Баланың отбасындағы тәрбиесі



КІРІСПЕ
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
1.1.Отбасындағы тәрбиесінің мәні мен мазмұны
1.2Кәзіргі отбасы тәрбиесі педагогика принциптеріне негізделеді.
ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Жеке тұлға тәрбиесінде отбасының ролі зор..
2.2Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе"- деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметгік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
І..Педагогика. Лекциялар курсы. - Алматы, 2003.
2.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. -Алматы, 1992.
3.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазак; тәлім-тәрбиесі – Алматы 1995.
4.Айтмамбетова Б.Р., Керимов Л.К., Төлеубекова Р.К. Тәрбие
процесінің мәні мен мазмұны. Тәрбие принциптері. 5-лекция.Алматы, 1991.
7.Мұсаева СА., Зейдалиева Ж. Қысқаша педагогика-психологиялқ сөздік-Тараз, 2001.
8.Бегалиев Т.Б. Педагогика. Қысқаша лекциялар курсы. Тараз,2002.
9.Хусаннова.Б.Конференциялық сабақ.-Қазақстан мектебі,2007,N2.
10.Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. - А.: Мектеп, 1998.
11. Класс жетекшісінің жұмысы туралы. .-А: ҚазССР оқу мииистрлігінің мектептер басқармасы, 1997.
12. Мектептегі тәрбие , жұмысы. - А.:.Мектеп, 1998.
13. Ілиясова А. Н. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. -А, 1991.
14.Хусаннова.Б.Конференциялық сабақ.-Қазақстан мектебі,2007,N2.
15.Құнанбаев Абай. Қара сөздер. - "Қазақстан мектебі". Алматы. 2005.
16.Тұнғатарова. Г. Қырғыз халқының балаларды еңбеке баулудың ұлттық идеалары.-Білім-образование,2006.N4.
17.Құрсабаева.М.Ұлтық тәрбиенің маңыздылығы.-Ұлттағлымы,2006.N2.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
аланың отбасындағы тәрбиесі
Бала және отбасындағы тәрбие 
Тлеубердина Меруерт Муратбековна 
Шүлбі орта мектеп-кешені 

Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет .Баланың өмірге
бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік
жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген
жағдайда ғана үйлесімділік табады . 
Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп , болашағына үнемі
алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін
тәрбиелеу ісі . Отан отбасынан басталады демекші , 
ата –аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп , оны қоғам
мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе . Осы мәселеге ата –аналар мен
ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ , алар асуымыздың биік болары
сөзсіз. 
Адамгершілік –адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза
болу дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы . Адам баласы қоғамда өзінің
жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады . Адамгершілік негізі –
имнадылық пен ізеттілікте .Ол әрбір отбасынан басталады . Осыны жадында
тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке , ізеттілікке ,инабаттылыққа
тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған .Ер балаларға үлкендерге қос
қолдап сәлем беруді , қыз балаларға ибалық жасап жол беруді , жасы
үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық ,
кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған Жастарды саналы
тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие . 
Халық Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер дейді . Жас шыбық иілгіш болса,
жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.
Ата –ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді . Сондықтан
жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. 
Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам
мүддесіне сай , оның мұң –мұқтажын өтерлік , елін, жерін , халқын көзінің
қарашығындай қорғайтын ұлтжанды , отаншыл азамат етіп тәрбиелеу
көзделінеді . 
Бүгінгі ұрпақ –еліміздің болашағы .Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі
қоғам мұратына сай жан –жақты жарасымды тұлға өсіру . 
Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін
өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады . 
Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса , тәрбие тұлғаның
дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет . Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере
алсақ , оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі , яғни бойына жақсы
қасиеттерді сіңіріп өсіреді . Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала
кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының
оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қошаған ортасына ,
мұғаліміне,ата –анасына , құрбы –құрдастарына , олардың іс –әрекеттеріне
және де басқа да қасиеттеріне байланысты . 
Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған
ата –бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың
батыр , қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге –өсиетін
сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын. 
Әке –шешесі жақсы болса , балалары да жақсы тәрбие алып өседі . Бұл
сөздерді біз өте жиі естісек те , соншалықты жиі жақсы әке –шеше деген
сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз.Әке –шеше болатын адамдар
жақсы ата – ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше
тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды . Әрине педагогикалық және
психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксізболып табылады
.Адамның қандай да бір іс –әрекетін бағалағанда көбінесе біз белгілі бір
нормалар мен идеалдарға сүйенеміз, тәрбие іс –әрекетінде мұндай нормалар
жоқ. .. Әйел болуды , күйеу болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір
жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке –шеше болуды да үйренеміз. Жақсы
әке –шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер,
сәтсіздіктер , жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы мүмкін.
Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады . Және де біздің жүріс
–тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі ,
бірқалыпсыз, кейде қарама –қайшылықта болып келеді . Балалар бір –біріне
қаншалықты ұқсамайтын болса , әке мен шеше де бір –біріне соншалқыты
ұқсас емес. Баламен қарым –қатынас та терең индивидуалды және бір –біріне
ұқсамайтын болып келеді . 
Әке-шешенің көбісі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды
.Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына , өзімшіл
болуына әкеп соғады деп ойлайды . Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы
жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше , осы балаға деген махабаттың
жетіспеушілігінен пайда болады . 
Баламен үнемі терең психологиялық байланыс орнату –тәрбиенің әмбебап
шарты болып табылады . Бұндай байланыс балаға қай жаста болса да керек.
Ата –анасымен байланысты білу , сезіну –балаға әке –шеше махаббатын ,
қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді . Осыған баланы сендіру керек.
Тәрбие диалогын қалай құру керек .Оның психологиялық сипаты қандай болу
керек. Ондағы басты мақсат –ортақ мақсатқа бірге талпыну , әр түрлі
ситуацияларда әке –шеше мен баланың біржақты бағыт ұстануы болып табылады
. Бұл көзқарастар мен бағалаудың міндетті түрде бірдей болуы керек деген
сөз емес. Көбінесе әке –шеше мен баланың көзқарастары сәйкес келе
бермейді . Дегенмен мәселелерді шешуде екі жақ бір бағыт ұстанатын бала
әрқашан білуі , түсінуі керек. 
Бала әке –шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің
одақтасы болу керек. Сондықтан отбасылық өмірге , мақсаттар мен
жоспарларға ортақтас болғанда ғана біржақты тәрбие жойылып , маңызды
диалог құрыла бастайды . 
Диалогтық тәрбиелік қарым –қатынастың ең басты сипаты –бала мен ересектің
позицияларын тең деңгейде қоюы болып табылады . 
Тәрбие диалогтан басқа өте бір маңызды ереже бар. Әке –шеше мен бала
қатынасының бұл жағы психологиялық тілде –баланы қабылдау деп аталады .
Қабылдау сөзінің мағынасы –баланың индивидуалды болуына , басқаға және
әке –шешесіне ұқсамайтын болуына деген құқығын қабылдау. Баланы қабылдау
–баланың өзіне сай ерекшеліктерін , тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары
мен жаман жақтарын бірдей қабылдай білу . Ең алдымен әке –шешенің баламен
қарым –қатынасын бағалауына назар аудару керек. Оның мінезінің
ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне жағымсыз баға беруден міндетті түрде
бас тарту керек .Өкінішке орай көптеген әке –шешелерде Өй, миғұла
қолыңнан түк келмейді ., басқа балаларға қарашы қандай , а!, Неге ғана
сені өмірге әкелдім екен? сияқты сөздер әдетке айналып кетті. 
Қорытындылай келе , тәрбиедегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде
назар аудара білу , оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу ,
оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім
келеді 
- Отбасында баланың жеке тұлға ретінде қарау; 
-Баланың өзін –өзі басқару (финанс, іс –әрекетт.б.) 
- Баланың табиғатына сәйкестендіріп , кәсіп таңдауға бағыт –бағдар беру

Сонымен жаңа ғасырда , қоғам мүддесіне сай лайықты жан –жақты жетілген
ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру отбасының ,
балабақшаның , мектептің , барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.
Категория: Семья и школа  Добавил: Мика-78 (2011-10-2 1)
 Автор: Тлеубердина Меруерт Муратбековна E
Просмотров: 2228

Всего комментариев: 0

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользова

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

ШҚО облысы, Аягөз ауданы,
Мыңбұлақ  ауылы
КММ "Мыңбұлақ жалпы білім беретін орта мектеп"
педагог-психолог  пәнінің мұғалімі
Бейсенова Гульнур Зейноллиновна
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының
сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің
жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік
жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен
жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана
ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және
негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы
тәрбиесі, тілі. Қазақтың: Баланың бас ұстазы – ата-ана, Балапан ұяда не
көрсе, ұшқанда соны іледі – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ
баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне,
сондықтан да:
Ана – үйдің  берекесі,
Бала үйдің – мерекесі.
        Бұтағымен ағаш сымбатты,
        Ұрпағымен адам қымбатты.
        Бала болсаң балғындай бол.
               Айналаңа қорғандай бол -деген
қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын адам – деген атаққа лайық
етіп өсіруді мақсат еткен.
Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген
үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны
бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі
мейріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны
көпке таңытыды.
Ана – бала  тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің,
ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, адам
бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған – деген ғұламалық
ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Тәрбиенің  негізі ананың әлдиінен басталады емес пе?
Ана тәрбиесі ұлылық  дәнін себеді. Тәрбиелі анадан – тәрбиелі бала өсіп
шығады.
Сонғы жылдары отбасында, қоғамда ер адамдардың, әкелердің рөлі
төмендегендей. Бұған кейде заманды да кінәләп жатамыз. Әрине, бала
тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің
қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да
шешуші тұлға бола алады. Кавказ халықтарында да: Нағыз жаылы орын: қылышқа
– қынабы , отқа – шырағы, ер жігітке – өз үйі – деген тамаша нақыл сөз
бар.
Қазақстан Республикасы Ата Занының 27 бап, 2-тармағында Балаларына
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиги құқығы, әрі
парызы -делінсе, Қазақстан – 2030 бағдарламасында: Әкелер мен
аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс
болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз
келеді...  деліні, ұрпақ тағдыры айтылады.
Бала – ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі –
ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам
да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-
ананың үйіндегі әрекеті балаларныың көз алдында өтеді, сондықтан жақсы,
жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана – өзінің
баласын Отанға пайдалы, өіне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам
етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде-бір
ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала
өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке
ұрынатына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтін ақиқат.
Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: Баланы жастан – деген халық даналығын
ұмытуға ешкімнін хақысы жоқ. Сондықтан, бала жас, әлі
ешнәрсені білмейді, өсе келер бәрі түсінеді, – деп қарау – барып тұрған
қателік.  Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін
аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады, оны қоғамдық
тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Обасы –шағын мемелеке,
             Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар.
Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі
баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын
қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін
бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп
тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беділі, ақыл-кеңестері, ата-
ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие
мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып, бағыт
беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала ата-ананың
қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен
дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат
тағылмдарынын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолданудың ынта мен ықылас,
қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
                               Өнермен қуантады түбінде.
                               Бала нені білсе жастан, ұядан –
                               Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
   Өнер – білім берем дасең басыннан,
                               Бер оқуға балаларды жасынан,
              Жақсы-жаман болса, бала – соларда, – деп
ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке
ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің
маңызы ерекше.
Отбасынадағы тәрбиенің кереметі –  баланы еңбекке баулу. Ол – адамдық
кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның
отбасы берекелі болмайды. Өйткені, ежелгі Рим философы Горациий айтқандай:
Өмір еңбексіз ештене бермейді. Сондықтан: отбасындағы да, қоғамдық
ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра
алмайтындай сезімге тәрбиелеу басты нысана болуы тиіс. Сонда ғана отбасы
мүшелелері арасындағы қарым-қаиынаста әдеп-инибат, адалдық пен ақпейілдік
үстем бола алады.
Бүгінгі таңда ата-анасы қасында болса да қадір-қасиетіне жете алмай,
ұлдарымыз маскүнемдік пен нашақорлыққа бой алдырып, қыздарымыз шылым шегіп,
жеңіл жүрістерге түсуі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауының
айғағы.
Шариғатта да алтын ұя – отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп
өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Ойткені: Балалар – ата-аналар
қолына берілген аяулы аманат. Бұл ғажайып құдайшылдық аңықтаманы жадыда
ұстау былай тұрсын, әр үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы
өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты
балалы шақ, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын
бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа
тенесек, оның қос ескегі – әке мен ана дер едік.

Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері туралы қазақша реферат 

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, Адамның бақыты —
балада деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт
деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән
бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі
даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген
адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы
ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды деген сөз тегін айтылмаса
керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге
келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен
қоғамдық міндет тұрады.

Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй
ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық,
қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер —
жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен
сіңеді. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер дейді халық даналығы.
Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі
келеді. Бұған кейбір әке-шеше жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді
бүлдіресің деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің
жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның
үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына
дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп
баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін
ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап,
терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген
тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына
дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін
түсіреді.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де
балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете
білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған
орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар
Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен
сөйлесуге уақыт жоқ дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге
тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй
шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы
жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа
біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала
алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы,
арақ пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесі және отбасы
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Отбасындағы проблемеларды анықтау, оларды шешу жолдары
Жанұяның педагогикалык процесін ұйымдастырудын теориялык негіздері
Отбасы тәрбиесінің негізі
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде
Ананың бала тәрбиесіндегі орны
Толық емес отбасындағы баланың психологиялық жағдайы
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Отбасы тәрбиесінің құралдары
Пәндер