Компьютердің балаға әсері



1 Ата.ана оқысын немесе компьютердің балаға әсері
2 Балаға "сиқырлы машинаның" алдында отыруға қай жастан кейін рұқсат еткен жөн?
3 Компьютер балаға не нәрсе үйрете алады?
Балаларымыз компьютерге қанша жастан отырғаны жөн? Компьютердің оларға қандай пайдасы мен зияндары бар? Ата-аналар үшін пайдалы мақала.

Компьютер жыл сайын біздің өмірімізде маңызды орын алуда. Оның көмегімен фильм көре, музыка тыңдай аламыз, басқа континентте тұратын адамдармен араласамыз, мәтін тере, қиын математикалық есепті шығара аламыз және т.б. Алайда көп ата-аналарды мазалайтын сұрақтар бар: балаға компьютерді қолдануға рұқсат берген дұрыс па? Компьютер оған не нәрсені үйрете алады? Мүмкін пайдасынан гөрі зияны көп шығар? Осы мәселелерге тоқталайық.


Онлайн ойындар – әлемнің барлық адамдары ойнайтын ойын. Олар нені үйрете алады: логикалық және стратегиялық ойлауды, адамдармен ортақ тіл табысуды. Ал қандай зиян әкеле алады? Біріншіден, бала шынайы өмірді ұмытып, виртуалды өмірге бас сауғалайды, яғни тәуелділік. Екіншіден, белгілі бір жетістікке жету керек, ол қолдан келмей жатыр, яғни ашушаңдық. Кемшіліктері өте көп. Ең бастысы, барлығы өз орнымен беру керек. Сонда ойынға қатысты проблемалар болмады. Компьютердің ықпалынан қорқудың қажеті жоқ, оны дұрыс пайдалану, үлкен белестерге апарады. Өте үлкен белестерге қол жеткіземіз. "Сиқырлы машина" баланың болашақ өміріне қатты қажет болады. Ал ол балалардың досына айналу үшін, ата – аналар өздерінің дағдыларын жоғарлату шарт. Сондықтан ол дос болады ма, қас болады ма, біздің өзімізге байланысты.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ата-ана оқысын немесе компьютердің балаға әсері
12.05.2012  0 пікір

Балаларымыз компьютерге қанша жастан отырғаны жөн? Компьютердің оларға
қандай пайдасы мен зияндары бар? Ата-аналар үшін пайдалы мақала.
 
Компьютер жыл сайын біздің өмірімізде маңызды орын алуда. Оның көмегімен
фильм көре, музыка тыңдай аламыз, басқа континентте тұратын адамдармен
араласамыз, мәтін тере, қиын математикалық есепті шығара аламыз және т.б.
Алайда көп ата-аналарды мазалайтын сұрақтар бар: балаға компьютерді
қолдануға рұқсат берген дұрыс па? Компьютер оған не нәрсені үйрете алады?
Мүмкін пайдасынан гөрі зияны көп шығар? Осы мәселелерге тоқталайық.
 
Балаға "сиқырлы машинаның" алдында отыруға қай жастан кейін рұқсат еткен
жөн?
Дәрігерлердің айтуы бойынша, баланы үш жастан бастап отырғызуға болады,
бірақ күніне жарты сағат қана.  6 жастан бастан 12 жасқа дейін - бір сағат.
Ал 12 жастан бастап күніне екі сағат рұқсат етуге болады. Компьютер көзге
зиян, сондықтан әр бір он бес минут сайын үзіліс жасап отыру керектігін
есте сақтау керек. Егер балаға көзге арналған жаттығуларды үйретіп
қойсаңыздар, одан бетер жақсы болар еді: көзді вертикальды және көлденең
айналдыру немесе жиі жыпылықтау. Кейін тәуелділік пайда болмау үшін
компьютер алдында отыратын уақыт нақты белгілену керек. Балаға компьютердің
алдында көп отыру, оның көздеріне үлкен зиян тигізетінін жайлап түсіндіре
білу қажет.
 

 
Монитордың қарама-қарсы түстерін және ашықтылығын реттеңіз, баланың көзіне
қатты әсерін тигізбесін. Жұмыс үстеліне біркелкі түстегі суреттерді
қойыңыз. Үстел және орындық баланың бойына сәйкес келуін қадағалаңыз. Оның
түзу отыруын бақылаңыз, әйтпесе ол  сколиоздың дамуына алып келеді. Монитор
түзу тұру керек, бала оған бұрылып қарамайтындай болсын. Компьютерлік
орынға жарық түсуі керек, алайда жарық дәл мониторға түспеген дұрыс.
 
Компьютер балаға не нәрсе үйрете алады?
2-ден 6 жасқа дейін балақайлар компьютерді меңгере бастайды. Сандарды,
әріптерді, әр түрлі белгілерді үйретуден бастауға болады. Ол үшін сізге
мәтіндік редактор керек. Уақыт өте келе бала толық сөздерді жазады, кейін
сөйлемдерді. Сонымен бірге ол  қатесін көріп, оны өзі түзей алады.
Тінтуірді басқару арқылы балақайдың әрекетін жетілдіруге болады. Белгілі
болғандай бала ойын арқылы үйренеді. Бүгінгі таңда ой-өрісті жетілдіретін
неше түрлі ойындар бар. Солардың көмегімен көптеген ғылымның ежелерін
тануға болады:  геометрия, шет тілі, арифметика, грамматика.

Paint редакторын қолдану арқылы сурет салуды үйренуге болады. Өйткені
жаққышқа қарағанда тінтуірмен сурет салу қиындау. Бұл өз кезегінде қолдың
моторикасын жетілдіреді.
 
Паззлдар қағидасы бойынша суреттерді жинау, логикалық ойлауды
дамытады. Белгілі бір бейнелерді реттеу немесе керек жердің бояғын аяқтау,
қиялды дамытады.
 
Ал музыкалық ойындар музыкаға деген махаббатты оятып, ноталарды жаттауға
ықпал етеді.
 

6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға ақпаратпен жұмыс істеуді үйретуге болады.
Басында ойын түрінде үйреткен жөн. Балаға өз бетінше папка мен файлдарды
ашуды үйретіңіз. Компьютер арқылы ойын ойнау ғана емес, көптеген қызық
ақпаратты білуге де болатынын түсіндіріңіз. Қазір бала ойнап, қосымша
әлемдік торды меңгеретін балаларға арналған сайттар көп. Біртіндеп іздеу
жүйелерін қолдануды үйреніңіздер. Сол арқылы бала өзіне керек ақпаратты
алады емес пе?! Сонымен қатар логикалық ойлауды да дамытады. Өйткені
"іздегіш" сұраққа жауап бермейді, ол тек жалпылама сөздерді іздейді.
 
Осы жаста оның өзін жалғыз компьютердің алдында қалдыруға болмайды, ол әлі
көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютер ойындарының бала психологиясына әсері
Компьютер - адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі
Компьютердің адамзаттарға әсері
Бастауыш мектептерде компьютерлік техниканы тиімді қолдану негізінде оларға компьютерлік сауаттылық элементтерін меңгеру, ақыл-ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі
Компьютер қауіпі
Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдалану
ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Компьютердің бала денсаулығына кері әсері
Компьютер ойындарының бала психологиясына әсері туралы
Пәндер