Абайдың прозалық шығармасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

«Абайдың қара сөздері» - абайдың прозалық шығармасы. барлығы 45 сөз және «бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаладан тұрады.

Абай музыка саласында да мол мұра қалдырып, қазақтың музыкалық өнерін дамытты. Қазіргі уақытта ақынның жиырма жеті әнінің отыз алты нұсқасы нотаға түсірілген. Абай қазақтың ән-күй өнерін ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай, оның да «естісі мен есері барын» айтып, «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күйді» ғана ұнатқан. Абай қазақтың халық ән-күйлерін жете білген. Абай тек тыңдаушы ғана болмай, өзі де ән шығарған. Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасының тарихында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Сұрғылт тұман», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Амал жоқ, қайттым білдірмей» («Татьяна хаты»), «Қараңғы түнде тау қалғып», «Ішім өлген, сыртым сау», т. б. әндері арқылы ол халықтың ән шығармашылығын сан жағынан байытып қана қойған жоқ, сондай-ақ қазақ поэзиясында жаңа өлшем, жаңа түр тапқаны сияқты, қазақ әніне де жаңа әуен-ырғақ, жаңа үн, өлшем мен түр ала келген жаңашыл композитор болды.

Абайдың басқа халық композиторларынан ерекшелігі - қазақ әндерімен қатар, орыстың халық музыкасына, қаланың демократиялық ән-романстарына, Михаил Глинка, Антон Рубинштейн сияқты классиктердің вокальдық шығармашылығына құлақ түруі, содан үйренуі. Абай әндерінен орыстың, украинның халық әндеріне, романстық лирикалық үлгісіне, демократиялық музыкалық дәстүріне сарындастық айқын сезіледі. Абайдың «Сұрғылт тұман», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Өлсем орным қара жер . . . », т. б. әндері - қазақтың ән шығармашылығында жаңалық ашқан шығармалар. Абайдың осындай шумақта келетін әндерінің бірі - «Қараңғы түнде тау қалғып».

Абай музыка өнерінде жалғыз болмаған. Оның айналасында ән-күйдің, өлең-жырдың қадірін білетін өнерпаз топ болған. Абайдың Петербургта оқыған баласы Әбдірахман мен ағайындас інісі Мұқа скрипкада ойнаса, Ақылбай, Әлмағамбет, Әйгерімдер әннің майын тамызған.

Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Абай шығармалары басқа тілдерге аударылу арқылы дүние жүзіне тарады. Елімізде ұлы ақынға жасалған құрмет ерекше. Абай атында қала (Қарағанды облысы), аудан (Шығыс Қазақстан облысы) шың, асу бар. Семей, Қарқаралы қалаларында, Жидебайда әдеби-мемориалдық музей-мұражайлар ашылған. Алматы, Астана, т. б. қалалардағы театрларға, көшелерге ақын аты берілген. Абай қоры жұмыс істейді. Фильмдер, көркем шығармалар, зерттеулер жазылған. Қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтің бас кітабы - «Абай жолы» ұлы ақынға арналған.

Ұлы ақын Абай Құнанбаев 1904 ж. 23-маусымда дүниеден озған. Бейіті - қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Жидебай қонысында.

«Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Абай өзінің ақындығының оқырмандар үшін түсінуге қиындығын сезіп, кейбір күрделі дүниетанымдық мәселелерді қарасөздерде түсіндірген. Абайдың біршама өлеңдерін қара сөздеріндегі кейбір ойларды түсініп барып қабылдауға мүмкіндік ашылады. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін түсіну үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің айтар ойлары бір бағытта, бірінде ой поэзия тілінде, бірінде проза тілінде жеткізілген.

Менің сырым, жігіттер, емес оңай (М. Ю. Лермонтовтан)

Менің сырым, жігіттер, емес оңай,Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай.Жүрегім екеуіне жалбарынар,Рақымдық пен әділ сор деп жалынар.Мен тентек пе, түбінде кім жазалы,Қайғыны жіберуші өзі сынар.Надандар былшылдайды, құп алмайды,Үлкен жанның қиялын ұға алмайды.Теңізден таудай толқын соқса-дағы,Жағадағы жартасты жыға алмайды.Құдай мықты жаратқан үлкен жартас,Былш-былш еткен, бет бұрып, судан қайтпас.Бұлтта суық дауыл, жаймен сырлас,Өзгені жан екен деп сырын айтпас.:

Менің сырым, жігіттер, емес оңай,

Ешкімнің ортағы жоқ, жүрсін былай!

Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,

Қазысы оның - арым мен бір-ақ құдай.

Жүрегім екеуіне жалбарынар,

Рақымдық пен әділ сор деп жалынар.

Мен тентек пе, түбінде кім жазалы,

Қайғыны жіберуші өзі сынар.

Надандар былшылдайды, құп алмайды,

Үлкен жанның қиялын ұға алмайды.

Теңізден таудай толқын соқса-дағы,

Жағадағы жартасты жыға алмайды.

Құдай мықты жаратқан үлкен жартас,

Былш-былш еткен, бет бұрып, судан қайтпас.

Бұлтта суық дауыл, жаймен сырлас,

Өзгені жан екен деп сырын айтпас.

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы (Я. Полонскийден)

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы,Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы.Сол жүректен жылылық, достық пененБұлақша ағып ғаламға тарамақшы.Жан шөлдер өзіңдеймен танысқанша,Бірінен бірі үлесіп алысқанша.Құмарланар, сүйісер жүрек тауып,Қытықсыз қызықпенен бас қосқанша.Жұрттың сөзі: тағдырға адам көнбек,Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек.Осы сенің қызығың, қуанышыңСағымша жоқ боп кетіп түгесілмек.Бейне бір сол қазынаны бір жау алмақ,Жүректің кең дариясы құрып қалмақ.Суық ақыл жүрекке бұйрық жазып,Оны бір өзі өзгеше жолға салмақ.Жүрегін пайдасы үшін жұрт ұсатпақ,Кірмен өлшеп базарға ұстап сатпақ.Оны сатып, ол кімді уатады?Оның өзін тағы да кім уатпақ?Жұрт айтқан сол ант мезгіл келсең керек . . .Мен де пенде, амалсыз көнсем керек.Қызығы зор қайран дос, қайран тату,Сендер өлдің, мен-дағы өлсем керек!Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға,Алла асыраған пендесі аш бола ма?Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге,Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.:

Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы,

Теңіздің түбіндей-ақ қарап бақшы.

Сол жүректен жылылық, достық пенен

Бұлақша ағып ғаламға тарамақшы.

Жан шөлдер өзіңдеймен танысқанша,

Бірінен бірі үлесіп алысқанша.

Құмарланар, сүйісер жүрек тауып,

Қытықсыз қызықпенен бас қосқанша.

Жұрттың сөзі: тағдырға адам көнбек,

Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек.

Осы сенің қызығың, қуанышың

Сағымша жоқ боп кетіп түгесілмек.

Бейне бір сол қазынаны бір жау алмақ,

Жүректің кең дариясы құрып қалмақ.

Суық ақыл жүрекке бұйрық жазып,

Оны бір өзі өзгеше жолға салмақ.

Жүрегін пайдасы үшін жұрт ұсатпақ,

Кірмен өлшеп базарға ұстап сатпақ.

Оны сатып, ол кімді уатады?

Оның өзін тағы да кім уатпақ?

Жұрт айтқан сол ант мезгіл келсең керек . . .

Мен де пенде, амалсыз көнсем керек.

Қызығы зор қайран дос, қайран тату,

Сендер өлдің, мен-дағы өлсем керек!

Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға,

Алла асыраған пендесі аш бола ма?

Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге,

Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы (М. Ю. Лермонтовтан)

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,Салқын, қуыс - өмірі я қараңғы.Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.Жасынан білер ескі шалдың мінін,Аптық жерін, ақылға кеш енгенін.Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін.Жамандық жақсылыққа қарар салқын,Долығы тез басылып, қайтар қарқын.Ұлыққа қошеметшіл, құл сықылды,Қатерге аяқ баспас, көрмей артын.Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше,Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше.Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,Қызығы - үзілгені бос жүргенше.Пайдасыз ғылымменен ми кептірер,Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер:Жақсы сөз, жақын үміт, тәттіліктіКемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер.Қуаты қызық қызмет тойларыныңҚос қыртысын кетірмес ойларының.Лап бергіш, к . . . айналғыш, қайта ойланғышТыянақ оты сөнген бойларының.Келісімді тәтті ой, әр шеберлікҚуантпас ойын қозғап пәлен дерлік.Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай,Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік?Жек көрер, жақсы көрер - кезі білер,Ашуы, махаббаты босқа сөнер.Жанында суықтық бар бір жасырын,Қаны отты жас күнінде шықпас өнер. .:

Қарасам қайғыртар жұрт бұл заманғы,

Салқын, қуыс - өмірі я қараңғы.

Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ,

Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды.

Жасынан білер ескі шалдың мінін,

Аптық жерін, ақылға кеш енгенін.

Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар,

Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін.

Жамандық жақсылыққа қарар салқын,

Долығы тез басылып, қайтар қарқын.

Ұлыққа қошеметшіл, құл сықылды,

Қатерге аяқ баспас, көрмей артын.

Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше,

Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше.

Көзге де, ауызға да қызығы жоқ,

Қызығы - үзілгені бос жүргенше.

Пайдасыз ғылымменен ми кептірер,

Дос-жарға мақтан етіп, бұлдап көрер:

Жақсы сөз, жақын үміт, тәттілікті

Кемітер, көңіл қоймас, кекеңкірер.

Қуаты қызық қызмет тойларының

Қос қыртысын кетірмес ойларының.

Лап бергіш, к . . . айналғыш, қайта ойланғыш

Тыянақ оты сөнген бойларының.

Келісімді тәтті ой, әр шеберлік

Қуантпас ойын қозғап пәлен дерлік.

Өз кеудесін өзі аңдып, бой салдырмай,

Тоқымдығы бусанбас неткен ерлік?

Жек көрер, жақсы көрер - кезі білер,

Ашуы, махаббаты босқа сөнер.

Жанында суықтық бар бір жасырын,

Қаны отты жас күнінде шықпас өнер. .

Жігіт сөзі (Айттым сәлем, қаламқас)

Айттым сәлем, қалам қас,Саған құрбан мал мен бас.Сағынғаннан сені ойлап,Келер көзге ыстық жас.Сенен артық жан тумас,Туса туар - артылмас.Бір өзіңнен басқағаЫнтықтығым айтылмас.Асыл адам айнымас,Бір бетінен қайрылмас.Көрмесем де, көрсем де,Көңлім сенен айрылмас.Көзім жатқа қарамас,Жат та маған жарамас.Тар төсекте төсіңдіИiскер ме едім жалаңаш?Иығымда сіздің шаш,Айқаласып тай-талас,Ләззет алсақ болмай ма,Көз жұмулы, көңіл мас?Сізде сымбат, бізде ыхлас,Осы сөзім бәрі рас.Сіздей жардың жалғандаҚызығына жан тоймас.Етің, етке тигенде,Демің, тиіп сүйгенде,Тән шымырлап, бой ерiп,Ішім оттай күйгенде.Жүрек балқып игенде,Ішкі сырды түйгенде,Іздеп табар сұңқармын,Жарастықты шүйгенде.Қылығыңда жоқ оғат,Қарап тойман жүз қабат,Ыстық тартып барасыңБір сағаттан бір сағат.Сіз - қырғауыл жез қанат,Аш бетіңді, бер қарат,Жақындай бер жуықтап,Тамағыңнан аймалат!:

Айттым сәлем, қалам қас,

Саған құрбан мал мен бас.

Сағынғаннан сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас.

Сенен артық жан тумас,

Туса туар - артылмас.

Бір өзіңнен басқаға

Ынтықтығым айтылмас.

Асыл адам айнымас,

Бір бетінен қайрылмас.

Көрмесем де, көрсем де,

Көңлім сенен айрылмас.

Көзім жатқа қарамас,

Жат та маған жарамас.

Тар төсекте төсіңді

Иiскер ме едім жалаңаш?

Иығымда сіздің шаш,

Айқаласып тай-талас,

Ләззет алсақ болмай ма,

Көз жұмулы, көңіл мас?

Сізде сымбат, бізде ыхлас,

Осы сөзім бәрі рас.

Сіздей жардың жалғанда

Қызығына жан тоймас.

Етің, етке тигенде,

Демің, тиіп сүйгенде,

Тән шымырлап, бой ерiп,

Ішім оттай күйгенде.

Жүрек балқып игенде,

Ішкі сырды түйгенде,

Іздеп табар сұңқармын,

Жарастықты шүйгенде.

Қылығыңда жоқ оғат,

Қарап тойман жүз қабат,

Ыстық тартып барасың

Бір сағаттан бір сағат.

Сіз - қырғауыл жез қанат,

Аш бетіңді, бер қарат,

Жақындай бер жуықтап,

Тамағыңнан аймалат!

Жастықтың оты, қайдасың

Жастықтың оты, қайдасың,Жүректі түртіп қозғамай?Ғылымның біліп пайдасын,Дүниенің көркін болжамай?Адамның тауып айласын,Кісілікті ойламай.Қаруын көңіл сайласын,Қолға ол түспес бойламай.Махаббат, қызық кім көрер,Оның да дәмін татпаса?Біржола басты кім берер,Жаныңа қайғы батпаса.Аямай жанын дос ерер,Жолдастықты ақтаса.Алдыңа айдап кім келер,Ерінбей жүріп бақпаса.Мал бақпақтық шаруа боп,Адал тауып асықпай.Құр айғаймен әуре боп,Өнердің жайын баса ұқпай.Ендi ненi iстеймiз,Бәрiнен де бос қалдық?"Ауызға келiп түс" деймiз,Қылып жүрiп құр салдық!:

Жастықтың оты, қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай?

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай?

Адамның тауып айласын,

Кісілікті ойламай.

Қаруын көңіл сайласын,

Қолға ол түспес бойламай.

Махаббат, қызық кім көрер,

Оның да дәмін татпаса?

Біржола басты кім берер,

Жаныңа қайғы батпаса.

Аямай жанын дос ерер,

Жолдастықты ақтаса.

Алдыңа айдап кім келер,

Ерінбей жүріп бақпаса.

Мал бақпақтық шаруа боп,

Адал тауып асықпай.

Құр айғаймен әуре боп,

Өнердің жайын баса ұқпай.

Ендi ненi iстеймiз,

Бәрiнен де бос қалдық?

"Ауызға келiп түс" деймiз,

Қылып жүрiп құр салдық!

Жүрегім, нені сезесің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай Құнанбайұлы
Абайдың дүниетанымы
Абай философиясы
Абай қара сөздері
Қара сөздердегі адамгершілік бастауы
Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары
Абай Құнанбаев өмірбаяны
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Сыр бойы әдебиетіндегі Әл-Фарабидің орны
Абай шығармашылығының рухани болмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz