Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

І. ВЕРСАЛЬ БЕЙБІТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ . . .

1. 1 Париж бейбіт конференциясы . . .

1. 2 Сен-Жер, Нейи, Трианон және Севр келісімдері . . .

1. 3 Ұлттар лигасының құрылуы . . .

І. ВАШИНГТОН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ВЕРСАЛЬ-ВАШИНГТОН ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ . . .

2. 1 Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси және дипломатиялық күрес . . .

2. 2 Вашингтон конференциясы (1921 ж. қараша - 1922 ж. ақпан) . . .

2. 3 Версаль Вашингтон системасындағы келіспеушілік . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

ҚОСЫМША . . .

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Диплом жұмысы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастарды реттеген және жаңа жүйенің қалыптасуына алып келген 1918-1925 жылдардағы халықаралық келісімдер жүйесін талдауға арналған.

Диплом жүмысының өзектілігі. Биылғы жыл адамзат баласының тарихында «бірінші дүниежүзілік соғыс» атымен белгілі соғыстың басталғанына 100 жыл толып отыр. Жиырма жылдан кейін жаңа соғыстың басталуынан адамзат баласы бұл соғыстан қажетті сабақ ала алмағанын көреміз. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу тақырыбы диплом жұмысының өзектілігі болып табылады.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді қайта реттеу мақсатында жүргізілген Версаль-Вашингтон жүйесінің тарихта алатын орны ерекше. Соғыстың аяқталуы халықаралық дипломатия және саясатта жаңа жолдың басталуына түрткі болды. Соғыста «жеңгендер» мен «жеңілгендер» арасында дипломатиялық шиеленістер мен қайшылықтар төңірегінде саяси «ойын» басталды. Соғыста жеңген елдер Версаль-Вашингтон жүйесі бойынша халықаралық қатынасын бекіте түсуге қадам жасады.

Сонымен, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бейбіт жолмен реттеу проблемасы бойынша жеңген елдердің басшылары: Францияның премьер-министрі Ж. Клемансо, Ұлыбританияның премьер-министрі Ллойд Джордж, Америка Құрама Штаттарының президенті В. Вильсон тарихта Версаль-Вашингтон жүйесі деген атпен танымал болған халықаралық бейбіт конференция ұйымдастыру жұмысын жүргізу туралы шешім қабылдады. Бұл соғыстан кейінгі ұлы державалар арасындағы дипломатиялық «шайқас» болды. Күн тәртібіндегі басты мәселе Франция үшін жеңілген Германия, Австро-Венгрия, Түркия сияқты империялардың территориясын бөлшектеп, отарларын иемдену болса, Ұлыбритания үшін Еуропада өзінің бұрынғыдай алып держава орнынан айырылмау болды, ал АҚШ үкіметі бұл Париж конференциясында Ұлттар лигасын құру және қарусыздану мәселесін ұсынумен болды.

Сөйтіп, соғыс аяқталысымен 1918 жылы 11 қараша айында Компьен орманында Францияның сыртқы істер министрі Фош Германиямен бейбіт келіссөз жүргізу мәселесі бойынша құжатқа қол қойды. Сонымен герман мәселесін талқылау үшін бейбіт конференция 1919 жылы 18 қаңтар күні Парижде осыдан 48 жыл бұрын Германия империясының құрылғанына куә болған Версаль сарайының Айналы залында ашылды. Жиналыстың ашылу барысына сөз алған президент Пуанкаре өз сөзінде соғыстың кінәлілері мен жаңа соғысқа жол бермеу мәселесін айтып өтті. Париж конференциясына 27 мемлекеттен делегаттар келді, сонымен бірге 5 мемлекет - АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия, Жапония державалары конференцияда «бестіктер кеңесін» құрып, оған Франция төрағалық жасады. Бұл Версаль-Вашингтон конференциясының тарихта алатын орны ерекше, мұнда соғыс өртін бастап, адамзат өміріне үлкен қайғы-қасірет алып келген «Үштік одақ» державалары мәселесі бойынша арнайы келіссөздер жүргізді. Осы Париж конференциясында төрағалық құрып отырған Франция қаралар мәселенің көп жағын «немістерден өш алу» жағына бұра берді, ал соғыста жеңілген германия үшін бұлай «арттан соққы алулары» өте ауыр қасірет болды. Әрине, мұның да өзіндік ерекшелігі бар еді, яғни сонау Франкфурттан кейінгі француздардың немістерге деген өшпенділігі орынды да еді. Сонымен бірге бұл конференцияда АҚШ президенті В. Вильсон барлық халықтардың халықаралық тағдырлары мен мүдделерін бірінші орынға қоятын Ұлттар лигасын құрып «Жарғысын» қабылдау, мандаттық жүйе енгізу сияқты мәселелерді алға тартты. Мұндай ұсынысты бастапқы кезде Франция мен Ұлыбритания өкілдері қабылдаудан бас тартты. Өйткені барлық халықтардың мүдделері мен тағдырларын бірінші орынға қоятын «жарғы» талаптары еуропалық ұлы державалардың басты тізгін етіп ұстап отырған территориялық және қаржылық саясаттарынан оп-оңай айырылып қалғылары келмеді.

Сонымен, 1919 жылы Париж конференциясында көп жағынан оқшаулана берген АҚШ мемлекеті енді (1921 аяғы -1922 басы) Вашингтонда өздері бейбіт конференция ашты. Бұл конференцияда ең басты қаралған мәселе соғыстан кейінгі қарусыздану проблемасы болды.

Соғыстан кейінгі әлемді қайта реттеу мәселесі бойынша жүргізілген Версаль-Вашингтон жүйесінің тарихта алар орны ерекше. Бұл мәселеге қатысты халықаралық, дипломатиялық, саяси, сол кездегі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, осы мәселелер төңірегінде көптеген Ресей тарихшылары, алыс-жақын шетел тарихшылары, экономистер, саясаткерлер өз пікірлерін жазған болатын. Оған байланысты әртүрлі тұжырымдар да жасалынды. Дегенмен өткен күндерге тарих биігінен қараған сайын, біз зерттеу тақырыбы етіп алып отырған мәселеге жаңа қырыған қарау, қайта тарих елегінен өткізу қажеттілігі туады, диплом жұмысының өзектілігі де осы қажеттеліктермен анықталып отыр.

Зерттеу жұмысының нысаны 1919-1922 жылдар аралығында өткен соғыс қорытындысын шығару үшін бас қосқан конференциялар мен келісімдерде қаралған мәселелерді қарастыру, талдау болып табылады.

Зерттеу жұмысының пәні - соғыстан кейінгі Париж конференциясы, Севр келісімі, Версаль келісімі, Ней келісімі, Трианан келісімі, Ұлттар Лигасының құрылуы, Вашингтон конференциясы, тоғыздық және бестік келісімдер нәтижелері, дипломатиялық күрес пен ұайшылықтар, оның механизмдері мен ерекшеліктері, сонымен қатар оның негізгі кезеңдері мен эволюциясы.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазуда алдымызға қойған мақсатымыз - Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемді қайта бейбіт жолмен реттеуге бағытталған Версаль-Вашингтон жүйесінің халықаралық сахнадағы орнын танып білу болып отыр. Мұнда ұлы державалардың келіссөздер шешімін өздеріне тиімді жолмен жүргізу саясатының мән-мағынасын анықтау басты мақсаттарымыз болмақ. Осындай күрделі мәселерді қарастыру жағдайында алдымызға мынадай міндеттер қойдық:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Париж бейбіт конференциясын ашу жолындағы қиындықтарды талдау;
  • Конференция қызметі барысындағы "ондық Кеңестің" шешімдеріне анализ жасау;
  • В. Вильсонның конференцияда Ұлттар Лигасын құру ұсынысы мен оған қарсы шиелестің етек алуын талқылау;
  • Вашингтон конференциясындағы "Төрт держава трактатының" қабылдануына баға беру.
  • Халықаралық конференциядағы қатынастардың негізгі мақсатын көрсету
  • Қабылданған ресми құжаттардың мазмұнын, мән маңызын анықтау
  • Версаль Вашингтон жүйесінің маңызы мен қорытындыларын талдау болып табылады

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын жазуда көптеген арнаулы зерттеулер мен оқу-құралдары, деректік материалдар мен мерзімдік басылымдар, арнаулы зерттеулер пайдаланылды.

Бұл бітіру жүмысын жазуда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Версаль-Вашингтон жүйесінің саясатына қатысты жазылған бірқатар деректерді мысалға келтіре кетсек болады. Айта кету керек, диплом жұмысына тікелей қатысты конференция келісімдері: "Версальский мирный договор" [1] және "Нейский мирный договор" [2] "Сен-Жерменский мирный договор" [3], "Трианонский мирный договор" [4], "Хрестоматия по новейшей истории" [5], "Хрестоматия по истории международных отношений" [6], "Внешняя политика Советского Союза" [7] "Вашингтонская конференция по ограничению вооружений и тихоокеанскому и дальневосточному вопросам" [8] тағы басқа көптеген еңбектер жарық көрген. Осы құжаттық еңбектерде негізінен Версаль-Вашингтон жүйесінің қалай сарынмен жүргізілгені туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Сондай-ақ, осы соғыстан кейінгі халықаралық сахнада өз мемлекеттерінің әлемдік үстемдігі үшін барын сала жұмыс жүргізген мемлекет қайраткерлерінің естеліктері мен заманхаттарын айтуға болады. Олар: II Вильгельм [9], Гинденбург П. [10], Кейнс Д. [11], Ллойд Джоржд Д. [12], Пуанкаре Р. [13], Фош Ф. [14], Черчилль У. [15], Эррио Э. [16] т. б. болып табылады. Бұл еңбектерде бастапқы кездегі Париж конференциясын ұйымдастыру жұмыстары, оған қатысушы державалардың бағдарламалары жайында қарастырылған. Құжаттардан сонымен бірге, бейбіт келіссөздерге байланысты "орыс мәселесінің", "еуропалық мәселенің" "неміс мәселесінің" қалай "шешілгендігі" туралы анализ жасауға болады.

Ал енді арнаулы зерттеулерге жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі болған Версаль-Вашингтон жүйесіне қатысты Алданов М. [17], Прицкер Д. П. [18], Бэккер Р. С. [19] еңбектерінің орны ерекше. Бұл ғылыми зерттеулерден Париж бейбіт конференциясында төрағалық жасаған Францияның премьер-министрі Клемансо, сонымен бірге Ұлыбританияның премьер-министрі Ллойд Джордж және Құрама Штаттар президенті Вильсонның әлемді бейбіт жолмен реттеуге байланысты саяси-дипломатиялық идеяларына анықтама жасалған.

Сонымен бірге, Америка Құрама Штаттарының президенті В. Вильсонның ұсынысы бойынша Париж бейбіт конференциясының пленарлық мәжілісінде Ұлттар Лигасын құру туралы ұсынысы талқыланды. Әрине, бұл Еуропада өз үстемдігін орнатып отырған Франция мен Ұлыбританияның саясатына қайшы келуі әбден мүмкін еді. Өйткені лига "жарғысына" сәйкес олар өздеріне тиесілі территориялық және қаржылық операцияны іске алмауы да ғажап емес. Дегенмен, Ұлттар лигасын құру идеясы іске асып, оның "Жарғысы" да қабылданды, сонымен бірге Лига талабына сай бірінші рет мандаттық жүйе енгізілді. Осы мәселе жөнінде ғалымдар Вововозов В. В. [20], Илюхина Р. М. [21], Иванов Л. Н. [22], Ходнев А. С. [23] ғылыми еңбектерінің орны ерекше. Авторлар өз ғылыми еңбектерінде барлық халықаралық мәселеге халықтар тағдыры мен мүдделерін ортақ қып отырған бұл халықаралық ұйымның құрылу тарихына үлкен мән берген.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде үлкен өзгерістер етек ала бастады. Бұл әсіресе Еуропада жаңа мемлекеттердің құрылуына тікелей байланысты еді. Осы мәселе бойынша: Беляева В. И. [24], Ванечек В. [25], Ефимовский Е. А. [26], Котяревский С. А. [27], Писарев Ю. А. [28], Шмераль Я. Б. [29] сынды ғалымдар өз еңбектерінде баян етеді. Бұл зерттеулерден соғыстан кейінгі словян, хорват, словак корольдықтарының бір мемлекет болып, яғни Югославия деп атау алғанын, сонымен бірге чехтар мен славяндардың бірігіп - Чехословакия деп аталуы Шығыс Еуропадағы Балқан мемлекеттері ішінде ұзақ жылдарға дейін халықаралық шиеленісті, даулы аймақ болып келгені көпшілікке аян. Авторлар еңбектерінен осы мәселенің алғашқы тарихи кезеңдерінен үлкен мағұлыматтар алуға болады. Айта кетсек, Еуропадағы бүл саяси картаның осылай өзгеруінің ақыры ұзаққа созылған үлкен даулы мәселеге айналды [30] . Сонымен ғасыр басында басталған ұлттық мәселе туралы тамаша еңбектер де бар [31 ] .

Бейбіт конференцияда "жеңімпаз" одақтастар "жеңілген" елдердің мәселесін талқылауда аянбай жұмыс істеді. Соғыс отын тұтандырып отырған Германия империясының соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы адам айтқысыз күйге түсті. Германия үшін соғыстан кейінгі бейбіт келіссөздер шешімдерінде қарастырылған репарация мәселесі де үлкен ауыр болып тиді. Одақтастарға төлейтін шығын неміс халқын әбден әлсіретіп жіберді. Әрине бастапқы кезде неміс үкіметінің басшылары елдің ішкі саяси және экономикалық әлсіреуін және елдегі революциялық жағдайды алға тартып шығын төлеуден бас тартпақ та болды. Алайда мүндай мәселе одақтастардың көңілінен шыға қойған жоқ. Әсіресе Франция мемлекетінің. Мұндай қайшылықты даулы мәселе жағдайы ұзаққа барған жоқ. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін адам айтқысыз табысқа қол жеткізіп, "кредитор" мемлекетке айналған АҚШ үкіметі немістерге де өз көмегін аяған жоқ. Бұл мәселе төңірегінде Кобляков И. К. [32], Клейменов Е. Н., Сидрова А. Ю. [33], Уткин А. И. [34] ғылыми еңбектерінен қарастыруға болады.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. Жұмыстың мерзімдік шегі 1919-1922 жылдар аралығын қамтиды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жеңген елдер соғыс қорытындысын шығару үшін бас қосқан париж конференциясы мен соғыс қорытындысын шығару міселесінің заңды жалғасы саналатын Вашингтон конференциясы өткен мерзім де диплом жұмысының хронологиялық шеңбері ретінде алынды.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері.

Қарастыратын мәселеге қатысты тарихи материализм тұрғысынан жазылған еңбектерді қайта қарау қажеттігі жаңа ізденістерге жол ашты. Осыған орай зерттеу барысында шетелдік мектептер мен жекелей ғалымдардың ғылыми теориялары мен концепциялары, атап айтсақ өркениет концепциясы, саяси-реализм, либералды-идеализм және неомарксизм теориялары, интеграция доктринасы қолданылды.

Жүйелеу, сыни-талдау, сараптау, логикалық қорыту, тарихи-салыстыру, проблемалық-хронологиялық әдістерін қолдану мәселені зерттеуде объективтілікке қол жеткізудің басты шарттары ретінде алынды. Аталған ғылыми-теориялық әдістер проблеманы терең қарастыруға, объективті қорытынды жасауға зор мүмкіндік берді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • Париж бейбіт конференциясына соғыс қорытындысын шығау мақсатында өткен конференция деген баға берілді.
  • Конференция қызметі барысындағы "ондық Кеңестің" шешімдеріне анализ жасалды.
  • Ұлттар Лигасын құру мәселесінде оның тарихын баяндаудан бөлек Ұлттар Лигасының қызметіне тарихи баға берілді.
  • Вашингтон конференциясындағы басты ұстаным АҚШ-ның әлемдік саясаттағы позициясын нығайту болғандығы дәлелденді.
  • Версаль-Вашингтон жүйесінің маңызы атап өтілді және жүйе тұрақсыздығының себебі ретінде жетекші мемлекеттердің өзара қайшылығы басты фактор екені анықталды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі жөне тарихнамаға шолу жасалды.

Бірінші тарауда - бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемді бейбіт жолмен реттеу мәселесі бойынша Версаль конференциясын шақыру мәселесі арастырылды. Мұнда конференция қарсаңындағы одақтастар арасындағы шиеленісті мәселе, сонымен бірге француздар мен немістер арасындағы қайшылықтар мен саяси дау туралы болды. Сөйтіп, бұл тарауда Париж бейбіт конференциясының ашылуы мен ондағы президент В. Вильсонның Ұлттар лигасын құру идеясы, мандаттық жүйе, территория мәселесі, отар мөселесі, жаңа мемлекеттердің құрылуы, репарация, контрибуция т. б. сында мәселелер жан-жақты қаралды.

Екінші тарауда - Парижде көп даулы мәселеге араласа алмай қалған Америка өз елінде Вашингтон конференциясын шақырумен болды. Бұл конференцияда ең басты қаралған проблема қарусыздану мәселесі болды. Әрине мұнда тек АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия мүдделері ғана қарастырылды. Теңіз қаруын қысқарту, жаяу әскер санын қысқарту, сүңгуір қайық санын көбейтуге тыйым салу т. б. сынды мәселе төңірегінде үлкен шиеленісті мәселе осы Вашингтон конференциясында көтерілген болатын.

БІРІНШІ ТАРАУ.

ВЕРСАЛЬ БЕЙБІТ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

1. 1 Париж бейбіт конференциясы

XIX ғасырдың соңында еуропалық ұлы державалардың арасында қайта топтасы процесі басталды. Тіпті 1882 жылдың өзінде герман-италия-австрия, яғни Үштік одақ құрылған болатын. Ал келесі Үштік келісім - Англия, Франция және Ресей көпжылдық шиеленістен кейін бір-біріне жақындай түсті. Олардың арасындағы байланыс еш келісім шартсыз формальды түрде ғана болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс өзімен бірге үлкен қайғы қасірет әкелді. Онда тек адам шығынының өзі 10 миллион қаза болғандар мен 20 миллион жараланған, мүгедектерді қүрады. Соғыс жағдайында германдық блоктан 20 млн. -ға жуық адам көшірілді. Ал Антантада бұл көрсеткіш - 48 млн-нан жоғары болды. Соғыс керек-жарағы үшін соғысушы елдердің барлық материалдық шикізаттары пайдаланылды. Адам айтқысыз шығын тіпті Ұлыбритания мен Францияның өзін қазырға белшесінен батырды. Осындай қымбат жеңіске қолдарын жеткізген Антанта елдері соғыстан кейінгі әлемнің тағдырын өз қолдарына алды [1, 12] . Антанта мен герман блогының арасындағы келісім 36 күнге созылды. Осы уақыттың ішінде Германия бес рет өз пайдасына келісім жасау жағын ұсынып бақты. Мүндай жағдайға Антанта бұған әрине келісімін берген жоқ. Оның арнайы емес жауабында: «Вильсонды күтеміз», деген болатын. Әрине іс Вильсонға қарап тұрған жоқ, өйткені ол Парижге келуге тіпті де асыққан жоқ, тек 1918 жылы 13 желтоқсан күні ол Парижге келді. Тағы бір халықаралық мәселе, жеңімпаздар әлем талаптарын талқыға салуға әлі дайын емес еді. Германияға қарсы соғысқан үлкенді кішілі 27 елдің астаналарында дайындық жұмыстары жүріп жатты. Әртүрлі мәселелерге анықтамалар жасады, баяндама қолхаттарын құрастырды, тарихшылар мен экономисттерге ескі келісімдер және дипломатиялық қүжаттардан осы мәселелердің негіздемесін жасау үшін тапсырмалар берілді. Румыния өз алдына жеке линия жасауды ұсынды, Чехословакия, Югославия және Грецияның жағдайы да осындай күйде болды. Парижбен Лондон үзіліссіз мәжіліс жасаумен болды. Екі державаның арасында тынбай дипломатиялық курьерлер жүрді. Лондонға Франция және Италияның премьерлері мен министрлері барумен болды. Бейбіт келісімнің кейбір баптары қауіпті шиеленістер туғызды. Болып жатқан жағдайға байланысты жасалған құпия келісімдер мен олардың хаттамалыры сыртқа тарап отырды [20, 145] .

Англия мен Францияны бәрінен бұрын Түркия иелігінің жағдайына қатысты мәселе мазаландыра түсті, яғни ол 1916 жылы мамыр айында Сайкс-Пикодағы құпия келісім бойынша бекітілуі тиіс болатын. Танымал болғандай, италиян құпия келісімі туралы естіп бір жылға жуық уақытқа дейін өзін Түркия иелігін бөлу операциясына қатыстыруды талап етумен болды. 1917 жылы сәуір айында Ллойд Джорджға Таяу Шығыста итальяндықтардың көмегі ауадай қажет болды, тап осы кезде ол Италияға Смирна мен басқа түрік иеліктерін берем деп уәде берді. Сонымен Сен-Жан-де-Мориенн келісімінде де ағылшындар мен француздар Смирнаны итальяндықтарға берміз деп шешім қабылдады. Алайда, бұл әлі жеткіліксіз болды. Олар гректер мен түріктердін қонысындағы территориялардан қосымша жер үлесін алуды қолға алды [2, 45] . Келіссөздер 1917 жылдың тамыз айына дейін жалғаса түсті. Дегенмен келісімді тек Ресей келісімін бергеннен кейін ғана өз күшіне енеді деп хабарлады. Алайда Ресейдің жағдайы мәз емес еді ондағы Уақытша үкімет 1917 жылы қазан айында жойылды. Енді қайта сұрақ туды, яғни ол итальяндықтарға берген уәдені міндетті түрде орындау керек пе? Бұдан кейін келіссөздер тоқтамай жалғаса берді, тек Германия жеңілгеннен кейін ғана күн тәртібі өзгеріп шыға келді. 1918 жылы желтоқсанда Клемансо Лондонға табан тіреді, ондағы басты мақсат Сен-Жан-де-Мориенн жерінде жасалған келісімнің күшін жою болатын. Және сонымен бірғе Ұлыбритания әскері ұстап тұрған Килики және Сирияны Франция мүддесіне беру туралы мәселені көтерді. Ллойд Джордж осы кезде Клемансоға қарсы жүрді, дегенмен өз кезегінде ол Англияның пайдасы үшін Мосул және Палестинаны қалдыруда ұсынған болатын. Ұлыбритания мен Франция арасындағы құпия келісімдер 1918 жылы 2-ші және 3-ші желтоқсан аралыында жүргізілді. Осы кезде Франция ойламан жәйсіз күйге тап болды. Өйткені Италия өзіне уәде етілген Смирнаны талап ете бастады. Осыдан кейін халықаралық сахнадағы саяси шиеленіс өрши түсті десе де болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Вашингтон конференциясы және «Тоғыз держава келісімі»
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
Революция қарсаңындағы саяси күштердің қалыптасуы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Германияның әлеуметтiк саяси бағыты
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz