6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе:

І Тарау: Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеудің теориялық

негізі

1. 1 Балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығы.

1. 2 Баланы мектепке оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары 1. 3 Баланың мектепке баруына байланысты туындайтын дағдарыстары

ІІ Тарау. Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеудің әдістемесі

2. 1 Балаларды мектепке оқуға психологиялық даярлаудың жолдары

2. 2 Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеуде жүргізілген

эксперимент жұмыстары мен тренингтер

IІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Y. Қосымша

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі : Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.

Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік-психологиялық өзгерістер - жаңа қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі.

Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым-қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым-қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар - мұғалімдер мен ата-аналар қандай іс-әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда тиімді әрі дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашқы күндер (кейбір балалар үшін алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық мінезділік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық және т. б. өзгерістер болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының сыртқы көрінісі болып табылады, бірақ бұл өзгерістер уақыт өте келе қалпына келеді, балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл-күйлері көтеріңкі жүреді, ата-аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды орындауға тырысады.

Көптеген балалардың мектепке бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып табылады: олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру қабілеті төмендейді.

Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай қабылдайды? Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктерінің басты себептердің бірі - баланың денсаулық жағдайы, биологиялық жетілу деңгейі, сондай-ақ оқыту үдерісіне қажетті сол біліктер мен әрекеттердің дамуы болып табылады.

І Тарау: Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеудің теориялық

негізі

1. 1 Балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығы.

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.

Мектепке бару бала өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бала бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Белгілі орыс психологтары А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, А. А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.

Е. Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л. И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

Р. В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады, қоршаған дүниенің заңдылықтарын, заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды, оларды өз әрекеттерінде қолдана алады, басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3] .

Мектепте оқуға дайындық - көп компонентті құрылым және де кешенді психологиялық зерттеуді талап етеді. Бұл туралы көптеген зерттеушілер өз зерттеулерін төмендегідей дәлелдейді.

А. Анастазии: Мектептік кемелділік - бұл мектептік бағдарламаны табысты меңгеру үшін қажетті ептіліктерді, білімдерді, қабілеттіліктерді, мотивацияны және т. б. игеру.

И. Шванцара: Мектептік кемелділік - бұл даму дәрежесіне жету, яғни баланың мектептегі оқытуға қатысуға қабілетті болуы.

Л. И. Божович: Мектепте оқуға дайындық, ойлау іс-әрекетінің дамуының, өзінің танымдық іс-әрекетін ырықты зерттеуге және оқушының әлеуметтік позициясына дайындықтың белгілі бір деңгейінен тұрады.

Психологиялық дайындық құрылымында келесі компоненттерді бөледі:

1. Тұлғалық;

2. Интеллектуалдылық;

3. Әлеуметтік.

Тұлғалық дайындық балада жаңа әлеуметтік позицияның өзгеруіне дайындығын қамтиды, яғни құқықтар мен жауапкершіліктері бар оқушы мүддесі. Осы тұлғалық дайындық баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, мұғалімдерге, өз өзіне деген қатынасынан көрінеді. Тұлғалық дайындыққа мотивациялық және эмоционалдық салалардың дамуының белгілі бір деңгейі жатады.

Интеллектуалды дайындық балада ой-өрістің, нақты білімдер қорының болуын ұйғарады. Балада біртекті бөлшектенген қабылдау, аналитикалық ойлау, логикалық есте сақтау, ырықты сөйлеу болуы тиіс.

Әлеуметтік дайындық балада басқа балалармен, оқушылармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті сапалардың болуын қамтиды. Берілген компонент балада қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің, балалар тобының мүддесі мен нормаларына бағыну ептілігінің дамуын ұйғарады.

Кіші мектеп жасы (6-7 ден 10-11 ж. )

Анотомо-физиологиялық даму. Осы кезеңде оқушы ағзасының анотомо-физиологиялық құрылысындағы мәнді өзгерістер қалыпты және біркелкі жүреді. Дене өсуімен қатар сүйек қаңқасының қалыптасуы да жүреді. Дененің ірі бұлшық еттері кішілеріне қарағанда бұрын дамиды, сондықтан да осы жастағы оқушылар үшін нәзік және нақты қозғалыстарды орындау қиын. Қолдың саусақ сүйектері шеміршектен сүйектенуі шамамен осы кезеңнің соңына қарай аяқталады, сондықтан балалар жазба жұмыстарынан тез шаршайды, ұқыпты жазу олар үшін қиындайды.

Дамудың әлеуметтік жағдайы. Дамудың әлеуметтік жағдайының өзгерістері келесідей:

1. Баланың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны өзгереді. Бала қаперсіз балалық шақтан жаңа нормативтілік дүниесіне өтеді.

2. Үлкендермен қатынас типі өзгереді, симпатия-антипатия типінен талап қою қатынасына өзеруі де кездеседі.

3. Қатарластарымен қатынас типі өзгереді. Баланың қатарластырының ортасындағы жағдайы енді оның алған бағаларымен анықталады.

Осы кезеңдегі жаңа құрылымдар:

1. Психикалық процестердің ырықтылығы. Ырықтылық қандай да бір мақсат қоюды және оған саналы ерік-жігер күшімен жетуді ұйғарады. Мектеп жасының аяғында ырықты қабылдау, ес, зейін, қиял ұлғаяды;

2. Әрекеттердің ішкі жоспары («ойша» әрекеттену) . Бала өз әрекеттерінің неғұрлым көп қадамдарын болжай алса, соғұрлым ол міндеттерді іс-жүзінде табысты қадағалай алады;

3. Рефлексия - бұл өз әрекеттерін бағалай алу қабілеті, осы ерекшеліктерді басқалардың қалай бағалағанын саналы ұғыну және де өз мінез-құлқын олардың реакциясын есепке ала отырып құру.

4. Өзін-өзі қадағалау - бұл өз әрекеттерін үлгімен салыстыру әрекеті.

Жетекші іс-әрекет. Кіші мектеп жасында жетекші іс-әрекет оқу іс-әрекеті болып табылады. Оқу іс-әрекеті: 1) баланың бүкіл өмірлік қатынастар жүйесін анықтайды, қоршаған дүниеге және өзіне оқушыға деген жаңа позициясын қалыптастырады; 2) саналы ережелермен жүзеге асырылатын бұл іс-әрекет ырықтылықтың ары қарайғы дамуын талап етеді; 3) мектепке келгеннен кейін (Д. Б. Эльконин) оқыту типі де түбегейлі өзгереді (ғылыми ұғымдар жүйесін мегеру) ; 4) оқу іс-әрекетінің арқасында оқушының өзінің өзгеруі жүреді.

1. 2. Баланы мектепке оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары

Баланы мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әлі де өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л. И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е. Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2 бағыт - мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;

3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;

4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі [1] .

Демек, баланы мектепке психологиялық жағынан даярлау тақырыбын зерттеп жүрген психологтер (В. В. Холмовский, Л. А. Венгер, Н. И. Непомнящая т. б. ) даярлықтың төменгі бағыттарын бөліп көрсетті:

Баланың мектепте табысқа жетуіне және бейімделуіне бұл бағыттар аса маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді жөн көрдік.

1. Ақыл-ойының даярлығы.

Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді, талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі-әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде заттардың кейпімен, мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады.

Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын түсініп, өзінің ойын жеткізе алуы қажет және бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет. Яғни, баланың сөздік қорының мөлшері, таным үрдістерінің даму деңгейі, логикалық операцияларды орындай алуы, баланың оқуда білімді табысты меңгеруінің негізі болып табылады.

Ақыл-ой дайындығының көрсеткіштері:

* Бейнелі компонент:

1. Заттың сипатын, қасиетін қабылдау қабілеттілігі.

2. Бейнелі негіздегі көру есі.

3. Зат не құбылыс туралы ұғымдарды қорытындылау біліктілігі.

4. Ойлау тәсілдерінің (синтез, салыстыру т. б. ) дамуы.

5. Белсенділік, тапқырлық.

* Вербальді компонент:

1. Заттардың әртүрлі қасиеттерін айта білу және айыра білу қабілеттілігі.

2. Сөйлеу негізіндегі есту есі.

3. Бір текті ұғымдарды, заттарды жалпылау қабілеттілігі.

4. Ойлау тәсілдерінің дамуы.

5. Қисынды ойлау

2. Биологиялық кемелденуі.

Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т. б. ) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру, есту моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.

3. Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы.

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

4. Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.

Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.

Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген қорқынышпен жүреді», - дейді.

Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:

1. Мектеп алдындағы қорқыныш. Бұл баланы бағындыру, әрекеттерді орындату мақсатымен қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді») ;

2. Оқу үрдісінде және қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;

3. Мектептің өміріне бейімделе алмауы;

4. Мектептің өмірінің шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;

5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау.

Яғни, осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады.

Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т. б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек.

Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше «Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы», - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді.

Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.

М. М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап «Сенің қолыңнан келеді, біз көмектесеміз», «Сен істей аласың» деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.

Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді ұмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және «Мына суретте не бейнеленген? Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр?» деген сұрақтарды қою арқылы кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана баласын санауға үйретуде «Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше түйме?», - деген сұрақтар қойып баланы санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың оқу материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты қабылдай алуы маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейін көтерілуі тиіс.

Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша психологтері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың мектепке бейімделу жолдары
Бес-алты жастағы балалардың мекетепке психологиялық дайындық мәселелері
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері
Арнайы білім берудегі қазіргі арнайы құралдар
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың гендерлік ерекшеліктері
Баланы мектепке психологиялық-педагогикалық дайындаудың негіздерін анықтау
Оқушыларының мектепке бейімделуі
Алты жастағы бірінші сынып оқушыларымен тәрбие жұмысындағы жалпы және айрықша құбылыстар диалектикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz