Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы. денсаулық критериялары, балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар және балалар мен жасөспірімдер гигиена кафедрасы

Дәріс

Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы. Денсаулық критериялары, балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау.

Пәні: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

Курс: 4

Уақыт (ұзақтығы) : 1 сағ.

Қарағанды 2010 ж.

Курстың отырысында бекітілген

Хаттама № 12 02. 06. 2010ж

Курска жауапты м. ғ. д., профессор Приз В. Н.

Дәрістің оқулық мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы. Денсаулық критериялары, балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалауды гигиеналық сипаттау

Дәрістің жоспары:

  1. Денсаулық анықтамаы оның мазмұны.
  2. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын кешенді бағалау.

● Иллюстрациялы материалдар: слайдтар

Әдебиеттер:

  1. Гигиена детей и подростков. Учебник (В. Н. Кордашенко, Е. П. Стромская, Л. П. Кондакова - Варламова и др. ) . Под ред. В. Н. Кордашенко 2 издание и переб. и дополн. - м. :М - Медицина, 1988г. (Учебн. литература для студентов медицинских институтов) .
  2. Гигиена детей и подростков. Руководство для санитарных врачей. Под ред. Г. Н. Сердюковской и А. Г. Сухарева - Медицина, 1986.
  3. Избранные лекции по гигиене детей и подростков. (Методичекое пособие для студентов санитарно - гигиенического и педиатрического факультетов. ) . Составитель проф. А. Г. Сердюковской. М. Медицина, 1983г.
  4. Руководство для врачей школ. Под ред. Г. Н. Сердюковской. М. Медицина, 1983г.
  5. Справочник по санитарно - гигиеническому контролю за детскими учреждениями. Под. ред. М. Г. Шандалы. Киев: Здоровье. 1979г.
  6. Громбах С. М. Оценка здоровья детей и подростков при массовых осмотрах. - Вопросы охраны материнства, 1973г. 7, 7 стр.
  7. А. Р. Чекин. Очерки развития санитарно - эпидемиологической службы в Казахстане. Изд. Казахстан, Алма - Ата, 1975г.
  8. Жасқа сай физиология жєне мектеп гигиенасы. Авторы К. Дуйсембин,

З. Алиакбарова Алматы 2002 ж.

9. Гигиена детей и подростков. Учебник для студентов медицинских вузов . Под ред. В. Р. Кучма Москва « Медицина» 2001 г.

І. Денсаулықтың анықтамасы.

Қазіргі таңда күрделі әлеуметтік жүйенің ішіндегі, ең маңызды орынды - адам денсаулығы алып отыр. Сырқат пен денсаулық адам түсінігінде өзара тығыз байланысқан бір құбылыстың екі жағы. Адамдар «тіршілік қалпын» және жұмыс қабілетін жоғалтпаған жағдайда, организмде сырқат бастамасы етек жая бастаса да, өздерінің «дендері сау» - деп есептейді. Соның салдарынан науқас адамдар, дәрігердің көмегі нәтиже бермейтін клиникалық симптомдары айқын білініп, сырқаты өршіп, асқынған мезгілде ғана дәрігерге қаралады. Дәрігер көмегіне осылайша қаралу әсіресе балаларға қатысты.

Балалар бойындағы сырқаттың білінуі ересек адамдарға қарағанда өзіне тән ерекшеліктерімен жүреді. Олар өздерінің денсаулық жағдайын айта алмайды. Сондықтан да ересек организмнің сырқатын сипаттайтын көрсеткіштерді балаларға қолдануға келмейді. Мысалы: ересек адамның температурасының көтерілуі олардың әлсіздігімен бірден байқалады, ал балаларда бұл жағдайда ғана көрінетін белгілер айқындала бастайды (мазасызданып жылау, реакциясының өзгеруі, тәбеттің төмендеуі) . Денсаулық деңгейін Р. Долланың ескертпесі бойынша жүргізіледі.

«… денсаулықты өлшеу - ол бақытты, әдемілікті, махаббатты өлшеу сияқты қиял»

Бүгінгі таңда, балалар диспансеризациясы жүйесінде кеңінен қолданылып жүрген скриниг түрлері, дені сау балалардың денсаулықтарын қорғауда қолдануға келмейді, себебі бұл скриниг түрлері сырқаттың бастапқы формаларын немесе олардың асқыну факторларын айқындайды.

Денсаулық анықтамасын беру және оның сандық шамасының критериін анықтау осы күнге дейін социологтардың, демогрофтардың, экономистердің, психологтардың, социал - гигиенистердің, клиницистердің назарында.

Қазіргі кезде «денсаулықтың» 40-қа тарта анықтамасы берілген, оның ішінде 30-ы медицина тұрғысында. Осы ұсынылған анықтамалар 5 типке бөлінген:

  1. Денсаулық - ол организмнің жағдайы ретінде (дені сау немесе сырқат)
  2. Денсаулық - ол организмнің морфо - функционалдық жүйелерінің қасиеттері ретінде (организмнің жоғарғы дәрежедегі дене дамуы және қызметі)
  3. Денсаулық - ол статистикалық сипаттамалар жинағы ретінде (туу көрсеткіштерінің өсуі, өлімнің азаюы, сырқаттанушылықтың төмендеуі)
  4. Денсаулық - ол организмнің даму процесі ретінде (организмнің морфологиялық функционалдық сипаттамаларының олардың жастық критериіне сәйкестігі)
  5. Денсаулық - ол организмнің биологиялық және әлеуметтік функцияларды атқару тұрғысындағы тіршілік шамасы ретінде.

Денсаулыққа берілген көптеген анықтамалар көбіне денсаулықтың белгілерін тізу принципімен құрылған деп айтуға болады.

Ал бірақ жалпы алғанда денсаулық зерттеу объектісі ретінде үш айрықша мағынада қаралады:

  1. Денсаулық - организмнің оңтайлы жағдайы ретінде.
  2. Денсаулық - функционалдық норма ретінде.
  3. Денсауылқ - ол организмнің азды - көпті дәрежеде, яғни оңтайлы сәйкестігінен бастап экстремальды сырқатына дейінгі жағдайы.

Әдеби деректерді талдауда, денсаулықтың 20-дай белгілерін бөлуге мүмкіндік береді. Соның ішіндегі ең бастысы:

  • сырқаттардың және денеде кемістіктердің болмауы;
  • биологиялық функуциялардың дамуы және сақталуы, олардың организмде өзара келісімде жүруі;
  • организмнің бейімделуі (адаптациясы) ;
  • организмнің қоршаған ортамен жайлы әсерлесуі және сыртқы орта мен маңызды функцияларының тепе - теңдігі;
  • өмірдің барынша ұзақтығы;
  • әлеуметтік белсенділіктің дамуы және оңтайлы жұмыс қабілетінің сақталуы;
  • денелік және психикалық сәттілігінің сақталуы;

Сонымен, адам денсаулығының басты критерийлері мыналар:

  • тепе - теңдік, бейімделушілік, сәттілік, үндестік (гармониялық) функцияларының қабілеті. Осы критерийлердің мағынасын тұжырымдай келе, мына анықтаманы беруге болады: Денсаулық дегеніміз --ол адамның әлеуметтік және кәсіптік міндеттерін жоғары деңгейде атқара алатын, организм тіршілгінің ең оңтайлы деңгейі (Э. И. Стригачева, 1972) . Денсаулық дегеніміз - ол организмнің жүйелі түрде өздік реттелуі және оның қоршаған ортамен динамикалық тепе - теңдік. Өмірдің алуан түрлі жағдайларында адамның оңтайлы тіршілігін қамтамасыз ететін организмнің психикалық - соматикалық тепе - теңдік жағдайы (А. М. Изуткин, Г. И. Царегородцев, 1977) .
  • Денсаулық дегеніміз - сырқаттар мен зақымданудың болмауын да жоғары тұрған организмнің күйі.

Бұл адамның еңбек етуге, дем алуға, өзіне тән функцияларды атқаруға, көңілді еркін күйде өмір сүру мүмкіншілігі (Ю. П. Лисицин, 1985) .

  • Денсаулық - қоғам және жанұя тіршілігінде тиімді және ұзақ мерзімде қатынасып, осы жағдайда толық қанағаттанатын, өзін бақытты жан санайтын - денелік, психикалық және әлеуметтік сәттіліктің деңгейі (Е. Г. Жук, 1989) .

Гигиеналық тұрғыдан қарағанда, организмнің қоршаған ортадағы оңтайлыфункционалды жұмысын көрсететін, денсаулық көрсеткіштері ерекше назар аудартады. Сондықтан да гигиенистер үшін дүниежүзіліек денсаулық сақтау ұйымының уставымен қабылданған «денсаулық» анықтамасы ең дұрысы.

«Денсаулық - организмнің қоршаған ортамен динамикалық тепе - теңдігін сипаттайтын, денесінің, жан дүниесінің және әлеуметтік сәттілігі, сонымен қоса сырқаттың, кемістіктің болмауы. Денсаулықтың осы анықтамасында тек қана елеулі клиникалық симптомдардың жоқтығын сипаттаумен шектелмей, организмнің қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұруының төмендеуін көрсететін, функционалдық деңгейде жиі анықталатын қайтымды өзгерістермен сипатталатын сырқаттың бастамасы, сырқат алды жағдайлар анықталады. Денсаулық жағдайын, демографиялық процестерді (дене даму, сырқаттанушылық, туу, өлім және кәріптік көрсеткіштерін) талдау тәсілі арқылы бағалау, алғашқы профилактика жұмысын белгілеуге жеткіліксіз болады. Бұл негізгі жағдайдың тек көрінетін шеті ғана, ал оның денсаулықтан бастап сырқатты оқуға дейінгі кезеңді айқындайтын негізгі түбірі патология алды (нозологияға дейін) жағдайын су астында көрінбей жатқан айсбергке теңестіруге болады. Сырқат алды жағдайды зерделеу қазіргі таңдағы медицинада дамымай отыр, әйтсе де нозологияға дейінгі жағдайды диагностикалауда көрсететін «гигиеналық диагностика» ұғымын ХІХ-шы ғасырда А. П. Доброславин еңбегіне қарамастан, осы күнге дейін сырқат алды жағдайды зерделеу медицинада дамуын таппай отыр. Ал гигиеналық (нозологияға дейінгі) диагностикалау өзінің көлемі, мақсаты, алдына қойып отырған талабы жақтарынан алғанда арнаулы таным процесі болып келеді.

2. Гигиеналық диагностикадағы таным процестердің құрылымы мыналар:

  • Деректерді жинау, яғни қоршаған орта мен денсаулық параметрлерінің өлшем алгоритмдерін арнаулы бір жүйеге келтіріп реттеу.
  • Жаппай зерттеу нәтижелерін талдап, біріктіру
  • Қоршаған орта жағдайларын оңтайлау бойынша гигиеналық ұсыныстарды тұжырымдау және оның тиімділігін халықтың денсаулық критериялары арқылы тексеру

Осы берілген диагностикадағы үш құрылымның (біріншісі - қоршаған орта, екіншісі - денсаулық, үшіншісі - олардың ортасындағы байланыс) ішінде қазіргі кезде гигиена бойынша елеулі қолданылатыны - біріншісі, екіншісі - аз, ал үшіншісі өте аз қолданылады. Бұл ұғым бойынша гигиеналық (нозологияға дейінгі) диагностиканың критериясы болып - адам денсаулығы алынады. Балалар организмінен біз қоршаған ортаның денсаулыққа тигізетін жағымсыз әсерінің ең ауқымды түрін көре аламыз, себебі, балаларда жағымсыз дағдылар, кәсіптік істер болмайды, және де ұйымдастырылған ұжымдарда медициналық қызмет көрсету әсер етуі мүмкін зиянды факторлардың қолайсыз әсерін ескеруге мүмкіндік береді.

Функционалдық ауытқудың бірден - бір фазасы, соңынан созылмалы сырқаттың пайда болуы, ол бейімделу жүйелерінің бейімделу мүмкіншіліктерінен астамды ауыртпалықтың салдарынан туады да, патологияның қалыптасуына әкеп соғады. Сондықтан да, сырқаттың нозологияға дейінгі белгілерін кешенді зерттеуде организм тіршілігін қамтамасыз ететін бейспецификалық резистенттілік көрсеткіштері арнаулы критерии ретінде алынады.

Қазіргі кезеді балалар организмнің нозолгияға дейінгі деңгейде жатқан спецификалық емес статусын және олардың функционалдық ауытқуын бағалау гигиеналық диагностикада маңызды боып табылады. Бірақ та осы процестердің тереңдңгңн сандық бағалау және оның қайтымды дәрежесін анықтау тәсілдері бүгінгі күн талабынан артта қалуда. Тек осы талаптарды шешкен күнде ғана жасалатын профилактикалық шаралар, процестердің функционалдық ауытқу кезеңінен бастап денсаулықтың толық бұзылу кезеңіне дейінгі өршуінің алдын алуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, профилактика - нақты ауру түрінің алдын алуға ғана бағытталмай, осы аурулардың пайда болу мүмкіншіліктерін төмендетуге бағытталады.

Балаларға әсер ететін және олардың денсаулық деңгейін анықтайтын қоршаған ортаның алуан түрлі факторларының ішінде мыналар бөлінеді: тіршілік жағдайы, тамақтануы, тіршілік ортасының климато - географиялық құрамдастары, қоршаған ортаны ластайтын көптеген антропогендік факторлар. Осы көрсетілген факторлар индивидтің денсаулығына көрсететін әсері, тек олардың жай жиынтығы болып келмейді. Олар таңбасы бойынша, оң және теріс әсер ету күші бойынша, организмнің жауап реакциясының сипаты, күші бойынша әрқилы болып келеді. Бұл факторлар қосылып әсер еткен жағдайда антогонистік немесе синергистік нәтиже беруі мүмкін. Әртүрлі факторлардың әсері бірін бірі күшейтуі, не бәсеңдетуі мүмкін.

Сонымен, индивидтің денсаулық жағдайы, осы барлық әсерлердің критериялық маңызын көрсететін интегралдық көрсеткіш болып табылады. Индивидтің денсаулық деңгейін анықтайтын эндогендік факторларға тұқымқуалаушылық немесе тұқымқуалаушылыққа тәуелді аурулар және олардың дамуына қолайлы жағдай тудыратын факторлар жатады.

Жүктіліктің және туудың сәтсіз өтуі, баланың анамнезінде рахиттің, анемияның болуы, тексеру сәтінде созылмалы аурулардың, семіздіктің, витамин тапшылығының болуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиі ауыратын балаларды диспансерлік бақылау
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына мектеп ортасының әсері
Балалар мен жасөспірімдердің морфофункционалдық даму ерекшеліктері
Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Тастанды балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz