51-А кл торлау тігін машинасы: құрылымы, техникалық сипаттамасы және жіп сабақтау мен реттеу


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

51-А кл 51 кл торлау тігін машиналары туралы түсінік. 51 кл 51 - А кл тігін машиналарының инесі торлау мата жылжытқыш

кесу механизмі. 51 кл 51 - А кл торлау тігін машиналары жіптерді сабақтау сол жақтың ілгегінің жібін сабақтау

51-А кл ПМЗ тігін машинасын тоқыма материалдарының қиылған шеттерін сетінеуден сақтау үшін қолданады. Машина тісті рейка, ине механизмі, матаны беру ілмегі, пышақ механизмдеріне ие. Машина екі, үш және бес жіпті болады. Үш жіптіден екі жіптіге ауыстыруда, оң жактағы ілмек орнына ширитель қойылады. Ал сол жақ ілмегі барлық тігістер ушін жалпы болып есептеледі.

Екі жіпті тігістердің пайда болуы.

1. Ине, ширитель ілгегінде ілініп тұрған ілмекке кіреді;

2. Ине төмен түсуін жалғастыра отырып, матаға шаншылады;

3. Ілгек солға қарай қозғалып, тігісті тарта түседі;

4. Ілгек оңға қарай қозғалып, өзінін тұмсығымен ине ұшында пайда болған ілгекке кіреді;

5. Ширитель солға қарай қозғальш, ілмекке жақындайды және өзінің ілгегі арқылы артқы жақтан пайда болған ілмекті іледі. Бұл уақытта торлау жіптері тартылып соңғы жұмысын аяқтайды.

Техникалық сипаттама

Басты біліктің айналым саны - минутына 3500.

Тігіс адымы мм - 1, 5-4, 0

Торлау ені мм - 3-6

Тігілетін матаның қалындығы мм - 5

Инесі - тип 9 группа А

N 75-90-100-110

Жіптері - N 30-80

Машина басының габариті - 250x200x240

Машина салмағы кг - 12, 7

Инені қондыру. Отвертка көмегімен ине колбасы ине бағыттағыш өзекшесіне өзінің тұрақты деңгейіне дейін бұранда арқылы бекітіледі. Иненің ұзын сызықшасы жұмысшыға қарап тұрады. Сондықтан да ине көзіне жіп тек қана өзінен өткізеді. Егер жіп дұрыс сабақталмаса торлау жұмыстары орындалмайды.

Үстінгі жіпті сабақтау. Дұрыс сабақталған жіп тігін машинасының негізі болып саналады. Ине жібі катушкадан немесе бобинадан жіптартқыш пластинасының саңылауы арасынан, содан кейін жіп реттегіші шайбалары арасынан және саңылауға өткізіледі. Келесі кезекте жіп, ине бағыттағыш хомутына бекітілген жіптартқыш тесігіне өткізіледі. Содан кейін жұмысшы беттен жіпті ине көзіне өткізеді.

Астыңғы жіпті сабақтау. Астыңғы жіп қақпақ тесігі арқылы, сымнан жасалған жіптартқыш саңылауынан, шайбалар арасынан, машина корпусы саңылауынан, сымнан жасалған жіп түсіргіштен жөне ілмек тесіктерінен өткізіледі. Ілмектің теменгі тесігінен жұмысшыға қарай, ал жоғарғысынан жұмысшыдан кейін қарай өткізіледі.

Машинада жұмыс жасау тәсілі. 51-А кл ПМЗ тігін машинасында жұмыс жасау, қайып тігетін машиналар секілді орындалады. Операция соңында жіптерді қырқпауға да болады, басу табанына келесі бөлшек қоя отырып, жұмыс жалғастырылады: Мұндай жағдайда жіп шығыны азаяды, машинаны қайта сабақтауға уақыт кетпейді. Жұмыс соңында жіпті пышақпен қырқпай қайшымен қырқу керек.

Торлау барысында матаның бағыты пышаққа нақты шақталып алынады, мұндай жағдайда бөлшектің қиылған шеті қажетті мөлшерден көбірек қырқылып кетуі мүмкін.

Жылдамдық реттегіші. 51-А кл ПМЗ тігін машинасы бір ғана педальға ие. Педаль машинаның жұмыс жылдамдығын өзгерту үшін қызмет атқарады. Педальді қатты басқан сайын машинада үлкен жылдамдықта болады.

Сол жақ ілгегінің жібін реттеу. Сол жақ ілгектің жібін қалыпқа келтіру үшін реттегіш қызмет етеді. Ол платформадағы қақпақтың сол жағында орналасқан. Реттеуді бастамас алдында платформаны сол жақ шарнирге ашып тастайды. Тартылған жіпті ұлгайту үшін реттегіш гайкасын сағат тіліне бағыттас, ал азайту үшін сағат тіліне қарама-қарсы етіп бұрайды.

Оң жақ ілгегінің жібін реттеу. Оң жақ ілгегінің жібін өзгертуге машина корпусының алдыңғы бетінде орналасқан реттегіш қызмет атқарады.

Тігіс адымын реттеу. Тігіс адымын реттеуші 2 корпустан тұрады. Ол басты білікке қозғалыссыз бекітіледі, шарикті эксцентрик 3 көлденең бағытта корпустуң ойығына ауысады. Эксцентрик 3 осьінің жойылуы, ось білігінің эксцентриситетінің ұлғаюы тігіс адымының кемуіне әкеп соғады.

Тігістің адымын өзгерту үшін алдымен бүйір қалқан (щит) алып тастап, корпустағы ең үлкен зенковкада басы жасырылған бекітуші бұранданы босату 1 керек, содан соң бұранда шлицасына 4 отвертканы салып, керекті тігіс адымын алғанша бұрау қажет. Бұранданы 4 сағат тілі бойынша бұрау тігіс адымын ұлғайтады, керісінше, бұранданы сағат тіліне қарсы бұрағанда тігіс адымы кішірейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
51-А кл ПМЗ тігін машинасының ақаулары, себептері және жөндеу-реттеу әдістері
Тігін жіптері мен жіп иіру технологиясы
Орша фирмасының КУР 31 кл тігін машинасының жоғарғы және төменгі жіптерін қамту мен тартылуын реттеу және ине механизмін баптау
Қазақ ұлттық көйлек пен қамзол: материалдар, пішімдеу және тігін технологияларының техникалық сипаттамасы
Тігін машинасының құрылымы мен қызметі
Тігін өндірісінің жабдықтары: тарихы, түрлері және инелер
Машина инешаншымдары мен тігімдері: құрылымы, түрлері және орындаудың техникалық шарттары
Қазақ ұлттық қолөнеріндегі тігіс түрлері мен тігін құралдары
Тігін машиналарының кіші механизмдері: құрылымы, жіктелуі және жұмыс істеу қағидалары
Матаның талшықтық құрамы мен құрылымы, сынау әдістері және тігін өнеркәсібіндегі қолдану тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz