Қазақстандағы әкімшілік құрылыс және құқық


Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- 1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша құрылған отаршылық әкімшілік органдары
- Алаш Орда үкіметінің саяси-құқық шаралары
- Қазақ қоғамындағы сот және сот процесі
ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы әкімшілік құрылыс және құқық.
XIX ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай Қазақстанның территориясы түгелдей Ресейдің құрамына қосылып бітті. 1864 жылы Шымкент, Әулиета, Түркістан қалаларын орыс әскерлерінің басып алуымен Ұлы жүздің жерінің Ресейге қосылуы аяқталды.
XIX ғасырдың 60-жылдары Ресейде де мемлекеттік құрылыс пен құқық саласында ауқымды реформалар жүргізілді. Ол реформалардың негізінде қарыштап дами түскен жаңа капиталистік қатынастар жатты.
Қазақстанның Ресейге қосылуын заңды түрде бекіту және отар аймақты одан әрі игеру мақсатында 1867-1868 жылдары Қазақстанды әкімшілік басқару жүйесінде ірі реформалар жасалды. Реформаның мақсаты отарға айналған қазақ даласының байлығын тереңірек тонау үшін ыңғайлы әкімшілік және құқықтық негіз қалау болды.
XIX ғасырдың 60-жылдары Қазақстанның Ресейге қосыла бастағанына 1. 5 ғасыр болған еді. Ресей империясы Қазақстанды ресми түрде отар деп есептеді. Отаршылықтың өрескел көріністері қазақ халқының атын дұрыс атамай оны "қырғыз" немесе "қырғыз-қайсақ" деп кемсітіп атауында және бұл атаулардың ресми қолданысқа кіруінен көрінді. Қазақтар өздерін ресми құжаттарда "қазақ" деп жаза алмай "қырғыз" деп көрсетті. Немесе қазақтарды "түземдіктер", "шет аймақтықтар" деп кемістті. Патша үкіметі Қазақстан деген саяси-географиялық ұғымды қолдануға да тиым салды. Қазақстанды түрлі атаулармен "Орынбор өлкесі", "Сібір өлкесі", "Дала" кейінірек "Түркістан өлкесі" деген бөлек атаулармен атады. Бұл атаулар Қазақстан деген біртұтас саяси-географиялық ұғымды біржола санадан өшіруге бағытталған еді.
1868 жылғы "Уақытша ереженің" 210-параграфы бойынша қазақтардың жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланды. Бұл ереже 1891 жылғы "Уақытша ережеде" де қайталанды. Осы ережелер бойынша патша өкіметі қазақтардың жері өзіне қоғамдық түрде пайдалуына беріледі деп мырзалық көрсеткен болды.
Осы ережелер негізінде қазақтардың жері жаппай тартып алынып, келімсек мұжықтарға таратылды. 1917 жылдың қарсаңында 47 млн. Десятина қазақтың шұрайлы жерлері тартып алынып, оларға мыңдаған орыс поселкелері орналасты. Қазақстанға осы езеңде 1. 5 млн-нан асы орыс, украин және беларус келімсектері көшіп келді. Қазақстанның топонимикасы түгелге жуық орыстанып, ұлттық құрамы үлкен өзгеріске ұшырады.
1867-1868 жылдардағы реформалардан соң қазақ өкілдері губернаторлық, облыстық, уездік дәрежеде басшылық түгілі қтардағы шенеуніктікке де жіберілмеді. Оларда тек орыстар отырды. Қазақтың қол жеткен билігі болыстық болды. Онда да болыстыққа жету үшін қазақтар орыс өкілдеріне әбден жем болатын.
Қазақстан патша үкіметінің таза шикізат базасына айналды. Мұндағы өнеркәсіп пен сауда, транспорт отаршылық саясатты тереңдету мақсатына
қызмет етті. Қазақтар расындағы оқу-ағарту, денсаулық сақтау ісі туралы айтуға тұрмады. Патша үкіметі қазақтарды қараңғы, тұрмысы нашар тәуелді халық етіп ұстап тұруды мақсат тұтты.
Осылай қазақтар отаршылықтың ең ауыр кезеңіне аяқ басты.
1867 жылғы 11 шілдеде "Жетісу және Сырдария облыстарын бсқару туралы уақытша ереже", 1868 жылғы 21 қазанда "Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді.
Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс-Сібір және Түркістан атты үш генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Әр генерал-губернаторлықта екі облыстан барлығы алты облыс болды. Орынбор генерал-губернторлығында Торғай, Орал облыстары, Батыс-Сібір генерал-губернаторлығында Ақмола, Семей, Түркістан генерал-губернаторлығында Жетісу және Сырдария облыстары кірді. Бөкей ордасы Астрахан губерниясына қарады. Маңғышлақ приставтығы алдымен Кавказ әскери округіне, кейінірек Закаспий облысына кірді.
Облысты әскери губернатор басқарды. Оның қолында да әскери және азаматтық билік толықтай шоғырланды. Сондай-ақ әскери губернатор облыс жерінде орналасқан қазақ әскерінің тағайындалған атаманы болды. Жетісу және Сырдария әскери губернаторлары шекаралық істермен де айналысты. Әскери губернаторлардың жанында облыстық басқарма құрылды. Облыстық басқармада үш бөлім: өкімші, шаруашылық және сот бөлімдері болды. Бөлім бастықтарын генерал-губернатор тағайындады. Облыстық басқарманың кейбір мүшелерін әскери губернатор тағайындалды.
Облыстар уездерге бөлінді: Жетісу облысы 6 уезден, Сырдария облысы-8, Орал облысы-4, Торғай облысы-4, Ақмола облысы-5, Семей облысы- 6 уезден тұрды.
Уәзді уезд бастығы басқарды. Уезд бастығын әскери губернатордың ұсынуымен генерал-губернатор тағайындады.
Уезд бастығы әскери, полициялық, азаматтық билікті қолына шоғырландырды. Уезд бастығы әскери адам болды.
Уезд бастығы болыстық съезді өткізудің орны мен уақытын белгіледі, болысты сайлаған соң оның кандидатурасын бекіту үшін әскери губернаторға ұсынды. Ауыл старшындарын бекітті, орнынан алды. Болысты уақытша қызметінен шеттете алды. Әскери губернаторға болысты орнынан босату туралы мәселе қойды.
Болыс пен старшынға ұсынылу үшін жасы 25-ке келуі және сол территорияда тұру қажет болды.
Сайлауға барлық халық қатыспады. Старшынды сайлау үшін әр он үй бір таңдаушыны сайлайды. Тәртіп бойынша ауылда 100-200 үй болса, таңдаушылардың саны 10-20 адам болды. Таңдаушыларды сайлауға тек ер адамдар қатысты. Мұндай жағдай күйеуі қайтыс болған соң ерге шықпай, үй иесінің ролін атқарып жатқан әйелдерге қатысты болды.
Патша үкіметі Қазақстанды саяси-құқықтық жағынан басқаруды тереңдетіп тағы жаңа ережелер қабылдады.
1886 жылы 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару туралы ереже, 1891 жылы 25 наурызда Ақмола, семей, Жетісу, Орал және Семей облыстарын басқару туралы ереже қаблданды. Батыс-Сібір генерал-губеренатор Дала генерал-губернаторлығы деп өзгеріп оған Сырдария облысынан басқа бес облыс түгелдей кірді. Сырдария облысы түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Жетісу облысы 1897 жылықайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.
Қазақстанның Ресейдің толық отарына айналуы әдет-ғұрып құқығының шеңберін тарылты, оған елеулі өзгерістер ендірілді.
Түрлі дәрежедегі билер съездерінің нәтижесінде әдет-ғұрып құқығына өзгерістер мен толықтырулар ендіріліп Ережелер жасалды. Осы Ережелер енді әдет-ғұрып құқығының бастауларының біріне айналып, біртіндеп жазба құқыққа айнала бастады.
Отаршылық жүйе арқылы Ресей империясының заңдары Қазақстанда қолданыла бастады. Патша үкіметі Қазақстанды басқару үшін бірнеше үлкен актілер қабылданды. Олардың қатарында 1822 жылғы, 1824 жылғы Уставтар, 1854 жылғы заң, 1867-1868 жылғы Уақытша ережелер, 1886, 1891 жылғы Ережелер бар. Бұлар өлкенің ерекшелктеріне сай жаңа отаршылдық жүйені заңдастырған құқықтық қатынастардың негізін қалады.
Ең алдымен жерге қатысты меншік құқығы өзгерді. Бұрын жер рулық-тайпалыққауымның немесе қоғамның меншігі болып есептелді. Патша өкіметі 1868 жылғы Уақытша ереженің 210 параграфы бойынша қазақ жерлері мемлекет меншігі ретінде бекітілді. Қазақ жерлері тартып алынып, қазақ әскерлеріне. Бекіністер салуға, келімсек орыс шаруалары-қарашекпенділерге, шет ел капиталистеріне, шіркеулерге беріле бастады.
Жерді жалға беру енді 1867-1868 жылдардағы Ережелер бойынша ауылдық, болыстық қауымдар орыс өкілдері болып табылатын өнеркәсіпшілерге. Көпестерге өздеріне тиесілі жерлерін 30 жылға дейін жалға бере алды. Келісім қағаз жүзінде жасалды. Қазақтардың өз арасында қыстауларды. Жайылымдарды жалға беру туралы келісімдер жасалып жатты. Төлем ақы ретінде мал пайдаланды. Ережеде жалға беруші қауым дегенмен іс жүзінде жалға беру және оның ақысын пайдалану болыстар мен старшындар, билер қолында болды.
Отбасы некелік құқығына да өзгерістер енді. Жесір даулары билер сотының қарауында қала берді. Бірақ билер сотының шешіміне уезд бастығына немесе әскери губернаторға шағым жасауға болатын. Мұның өзі әйелдерге деген жүгенсіздіктерді кей жағдайларда тізгінеді.
1885 мжылы Семей облысы билерінің Қарамола ережесінде әдет-ғұрып заңдарына өзгерістер енді. Бұл билер съезіне Абай Құнанбаев қатысқан деген дерек бар. 73 баптан тұратын бұл ереже әдет-ғұрып құқының барлық салаларын жаңа кезеңге сай етуге әрекет етті.
Патша өкіметіне наразылық қозғалысты басу үшін 1881 жылы 14 тамызда Мемлекеттік тәртіп пен қоғамдық тыныштықты қорғауға қатысты шаралар туралы ереже қабылданды. Мұнда ерекше жағдайда қолданылатын шаралар да көрсетілді. Патша заңдылығы ерекше жағдайды күшейтілген күзет, төтенше күзет және соғыс жағдайы деп үшке бөлді. Мұндай жағдайлар, әсіресе соғыс жағдайы Қазақстанда 1905-1907 жылдардағы революцияда, 1916 жылғы көтеріліс кезінде қолданылды. Бұл кездегі негізгі жазаның түрі көп жағдайда өлім жазасы болды. Сот құқығы саласында негізгі бағыт қазақтардың билр соттын шектеу. Патша өкіметінің заңдарын тереңдеп ендіру. Сот билігі патша өкіметінің әкімшілік аппаратының жазалау бөлігі болды. Осы бағытта ол күшейе түсті. Билер соты да патша өкіметінің еркін, бай феодалдардың еркін қорғауға қызмет етті.
Жаңа Ережелер бойынша билер соты халық соты деп аталды. Билер қызметке үш жыл мерзімге сайланатын болды. Болыстық сайлауда болыстармен бірге билер де сайланды. Билер де әскери губернатордың бекітілуіне жаттыю Әр болыста ауылдардың санына қарай 4-8 би болды. Әр ауылда бір биден артық болмады.
Билер соты үш сатыдан тұрды: а) Жалғыз биден тұратын 300 сомға дейінгі азаматтық талап арыздарды қарайтын, 100 сомға дейінгі шешімдерді түпкілікті шешуге құқықты соттар, б) болыстық билер съезі бірінші сатылы сот ретінде шектеусіз мөлшердегі азаматтық істерді қарады және 500 сомға дейінгі дауларды түпкілікті шешуге құқықты, сондай-ақ екінші сатылы сот ретінде жалғыз билер сотының шешімдерін қарады, в) билердің төтенше съезі әртүрлі болыстардың ауылдары арасындағы дауларды қарады, екінші сатылы сот ретінде болыстық билер съезі шешімдерін қарады.
Билер соты мынадай қылмыстық мәселерді: жеке басқа қарсы қылмыстар (кісі өлімінен басқа), меншікке қарсы (тонау мен талқандаудан өзге), отбасы-некеге қарсы, ислам дініне қарсы, болыс, би, старшындарға қарсы істерді қарады. Онан басқа билерге алғаш рет наториалды куәлік беру құқығы берілді.
1867-1868 жылғы Ережелер бойынша Қазақстанда үш түрді сот: әскери сот, империяның жалпы заңдар негізінде қызмет ететін сот және халық (билер ) соты болды.
Патша өкіметі құлаған соң қазақтың тәуелсіздік жолындағы күресуші қайраткерлері "Алаш" партиясының төңірегінде топтасты.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда жалпықазақ съезінде ұлттық демократиялық саяси "Алаш" партиясы құрылды. Партияның бағдарламасын жасау жөнінде қаулы қабылданды. Ұзамай партияның Семей, Омбы, Торғай, Орал облыстық комитеттері құрылды.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Ғұмаров т. б. бір топ қайраткерлердің атынан 1917 жылы "Қазақ" газетінің 21 қарашадағы санында "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды.
1917 жылы 5 желтоқсанда Орынборда жалпы қазақ-қырғыз съезі ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, Алтай губерниясы мен Самарқан
облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан бәрі 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде 10 мәселе қойылды. Соның алтауы таза мемлекеттік-құқықтық мәселелер болды. Олар 1. Сібір Түркістан автономисы һәм юго-восточный союз туралы. 2. Қазақ-қырғыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт Кеңесі. 8. Народный сот. 9. Аулное управление.
Съездің басты мәселесі ұлттық автономия түріндегі мемлекеткке қол жеткізу болды. Съезд қаулысында:
I. Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей,
Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Әмудария бөліміндегі қазақ уездері. Закаспийй облысындағы һәм Алтай
5
губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға.
II. Қазақ-қырғыз автономиясы "Алаш" деп аталсын. Осылай жаңа "Алаш" автономиясы құрылды. Бұл автономиялы мемлекеттің құрылуы болды.
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі құқықтық-мемлекеттік жағдайға ерекше көңіл бөлді. Орынбор қаласында өткен бүкілқазақтық бірінші және екінші съездерінің қаулыларында, Алаш партиясы бағдарламасының жобасында, Алашорда үкіметінің актілерінде 1917 жылғы 21-27 шілдедегі бүкілқазақ съезінің қаулысында "Ресейде демократиялық, парламенттік, федеративтік республика" болуы керек деп көрсетілді. Үкімет басында Құрылтай жиналысы, оның арасында Құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума белгілі мерзімге сайланған Президент тұрады.
Алаш партиясы мен үкіметі дініне. Жынысына, ұлтына, шығу тегіне қарамай тең сайлау құқығын жақтады.
Дін мемлекеттен бөлінген, әркім тең және еркін болуы тиіс. Қазақтардың өз алдына муфтилі немесе діни орталығы болуы қажет болды. Туу және өлім туралы, некелесу мен ажырасу молдаларға берілуді жақтады. Неке жасы әйелдер үшін 16, ерлер үшін 18 жас болып белгіленді.
Бүкілқазақтық съезд қаулысындасот туралы:
1. Қазіргі қазақ халық соты жойылсын.
2. Қазақтардың тұрмыстық жағдайына лайық ескі соттың орнына жаңа сот құрылысын деп жазылды.
Съезд арнайы комиссия құрып. Жаңа сот жүйесі жөнінде нұсқаулар жасауға тапсырма берді.
Алашорданың жер саясатының негізгі бағыттары белгілі болғанмен ол түпкілікті түрде құрылтай жиналысының шешімін күтті.
Алашорда үкіметі ұзақ өмір сүрмеді. Дегенмен тарихта үлкен із қалдырды. Оның басшылары ұлттық-демократиялық мемлекет құрып оның саяси-құқықтық жағын негіздеді. Алашорда үкіметі халықтық әдет-ғұрып құқығын жаңа жағдайға ұтымды пайдалана білді. Алаш басшылары аса
білікті, күрескер қайраткерлер ретінде тарихқа енді. Бірақ сол кезеңдегі тарихи-саяси жағдай Алаш идеясын, Алашорда автономиясын бесігінде тұншықтырып тастады.
Кеңестік режим жылдарындағы Қазақстанның дамуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz