрі.
Әулие бабамыз жөнінде өз ойлары мен тұжырымдырын білдірген келесі автор
- Жарылқасын Боранбай. Автор Қарабура атты еңбегінде былайша божамдар
мен тұжырымдар жасайды:
1) Қарабура әулие – Батыс Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі –
Ибрагим ибн Насырдың ұрпағы болуы керек;
2) Қарабура әулие – Қожа Ахметтің замандасы, ол Қожа Ахмет Яссауи
қайтыс болғанда денесін жуған, кебіндеген, жерлеу рәсімін толық
қолынан өткізген адам;
3) Қарабура сөзі – Қара Боғра сөзінен туындайды, ал бұл ұғым
Қарахан мемлекетінің басшыларын көрсететіндіктен Қарабура әулие
сөз жоқ осы тектен тараған;
4) Қарабура әулиенің аты – Ақтан софы.
Жоғарыда келтіріліп тұрған екі пікірде алшақтықтар бар екендігін көреміз.
Енді осы әулие тарихта болды ма деген сұраққа тоқталсақ, Қарабура атты
анықтамалықта: Қарабура – (11-12ғғ.) оғыз-қыпшақ заманының әйгілі тұлғасы,
дуалы ауыз абызы, ықпалды қайраткері.
...Қарабура жергілікті тұрғындар арасында қалыптасқан өмір салтының
шырқын бұзбастан исламды ендіруге белсене ықпал етті. Бұл тұрғыда, ол
әйгілі ғұлама, сопылық дүниетанымның ірі өкілі Қожа Ахмет Яссауимен
мүдделес болды, - деп берілген.
Қарабура әулиенің өмір сүрген дәуірін, Қожа Ахмет Яссауимен
байланыстыру, екеуінің замандас болғандығын көптеген тарихшылар қолдаған
пікір. Р. Мұстафинаның ел аузынан жазып алған дерегінде: Оңтүстік
Қазақстанда Қарабура әулиенің, дәлірек айтсақ Бура-хан әулиенің күмбезі
бар. Шырықшы мен жергілікті өңірдің көне тарихын көп білетін адамның
айтуынша Қарабура әулиенің шын аты – Бурханадзар. Ол Қарахандар әулеиінің
негізін қалап, бірінші боп ислам дінін қабылдаған және Әулие-Ата (Жамбыл)
қаласында жерленген атақты Қараханның серігі болады. Бура хан-Ақтан сопының
ұлы, оның бейіті Қызылорда облысында жатыр. Бура-ханның бауыры – Төрехан
әулиенің бейітінің басында да Бураханның басына салынғандай күмбез бар. Ол
күмбез Қызылорда облысының Шиелі ауданының жерінде. Бура ханның көпке
танымал болуына оның Қожа Ахмет Яссауи қайтыс болар алдында өзін бір қара
түйе мінген адамның келіп жерлейтінін ескертеді. Ол адамнан басқа ешкімнің
әулие денесіне қолын тигізуге құқы болмаған. Дәл әулие айтқандай болады.
Көп ұзамай Қожа Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан кейін, үстінде ақ жамылғысы
бар, ноқтасыз түйе мінген және қапталында құмыра ілініп, онда денені жуатын
суы бар адам келеді. Ол жаназа шығарып, басқа да ырымдарды орындайды. Бәрін
орындап болғаннан кейін жаңағы адам Түркістаннан оңтүстікке қарай бет
алады. Осы уақыт ішінде ол ештеңе ішпейді де, жемейді. Бір ауылға келіп ол
шайынады және сол жерде қайтыс болады. Бура-хан қайтыс болған жерінде
жерленеді және оның басына күмбез орнатылады. Жаңағы адамның кім екенін
білмеген адамдар оны Қара бура

Бегім ананың қасиетті есімі әртүрлі қиял-ғажайып аңыздармен, мифтік
әңгімелермен байланыста айтылды. Біздің зерттеуімізде нағыз обьективті
шындықты, шынайы тарихты нақты деректермен айтатын, ақиқатты ашатын кез
келді.
Соңғы жылдары Бегім ананың әулиелігі жөнінде көп айтылып та, жазылып та
жатыр. Негізінен айтушылар мен жазушылар кәсіби маман иесі яғни тарихшы
болмағандықтан, олар нақты дерек пен мифті, зерттеу мен сипаттауларды
шатастырып жібереді. Соның нәтижесінде Бегім ана тарихи бейнеден гөрі
мифологиялық образға айналып кеткен тұстары да кездеседі.
Бегім ана жөніндегі зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың аяғында бастау алады.
1897-1898 жылғы Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің
хаттамаларындағы И. Аничков мақаласында Бегім мұнарасы жөнінде мәлімет
берілген [325]. И.А. Кастанье еңбегінде де Бегім анаға байланысты аңыздар
кездеседі [326]. Бұл мұнара жөнінде Л. Мейерь де жазады. Ол Жанкенттен он
верст жерде сегіз бұрышты күйдірілген кірпіштен салынған, биіктігі 8
сажынға дейін жететін, Бик-Мин-Ана атауымен белгілі бейіт орналасқан, -
деп көрсетеді. Елдік тарихына қайта орала бастаған ХХ ғасырдың 90-
жылдарынан бастап, зерттеу қайта қолға алына бастады. Бірақ күні бүгінге
дейін арнайы ғылыми зерттеу жұмысы жоқ. Тек қана баспасөз беттерінде аңыз-
әңгімелер жариялануда. Жергілікті халық осы хабарларды біледі.
Х-ХІІІ ғасырлардан бері сақталып келе жатқан мұнара сәулет өнері
ескерткіштерінің бірі. Ол Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты қазіргі
Жаңақұрылыс ауылынан 35 шақырымдай жерде. Бұл мұнараның биіктігі 10,5 метр.
Шикі кірпіштен қаланса да, екі қатар күйдірілген кірпіштен қапталып шыққан.
Жоғары қарай сәл қусырыла келген сегіз қырлы призма пішінді төбесі пирамида
болып біткен. 5,5-6 метрге дейін мұнара біртұтас, ал оның жоғарысында бөлме
бар. Бөлмеге шығыс жақтағы аркалы ойық арқылы кіреді. Мұнараны зерттегендер
ескерткіш ретінде де, әлдебір белгі беру үшін де, немесе қарауыл қарауға да
арналып салынуы мүмкін деген болжам білдірген. Біздің елімізде мұндай
құрылыстар кездеспейді. Тек ілуде біреу, Орта Азияда мүлдем жоқ. Есесіне
ХІІІ-ХІV ғасырларға тән осындай “мұнаралы кесене” деген атаумен белгілі
ескерткіштер Иран, Түркия, Әзербайжанда кең таралған [324]. Мұхаммед
пайғамбардың хадисінде: Әйелге өз туған апа-қарындасыңдай мейір-шапағатпен
қара! – деген жолдар бар. Осы жолдар барлық әйел қауымына айтылса, біз
зерттеп отырған Бегім анаға Алла тағала ерекше мейір-шапағатпен қараған.
Ғасырлар бойы тылсым дүниенің түпсіз бір тұңғиық құдыретімен ауыздан ауызға
тарихи дастан болып, халық көкейінде жатталған Бегім ана бейнесі, осы
тарихи тұлғаның кесенесі күні бүгінге дейін сақталынған.
Қарабура әулиенің тарихи аңыз-әңгімелер бойынша екі қызы болған. Олар
жөнінде халық арасында тараған ауызша деректер көптеп кездеседі. Сопылық
ілімнің негізін салушылардың бірі Қожа Ахмет Яссауидің үшінші шәкірті Хакім
ата Сүлеймен Бақырғани Қарабура әулиенің Амбар Бибі деген қызына үйленген.
Сүлеймен Бақырғанидың Қожа Ахмет Яссауидың шәкірті, сопылық бағыттағы ақын
болғандығы және оның 1186 жылы Хорезм аймағындағы Бақырған атты елді-
мекенде дүниеге келген екендігі тарихтан белгілі. Ел аузында Сүлеймен
Бақырғани – Хакім ата деген атпен сақталынып қалады. Ә. Диваевтың деректері
бойынша Хакім ата қайтыс болғаннан кейін Амбар Бибі күйеуінің шәкірттерінің
бірі – Зеңгі бабаға тұрмысқа шығады. Зеңгі ата да тарихтағы белгілі
тұлғалардың бірі. Ол туралы: Зеңгі ата Арыстан бабтың шөбересі, сиыр
бағатын сиыршыларының пірі. Ол 1258 жылы дүниеден өтеді, Ташкенттен 12
шақырым жердегі қыстақ соның атымен аталады - делінеді.
Осы Қарабура әулиенің екінші қызы – Бегім ана. Ертеде Жанкент билеушісі
Санжар сұлтанның Бегім ана атты әйелі болыпты. Ол арабтың Хазірет әулетінен
шыққан Қарабура әулиенің қызы еді [327]. Бір жолы өзінің аз ғана кінәсі
үшін ері, әрі әміршісі оны зынданға салады. Соңынан жазығы жоқ екендігі
анықталған кезде, ол құс бейнесіне кіріп, қазіргі Бегім мұнара жағына ұшып
кетеді. Сол жердегі сулы аймақтың арасында бір арал бар еді, сонда қайтадан
әйел кейпіне түсіп, 30 жыл өмір сүріпті.
Жергілікті қазақтардың айтуы бойынша, осыдан 200 жыл бұрын Бегім-ана
көзге көрінеді екен. Оның жанынан өтіп бара жатқан бір қазақ түйе үстінен
мұнарадан шыққан айқайды есітіп, оның маңайындағы қойларын айдап әкеткен.
Теңіз жиегіне орнаған осы мұнарада Бегім-ана жас әрі сұлу болса да ешкімге
тұрмысқа шықпастан ұзақ ғұмыр кешкен екен. Бар уақытын намаз оқып, жақсылық
ойлаумен өткізген. Өзі адам баласының көзінен тасада болып, ешкімге зиянын
тигізбестен өлген деседі [328].
Қарабура әулиенің қызы – Бегім-ана туралы аңыз-әңгіменің екінші бір
нұсқасы былайша баяндалады:
Селжұқ ханы Санжардың әйелі Қарабура әулиенің қызы Бегім ана болады. IX
ғасырдың тұсында түріктер көтеріле көшіп, Каспий теңізінің төңірегіне
қоныстанып, Селжұқ мемлекетін құрды. Бұл мемлекет тез арада күшейді. Сосын
Қорасан патшалығына шабуыл жасап, оны күшпен басып алады. Мәлік шаһтың
кезінде селжұқтар әбден өз кемеліне келген еді. Мәлік шаһ өлгеннен соң оның
орнына баласы Санжар отырады. Санжар астанасын Қорасаннан көшіріп, Сыр
бойына, Жанкентке орналастырады да бұл шаһарды мықты бекініске айналдырады.
Ол аң аулап, сейіл құрғанды жақсы көреді екен. Сөйтіп жүріп Созақтың
маңайында өмір сүрген Қарабура әулиенің қызы Бегімге үйленеді.
Бегім жаратылысынан ақылына көркі сай, парасаты мол қыз болыпты.
Санжарды табындырған да оның осындай сан қырлы қасиеттері болса керек.
Үйленгеннен кейін Санжар бұрынғы әдетімен саятқа нөкерлерін ертіп,
Қаратауға аңға шығады. Дарияға келіп, ыспа қайықпен өтерде қанжарын үйге
қалдырғанын есіне түсіріп, құлын шұғыл үйіне жұмсайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасының типтері, отбасының түрлері
Отбасындағы қыз бала тәрбиесі
Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала құқығы туралы конвенция
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі отбасы құндылықтарының дәріптелуі
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру
Түркі халықтарындағы әйел болмысының тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі күнгі қыз бала тәрбиесінде қолдану
Туған жер туралы
Қыз бала тәрбиесі
Пәндер